4-тақырып. Сəулет өнері Құрылысшы:
Үлгілерге қараймын Үй іргесін қалаймын. Өрнектерін оямын.
Терезесін қоямын.
Құрылысшы:
Терезеден күн күліп, Аулада гүл құлпырып. Шаттансын барлық балалар, Бақыт тапсын аналар.
Құрылысшы:
Үйге толы ырыс-құт, Үйлесіп тұр тыныштық. Еңселі əр үйіміз,
Елге тартқан сыйымыз. 5-тақырып. Өнер Сурет сала білемін
Былай сал, – деп, – суретті, Ағам мені үйретті.
Күн артынан күн өтті, Сала бердім суретті. Бəрін де өзім ұнаттым, Бірде ініме сынаттым.
Сиыр салсам: – Шошқа! – деп, Өзін салсам: – Басқа! – деп, Айтты сынын, саспады, Күліп, жыртып тастады.
Ал сол інім бір күні Салғанымда түлкіні, Деді: – Мұның ұнады, Əдемі екен құлағы.
Мен күлімдей қарадым –
Ішім жылып барады.
Ісмерлік
Төбесінде тұлымшақ –
Сатып алдық қуыршақ.
«Қуыршақ қой! – десе де, –
Жап-жалаңаш... Көшеде
Қалай алып жүреміз?» –
Дейміз дағы, күлеміз.
Киім іздеп сабылдық, Тəтемізге жалындық. Көйлек тігіп бермеді, Қолын бір-ақ сермеді. Көйлек іздеп сабылдық, Апамызға жалындық.
–Жұмысымды бөгеме! Жуусыз тұр тегене.
«Тігіп ал», – деп көйлекті, Апам бізге үйретті, – Иығын піш, жеңін піш, Дөңгелентіп белін піш.
«Тəуекел!» – деп көрсеңдер, Қиын емес, сенсеңдер.
Енді əуреге түспедік, Айтқандарын істедік. Жаға, жеңі бүгілді, Əсем көйлек тігілді.
Осыдан соң ойлансақ: Ерінбей-ақ қолға алсақ, Іскер болады екенбіз, Жалыныппыз бекер біз.
Ж. Кəрбозин
Əн салып береді
Белгілі ауылға Атамның өнері. Көңілді шағында Қамшы өріп береді.
Бабында үнемі Əр алуан аспабы. Жұмырлап тіледі
Қайыстан таспаны.
Дауысы тегінде
«Тəйт» деуден аспайды.
Кіріссе өрімге, Əндете бастайды.
Атамның жанына Жүгіріп келемін. Таңырқап тағы да, Тыңдаймын өлеңін.
Сезбейді əуелі
Ол кімнің келгенін. Білмейді əдемі
Əн салып бергенін.
Қ. Баянбай
Достарыңызбен бөлісу: |