Шүкір – құлшылықтың бір мақсаты
Хазірет Әли (р.а.) былай дейді: «Кейбіреулер бір нәрсе тілеп құлдық ұрады.
Бұл –саудагердің құлшылығы. Баз біреулер қорыққанынан құлшылық жасайды. Бұл
– малайдың құлшылығы. Тағы біреулер шүкірлік жасау үшін құлшылық етеді. Міне
бұл – күллі жағымсыз істерден аулақ түрде жасалған, таңдаулылардың (хауастардың)
құлшылығы.» (Доцент, доктор Өмер Челик; доктор Мұстафа Өзтүрік, Мұрат Кая,
«Үсуе-и хасене», Еркам Йайынлары баспа үйі, Стамбул, І том, 332-бет.)
Пендеге айтар алғысы жоқтың Аллаға шүкірі қайдан болсын?
Шүкір Алла тағалаға айтқанымыз сияқты бізге жақсылығы өткен жұмыр басты
пендеге де алғысымызды білдіруіміз сауапты амал.
Мұхаммед ибн Мәсләма былай дейді: Бір күні Алла елшісінің (с.ғ.с.) қасында тұғынбыз.
Ол Хассан ибн Сәбитке:
– Ей Хассан, бізге жәһилия (надандық дәуіріне тән) өлеңдерінен Алла рұқсат ететін
бір қасида оқып бересің бе? – деп еді, ол Ағшаның Алқама ибн Уләсаны келемеждеп
айтқан бір өлеңін оқыды. Расулуллаһ (с.ғ.с.):
– Ей Хассан, бұдан былай менің құзырымда бұл өлеңді оқыма – деді. Хассан:
– Ей Алла елшісі, мені Ираклидің (Византия патшасы) қасындағы мүшрик біреуді
келеке ететуден тыясың ба? – деп таңданғанда, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Ей Хассан, Адамдарға көп алғыс айтқан кісі Аллаға көп шүкір еткен болып табылады.
Иракли Әбу Суфианнан мен жайлы сұрағанда, ол жақсы нәрсе айтпады. Ал Алқамадан
сұрағанында, ол мен туралы жақсылап баяндап берді.» – деді.»
Алла Елшісі бұл сөзімен Алқаманың жасаған жақсылығын ұмытпай, оған деген
алғысын білдірген.(Әли әл-Муттақи, «Кәнзул-ъуммәл», «Shamela, CD».)
Нәби (с.ғ.с.): «Адамдарға алғыс (шүкір) айтпағанның, Аллаға алғысы (шүкірі) жоқ.»
(Ахмет ибн Ханбәл.) – десе, енді бір хадисінде: «Сендерге жақсылық жасағанға
жақсылығына сай оған да жақсылық жасаңдар. Оның жасаған жақсылығына тең
келетін нәрсе таба алмасаңдар, теңестіргенге дейін оған дұға етіңдер.» (Әбу Дәуіт.) –
деп, сахабалары мен үмметін сыйға сый жасауға шақырады.
Шүкір қалай атқарылады?
Шүкір жүрекпен, тілмен және ағзалармен де жасалады. Алла тағаланың осы
уақытқа дейін сізге берген нығметтерін еске алып, әрі оны тек Алладан деп білуіңіз
жүректің шүкіріне жатады. Берілген нығметтердің бірін тілмен айтып шүкір ету тілдің
шүкірі саналады. Ал ол нығметке жақсы қарау немесе орынды қолдану ағза арқылы
жасалған нығмет болып табылады. Мәселен, әке-шешенің перзентінің жанында болуы
– нығмет. Бұл нығметті жүрекпен ойлау – жүректің шүкірі, оны айту – тілдің шүкірі,
ал оларға қарайласу, оларға құрмет көрсету және олардың алдындағы перзенттік
борышты өтеу – ағзаның шүкірі. Бұл жағдайда шүкір «Аллаға шүкір» деп тек сөзбен
ғана айтылмауы керек. Оны іспен де қуаттау қажет. Мына бір аят кәрималарға зер
салып қараңызшы:
59
«(Ей Мұхаммед (с.ғ.с.), саған) Алланың жәрдемі және жеңісі келген кезде,
және адамдардың (араптардың) Алланың дініне топ-топ болып кіргенін көргеніңде
Раббыңды мақтай дәріпте әрі Одан жарылқау тіле. Күдіксіз Ол тәубені көп қабыл
етуші.» (Наср сүресі, 1,2,3-аяттар.). Байқап отырсаңыз, бұл сүреде Алла тағаланың
Елшісіне берген екі үлкен нығметі баяндалған. Ол екі нығмет «дұшпандарына қарсы
жәрдем мен жеңіс» нығметі. Осы нығмет үшін хазірет пайғамбарымызға (с.ғ.с.) Аллаға
мадақ айту бұйырылды.
Аллаға қандай сөздермен мақтау айту керек?
Алла тағаланы Өзінен артық ешкім лайықты түрде мақтай алмайды. Сондықтан
да қасиетті кітап – Құранда немесе пайғамбар хадистерінде көрсетілгені бойынша Оны
мақтау ең дұрыс шешім болар. Фатиха сүресі «әл-хамду лилләһи раббил-аламийн»
деген сөзбен басталады. Бұл сөздің мағынасы «күллі мақтау әлемдердің раббысы
Аллаға тән» дегенді білдіреді. Демек, Құранның көрсетуімен дәл осылайша Аллаға
мақтау айту керек екен. Хазірет пайғамбарымыз (с.ғ.с.) былай дейді: «Зікірдің абзалы
– Лә иләһә илләллаһ, дұғаның абзалы – Әл-хамду лилләһ». (Тирмизи; Нәсәи;)
Осы орайда тәпсірші Фахруддин әр-Рази айтады: «Аллаға мақтау» сөзі «Мен
Алланы мақтаймын» дегеннен мағына тұрғысынан әлде қайда күшті.
Біліп қойған ләзім, Алла тағала (Құранда, Фатиха сүресінде) «Мен Алланы мақтаймын»
демей, «Аллаға мақтау» деп айтты. Бұл сөз біріншісінен әлде қайда артық. Бұның
бірнеше себебі бар.
Біріншісі: … «Аллаға мақтау» деп айтқан кезде, бұл сөз мадақтаушылардың
мадағынан бұрын да, шүкір етушілердің шүкірінен алдын да Алланың мақталғандығын
көрсетеді. Демек, әлгілер мақтасын мақтамасын, шүкір етсін етпесін, Алла тағала
әуелгі мақтауы мен сөзі арқылы бұрыннан бері, әрі мәңгі мақтауға ие.
Екіншіден: «Әлхамду лилләһ» деуіміздің мағынасы мақтау мен мадақ Аллаға
және Оның билігіне тән дегенді білдіреді. Өйткені Алла тағала құлдарын көп қолдап,
оларға сан түрлі нығмет бергендігі үшін мақтауға артығымен лайық. Алла тағаланың
өздігінен мақтауға лайықтығын білдіретін сөз (әл-Хамду лилләһ) бір адамның Оны
мақтағанын білдіретін сөзден әлде қайда абзал екендігі белгілі.
Үшіншіден: Құл «Мен Аллаға мақтау айтамын» дегенінде Алланы лайықты
түрде мақтай алмайды. Ал егер «әл-хамду лилләһ» (Аллаға мадақ) – десе, бейне
бір «Мен Алланы (лайықты түрде) мақтай алатындай кіммін?!» – дегенге ұқсайды.
(Мұхаммед ибн Умар ибн әл-Хусейн Фахруддин әр-Рази, «Мәфатихул-ғайб минәл-
Қуръәнил-Кәрим» «Shamela, CD».)
Сондай-ақ, бұл сөзбен қатар хадистерде келтірілген «Аллаһу әкбар» (Алла ұлы),
«СубханАлла» (Алла пәк) т.б. сөздерді айтумен де Алла тағаланы ұлықтап, дәріптеп
мақтауға болады.
Иә, хамд және шүкірге қатысты аят-хадистерді көптеп келтіруге болады. Хамд
пен шүкір ең әуелі Ұлы Жаратушы үшін айтылады. Бір қызығы Құранның алғашқы
сүресі – Фатиха да, ең соңғы сүресі болып табылатын Нас сүресі де Аллаға мақтау
айтумен басталады. Нас сүресінде Алла тағала “Адамдардың Раббысы” деп мақталды.
Біздерді адам етіп жаратып, сан алуан ырыздық берген Аллаға шүкіршілік білдіру, Оған
мақтау айту әркімнің жеке міндеті. «Кім шүкір етсе, ол өзі үшін шүкір етеді.» (Лұқман
сүресі, 12-аят.) Бұл міндетті орындай білсек, нығмет Иесі нығметін иншАлла, одан
әрмен арттыра түсері сөзсіз. « … Егер (берген нығметім үшін маған) шүкір етсеңдер,
сендерге (нығметімді) арттырып беремін. Ал (оны) жоққа шығарсаңдар, расында менің
азабым қатты.» (Ибраһим сүресі, 7-аят.)
60
Жаратушы Жаббар Иеміз нығметімізді арттырмағанның өзінде, шүкір етуіміз
керек. Себебі іс ақыретке қалды деген сөз. Яғни, Алла бұл дүниеде бермесе, ақыретте
артығымен береді.«Шынында ақырет сен үшін дүниеден қайырлы» (Дұха сүресі, 4-аят.)
Қанат Жұмағұл
ҚҰРАНДЫ ҚОЛЫНА АЛҒАН НЕМЕСЕ ОҚЫП ОТЫРҒАН АДАМ ОНЫң
ҚҰНДЫЛЫҒЫН БІЛІП, ҚҰРМЕТПЕН ҚАРАУҒА МІНДЕТТІ
1. Құранды дәретті кезде ғана қолға алып, дәретті кезде ғана оқу.
2. Оқымас бұрын тісті мисуәкпен жуып, тістің арасын тамақтың қалдықтарынан
тазартып, ауызды шаю керек. Өйткені, Құран сол жол арқылы өтеді.
3. Ештеңеге арқа сүйемей, тік отыру.
4. Бейнебір әміршінің алдына баратындай киіну керек, өйткені, Құран оқитын адам
Алламен тілдеседі.
5. Құбылаға қарап бет түзету.
6. Түкіргеннен кейін ауызды шаю. Шу’ба Әбу Хамзадан жеткендей, Ибн Аббас Құран
оқып отырып, алдына түкіргенде аузын шайып барып қана оқуға кірісетін болған.
Түкірсе болды, аузын шаятын болған.
7. Есінегенде оқуды тоқтату. Өйткені, есінеу – шайтаннан, ал, Құран оқығанда адам
Аллаға арнап оқиды.
8. Оқымас бұрын: «Аузу билляхи мина щщайтани рраджим», – деп, «Бисмилля» сөзін
айту (сүрені басынан бастап оқысаң да, ортасынан бастап оқысаң да).
9. Оқуды бастағаннан кейін аса қатты қажеттілік туындамаса, әңгімеге алаңдап, оны
тоқтатпау.
10. Құранды оқыған кезде Алланың сөздерін дүнияуи сөздермен араластырмас үшін
ешкім кедергі келтірмейтіндей және сөйлемейтіндей оңашада оқыған жөн. Дүнияуи
әңгімеден кейін «исти’азу» сөздерін (Аузу билляхи мина щщайтани рраджим) қайта
айту.
11. Құран оқығанда әрбір әрпін анық айтып, байыппен асықпай оқу.
12. Оқып отырған аяттардың мағынасына терең бойлап, ойлану.
13. Алланың рақымы жайлы аяттарды оқығанда тоқтап, Алладан рақым тілеу.
14. Алланың жазасы жайлы аяттарды оқығанда тоқтап, Алладан жазадан құтқаруын
сұрау.
15. Бұрынғы заманның адамдары мен халықтары жайлы хикаялар келгенде, ойланып,
өзіңе сабақ алу үшін тоқтау.
16. Сирек кездесетін сөздердің мағынасын білу.
17. Әрбір әріпке мән беріп, дұрыс және анық оқу. Өйткені, оқылған әрбір әріп үшін он
сауап амал жазылады.
18. Оқып болғаннан кейін Алла Тағаланың сөздері – Ақиқат екендігіне және оны бізге
Мұхаммед Пайғамбар, оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын, жеткізгендігіне куәлік
етіп, төмендегіні айту: («Я, Алла, Сен Ақиқатты айтасың, және Сенің елшілерің
оны жеткізді, біз соған куәгерміз. Я, Алла, бізді ақиқаттың куәгері етіп, әділеттілік
жасаушылардан ете гөр»). Содан соң Аллаға дұға қылу керек.
19. Қандай да бір сүреден өзің қалаған аяттарды таңдап оқуға болмайды, бір сүрені
түгелдей оқу керек.
20. Әр сүренің аяттарын араластырып оқуға болмайды. Алла Елшісінің, (оған Алланың
61
игілігі мен сәлемі болсын), Біләлдің қасынан өтіп бара жатып, оның әр сүреден әр түрлі
аяттарды оқып отырғанын естіп, бір сүрені түгелдей оқуды бұйырғаны жеткізілген.
21. Ақылды немесе білімді болып көріну үшін Құранның аяттарын келтіріп, мақтануға
болмайды. Бұл - Алланың алдында жиіркенішті қылық.
22. Тыйым салынған жаңа тәртіптердің белгілі бір жақтастары хамзаны тереңдетіп
оқитыны (артық дем шығарады) сияқты, оқуды қиындатып (бірдеңені ерекше екпінмен
оқу), сөздерді жасанды түрде оқымау керек. Бұл – оларға шайтанның ұсынған жаңа
үрдісі, олар соны қабыл алды.
23. «Бұл бұлай оқылмайды», - деп, Құранды дұрыс оқуға қатысты ешкіммен сөз
таластырмау керек. Олай оқуға да рұқсат етілген болуы мүмкін, сонда сіз Алланың
Кітабын жоққа шығарып жатқан боласыз.
24. Құранды қойғанда ашық қалдырып кетпеу.
25. Құранның үстіне басқа кітаптарды қоюға болмайды. Құран әрдайым басқа
кітаптардан жоғары тұруы тиіс.
26. Оқу кезінде Құранды тізеңе қойып немесе алдыңдағы нәрсеге қойып оқу (жерге
қоюға болмайды).
27.Құран тақтаға жазылған болса, оны түкірікпен емес, сумен дымқылданған
шүберекпен сүрту.
28. Тақтадағы Құранның сөздерін сүртуге пайдалнылған суды нәжіс бар жерге
немесе адамдар ары-бері өтетін жерге қоймау. Ол суға қатысты белгілі бір әдеп бар.
Сәләфтардың тақтадағы Құранды сүртуге пайдаланған суды ауруларды емдеу үшін
пайдаланғандығы жеткізілген.
29. Аят жазылған парақтарды кітаптың тысы ретінде пайдаланбау.
30. Күніне, ең болмаса, бір рет Құран оқып тұру.
31. Көзіңіз Құранға ұзақ қарайтын болсын, өйткені, көз – ішкі дүниеге апаратын жол.
Жад пен жанның арасында кедергі бар. Сондықтан, жадыңдағы Құранды оқығанда,
құлағың ғана естіп, жан-дүниеңе жеткізе алады. Ал, егер Кітапқа қарап оқысаң, оған
көз де, құлақ та қатысып, сауапқа кенеледі.
32.Күнделікті тірлікке қатысты Құран аяттарын пайдалануға болмайды (мәселен,
дастарханға тамақ әкелгенде тамақ жайлы айтылатын аяттарды айту және т.б.).
33. Христиандар мәтіндерін әндетіп айтатыны сияқты, Құранның мәтінін әндетіп
айтуға болмайды.
34. Аяттарды жазған кезде анық әрі әдемі жазу.
35. Қасыңда біреу Құран оқып отырғанда, Құранды дауыстап оқымау.
36. Базарларда, күнә жасалып жатқан жерлерде, адамдардың Алланы ұмытып жататын
жерлерінде және тобыр жиналатын жерлерде Құранды оқуға болмайды.
37. Құранды басыңа қойып, жастануға болмайды.
38. Құранды біреуге лақтырып беруге болмайды.
39. Құранның кішкентай көшірмелерін жасауға болмайды. Омар ибн әл-Хаттаб біреудің
қолынан кішкентай Құранды көріп: «Мұны кім жазды?» - деп сұрағанда, әлгі адам:
«Мен», - деп жауап берген. Сонда Омар-асхаб оны қамшымен ұрып: «Құранды лайықты
түрде ұста», - деген. Сондай-ақ, Пайғамбарымыздың,( оған Алланың игілігі мен сәлемі
болсын), «кішкентай мешіт», «кішкентай Құран» (кішірейтіп «Құран кітапшасы» деу)
деген сөздерді пайдалануға тыйым салғандығы жеткізілген.
40. Құранды басқа мәтіндермен бірге бір мұқабада басып шығаруға болмайды,
шамадан тыс әшекейлеп, алтынның үстіне немесе алтын әріптермен жазуға болмайды.
Ибн Аббас күміспен әрленген Құранды көріп, былай деген: «Бұған ұрының көзі түседі.
62
Құранның әдемілігі – мазмұнында».
41. Кейбір жаңа мешіттердегідей оны еденге немесе қабырғаларға жазуға болмайды.
Омар ибн Абдуль-Азиз риуаят еткен, Алла Елшісі қабырғадағы жазуды көріп, Хузайл
тайпасының бір адамынан: «Бұл не?» - деп сұраған. Ол адам: «Бұл – Алла Тағаланың
кітабынан алынған сөздер, мұны бір еврей жазды» - дегенде, Пайғамбар: «Осыны
жазған адам Алланың қарғысына ұшырасын», - деген. Мұхаммад ибн әз-Зубайр риуаят
еткен, Омар ибн Абдуль-Азиз ұлының Құран аяттарын қабырғаға жазғанын көріп, оны
ұрған.
42. Терімен немесе күміспен қапталған болмаса, аят жазылған бойтұмарларды
(сабабтар) әжетханаға алып кіруге болмайды. Қапталған болса, ол адамның көкірегінде
болып есептеледі.
43. Егер кімде-кім Құранның сөздерін бір ыдысқа жазып, жазылған сөздерді суға ерітіп,
сол суды ішсе, суды әр жұтқан сайын шын ниетімен «Бисмилля» деуі керек, өйткені,
Алла амалдарды ниетке қарай бағалайды.
44. Құранды түгелдей оқып шыққан болсаң, ең болмаса, «Фатиха» сүресін оқып, оны
оқуды қайта бастау керек.
45. Құран оқып болғаннан кейін отбасыңды айналаңа жиюың керек. Анбари Катададан
жеткізген, Әнас ибн Мәлік Құран оқуды аяқтағанда отбасын айналасына жиып, дұға
жасайтын болған екен. Сонымен қатар, муджахид Абда ибн Әби Лубаба мен басқа
да көптеген ғұламалардың Құранды оқып болып, адамдарды айналасына жинайтын
болғандығы жеткізілген. Өйткені, Алланың рақымы Құран оқылып болғаннан кейін
түседі. Ибн Таимия жеткізген: «Егер кімде-кім Құран оқуды күн басталғанда аяқтаса,
періштелер сол күні кешке дейін оған береке тілеп тұрады; егер кімде-кім Құран оқуды
кешкісін (түн басталғанда) аяқтаса, періштелер оған таң атқанға дейін береке тілеп
тұрады. Сол себепті, Құран оқуды таңертең немесе кешкілік (түн басталғанда) аяқтаған
абзал».
____________________
Орыс тілінен аударған Azan.kz Дарульфикр.ру
Смайыл Сүйерқұлұлы Сейтбеков
ПЕРІШТЕЛЕРДІң ӨЗІ ОДАН ҰЯЛЫП, ҚЫСЫЛАТЫН...
Төрт халифаның бірі, ардақты сахаба хазіреті Осман (р.а.) жайында Айша
(р.а.) анамыздан мынадай хабар жеткізеді: Бір күні Алланың Елшісі (с.ғ.с.) үстіне
жамылғысын жамылып демалып жатқан кезде Әбу Бәкір (р.а.) келіп, үйге кіруге рұқсат
сұрады. Расулалла өзінің күйін өзгертпестен оған кіруге рұқсат берді. Ол сұрайтын
нәрселерін сұрап болғаннан кейін шығып кетті.
Содан кейін Омар (р.а.) келді, Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) және жағдайын
еш өзгертпестен, оған рұқсат берді. Содан кейін Осман келіп рұқсат сұрағанда,
Пайғамбарымыз тұрып, үсті-басын түзетті. Мұны байқаған Айша (р.а.) анамыз:
– Уа, Алланың Елшісі! Әбу Бәкір мен Омар келген кезде көп қозғалмадыңыз,
Осман келгенде неге әбігерлендіңіз? – деп сұрағанда, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):
– Өйткені, Осман – өте ұялшақ. Періштелердің ұялып, қысылған адамынан мен
қалайша қысылмайын?, – деген екен.
ҚАНША НӘПІЛ НАМАЗ БАР?
Жалпы күнделікті бес уақыт парыз намаздан бөлек қосымша нәпіл намаздар
63
бар. Олардың ең көп және бекітілген сүннет дәрежесінде оқылатыны 12 ракағат намаз.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-кім бір тәулікте 12 ракағат оқыса, оған жәннаттан
үй тұрғызылады. Ол бесіннен алдынғы 4 және кейінгі 2 ракағат, ақшамнан кейінгі 2
ракағат, құптаннан соңғы 2 ракағат және таң намаздан алдынғы 2 ракағат[1]»,-деген.
Намаз (араб.салауат) сөзінің түп-төркіні дұға және тілек мағынасын білдіреді. Фиқһ
кітабында:«Салауат сөзінің тілдік мағынасы – дұға. Құранда:«... Оларға дұға қыл.
Өйткені сенің дұғаң олар үшін бір тоқтау...[2]». Пайғамбарымыз (с.ғ.с.):«Сендерге
періштелер дұға (салауат) етеді»,-деген[3]»,-деп жазылған. Ия, намаз – дұға атаулының
ең ұлығы. Барлық дұға мен құлшылықты бойына жиған ғибадат – намаз. Сондықтан,
адамның жағдайына байланысты оқылатын және күн мезгіліне қатысты оқылатын
қосымша намаздар бар.
Тахажжуд намазы: Тахажжуд құптан мен таң аралығында оқылатын нәпіл
намаз. Бұл намазды оқу үшін міндетті түрде бір ұйықтап тұру шарт. Тахажжудтың
сауабы жайлы Әбу Үмәмәт (р.а.): «Түнде намаз оқыңдар. Бұл сендерден алдын өткен
ізгілердің жолы. Бұл Аллаға жақындатушы, жамандықты жоюшы және күнәдан тиюшы
намаз[4]»,-деген риуаят жеткізген.
Дұха намазы: Күн бір немесе екі найза бойы көтерілгеннен бастап бесін
намазына дейін оқылады. Найза бойы көзбен молжалдап алғанда үш метр шамасынша.
Яғни, күн шыққаннан соң жарты сағаттан кейін оқуға болады. Бұл жөнінде, Зайд бин
Арқам (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) Құба тұрғындарына шыққан кезде олар дұха намазын
оқып жатқан, сонда «Бұл тәубе етушілердің намазы, түйенің ботасына сәске ыстығы
тиген кезде оқылатын[5]»,-деген.
Айша (р.а.) анамыз: «Пайғамбар (с.ғ.с.) дұха намазын төрт ракағат етіп оқушы
еді, сосын қалағанша көбейтетін[6]»,-дейді. Үмму Һани (р.а.): «Пайғамбар (с.ғ.с.) дұха
намазын сегіз ракағат етіп оқыды. Әр екі ракағат сайын сәлем беріп отырды[7]»,-деген
хадистер негізінде дұха намазын 2 ракағаттан бастап 12 ракағатқа дейін оқуға болады.
Дұханың
қасиеті
жайлы
Әбу
Һурайра
(р.а.):
«Кімде-кім
дұха
намазының
екі
ракағатын
үзбейтін
болса,
оның
күнәлары
кешіріледі.
Тіпті,
теңіз
көбігіндей
көп
болса
да[8]»,-деп
айтқан.
Және Әбу Һурайра (р.а.) досым (Пайғамбар (с.ғ.с.) маған үш амалды өсиет етті,
оны ешуақытта тәрк етпедім: «Үтір намазын оқымай жатпауды, дұха намазының екі
ракағатын тастамауды, бұл тәубешілер намазы және әр айда үш күн ораза тұтуды[9]»,-
деген.
Сәлем намазы. Мешітке дәретпен кірген адамның екі ракағат намаз оқуы мұстахап. Бұл
намаздың шарты отырмай тұрып оқып алу. Әбу Қатада (р.а.) риуаят еткен хадисте:«Кімде-
кім мешітке кірсе, екі ракағат намаз оқымайынша отырмасын[10]»,-деп айтылған.
Мешітке күніне бірнеше рет кірген адамға ханафи мазхабы бойынша сәлем намазын
қайта оқудың қажеті жоқ. Сонымен бірге, макрук уақытта және имам жұма құтпасын
оқып тұрғанда сәлем намазы оқылмайды. Оған Ибн Омар (р.а.) риуаят: «Имам құтпа
оқыса намазға да, сөйлеуге де рұқсат жоқ»,-хадис негіз.
Тәубе намазы. Намаз пендені Жаратушысына жақындататын ең төте жол және
Алла тағаладан жарылдау тілеп тәубе етуде намаз ең маңызды дұға түрі екені мәлім.
Сондықтан, мұсылман тәубе етуге бел буса жақсылап дәрет алып тәубе ниетімен екі
немесе одан көбірек намаз оқығаны жақсы. Әбу Бәкір (р.а.) риуаят етеді: Мен Алла
елшісінің (с.ғ.с.): «Кісі бір күнә жасап қойса, сосын дәрет алып, намаз оқып Алла
тағаладан кешірім сұраса, әлбетте кешіреді деп мына: «Ал олар қашан арсыздық
істесе не өздеріне зұлымдық қылса, Алланы естеріне алып, күнәларының жарылқауын
64
тілейді. Күнәларды Алладан басқа кім жарылқайды. Сондай-ақ олар істеген істеріне
біле тұра қасарыспайды. Міне солардың сыйлықтары Раббылары тарапынан жарылқау
және астарынан өзендер ағатын жұмақтар. Олар онда мәңгі қалады. Амал істеушілердің
сыйлықтары нендей айбат![11]»,-аятын оқыды[12]»,-дейді.
Қажет намазы. Адамның шешілмей жатқан шаруасы, керекті қажеттілігі болған
кезде әріне Жаратушыдан сұрауға міндетті. Ал, дұға-тілектің ең жақсысы намазбен
болғаны. Әбу Дәрда (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім дәрет алып, дәретін жақсылап
етсе, сосын екі ракағат оқыса, екі ракағатын (жарбарынуда, рукуғ жәнен сәждесін
орындауда) толық етіп оқыса Алла тағала тілегін лезде немесе кейіндеу береді[13]»,-
деп айтылған. Абдулла бин Әбу Әуфа (р.а.): Алла елшісі (с.ғ.с.):«Кімде-кімнің Алла
тағалада немесе адам баласының бірінде қажеті болса жақсылап дәрет алсын да екі
ракағат намаз оқысын, сосын Алла тағалаға мақтау айтып, пайғамбарымызға (с.ғ.с.)
салауат оқып барып:«Лә иләһә иллә Аллаһу әл-Халиму әл-Кариму, субхана Аллаһи
Роббил арши ъазыми уәл хамду лилләһи Роббил ъаламин, әсәлукә мужибәти рохматикә
уә ъазаимә мағфиротикә уәл ғанимәтә мин кулли биррин уәс сәләмәтә мин кулли исмин,
лә тәдәъ ли занбән иллә ғофәртәһ уә лә һәммән иллә фәррожтәһ уә лә хәжәтән һиә ләкә
ридан иллә қодайтәһә иә Архамәр рохимин»,-деп дұға жасасын[14]»,-деген.
Тасбих намазы. Тасбих намазы жайлы жеткен ең сенімді хадис Икриманың Ибн
Аббастан (р.а.) келген риуаят: Алла елшісі (с.ғ.с.) Аббас бин Абдулмутталибке (р.а.):
«Уа, Аббас! Уа, көкем! Саған бір нәрсе берейін он қасиеті бар. Оны орындар болсаң,
Алла тағала күнәңнің әуелгі және кейінгі, ескісі мен жаңасын, білмей және әдейі,
кішісі мен үлкенін және жасырыны мен әшкересін кешіреді. Он қасиет: төрт ракағат
намаз оқы, әр ракағатта фатихамен қоса бір сүре оқы, сүре оқып болған соң тік тұрып:
«Субхана Алла, әлхамду Лилләһ, уә лә иләһә иллә Алла, уә Аллаһу Акбар» деп 15 рет
айт, рукуғке барып 10 рет, рукуғтен тұрған бойда 10 рет, сәжде жасап, сәждеде 10 рет,
сәждеден бас көтеріп 10 рет, қайта сәждеге барып 10 рет, қайта сәждеден бас көтеріп
10 рет, осылайша әр ракағатта 75 рет болады. Осыны төрт ракағатта айтасың. Шамаң
келсе, әр күні оқы, оған шамаң келмесе әр жұмада оқы, оған шамаң келмесе әр жылы
бір рет оқы, оған шамаң келмесе өміріңде бір рет оқы[15]»,-деген
Дәреттен кейінгі намаз. Дәрет алған немесе ғұсыл құйынған адамға екі ракағат
намаз оқу мұстахап. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят етеді. Таң намазы кезінде Алла елшісі
(с.ғ.с.): «Әй, Біләл! Исламда жасаған ең жақсы амалыңды айт, өйткені жәннатта қарсы
алдымда сенің кебісіңнің дауысын естідім,-деді. Біләл: Менің істеген амалым күндіз
немесе кешке дәрет алар болсам, міндетті түрде намаз оқимын,-деген екен[16]».
Уқба бин Амир (р.а.): «Кімде-кім дәрет алып, дәретін жақсылап орындап, екі ракағат
оқыса, намазында жүрегімен және тәнімен бет бұрса оған жәннат міндет болады[17]»,-
деген хадис риуаят етеді. Ең көп оқылатын нәпіл намаздардың легі осындай. Алайда,
мұнымен нәпіл намаз бітпейді. Бұған қоса ай мен күн тұтылғанда, ұзақ уақыт жауын-
шашын болмағанда немесе толассыз жаңбыр жауа бергенде оқитын намаздар бар.
[1] Тирмизи, Насаи
[2] Тәубе сүресі, 103-аят
[3] Әл-Ихтиар, 1-бөлім, 56-бет
[4] Тирмизи
[5] Ахмед, Муслим
[6] Ахмед, Муслим
[7] Әбу Дауд
65
[8] Ахмед, Тирмизи, Ибн Мажаһ
[9] Бұхари, Муслим
[10] Бұхари, Муслим
[11] Әли Ғымран сүресі, 135-136 аяттар
[12] Әбу Дауд, Насаи
[13] Ахмед
[14] Тирмизи, Ибн Мажаһ
[15] Әбу Дауд, Ибн Мажаһ, Ибн Хазима
[16] Бұхари, Муслим
[17] Муслим, Әбу Дауд
Руслан Камбаров
Достарыңызбен бөлісу: |