Раупова Надежда Алимовна КӨркем еңбек оқыту əдістемесі мазмұны


Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар



бет28/128
Дата15.11.2023
өлшемі436,32 Kb.
#123800
түріҚұрамы
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128
Талқылауға арналған сұрақтар мен жауаптар:

  1. Сендер қандай ертегі кейіпкерлерін білесіңдер? Жауап. Алдаркөсе, қу түлкі, қасқыр, Дәу, Мақтақыз, Толағай, Алтын шаш, Ер Төстік т.б.

  2. Олардың қайсысы мейірімді (жақсы), қайсысы зұлым (жаман)?

Жауап. Мейірімді кейіпкерлер: Алдаркөсе, Мақтақыз, Толағай, Алтын шаш, Ертөстік. Зұлым кейіпкерлер: қу түлкі, қасқыр, Дәу.

  1. Иллюстрация дегеніміз не?

Жауап. Иллюстрация – оқулықтағы мәтінді безендіретін сурет.

  1. Суретші-иллюстратор кейіпкердің мінезін беру үшін қандай әсерлегіш құралдарды қолданады?

Жауап: түс, сызық, пішін, мимиканы беру арқылы.

  1. Сендер түс және сызықпен өздеріңнің жақсы, жаман көңіл күйлеріңді бере аласыңдар ма?

Жауап. Иә, бұл әсерлегіш құралдармен әртүрлі көңіл күйді беруге болады (түсті және сызықтық композициялардан нақты мысалдар келтіреді).

  1. Өздерің жаман деп санайтын әрекеттерді атаңдар. Жауап. Достарды ренжіту, кітапты жырту, жа-

қындарыңмен және достарыңмен ұрысу, біреуге кедергі жасау, төбелесу, сөйлеп тұрған адамды тыңдамау, мазақ қылу, өкпешіл болу, сөйлеп тұрған адамның сөзін бөлу т.б.



  1. Өздерің жақсы деп санайтын әрекеттерді атаңдар. Жауап. Әлсізді қорғау, достарыңа көмектесу, сырқат жолдасыңнан хабар алу, әпкеңе, досыңа, анаңа көмектесу, жемсалғыш жасап, қыста құстарды қорек- тендіру, уәдеде тұру, құпия сақтай білу т.б.




  1. Ертегілер не нәрсеге үйретеді?

Жауап. Олар зұлымдармен күресуді, жақсылық жамандықты жеңу керегін үйретеді.



  1. Қарама-қарсылық заңы деген не?

Жауап. Қарама-қарсылық заңында өлшемі, пішіні, түсі, сипаты әртүрлі заттар кез келген нысанның (бейненің) әсерін күшейтеді.







  1. Қарама-қарсылық заңы иллюстрация жасауға көмектесе ала ма?

Жауап. Иә, қарама-қарсылық заңын қолдан-ғанда иллюстрациялар әсерлірек көрінеді.

  1. Қарама-қарсы түс жұптарын атаңдар.

Жауап. Қызыл мен жасыл; қызғылт сары мен көк; сары мен күлгін.

  1. Түс шеңберінде бір-біріне қарама-қарсы түстер қалай орналасады?

Жауап. Қарама-қарсы түстер түс шеңберінде бір-біріне қарама-қарсы орналасады (қызыл жасылға, қызғылт сары көкке, сары күлгін түске қарама-қарсы орналасады).

  1. Жақын түс жұптарын атаңдар.

Жауап. Қызыл мен қызғылт сары; қызғылт сары мен сары; сары мен жасыл; жасыл мен көк; көк пен күлгін.

  1. Түс шеңберінде жақын түстер қалай орналасады? Жауап. Жақын түстер түс шеңберінде бір-біріне жақын орналасады (қызыл қызғылт сарының, қызғылт сары сарының, сары жасылдың, жасыл көктің, көк күлгін түстің, күлгін түс қызылдың жанында орналасады).

  2. Қарама-қарсы түс жұптары қандай қасиетке ие? Жауап. Қарама-қарсы түс жұптары әрдайым ашық, айқын көрінеді. Егер сен көтеріңкі көңіл күйді бергің келсе, қарама-қарсы түс үйлесімдерін пайдалан.

  3. Жақын түстер үйлесімі қандай қасиетке ие? Жауап. Жақын түстер үйлесімі әрдайым бірқалыпты, ұстамды көрінеді. Егер сен бірқалыпты көңіл күйді

бергің келсе, онда жақын түстер үйлесімін пайдаланған дұрыс.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   128




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет