Құрамы, мөлшері. Қанның қызметтері



бет11/19
Дата09.11.2022
өлшемі1,25 Mb.
#48906
түріҚұрамы
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19
Данни –Ашнер рефлексінде вагус орталығының тонусы жоғарылайды да жүрек соғуы тежейді. Егер адамның көз алмасынан екі саусақпен 30 сек басып тұратын болса онда оның жүрек соғу жиілігі баяулайды.

  1. Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуі.

Жүрек қызметінің гуморалдық реттелуін қанға әртүрлі заттар (иондар, гормондар, медиаторлар және т.б.) қамтамасыз етеді. Бұл заттар қаннан кадиомиоциттерге өтіп, жүрек қызметіне тікелей әсер етеді.

  • Кальций мен адреналиннің тікелей әсері симпатикалық жүйке әсеріне ұқсайды: жүрек барлық 5 қасиетін жоғарылатады (оң әсер). Мұндай заттарды - симпатотроптық заттар деп атайды.

  • Хлорлы калий, гистамин, ацетилхолин кезеген жүйке сияқты, жүректің барлық қасиеттерін төмендетеді (теріс әсер). Мұндай заттарды - ваготроптық заттар деп атайды.

Гуморальдық заттар жүрекке орталықтағы кезеген жүйке арқылы әсер етуі мүмкін. Бұл әсер олардың жүрекке тікелей тигізетін әсеріне қарама-қарсы болады. КСl, ацетилхолин кезеген жүйке нейрондары тонусын тежеп, симпатикалық жүйке тонусын күшейтеді, сөйтіп, жүрек қызметін жақсартады, ал адреналин, хлорлы кальций кезеген жүйке орталығын қоздырып, жүректің кызметін төмендетеді.



  1. Гемодинамиканың негізгі көрсеткіштері.

Гемодинамика көрсеткіштері
1. Қан қысымы (артериялық, веналық, капиллярлық).
2. Қан ағысының жылдамдығы (сызықтық, көлемдік, қан айналымының толық уақыты).
3. Тамырлардың шеткі кедергісі
4. Тамырлар серпінділігі немесе ширығу дәрежесі.
Қан қысымы – қантамырлар ішіндегі қысым болып табылады.Ол артериялық,жүрекішілік,капиллярлық және веналық болып бөлінеді.
Артериялық-артерияда қан тудыратын қысым.
Әсер ететін факторлар:
 Жүректің жиырылу күші немесе жүректің жұмысы (СҚК, МҚК).
Қанның систолалық көлемі (ҚСК) немесе қанның соққылық көлемі деп
бір систола кезіндегі жүректен айдалатын қанның көлемін айтады, ол жүректің кан айдау күшін көрсетеді (ЖСЖ минутына 70-75 болғанда – ҚСК - 65-70 мл тең), ол жүрек алдылық және жүрек соңғылық жүктемелерге де тәуелді.
Минуттық қан көлемі (МҚК) – жүрек шығарылымы (сердечный выброс)
Жүректен бір минутта айдалатын қан көлемінің мөлшері (4,5 – 5,0 л)

Веналық-вена қантамырларында болатын қысым.Әсер ететін факторлар:


1.Кардиалды факторлар. Жүрек жұмысы-қанды қозғалтатын күш, қысым айырмашылығы, қолқадан басталып қуыс венаға дейін қанның қозғалысы мен жүрекке қайтуын қамтамасыз ететін күш.
2.Экстракардиальды факторлар (жүректен тыс):
 Теріс кеудеішілік қысым
 Құрсақішілік жоғары қысым
 Қаңқа еттерінің жиырылуы
 Вена тамырларының қақпақшаларының болуы
 Вена тамырларының біріңғай салалы бұлшықеттерінің тонусы

Қан ағысының жылдамдығы


1. Көлемдік қан ағысының жылдамдығы – бірлік уақыт ішінде қантамырының көлденең кесіндісі арқылы өтетін қан көлемі, ағзалардан өтетін қан мөлшері мен метаболизм қарқынын сипаттайды (мл/с).
2. Сызықтық жылдамдығы – қан тамшысының (белгілі бір көлемінің) бір секунд арасында өткен жолын айтады. Ол тамырлар саңылауларының жинақты ауданына байланысты (мм/с, см/с). Қантамыр кең болған сайын, қан ағысының сызықтық жылдамдығы аз болады
o Аортада – 30-50 см/с.
o Қуыс венада – 20-25 см/с.
o Капиллярларда – 0,03-0,05 см/с.
3. Қан айналымының толық уақыты – бір тамшы қанның үлкен және кіші қанайналымы шеңберлерінен бір айналып шығатын уақыты. Қалыпты жағдайда - 23 с немесе 27 систола.

 Тамырлардың шеткі кедергісі. Мына жағдайларға байланысты тамыр созылғыштығы, тамыр саңылауы, қанның тұтқырлығы


 Тамырлар серпінділігі мен ширығу дәрежесі



  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет