Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны



бет127/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Құтты болсын Жаңа жыл!

Тілеймін мен бар əлемде Дос көп болсын жанашыр! Ата, əже! Ата, əже!


Құтты болсын Жаңа жыл!

Тілеймін мен бар адамға Жаңа бақыт, жаңа жыр! Папа, мама! Папа, мама! Құтты болсын Жаңа жыл!




Ғ. Жұмабаев


Жаңа жыл

Жаңа жыл! Жаңа жыл! Не əкелдің сен бізге? Бау-бақшаң толған гүл, Төлдерің семіз бе?


Бауырсақ, балмұздақ, Концертке ... молсың ба? Бізді алға барғызбақ
Сен Жаңа жылсың ба? Жаңадан көп түрлі Машина бергейсің.
Жаңадан көк сырлы Үйлерге кіргейсің. Жаңа жыл! Жаңа жыл! Жаңалық ізде сен.
Жаңа əн, жаңа жыр Жазып бер бізге сен!


Х. Ерғалиев
Балаларды қорғау күні

Балалардың бақшасында бүгін той –


Балаларды қорғау күні, біліп қой!

Алақай-ау, алақай!


Той тойлайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық, балақан!
Тақпақ айтып, кезектесіп, бір-бірлеп, Кел, қосылып əн шырқайық, би билеп!

Алақай-ау, алақай!


Əн шырқайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық балақан!

Тілін алып тəрбиеші тəтелер. Гүл жайнайық елімізде мəпелер!


Алақай-ау, алақай!


Гүл жайнайық, балақай! Қызарғанша алақан, Қол соғайық балақан!


Е. Өтетілеуұлы
Бірінші мамыр

Мамыр кеп жайнатты Қаланы,


Мамыр кеп жайнатты Даланы!

Күні бұл көктемнің Арайлы,


Күлімдеп көктен Күн Қарайды.

Қолына көгілдір Ту алып,


Шықты жұрт шеруге Қуанып.

Шарықтап өлеңім, Мейрамдап, Көшеде келемін Жайраңдап.


Қолымда қызыл гүл, Жалауым,


Нұр бөлеп жүзімді, Барамын.

Мамыр кеп жайнатты Қаланы,


Мамыр кеп жайнатты Даланы!
Құтты болсын, Наурыз

Құтты болсын, Наурыз, Үйге ат ізін салыңыз.


Ұлы күні ұлыстың Дастарқанда барымыз.

Құтты болсын, Наурыз, Сарқылмасын сары уыз. Кенелсін көгөніске Гүлдеп бақша-бауымыз!


Құтты болсын, Наурыз, Жалқаулық – қас жауымыз. Дала толып егіске,


Малға толсын тауымыз!


О. Асқар


Бірінші сəуір

Көптен күттім сəуірді мен Алдау үшін Маратты, Сəті түсіп соның, міне:


–Аға! – деп жалт қараттым, –

Кітабыма бір қарамай, Айтып едім өтірік,


Сол сабақта Құрбан ағай Қойды маған «екілік».

... Сосын Марат ұрсып маған, Сөйледі-ай кеп,


Сөйледі:

  • Үйден

Аттап бір шықпа да, Оқы,
Ойынды қой! – деді.

Келдім де тез шешімге мен, Қадап оған көзімді:



  • «Күлкі күні» ... Кешір! – деп ем, Тыңдамады сөзімді.

Қамады əкеп өз бөлмеме, Шертті де бір шекемнен. Сенбеді шын сөздерге де, Алдаппын ғой бекер мен.


Күлкі күні, міне, қызық, Күлкі болдым көргенге.


Жалғыздықтан елегізіп Отырмын мен бөлмемде!..


Б. Қошым-Ноғай


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет