Барлық оқушылар: суретші әсерлегіш құралдардың көмегімен белгілі бір түсінікке өз көзқарасын білдіре- тінін (жақсы мен жаманға, зұлым мен мейірімдіге), композициядағы қарама-қарсылық заңын, иллюстрация өнері туралы біледі.
Суретшілердің мейірімді және зұлым кейіпкерлерді бейнелеген жұмыстарын талқылай алады.
Оқушылардың көпшілігі: ертегі кейіпкерлеріне су- ретшілер қолданған әскерлегіш құралдарға сүйене
отырып, сипаттама бере алады. №1 жұмыс дәптерінің 14–15-беттеріндегі тапсырмаларды орындайды.
Кейбір оқушылар:№1 жұмыс дәптерінің 16–17-бет-
теріндегі тапсырмаларды орындап, өзінің шығарма- шылық шешімін түсіндіре алады.
Бұрын алған білімдері
Түс және көңіл күй. 2-сынып. Сызық және көңіл күй. 2-сынып.
Мимика және көңіл күй. 2-сынып.
Пәнаралық байланыстар
Бұл сабақта мына пәндермен байланыс орнайды: әде- биеттк оқу, музыка. Оқушылар шығармашылық ша- быттарын арттыру үшін №2 қосымшадағы өлеңдерді оқиды.
Сабақтың барысы
Сабақ кезеңдері
Жоспарланған жұмыс түрлері
Дереккөздер
Сабақ тақырыбына кіріспе
Сыныпта жақсы психологиялық ахуал мен шығар- машылық жағдай жасау. Мұғалім №2 қосым-
шадағы өлеңдерді оқып беріп, бүгінгі сабақ бойынша түсінгендерін сұрайды.