НАМАЗДА ИМАМ ҚАТЕЛЕССЕ, ЖАМАҒАТ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Имам намаз ішіндегі парыз немесе уәжіп амалды кешіктірсе немесе ұмытып жатса
ұйып тұрған ер кісілер «субхана Алла» деп тасбих айтуы, ал әйелдер қол соғып белгі
беруі сүннет. Сонымен бірге, намаз оқушыны біреу байқамай алдын кесіп өтпек болса
және т.б. сол сияқты кедергінің алдын алу үшін де намазхан тасбих айтып ескерту
қажет. Әбу Һурайра (р.а.): «
Ер кісілер «субхана Алла» деп айтады, ал әйелдер қол
соғады[1]»,-деген риуаят жеткізген. Ал, Саһл бин Сағд (р.а.): «Анығында, әйелдер
қол соғады, ал ер кісілер тасбих («Субхан Алла» деп) айтады», – деген хадис риуаят
еткен. Қол соғуға қатысты екі түрлі нұқсау бар:
1.Тасфих (қол соғу) – оң қолдың сыртымен сол қолдың алақанын ұру;
2.Тасфиқ (шапалақ) – оң қол алақанын сол қол алақанына ұру.
80
ҒҰЛАМА ҒҰМЫРЫ: «ФИҚҺ ІЛІМІНІң БІЛГІРІ - ИМАМ ТАХАУИ»
Имам Тахауи ханафи мәзһабының атақты фақиһ ғұламаларының бірі. Толық аты-
жөні – Ахмәд ибн Мұхаммед ибн Сәләмә ибн Сәләмә ибн Абдулмәлик, күниясы1 –
Әбу Жағфар. Туылған жылы жайында түрлі көзқарастар бар. Алайда, һижри 239 (м.
853) жылы туылғандығы айтылады. Өйткені, шәкірті Ибн Юнус осы жылы дүниеге
келгендігін Тахауидың (р.а.) өзінен риуаят етеді. Бұл жайында басқа да дәлелдер бар.
Ал, қайтыс болған жылы жайында тарихшылар көбінесе һижри 321 (м. 933)
жыл деп ортақ көзқарас білдірген. Мысырдың «Таха» деп аталатын елді-мекенінде
дүниеге келгендіктен, осыған байланыстырып, оны «Тахауи» деп атап кеткен. Тахауи
Мысырдың ауқатты отбасыларының бірінен шыққан. Әкесі – Мұхаммед ибн Сәләм
мухаддис2 әрі әдебиет пен поэзияны терең меңгерген кісі еді. Тахауи һижри 264 жылы
дүние салған әкесінен хадис риуаят еткен. Оның анасы Шәфиғи мәзһабының алдыңғы
қатарлы имамдарының бірі Әбу Ибраһим Исмайыл ибн Яхя әл-Музәнидің бауыры
болып келеді. Сонымен қатар, Шәфиғи мәзһабының ғылыми мәжілістеріне қатысқан
білімді тұлға еді. Бұдан Тахауидың ата-анасы ғылымға аса ден қойған адамдар болғанын
байқаймыз.
Тахауидың тақуалығы
Тахауи (р.а.) ақиқат өз орнын тапқанға дейін ешқашан көзжұмбайлық танытпаған.
Ол жұмсақ мінезді, барлық адамдармен жақсы қарым-қатынаста болған. Адамдар
арасында туындаған мәселелерде әділдікпен мәміле жасайтын. Тахауи мен Ибн
Харбуәйһ арасында бір ғылыми тартыс жүзеге асып, әрқайсы қозғалып жатқан мәселе
жайында өздерінің көзқарастарының дұрыстығын алға тартады. Соған қарамастан бұл
жайт олардың бір-бірлеріне деген сүйіспеншіліктеріне нұқсан келтірмеді. Сол уақытта
Ибн Харбуәйһ қазылық қызметін атқарған еді. Ол қазылықтан түскенде, Тахауидың ұлы
Али ибн Ахмәд әкесін сүйіншілеу үшін келеді. Осы сәтте Тахауи ұлына: «Сенің бұлай
айтуың қандай өкінішті! Бұл мен үшін сүйінші емес, керісінше қайғылы жайт. Мен
бұдан былай сан-қилы мәселелер төңірегінде кіммен пікір алмасамын?» – дейді. Бұл
оқиға Тахауидың жоғары мінез-құлыққа ие болғандығына әрі оның байсалдылығы мен
ерекше тұлғалығына тамаша бір мысал. Араларында ғылыми бір мәселеде келіспеушілік
болғанымен, мұны жеке тұлғалық мәселеге айналдырмай, керісінше оған ғылыми бір
шындық ретінде қараған.
Тахауи зуһд, тақуа иесі болып, жақсы мінез-құлықтарды бойында жинақтай
білген біртуар ғалым еді.
Ислам ғұламаларының ол жайында айтқан сөздері
«Тахауи атақты фиқһ ғұламасы, сиқа4 әрі орнын толтыру мүмкін болмаған тұлға»
(Сәмъани).
«Тахауи – Ханафи мәзһабының фиқһ ғұламасы әрі имамы» (Ибн Әсир).
«Тахауи хадис хафызы5, бірегей әрі құнды еңбектердің авторы» (Суюти).
«Тахауи өз заманында ілімі мен зуһд тұрғысынан аты шыққан дара тұлға еді»
(Ибн Нәдим).
«Тахауи – имам, ғалым, хафыз, Мысырдың мухаддисі әрі фақиһы. Оның
еңбектерін зерттеп-зерделеген адам, оның ғылымдағы орнының ерекше және мұхит
іспеттес білімі бар екендігін аңғарады» (Имам Зәһәби).
«Ол Ислам фиқһының атақты мүжтәһидтерінің бірі болып, артына пайдалы
еңбектер қалдырды. Әсіресе, хадис ілімі мен фиқһ саласында оның айтарлық орны
бар» (Заһид әл-Кәусари).
Тахауи бірнеше ғылым саласында өшпес із қалдырды. Атап айтқанда, ол тіл
81
білімі, араб тілі грамматикасы, поэзия және қисын ілімдеріне қоса, тәпсір, хадис, фиқһ,
кәләм, тарих, шежіре (нәсәб) ілімдері бойынша бірқатар еңбектер жазды.
Имам Тахауидың еңбектері
1. Ақидатут-Тахауи.
2. Шарху маъаанил-әәсәәр.
3. Шәрху мушкилил-әәсәәр.
4. Ахкәәмул-Қур’ан.
5. Сүнәну-ш-Шафиғи.
6. Сахихул-Әәсаар.
7. Шәрху Жәмиъил-кәбир.
8. Ихтиләфул-ъулама.
9. Әл-Уасая уәл-Фәуайд.
10. Ән-Нәуадирул-фиқһийя.
Тахауидың бұлардан басқа да бірнеше еңбектері бар.
Нұрбол ӘБСАТТАРҰЛЫ,
«Астана» медресесінің ұстазы, дінтанушы
Сілтемелер:
1 “Әке” немесе “Ана” сөзі ұл баланың есіміне байла-ныстырылып айтылатын есімге «күния» дейміз.
Мысалы: Хз. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с) Қасым деген ұлы болғандығы үшін «Әбул-Қасым» деген күния
есімге ие.
2 Хадистердің сәнәдін (тізбегін), мәтінін және рауилердің есімдері мен жағдайларын білген кісіні
«мұхаддис» дейміз.
3 Дүниелік нәрселерге мән бермеу.
4 Сенімді.
5 Риуаят етушілерімен бірге жүз мың хадисті жатқа білетін хадис білгірі.
СЫЙЛЫҚ ЖАСАҒАНЫМЫЗ ҮШІН САУАП БЕРІЛЕДІ МЕ?
Екі дүние сардары Мұхаммед пайғамбарымыздың әрбір амал-әрекеті – адамзат
үшін асыл мұра, адастырмас ақиқат жол екендігі даусыз. Ендеше, сүйікті пайғамбарымыз
жасаған әрбір амал-әрекетті қайталау – біздерді сауапқа кенелтері сөзсіз.
Сүннеттердің ішіндегі ең нәзігі – сыйлық жасау дәстүрі. Бұл адамдардың арасында
достық пен сүйіспеншілікті нығайтады. Әбу Һурайра (р.а.): «
Бір-біріңе сыйлық
жасаңдар, бір-біріңді жақсы көресіңдер[1]», – деген хадис жеткізген.
Осы орайда сыйланған заттың қымбат-арзандығына қарамастан, шын көңілмен
қабыл алудың да пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) сүннеті екенін ұмытпағанымыз жөн. Алла
Елшісі (с.ғ.с.) жай қарапайым затты сыйлық етіп берсе де қабылдайтын. Әнас бин
Малик (р.а.): «
Пайғамбарға (с.ғ.с.) Барира өзіне садақа етіп берілген етті сыйлады.
Сонда пайғамбар (с.ғ.с.): «Бұл ет оған (Барираға) – садақа, ал бізге – сыйлық», –
деген екен[2]».
Бұл сүннетті орындау үшін аса көп қаражат жұмсаудың қажеті шамалы. Кітапша,
гүл, қаламсап сияқты қарапайым заттарды шын ықыласпен ата-анаға, әйеліне немесе
күйеуіне, аға-ініге сыйға беру олардың көңілін бір марқайтып тастайтыны белгілі.
[1] Байһақи
[2] Муслим
82
АЗАН АЙТЫЛҒАН КЕЗДЕ ТЫңДАУШЫ НЕ ІСТЕУ КЕРЕК?
Азан тек азаншылармен шектелетін құлшылық емес. Сондықтан да азанды
естіген әрбір адамға қатысты бес сүннет амал бар. Олар:
1. Азаншының соңынан ілесіп, азан сөздерін қайталау. Әбу Сағид әл-Худри
(р.а.): «Егер азан үнін естісеңдер, азаншы айтқан сөздерді қайталаңдар[1]», – деген
риуаят жеткізген.
Тек «Хайа ъаләс-солә және хайа ъаләл фәләх» (мағынасы: Намазға асық, мәңгілік
бақытқа асық) сөздерінен кейін «Лә хәулә уә лә қууәтә иллә билләһ», – деп айтуы қажет.
Мұғауия бин Әбу Суфиян (р.а.) «Хайа ъаләс-солә» сөзін естіген кезде «Лә хәулә уә лә
қууәтә иллә билләһ» деп, мұны Пайғамбарларыңнан (с.ғ.с.) естідім[2]», – деген екен;
2. Азаннан кейін Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) салауат айту. Абдулла бин Амр
(р.а.): «Сосын маған салауат айтыңдар. Өйткені, маған салауат айтқан адамға Алла он
салауат береді[3]», – деген хадисті баяндайды.
3. Пайғамбарымызға (с.ғ.с.) ең жоғарғы дәрежені сұрау. Хадисте: «Сосын мен
үшін ең жоғары дәрежені сұраңдар. Ол –жәннаттағы мекен. Ол тек Алла құлдарының
біріне берілетін. Сол пенде менмін деп үміт етемін. Кімде-кім маған ең жоғары дәрежені
сұраса, оған шапағат беріледі...[4]», – деп айтылған.
4. Таухид кәлимасын айту. Сағд бин Әбу Уәққас (р.а.): «Кімде-кім азан естіген
кезде: «Әшһәду әллә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә шәрикә ләһ. Уә әннә Мұхәммәд
ъабдуһу уә расулуһ» (Алла Тағаланы Раббым деп, Мұхаммедті Елші деп, Исламды дін
деп разымын) десе, оның күнәсі кешіріледі», – деген хадисті риуаят етеді.
5. Азаннан соң дұға-тілек жасау. Абдулла бин Амрдан (р.а.) риуаят: «Бір кісі
келіп: Уа, Алла елшісі! Азаншылар бізден артық болуда, – дейді. Сонда Алла Елшісі
(с.ғ.с.): «Олар айтқан сөзді қайтала, біткен соң сұра (дұға жаса), тілегенің беріледі[5]»,
– деген.
[1] Бұхари, Муслим
[2] Бұхари
[3] Муслим
[4] Муслим
[5] Әбу Дауд, Насаи
ҮЙДЕН ШЫҚҚАНДА ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚЫЛАДЫ?
Үйден шыққан адамның ойында сан алуан шаруа тұратыны рас. Бір жағынан
жұмысы, бір шетінен үйге қажетті азық-түлігі, қала берсе ағайын-туыс пен көрші-
қолаңға қатысты шаруасы. Тіршілік қамы деп жүріп зиянға ұшырамау үшін, басқа
біреуге залалы тимеу үшін үйден шығар алдында сәл кідіріп, жұмысына және де басқа
іс-әрекетіне Жаратушы жар болып, жеңіл де оңай етуін сұрағаны дұрыс. Үмму Салама
(р.а.) риуаят етеді:
(Аллаһумма әғузу бикә ән адиллә әу удоллә, әу әзиллә әу узәллә, әу азлимә әу
узләмә, әу әжһәлә әу южһәлә ғаләйә). «Уа, Алла! Сенен адасудан немесе адастырудан,
біліп-білмей күнә жасаудан немесе біреудің күнә жасауына себепкер болуда, зұлымдық
жасаудан немесе зұлымдық көруден, дөрекілік етуден немесе дөрекілік көруден сақта
деп пана сұраймын[1]». Бұл – пайғамбарымыз (с.ғ.с.) үнемі айтып жүрген дұға.
Әнас бин Малик (р.а.): «Кісі үйінен шығар болса:
(Бисмиллә тәуәккәлту әлә Алла. Лә хаулә уә лә қууәтә иллә билләһ) «Алла атымен,
Аллаға тәуекел еттім. Күш-құдірет пен шама-шарқы тек Алладан», – деп айтсын. Сонда
83
оған (періште тарапынан): «Тура жол таптың, уайым-қайғың сейілді, дұшпанның
зияндығынан қорғалдың», – деп айтылады...[2]»,– деп риуаят етеді. Осы дұғаларды
үнемі оқып жүру адамды пәле-жаладан қорғайды. Сонымен бірге, басқаларға да
жамандығымыз тимеуге ықпал етеді.
[1] Әбу Дәуід, Насаи, Ибн Мажаһ
[2] Әбу Дәуід, Тирмизи
ХАЛҚЫ МҰСЫЛМАН ЕМЕС ЕЛДЕ ЕТ
ӨНІМІН ТҰТЫНУҒА БОЛА МА?
Ет өніміне қатысты қойылатын талаптар төменгідей:
1.Тек қана түйе, жылқы, қара мал, қой-ешкі және сол сияқты т.б. жануарлар мен
тауық, қаз және үйрек сияқты құс еттері ғана адал;
2.Шариғат жолымен бауыздалуы. Асау мал және аңшылықпен ұсталатын қоян,
киік сияқты еті желінетін жануарларды оқ атып, артынан бауыздап алумен адал етіледі;
3.Қасапшы мұсылман немесе кітап иелерінің бірі болуы. Өйткені, Құран Кәрім:
«Бүгін сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді. Сондай-ақ, Кітап берілгендердің тағамы
(бауыздаған малы) сендер үшін рұқсат етілген әрі сендердің тағамдарыңды оларға
(беруге) рұқсат етілген...[1]»,-деп ешбір шартсыз олардың бауыздаған малының етін
жеуге рұқсат етуде. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да яһуди әйелдің ұсынған қой етін, малдың
қалай сойылғанын және оған «бисмилла» айтылған-айтылмағанын сұрамай-ақ жеген.
Ал, қасапшы мұсылман немесе кітап иелерінен болмаса, оның бауыздаған малы өлексе
саналады және етін жеуге болмайды.
Сондықтан, басым халқын кітап иелері құрайтын елде еттің қалай бауыздалғанын
сұрау міндет емес. Әрбір нәрсені егжей-тегжей тексере бермеу жайлы Хариса бин
Нұғман (р.а.): «Егер күдіктенсең қазбалай берме[2]»,-деген хадисті жеткізген.
Демек, дүкеншіден бір ауыз қай малдың еті және қалай бауыздалғанын сұраған
соң, оның жай-жапсарын тексеріп, ары қарай қазбалай берудің қажеті жоқ. Бұл – халал
мен харамды ажыратудағы дініміздің өлшеуі.
Ал, тақуалық мәселесінің жөні бөлек. Тақуалықтың аясы кең. Кейде, тақуалық үшін
көптеген рұқсат амалдар тәрк етіледі. Алайда, тақуалық етемін деген кісі басқа біреуге
өзінің ұстанымын парыз дәрежесінде міндеттеп қоюға болмайды.
[1] Маида сүресі, 5-аят
[2] Табарани, Мұғжам Кабир; Ибн Әбу Асым, Ахад уа Масани
АНАСЫ БАЛАСЫН ҚАЙ ЖАСҚА ДЕЙІН ЖАНЫНА
АЛЫП ЖАТСА БОЛАДЫ?
Әрине, бала ананың мейіріміне тойып өсуі керек. Ана мейіріміне бөленген
бала қайырымды перзент болып тәрбиеленеді. Алайда, баланы жеті жасқа дейін бөлек
жатуға дағдыландыру қажет. Ал, он жасқа толған баланы анасының жанына алып жатуы
дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «...олардың (он жасқа толғанда) төсек орындарын
бөлек етіңдер[1]»,–деген. Ибн Абидин (р.а.): «
Он жасқа толған балаға анасы, әпке-
қарындасы және де басқа әйел затының жанына жатуға тыйым салынады[2]»,–
дейді. Төсек орнын бөлек етудегі мақсат мәлім. Он жастағы бала жыныстық жағынан
дами бастайды. Ұйқы кезінде денесі немесе қолы байқаусыз тиіп кетуінің өзі бейәдеп
әрекет. Имам ән-Науауи де: «
Ер кісі мен ер кісі, әйел мен әйел бір төсекте жатуына
84
болмайды. Ұл немесе қыз бала он жасқа толса анасы, әкесі, әпке-қарындасы және
аға-інісінен бөлек жатуы керек[3]»,-дейді.
[1] Әбу Дауд
[2] Хашиат ғала Дурри әл-Мұхтар, 6/382
[3] Раудат әт-Толибин, 7/28
МҰСЫЛМАН ЕМЕС АДАМҒА ДҰҒА ЖАСАУҒА БОЛА МА?
Мұсылман емес, яғни кәпір адам қайтыс болса, күнәсі кешірілуін және оны Алла
тағала жарылқауын тілеп дұға жасауға болмайды. Кеңірек айтар болсақ, имам ән-Науаи:
«Кәпірдің артынан жаназа оқып, күнәсін кешіруін сұрап дұға жасауға Құран және
барлық ғұламалар келісімі бойынша тыйым салынады. Алайда, тура жол сұрап, иманға
келсін деп дұға жасауға болады. Сонымен бірге, мухариб[1] мәртебесіндегі жат діндегі
адамға бала-шаға, мал-дүние, амандық пен денсаулық сияқты дүниелік пайдаларды
тілеп дұға жасалмайды. Ал, арада (бейбіт қарым-қатынас) болған мұсылман еместерге
дұға жасаудың әбестігі жоқ[2]», – дейді.
Қорыта айтқанда, басқа діндегі көрші-қолаң, жұмыстағы әріптестер науқастанып
қалса, көңілін сұрап шипа тілеуге болады.
[1] Мухариб – соғысушы тарап болып саналатын адам
[2] Мажмуъ, ән-Науауи
ҚҰРАНҒА ТІЛЕК ЖАЗУҒА БОЛА МА?
Құран кітабының мұқабасына тілек жазуға тікелей тыйым жоқ. Мысалға, Сауд
Арабиясының Мадина қаласындағы Фаһд патша атындағы Мусхаф Шариф баспасынан
мемлекет тарапынан сыйлық ретінде таратылатын Құран Кәрім кітабының сыртқы
және ішкі бетіне «Алла жолына Қос Харам Шарифтің қызметшісі патша Абдулла бин
Абдулазиздің сыйлығы» деп жазылған.
ҮЙГЕ Оң АЯҚПЕН КІРІП, СОЛ АЯҚПЕН
ШЫҒУЫМЫЗДЫң СЫРЫ НЕДЕ?
Айша (р.а.) анамыз: «Пайғамбар (с.ғ.с.) барлық ісінде: дәрет алғанда, киімін және
кебісін кигенде, шамасы келгенше оң жақтан жасауды ұнататын», – дейді
.
(Ибн Ражаб)
. Бұл хадис жағымды істе оң (қол және аяқты) пайдалану, ал басқасында сол қол
мен аяқты қолдану керектігін көрсетеді.
Имам ән-Науаи: «Бұл қағида шариғатта үнемі қолданылады. Жақсы да жағымды
киім-кешек кию, аяқ киім кию, мешітке кіру, мисуак қолдану, намазда сәлем беру, дәрет
алғанда, дәретханадан шығарда, тамақтану, су ішу, қол беріп амандасу, қара тасты ұстау
және тағы басқа осы сияқты әрекеттерді оң жақтан бастау – мұстахаб. Ал, дәретханаға
кіру, мешіттен шығу, мұрынды шаю, үлкен-кіші дәреттен тазалану, киім-кешекті шешу
және осы сияқты амалдарда сол жақтан және сол қолмен болғаны мұстахаб...»,-дейді.
Ал, енді адамның оң қол сал немесе сынған сияқты үзірлі жағдай болса сол қолдың
көмегімен тамақтануға және дәрет алудың ешбір сөкеттігі жоқ.
ОЙЫН-САУЫҚТЫң ШАРТТАРЫ ҚАНДАЙ?
Ойын-сауық – адамның жанын сергітіп, оның табиғи демалу қажеттілігін
қанағаттандырады. Дұрыс демалу еңбекке деген құлшынысты арттырады. Сонымен
85
қатар, балық аулау, саятшылық, ат баптау және шахмат секілді ойын түрлері қызықты
демалыс түрлері болумен қатар дене мен ойды жаттықтырады.
Ойынға қойылатын шарттар:
1.Ойын адам және жануарға зияны тимеуі тиіс. Зиянды болған жағдайда харам
болып саналады;
2.Ойын бес уақыт намаздан және де адамның кезек күттірмес күнделікті
міндеттерінен шалғытпауы қажет;
3.Ойын ішінде өтірік серт беру және балағаттау секілді тыйым салынған
жайттар аулақ болу қажет. Сонымен бірге, ойын элеметтерінде басқа діннің құлшылық
рәсімдерінен көрініс болмауы керек;
4.Ойын құмар, алдау және адамдардың ақысын арам жолмен жеу сияқты әрекеттермен
байланысы болмауы керек. Мәселен, жеңімпаздар алатын жүлде қорын жеңілген топ
мүшелеріне жүктеу. Осы төрт шарт табылса (зиян тимеу, парыздан шалғытпау, харам
мен тыйым амалдар болмау) ойын дұрыс болып саналады. Сонымен бірге, ысырапқа
жол бермеу қажет. Өйткені, рұқсат амалда ысырапшылдық ету мәкрук кейде тіпті
харамға алып баруы ықтимал.
КҮНӘ ҚАЙТСЕ ЖОЙЫЛАДЫ?
Жаратушы өз кітабында пенденің кез келген күнәсін кешіретіндігін, алайда
Өзіне серік қосуды кешірмейтіндігін баян етіп: «Алла тағала өзіне ортақ қосылуды
жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды...[1]», – дейді.
Мұсылман біліп немесе білмей үлкен және кіші күнә жасаса, міндетті түрде тәубе
етуі қажет. Тәубесі шынайы болуы шарт. Шынайы тәубені Құранда «насух тәубе» деп
айтқан. Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Аллаға шынайы (насух) тәубе қылыңдар...
[2]»,-деп әмір етеді.
Шынайы (насух) тәубесі жайлы Үбай бин Каъб (р.а.): «Істеген күнәға өкіну,
өзін жазғыра отырып Алла тағаладан кешірім сұрау және ешқашан қайталамауға бел
буу[3]»,-дегенді риуаят еткен.
Күнә Алла тағала ақысына байланысты болса, оның үш шарты бар:
1.Істеген күнәсіне шынайы өкіну;
2.Лезде бұл істен бойын алшақ ұстау;
3.Бұл күнәға жоламауға бел буу.
Осы үш шарттың бірі орындалмаса, тәубе дұрыс болмайды[4].
Ал, егер күнә кісі ақысымен байланысты болса, оның төртінші шарты бар –
ақысын өтеу. Ақша, ғимарат сияқты дүние-мүлік заттары болса, оны кері қайтаруы
шарт. Ал, ғайбат, өсектеу сияқты тілмен жасалған күнә болса, кешірім сұрау.
Өйткені, адамның күнәсі Алла тағалаға немесе адамдарға қатысты болып екіге
бөлінеді. Бұл жайлы Әнас бин Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Зұлымдық – үшеу,
олар: Алла тағала кешірмейтін зұлымдық, Алла тағала кешіретін зұлымдық және Алла
тағала жай қалдырмайтын зұлымдық. Алла тағала кешірмейтін зұлымдық – серік қосу.
Алла тағала кешіретін зұлымдық – пенденің өз-өзіне жасаған зұлымдығы. Алла тағала
жай қалдырмайтын зұлымдық адамдардың бір-біріндегі хақысы[5]», – делінген.
[1] «Ниса» сүресі, 48-аят.
[2] Тахрим сүресі, 8-аят
[3] Мұхтасар тафсир Ибн Касир, 3-том, 644-бет
[4] Бахр Калам, 163-бет
[5] Мұхтасар тафсир Ибн Касир, І-том, Ниса сүресі, 48-аят, 486-бет
.
86
ЗИНА ТУРАЛЫ БЕЙНЕРОЛИКТЕРДІ КӨРУДІң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Үлкен күнәлардың бірі – зина. Ал, зинаның барлық түрі харам екені мәлім.
Алла тағала көзді харамнан сақтауды әмір етіп: «(Мұхаммед (ғ.с.) Мүміндерге айт:
(бөгде әйелдерге қараудан) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан) қорғасын.
Бұл олар үшін өте жақсы. Рас, Алла олардың не істегендерінен хабар алушы. Мүмін
әйелдерге де айт (бөгде ерлерден) көздерін сақтасын. Әрі ұятты жерлерін (зинадан)
қорғасын...[1]», – деп бұйырады. Сондықтан мұндай арсыз фильмдерді көруге қатаң
тыйым салынады.
Тозаңның түйіріндей жақсылыққа сауап жазылатыны секілді, мұсылман он екі
мүшесімен жасаған титтей күнә үшін де жауап бермек. Құран Кәрімде:«... Расында
құлақ, көз және жүрек олардың барлығы одан сұралады[2]», – деп айтылған.
Мұндай бейәдеп бейнелер адамның мұсылманшылығына және санасына өте зиян.
Бұл сияқты фильмдер адамға арсыздықты үйретіп, иман мен ұяттан жұрдай етеді.
Ақыр соңы ауыр күнәға итермелеп, жүректі қарайтады.
Арсыз фильмді көрген адам өз әрекетіне өкініп, тәубе жасауға және бұдан былай
қайталамауы қажет.
[1] Нұр сүресі, 30-31 аяттар
[2] Ісра сүресі, 36-аят
Руслан Абдуллаев
АРАҚТЫң ЗИЯНЫ ЖАЙЛЫ АЯТТАРДА НЕ АЙТЫЛҒАН?
Арақ туралы аяттың түсіндірмесі
Құран Кәрімде: «Ей, иман келтіргендер! Арақ ішу, құмар ойнау, пұтқа табыну,
оқпен бал ашып бәсекелесу – шайтан ісі, жиіркенішті қылықтар. Бақытқа жетем
дегендер шайтан ісінен аулақ болыңдар. Сол арақ, құмар ойнау арқылы шайтан
сендердің араларыңа дұшпандық-ғадауат тудырады, сендердің намаз оқуларыңа
кедергі жасамақ болады. Тәңірді естеріңнен шығаруға тырысады. Арақ пен құмар
ойнаудан сонда да безбейсіңдер ме?[1]»,-деп, бұл жамандық атаулыдан аулақ болуға
шақырады.
Міне, бұл екі аятта Алла тағала арақты жоғары дәрежеде харам деп әмір
етуде. Арақ құмар ойыны, пұт және бал ашумен қатар бірге айтылған. Бұлардың
барлығын ең лас нәрсе деп қайтаруда. Ең лас (рижс) сөзі Құранда тек сорақылығы
шектен шыққан және жамандығы жұртқа мәлім нәрсеге айтылған. Бұл аят бойынша
арақ – шайтанның ісі. Ал, шайтанның ісі – бұзықтық пен харам. Аятта арақтан алшақ
жүруді әмір еткен. Сондай-ақ, бұл кесірден алыс жүру адамды бақытқа жеткізетін
жол. Сонымен қатар, әлеуметтік зияны ретінде туысқандық қарым-қатынастың
«ат құйрығын кесіп» араласпай кетуге апарып соғатынан айтуда. Арақ ішетін және
құмар ойнайтын адамдар арасында сөзсіз дұшпандық пен өшпенділік туындайды. Ал,
рухани залалы – пендені діни міндеттемелерінен тоқтатады. Намаздан, оразадан және
т.б. құлшылығынан қайтарады. Аталған аят соңында Аллаһ тағала адамдарға бұйыра
«...сонда да безбейсіңдер ме?» деп сауал қойды. Сонда осы аятты естіген сол кездегі
мұсылмандар: «Раббым! Біз түбегейлі тиылдық», – деп жауап қатты.
Исламға дейін араб халқы араққа салынып кеткен еді. Тіпті, оларда арақтың
жүзден астам аты болды. Араққа арнап өлеңдер жазатын.
Ислам маскүнемдікке салынған бұл халықты өте дана тәрбиелік тәсілмен
87
айықтырды. Арақты кезекті жүйемен, бірте-бірте харам етумен түбегейлі тыйды.
Әуелгі уақытта арақтың күнәсі пайдасынан көбіректігі жайлы үкім түсті[2]. Сосын
намазға тұрғанда мас күйде болмауды тыйым етті[3]. Соңында кейін түбегейлі тыйым
етілгендігі туралы аят түсті[4].
Арақтың анықтамасы мен мөлшері жайлы
Кез келген адамның ақылдан айырып, мас ететін ішімдік арақ болып табылады.
Мұндай ішімдіктің бір жұтымы да – харам. Хадистерде: «Әрбір мас етуші (ішімдік) –
арақ, барлық арақ түрі – харам[5]» және «Көп мөлшері мас еткен ішімдіктің аз мөлшері
де – харам[6]», – деп баяндалған.
Кез келген жағынан харам
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) араққа байланысты он кісіге лағынет айтқан: «Арақты
сығушы, сығуға тапсырыс беруші, ішуші, тасушы, алдыртушы, құюшы, сатушы,
арақтан түскен пайданы жеуші, арақты сатып алушы және сатып алдырушы[7]».
Достарыңызбен бөлісу: |