ТАҒАМ ҚАЛДЫҚТАРЫН ҚОҚЫСҚА ТАСТАУ ДҰРЫС ПА?
Тұтынуға жарамды нан және басқа да тағам өнімдерін қоқыс жәшігіне тастауға
болмайды. Бұл ысырап. Ибн Абидин: «Шын мәнінде ысырап – затты қажетінен тыс
артығымен қажетсіз жұмсау»,-деген. Мұсылман ысыраптан сақ болуы қажет. Әдетте,
ысырап азық-түлікті мөлшерінен тыс сатып алу салдарынан болады. Жылдам бұзылатын
артық тағамдарды мұқтаж көрші-қолаңға берген сауапты. Азық-түлік сатып аларда
және тағам әзірлейтін кезде мұсылман: «Олар мал сарп қылғанда, ысрап та етпейді,
сараңдық та істемейді, осының ортасында тұрады[1]»,-аятын жадында ұстағаны жөн.
Тұтынуға келмейтін бұзылған тағамдарды қалдық ретінде сиыр, ит және тауық
сияқты үй жануарларына берген дұрыс. Әйтпесе, қосық жәшігі жанына биіктеу орында
қалдырыңыз.
[1]
Фұрқан сүресі, 67-аят
КҮНӘ ҚАЙТСЕ ЖОЙЫЛАДЫ?
Жаратушы өз кітабында пенденің кез келген күнәсін кешіретіндігін, алайда
Өзіне серік қосуды кешірмейтіндігін баян етіп: «Алла тағала өзіне ортақ қосылуды
жарылқамайды да, бұдан өзге қалаған кісісін жарылқайды...[1]», – дейді.
Мұсылман біліп немесе білмей үлкен және кіші күнә жасаса, міндетті түрде тәубе
етуі қажет. Тәубесі шынайы болуы шарт. Шынайы тәубені Құранда «насух тәубе» деп
айтқан. Құран Кәрімде: «Әй, мүміндер! Аллаға шынайы (насух) тәубе қылыңдар...
[2]»,-деп әмір етеді.
Шынайы (насух) тәубесі жайлы Үбай бин Каъб (р.а.): «Істеген күнәға өкіну,
өзін жазғыра отырып Алла тағаладан кешірім сұрау және ешқашан қайталамауға бел
буу[3]»,-дегенді риуаят еткен.
Күнә Алла тағала ақысына байланысты болса, оның үш шарты бар:
1.Істеген күнәсіне шынайы өкіну;
2.Лезде бұл істен бойын алшақ ұстау;
3.Бұл күнәға жоламауға бел буу.
Осы үш шарттың бірі орындалмаса, тәубе дұрыс болмайды[4].
Ал, егер күнә кісі ақысымен байланысты болса, оның төртінші шарты бар – ақысын
өтеу. Ақша, ғимарат сияқты дүние-мүлік заттары болса, оны кері қайтаруы шарт. Ал,
ғайбат, өсектеу сияқты тілмен жасалған күнә болса, кешірім сұрау.
Өйткені, адамның күнәсі Алла тағалаға немесе адамдарға қатысты болып екіге
бөлінеді. Бұл жайлы Әнас бин Малик (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Зұлымдық – үшеу,
олар: Алла тағала кешірмейтін зұлымдық, Алла тағала кешіретін зұлымдық және Алла
тағала жай қалдырмайтын зұлымдық. Алла тағала кешірмейтін зұлымдық – серік қосу.
Алла тағала кешіретін зұлымдық – пенденің өз-өзіне жасаған зұлымдығы. Алла тағала
жай қалдырмайтын зұлымдық адамдардың бір-біріндегі хақысы[5]», – делінген.
[1]
«Ниса» сүресі, 48-аят.
[2]
Тахрим сүресі, 8-аят
[3]
Мұхтасар тафсир Ибн Касир, 3-том, 644-бет
[4]
Бахр Калам, 163-бет
[5]
Мұхтасар тафсир Ибн Касир, І-том, Ниса сүресі, 48-аят, 486-бет.
36
ҮЙГЕ Оң АЯҚПЕН КІРІП, СОЛ АЯҚПЕН
ШЫҒУЫМЫЗДЫң СЫРЫ НЕДЕ?
Айша (р.а.) анамыз: «Пайғамбар (с.ғ.с.) барлық ісінде: дәрет алғанда, киімін
және кебісін кигенде, шамасы келгенше оң жақтан жасауды ұнататын[1]», – дейді. Бұл
хадис жағымды істе оң (қол және аяқты) пайдалану, ал басқасында сол қол мен аяқты
қолдану керектігін көрсетеді.
Имам ән-Науаи: «Бұл қағида шариғатта үнемі қолданылады. Жақсы да жағымды
киім-кешек кию, аяқ киім кию, мешітке кіру, мисуак қолдану, намазда сәлем беру, дәрет
алғанда, дәретханадан шығарда, тамақтану, су ішу, қол беріп амандасу, қара тасты ұстау
және тағы басқа осы сияқты әрекеттерді оң жақтан бастау – мұстахаб. Ал, дәретханаға
кіру, мешіттен шығу, мұрынды шаю, үлкен-кіші дәреттен тазалану, киім-кешекті шешу
және осы сияқты амалдарда сол жақтан және сол қолмен болғаны мұстахаб...»,-дейді.
Ал, енді адамның оң қол сал немесе сынған сияқты үзірлі жағдай болса сол
қолдың көмегімен тамақтануға және дәрет алудың ешбір сөкеттігі жоқ.
[1]
Ибн Ражаб
МҰСЫЛМАН АДАМ МАҚТАУ ЕСТІГЕНДЕ НЕ ІСТЕУІ КЕРЕК?
Әсілі, мақтаудың кісіге едәуір зияны бар. Әсіресе, мақтау адамның діни амалына
қатысты болса. Абдурахман бин Әбу Бәкра өзінің әкесінен мынадай хадис риуаят етеді.
Пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) құзырында бір кісі жайлы әңгіме болды. Сонда біреу: «Уа,
Алла елшісі! Сізден кейін мына және мына істе одан абзал жан жоқ», – деді. Сондай
пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Тәйт, сен жолдасыңның (мақталып тұрған жанның) мойнын
шауып түстің ғой», – деп қайта-қайта айтқан екен. Сосын пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер
біреуіңіз бауырын мақтау керек болып тұрса, «Мен пәленшені былай деп ойлаймын»
деп айтсын, егер сол кісінің бойынан әлгі жайтты көрсе, алайда мен ешкімді Алла
тағалаға ақтап сөз айтпаймын[1]»,-деген екен.
Адам баласын осы әрекетінен тиған хадисте: «Егер әсіре мақтаушы адамдарды
көрсеңдер, олардың жүзіне топырақ шашыңдар[2]»,-деп айтылған.
Мақталып тұрған адам тәкәппарлық және босаңсу салдарынан сақтанғаны жөн.
Мақтаудың шырмауынан тек өзін таныған адам ғана құтылады. Өйткені, адамның
ешкім білмейтін іс-әрекеті мақтаушыға аян болса, ол лезде тиылар еді. Міне, сондықтан
пайғамбарымыз (с.ғ.с.) кісі мақтау естіген сәтте осылайша әрекет етуді бұйыруда.
Ал, мақтап тұрған әке-шеше болса, ол кісілерге тыйым салуға, тіпті «тәйт»
деуге болмайды. Өйткені, перзент ата-анаға жұмсақ сөйлеуге әмір етілген. Құранда:
«Раббың, Өзіне ғана ғибадат етулеріңді, әке-шешеге жақсылық қылуларыңды әмір
етті. Ал, егер ол екеуінің бірі немесе екеуі де жандарыңда кәрілікке жетсе: «Түһ» деме
(кейіс білдірме). Сондай-ақ ол екеуін зекіме де, ол екеуіне сыпайы сөз сөйле[3]»,– деп
әмір етілген.
Ал, ата-анадан басқа кісі мақтаған жағдайда жұмсақтық һәм әдеппен тоқтатқан жөн.
Имам Ғазали мақтаудың зиян жайлы: «Мақталып тұрған адам екі жолмен зиян шегеді,
бірінші: ол кісінің бойында өзіне таңқалу және тәкәппарлық пайда болады. Бұның
екеуі де кісіні бұзады. Екіншісі: Кісі бір жақсылығы себепті мақталса, оған қуанып,
босаңсиды да өзіне көңілі толады. Ал, кімде-кім өзіне таңырқай бастаса, оның іске деген
ұмтылысы азаяды. Әдетте, өзіне сынмен қарайтын адам ғана алдыға ұмтылады»,-дейді.
Хазреті Әлидің (р.а.) өзін мақтаған кезде: «Аллаһым! Олардың мен жайлы білмейтін
амалында мені кешіре гөр. Және олардың айтқаны үшін мені жазғырмағайсың. Олар
37
ойлағанынан да мені жақсы ете гөр», – деп жауап берген екен. Ал, Суфиян бин Уиайна:
«Өзін таныған адамға мақтаудың зияны тимейді», – деген.
[1]
Мұттафақун алейһ
[2]
Муслим
[3]
Исра сүресі, 23-аят
ЖОҒАЛҒАН ЗАТТЫ ДҰҒА ОҚУ АРҚЫЛЫ ТАБУҒА БОЛА МА?
Зат жоғалтқан адам оқитын дұға жайлы Ибн Омардан (р.а.) мынадай дерек бар:
«Кімде-кім бір зат жоғалтса, дәрет алып екі рәкағат намаз оқысын да: «Бисмиллаһ иа
Һадиа әд-доләли уә родди әд-доллә урдуд ъалаиа доллати би ъиззатикә уә султоникә фә
иннәһә мин ъатоикә уә фадликә» Мағынасы: «Алла тағаланың атымен, уа адасқанды
тура жолға салушы! Уа, жоғалғанды қайтарушы, Сенің ұлылығың және құдыретіңді
арқау етіп сұраймын, менің затымды кері қайтар. Расында, бұл Сенің бергенің және
кеңшілігің[1]»,-деп айту керек. Хадистанушы Хаким бұл хадисті риуаят етушілер
сенімді, ешбірі сынға ұшырамаған деп баға берген.
[1]
Мусаннаф Ибн Әбу Шайба, Табарани
ҚҰРАНҒА ТІЛЕК ЖАЗУҒА БОЛА МА?
Құран кітабының мұқабасына тілек жазуға тікелей тыйым жоқ. Мысалға, Сауд
Арабиясының Мадина қаласындағы Фаһд патша атындағы Мусхаф Шариф баспасынан
мемлекет тарапынан сыйлық ретінде таратылатын Құран Кәрім кітабының сыртқы
және ішкі бетіне «Алла жолына Қос Харам Шарифтің қызметшісі патша Абдулла бин
Абдулазиздің сыйлығы» деп жазылған.
ҰЙҚЫ ӘДЕБІ
Түнгі ұйқы. Пайғамбар (с.ғ.с.) түннің бірінші бөлігінде құптан намазынан кейін
ұйықтаушы еді. Құптаннан алдын ұйықтағанды ұнатпайтын. Сосын түннің екінші
бөлігінде тұрып намаз оқитын, қайта жататын. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Алла тағалаға
ең ұнамды намаз Дәуіттің (ғ.с.) намазы. Алла тағалаға ең ұнамды ораза Дәуіттің (ғ.с.)
оразасы. Ол (Дәуіт (ғ.с.) Түннің жартысына дейін ұйықтап, үштен бірінде құлшылық
жасайтын да сосын алтыдан бірінде қайта ұйықтайтын. Және бір күн ораза тұтса, бір
күн тұтпайтын[1]»,-деген екен. Хадисте айтылған пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) ұйықтауы
мен ұйқыдан тұру әдетіне зер салсаңыз дененің демалуына, ағзаның тыныстауына
және күш-қуат жинауға ең тиімді әдіс екенін аңғарасыз. Бұл сергектікпен қатар мол
сауапқа кенелтеді.
Қайлулә ұйқысы. Ал, күндіз пайғамбарымыз (с.ғ.с.) ұйықтап алатын. Бұл
ұйқыны «қайлулә» деп атайды. Қайлулә – күн тал түстен ауысқан шақ. Саһл бин Сағд
(р.а.): «Біз Алла елшісі (с.ғ.с.) заманында түс ұйқымызды және түскі асымызды жұма
намазынан кейін ғана орындайтынбыз[2]»,-дейді.
Ұнамсыз ұйқы. Таң атқан соң күн найза бойы көтерілгенше ұйықтау сергектікке,
ас қорыту, жүрек және жүйке жұмысына және де басқа денсаулыққа кері әсерлері бар.
Алайда, зәрулік жағдайда оқасы жоқ. Өйткені, бұл уақытта ұйықтауға қатаң тиым
жоқ. Кейбір сахабалар мен табиғиндер осы уақытта ұйықтағаны жайлы дерек бар.
Сонымен қатар, күнмен таласып ұйықтаудың зияны жайлы да ескертілген. Аталмыш
38
тақырыпқа байланысты риуаяттарға назар аударып көрейік: Абдулла бин Аббас (р.а.)
баласының таңертең ұйықтап жатқанын көріп: «Тұр, ризық-несібе бөліп беріліп жатқан
уақытта ұйықтағаның не?!»,-деген екен». Күндізгі ұйқы үшеу: хулуқ, хурақ және хумқ.
Хулуқ (қайлулә) – шаңқай түс уақытындағы ұйқы, бұл пайғамбарымыздың (с.ғ.с.)
әдебінен. Ал, хурақ – таңертең күнмен таласып ұйықтау. Бұл дүние және ақырет ісінен
шалғытатын ұйқы. Ал, хумқ – екінтіден кейінгі ұйқы. Хумқ ұйқысы жайлы: «Екінтіден
кейін ұйықтап, мазасыздық сезген адам өзінен көрсін»,-деген сөз бар.
Ұйқыға дайындық. Ұйқыдан алдын жеңіл-желпі дәрет алу сүннет. Бірақ,
міндет емес. Дәретпен ұйықтаған адам жайлы: «Кімде-кім пәк болып (дәрет алып)
ұйқыға кетсе, түнімен оның жанында бір періште тұрады. Ол періште: «Уа, Алла!
Пәленше құлыңның күнәсін кешір, ол пәктеніп ұйықтады[3]»,-деп истифғар айтады.
Жеңіл-желпі дәрет алу дегеннің мағынасы: «Дәретте жуылатын әрбір мүшені бір реттен
бірақ кәміл ету жуу[4]»,-деп түсіндіріледі.
Ұйқы алдындағы дұға. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Егер төсек орныңа келсең
намазға арналған дәретті ал да, оң жақ жамбасыңа жатып: «Аллоһумма асләмту уәжһи
иләйкә уә фәууадту әмри иләйкә уә әлжәту зоһри иләйкә роғбәтән уә роһбәтән иләйкә лә
мәлжә уәлә мәнжә минкә иллә иләйкә әмәнту би китәбик әлләзи әнзәлтә уә бинәбиикә
әлләзи әрсәлтә»,-деп айт. Мағынасы: Аллаһым! Өзімді Саған тапсырдым, барлық
ісімді өзіңе табыстадым. Арқамды Саған сүйеймін. Сенен қорқып һәм талпынып.
Сенен құтылатын және пана болатын тек қана Өзіңсің. Сен түсірген кітапқа иман
еттім. Сен жіберген елшіге иман еттім. «Егер сол түні көз жұмсаң (қайтыс болсаң)
иманмен кетесің, сондықтан ең соңғы айтқан сөздерің осы болсын[5]»,-деген.
Оң жақпен ұйықтау сүннет. Хадисте оң жақ жамбаспен жату айтылған. Бұл өкпе
мен жүрекке пайдалы. Ұйқыдағы адамға жүректің қысылмауы аса маңызды. Жүрек
кеуденің сол жағында орналасқандықтан оған салмақ түспеу үшін оң жақпен жатқан
абзал. Сонымен қатар, оң жақ жамбаспен жату бауыр, асқазан және ас қорыту жұмысын
дұрыс қалыпқа келтіреді. Ұйықтағанда сол жақ жамбаспен көп жату жүрекке зиян.
Осылайша ұйықтау өкпеге салмақ түсіргендіктен адам ағзасының дұрыс демалуына
мүмкіндік бермейді.
Жағымсыз жатыс. Ішпен жату макрук. Осылай жатуды әдеткен айналдырған адам
бұл теріс қылығынан арылғаны абзал. Өйткені, Тухфат бин Қайс әл-Ғифари: «Мен сәресі
уақытында мешітте қарныммен жатқан едім. Кенет бір кісі аяғымен мені түртті де: «Мына
жатыс Алла тағаланы ашуландырады»,-деді. Қарасам: Алла елшісі (с.ғ.с.) екен[6]»,-деген.
Әбу Һурайра (р.а.) риуаяты: «Алла елшісі (с.ғ.с.) қарнымен жатқан
адамды көргенде: «Бұл жатысты Алла тағала жақсы көрмейді[7]»,-деген.
Қорыта айтқанда, түнде құптаннан кейін ұйықтаған жөн. Түнгі ұйқы 6-8 сағат
аралығында болғаны жөн. Жатар алдын дәрет алып, дұға оқып жатқан жақсы. Оң
жақ жамбаспен жатуды әдетке айналдырыңыз. Таңертең және кешке күнмен таласып
ұйықтамаңыз. Күндіз 1 сағат шамасында демалсаңыз болады.
[1]
Бұхари, Муслим
[2]
Муслим
[3]
Ибн Хиббан
[4]
Умдат әл-Қари
[5]
Бұхари, Муслим
[6]
Әбу Дауд
[7]
Тирмизи
39
АНАСЫ БАЛАСЫН ҚАЙ ЖАСҚА ДЕЙІН
ЖАНЫНА АЛЫП ЖАТСА БОЛАДЫ?
Әрине, бала ананың мейіріміне тойып өсуі керек. Ана мейіріміне бөленген бала
қайырымды перзент болып тәрбиеленеді. Алайда, баланы жеті жасқа дейін бөлек
жатуға дағдыландыру қажет. Ал, он жасқа толған баланы анасының жанына алып
жатуы дұрыс емес. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «...олардың (он жасқа толғанда) төсек
орындарын бөлек етіңдер[1]»,–деген.
Ибн Абидин (р.а.): «Он жасқа толған балаға анасы, әпке-қарындасы және де басқа
әйел затының жанына жатуға тыйым салынады[2]»,–дейді. Төсек орнын бөлек етудегі
мақсат мәлім. Он жастағы бала жыныстық жағынан дами бастайды. Ұйқы кезінде денесі
немесе қолы байқаусыз тиіп кетуінің өзі бейәдеп әрекет. Имам ән-Науауи де: «Ер кісі
мен ер кісі, әйел мен әйел бір төсекте жатуына болмайды. Ұл немесе қыз бала он жасқа
толса анасы, әкесі, әпке-қарындасы және аға-інісінен бөлек жатуы керек[3]»,-дейді.
[1]
Әбу Дауд
[2]
Хашиат ғала Дурри әл-Мұхтар, 6/382
[3]
Раудат әт-Толибин, 7/28
ФУТБОЛ ТАМАШАЛАУ ШАРИҒАТҚА ТЕРІС ЕМЕС ПЕ?
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Адамдардың көбісі екі нығметтің қадірін біле бермейді,
ол: денсаулық пен бос уақыт[1]», – дегендей мұсылман өз уақытын аса мұқият
пайдаланғаны жөн. Сонымен бірге, өз уақытын дүниелік және ақыреттік пайдасы бар
іспен өткізуді әдетке айналдырғаны дұрыс. Мұсылман ақыретте өткізген уақытының
есебін береді. Алла елшісі (с.ғ.с.): «Қиямет күні пенде қадамын көтермей жатып төрт
нәрседен сұралады, жастық шағында немен айналысқаны, өмірін қалай өткізгендігі...
[2]», – деп айтқан. Хадистен байқағанымыздай, пенде жалпылама өмірінен бір және
оның ішінде жастық шағынан тағы бір сұралады.
Сондай-ақ, адам баласы жаны мен тәнінің де ақысы барын ұмытпау керек.
Мұсылман ешбір күнә болмаған жолмен демалуға, ойын-сауық құруға шариғат тыйым
салмайды. Алайда, белгілі бір талаптар да болуы тиіс, олар:
1.Ойыншылардың әурет жері жабық болуы;
2.Парыз құлшылықтан, ата-ана қызметінен және уақыты келген басқа да парыз
амалға кедергі болмауы;
3.Ойыншылар мен тамашалаушылар бір жыныстан болуы. Ойыншы қыз-
келіншектер болып, оны ер кісілер тамашалауы күнә;
4.Жанкүйерлер қызбалыққа салынып, тым беріліп қарсы топқа өшпенділік
сезімде болмауы;
5.Тамашалау барысында дінге қайшы келетін сөздер айтылмауы;
6.Футбол және басқа да спорт түрлерін тамашалау құмарлыққа айналмауы қажет.
[1]
Бұхари, Муслим
[2]
Тирмизи
40
ЖҰМЫС ІСТЕП ЖҮРІП ҚҰРАН ТЫңДАУҒА БОЛА МА?
Құран Кәрімде: «Құран оқылған кезде оны ден қойып тыңдап, тыныштық
сақтаңдар, мейірімге бөленесіңдер[1]», – деп әмір етілген.
Бұл аяттан екі мәселе туындайды:
1. Намазда имамға ұйып тұрған адам Құран оқымайды. Тек құлақ салып,
үнсіздік сақтайды. Әбу Һурайра (р.а.): «Алла елшісі (с.ғ.с.) дауыстап оқитын
намаздан кейін: «Сендерден біреу жаңа ғана менімен қосылып тиләуат етті
ме?» – деп сұрайды. Бір кісі: «Иә, Алла елшісі», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Неге
менімен Құранда (оқуда) таласасыңдар?» – деді. Осы оқиғадан кейін адамдар Алла
елшісімен (с.ғ.с.) қосылып намазда Құран оқуды доғарды[2]»,-деп риуаят етті.
Және Жәбир (р.а.) риуаят еткен бір хадисте: «Кім имамға ұйып тұрса, оның
қырағаты оған (ұюшыға) қырағат[3]», – делінген. Осы мағыналас аят-хадистерді
негізінде ханафи мазхабы бойынша, ұйыған адам (дауыстап және іштей оқылатын)
барлық намазда тиләуат етпейді.
2. Намаздан тыс орында Құран тыңдау.
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) Құран оқыған кезде Мекке мүшріктері жұрт естімесін деп
әдейі дауыс шығарып, улап-шулап сөйлесе бастайтын[4]. Олардың бұл әрекеті Құран
Кәрімде: «Және қарсы келушілер (кәпірлер) «Бұл Құранды тыңдамаңдар, оқылғанда
шуылдаңдар. Бәлкім, жеңіске ие боларсыңдар» десті[5]», – деп баян етілген. Демек,
мұсылман Құран дискін қосып қойып, Құранға деген құрметін сақтаған күйде өз
жұмысын немесе шаруасын істеп отырып, аяттарды тыңдауында ешбір айып жоқ.
Әбу Һурайра (р.а.): «Кімде-кім Алла Кітабының бір аятын тыңдайтын болса, оған
еселеп сауап беріледі, ал тиләуат етушіге (оқыған аяты) қиямет күні нұр болады[6]», –
деген хадис риуаят еткен.
[1]
Ағраф сүресі, 204-аят
[2]
Ахмед
[3]
Муатта
[4]
Фауаид Құран, Тафсир Ибн Касир, 2-том, 96-бет
[5]
Фуссыләт сүресі, 26-аят
[6]
Ахмед
ДИПЛОМДЫ САТЫП АЛУҒА БОЛА МА?
Дипломды сатып алу – өтірік айту және жалған куәлік бергенмен бірдей. Ал, бұл
– үлкен күнә. Құран Кәрімде: «...Сондай-ақ, өтірік сөздерден сақтаныңдар[1]», – деп
әмір етілген.
Әбу Бәкра (р.а.) өзі куә болған бір оқиғаны былайша суреттейді: «Сендерге
ең үлкен күнәларды айтайын ба?» – деп пайғамбар (с.ғ.с.) үш рет сұрады. Біз: «Иә,
Алла елшісі!», – дедік. Пайғамбар (с.ғ.с.): «Алла Тағалаға серік қосу және ата-ананы
ренжіту», – деді. Пайғамбар (с.ғ.с.) сүйеніп отырған еді, ол бойын тіктеп: «Өтірік
сөз, жалған куәлік», – деп қайта-қайта айта берді. Біз: «Енді тоқтаса болар еді», – деп
ойладық[2]».
Қорыта айтқанда, дипломды сатып алу, сол арқылы жұмысқа тұру – күнә.
Осылайша табыс табу – шариғатта тыйым салынады. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Кімде-
кім алдаса (алаяқтық етсе), бізден емес[3]», – деген.
Дипломды білім алу арқылы иелену қажет. Бұл құжат ертең сол мамандық иесі
және оның асырап отырған бала-шағасының несібесі адал болуына себепші.
[1]
Хаж сүресі, 30-аят
41
[2]
Бұхари, Муслим
[3]
Муслим
МЕШІТКЕ АДАМ ЕСІМІН ҚОЮ БИДҒАТ ПА?
Мешітке шариғат бойынша салдырған адамның немесе басқа да ғұлама
тұлғалардың есімін берудің ешбір әбестігі жоқ. Мәселен, сахаба әрі билеуші әкім болған
Амр бин Астың есімі өзі тұрғызған мешітке берілген. Меккедегі Харам аумағымен
шектесіп тұрған мешіт Айша (р.а.) анамыздың есімімен аталады. Сол секілді, «Әзірет
Сұлтан» мешітіне Ислам әлемінің ғұламасы Қожа Ахмет Яссауи есімі берілген.
Сондай-ақ «Науан Хазрет», «Марал ишан», «Садуақас қажы Ғылмани» мешіттері
де кездеседі. Әдетте, мұндай үрдіс ғалымдар мен көсемдердің, тарихи қайраткерлердің
есімін тарихта қалдыру мақсатымен, сондай-ақ, елге ғибрат үшін жасалады. Сонымен
бірге, мешітпен белгілі тұлғаның тарихи байланысы болғандықтан да қойылады. Ең
бастысы, ниет түзу болуы қажет. Ал, мақтану немесе рия үшін болса, рұқсат етілмейді.
ХАЛҚЫ МҰСЫЛМАН ЕМЕС ЕЛДЕ ЕТ
ӨНІМІН ТҰТЫНУҒА БОЛА МА?
Ет өніміне қатысты қойылатын талаптар төменгідей:
1.Тек қана түйе, жылқы, қара мал, қой-ешкі және сол сияқты т.б. жануарлар мен
тауық, қаз және үйрек сияқты құс еттері ғана адал;
2.Шариғат жолымен бауыздалуы. Асау мал және аңшылықпен ұсталатын қоян,
киік сияқты еті желінетін жануарларды оқ атып, артынан бауыздап алумен адал етіледі;
3.Қасапшы мұсылман немесе кітап иелерінің бірі болуы. Өйткені, Құран Кәрім:
«Бүгін сендерге жақсы нәрселер рұқсат етілді. Сондай-ақ, Кітап берілгендердің тағамы
(бауыздаған малы) сендер үшін рұқсат етілген әрі сендердің тағамдарыңды оларға
(беруге) рұқсат етілген...[1]»,-деп ешбір шартсыз олардың бауыздаған малының етін
жеуге рұқсат етуде. Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) да яһуди әйелдің ұсынған қой етін, малдың
қалай сойылғанын және оған «бисмилла» айтылған-айтылмағанын сұрамай-ақ жеген.
Ал, қасапшы мұсылман немесе кітап иелерінен болмаса, оның бауыздаған малы өлексе
саналады және етін жеуге болмайды.
Сондықтан, басым халқын кітап иелері құрайтын елде еттің қалай бауыздалғанын
сұрау міндет емес. Әрбір нәрсені егжей-тегжей тексере бермеу жайлы Хариса бин
Нұғман (р.а.): «Егер күдіктенсең қазбалай берме[2]»,-деген хадисті жеткізген.
Демек, дүкеншіден бір ауыз қай малдың еті және қалай бауыздалғанын сұраған
соң, оның жай-жапсарын тексеріп, ары қарай қазбалай берудің қажеті жоқ. Бұл – халал
мен харамды ажыратудағы дініміздің өлшеуі.
Ал, тақуалық мәселесінің жөні бөлек. Тақуалықтың аясы кең. Кейде, тақуалық
үшін көптеген рұқсат амалдар тәрк етіледі. Алайда, тақуалық етемін деген кісі басқа
біреуге өзінің ұстанымын парыз дәрежесінде міндеттеп қоюға болмайды.
[1]
Маида сүресі, 5-аят
[2]
Табарани, Мұғжам Кабир; Ибн Әбу Асым, Ахад уа Масани
42
КҮНДЕЛІКТІ ҚАНДАЙ ДҰҒА ОҚУҒА КЕңЕС БЕРЕСІЗ?
Әрине, күнделікті оқылатын аят және дұғалар өте көп. Оларды бөліп-жаруға
болмайды. Дегенмен, тілге жеңілірек һәм мағынасы ауқымды қысша дұғалардың бірін
ұсынамыз. Әбу Һурайра (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Кімде-кім: «Лә иләһә иллә Аллаһу,
уахдаһу лә шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир»,-
деп күніне жүз рет айтса, он құлды азат еткенмен тең болады. Және де оған жүз сауап
жазылып, жүз жамандығы өшіріледі. Және (дұғасы) сол күні кеш батқанша шайтаннан
қорған болмақ. Ешкім бұдан абзал сөз айта алмайды. Тек одан көбірек айтқан адам
болмаса[1]»,-деген.
Дұғаның мағынасы: «Алладан басқа Тәңір жоқ. Ол Жалғыз және Оның серігі жоқ.
Барлық иелік Онікі және барлық мақтау Оған тән. Әрі Ол барлық нәрсеге Құдіретті».
Бұл ең оңай орындалатын сүннет. Сонымен бірге, ардақты Пайғамбарымыз (с.ғ.с.) бұл
сөздердің ең абзалы деген. Абдулла бин Амр бин Ас (р.а.) риуаят еткен хадисте: «Мен және
менен алдыңғы пайғамбарлар айтқан ең жақсы сөз: «Лә иләһә иллә Аллаһу, уахдаһу лә
шәрикә ләһ, ләһул-мулку уә ләһул-хамду, уә һуә ъәлә кулли шәйин Қодир[2]»,-делінген.
Расында да, бұл дұға оқушының иманын күшейтеді. Ал, адам иманын қуаттайтын
сөз ең жақсы сөз болары анық.
Бұл, дұғаны, хадисте айтылғандай, күнделікті 100 рет айтуға шамамен 10 минут уақыт
қана жұмсалады. Бұл сөздерді қоғамдық көліктен тұрып, көшеде жүріп бара жатып-ақ,
тіпті, шаруаңызбен айналысып жүріп те айтуға болады.
[1]
Бұхари, Муслим
[2]
Тирмизи
Достарыңызбен бөлісу: |