Мұғалім тақырыпты түсіндіргеннен кейін, оқушы- лар музыкалық үзінділерді тыңдай отырып,
мейірімді және зұлым кейіпкерлерге өз бетінше түс үйлесімін таңдайды. Сондай-ақ №1 жұмыс дәптерінің 14–19-беттеріндегі тапсырмаларды орындай алады. Балалар түс үйлесімін көңіл күйлеріне қарап таңдайды.
№1 жұмыс дәптері. Акварель бояулары, қылқалам, палитра, фломастерлер.
Сабақтың қорытындысы
Оқушылар иллюстрация дегеніміз не екенін, түс суретшіге мейірімді және зұлым ертегі кейіпкер- лерін бейнелеуге көмектесе алатынын білді.
Түспен ертегі кейпкерлерінің белгілі бір мінезін көрсетуді, иллюстрацияларды түс үйлесімі мен кейіпкердің мінезінің сәйкестігі бойынша талдады.
Қосымша ақпарат
Дифференциациялау Оқушылардың бәрі суретші әсерлегіш құралдар арқылы
белгілі бір түсініктерге (жақсы мен жаманға, зұлым мен
мейірімдіге) өзінің көзқарасын білдіре алатынын, композиция- дағы қарама-қарсылық ұғымын, иллюстрация өнері туралы
білді.
Мейірімді және зұлым кейіпкерлер бейнеленген
суретшілердің жұмыстарын талдады.
Оқушылардың та- қырыпты меңгерге- нін қалай тексересіз? Оқушылардың мұғалімге берген жауабынан (оқулықтағы);
жасаған жұмыста- рынан (жақсы жасалған жұмыстарды ғана баға- лаңыз);
АКТ-мен байланыс Сабақтың барысында мұғалім СD-дискідегі материалдарды, сондай-ақ интерактивті тақтаны да қолданады.
Мұғалім өздік жұмыстың басында қайшымен жұмыс
істеу ережесін оқушылардың есіне түсіреді.
Көпшілігі суретшілер қолданған әсерлегіш құралдарға сүйене отырып, ертегі кейіпкерлеріне мінездеме берді. №1 жұмыс дәптерінің
14, 15, 18-беттеріндегі тапсырмаларды орындады.
3) жасаған жұмысты талқылауларынан.
Кейбір оқушылар №1 жұмыс дәптерінің 16–19-беттеріндегі тапсырмаларды орындады.