«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет11/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49

Әдебиеттер  
1
 
.  Заббарова  О.А.,  Составление  бухгалтерской  (финансовой)  отчетности  организации: 
оқулық құрал. - М.: КНОРУС, 2012. - 256 с.   
2
 
.  Финансовый  учет/  В.Г.Гетьман  редакциясы,  толықтырылып  қайта  қарастырлған  2-і 
басылым.,  М.: Финансы және статистика, 2011. – 782 б. 
3
 

Муравицкая  Н.К.,  Г.И.Лукьяненко  Бухгалтерский  учет:  Финансовый  учет. 
Управленческий учет. Финансовая отчетность: оқулық құрал. - М.: КНОРУС,  2008. - 528 б. 
4
 
. Ержанов М.С., Ержанова  А.М. Основы бухгалтерского учета и новая корреспонденция 
счетов. – Алматы: «Ержанов и К», 2003. – 185б. 

89 
 
5
 
.  Швецкая  В.М.,  Головко  Н.А.  Бухгалтерского  учет:  ЖОО  арналған  оқулық.  –  М.: 
«Дашков и Ко» сауда басылым корпорациясы, 2012. – 512 б. 
 
ӘОЖ (336.71) 
ҚАЗАҚСТАН  РЕСПУБЛИКАСЫНДА САҚТАНДЫРУ НАРЫҒЫН ДАМЫТУ 
БАҒЫТТАРЫ 
 
Балабекова Д.Б. 
 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Для стабилизации общеплитической и экономической ситуации в стране необходимо 
расширение круга спектра услуг, оказываемых населению и улучшение их качества. Одним из услуг 
является страхование. Его значение велико, т.к. оно является гарантией обеспечения жизни людей 
при непредвиденных обстоятельствах. 
 
Summary 
To stabilize obschepliticheskoy and economic situation in the country is necessary expansion of the range 
of services provided to the population and improve their quality . One of the services is the insurance. Its 
value is high , since it is a guarantee for people's lives in unexpected circumstances. 
 
ҚР-ның Президенті 30 қараша 2015 жылғы «Қазақстан жаңа жаһандық нақты 
ахуалда ӛсім, реформалар, даму» атты Халқына Жолдауында: «Сәт сайын құбылған 
аласапыран  заманға  сай  амал  болуы  керек...  .    Жаһандық  дағдарыс  –  ол  тек  қауіп 
қана  емес,  сонымен  бірге  жаңа    мүмкіндіктер»  -  деген  сӛздерін  ұстаным  ретінде 
қабылдап,  экономикалық  жүйенің  қандай  –да  болмасын  қызметін  күн  талабына, 
жаһандық ӛзгерістерге сәйкес жетілдіру, дамыту қажеттіліктері туындауда. 
Сақтандыру  қызметі  басқа  кәсіпкерлік  қызмет  түрлерінен  шаруашылық 
жүргізуші субъектілерін қауіп- қатерлерін ӛздеріне алумен қатар, қауіп- қатерлерді 
обективті бағалап, оларды тиімді басқарумен ерекшеленеді. 
Кәсіпкерлік  қызметтің  дамуы,  тауар  мен  айырбас  шеңберінің,  шаруашылық 
жүргізуші  субъектілер  арасындағы  ӛзара  келісім-шарт  міндеттемелерінің  кеңеюі 
сақтандыру  арқылы  болатын  кепілдіктердің  оңтайлы  жүйесін  талап  етеді.  Тек 
сақтандыру негізінде ғана материалдық  игіліктерді ӛндіру, болу, айырбастау және 
тұтыну процесінде пайда болатын қоғамдық және жеке мүдделерді  қорғау мүмкін 
болады. 
Біріншіден, мемлекет тарапынан кӛзделген шаралардың сипаты мен кӛлеміне  
қарамастан,  сақтандыру  халық  пен  ұйымдардың  түрлі  мүдделерін  қосымша 
қорғауға  мүмкіндік  береді.  Қазіргі  кезде  табиғи  және  техногендік  сипаттағы 
тӛтенше жағдайларды жою жӛніндегі шығыстардың негізгі ауыртпалығы шектеулі 
болып табылатын мемлекеттік бюджетке жүктеледі. 
Екіншіден,  сақтандыру  механизмін  қазіргі  жағдайда  пайдалану  елдегі 
кәсіпкерлік  қызметті  жедел  дамытуды,  Қазақстан  экономикасының  негізгі 
саласының  ерекшеліктерін,  оның  климаты  мен  географиялық  орналасуы, 
экологиясының  деңгейін  ескере  отырып,  ӛндіріс  технологиясын  жетілдіруде 
ықпалы күшті. 
Сақтық  жүйесі  республика  экономикасының  сенімді  әрі  орнықты  дамуына, 
халықты әлеуметтік қорғауды арттыру үшін қосымша негіз жасауға, азаматтар мен 
шаруашылық  жүргізуші  субъектілерінің  мүлкін  сақтандыруға    ықпал  етеді. 
Сақтандыру  мәселесі,  медициналық  сақтандыруды  қоса  алғанда,  әлеуметтік 
қамсыздандырудың проблемаларына тікелей қатысты. 

90 
 
Сақтандырудың түп-тамыры ежелгі ғасырлар қойнауында жатыр. Б.ғ.д. ІІІ-ші 
мыңжылдықта вавилондықтарда теңіз шаруашылығында қарыз беру жүйесі болған, 
осы  жүйеге  сай    іс  зиян  шегіп  тоқтап  қалған  жағдайда    қарыз  қайтарылмайтын 
болған. 
Б.ғ.д.  916  жылы  зиян  шегудің    жалпы  орта  мәнін  алу  жүйесі  енгізілген.  Бұл 
жүйе қазіргі сақтандыру тарифтеріне сәйкес келеді. 
Ресейде  18  ғасырдың  аяғына  дейін  отандық  сақтандыру  ұйымдары  болған 
жоқ,  тек  шетелдік  сақтандыру  қоғамдарының  қызметі  пайдаланылды.  Сӛйтіп  кӛп 
қаржы шетелге кетіп қалып, Ресей экономикасына зиянын тигізді. 
1875жылы  алғашқы  үстемдік  етуші  бірлестік  сақтандыру  синдикаты 
ұйымдастырылды. Бұл синдикат 1918 жылға дейін қызмет жасады. 
Кез  келген  дамыған  ел  ӛзіндік  сақтандыру  жүйесін  қалыптастырып,  оның 
қызметін,  яғни  нарығын  құру,  қатысушылар  әркеттері  туралы  заңдарын  құрып, 
түсіндірмелер беріп, оны бекітеді. ҚР-да «Сақтандыру қызметі туралы» Заң 2000ж. 
18 желтоқсанда  №126-ІІ қабылданған. Соңғы ӛзгерістер мен толықтырулар  2016 
ж. 29 наурызда енгізілді. 2015 жылы 18 қарашада ҚР-сы Президенті Н.А.Назарбаев 
«Міндетті  әлеуметтік  медициналық  сақтандыру  туралы»  Заң  жобасына  2015  ж.18 
қарашада қол қойды. Жоба талқыланып, 2017 жылы қабылданады. 
Сақтандыру    кәсіпорындары  ӛзіндік  қаржы  ресурстарының  иесі,  ал  оларды 
пайдалануда  мемлекетт  тек  реттеуші  рӛл  атқарады.  Сондықтанда  сақтандыру 
компаниялары  сақтандырушылардың  қаржысын  жинақтап  және  оларды  ӛздерінің, 
клиенттерінің  мүдделерін    қамтамасыз  ету  мақсатында  орналастырып  қаржы 
нарығында орын алады. 
Нарықтық  реформалар  жүргізу  басталғаннан  бері  сақтандыру  нарығының 
қызметінде    тұрақты  ӛсу  қарқыны  байқалып  келеді.  2009  -2010  жылдары 
сақтандыру компаниялары қауіп-қатер шығындарының 10 % -н ӛтеген болса, 2013-
2014  жылдары  бұл  кӛрсеткіш  25%-  ға  кӛтерілген.  Дегенменде,  қазір  және  басқа 
уақытта  дағдарысқа  қарсы  амалдар  реформалар,  ӛсу  және  даму  болып  табылады. 
Сақтандыру  қызметін  дамытуды  белсендіру  үшін  мемлекеттік    және  аймақтық 
деңгейлерде  әкімшілік,  экономикалық  әдістер  қажет.  Бұл  әдістер  бір  жағынан 
сақтандыруды  бюджет  жүйесіне  салмақты  азайтып  халықтың,  шаруашылық 
жүргізушілердің,  мемлекеттің  мүдделерін  қорғаушы  қаржылық  сайманы  ретінде 
пайдаланып, екінші жағынан сақтандырушылардың жинақталған ақша ресурстарын 
экономиканың    қажеттілігіне  сәйкес  инновациялық-инвестициялық  қызметтерді 
қаржыландыруға    мүмкіндік    береді,  яғни  сақтандыру  нарығының  толыққанды 
дамымауы  инвестициялық ортаға теріс әсер етуі мүмкін. 
Сақтандыру  қызметін  жүргізу  туралы  құқықтық  нормалар  және  оны 
мемлекеттік  реттеу  жүйесі  сақтандыру  ауқымын  кеңейтуге  ықпалы  жеткіліксіз 
болып  келеді.  Осы  кезге  дейін  халықтың    қаржылық-сақтандырушылық 
құралдарына  сенімі тӛмен, әсіресе ұзақмерзімдік  салымдарға катысты. 
Сақтандыру  нарығы-  ерекше  әлеуметті-экономикалық  орта,  белгілі 
экономикалық  қатынастар  жүйесі.  Бұл  нарықта  сату  –  сатып  алу  объектісі 
сақтандыру  қорғауы  және  оған  сұраныс  пен  ұсыныс  қалыптасады.  Сақтандыру 
нарығын  дамытудың  объективті  негізі-кездейсоқ    күтілмеген  қауіп-қатер 
жағдайларда зардап шеккендерге ақшалай кӛмек кӛсету  арқылы ұдайы ұлғаймалы 
ӛндіріс  үрдісінің  үздіксіздігін  қамтамасыз  ету.  Сақтандыру  нарығын  қоғамды 
қорғау  мақсатында  сақтандыру  қорын  қалыптастыру  және  бӛлу  аясындағы 
ақшалық  қатынастарын  ұйымдастырушы  форма  және  тиісті  қызметтер  кӛрсетуші 
кәсіпорындар жиынтығы ретінде қарастыруға болады.  

91 
 
Сақтандыру  нарығының  қызмет  атқаруының  міндетті  шарты  -  қызметіне 
қоғамдық  сұраныстың  және  сұранысты  қанағаттандырушы  сақтандырушылардың 
болуы. 
Отандық  сақтандыру  жүесінде  жақын  кӛршілеріміз  Ресей  және  ортаазиялық  
елдердің сақтандыру қызметінен ерекшілігі бар. 
Мысалы:  Ӛзбекстанда  міндетті  сақтандыруды  жүргізуге  тек  мемлекеттік 
компаниялар  құқылы  және  олар  күрделі  қаржылардың  иесі.  Ресейде  ерекше 
сақтандыруды  жүргізуші  компаниялар  ӛмірді  сақтандырумен  айналысып, 
сақтандыру  резервтерін кӛбейтуге ықпал етеді. 
Қазақстанда  1990-1993  жылдары  пайда  болған  сақтандыру  кооперативтері, 
серіктестіктер бүгінгі таңда күрделі акционерлік компанияларға айналды. Олардың 
ішінде  айта  кететіндер:  «Евразия»  СК-сы.  Компания  ҚР-ның  заңнамасында 
қарастырылған  сақтандырудың  барлық  түрлерін  жүзеге  асыруға  құқылы.  Бұл 
компанияның  рейтингі  ұлттық  шкала  бойынша  «kz  AA»  орында,  яғни  бұл  бүгінгі  
күнде  ең    жоғарғы  шкала  болып  табылады.  Брендтің  зияткерлік  еңбек  саласында 
халықаралық  деңгейде  мойындауға  ие  болып,  сақтандырумен  айналысатын  34 
компанияның  арасында  активтер  кӛлемі  мен  ӛз  капитаны  бойынша  бірінші 
орындағы  компания  .  Екінші  орынға  ие  компания  «Виктория»  СК-сы.  ЕНСК-сы 
басым түрде саяхатшыларды, жүкті , мүлікті, кӛлікті сақтаныдрумен айналысатын 
ауқымды  компания.  2014ж.  ЕНСК  «МСК»-АҚ-ның  сақтандыру    алымдары  11,4 
млрд.теңгеден  асқан,  сақтандыру  тӛлемдері  3,11  млрд.теңгені  құраған.  Компания 
АН-72  ұшағының  апаты  фактісі  бойынша  2013ж.  ҚРҰҚҚ-нің  Шекара  қызметіне 
124 млн.теңгеден астам сомманы тӛлеген.  
Соңғы 3-4 жылда сақтандыру нарығының күшейтілуі оның инфрақұрылы мен 
кішісалаларының  дамуымен  байланысты.  Бірақта,  еркін  сақтандыру  үлесінің  
жалпы  сақтандыру  жүйесінде  кӛбеюі  үлкен  корпоративтік  салымшылар  есебін 
орын  алып  келеді,  ал  халықтың  үлесі  міндетті  сақтандыру  түрлері  еңгізілсе  де 
бұрынғы деңгейде қалып отыр. 
Сақтандыруды  дамытуға  қаржылық  жүйенің  басқа  сигменттерімен 
салыстырғанда 
теріс 
ықпал 
ететін 
жағдай 
сақтандыру 
қорын 
аз 
капитализациялануы  .  Бұл  сақтандыру  ұйымдары  күрделі  қауіп-қатердің  90%-н 
бейрезиденттерінде қайта сақтандырылуға мәжбүрлейді. 
Сақтандыру  ісін  дамытудың  бір  бағыты  сақтандыру  ұйымдары    ӛздерінің 
сақтандыру  қорларын  ішкі  нарықта  тиімді  орналастырып,  артықшылықты  тек  ӛте 
жоғары  ӛтімді  бағалы  қағаздарға  бермей,  капиталдың  бір  бӛлігін  ұзақмерзімдік 
жобаларды инвестициялауға жұмсау. 
Қазақстанда  соңғы  20  жылда  сақтандыру  ісі  бойынша  біршама  тәжірибе 
жинақталған, оны дамыту үшін басқару әдістерін оңтайландыру, оны халықаралық 
стандарттар  талаптарына  сәйкестендіріп  сақтандырушылардың  сенімділігін 
арттыру  іс-шараларын,  амалдарын  іске  асыру  қажет.  Сенімділікті    арттыру  
бағытына  еркін  мүлікті  сақтандыру  және  сәтсіздік  уақиға  жағдайларына 
қарастырылған  сақтандыу  сыйақы  мӛлшерін  жоғарылату,  бұл  қызығушылықты 
белсендіреді. Мысалы, осы кӛрсеткіштің азаюы келісім-шарттар бойынша 2011жыл 
мен 2008  жылды салыстырғанда 9% тӛмендеп ,133 млрд теңгені құраған. 
Сақтандыру  клиенттері  елдегі  индустриалды  ӛсуге  байланысты  қызмет 
кӛрсетуге сапалық талаптар ете бастады. Жаңа ақпараттық технолоиялар ақпаратқа 
жол  ашып,  сақтандыру  қызметінде несие  карточкаларын  енгізуге  себепкер  болды. 
Сақтандыру  компаниялары  мен  коммерциялық  банктер  арасында  бәсекелестік 
күшейе түсті.  

92 
 
Дамыған  Батыс  елдеріндегі  қазіргі  таңдағы  сақтандыру  нарығының  даму 
деңгейі  біздің  елде  сақтандыру  ісін  монополизациялауды  талап  етеді.  Осыған 
байланысты  оның  тӛрт  түрлі  ұйымдастырушылық  формалары  қарастырылып 
(кӛлденең 
интеграция, 
тігінен 
интеграция, 
ұлтаралық 
компаниялар, 
диверсификация) сарапталуда. 
Қазіргі  кезде  қазақстандық  сақтандырушылар  әлемдік  тәжірибелерді 
жинақтап,  ең  алғы  қатардағы  әдістерді,  технологияларды  іске  асыруда,  себебі, 
сақтандыру ӛмірдің барлық сфераларына қатысты, оларды қамтиды. 
 
Әдебиеттер 
 
1.
 
«Сақтандыру қызметі туралы» Заң. ҚР-ның 2000 жылғы 18.12 №126 Заңы. 
2.
 
ҚР Азаматтық кодексі «Сақтандыру туралы заң». 2010ж. 
3.
 
Лер О. Э. «Страховой рынок Казахстана». Алматы: Қаржы-қаражат, 2008ж. 
4.
 
Тайбек Ж. Қ. Сақтандыру: Оқу құралы. Алматы: Эк., 2012ж. 
5.
 
Кабанцева Н. Г. «Сраховое дело», Фортуна. 2008г. 
6.
 
www minfin.kz. 
 
ӘОЖ 336.71 
ҚАРЖЫ НАРЫҒЫН ТҦРАҚТАНДЫРУДАҒЫ ҦЛТТЫҚ БАНКТІҢ РӚЛІ 
Батырбаева Б.З.,  Каукешова Р.А. 
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
         В статье обосновывается возрастание роли Национального Банка Республики Казахстан как 
центрального  органа,  ответственного  за  осуществление  макропруденциального  регулирования 
деятельности  всех  финансовых  институтов  и  обеспечение  стабильности  всей  финансовой 
системы  страны,  что  налагает  на  этот  орган  большую  ответственность    за  финансовую 
стабильность государства  и  устойчивое развитие всей национальной экономики страны. В этой 
связи, предлагаются новые инструменты денежно-кредитного  регулирования экономики, которые 
позволят  Национальному  Банку  РК    достаточно  гибко  влиять  на  состояние    ликвидности  на  
денежном  рынке. 
 
Summary 
         The  article  explains  the  growing  role  of  the  National  Bank  of  Kazakhstan  as  a  central  organ,  who 
responsible for the implementation of macro-prudential regulation of the activities of financial institutions 
and ensuring the stability of the entire financial system, it imposes on the authority most responsible for the 
financial  stability  of  the  state  and  the  sustainable  development  of  the  entire  national  economy.  In  this 
regard,    proposed  new  instruments  of  monetary  regulation  of  the  economy,  which  allowed  the  National 
Bank of Kazakhstan is to influence flexible to the liquidity in the money market . 
 
         Тәуелсіздік жылдары Қазақстанның Ұлттық Банкі экономика мен инфляцияны 
реттеудің  нарықтық  әдістерін  игерді.  Қазіргі  таңда  ол  ұлттық  валютаның 
тұрақтылығын  қамтамасыз  етеді,  елдің  алтынвалюталық  қорларын  ұлғайтады 
(Ұлттық қор қаражаттарын қоса алғанда), 2013 жылдың басында ол 87 млрд. АҚШ 
долларынан асқан болатын, бұл ұлттық экономиканың дамуына белгілі бір жағдай 
жасайды [1].  
         Атап  айтқанда,  тәуелсіздік  жылдарында  қазіргі  таңда  елде  теңгені  кез  келген 
шетелдік  валютаға  айырбастауға  мүмкіндік  беретін  ӛтімді  валюта  нарығы 
қалыптастырылды. Елдің экономикалық  дамуында қаржы секторының рӛлі  артты. 
Қазақстанның  қаржы  секторында  жүргізілген  реформалардың  басым  бӛлігі  ТМД-
ның ӛзге елдеріндегі ұқсас реформалардан озық тұрды. Екінші деңгейлі банктерде 

93 
 
тұрғын  халық  салымдарын  кепілдендірудің  тиімді  жүйесі  құрылды.  Ол  бүгінгі 
таңда  сақтандырудың  халықаралық  талаптарына  жауап  береді.  Халық 
салымдарының орнын толтырудың ең тӛменгі кӛлемі 2008 жылы 700 мың теңгеден 
5 млн.теңгеге ӛсті, ол әлемдік қаржы нарығының ұлттық экономикаға теріс ықпал 
ету жағдайында тұрғындардың банк жүйесіне деген сенімін арттырған болатын.  
         Алайда  елдің  Ұлттық  Банкінің  алдында  бүгінде  күрделірек  мәселелер  тұр  – 
жаһанданудың  жаңа  сын-тегеуріндеріне  қарсы  тұру,  себебі  жаһандану  әлемде 
айрықша  қаржы  тұрақсыздығының  орнығуына  жағдай  жасауда.  Валюта-қаржы 
саласында  жиіленген  дағдарыстар  нақты  экономика  мен  елдің  экономикалық 
қауіпсіздігі жағдайынан кӛрініс табады. 
         Дағдарыстық  шиыршықтың  қазіргі  орамының  ерекше  қауіптілігі  қаржы 
нарығының  ӛз  бетінше  және  ӛзіне-ӛзі  жемісті  қызмет  етіп,  жақсы  табыс  тауып 
нақты  экономикамен  байланыспауында  болып  отыр.  Бір  жағынан,  жоғары 
технологиялық  туынды  қаржы  құралдары  (state-of-the-art    derivatives)  виртуалды 
экономиканың  дүмпуіне  итермелесе,  екінші  жағынан  –  виртуалды  экономика 
қаржы  құюға  ұнамды  салаға  айналып  келеді,  себебі  нақты  ӛндірістік  жобалармен 
салыстырғанда жоғарырақ әрі жылдам кіріс әкеледі.  
         Ағымдағы  дағдарыс  және  ӛткен  барлық  дағдарыстар  реттелмеген  қаржы 
жүйелерінде  дағдарыстан  құтылу  мүмкін  еместігін  кӛрсетті.  Жаһандық  жүйелік 
тәуекелдерді  толыққанды,  жан-жақты  және  тиімді  реттеу  қажеттілігі  жӛнінде 
түсінік  артты.  ХВҚ  пікірінше,  реттеу  ұйымдарға  емес,  қызмет  түрлеріне 
бағытталуы  тиіс.  Жүйелік  дағдарыстардың  алдын  алу  мақсатында  болашақта 
қорландыру  кӛздері  мен  қызмет  түрлеріне  байланысты  жекелеген  қаржы 
институттарының  реттеу  механизмдері  қайта  қаралады,  тәуекелдер  мониторингі 
мен бақылау күшейтіледі.  
         Мұндай  жағдайда,  Қазақстан  Республикасында  макропруденциалды  реттеуді 
қамтамасыз етуге жауапты орталық орган ретіндегі Ұлттық Банктің рӛлі артады, ол 
біріншіден,  негізгі  секторлық  қағидаларды,  жүйелік  тәуекелдерді  пруденциады 
реттеудің  амалдарын  анықтау,  екіншіден,  жүйелік  тәуекелдер  заттандырылған 
жағдайда  залалдарды  барынша  азайту  механизмдері  мен  дағдарысқа  қарсы 
шараларды құрастыруды білдіреді.  
         Келесі  мәселелерге  ерекше  назар  аударылуы  тиіс:  қаржы  институттарының 
тӛлем қабілеттілігінің мониторингі (капиталдың жеткілікті болуы мен құрылымы); 
ӛтімділікке;  несие  тәуекелінің  жағдайына;  қаржы  секторы  құрылымы  мен 
шоғырлануы жағдайына, т.б. 
         Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі,  оның  құрамына  қазіргі  таңда 
бұрынғы  Қаржы  нарықтары  мен  қаржы  ұйымдарының  қызметін  реттеу  мен 
қадағалау  Агенттігі  де  кіреді,  барлық  қаржы  институттарының  қызметін 
макропруденциалды  реттеу  мен  елдің  бүкіл  қарды  жүйесінің  тұрақтылығын 
қамтамасыз етуге жауапты, бұл аталған органға ӛз кезегінде мемлекеттің қаржылық 
тұрақтылығы  мен  елдің  жалпы  ұлттық  экономикасының  тұрақты  дамуында  бұл 
органға үлкен жауапкершілік жүктейді.  
         Осыған  орай,  2010  жылдың  ақпан  айының  басында  ҚР  Президентінің 
Жарлығымен  «Дағдарыстан  кейінгі  кезеңде  Қазақстан  Республикасы  қаржы 
секторының даму Тұжырымдамасы туралы» құжат қабылданды [2], құжатқа сәйкес 
реттеуші  органдар  тарапынан  ағымдағы  заңнамаға  банк  қызметі  мен  тәуекелдерді 
азайтуда реттеу мәселесі бойынша ӛзгертулер енгізілді, атап айтқанда: 
-
 
сыртқы қарыздарды шектеу; 
-
 
капиталдың жеткіліктілігі нормативтерін арттыру; 
-
 
қазақстандық банктердік салалық және салалалық емес қызметтерін ажырату; 

94 
 
-
 
банктерді  айқын  немесе  жасырын  салалық  емес  үлестес  құрылымдардан  бӛлу, 
сонымен  қатар  банктердің  еншілес  және  тәуелді  қарды  ұйымдарының  қызметіне 
араласуына тыйым енгізілді.  
Қазіргі  әлемдік  қаржы-экономикалық  дағдарыс  әлі  де  жалғасып  отыр  және 
АҚШ, Германия, Франция, Италия, Испания, Португалия сынды дамыған елдердің 
ұстанымдарын әлсіретті, себебі соңғы жылдары орын алған ӛндірістің құлдырауы, 
мемлекеттік  бюджет  кірістерінің  тӛмендеуі,  2008-2009  жылдардағы  дағдарысқа 
қарсы  бағдарламалардың  салдарынан  мемлекеттік  шығындардың  артуы 
нәтижесінде  олардың  мемлекеттік  қарыздарының  деңгейі  артқан  болатын,  ол 
әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтануына қатер тӛндіруі мүмкін. 
Дегенмен Қазақстан инвестиция салуға қолайлы ел болып қалуда. Қазақстанға 
деген  шетелдік  инвесторлардың  қызығушылығы  әлемдік  қаржы  дағдарысы 
жағдайында  да  әлсіреп  жатқан  жоқ.  Және  бұл  қуантарлық  жағдай.  Посткеңестік 
кеңістікте  Қазақстан  экономикаға  шетелдік  инвестицияларды  тарту  жӛнінде 
кӛшбасшылардың бірі болып табылады. 1993 жылдан 2012 жылға дейін республика 
шамамен 160 млрд.доллар тікелей шетел инвестициясын тартқан [4]. 
Тәуелсіздік  жылдары  қазақстандық  экономика  нығайды,  сонымен  қатар 
қаржы секторы да нығайды. Қаржы ресурстарын үлестіруші делдал ретінде қаржы 
секторы  елдің  бәсекеге  қабілеттілігін  арттыруда  маңызды  рӛл  атқарады,  және  кӛп 
жағдайда экономикалық ӛсім қарқындарын анықтайды. Жалпы алғанда, Қазақстан 
экономикасы  жағымды  қарқынмен  даму  үстінде.  Инвестициялар,  ӛнеркәсіптік 
ӛндіріс,  ауыл  шаруашылығы  кӛлемі  артуда,  кіші  және  орта  бизнеске  қолдау 
кӛрсетілуде.  Бұл  елде  қабылданған  және  қабылдану  барысындағы  экономика  мен 
қаржы  секторын  қайта  құрылымдау  бойынша  бағдарламалардың,  сондай-ақ  жаңа 
тиімді  құқықтық-нормативтік  актілерді  дайындау  мен  енгізу  мен  ағымдағы 
актілердің жетілдірудің нәтижесі  екендігі сӛзсіз. Бүгінде Қазақстан  – қалыптасқан 
берік  қаржы-банктік  жүйесі  мен  ашық  экономикасы  бар  нарықтық  мемлекет, 
қазақстандық  компаниялар  ӛздері  де  кӛрші  мемлекеттерге  инвестиция  құюда. 
Барлық  жетістіктерге  қарамастан,  кез  келген  күтпеген  жағдайға  дайын  болу 
маңызды.  
Капитал  қозғалысын  реттеудің  және  оны  экономиканың  нақты  секторына 
бағыттаудың  аса  маңызды  элементі  ақша-несие  саясаты  болып  табылады.  Ол 
қорлардың  инвестицияларға  трансформациялануын,  капиталдың  шоғырлануын 
және оның икемді шұғыл қозғалысын қамтамасыз етеді.  
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі пайдаланатын негізгі 
ақша-несие  реттеу  әдістерін  зерттеп  қарасақ,  келесідей  мәселелер  туындайды:  әрі 
қарай  қандай  реттеу  құралдары  қолданылуы  мүмкін,  аталған  уақыт  бӛлігінде  қай 
құралдар  тиімді  бола  алмайды  және  елдің  монетарлық  саясатының 
трансмиссиондық механизмінде нені ӛзгерту қажет? 
Сыртқы нарықтар тұрақсыздығының сақталуы себепті жоғары жылдамдықпен 
ӛзгеріп  отырған  сыртқы  жағдайларға  барынша  тез  бейімделуге  қабілетті  ақша-
несие саясатының әр түрлі нұсқаларын дайындау қажет.  
Ақша-несие  саясатын  жүргізудің  негізгі  мақсаты  баға  тұрақтылығын 
қамтамасыз  ету  болуы  тиіс,  ол  Қазақстан  Республикасы  экономикасының  кез 
келген жағдайында жалдық инфляцияны 6-8% аралығында ұстап тұруды кӛздейді. 
Баға  тұрақтылығы  мәселелерін  шешу  барысында  ақша-несие  саясаты  бір  уақытта 
қаржы  нарығының  тұрақтылығын  қамтамасыз  етуге  септігін  тигізуі  тиіс.  Аталған 
міндетті  іске  асыру  шеңберінде  тұрақты  түрде  банктердің  ақша  және  валюталық 
нарықтар  сегментінде  жүргізілетін  операциялары  сараптау  қажет,  ол  жүйелік 

95 
 
сипаттағы  тәуекелдерді  сараптау  мен  барынша  азайту,  сондай-ақ  арбитраждың 
пайда болу мүмкіндіктерін тӛмендету мақсатында жүргізіледі.  
Ақша-несие  саясатына  қатысты  қандай  да  бір  шаралар  Бірыңғай 
экономикалық  кеңістік  шеңберінде  жүзеге  асырылып  жатқан  интеграциялық 
үдерістерді  ескере  отырып  ҚР  Ұлттық  Банкі  мен  Үкіметі  тарапынан  жүргізіледі. 
Әлемдік  нарықтардағы  құбылмалылық  пен  әлемдік  экономиканың  ірі 
орталықтарының 
дамуындағы 
теріс 
экономикалық 
үрдістер 
сипатында 
Қазақстандағы  макроэкономикалық  тұрақтылықты  сақтау  мәселелері  ерекше 
маңызға  ие.  Аталған  мәселелерді  шешуде  БЭК  және  ЕурАзЭҚ  шеңберіндегі 
интеграциялық мәселелерді дамыту мен күшейту белгілі бір рӛл атқаратыны анық. 
Аймақ  елдерінің  макроэкономикалық,  ақша-несие  және  валюталық  саясаттарын 
үйлестіру жӛніндегі жұмыстарды жалғастыру қажет.  
Қазіргі  таңда  Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  экономиканы 
реттеудің  шектеулі  құралдарына  ие  болып  отыр.  Қаржы  секторының  дамуы 
ӛтімділікті тиімдірек реттеудің қажеттілігіне әкеледі.  
Осыған  байланысты,  ҚР  Ұлттық  Банкіне  экономиканы  реттеудегі  Ұлттық 
Банктің  рӛлін  күшейтуге  және  ақша  нарығындағы  ӛтімділік  жағдайына  жеткілікті 
түрде икемді ықпал етуге мүмкіндік беретін жаңа құралдар енгізу керек.  
Қазақстан  Республикасының  ақша-несие  саясаты  саласында  2013  жылға 
арналған басым бағыты трансмиссиондық механизмді кезең бойынша енгізу, 2012 
жылы басталған алғашқы кезеңді жалғастыру болатын. 
Жаңа  құралдардың  енгізілуін  ескере  отырып,  Қазақстандағы  пайыздық 
мӛлшерлемелер  дәлізі  де  ӛзгеріске  ұшырайды.  Оның  шегі  тұрақты  сипаттағы 
операциялар  бойынша  мӛлшерлемелерге  сәйкес  болады  (тӛменгі  шекара  - 
Қазақстан  Республикасының  Ұлттық  Банкі  депозиттері,  жоғарғы  шекарасы  – 
тұрақты қолжетімділік қарыздары).  
Қазақстанда  пайыздыӛ  саясатты  жүзеге  асыруда  жаңа  бағыт  енгізу  қажет  – 
ұйғарынды ауытқушылықтар шегіндегі  базалық  мӛлшерлемелер, ол шамамен 7-10 
күнге  созылатын  операциялар  негізінде  есептеледі.  Пайыздық  мӛлшерлемелерді 
орнату  мен  реттеу  бойынша  саясатты  ұйымдасқан  және  ұйымдаспаған 
нарықтардың  әр  түрлі  сегменттеріндегі  бағалық  арбитраж  үшін  барынша  азайту 
мүмкіндіктеріне бағыттау керек.   
Ашық  нарық  пен  тұрақты  қолжетімділік  операцияларының  механизмдері 
шеңберінде    ӛтімділікті  ұсыну  мен  абсорбациялауда,  пайыздық  мӛлшерлемелер 
жүйесінің  даму  келешегінде  мӛлшерлемесі  негізінен  индикативті  рӛл  атқармақ. 
Қайта  қаржыландырудың  ресми  мӛлшерлемесінің  деңгейі  жалпы  ақша 
нарығындағы жағдайды танытады.   
Банктерге  ӛтімділік  берудің  негізгі  құралдарына  әрі  қарайғы  қайта  сатуды 
кӛздейтін  құнды  қағаздарды  сатып  алу  бойынша  аукциондар  айнала  алады. 
Бастапқыда мұндай аукциондарда банктерге 2-3 апта мерзіміне ӛтімділік беріледі, 
яғни  аталған  мерзімдер  банктердің  ең  тӛменгі  резервтік  талаптарды  орындау 
мерзімдерімен  сәйкес  болады.  Қайта  сатуға  жалғасатын  құнды  қағаздарды  сатып 
алу  бойынша  аукционда  сату  объектісі  кіріс  мӛлшерлемесі  болып  табылады,  ал 
оның  ең  тӛменгі  деңгейін  Ұлттық  Банк  анықтайды.  Ұлттық  Банкпен  ӛтімділігі 
жоғары  қаржы  құралдары,  атап  айтқанда,  Қазақстанның  мемлекеттік  құнды 
қағаздары мен басқа да ӛтімді құнды қағаздардан тұратын ӛтімділігі жоғары қаржы 
құралдары 
енгізілген 
кепілдік 
қамсыздандырудың 
ломбардтық 
тізімі 
құрастырылады.  
Сонымен  қатар  коммерциялық  банктерге  ӛтімділік  беру  механизмдерін 
жетілдіру бойынша жұмыстарды жалғастыру қажет. Бұл операцияларды банктердің 

96 
 
құрылымдық  мәселелерін  шешуге  бағыттау  және  кеңейтілген  кепілдік 
қамсыздандырумен жүргізген дұрыс. Батыс Еуропада олар тұрақты сипатқа ие және 
Ұлттық  Банкке  жүгінулер  саны  жӛнінен  шектеулердің  болуын  болжамдайды  (2-3 
реттен  кӛп  емес  шектелген  уақыт  кезеңі).  Белгілі  уақытқа  қарызды  қайта  беру 
туралы  шешім  банктің  қаржы  жағдайын  зерттеуге  негізделіп  жасалады.  Банктің 
қаржы  жағдайының  тексерісі  нәтижелері  оның  тұрақтылығының  жеткіліксіздігін 
кӛрсетсе,  Ұлттық  Банк  банктің  қаржылай  оңалуына  бағытталған  қарыз  беру  не 
банкке санкция қолдану туралы мәселені қайта қарау құқығына ие.  
Банк  активтері  құрылымының  сараптамасы  кепілдік  қамсыздандыруды 
кеңейту  әлеуеті  шектеулі  екендігін  кӛрсетті.  Дағдарыстық  жағдайлар  орнаған 
немесе  банк  секторының  ӛтімділігіне  қатысты  жүйелік  мәселелер  туындаған 
жағдайларда  ӛтімді  мемлекеттік  және  басқа  да  құнды  қағаздардың  кӛлемі 
жеткіліксіз болуы мүмкін.  
 
 
 
Сурет 1. ҚР ЕДБ активтері мен қарыз портфелінің қозғалысы. 2008-2013жж. 
Дереккӛз: ҚР Ұлттық Банкінің бірнеше жылдық деректері бойынша жасалды.  
 
Осы  мақсатта  банктерге  нарықтық  емес  активтердің  кепіліне  ӛтімділік  беру 
механизмін құрастыру ұсынылады.  
Валюталық  саясат  ұлттық  экономиканың  ішкі  және  сыртқы  бәсекеге 
қабілеттілігі  арасында  тепе-теңдікті  қамтамасыз  етуге  міндеттелгені  белгілі. 
Осылайша, Ұлттық банктің ішкі валюталық нарықтағы қатысуы экономиканың әрі 
қарайғы  тұрақты  дамуын  қамтамасыз  ете  отырып  ең  аз  мӛлшерде  болуы  тиіс. 
Экономиканы  сыртқы  талықсытпалар  мен  импульстердің  ықпалынан  сақтауға, 
сондай-ақ қаржы нарығының тұрақтылығын сақтауға іргетас қалыптастыру арқылы, 
әлемдік  бағалардың  ӛзгерісіне,  сыртқы  сауда  шарттарына  дұрыс  жауап  беретін 
валюталық саясат жүргізу қажет. Сонымен қатар нарықтық алғышарттар танытатын 
айырбас  бағамының  жалпы  қозғалыс  үдерісінің  қалыптасуына  ықпал  етпестен, 
теңге  бағамының  күрт  ӛзгерістерін  реттеу  мақсатындағы  интервенцияларды 
жүргізуді  жалғастыру  қажет.  Аймақтық  және  әлемдік  интеграциялық  үдерістер 
шеңберінде  Қазақстан  Республикасы  қабылдайтын  міндеткерліктерді  ескере 
отырып,  келешекте  валюталық  саясатты  жүргізудің  әр  түрлі  нұсқаларын  сараптау 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет