Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж



Pdf көрінісі
бет12/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32

Арақ ішетінмен бірге отырмау
Осы  дәстүрге  байланысты  мұсылман  арақ-шарап  қойылған  жерде  отырмауы 
тиіс. Омар (р.а.): «Мен Аллаһ елшісінің (с.ғ.с.) «Кім Аллаға және ақырет күніне иман 
келтірсе, арақ қойылған дастарқанға отырмасын[8]» деген сөзін естіп едім», – дейді.
                                                                                                                        Қисса 
            Сали бин Абдулла (р.а.) риуаяты: «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) дүние салғанан 
кейін Әбу Бәкір, Омар (р.а.) және бір топ адамдар отырып ең үлкен күнә жайлы әңгіме 
қозғайды. Олар ортақ ойға келмеген соң, Абдулла бин Амрден сұратты. Ол: «Ең үлкен 
күнә арақ ішу», – деді. Өйткені, пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бәну Исраил патшаларының 
бірі бір адамға жаза ретінде: арақ ішуді, өлім жазасын, зина жасауды немесе доңыз етін 
жеуді таңдауға бұйырады. Бас тартса, өлім күтіп тұр. Ол арақ ішуді таңдап, ақыры арақ 
барлық қылмысты істеуге итермелеген[9]»
                                                              Қорыта айтқанда
            Арақ – адамға ең ауыр соққы беретін дерт. Елімізге осы арамнан түскен пайданың 
жақсылығы болмасы хақ. Өйткені, арақ кесірінен болған кісі өлімі, жол және өндірістік 
апат шығынын ешбір қаражат қайта қалпына келтіре алмайды. Оны жай қарапайым 
адамнан бастап ең білікті экономист те растайтын болар. Қоғам бұл қасіреттен айығу 
үшін барлық күрес тәсілін қолдану қажет. Біз дін қызметкері ретінде ішімдіктің залалды 
зардаптарын сізге жеткіздік. Сіз де бұл күреске өз үлесіңізді қосыңыз.
[1] Маида сүресі, 90-91 аяттары 
[2] Бақара сүресі, 219-аят 
[3] Ниса сүресі, 43-аят 
[4] Маида сүресі, 90-аят 
[5] Муслим 
[6] Ахмед, Әбу Дәуід және Тирмизи 
[7] Тирмизи, Ибн Мәжа 
[8] Ахмед 
[9] Муслим
ӘЗІЛ-ҚАЛЖЫңНЫң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Ислам діні адамдарға әрбір сөзі зікір, тыңдағаны Құран болуды парыз етпейді. 
Және бос уақытын тек мешітте ғана өткізуді міндеттемейді. Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) 
ғибратты ғұмыры – біз үшін барлық жағдайда өмірлік өнеге. Алла елшісі (с.ғ.с.) жеке 

88
оқшауланған кезде табаны ісіп, аяғы талғанша кеткенше құлшылық ететін, көз жасы 
көл болып мінәжат ететін. Алайда, отбасы және адамдармен бірге болған сәттерінде ол 
жай қарапайым адамдарша жүретін.
Ол кісі (с.ғ.с.) қызықты әңгіме сұхбат құрып, сахабалардың әзілін тыңдап және 
өзі де әзіл айтатын. Бірақ, әзілдесе де тек рас сөз айтатын. Үнемі жүзі жадырап жүретін, 
жылы шырайлы кісі болған.
Екі дүние сұлтанының (с.ғ.с.) өмірінен мысал келтіре кетейік. Заһир бин Хузам 
атты далалық араб кісі бар еді. Бұл кісі өзі өңсіздеу болғанға ұқсайды. Пайғамбар (с.ғ.с.) 
оны ерекше жақсы көреді екен. Заһир базарда жұмыс істейтін. Бір күні пайғамбар (с.ғ.с.) 
оның арқасынан келіп байқатпай құшақтай алады. Ол: «Бұл кім екен, жіберсеңші?»,-
дейді  де  бұрылып  қалады.  Өзін  бауырына  қысып  тұрған  пайғамбар  екенін  көріп 
абдыраған  ол  үнсіз  тұрып  қалады.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с)  болса:  «Мына  құлды  кім 
сатып алады?»–деп әзілдейді. Ол болса: «Уа, Алла елшісі! Мен өтпей қалған тауармын 
ғой»,–  деп  өзінің  реңсіздігін  меңзегендей  болады.  Сонда  пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): 
«Алайда сен Алла тағала құзырында өтпей қалған тауар емессің[1] (бір риуаятта: жоқ, 
сенің Алла құзырында құның жоғары)»,-деп жауап береді.
Бұл  хадистің  мағынасын  мулла  Әли  әл-Қари:  «Оны  құл  деп  айтып  тұрғаны, 
расында  да,  ол  Алла  тағаланың  құлы,  ал  сату  дегеніміз  ұсынылған  затқа,  соның 
құнындай тауарға айырбастау[2]», – деп, әзілдің бос сөз емес екенін түсіндіреді.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен бір хадисте сахабалар: «Уа, Алла Елшісі! Сіз бізбен 
әзілдесесіз», – деген кезде: «Расында мен тек рас сөзді ғана айтамын[3]» – деп, әзілдесе 
де, өтірік сөйлемейтіндігін түсіндірген.
Иә, «әзілің жарасса, атаңмен ойна» демекші, қалжыңдасудың да өз қағидасы бар, 
олар:
1.Дін  және  діни  нышандарды  әзілге  айналдырмау.  Мәселен,  «Еңкейіп, 
тоңқайып  не  істеп  жатырсың»  деп  намазды,  «Не  пәле,  басынды  тұмшалап  орап 
алыпсың!» деп шариғат шәлісін әзілге айналдыру. Дінді қалжыңға себеп ету сенімге 
селкеу түсіреді.
2.Қалжың  тек  рас  сөзге  негізделуі  қажет.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.): 
«Жұртты күлдіру үшін өтірік айтатын кісіге тозақ болсын[4]» және «Расында біреу 
отырғандарды күлдіру үшін бір сөз айтады да, жұздыздардан да алыс болған отқа қарай 
құлдырайтын[5]», – деп ескерткен.
3.Адамды қорқытып қалжыңдауға болмайды. Тасада тығылып тұрып, қызық 
болсын  деп  қорқытып  әзілдеуге  болмайды.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Мұсылман 
мұсылманды қорқытуына болмайды[6]», – деп тыйған.
4.Мысқыл  мен  мазақ  қолданып  әзілдемеу.  Адамның  жүріс-тұрысын  және 
қимыл-әрекеттерін  мазақ  етіп,  қалжыңдау.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Бауырыңның 
үстінен  күлуші  болма,  Алла  тағала  оған  мейірімділік  етіп,  сені  пәлеге  ұшыратуы 
мүмкін[7]», – деген екен.
5.Көп әзілдемеу. Омар бин Абдулазиз (р.а.): «Мазақ етуден сақ болыңдар. Ол 
кек  тудыратын  ақымақтық»,  –  деген  екен.  Ал,  Имам  Науаи:  «Тыйым  салынған  әзіл 
– шектен тыс және ұдайы болған қалжың. Мұндай қалжың иесін күлкіге қалдырып, 
жүрегін қатайтады және Алла тағала зікірінен қағады. Көп жағдайда адамдарға зияны 
тиеді.  Сондықтан  кек  пен  өшпенділік  тудырады.  Адамның  беделін  түсіреді.  Ал, 
мұның барлығына қатысы болмаған әзілге рұқсат. Алла елшісі (с.ғ.с.) де осылай етуші 
(әзілдеуші) еді», – деген.
6.Адамдардың қадір-қасиетіне тимеу. Ғалымның дәрежесі бар, үлкен кісінің 

89
құрметі  бар  дегендей.  Сондықтан,  қарсы  алдыңыздағы  адамды  танымай  әзілдесуге 
болмайды.  Сондықтан,  ақымақ,  тентек  және  танымайтын  кісімен  әзілдеспеген  жөн. 
Сахаба Сағд бин Әбу Уаққас (р.а.): «Әзіліңді қысқарт. Оның көп болуы абыройыңды 
кетіреді және ақымақтар саған батылдана бастайды», – деген екен.
7.Әзіл  тамақтағы  тұздай  болғаны  жөн.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Күлкіні 
көбейтпе, көп күлкі жүректі өлтіреді»,-деген.
8.Ғайбат болмауы керек.
9.Әзіл-қалжың  ретімен  және  өз  уақытында  болуы.  Мәселен,  дастарқан 
басында және жора-жолдастармен бірге әңгіме-дүкен үстінде. Мұндай әзіл жан сергітіп, 
достардың жанын жадыратады.
Суфиян  бин  Ғуиайнаға  (р.а.)  бір  кісі  келіп:  «Әзіл-қалжың  кемшілік  пе?»–деп 
сұрайды. Сонда ғұлама: «Дұрыс етіп және орнымен әзілдескен адам үшін сүннет (яғни 
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да әзілдескен)», – деп жауап береді.
Қатада  риуаят  етеді:  «Абдулла  бин  Омардан  (р.а.):  «Пайғамбар  (с.ғ.с.)  сахабалары 
әзілдесу ма еді?» – деп сұрағанда: «Иә, бірақ жүректеріндегі иман таудай еді[8]», – 
деген екен.
[1] Сүнан Байһақи 
[2] Шарх Мишкат 
[3] Тирмизи 
[4] Әбу Дәуід 
[5] Ахмед 
[6] Әбу Дәуід 
[7] Тирмизи 
[8] Шарх Мишкат
«ТАМАҚҚА ҮРЛЕМЕ» ДЕГЕН ТЫЙЫМ БАР МА?
           Ата-аналарымыздың алдымызға қойылған асты үрлеп суытудан тиюынан басты 
себебі әдепсіз әрекеттердің бала болмысымызда қалыптаспауын қадағалағаны. Сондай-
ақ, шариғатымызда да асқа үрлеуге болмайтындығы жайлы айтылады. Бұл тақырыпқа 
қатысты мынадай хадистер бар: Әбу Қатададан (р.а.) «Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ыдысқа 
үрлеуден тыйды[1]» және Әбу Сағид әл-Худариден (р.а.) «Пайғамбар (с.ғ.с.) сусынға 
үрлеуге тиым салды[2]» және Ибн Аббастан (р.а.) «Алла елшісі (с.ғ.с.) тамаққа және 
сусынға үрлеуге тиым салды[3]».
          Ыдысқа үрлеу – ондағы асқа немесе сусынға (шайға) үрлеуді білдіреді.
         Хафиз Ибн Хажар (р.а.): «Ыдысқа үрлемеу керектігі жайлы бірнеше хадис келген. 
Өйткені, үрлеу тамаққа жаман исі беруі мүмкін. Бұл үрлеген адамның ауыз қуысынан 
жаман  иіс  шыққандықтан  немесе  көптен  бері  мисуак  қолданбағандықтан,  ауызын 
шаймағандықтан болады. Сондай-ақ, үрлегенде асқазанның буы сыртқа шығады[4]»,– 
деп түсіндіреді.
         Байқасаңыз, шариғат адам өмірінің барлық жағдайында әдеп пен тазалыққа 
мән беруге үндейді. Тіпті, тамақтану және сусын ішу секілді жайттар да назардан тыс 
қалмаған. Ал, біздің аталарымыз осы секілді әдептерді жай қарапайым сөзбен үйретіп 
отырған.
[1] Бұхари, Муслим 

90
[2] Термизи 
[3] Ахмед 
[4] Фатхул Бари
ӘЛЕУМЕТТІК ЖЕЛІДЕГІ ТАНЫСТЫҚТЫ ШАРИҒАТ ҚҰПТАЙ МА?
                        Қазіргі  таңда  қоғамымызда,  әсіресе,  жастар  арасында  әлеуметтік  желі 
пайдаланушылары  өте  көп.  Әрине,  әлеуметтік  желінің  жұмысымызды  жеңілдетіп, 
ақпарат алмасуға, белгілі бір жайттарды талқылап-сараптауға, көмек сұрауға келгенде 
тигізер пайдасы бар. Әріптестер жұмыс бабымен студенттер оқуға қатысты өзарасында 
қажетті құжаттар мен материалдарды жылдам жөнелтуде таптырмайтын құрал.
Сонымен бірге, әлеуметтік желінің зияны да баршылық. Көп кездесетін жайт – бөгде 
еркек мен әйелдің танысу және сөйлесу үшін пайдалануы. Бейәдеп суреттерін жеке 
парақшаларына  салуы.  Мұның  залалы  өте  көп.  Осындай  хат  және  сурет  алмасу 
салдарынан көптеген неке бұзылып, отбасылардың ойраны шығуда.
Сондықтан  әлеуметтік  желіні  әдеппен  қолдану  қажет.  Әлеуметтік  желі  арқылы 
тілдесулерде де бетпе-бет кездесулердегідей белгілі талаптар сақталуы керек.
             1.Зәрулік жағдайында рұқсат етілетіндей тек қажетті сұрақтармен шектелу. 
Мәселен, сауда-саттық жасау кезіндегі сөйлесу сияқты.
             2.Сөйлесу барысында аса салмақтылық, ой тазалығымен бірге әзіл-қалжың 
аралас бос сөздер болмауы керек. Сөздерді қолдануда әдеп шеңберінен асып кетпеу.
Құран  Кәрімдегі:  «...  қылымсып  сөйлемеңдер.  Онда  жүрегінде  дерті  бар  әлдекім 
дәмеленеді. Әдеттегі сөзді сөйлеңдер[1]» деген аят тілдесуге емес, қылымсып сөйлеуге 
тиым етіп тұр;
          3.Сөйлесушілер бір-бірінің ар-намысын құрмет ету. Бейәдеп және ашық суреттерді 
салмау.  Пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Шын  мәнінде  шайтан  адамның  қан  тамырымен 
жүреді[2]»,-деген.
[1] Ахзап сүресі, 32-аят 
[2] Бұхари
 
WI-FI ЖЕЛІСІН ЕГЕСІНІң РҰҚСАТЫНСЫЗ 
ҚОЛДАНУЫМА БОЛАДЫ МА?
             Баршамызға мәлім жайт, WI-FI желісі үшін тұтынушы белгілі сомада айлық 
төлем салып отырады. Сол төлем негізінде ғаламтор жылдамдығы және ақпарат жүктеу 
белгіленеді. Осы себепті де ол WI-FI желісінің меншік иесі болып табылады.
        Желіге құпиясөз қойылса да, қойылмаса да меншік иесінің рұқсатынсыз затты 
пайдалану – біреудің меншігіне қол салу. Ал, құпиясөзді бұзып, қолдану – екі есе күн
ә.                            Сондықтан, тек иесінің рұқсаты және келісімімен пайдалану керек. 
Бұған қатысты мынадай хадистер бар:
1. «Мұсылман меншігінен өзінің ризашылығымен бергені ғана адал[1]»,
2. «Алла атымен ант етемін, сендердің бірің ақысы жоқ нәрсені алса, қиямет күні 
сол затты арқалап Алла құзырына барады[2]»
3. «Мұсылманның мүлкі оның қаны сияқты қастерлі[3]»
4. «Кімде-кім ақысыз мұсылман кісінің мүлкін қиса, Алла тағаламен кездескенде 

91
оған ашулы болады[4]»
           Сонымен бірге, ойын сауық және сауда орталықтары сияқты қоғамдық орындар 
әкімшілігі көпшілікке арнап тегін WI-FI орнатады. Бұл желіні қолдануға болады.
[1] Ахмед, Байһақи, Дарақұтни 
[2] Бұхари, Муслим 
[3] Баззар, Әбу Яълә 
[4] Ахмед
ТУҒАН КҮНДІ ТОЙЛАУҒА БОЛА МА?
                        Шариғат  тұрғысынан  алғанда,   адамның  өмірге  келген  күнін  Жаратқанға 
шүкіршілік  етіп,  туған  күнді  атап  өтуге  ешбір  кедергі  жоқ.  Тек  туған  күн  мереке 
деп аталмауы және қабыл етілмеуі керек. Сонымен бірге, бөтен ер кісілер мен қыз-
келіншектердің  араласуы,  дастарханда  харам  зат  қойылуы  сияқты  тиым  салынған 
амалдар орын алмауы талап етіледі.
Туған күн үшін шүкіршілік ету жайлы Құран Кәрімде: «Маған туылған күнімде, 
өлер күнімде және тірілтіліп, тұрғызылатын күнім де амандық болады[1]»,– деген Иса 
(ғ.с.) сөзі бар.
Ал, хадистерде Әбу Қатада әл-Ансари (р.а.) риуаятында: «Пайғамбардан (с.ғ.с.) 
дүйсенбі  оразасы  жайлы  сұрағанда:  «Бұл  күні  туылдым  және  осы  күні  маған  уахи 
түсті[2]»,– деп жауап берген екен. Міне, бұл адамның дүниеге келген күні шүкіршілік 
етуді талап ететін нығмет екендігін көрсетеді. Сондай-ақ, бұл хадис Алла тағаладан 
берілген  нығметтерді  атап  өтуге  рұқсат  екеніне  де  дәлел  болады.  Хадиске  оралар 
болсақ: Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) туған күні мен уахи түскен күні – ең үлкен нығмет.
Ал, Юнус сүресіндегі «(Мұхаммед (ғ.с.) олар, Алланың кеңшілігі мен мәрхаметіне, 
осыларға  қуансын...[3]»  деген  аят  Алла  тағаланың  нығметін  қуанышпен  қабыл  алу 
керектігін көрсетеді.
Жақын  туыстардың  туған  күн  иесіне  қуаныш  сыйлау  үшін  бірге  атап  өтуіне 
рұқсат. Өйткені, адамға шаттық пен қуаныш сыйлау – шариғат құптайтын амал.
Әбу  Һурайра  (р.а.):  «Пайғамбардан  (с.ғ.с.)  адамдар  қай  амал  абзал  деп  сұрағанда: 
«Мұсылман бауырыңа қуаныш сыйлауың, оның қарызын өтеуің және бір жапырақ нан 
беруің[4]», – деген сөзін риуаят еткен.
Омар бин Хаттабтан (р.а.): «Пайғамбардан (с.ғ.с.): қай амал абзал деп сұрағанда: 
«Мұсылманға  қуаныш  сыйлау,  аш  болса  қарнын  тойғызу,  киімсіз  болса  киіндіру, 
қажетін өтеуің[5]», – деп жауап берген.
Қорыта айтқанда, туған күн сияқты белгілі бір күнді шариғатқа сай, ешбір жаман 
және ерсі әрекеттерсіз атап өтуге болады. Ал, рұқсат аясынан аттап өтсе, мұны фиқһ 
ғалымдары жаман бидғат деп санаған.
[1] Мәриям сүресі, 33-аят 
[2] Муслим 
[3] Юныс сүресі, 58-аят 
[4] Тарғиб, Ибн Шаһин 
[5] Табарани, Аусат

92
МЕН СОЛАҚАЙМЫН, НЕ ІСТЕСЕМ БОЛАДЫ?
           Солақайлық намаз оқуға және басқа да құлшылық жасауға тиым салмайды. 
Алайда, оң және сол қолды қолдану әдебі бар. Осы тақырыпты кеңірек айтып көрейік.
Құран  Кәрімде  «(Амал  дәптері)  оң  жағынан  берілетіндер,  қандай  жақсы 
оңшылдар[1]»деп жәннаттықтарды және «(Амал дәптері) сол жағынан берілетіндер, 
қандай жаман солшылдар[2]» тозақиларды айтқаны мәлім.
Сондай-ақ, барлық жақсы істі оң жағынан бастау – сүннет. Сондай-ақ, дәрет алу, 
ас-су ішіп-жеуде, киім киюде, заты алып-беруде оң қолмен болуы сүннет. Ал, сол қол 
тазалану үшін қолданады.
Омар  бин  Әбу  Сәләмә  (р.а.):  «Мен  Алла  елшісі  үйіндегі  бала  едім.  Қолымды 
табақ  ішінде  олай-бұлай  сала  беретін  едім.  Пайғамбар  (с.ғ.с.)  маған:  «Балам!  Алла 
атын айтып, оң қолыңмен және өз алдыңнан бастап тамақтан»,– деп айтты»,– дейді.
Имам Науаи аталмыш хадисті: «Хадистегі бұйрық түрінде айтылған сөз барлығына 
(Алла  атымен  бастау,  оң  қолмен  жеу  және  өз  алдынан  тамақтануға)  қатысты 
болғандықтан оң қолмен тамақтану міндет...»,-деп түсіндірген.
Оң қолмен тамақтану қажет екендігі және сол қолмен ас-су ішіп-жеуге тиым екендігін 
мына хадис айтылған. Сәләмә бин Әукағ (р.а.) риуаят етеді: «Пайғамбар (с.ғ.с.) сол 
қолымен тамақтанып отырған кісі көріп: «Оң қолыңмен тамақтан»,– дейді. Ол: «Шамам 
келмейді»,–  дейді.  Сонда  пайғамбарымыз  (с.ғ.с.):  «Бұдан  былай  шамам  келмейді,– 
дейді[3]». Бұл кісі кейіннен оң қолын көтере алмай қалған деген дерек бар.
Ибн Омар, Жәбир және Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Кімде-кім сол 
қолмен тамақтанса, онымен бірге шайтан тамақтанады[4]»,– деп айтылған.
Таиби бұл хадисті: «Шайтан сол қолымен жейді» деген сөз оған адам ішіндегі достары 
көмектеседі. Сол қолмен тамақтанған адам шайтанның досы»,– деп түсіндірсе, Құртуби 
бұл хадисті: «Сол қолмен тамақтанушы шайтан әрекетіне жатады»,– деп тарқатқан.
Имам Науаи: «Бұл хадистер тамақтану және сусын ішу оң қолмен болуы сүннет, ал 
сол  қолмен  жасау  мәкрук.  Сондай-ақ,  алыс-беріс  те  оң  қолмен  болған  дұрыс.  Тек, 
науқастық пен жарақат сияқты үзірлі себеп болса ғана рұқсат»,-деген.
Ибн Араби «Сол қолмен тамақтану күнә» деп, сөзіне дәлел ретінде шайтанға тиесілі 
етілген әрбір іс-қимыл харам», – деп айтқан.
Сөз соңында, барлық істі оң жақтан және оң қолмен істеуді үйренуді бастаңыз. 
Алла тағала жар болсын!
[1] Уақиға сүресі, 8-аят 
[2] Уақиға сүресі, 9-аят 
[3] Мүслим 
[4] Мүслим, Ахмед
АУА РАЙЫ БОЛЖАМЫНА СЕНУ ШИРК ПА?
Зайд бин Халид Жуһани (р.а.) әңгімелейді: «Худайбияда таңертең Алла елшісі 
(с.ғ.с.)  имам  боп  намаз  оқыдық.  Түнде  жаңбыр  жауған  болатын.  Пайғамбарымыз 
(с.ғ.с.) намаздан соң адамдарға бұрылып: «Раббыларың не дегенін білесіңдер ме?»– 
деді. Адамдар: «Алла және Оның елшісі жақсырақ біледі»,–деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): 
«Құлдарым  бірі  иман  етіп,  бірі  күпірлік  етіп  таң  аттырды.  Кімде-кім  Алла  тағала 
кеңшілігі  және  рақыметімен  жаңбыр  жауды  десе,  Маған  иман  етіп,  жұлдыздарды 
мойындамағаны. Ал, кімде-кім: пәлен және түгел жұлдыз себепті жаңбыр жауды десе,  
Мені мойындамай, жұлдызға сеніп таң аттырғаны»,– деді[1]».

93
Жаһилиет  дәуірінде  арабтар  батыс  жақтан  аққан  жұлдыз  немесе  шығыстан 
туған жұлдыз жаңбыр алып келеді деген түсінік болған. Ауа райының құбылуы осы 
құбылыстар себепті деп сенді.
Ислам діні келіп, адамның иманын барлық жағынан Алла тағалаға бекем байлады. 
Мұсылманға барлық құбылыстың жалғыз Жаратушысы және себептерді жасаушы тек 
Алла тағала екенін үйретті.
Жоғарыдағы хадисте: «...Құлдарым бірі иман етіп, бірі күпірлік етіп таң аттырды...» 
сөздің  мағынасы  мұсылман  және  кәпір  емес,  Алла  тағала  нығметін  мойындап,  бірі 
мойындамайды дегенді білдіреді. Әйтпесе, пайғамбар (с.ғ.с.) сахабаларының біразы 
сол жерде кәпір болды деген мағынада емес.
Осы хадисті имам Науауи былай түсіндіреді: «Дұрыс сенімде бола тұра осылай 
айтудың  мәкрук  (жағымсыз)  екендігі  жайлы  тартыс  бар.  Сырттай  көрінісі  мәкрук, 
алайда бұл танзиһ мәкрук. Күнәсі жоқ. Алайда, бұл сөзді айтқан адам жайлы жаман ой 
туындайды. Себебі, бұл жаһилиет кезіндегі адамдар және солардың ізімен жүргендердің 
нышаны».
Ауа  райына  байланысты  ел  аузында  «жұлдыз  жиі  болса,  қыста  суық,  жазда 
ыстық болады», ай шалқасына жатып туса «өзіне жайлы, шаруаға жайсыз» деп жаңбыр 
жаумайтынына, ал «қарлығаш жер бауырлап ұшса, жаңбыр жауады» деген сөздерді жиі 
кездестіреміз. Бұл құбылыстар жаңбыр жаудырады деп сенгендіктен емес, керісінше 
ғасырлар бойы табиғат құбылыстарын зерттей келе түйіндеген тәжірибе ғана. Ешбір 
сенім-нанымға байланысты емес.
Мал және егін шаруашылығымен айналысқан халыққа ертеңгі күннің ауа райын 
білу аса маңызды. Қазіргі таңда заманауи әлемде де ауа райын болжау ерекше маңызды. 
Ауа райын болжау арқылы «табиғаттың тосын сыйынан» сақтануға болады.
Қазіргі  заманда  метерологиялық  орталықтарда  заманауи  құрал-жабдықтармен 
табиғат құбылыстарын зерттей отырып,  арнайы мамандар алдағы уақытта болатын 
ықтималдықты болжайды. Әрине, оның барлығы тек  Алла тағала қалауымен жүзеге 
асатындығы әмбеге аян.
[1]Мұхаммед Аууама, Мин сихах ахадис құдсия, 53-бет
НАУҚАС БАУЫРЫМДЫ ҚАЛАЙ САБЫРЛЫҚҚА ШАҚЫРСАМ БОЛАДЫ?
              Алла тағала адам баласы көтере алмайтын сынақ бермейді. Сынақпен қоса, сол 
қиындықты еңсеретін күш-қайратты қоса береді. Құран Кәрімде «Сабыр және намазбен 
жәрдем тілеңдер...[1]» деген аятта айтылып тұрғандай, қиыншылық пен сынақ кезінде 
Алла тағаладан сабыр және құлшылық етіп жеңілдік сұрауымыз керек.
            Сахаба Әнастан (р.а.) жеткен: «Сауаптың үлкендігі сынақтың үлкендігіне қарай, 
Алла тағала біреуді жақсы көрсе, қиыншылық береді...[2]» және Әбу Һурайра (р.а.) 
риуаят  еткен:  «Алла  тағала  біреуге  жақсылық  қаласа,  қиыншылық  береді[3]»  деген 
хадистерінен сынақ сырын ұғамыз.
           Мұсылман баласы бойында үш түрлі сабырлық болуы қажет. Бірінші, Алла 
тағаланың  әміріне  бойұсынатын  сабырлық.  Екінші,  күнә  істерден  тиылу  үшін 
пайдаланатын сабырлық. Соңғысы, қиыншылық пен сынақтарға төтеп беру үшін қажет 
сабырлық.

94
                      Сонымен  бірге,  сырқаттан  айығу  жолдарын  үздіксіз  іздеу  қажет.  Хадисте: 
«Алланың құлдары ем іздеңіздер. Алла тағала жіберген әрбір дертке шипа түсірген. 
Тек қарттықтың емі жоқ[4]»,-деп айтылған. 
[1] Бақара сүресі, 45-аят 
[2] Ибн Мажаһ, 4167 
[3] Бұхари, 5645 
[4] Бұхари, Ахмед
БАҒАЛЫ ТЕРІДЕН ТІГІЛГЕН 
ТОН КИЮ ХАРАМ БА?
              Құран Кәрімде: «...Әрі сендер үшін малдардың терілерінен көшкен күндеріңде, 
отырған  күндеріңде  жеңіл  пайдалануларыңа  болатын  баспаналар,  жүндерінен, 
жабағыларынан  һәм  қылдарынан  бір  мерзімге  дейін  тұтыту  бұйымдарын,  сауда 
заттарын  пайда  етті[1]»,  –  деп  айтылғандай,  малдың  жүні  мен  терісін,  тіпті  қылын 
тұрмыстық зат және киім-кешек етіп пайдалануға рұқсат.
               Жер бетіндегі барлық жан-жануар атаулы адамзат игілігі үшін жаратылған. 
Алайда, кейбір жануардың еті мен терісі, ал кейбірінің терісі ғана адал. Тек теріні илеп 
барып кәдеге асыру қажет. Себебі, хадисте: «Тері иленсе, пәктеледі, тазарады[2]», – 
деп айтылған.
              Дегенмен, барлық жаратылыс адам игілігі үшін деп үнемсіз, есепсіз пайдалануға 
тағы  болмайды.  Бұл  жайында  Абдулла  бин  Амр   (р.а.)хадисінде  былай  делінеді: 
«Пайғамбар  (с.ғ.с.):  Бір  адам  құс  немесе  одан  басқа  жануарды  нақақ  өлтірсе,  Алла 
тағала одан сұрайды, –деді. Сонда: Уа, Алла елшісі! Оның ақысы не?– деп сұрады. 
Пайғамбар (с.ғ.с.): Бауыздап, етін жеу. Басын жұлып алып, лақтырып кету емес, –деген 
екен[3]». Хадиске ескертілгендей, жануарларды тек терісі үшін жаппай қырып-жоюға 
болмайды. Бұл зұлымдық және табиғаттың тепе-теңдігін бұзуға алып келеді. Қазіргі 
кезде  қаншама  жан-жануар  түрлерінің  қырылып  бітіп,  кейбірі  Қызыл  Кітапқа  еніп 
жатқаны осыған айғақ.
Жалпы  адам  баласының  дүние  игілігін  пайдалануда,  яғни  тамақтану,  сусын  ішу 
және  киім-кешек  киюде  ысырапқа  жол  бермей,  белгілі  бір  мөлшермен  пайдаланып, 
тәкаппарлық  танытпағаны  дұрыс.  Бұл  турасында  Құран  Кәрімде:  «...Алла  бүкіл 
тәкаппар, мақтаншақты жақсы көрмейді[4]»,-деп айтылған.
               Қорыта келе, қымбат аң терісінен тон кию харам емес. Бірақ, ысырапқа жол 
бермеуді ескерген жөн. Бұл жайлы Әбу Ханифаның (р.а.): «Жақсылықта ысырап жоқ, 
ал ысырапта жақсылық жоқ»,-деген сөзін басшылыққа алса құба-құп болмақ.
[1] Нахыл сүресі, 80-аят 
[2]Муслим 
[3]Насаи, Шафиғи, Хаким 
[4] Хадид сүресі, 23-аят
ТАУЫҚ ЕТІ, БАЛЫҚ ЖӘНЕ КОНСЕРВІЛЕНГЕН
 ЕТТЕР ХАЛАЛ МА?
             Төрт түлік мал еті халал екені жөнінде ешқандай дау жоқ. Бұл орайдағы 
күдік  аталған  жануарларды  бауыздауға  қатысты.  Кейбір  жағдайда  шариғат  тиым 
еткен жолмен (электр тоғы немесе ауыр затпен соққы жасау секілді) сойылып жатады. 

95
Мұндай  тәсілдер  малға  азаптау  және  еті  арамдалғандықтан  харам  болады.  Малдың 
етін адал ету үшін бауыздау шарттарын орындау қажет, олар:
         1.Малдың қанын ағызып, мойын күре тамырын кесетін пышақ сияқты өткір 
затпен бауыздау. Ади бин Хатим әл-Тайи (р.а.), мен: «Уа, Алла елшісі! Біз аң аулаған 
кезде бауыздайтын пышақ болмайды. Алайда өткір тас және сынған таяқ болады»,– 
деп сұрадым. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Қалаған затыңмен қанын ағыз және Алла тағаланың 
есімін ата[1]», – деді;
           2.Мойын күре тамыры мен өңешті кесу. Бұл жануардың қиналмай жан тапсыруына 
көмектеседі. Ал, басымен құдық сияқты тар жерге түсіп кеткен малды аң секілді кез 
келген жерінен қан шығару керек. Рафиғ бин Хадиж (р.а.): «Біз пайғамбармен (с.ғ.с.) 
сапарда едік. Кенет жұрттың түйелерінен бірі қашып кетті. Қуып жететін ат болмаған 
соң, бір кісі садақпен атып алды. Сонда Алла елшісі (с.ғ.с.): «Жануарлардың арасында 
жабайы аңдардағыдай бір жабайылық болды. Егер жануарлар осылай етсе, жаңағыдай 
етсеңдер болады[2]», – деді;
            3.Алла тағаланың есімінен басқа ешбір атты айтпау. Құранда: «... және тігілген 
тасқа (пұтқа) арнап бауыздалған... арам етілді[3]»,– деп әмір етілген;
            4.Бауыздау үстінде Алла тағала есімін айту. Яғни «бисмилла Аллаһу Акбар» 
деу.  Құран  Кәрімде: «Ендеше,  Алланың  аяттарына  сенуші  болсаңдар,  Алланың  аты 
айтылғаннан жеңдер...[4]» және хадисте: «Қаны аққан (бауыздалған) һәм Алла есімі 
айтылған (мал етін) жеңдер[5]», – деп айтылған.

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет