Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны



бет123/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128
Байланысты:
Көркем еңбек оқыту әдістемесі 3-сынып

3-тақырып. «Уақыт»


Сағат

Тілдері асығып Тықылдап тұр сағат. Тыңдады ақ мысық, Құлағын тоса қап.


«Тықылдақ бұл несі!» –


Үңіліп байқады.
«Қатты ғой іргесі» –
Басын ол шайқады.

Бұғынып, жақындап, Қояды түртіп бір, Жатсынып, жатырқап, Сағаттан үркіп тұр.


Ақ мысық айбатты, Ақ мысық жүректі. Бас салды сағатты, Қоңырау шыр-р етті.


Шырылдап, бажылдап, Сағат тұр тік төне.


Өн бойы қалшылдап, Ақ мысық зытты, əне!..


Т. Бердияров


Талап пен сағат

Қылығы бар Талаптың Бəрімізге ұнайтын.


Жатар кезде Сағаттың
Қоңырауын бұрайтын.
Қоңырауы сағаттың Таң атқанын білдіріп, Оятады
Талаптың
Құлағына шыңғырып.

Əдеті бар Талаптың Қорылдайтын көп уақыт, Қолындағы сағаттың Қоңырауын тоқтатып.


Қ. Баянбай


Төрт мезгілді аңсау

Қар жауса ғой боратып Түніменен, шіркін-ай! Ойнасақ біз қар атып Күніменен, шіркін-ай!


Жылғалардан су ағып, Көктем келе қалса ғой! Бала біткен қуанып, Айдын көлге барса ғой!


Құрып қойып қармақты, Суға қарап отырсақ.


Қапса сазан салмақты, Бір-бірімізді шақырсақ.

Кең далада жайқалып Көз жетпейтін сағымдай, Самал желмен шайқалып Тұрса, шіркін, егінжай!


Шөпті жинап, тынығып, Мөлдір суға малтысақ! Каникулда шынығып, Демалып бір шалқысақ!


Неткен əсем, шіркін-ай, Сары жапырақ толы бау! Мектеп жақтан бір күні-ай Күмбірлесе қоңырау!


Ж. Кəрбозин
Бір аптада

Бір аптаның күндері өтті: Дүйсенбіде гүлдер ектім, Сейсенбіде жуа тердім, Сəрсенбіде су əкелдім, Бейсенбіде бақша баптап, Жұма күні тақпақ жаттап,


Сенбіде мен кино бардым, Жексенбіде бір демалдым.


М. Жаманбалинов
Көктем

Көзін қадап көкте күн, Қараса қарды ерітіп, Туыпты айы көктемнің, Жан иесін сергітіп.


Қыста қатқан көлдердің Мұз көйлегі жыртылып, Сең жүзгенін мен көрдім, Толқынды теуіп бұлқынып.


Тарғыл тартып тау басы, Қарды қағып, буланып, Ашылғандай арнасы, Сай-салада су ағып.


Қар астында сарсылып, Күн сағынған қара жер. Денесі буға малшынып, Төсін керген дала, өр ...


Қарсыз қарды аңсаған Өріске шығып мал дағы. Жүзі жарқын барша адам Жадыраңқы жан-жағы.


Нұр ойнап мөлдір көзінде Мектептегі баланың, Бітеді деп аз күнде Қуанады сабағы.


Жанданған дала, ой мен қыр Көңілді колхоз ауылым, Жортқан таңнан трактор, Тілімдеп жердің сауырын.




Жаз

Аймағымды аялап, Алтын қанат туса жаз; Айдын көлді қиялап


Қаңқылдап ұшар үйрек, қаз.

Аққу жүзіп көлінде, Гүлге қонып көбелек,


Сұлу жазда менің де Көңіліме күй келед.

Аймақтың алақанынан Көктемде жерге шашылған, Ұзарып өсіп інжу дəн,


Ат құлағын жасырған.

Шалқар егін жайқалып, Секілді шексіз дария, Теңселгендей шайқалып, Толқындай ұрған жарына.


Күзетінде елінің Тұрған түнгі солдаттай, Күзетшісі егіннің


Ырысын күткен ардақтай.

Көз тіксең қырға азырақ, Қой, қозы шулап жамырап, Жайлауда жылқы азынап, Даусынан тау жаңғырад.


Қайыруға дауыстап, Жылқышыдан шықса айқай, Осқырынап, ойқастап, Шапқылаған құлын, тай.


Құрық алып жылқышы, Қой қайырып малшылар, Күзетіп малды түн іші, Сызылтып салған əн шығар.


Елге ойдағы, қырдағы


Қақтырып жарқын жаз жайраң ...
Қызып еңбек думаны Шаттанып жұртым мəз-мейрам.


Күз

Көтеріле аспандай, Көкте сұрша бұлт көшіп;


Жергеуінж шашқандай,
Күміс моншақ шық түсіп.

Қайың, терек басынан Сарғыш тартып жапырақ, Жерге түсіп шашылған, Жел соқса тек қалтырап...


Тау басына бусанып Бозғыл тұман оралып;


Сарқырап ағып, шу салып, Өзені мың бұралып.

Мəуе пісіп балбырап, Маужыраған қоңыр күз. Алма пісіп албырап, Көзді тартқан, көріңіз.


Беті қызыл алмадай Балаларды ойнаған Анасындай аймалай Мектеп тұр қол бұлғаған.


Жерде жазғы жайқалған Орып болып егінін,


Көз жіберсең байқалған, Көңілдірек ел бүгін.


Қыс

Жауып тұтас жер бетін Көктен күміс ұшқындар, Көрсетті қарлы келбетін, Лебі суық қысқы ызғар.


Тысқа шықсақ жер аппақ, Белуардан омбы қар.


Тұрса да аяз жалақтап, Емес дене домбығар.

Қарасаң ағаш басына, Қар жамылып жапырақ, Көлді көк мұз жасыра, Тұр айнадай жалтырап.


Алтайы қызыл ақ құйрық, Ақша қарға түлкі аунап, Жараған аста ат жүйрік, Аңшылар жүр түлкі аулап.


Қыр жолына көз тіксең, Құлдырап жеккен ат шана, Сызылып қарға із түскен, Ауыздыған шайнап ат шаба.


Жүре ме бала ойнамай, Соғыпты қардан ақ қала. Суықтан беті алмадай Қызарған, ойнап топ бала.


Жауып тұтас жер бетін Көктен күміс ұшқындар,


Көрсеткен қарлы келбетін, Лебі суық қысқы ызғар.
Т. Жароков


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   120   121   122   123   124   125   126   127   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет