Құрастырған Мұхамеджан естеміров әмірсейт қажы Дәулеталиев уағыз (365 КҮнге арналғАН уағыздар) Шымкент, 2015 ж


Екіжүзділік пен Тамұқ отынан азаттық



Pdf көрінісі
бет3/32
Дата06.03.2017
өлшемі1,6 Mb.
#7845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32

13. Екіжүзділік пен Тамұқ отынан азаттық
Пайғамбар,(оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын),  былай  деген: «40 
күн  қатарынан  алғашқы  тәкбірге  үлгеріп,  намазын  жамағатпен  шын  ықыласпен 
оқыған адам екі сыйға кенеледі. Біреуі — тозақтан босатылу, екіншісі — нифақтан 
(екіжүзділіктен) азат болу» (Тирмизи).
14. Бір қадам бір жыл құлшылыққа тең
Алла Елшісінің, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай дегені риуаят 
етілген: «Кімде-кім жұма күні жұбайының ғұсыл алуына себепкер болып, өзі де ғұсыл 
алып, содан соң уағыз тыңдау үшін намазға ертерек шықса және мешітке көлікпен 
емес, жаяу барса; содан соң имамның қасына жақын отырып, ештеңеге алаңдамай, 
уағызды  мұқият  тыңдаса,  ол  адамның  әрбір  қадамы  үшін  бір  жыл  бойы  ізгі  амал 
жасағандай сауап жазылады». (әт-Тирмизи, Ахмад).
15.  Пайғамбарлардың  (оларға  Алланың  сәлемі  болсын)  арасында  қайта 
тірілу
Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Дәрет алған 
бойда «әл-Қадр» сүресін бір рет оқыған адам тақуалардың қатарында жазылады. Екі 
рет оқыған адам – азап шегушілердің қатарында жазылады. Үш рет оқыған адам – 
пайғамбарлармен бірге қайта тіріледі» (Дәйләми).
16. Тозақ отынан азат болу
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Ақшам 
намазын оқып болғанда: «Я, Алла, мені Оттан құтқара гөр» (Аллахумма аджирни мин 
әл-нар) деп жеті рет айтыңдар. Осыны айтып, сол күні түнде дүние салған адамға 
Тозақ отынан қорғаныш беріледі. Таң намазынан кейін осы сөзді айтып, сол күннің 
ішінде көз жұмған адамға тозақ отынан қорғаныш беріледі» (Әбу Дауд).
17. Қабір азабынан қорғаныш
Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) былай дегені риуаят 
етілген: «Түнгі  уақытта  «Мүлк»  сүресін  оқыған  адам  қабір  азабынан  қорғанышта 
болады» (Нәсәи).
Түсініктеме:
Өзге хадистерге сәйкес, бұл сүре өзін оқыған адам кешірілмейінше оған шапағат 
етіп тұрады екен (Ибн Хиббан). «Ол өзін оқыған адамды Жәннатқа кіргізгенге дейін 
қорғап тұрды» (Фатх әл Кадира , 5/257 Сахих әл Джамиа, 1/680, Әл Әсуатта Тәбәрани).
«Әл-Мүлк» сүресін Құптан намазынан кейі оқыған абзал.
18. Зікірдің әр түрі үшін сый
Пайғамбардың,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  ,  сөздерінен 
жеткізілген: «”Радыйту биЛляхи Раббан, уа биль-ислами динән уа би-Мухаммадин 
расулян” (Аллаға Раббы ретінде, исламға дін ретінде және Мұахммедке елші ретінде 
разымын) деген адам үшін Жәннат міндетті болады» (Әбу Дауд).
Алла Елшісі, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , мына сөздерімен бізді 
қуантты: «Таңертеңгі немесе кешкі уақытта: «Аллахумма, инни әсбәхту (инни 

20
әмсайту) ушхиду-кя уа ушхиду хамалята ‘арши-кя, уа маляикята-кя уа джами’а 
хальки-кя әннә-кя Әнтә Ллаху ля иляха илля Әнтә уахда-кя ля шәрикә ля-кя, уа 
әннә Мухаммадан ‘абду-кя уа расулю-кя», - деп төрт рет айтқан адамға Тозақ оты 
харам етіледі».   Төмендегі сөздерді 100 рет айтуға ештеңе тең келмейді.
           Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деген: «Бір 
күнде “Субханаллахи уа бихамдихи” деп жүз рет айтқан адамның күнәлары теңіз 
көбігіндей көп болса да кешіріледі» (Бұхари мен Муслим).
Сондай-ақ,  басқа  хадисте  былай  делінеді: «Қиямет  Күні  таңертеңгі  және 
кешкі уақытта «Субхан Аллахи уа бихамдихи» деп жүз рет айтқан адамнан артық 
амалдарымен тақуа жан болмайды, осы сөздерді осыншама мәрте немесе одан да көп 
айтқандарды қоспағанда» (Муслим).Зікірге небәрі үш минут уақыт кетеді.
- Төмендегі зікірді оқыған адамға Жәннат міндетті болады.
                      Алла  Елшісінің,  (оған  Алланың  игілігі  мен  сәлемі  болсын)  ,  былай  дегені 
риуаят етілген: «Кешкі уақытта кәміл сеніммен «Аллаһуммә Әнтә Рабби, лә иләһа иллә 
Әнтә, халәқтәни уә әнә `абдукә, уә әнә `алә аһдикә уә уә`дикә мә-стәтағту, ә`узу бикә 
мин шәрри мә санә`ту, әбуу ләкә бини`мәтикә `әләййа, уә әбу-у би-занби, фәғфир ли 
фә  иннәһу  лә  йағфиру-з-зунубә  иллә  Әнта»  (Я,  Аллаһ!  Сен  менің  Раббымсың,  Сенен 
басқа құлшылыққа лайықты құдай жоқ. Сен мені жараттың, ал мен Сенің құлыңмын. 
Meн  күш-құдіретім   жеткенше  Саған  деген  уәдемді,  әрі  сертімді  сақтаймын.  Әрі 
жасаған  істерімнің  жамандығынан  Өзіңе  сиынамын.  Маған  берген  нығметтеріңді 
мойындаймын, әрі күналарымды да мойындаймын. Мені жарылқай гөр! Шын мәнінде, 
Сенен өзге күнәларды жарылқаушы ешкім жоқ) деп айтып, сол түнде қайтыс болған 
адам Жәннатқа кіреді; ал, мұны таңертеңгі уақытта айтып, сол күні қайтыс болған 
адам Жәннатқа кіреді» (Бұхари).
- Басқа да зікірлер.
         Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын), былай деген: «Мүмін ерлер 
мен әйелдер үшін жарылқау сұраған адамға Алла Тағала әрбір мүмін ер мен әйелдің 
сауабын жазады» (Тәбәрани).
           «Аллахумағ фирли муслимиина уәл муслимаат уәл му’минина уәл му’минат», 
деңіз.
         Пайғамбардың (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) хадисінен риуаят етілген: 
«Ихлас» сүресін бір күнде екі жүз рет оқыған адамның елу жылда жасаған күнәлары 
өшіріледі, егер ол қарыз болмаса ғана. (Тирмизи). Дарими риуаят еткен хадисте сүрені 
елу рет қайталау керектігі айтылған.
          Пайғамбар, (оған Алланың игілігі мен сәлемі болсын) , былай деген: «Базарға 
келіп: «Ла  илаха  иллаллаху  уахдаху  ла  шарикаллах.  Ляхульмулку  уа  ляхульхамду 
йухйи уа йумит, уа хууа хаййун ла йа муту би йадихил хайр, уа хууа ‘ала кулли шайин 
қадир», - деген адамға Алла миллион ізгі амал жазады, миллион күнәсын кешіреді және 
Жәннаттан үй тұрғызады» (Бұхари).
 
Орыс тілінен аударған Azan.kz

21
АДАМНЫң МІНЕЗІН ҚАЛАЙ ӨЗГЕРТУГЕ БОЛАДЫ?
                    Құран  Кәрімде  Алла  тағала  пайғамбарымызға  (с.ғ.с.):  «Шын  мәнінде  сен 
ұлы  мінезге  иесің[1]»  және  «...Егер  тұрпайы,  қатал  жүректі  болсаң  еді,  әрине  олар 
маңайыңнан тарқап кетер еді...[2]», – деп әмір еткен.
           Алла елшісі (с.ғ.с.) өзінің пайғамбарлық міндетінің бірі ретінде: «Расында мен 
көркем мінездерді кемеліне жеткізу үшін жіберілдім»,– деген.
Демек, адам баласының мінезін түзеуге, дұрыс жолға бағыттауға болады. Кез келген 
мінездің жақсы және жаман жағы болады. Мәселен, батырлық жақсы адам бойында 
болса ерлік, жаман адам бойында болса жауыздыққа айналады.
Адамның көркем жүзі оның сыртқы сұлулығын көрсетсе, мінез-құлық оның жан 
сарайының  әдемілігін  білдіреді.  Көркем  мінезді  қалыптастырушы  төрт  қасиет  бар. 
Осы төртеуі теңесіп һәм үйлесім тапса, көркем мінез пайда болады. Олар: білім, ашу, 
құмарлық және осы үшеуінің арасындағы әділдік, теңдік қасиеті.
Білім – сөздегі шындық пен өтірікті, сенімдегі ақиқат пен жалғанды, іс-әрекетте көркем 
мен ұсқынсыздықты ажыратушы қасиет. Мұндай білім нәтижесі даналық, ал даналық 
көркем мінездің тамыры. Сол секілді, қалған үшеуінің де ақыл мен шариғат аясында, 
рұқсат пен тыйымның орта тұсын табу қажет.
Ақыл – насихат етуші және жол сілтеуші, әділдік – ақылдың нұсқауын орындаушы. 
Ал, ашу аңға салар ит сияқты. Ол тәрбиелеуді қажет етеді. Құмарлық болса кезде адам 
ырқына көнетін, ал кейде асау боп жүген шайнайтын ат тәрізді.
Нақыл сөзде: «Ашу шақырарлық жағдайда ашуланбаған – есек, ризалық танытар 
жағдайға  риза  болмаған  -  шайтан»  деп  айтылғандай,  ашу  мен  құмарлық  та  қажет 
қасиеттер. Тек оларды шариғат шеңберінде қолдана білуді үйренген жөн.
Ал,  көркем  мінез-құлық  мына  төртеуінен  бастау  алады:  даналық,  батылдық,  пәктік 
және әділдік[3].
           Пайғамбарымыздан (с.ғ.с.): «Уа, Алла Елшісі! Қай мұсылманның иманы мықты?»– 
деп сұрағанда, ол кісі: «Мінез-құлығы ең жақсысы[4]»,– деп жауап қайырған. Әбу Зарр 
(р.а.) риуаяты: Бір кісі Алла елшісіне (с.ғ.с.) келіп:
-Маған насихат айтыңыз,-деді. Сонда пайғамбар (с.ғ.с.):
-Қайда жүрсең де Алла тағаладан қорық,-деді.
-Тағы айта түсіңіз.
-Күнә-жаман іс істеп қойсаң, артынша жақсылық жаса.
-Тағы айта түсіңіз.
-Адамдармен жақсы мінезді боп мәміле жаса[5],-деді.
       Әнас бин Малик (р.а.): «Пенде көркем мінезбен жәннат төріне шығады. Тіпті, көп 
құлшылық етпеген болса да. Ал, пенде жаман мінезбен тозақ түбіне түседі, тіпті көп 
құлшылық еткен болса да»,–деп айтқан.
Хасан Басри: «Кімнің мінезі жаман болса, ол әуелі өзін азаптайды»,-дейді.
Абдулла бин Мүбәрак мінезі жаман біреумен сапарда жолдас болады. Әлгі бар 
жаман  мінезін  көрсетеді.  Ал,  ғалым  оған  сабыр  етіп,  тіпті  кейбірін  байқамағандай 
болады. Екеуі қош айтысқан кезде Ибн Мүбәрак көзіне жас алып жанындағыларға: 
«Оған жаным ашып тұр. Менің онымен сапарластығым бітті, ал жаман мінезі одан бір 
елі ажырамайды»,-деген екен.
Мінезді  түзеу  үшін  тағы  дұға  да  жасап  тұрған  дұрыс.  Осыған  қатысты 
пайғамбарымыздың (с.ғ.с.) айтқан дұғалары бар:
1.«Аллаһуммә хассантә холқи фә хәссин хулуқи» (мағынасы: Аллаһым! Менің бейнемді 

22
көркем еттің, мінез-құлқымды да көркем ете гөр);
2.«Аллоһуммә  инни  әсәлукә  әс-сиххатә  уәл-ъафиятә  уә  хуснәл-хулуқ»  (мағынасы: 
Аллаһым! Сенен денсаулық, амандық және көркем мінез сұраймын);
3.«Аллоһуммә иһдини ли әхсәнил ахләқ лә иаһди ли-әхсаниһә иллә әнтә уәсриф ъанни 
саииһә лә иасрифу ъанни иллә әнтә» (мағынасы: Аллаһым! Мені ең көркем мінезге жол 
баста. Ең көркем мінезді тек Сен ғана көрсете аласың. Және жаман мінезді бойымнан 
алыстат. Жаман мінезді тек Сен ғана адамнан алшақтатасын).
Досыңыз бойдағы жаман мінезден арылып, көркем мінезді қалыптастыру үшін осы 
айтылған кеңестерді орындаса, Алла қаласа, иманы кемел саналатын көркем мінезділер 
сапына енеді.
[1] Қалам сүресі, 4-аят 
[2] Әли Ғимран сүресі, 159-аят 
[3] Ихия улум әд-дин, 3-том, 73-79 беттер 
[4] Әбу Дауд, Термизи, Әбу Дауд, Термизи, Насаи 
[5] Термизи
САЛАУАТ ҚАЛАЙ АЙТЫЛАДЫ?
Құран  Кәрімде:  «Расында,  Алла  пайғамбарға  рахмет  етеді.  Және  періштелер 
салауат айтады. Әй, мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[1]»,-
деп әмір етілген.
Алла тағаланың пайғамбарға (с.ғ.с.) салауаты – періштелерге мақтауы, періштелер 
салауаты – пайғамбарға дұға етуі. Суфиян Сәури (р.а.): Алла тағала салауаты – рақымет, 
періштелер салауаты – истиғфар. Бұл аятта Алла тағала пенделерге құлы әрі елшісі 
Мұхаммедтің (с.ғ.с.) көктегі мәртебесі айтылып, салауат айтылу әмір етілуде.
Салауат – дұға тілек дегенді білдіреді. Араб тілінде намазды да салауат деп айтады. 
Өйткені, намаз ең үлкен дұға. Құран әмірі бойынша мұсылманға өмірінде бір рет болса 
да салауат айту міндет. Сондай-ақ, күнделікті айтып жүру мұстахап.
Ибн Ато: Дұғаның қабыл болуы үшін оның: негізі, қанаты, себебі және уақыты бар. 
Дұға  негізімен  түйіссе  күшейеді,  қанатына  сай  келсе  аспанға  ұшады,  уақытына 
сәйкессе ұтады, ал себебіне орындалса қабыл етіледі. Дұға негізі – жүрек тыныштығы 
мен  жұмсақтық,  барлық  себептерден  бас  тартып  қалыпты  Аллаға  байлау.  Қанаты  – 
шынайылық, уақыты – сәресі, қабыл болу себебі – пайғамбарға салауат,-деген екен.
Ибн  Мәсғұд  (р.а.):  «Сендердің  бірің  Алла  тағаладан  сұрайтын  дұғасы  болса  Оған 
лайықты  түрде  мадақ  айтудан  бастасын,  сосын  пайғамбарға  (с.ғ.с.)  салауат  айтып 
барып тілесін, осылай ету қабыл болуға лайықтырақ[2]»,-деген екен.
Салауат айтудың артықшылығы
Абдулла бин Масғуд (р.а.): «Қиямет күні ең жақсы адамдар маған көп салауат 
айтқандары[3]»,-деген хадис риуаят еткен.
Әбу Талха әкесінен риуаят етеді: Алла елшісі (с.ғ.с.) бір күні жүзінен қуаныш байқалып 
келді. Адамдар: уа, Алла елшісі! Жүзіңізден қуаныш көріп тұрмыз,-деді. Пайғамбар 
(с.ғ.с.):  «Маған  періште  келіп:  уа,  Мұхаммед!  Раббың:  үмбетіңнен  саған  біреу  бір 
салауат  айтса,  Мен  оған  он  салауат  (рақымет)  беремін,  үмбетіңнен  саған  біреу  бір 
сәлем айтса, Мен оған он сәлем беремін, осыған ризасың ба?,-деді. Мен: әрине,-деп 
жауап бердім[4]». 

23
Салауат айтпау – сараңдық
Пайғамбарымыз  есімі  айтылғанда  салауат  айтпау  нағыз  сараңдық.  Себебі, 
пайғамбарға бір салауат айтып, есесіне Алла тағаладан он салауат алғысы келмеген 
адамнан асқан сараң болмайды. Әли бин Хусейн әкесінен (р.а.) риуаят етуде: «Сараң – 
менің атым айтылған кезде маған салауат айтпаған адам[5]».
Салауат үлгілері
Салауаттың түрлері көп. Ең қысқасы Пайғамбарымыз есімін естігенде «алейһис 
соләту  уәс  сәләм»  немесе  «салла  Аллаһу  алейһи  уәс-сәләм»  деп  айту.  Бұл  жөнінде 
Имам Науаи: Пайғамбарға дұға салауат пен сәлем қоса айтылып жасалады. Бұл «Әй, 
мүміндер! Оған салауат және ықыласпен сәлем келтіріңдер[6]»,-аятынан алынған[7],-
деген.
Риуаятта  сахабалар  пайғамбарымыздан  (с.ғ.с.):  уа,  Алла  елшісі!  Сізге  қалай 
салауат айтамыз?,-дегенде пайғамбар (с.ғ.с.): «Аллоһумма солли ала Мұхаммадин уә 
әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә солләйтә ала әли Ибраһимә, уә бәрик ала Мұхаммәдин 
уә әзуәжиһи уә зурриятиһи, кәмә бәрактә ала әли Ибраһимә, иннәкә Хамидум Мажид»,-
деп айтыңдар[8],-деген екен.
Мағынасы:  Аллаһым,  Мұхаммедке,  оның  жұбайлары  мен  ұрпағына  Ибраһим 
отбасына  салауат  еткендей  рақымет  ет.  Және  Мұхаммедке,  оның  жұбайлары  мен 
ұрпағына  Ибраһим  отбасына  берекет  еткеніңдей  береке  бер.  Расында,  Сен  Хамид 
(мақтаулысың) Мажид (даңқтысың).
Салауаттың ең көп айтылатын түрі намазда оқылатын «Аллоһуммә солли» және 
«Аллоһуммә бәрик» салауаттары. 
Аллоһуммә солли
«Аллоһуммә солли ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә солләйтә ала 
Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Аллоһуммә бәрик
«Аллоһуммә бәрик ала Мұхаммадин уә ала әли Мұхаммадин кәмә бәрактә ала 
Ибраһимә уә ала әли Ибраһимә иннәкә Хамидум Мажид».
Пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Әрбір дұға-тілек аспан астында бүркеліп тұрады. Егер маған 
айтылған салауат келсе дұға көкке көтеріледі[9]», – деген. Салауат айту – дұға-тілектің 
қабыл болуына үлкен себепкер.
 
[1] Ахзап сүресі, 56-аят 
[2] Әш-Шифа, 306-бет 
[3] Термизи 
[4] Ахмед, Насаи 
[5] Ахмед 
[6] Ахзап сүресі, 56-аят 
[7] Мұхтасар Ибн Касир, 3-том, 141-бет 
[8] Бұхари, Муслим 
[9] Табарани, Аусат, 721

24
НАУҚАС БАУЫРЫМДЫ ҚАЛАЙ САБЫРЛЫҚҚА
 ШАҚЫРСАМ БОЛАДЫ?
 
          Алла тағала адам баласы көтере алмайтын сынақ бермейді. Сынақпен қоса, сол 
қиындықты еңсеретін күш-қайратты қоса береді. Құран Кәрімде «Сабыр және намазбен 
жәрдем тілеңдер...[1]» деген аятта айтылып тұрғандай, қиыншылық пен сынақ кезінде              
Алла тағаладан сабыр және құлшылық етіп жеңілдік сұрауымыз керек.
Сахаба  Әнастан  (р.а.)  жеткен:  «Сауаптың  үлкендігі  сынақтың  үлкендігіне  қарай, 
Алла тағала біреуді жақсы көрсе, қиыншылық береді...[2]» және Әбу Һурайра (р.а.) 
риуаят  еткен:  «Алла  тағала  біреуге  жақсылық  қаласа,  қиыншылық  береді[3]»  деген 
хадистерінен сынақ сырын ұғамыз.
          Мұсылман баласы бойында үш түрлі сабырлық болуы қажет. Бірінші, Алла 
тағаланың  әміріне  бойұсынатын  сабырлық.  Екінші,  күнә  істерден  тиылу  үшін 
пайдаланатын сабырлық. Соңғысы, қиыншылық пен сынақтарға төтеп беру үшін қажет 
сабырлық.
Сонымен бірге, сырқаттан айығу жолдарын үздіксіз іздеу қажет. Хадисте: «Алланың 
құлдары ем іздеңіздер. Алла тағала жіберген әрбір дертке шипа түсірген. Тек қарттықтың 
емі жоқ[4]»,-деп айтылған. 
[1] Бақара сүресі, 45-аят 
[2] Ибн Мажаһ, 4167 
[3] Бұхари, 5645 
[4] Бұхари, Ахмед
ИТ АСЫРАУДЫң ҮКІМІ ҚАНДАЙ?
Ит – жеті қазынаның бірі дейді халқымызда. Аңшы мен малшыға ит таптырмас 
серік. Алайда, оны асырау және тағы басқа күнделікті тұрмыста итке қатысты шариғатта 
айтылған жайттарды біле жүрген артық етпес.
Ит нәжіс пе?
Шафиғи мен ханбали мәзһабында ит тұтастай нәжіс десе, малики мәзһабындағылар 
ит мүлдем нәжіс емес дейді. Ал, Ханафи мәзһабы бойынша иттің сілекейі, зәрі және 
басқа  да  бойынан  шығатын  ылғалдықтары  нәжіс.  Иттің  қалған  денесі  таза,  нәжіс 
емес. Әбу Һурайра (р.а.): «Ыдыстарыңды ит жалаған болса, оны тазалау: жеті рет жуу, 
алғашқысы топырақпен[1]», – деген хадисін риуаят еткен.
Шафиғи  мен  Ханбали  мәзһабында  хадистегідей  жеті  рет  жуу  –  уәжіп.  Оның 
алғашқысында  топырақпен  тазалайды.  Ал,  Маликиде  иттің  өзі  де,  сілекейі  де  таза 
болғандықтан жеті рет жуу тек мустахаб.
Ханафи мазхабында аталмыш хадисті жеткізуші сахаба өз риуаятына сөзбе-сөз 
амал етпей, үш рет жуғанын негізге алып, үш рет жуу уәжіп еткен.
Итті асырау.
Фақиһ ғалымдар бірауыздан итті тек қажеттілік үшін асырауға болады деп пәтуа 
берген. Мәселен, аң аулау, мал мен егінді, қора мен үйді күзету, зағип адамға жәрдемші 
ету  сияқты  ит  жасай  алатын  жұмыстар  үшін  асырауға  болады.  Итті  осы  айтылған 
жұмыстарды үйрету үшін күшікке кезінен асырауға рұқсат.
Итті сату.
Ханафи мәзһабы бойынша итті сатуға рұқсат етіледі. Өйткені, бұл шаруашылықта 
пайдаланылатын хайуан. Фиқһ кітапта: «Ешбір ихтилафсыз үйретілген немесе жабайы 

25
тырнақты құсты сатуға болады. Сонымен бірге, доңыздан басқа, азу тісті ит, гепард, 
арыстан, жолбарыс, қасқыр, мысық секілді хайуандарды біздің ғұламалар көзқарасында 
сатуға болады[2]»,-деп айтылған.
[1] Муслим 
[2] Кисани, Бадаиғ Санаиғ, 5/142
ШІРКЕУГЕ КІРУГЕ БОЛАДЫ МА?
Шариғатымыз мұсылмандардың шіркеуге кіруіне тыйым салмайды. Бірақ, үнемі 
кіріп тұрғаны дұрыс емес. Белгілі бір себеппен болса бір басқа. Мәселен, дінтанушы, 
мәдениеттанушы және сәулетші сияқты мамандардың ғылыми зерттеу үшін бас сұғуы.
Сондай-ақ, шіркеуге кіруге тыйым салынған деген де көзқарас бар. Оған себеп – 
шіркеу қабырғаларына салынған суреттер мен ілінген иконалар. Тіпті, сурет ілінген кез 
келген үйге кіру дұрыс емес деп те айтылады. Алайда, Ибн Қудама өзінің кітабында: 
«Суреті бар үйге кіру харам емес...[1]»,-десе, имам Малик те: «Суреті бар үйге кіру 
харам емес, бірақ мәкрүк танзих», – деп айтқан сөздері тағы бар.
Сондықтан,  дініне  залалы  тимейтін  болса,  мұсылмандарға  шіркеуге  кіруіне 
болады.  Тіпті,  шіркеуді  мешітке  айналдыруға  да  болады.  Тек,  қабырғаларындағы 
суреттерді  сырлап,  айшығын  алып  тастау  керек.  Қазіргі  таңда  көптеген  шіркеулер 
мешіт боп қайта жабдықталып жатқанына баршамыз куәміз.
Ал,  енді  шіркеуге  кіруге  болатындығына  бір  қатар  дереккөз  келтіре  кетейік. 
Халифа Омар бин Хаттаб (р.а.) кітап иелеріне жолаушылап бара жатқан мұсылмандар 
кіріп, түнеу үшін шіркеулерін кеңейтуді шарт еткен.
Ибн  Ғаиз  риуаятында:  «Хазірет  Омар  (р.а.)  Шам  өлкесі  келгенде,  насаралар 
дастархан жайып, оны қонаққа шақырады. Халифа: «Қонақасы қайда?» –дегенде, олар 
шіркеуде екенін айтады. Өзі бармайтындығын айтып, Әлиге (р.а.) адамдармен бірге 
түстеніп келуді бұйырады. Әли (р.а.) адамдарды бастап барып тамақтанады.
Міне, бұл бейнелер мен суреттер болса да шіркеуге кірудің тыйым емес екендігін 
көрсетеді.
Сөз  соңында  айтарымыз,  шіркеуге  жай  тамашалау  үшін  кірген  күннің  өзінде 
дінімізге жат әрекеттерден қатаң түрде сақ болу қажет. Мәселен, шырақ жағып қою, 
бейнелерге  бас  ию,  икона  мен  басқа  да  діни  атрибуттарға  құрмет  көрсету  сияқты 
амалдардан   алыс  болу  керек.  Ал,  Омар  бин  Хаттабтың  (р.а.):  «Насаралардың  діни 
мерекесінде шіркеуге кірмеңдер, өйткені ол жерге ашу мен ғазап түсіп тұрады[2]»,-
деген ескертпесі болғандықтан, діни мерекелерінде кіру қатаң тиым етіледі.
Сол секілді, барлық мәзһаб ғалымдары мұсылман рұқсатымен  кәпірлердің де 
мешітке кіруіне болады деп бірауыздан айтқан. Харам мешітінен басқа барлық мешітке 
кіруге рұқсат. Сахаба Сумамат бин Асал (р.а.) әлі иман келтірмей тұрып, тұтқын боп 
қолға түскенде оны мешіт ішіне байлап қойғаны туралы тарих кітаптарында айтылған.
[3]
[1]
 Әл-Мұғни 
[2]
 Байһақи 
[3]
 Әл-Фиқһ Уадих, 1-том, 370-бет

26
МЕН СОЛАҚАЙМЫН, НЕ ІСТЕСЕМ БОЛАДЫ?
Солақайлық  намаз  оқуға  және  басқа  да  құлшылық  жасауға  тиым  салмайды. 
Алайда, оң және сол қолды қолдану әдебі бар. Осы тақырыпты кеңірек айтып көрейік.
Құран  Кәрімде  «(Амал  дәптері)  оң  жағынан  берілетіндер,  қандай  жақсы 
оңшылдар[1]»деп жәннаттықтарды және «(Амал дәптері) сол жағынан берілетіндер, 
қандай жаман солшылдар[2]» тозақиларды айтқаны мәлім.
Сондай-ақ, барлық жақсы істі оң жағынан бастау – сүннет. Сондай-ақ, дәрет алу, 
ас-су ішіп-жеуде, киім киюде, заты алып-беруде оң қолмен болуы сүннет. Ал, сол қол 
тазалану үшін қолданады.
Омар  бин  Әбу  Сәләмә  (р.а.):  «Мен  Алла  елшісі  үйіндегі  бала  едім.  Қолымды 
табақ  ішінде  олай-бұлай  сала  беретін  едім.  Пайғамбар  (с.ғ.с.)  маған:  «Балам!  Алла 
атын айтып, оң қолыңмен және өз алдыңнан бастап тамақтан»,– деп айтты»,– дейді.
Имам Науаи аталмыш хадисті: «Хадистегі бұйрық түрінде айтылған сөз барлығына 
(Алла  атымен  бастау,  оң  қолмен  жеу  және  өз  алдынан  тамақтануға)  қатысты 
болғандықтан оң қолмен тамақтану міндет...»,-деп түсіндірген.
Оң  қолмен  тамақтану  қажет  екендігі  және  сол  қолмен  ас-су  ішіп-жеуге  тиым 
екендігін  мына  хадис  айтылған.  Сәләмә  бин  Әукағ  (р.а.)  риуаят  етеді:  «Пайғамбар 
(с.ғ.с.) сол қолымен тамақтанып отырған кісі көріп: «Оң қолыңмен тамақтан»,– дейді. 
Ол: «Шамам келмейді»,– дейді. Сонда пайғамбарымыз (с.ғ.с.): «Бұдан былай шамам 
келмейді,– дейді[3]». Бұл кісі кейіннен оң қолын көтере алмай қалған деген дерек бар.
Ибн Омар, Жәбир және Айша анамыздан (р.а.) риуаят етілген хадисте: «Кімде-кім сол 
қолмен тамақтанса, онымен бірге шайтан тамақтанады[4]»,– деп айтылған.
Таиби бұл хадисті: «Шайтан сол қолымен жейді» деген сөз оған адам ішіндегі 
достары көмектеседі. Сол қолмен тамақтанған адам шайтанның досы»,– деп түсіндірсе, 
Құртуби  бұл  хадисті:  «Сол  қолмен  тамақтанушы  шайтан  әрекетіне  жатады»,–  деп 
тарқатқан.
Имам Науаи: «Бұл хадистер тамақтану және сусын ішу оң қолмен болуы сүннет, 
ал сол қолмен жасау мәкрук. Сондай-ақ, алыс-беріс те оң қолмен болған дұрыс. Тек, 
науқастық пен жарақат сияқты үзірлі себеп болса ғана рұқсат»,-деген.
Ибн Араби «Сол қолмен тамақтану күнә» деп, сөзіне дәлел ретінде шайтанға тиесілі 
етілген әрбір іс-қимыл харам», – деп айтқан.
Сөз соңында, барлық істі оң жақтан және оң қолмен істеуді үйренуді бастаңыз. 
Алла тағала жар болсын!
[1] Уақиға сүресі, 8-аят 
[2] Уақиға сүресі, 9-аят 
[3] Мүслим 
[4] Мүслим, Ахмед

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет