Құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері


жылы С. Хелс қан қысымын анықтаса, ал Карл Людвиг 1848 ж. алғаш рет қисық сызығын жазып алды.Қан қысымының қисық сызығында 3 толқынды ажыратады



бет13/19
Дата09.11.2022
өлшемі1,25 Mb.
#48906
түріҚұрамы
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19
1733 жылы С. Хелс қан қысымын анықтаса, ал Карл Людвиг 1848 ж. алғаш рет қисық сызығын жазып алды.Қан қысымының қисық сызығында 3 толқынды ажыратады:
I Пульстік толқын – ЖСЖ тең, систола кезінде көтеріледі (СҚ), диастола кезінде төмендейді (ДҚ).
II Тыныстық – пульстік толқындардан тұрады. Дем алғанда толқындар деңгейі көтеріледі, дем шығарғанда деңгейі біртіндеп төмендейді.
III Орталық толқын – пульстік және тыныстық толқындардан тұрады. Гипоксия, қансырағанда пайда жазылады.


  1. Қан тамыры арнасының түрлі бөлімдеріндегі қан ағысының көлемдік және сызықтық жылдамдығы.

1. Көлемдік қан ағысының жылдамдығы – бірлік уақыт ішінде қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін қан көлемі, ағзалардан өтетін қан мөлшері мен метаболизм қарқынын сипаттайды (мл/с).
2. Сызықтық жылдамдығы – қан тамшысының (белгілі бір көлемінің) бір секунд арасында өткен жолын айтады. Ол тамырлар саңылауларының жинақты ауданына байланысты (мм/с, см/с). Қантамыр кең болған сайын, қан ағысының сызықтық жылдамдығы аз болады

  • Аортада – 30-50 см/с.

  • Қуыс венада – 20-25 см/с.

  • Капиллярларда – 0,03-0,05 см/с.




  1. Қанның тамырлар арнасымен ағуын қамтамасыз ететін факторлар.

1. Жүрек қызметі - қан қысымының градиентін тудыра отырып, қанды қантамырлар бойымен айдау.
2. Кеуде куысындағы теріс кысымы.
3. Веналық қанды жүрекке қарай жылжытатын қаңқа бұлшықеттерінің қызметі.
4. Тыныс алу кезіндегі диафрагманың ішкі ағзаларға көрсететін қысымы.
5. Веналық қақпақшалардың болуы қанның кері ағуына кедергі жасайды.
6. Жүректің сору кызметі - жүректің диастола кезінде қысымы 0 тең.
7. Тамырлар қабырғаларының созылғыштығы.
8. Қанағысына шеткері қан айналымының кедергісінің көлемі.
9. Қантамырлар қабырғасының бұлшықет қабатының белсенді жиырылуы.





  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет