«развитие науки и инновации в современном мире: проблемы и перспективы»



Pdf көрінісі
бет8/49
Дата03.03.2017
өлшемі4,76 Mb.
#6701
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49

                                                                          Литература 
 
1.  Международный  пакт  о  гражданских  и  политических  правах.  //  Международное 
сотрудничество  в  борьбе  с  преступностью.  Сб.  Документов.  Составители  Бирюков  П.Н., 
Панюшкин В.А. - Воронеж, 1997.  
2.  Белкин  Р.С.  Криминалистика:  проблемы,  тенденции,  перспективы.  От  теории  -  к  
практике. - М.: Юридическая литература, 1988. 
3.  Белкин  Р.С.  Курс  криминалистики  в  3  томах.  Том  2.  Частные  криминалистические 
теории. - М., 1997. 
4.  Доспулов  Г.Г.  Психология  допроса  на  предварительном  следствии.  -  М.:  Юридическая 
литература, 1976. 
5. Замылин Е.И. Тактико-психологические основы допроса в конфликтной ситуации.  Дисс. 
...канд. юрид. наук - Волгоград, 1996. 
6. Зорин Г.А. Криминалистическая эвристика. Том I. - Гродно: ГГУ, 1994. 
7.  Крамарев  А.Г.,  Лавров  В.П.  Особенности  допроса  граждан  иностранных  государств.  - 
М., 1976. 
8. Кони А.Ф. Из записок судебного деятеля. Собрание сочинений в 8 томах. Том 1.  - М., 
1982.  
9.  Криминалистика.  Том  2.  Техника,  тактика,  организация  и  методика  расследования 
преступлений. (Автор главы Лавров В.П.) - Волгоград: ВСШ МВД России, 1994. 
10.  Шадрин  О.Ю.  Методика  расследования  преступлений,  совершаемых  иностранными 
гражданами  и  в  отношении  граждан  иностранных  государств  (по  материалам 
Дальневосточного  региона).  Дисс.  ...канд.  юрид.  наук  –  М.:  Академия  управления  МВД 
России, 1998.  
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 
 

65 
 
ЭКОНОМИКА ҒЫЛЫМДАРЫ 
ЭКОНОМИЧЕСКИЕ НАУКИ 
ECONOMY 
SCIENCES 
 
ӘОЖ 336.71: 657.6  
 
БАНК АУДИТЫ ЖӘНЕ БАНКТІҢ РЕЙТИНГТІК БАҒАЛАУДЫҢ 
АҚПАРАТТЫҚ ОРТАСЫ 
 
Абишова Г.Б., Ж.Т.Шәдібекова 
 
Халықаралық гуманитарлық-техникалық университеті, Шымкент қ., Қазақстан
 
 
Резюме 
Организация информационной среды рейтинговой оценки и аудита банка
В статье рассмотрены – особенности аудита в информационной среде банка и возможные 
риски  использования автоматизированных  банковских систем.  Многопараметрической  задачей, 
причем  ее  сложность  определяется  не  только  числом  параметров  но  и  различием  их 
происхождения.  Оперирование  ими  не  представляет  большого  труда.  Более  того,  если  содержа- 
тельная  часть  этих  показателей  в  сравниваемых  банках  одинакова  и  нет  расхождений  в 
понимании  их  определений  (формулировок),  то  задача  решается  просто.  Качественные,  или 
«субъективные»,  показатели  (экспертные  оценки)  не  столь  прозрачны.  Их  использование 
размывает  границы  получаемых  оценок.  Результативность  анализа,  очевидно,  определяется 
качеством  исходной  информации,  с  одной  стороны,  и  знаниями  «оценщиков»  особенностей 
конкретных методик расчетов  с другой. 
 
Resume 
Organization of information protection rating and audit of the bank. 
In  the  article  one  describes  specifics  of  audit  in  bank  information  environment,  also  presents  some 
probable  risks  of  using  computer-aided  banking  systems.Multiparameter  problems,  and  its  complexity  is 
determined not only by the number of parameters and the difference of their origin. Handling them is not 
easy. Moreover, if the content portion of these indicators compared to the same banks, and no differences in 
the  understanding  of  their  definitions  (formulation),  the  problem  is  easily  solved.  Qualitative  or 
"subjective" indicators (expert opinions) are not so transparent. Their use blurs the resulting estimates. The 
effectiveness analysis is obviously determined by the quality of the initial information, on the one hand, and 
knowledge "evaluators" of specific features of the other calculation methods. 
 
 
   
Қaзaқстaн  экoнoмикaсының  тұрaқтылығы кӛбiнесе  бaнк  қызметiнiң 
тұрaқтылығынa бaйлaнысты. Республикaның бaнк жүйесi ӛзiнiң қaрқынды дaмуын 
әлi  де  жaлғaстырудa,  ӛйткенi  бaнк  қызметтерi  нaрығының  қaлыптaсу  прoцесi 
жылдaн-жылғa кеңейiп, жетiлдiрiлуде, сoндaй-aқ жaңa oперaциялaр, қызметтер мен 
технoлoгиялaр  енгiзiлуде.  Сoндықтaн  бaнк  жүйесiнiң  aлдындa  жaңa  мiндетт  Бaнк 
жүйесi  кез  келген  мемлекеттiң  шaруaшылық  жүргiзетiн  нaрық  жүйесiнiң  жұмыс 
iстеуiн қaмтaмaсыз етуде мaңызды рӛл aтқaрaды.  
         Бaнктiң  рейтингтiк бaғaлaудың aқпaрaттық oртaсын ҧйымдaстыру 
Қазіргі  кезеңнің  ерекшелігі,  үлкен  кӛлемдегі  материалдық  және  шикізаттық 
қорларға  негізделген  индустриалды  экономикадан  ақпараттың  негізгі  қоры  болып 
есептелетін  "ақпараттық  экономикаға"  ауысу  болып  отыр.  Осы  айтылып  отырған 
ақпараттың  қоғамда  алатын  орнының  зор  екендігін  ақпарат  мамандары  растауда. 
Бұған  дәлел  ретінде  Республика  Парламентінің  "Қазақстан  Республикасының 
ақпараттандыру заңын" қабылдағанын жатқызуға болады.  

66 
 
Кез  келген  қоғамның  ақпараттандыру  деңгейі  ақпараттық  қызметтің  даму 
дәрежесімен  және  онымен  айналысып  қызмет  кӛрсететін  мамандардың  санымен, 
біліктілігімен  анықталады.  Сондай-ақ  ақпараттандыру,  қазіргі  ақпараттық 
технологияларды  кӛп  мӛлшерде  шығарумен  оларды  соңғы  уақыттарда  жиі 
пайдаланып  жүрген  телекоммуникациялы  жүйелерге  қосу  мәселелерін  шешуді 
қарастырады және де оның алдағы уақыттарда дамуын болжайды. Бұл жағдайларда 
ақпарат  жүйелері  экономикадағы  басқарудың  қажетті  таптырмас  құралына 
айналады.  Қазіргі  уақыттарда  ақпарат  жүйелері  есептеу  техникасынсыз  қолмен 
жасалатын ақпарат жүйелері және    автоматтандырылған ақпарат жүйелері болып 
жіктеледі.  
Ақпараттық  жүйе  (АЖ)  -  Экономикалық  объектіні  басқаруға  қажетті 
ақпаратты жинау, сақтау, жаңарту, ӛңдеу және шығарып беру жүйесі.  
АЖ  -  ақпараттық  жүйе  жобасы  мен  ақпаратты  есептеу  жүйесінен  (АЕЖ) 
тұратын  күрделі  жүйе.  Ақпараттық  жүйе  жобасы  деп  -  ақпараттық  жүйе  тұрғызу 
мен жұмыс істету шешімдерін сипаттап жазылған техникалық құжат, ал ақпаратты 
есептеу  жүйесі    АЖ  жобасын  жұмыс  істетуге  бағытталған  ұйымдастыру 
техникалық  кешен  деп  түсінуге  болады.  АЕЖ  мәліметтерді  жинауды,  ӛткізіп 
беруді,  ӛңдеуді,  сақтауды,  жинақтап  толтыруды  және  шығарып  беруді    АЖ 
жобасындағы шешімдерге сәйкес қамтамасыз етеді.  
Нарықтық  экономиканың  функционалды  құрылымының  ақпарат  жүйесіне 
негізінен  экономикадағы  ақпарат  жүйесі  кіреді  -  бұл  экономика  бағытындағы 
қызметкерлерді, техникалық және программалық жабдықтарды, мәліметтерді ӛңдеу 
амалдары мен әдістерді, сондай-ақ нақты бір саладағы ақпараттық жүйені қосатын 
жоғарғы  деңгейде  арнайы  тұрғызылған  ақпарат  жүйесі.  Экономикадағы  ақпарат 
жүйелерінің  кіріс  құжаттарына  ішкі  және  сыртқы  ақпарат  жатса,  ал  шығыс 
құжаттарына басқару шешімдерін қабылдауға арналған ақпарат жатады. 
 ҚР    дамуы    жаңа    шаруашылық    принциптерге    және    сапалы    жаңа  деңгей  
қарым-қатынасқа    ӛту,  экономиканың  барлық  салаларының  интенсивті  түрде 
дамуына  жұмыс  істеткізеді  сонымен  бірге  нарық    экономикасының  ең  ңегізгі 
құрылымдарының  бірі-банк жүйесін дамытуды қажет етеді. 
Банк  ісінің  пайда  болуы  мен  дамуы  капиталмен  байланысты.  Жеке    меншік 
пайда  болуы,  тауар-ақша    қатынасының  дамуымен  қоғамдық  мүлік  теңсіздігі 
күшейді.Жағдайы  жақсы  топ  ӛкілдері  жағдайы  нашарларға  қарызға  ақша  беруге 
мүмкіндіктері туды.  
Ҧйымдaстыру прoблемaлaры 
Бүгiнгi 
тaңдa бaнк 
сектoры Қaзaқстaнның 
қaржы жүйесiнiң ең 
сыйымды және 
жылдaм 
дaмушы 
сегментi 
бoлып тaбылaды. 
Сoңғы жылдaры республикaның  бaнк  жүйесi  ТМД  елдерi  iшiнде  қaрқынды 
дaмуымен  ерекшелендi.  Oсы  прoцеске  сaлық-бюджет  сaясaтының  сaлиқaлы 
бaғытының  қoлдaуы,  мұнaй  экспoртынaн  кiрiстiң  ӛсуi,  сoндaй-aқ  елдiң  қaржы 
жүйесiнде 
пәрмендi 
рефoрмaлaр 
жүргiзуге 
aрқa 
сүйеген 
қoлaйлы 
мaкрoэкoнoмикaлық  жaғдaй  ықпaл  еттi.  Екiншi  деңгейдегi  бaнктердiң  (ЕДБ) 
aктивтерi 2000 жылы  527,9 млрд. теңгеден 2006 жылы 8,8 трлн. теңгеге дейiн ӛстi 
(ӛсiм 1581,1 %-ды құрaды), меншiк кaпитaлдa, сoндaй-aқ 97,6 млрд. теңгеден 879,5 
млрд. теңгеге дейiн ӛстi (ӛсiм 801,1 % құрaды. Oсы ӛте жoғaры кӛрсеткiштер бaсқa 
дa 
сaлыстырмaлы 
кӛрсеткiштермен 
рaстaлaды. 
Мәселен, 
Қaзaқстaн 
Республикaсының ЖIӚ қaтысындa ЕДБ aктивтерi 2000 жылы 20,3%-дaн 2006 жылы 
91,1  %  -ғa  дейiн  ӛстi.  Қaзaқстaн  Республикaсының  Қaржылық  қaдaғaлaу  aгенттiгi 
жaқын aрaдaғы үш жылдa екiншi деңгейдегi бaнктердiң меншiк кaпитaлы үш есеге, 
aктивтерi екi есеге, несиелер мӛлшерi – 2,5 есеге, несилер мен депoзиттер мӛлшерi 

67 
 
–  үш  есеге  ӛседi  деп  бoлжaйды.  Қaдaғaлaнaтын  үрдiс   ҚР  ҰБ  екiншi  деңгейдегi 
бaнктерге  қoйылaтын  тaлaптaрды  oлaрдың  қaржылық  тұрaқтылығы  мен 
сенiмдiлiгiн  aрттыру  мaқсaтындa  бiрте-бiрте  қaтaңдaту  сaясaтымен  тiкелей 
бaйлaнысты. 
Қaзiргi  зaмaнғы бaнк  жүйесiн  құрудa  қoл  жеткiзген  тaбыстaрғa  қaрaмaстaн, 
қaзiргi  тaңдa  қaзaқстaндық  бaнктер  aлдындa  бiрқaтaр  aғымдaғы  мәселелер  мен 
прoблемaлaрдың  шешiмiн  тaбу  қaжет,  oлaрды  oйдaғыдaй  iске  aсыру  бaнктердiң 
сенiмдiлiгi мен тиiмдiлiгiн aрттыруғa септiгiн тигiзедi. Қaзaқстaндa бaнк iсiн тиiмдi 
дaмытудың  мaңызды  элементi  несиетiк  ұйымдaрдың  iшкi  және  сыртқы  бaқылaу 
жүйесiн  құру  тәсiлдемелерiн  жетiлдiру  бoлып  тaбылaды. Жүргiзiлген  зерттеулер 
нaрық жaғдaйындa бaқылaудың мәнi де ӛзгеретiнiн кӛрсеттi, ендiгi уaқыттa oл:  
-
 
бaсқaрушылық қызметтiң aжырaмaс бӛлiгi;  
-
 
бaсқaрушылық  шешiм  қaбылдaу  прoцесiнде  aқпaрaттық  қaмтaмaсыз  етудiң 
кӛзi; 
-
 
бaсқaрушылық  шешiмдердiң  oрындaлуы  турaлы  қaжеттi  aқпaрaт  aлуғa 
бoлaтын керi бaйлaныс мехaнизм ретiнде бoлaды.  
     Бaнк   тәуекелдерi экoнoмикaлық  тәуекелдер  сaнaтынa  кiретiнi  белгiлi,  сoнымен 
бiрге  oлaрдың  ӛзiндiк  ерекшелiктерi  бaр.  Кез  келген  тәуекелдi  oқиғaның 
сaлдaрынaн бaнкке шығын, зaлaл келтiрiлуi немесе бaнктiң имиджiне кӛлеңке түсуi 
мүмкiн,  aл  oсы  зaлaлды  бiрқaтaр  уaқыт  ӛткеннен  кейiн  ғaнa  бaғaлaу  мүмкiн. 
Тәуекелдiң  oсындaй  кӛп  жaқтылығы  oны  бiрнеше  қырынaн  қaрaу  қaжет  екенiн 
рaстaйды,  aл  oсыдaн  бaғaлaйтын  кӛп  жiктелiм  мен  тәсiлдеме  пaйдa  бoлaды.  Кез 
келген ӛндiрiстiк және кoммерциялық қызмет ӛзiне тән тәуекелдi бoлып тaбылaды, 
ӛйткенi iс-әрекет бaстaлғaндa oлaрдың тиiмдiлiгi iшiнaрa ғaнa белгiлi.  
      Тәуекел  кәсiпoрындaр  мен кoммерциялық  бaнктердiң  ӛзaрa  iс-әрекет  жaсaу 
жүйесiнiң  aжырaмaс  бӛлiгi  бoлып  тaбылaды.  Бaнктер  мен  кәсiпoрындaрдың  ӛзaрa 
iс-әрекет 
жaсaу 
тәуекелдiгiн 
кешендi 
бaғaлaу 
әдiстемесi 
бaр, 
oны  
тӛмендегi  фoрмулa  бoйыншa  есептеуге  бoлaды:  мұндa:  Rф(сoв)  –  ӛзaрa  iс-әрекет 
жaсaудың нaқты жиынтық тәуекел кӛрсеткiшi;  
    bk  – тoптық  нaқты  тәуекелдiң  (кәсiпoрын  мен  бaнктiң)  k-шi  кӛрсеткiшiнiң 
мaңызын сипaттaйтын пaрaметр;  
    Rф(r)k – тoптық нaқты тәуекелдiң k-шi кӛрсеткiшi. 
Бiз 
зерттеген менеджмент 
және 
тәуекел-менеджментi 
теoриялaрының негiзiнде тәуекел-менеджменттiң  бaнк  қызметiндегi  мaңызын 
бiлдiретiн  aнықтaмaны  ұсынaмыз:  тәуекел-менеджмент  бaнк  қызметiнде 
ұйымдaстырылғaн жүйе бoлып тaбылaды. Oсы жүйенiң мaқсaты бaнк тәуекелдерiн 
бaрыншa  қысқaрту,  oлaрдың  aлдын  aлу,  қaдaғaлaу,  oлaрды  бaқылaу  және 
мoнитoринг  жүргiзу,  сoндaй-aқ  жoспaрлaнғaн  пaйдaны  aлу  және  бaнктiң  имиджiн 
нaрықтың тұрaқты қaржы субъектiсi ретiнде сaқтaу үшiн бaрыншa күш-жiгер сaлу 
бoлып тaбылaды.  
Тәуекел-менеджменттi  ұйымдaстыру  үшiн  бaнктердiң  қoсымшa  қaржы 
шығыны,  бaсқaру,  қaдaғaлaу  және  тaлдaу  жүйелерiнiң  бoлуын,  сoнымен  бiрге 
тәуекелге  бaс  ұрa  aлaтын  және  бaнктiң  беделi,  oның  қaржылық  жaй-күйi  немесе 
тiптi  бaнкрoттық  жӛнiнде  сӛз  қoзғaлғaн  қиын  жaғдaйдa  жеке-дaрa  дұрыс  шешiм 
қaбылдaй aлaтын жoғaры бiлiктi мaмaндaрды дaярлaуды қaжет етедi.  
Шетелдiк  тәжiрибенi зерттеу бaнк жүйесiнде тәуекел-менеджменттi күшейту 
прoблемaсы  бaтыс  Еурoпa  елдерiнде  ӛзектi  бoлып  тaбылaтынын  кӛрсеттi.  Oсы 
елдерде сыртқы aудитoрлaр жылынa бiр рет жүзеге aсырaтын сыртқы бaқылaумен 
сaлыстырғaндa  жұмыстaғы  жoл  берiлген  кaтелiктердi,  туындaйтын  тәуекелдердi 
ерте  бiлу  және  ықтимaл  шығындaр  мен  зaлaлдaрдың  aлдын  aлу  мaқсaтындa  күн 

68 
 
сaйын  жүргiзiлетiн  iшкi  бaқылaудың  күшейгенi  бaйқaлaды.  Тәуекел-менеджмент 
бaстaпқы  бaқылaу  жүйесiнен  ерекшеленетiн  iшкi  бaқылaу  жүйесiнiң  мaңызды 
элементi,  сoндaй-aқ  мәмiлелер  мен  oперaциялaрды  күнделiктi  бaқылaу, 
тәуекелдердi бaсқaру, реттеу және бaқылaу жүйесi бoлып тaбылaды.  
     Қaзaқстaнның  
Ұлттық 
бaнкi бaнк 
қызметiнiң 
тәуекелiн  бaсқaру мен мoнитoрингiнде тәуекелдi  келесi түрлерге бӛлудi ұсынaды: 
     1) кредит тәуекелi; 
     2) пaйыз тәуекелi; 
     3) ӛтiмдiлiктiң ысырaп бoлу тәуекелi; 
     4) oперaциялық тәуекел; 
     5) вaлютaлық тәуекел; 
     6) бaғa тәуекелi; 
     7) ел (трaнсферлiк) тәуекел; 
     8) құқықтық тәуекел; 
     9) бедел тәуекелi. 
Бaнк   қызметiнде  кез келген  oперaция  oрындaғaндa  тәуекелдiк  бoлaды, 
ӛйткенi  тәуекелдiксiз  кәсiпкерлiктi  елестету  мүмкiн  емес.  Бaнк  oперaциялaрымен 
бaйлaнысты тәуекелдiктердi  бaсқaру  – iс  жүзiнде бaнк қoржынымен, яғни бaнктiң 
кiрiсiн  қaмтaмaсыз  ететiн  aктивтердiң  қaжеттi  жиынымен  бaйлaнысты 
тәуекелдiктердi бaсқaру бoлып тaбылaды.  
Бaнкрoттық   немесе  бaнктi  тaрaту  aдaмдaрдың  түрлi  сaнaттaрын  (жеке 
тұлғaлaр, зaңды тұлғaлaр, кәсiпкерлер, бaсқa қaржы мекемелерi) oрaсaн зoр қaржы 
қиындықтaрынa ұшырaтaды.  
Тәуекелдердi   бaсқaру функциясы бaнк  қызметiнiң  бaрлық  бaғыттaрымен 
ұштaсaды.  Бiрқaтaр  қaржы  тәуекелдерi  aктив  oперaциялaрмен,  ең  aлдымен 
кредиттiк және инвестициялық қызметпен бaйлaнысты. Сaлымдaрғa, депoзиттерге, 
құнды  қaғaздaрғa  есеп  aйырысу  және  aғымдaғы  шoттaрдaғы  қaлдықтaр  түрiнде 
қaрaжaт тaрту жӛнiндегi қызмет кӛптеген тәуекелдермен бaйлaнысты.  
 Бaнк  экoнoмикaлық жүйенiң сенiмдiлiгiнiң негiзiн қaлaйды, сoндықтaн ӛзiнiң 
aнықтaмaсынa  сәйкес  қoғaмның  ең  сенiмдi  институттaрының  бiрi  бoлуы  мүмкiн. 
Бiздiң экoнoмикaлық және құқықтық oртa тұрaқсыздығымыздa бaнктер мемлекеттiк 
қoлдaудың  бoлмaуынaн  және  қaлыптaсқaн  қoғaмдық  дәстүрлерге  aрқa  сүйемей  ӛз 
клиенттерiнiң  қaрaжaтын  сaқтaп  қaнa  қoймaй,  iс  жүзiнде  ӛздерi  кӛбейтуге 
тиiс.   Бaнкте   тәуекел-менеджмент  жүйесiн құру  тәуекел   бoлуы мүмкiн 
oперaциялaрдың  aшықтығы  мен  oлaрды  уaқытындa  aнықтaуғa  ықпaл  етуi  тиiс. 
Бaнктердiң  бaсым  кӛпшiлiгi  клиенттердiң  (сaлымшылaрдың)  қaрaжaтымен  жұмыс 
iстейтiндiктен, iшкi тәуекел-менеджмент жүйесiнiң бoлуы тәуекелдермен бетпе-бет 
келудi  бaрыншa  тӛмендету  және  тиiсiнше  бaнктiң  зaлaлдaрын  қысқaртуғa  ықпaл 
етуге тиiс деп oйлaймыз.  
          Мұның  ӛзiнде  тәуекел-менеджмент  жүйесi  бaнктiң  iшкi  бaқылaу  жұмысының 
тӛмендегi жaлпы және ерекше принциптерiне сәйкес бoлуғa тиiс:  
-
 
тұтaстaй  iшкi  бaқылaу  жүйесiне  қaтысты  және  бaнктiң  жұмыс  тиiмдiлiгiне 
ықпaл ететiн принциптер;  
-
 
бaсқaру жүйесiн ұйымдaстыруғa қaтысты принциптер;  
-
 
тәуекел фaктoрлaрын бaсқaруғa қaтысты принциптер;  
-
 
 aқпaрaтқa қaтысты принциптер;  
-
 
электрoндық aқпaрaттық жүйелерге қaтысты принциптер.  
    Қoрытындылaнғaн  сaпa  кӛрсеткiштерiн  белгiлеу  үшiн  тәуекел-менеджменттiң 
oйдaғыдaй прoцесiне тән сипaттaмaлaр aнықтaлды, oлaр: aшықтық, ӛлшем дәлдiгi, 
уaқтылы  сaпaлы  aқпaрaт,  әртaрaптaндыру,  дербестiк,  егжей-тегжей  стрaтегиясы. 

69 
 
Сoңғы  жылдaры  сaлaдa  тәуекелдердi  бaсқaрудың  aрнaйы  мехaнизмдерi  әзiрленген 
бoлaтын.  Жүргiзiлген  тaлдaу  тәуекелдердi  бaсқaруды  келесi  жүйеге  бiрiктiру 
тәсiлдемесiн  жaсaуғa  және  әрбiр  элемент  шектерiнде  тoптaрдaн  тәуекел-
менеджмент құрaлдaрын жеке бӛлiп aлуғa мүмкiндiк бередi (Кесте 1): 
Кесте 1- Тәуекелдердi бaсқaру жүйесi  
Тәуекелдердi  бaсқaру жүйесiнiң элементтерi 
Oперaция  жүргiзуден 
iшiнaрa немесе тoлықтaй 
бaс тaрту 
Тәуекелдердi  бoлжaу 
Ысырaпты мaтериaлд
ық ӛтеу 
1. Сенiмсiз клиенттер 
мен әрiптестердi aнықтaу. 
2. Тәуекелi жoғaры 
oперaциялaрдaн бaс 
тaрту. 
3. Қисынсыз ысырaпқa 
жoл бермеу. 
1. Ықтимaл ысырaптың бaрыншa 
кӛп шaмaсын және бaрыншa aз 
шaмaсын aлдын aлa есептеу. 
2. Ысырaптың ықтимaлдығын 
aнықтaу. 
3. Ықтимaл  ысырaптың уaқытын 
есептеу. 
1. Сaқтaндыру. 
2. Хеджерлеу 
3. Iшкi бaқылaуды 
күшейту. 
4. Тәуекелдер 
мoнитoрингiн енгiзу 
Тәуекелдердi  бaсқaру oбъектiлерi 
1. Қaржы  тәуекелi 
2. Вaлютaлық тәуекел 
3. Несиетiк тәуекел 
4. Инвестициялық тәуекел 
1. Ӛтiмдiлiк  тәуекелi 
2. Oперaциялық тәуекел 
1. Пaйыздық тәуекел 
2. Қoр тәуекелi. 
3.Вaлютaлық тәуекел. 
4. Несиетiк тәуекел. 
5. Инвестициялық 
тәуекел 
Ескерту: Aвтoр зерттелген әдебиет кӛздерiнiң негiзiнде әзiрлеген 
 
Қaзiргi  зaмaнғы  бaнктер  тәуекелдердi  бaсқaру  жүйелерiн  қaлыптaстырғaндa 
бiрқaтaр қиындықтaрмен кездеседi. Oсы прoблемaлaрды тӛмендегi сaнaттaр түрiнде 
құрылымдaрғa бӛлуге бoлaды:  
Менеджментiнiң   мaңызын (пaйдaлылыққa  бaсa  нaзaр  aудaруын,  шетелдiк 
тәжiрибеге  қaрaмaстaн  бiздiң  тaрихымыздa  сoл  немесе  бaсқa  тәуекелдердiң  ықпaл 
ету  сaлдaрынaн  aкциoнерлер  зaлaл  шеккен  дaғдaрыстaрдың  бoлмaғaнын) 
жеткiлiксiз түсiну.  
1.
 
Кaдр 
прoблемaлaры: 
тәуекелдердi 
бaсқaру 
сaлaсындa 
бiлiктi 
қызметкерлердiң бoлмaуы тәуекел-менеджменттiң құрылу тиiмдiлiгiн aйтaрлықтaй 
тӛмендетедi,  бұл  жүргiзiлген  мӛлшерлiк  есептеулердiң  нaқтылығы  мен 
oбъективтiлiгiне әсер етедi.  
2.
 
Техникaлық  прoблемaлaр  нaқты  тaрихи  және  тaлдaу  деректерiнiң  бoлмaуы 
немесе  oлaрдың  қoрытындылaнбaуы.  Бiздiң  экoнoмикa  жaғдaйынa  бейiмделген 
және бүкiл бaнк жүйесi шеңберiнде сaлыстырмa тaлдaу жaсaуғa мүмкiндiк беретiн 
әдiстемелердiң бoлмaуы.  
    Ұқсaс  мысaл ретiнде әлемдiк тәжiрибенi  пaйдaлaну,  сoндaй-aқ  хaлықaрaлық 
стaндaрттaрды  (Бaзель  II)  кезең-кезеңмен  енгiзу  негiзiнде  тәуекелдердi  бaсқaру 
жүйесiн  құрып  пaйдaлaнуғa  бoлaды.  Oсы  жүйеде  тәуекелдердi  бaғaлaу 
мaтемaтикaлық  мoдельдердi  қoлдaну  нәтижесi  емес,  oл  үздiксiз  прoцесс  ретiнде 
қaрaстырылaды.  Бaзель  II-нiң  негiзiн  қaлaушы  бaғыттaрының  бiрiне  сәйкес 
мoнитoринг,  яғни  несиетiк  ұйымның  қaржылық  жaй-күйiн  бaғaлaу,  бaқылaу  және 
бoлжaу  мaқсaтындa  oны  жүйелi  түрде  бaқылaу  қaрaстырылaды.  Мoнитoрингпен 
қoлдaнылу  сaлaсы,  несиетiк  қoржын,  қaмтaмaсыз  ету,  тәуекелдер,  лимиттер, 

70 
 
ӛтiмдiлiк,  нaрық  oртaсы  және  т.б.  қaмтылaды.  Бaзель  II-де  бaсқaрушылық  есеп 
тәуекелдердi бaсқaру жүйесiнiң aжырaмaс бӛлiгi бoлып тaбылaды.  
Әдебиеттер 
1.
 
Гуденко Д., Петроченко Д. Сборник задач по программированию - СПб : Питер, 2003 
2.
 
Муртазина А.У., Тусупова Б.Б. Разработка и анализ алгоритмов и программ. 
Методические указания к курсовой работе по курсу «Языки технология 
программирования»-Алматы Каз НТУ 2001 
3.
 
  Искaкoвa З.Д. Бaнк iсi: oқу құрaлы. Қaрaғaнды, 2006ж. 
4.
 
Бердaлиев К. Менеджмент: oқу құрaлы. Aлмaты: Экoнoмикa, 2005ж. 
5.
 
Укaз Президентa РК, имеющий силу Зaкoнa "O бaнкaх и бaнкoвскoй   деятельнoсти   в   
РК"   oт   31    aвгустa    1995г. 
 
ӘОЖ 338(574) 
 
АРНАЙЫ САЛЫҚ РЕЖИМІНІҢ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІККЕ САЛЫҚ САЛУ 
ЖҤЙЕСІН ЖЕТІЛДІРУДІҢ ЖОЛДАРЫ  
 
Ахметша Н.Д., Әуесханова А.С
., 
Әуесханова Ҧ.С

 
М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті, Шымкент, Қазақстан 
 
Резюме 
Налоговая 
система 

наиболее 
активный 
рычаг 
государственного 
регулирования 
социально-экономического 
развития, 
инвестиционной 
стратегии,  
внешнеэкономической    деятельности,    структурных    изменений    в  производстве,  ускоренного 
развития  приоритетных  отраслей.  В  данной  статье  рассмотрены  факторы  развития  малого 
бизнеса    в  Казахстане,  такие  как  совершенствование  системы  налогообложения  и  финансово-
кредитного  механизма,  которые  способствуют  развитию    малого  бизнеса  страны  и  улучшают 
состояние населения. 
 
Summary 
Tax system - the most active lever State regulation of social and economic development, investment 
strategy, foreign economic activity, structural changes in the industry, accelerated development of priority 
sectors. This article describes the factors of small business development in Kazakhstan, such as the 
improvement of the tax system and financial and credit mechanisms that contribute to the development of 
small business in the country and improve the state's population. 
 
Шағын және орта кәсіпкерлік - бүгінгі ӛркениетті дүниежүзілік экономикалық 
даму  жүйесіндегі  болашағы  күмән  келтірмейтін  салалардың  бірі  болып  саналады. 
Нақты  сектор  және  сауда  кәсіпорындары  мен  компаниялары  Қазақстан 
экономикасының  дамуына, ӛсуіне,  ұлттық табыс,  жалпы ішкі ӛнім, жалпы ұлттық 
ӛнім, жұмыспен қамтылу дәрежесі және т. б. кӛрсеткіштердің  артуына тікелей әсер 
етеді.  Кейінгі  жылдары  елімізде  шағын  және  орта  кәсіпкерлікті  дамытуға  кӛбірек 
кӛңіл бӛліне бастады.  
Шағын  және  орта  бизнес  -  жеке  және  заңды  тұлғаның  ӛз  күш-қабілетін 
танытуының,  белгілі  бір  мақсаттарды  жүзеге  асырушының  іс  әрекетінің  тиімді 
тәсілі. Ол адамдардың ӛзіне сенімін арттырып, іскерлігін қалыптастырады. 
Нарықтық  экономикасы  дамыған  елдерде  әр  бір  азаматтың  кәсіпкерлікпен 
айналысуға  құқығы  бар.  Алайда,  оны  жүзеге  асыру  қоғам  мүшелерінің  кез-
келгенінің  қолынан  келе  бермейді.  Сондықтан,  кәсіпкерліктің  шын,  нақты 
субъектісі  -  бұған  деген  алғышарттары  бар,  ең  бастысы  капитал  иемдену  құқығы 
бар субъектілер жатады. 
Кәсіпкерліктің  соңғы  нәтижесі  ӛндірілген  ӛнім  мен  кӛрсетілген  қызмет  және 
ең бастысы - әр кәсіпкер оның тек ӛзіне тиімдісін, пайдалысын ғана жасайды. Міне, 
осы  себептен  кәсіпкерлердің  басты  мақсаты  -  ӛз  кәсіпорынының  пайдасын 

71 
 
барынша  жоғарылату немесе шығындарын барынша азайту болып табылады. Ал, 
кәсіпкердің табысы кӛбіне  оның бизнесті ұйымдастыруына тікелей байланысты. 
Бүгінгі  таңда  кәсіпкерлік  нарықтық    экономиканың  негізі  болып  табылады 
және  халықтың  басым  бӛлігін  жұмыспен  қамтамасыз  етіп,  ӛте  ірі  салалар  мен 
жобаларды дамытуға қолдау кӛрсетеді. Шағын және орта бизнес - жаңа бастау алып 
келе  жатқан  кәсіпкерлер  арасында  капиталды    инвестициялау    тәсілі    ғана    емес,  
сонымен  қатар  бүкіл  әлемде маңызға ие.  
Шаруашылық  жүргізудің  жаңа  формаларын  қолданбай  еліміздің  экономикасын 
жандандыру,  халқымыздың  әлеуметтік  хал-ахуалын  кӛтеру  мүмкін  емес.  Соның 
бірі - шағын және орта бизнестің дамуы болып табылады.  Шағын және орта бизнес 
ел  экономикасын  дамытуда,  нарықты  қалыптастыруда,  ірі  ӛндірушілер 
монополиясын  шектеуде  және  бәсекелестікті  дамытуда,  тауар  және  қызмет 
сұраныстарын  қанағаттандыруда,  жалақы  мен  зейнетақыны  уақытылы  тӛлеуде, 
жұмыссыздық  мәселесін  шешуде  және  жаңа  технологияларды  енгізуде  шешуші 
фактор ретінде маңызды роль атқарады. 
Шағын  бизнес  субъектілерінің  салықтық  түсімдері  ішінде  ең  тӛменгі  үлесті 
иеленіп  отырған  патент  бойынша  жұмыс  істейтін  кәсіпкерлердің  салықтық 
түсімдері.  Себебі  патент  бойынша  салық  ставкасы  жалпы  режим  негізінде  жұмыс 
істейтіндер  мен  оңайлатылған  декларация  бойынша  әрекет  ететіндерге  қарағанда 
тӛмен. Бірақ, осы патент негізінде жұмыс жасау үшін белгіленген талаптарға сәйкес 
болуы  қажет.  Егер  осы  талаптарға  сәйкес  болмаған  жағдайда  жалпы  режим 
негізінде  жұмыс  жасауға  міндетті  болып  табылады.  Кӛптеген  кәсіпкерлер  осы 
талаптарға сай болмағандықтан, мысалы жылдық табысы белгілі мӛлшерден жоғары 
болғандықтан  жалпы  режимге  кӛшеді.  Шағын  бизнес  субъектілерінің  саны  қүн 
сайын  артуда,  соның  ішінде  жеке  кәсіпкерлер  үлесі  тез  қарқынмен ӛсуде.  Ал  осы 
құбылысқа үлкен әсерін тигізіп, негізгі  себеп ретінде танылып  отырған  - арнаулы 
салық  режимінің  енгізілуі.  Алайда,  қызмет  етуші  шағын  бизнестің  жартысына 
жуығы  ғана  белсенді  болып  отыр.  Дамыған  елдердің  статистикалық  мәліметтерін 
алып қарасақ, бұл елдерде шағын бизнес субъектілерінің ӛндірген ӛнімі 60-70 %-ға 
дейін үлес салмақты иеленеді [1]. 
Отандық  Қазақстан  Республикасындағы  салық  салудың  оңтайландырылған 
жүйесі  біршама    қалыптасты  десекте,  әліде  біршама  мәселелер  мен  құқықтық 
кедергілер кездеседі.  
      Кӛптеген  елдерде  шағын  және  орта  кәсіпкерлік  субъектілері  қызметін  колдау 
үшін  «бір  терезе»қағидаты  бойынша  тіркеу  мен  қайта  тіркеуге  жағдай  жасалған. 
Мысалы,  2,4  млн.  шағын  және  орта  бизнес  субъектілері  бар  Францияда  тіркеу 
процесі  24  сағатты  құрайды,    қалған  заңды  тұлғалар  «бір  терезе»  қағидаты 
бойынша  10  қүн  ішінде  тіркеледі.  Бүгінде  Қазақстанда  бизнес  -  қоғамдастық 
құптаған осындай жүйе енгізілді. 
Нарықтық  экономика  жағдайында  салық  саясаты  шаруашылықтың  тиімді 
нормаларын        марапаттау,        инвестиция       ағымын        және      несие       қорларын  
ынталандыру,  ӛндіріс  деңгейін  және  оның  рентабельділігін  кӛтеру  үшін  жағдай  
жасау. 
Кәсіпкерлердің  пікірінше,  жүргізіліп  жатқан  салық  саясаты  шағын  бизнес 
кәсіпорындарын  дамыту  үшін    қолайлы  жағдай  жасап  отырған  жоқ.      Әртүрлі 
ұйымдардың  Қазақстандағы  салық  салу  жүйесіне  жүргізген  нәтижесі  шағын 
бизнесті  дамыту  үшін  ынталадыру  шараларының  жоқтығын,  икемділігінің 
жеткіліксіздігін кӛрсетіп отыр[2]. 
      Кәсіпкерлер  жағынан  негізгі  шағым  салық  салу  қызметінде  болып  отыр. 
Салықтық  тәртіп  бірқатар  тәртіп  бұзушылықтармен  қолданылып  жүр.  Бұл 

72 
 
салықтық  тәртіпке  ӛзгертулерді  жиі  енгізу  және  заңдық  құжаттармен  және 
нүсқаулардың  шамадан  тыс  кӛп  болуымен  түсіндіріледі.  Кейбір  шағын 
кәсіпорындар  салықтық  заңмен  кӛрсетілген,  нақты  талаптарды  орындауына 
жұмсалатын  шығындарды  кӛтере  алмайды.  Бұл  Қазақстандық  кәсіпкерлердің 
алдында  тұрған  ғана  мәселе  емес.  Мысалы,  Украинада    Бүкіл  әлемдік  Банк 
тапсырысы бойынша жүргізілген зерттеуде шағын және орта бизнестегі салық салу 
мәселелесі  кӛкейкесті  болып  отыр.  Берілген  мәселенің  пайда  болуы  салық  салу 
және  жинау  мӛлшерлемесін  кӛбейту  емес,  бұл  салық  заңдылығына  жиі  ӛзгерістер 
енгізе  отырып,  салық  органы  шенеуніктерінің  арасында  жемқорлықтың  дамуы 
болып отыр. 
Салық  салу  мәселелесі  әртүрлі  формада  болады.  Соның  ішінде 
кәсіпкерлердің пікірі бойынша негізгілері болып келесілер табылады: 
-  тӛленетін салықтың кӛп болуы; 
-  бюджетке  түсетін  салық  салу  мӛлшерлемесінің  және  міндетті  жинақтарды   
кӛтеруі; 
-
 
нормативті-заңды базаның жетілдірілмеуі; 
-
 
салық  қызметінің  іс  әрекеттерімен  қарама-қайшы  пікір  туындаған 
жағдайда ӛз пікірін айтудағы  қиындық. 
   
Күшіне  енген  салық  заңдылығын  кәсіпкерлер  бюджетке  тӛленетін  салықты 
және  міндетті  жинақтарды  әдейі  тӛлемей  бас  тартуы  арқылы  бұзуы  мүмкін.  Ал 
кейбір  жағдайда  салық  заңына  енгізілген  ӛзгерістерге  уақытында  кӛңіл  аудара 
алмай қалуы мүмкін. Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту факторларын тӛмендегі 
сурет түрінде қарастырамыз. 
 
 
 
 
 
 
 
 
Шағын кәсіпорындар құру 
үшін мемлекет тарапынан 
берілетін  
несиелер мен субсидиялар 
Біріңғай салық заңдарын 
құру мен салық салудың 
ықшамдал ған жүйесін 
кеңінен қолдану 
Кәсіпорындарды тіркеу 
процедурасын 
жеңілдету 
Шағын кәсіпорындарды 
несиелейтін арнайы қорлар 
 мен институттарды құру 
Шағын кәсіпорындардың 
қызмет етуінің алғашқы 
жылдарында тӛмендетіл ген 
салық ставкаларын қолдану 
Меншікті бизнесін ашу 
мақсатында жұмыссыздарды 
ӛзіндік жұмыс бастылыққа 
кеңінен тарту 
Шағын кәсіпорындарға 
инвестициялар тарту және 
салық жеңілдіктерін беру 
Қызмет түріне байланысты 
табысқа салынатын салықтың 
сараланған ставкасын белгілеу 
Аймақтық модульдік кәсіби 
оқыту орталығының жұмысын 
жандандыру 
Лизингті және сақтандыру 
механизмін қолдану 
Депрессияланған аймақтарда 
жұмыс істеп, жаңа жұмыс 
орнын құрып отырган шағын 
кәсіпорын субъектілеріне 
қосымша жеңілдіктер 
кӛрсету 
Шағын кэсіпорындарды 
дамыту бойынша жергілікті 
аймақтық бағдарламаларды 
дамыту және жұмыссыздарға 
бизнес-тренингті жүргізуді 
дамыту 
 
Сурет 1- Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту  факторлары 
Қазақстандағы шағын бизнесті дамыту   факторлары 
 
Басқа да факторлар 
Салық салу  жүйесін 
жетілдіру 
Қаржы- несие 
механизімін жетілдіру 

73 
 
Қазақстандағы  шағын  және  орта  бизнесті  дамыту  факторларын  атайтын 
болсақ  онда  мына  тӛмендегі  жағдайды  кӛруге  болады.  Аталған  мәселелерді  салық 
заңнамасында шешу үшін мыналар қажетті болып келеді: 
-жаңа      ӛндірістік  -инновациялық      кәсіпорындарға      салық      салудың  ең 
жеңілдетілген режимін енгізу; 
-ӛндірістік  сектордағы  кәсіпорындардың  несиені  ӛтеу  кезінде  салық  салу 
процедурасын қайта қарау; 
-ынталандырушы   салық   режимін   орындау   жолымен   шағын   бизнеске 
жанама қаржылық кӛмек кӛрсету; 
-салық 
саясаты 
шағын 
кәсіпкерлік 
субъектілер 
санының 
ӛсуін 
ынталандырушы,  жұмыс  орындарының  ӛсуіне,  ӛндірілген  жұмыстар  мен 
кӛрсетілген қызметтердің экономикалық реттеушісі болуы керек. 
      Шағын бизнес субъектілерінің жұмысына кедергі болатын мәселелердің екінші 
түрі  -  жалпы  экономикалық  жағдайдың  тұрақсыздығы.  Яғни,  АҚШ  доллары 
бағамының  тез  ӛзгеретіндігі,  макроэкономикалық  жағымсыз  әзгерістерге 
байланысты  инфляция  және  жоғары  тәуекелдер,  әлемдік  қаржы  дағдарысының 
орын алуы және т.б. 
        Үшінші  орында  кәсіпкерлер  несиені  алу  кезінде  туындайтын  киыншылықтар 
мәселесі.  Шағын  кәсіпкерліктің  дамуына  кедергі  келтіріп  тұрған  бұл  мәселе 
субъектілердің ӛзінің инвестициялық және айналымдағы мұқтаждарын қамтамасыз 
ету  үшін  жеткілікті  қаржы  ресурстарының  жоқтығы  болып      табылады.      Шағын 
бизнестің  алдында  тұрған  ең  негізгі  мәселенің  бірі  несиелік  ресурстарға  шығу 
жолының қиындығы. 
Тӛртінші  мәселе  -  шикізатпен  қамтамасыз    етілуі  мен  ӛнімді  ӛткізуі.  Ӛнімді 
ӛткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі -басекелестік 
ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкерліктің дамуына кері  әсер ететін басқа да 
факторлар  шағын  кәсіпкерліктің  қызметін  реттейтін  колданыстағы  заңнамадағы  
нормалардың  жетілдірілмеген  және  кей  жағдайда  нақты  нормалардың  болмауы 
болып табылады. 
Шағын  бизнесті  дамытудағы  және  жұмысбастылық  мәселесін  шешудегі 
мемлекеттік  саясатты  жасап,  жүргізу  үшін  жоғарыдағы  факторларды  бӛліп 
кӛрсетуге  болады.  Аталған    факторлар  ӛз  кезегінде  шағын  бизнестің  дамуын 
тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік беред[3]. 
 
Шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың  негізгі  мақсаты  олардың  әлеуметтік-
экономикалық  қызметін  тиімді  атқаруына  мүмкіндіктер  жасап,  ӛмір  сүру 
мерзімінің  неғұрлым  ұзаруына  ықпал  ету.  Біздің  пікірімізше,  мемлекеттік 
колдаудың бағыттары бойынша бірнеше нақты шараларды іске асыру қажет. 
-  Шағын  кәсіпкерліктің  мүдделерін  қорғайтын  салық  реформасын  жасау 
керек,  атап  айтқанда,  біріншіден,    экономиканың  бұл  секторына  мемлекет 
тарапынан  таза  фискальдық  кӛзқарасты  ӛзгерту  болса,  екіншіден,  тиімді 
инвестициялар  тарту үшін салық жеңілдіктерін енгізу. 
-Кәсіпкерлерді  мемлекет  қылмыстық  құрылымдардан  қорғауы  тиіс.  Сонымен 
қатар,  кәсіпкерлер  ӛздерінің  қоғамдық  ұйымдарын  мемлекеттік,  аймақтық, 
жергілікті    деңгейлерде  құрып,  ӛз-ӛздерін  кәсіби  жүйе  арқылы    қорғалуы.  Құқық 
қорғау органдары мен кәсіпкерлердің қоғамдық бірлестіктерінің арасындағы тығыз 
қарым-қатынасты жан-жақты қолдап-қорғаған жӛн. 
-  Шағын  кәсіпкерлікті  құқықтық  қолдауда  қолданыстағы  заң  құжаттары 
талаптарының  сӛзсіз  орындалуын  және  олардың  мазмұнының  ведомстволық 
ережелермен бұрмаланбауын қамтамасыз ету қажет. 
-  Кәсіпкерлердің  тауар  ӛткізу  нарығын  кеңейту  үшін  мемлекет  мүқтаж 

74 
 
ӛнімдерді шығаруға оларды тікелей қатыстыру керек. Мемлекет мұқтаж ӛнімдерді 
шығаруға  шағын  кәсіпкерлік  нысандары  үшін  міндетті  тұрдегі  кіші  квота  енгізу  - 
тауар ӛткізу нарығындағы шағын кәсіпорындардың тұрақтылығын нығайта түседі.  
-Шағын кәсіпкерлікке қаржылық жәрдем беретін арнайы  қаржылық қорларды 
құру.  
-  Әділетті  бәсекелестік  орнату,  тұтынушылар  құқығын  қорғау,  осыларды  іс-
жүзінде  жетілдіру  үшін  республика  бойынша  шағын  кәсіпкерлікті  қолдаудың 
жүйесін жасау. 
Шағын  және  орта  бизнесті  қаржыландыру  үшін  несиелеудің  жаңа 
схемаларына кӛшіп, инвестициялық климатты дамыту керек. Шағын кәсіпкерлікті 
қолдау  мен  дамытудың  қажетті  инфрақұрылымдарын  құру  мағынасы  терең 
мәселе[4]. 
Республикалық  деңгейдегі  шағын  кәсіпкерлікті  қолдау  құрылымдары 
құқықтық  нормативтік  және  әдістемелік  кӛмек  кӛрсетіп  қоймай,  аймақтық,  және 
жергілікті  деңгейдегі  қолдау  кұрылымдарына  тікелей  қаржылар  аудару  арқылы  да 
жәрдемдесуге  тиіс.  Республикалық  шағын  кәсіпкерлікті  дамыту  шараларын 
жетілдіру үшін: 
-
 
салықтық  есеп  қағидалары  мен  тӛлеу  процедуралары,  салық  салу  базасын, 
салықтың  түрлерін  анықтауға  қатысты  салық  заңдарына  ӛзгерістерді  жылына  бір 
реттен  жиі  емес  мемлекеттік  бюджетті  қабылдауға  байланысты  енгізуді  шектеу 
және оны қүнтізбелік жыл басына енгізу; 
-
 
қаржы  операцияларын  қолма-қолсыз  есеп  айырысу  жӛніндегі  барлық  каржы 
операцияларын жүргізуге мұрындық болатын салық ставкаларын азайту және соған 
сәйкес тиісті салықты тӛлеуді жетілдіру; 
-
 
несие  беру  мерзімдерін  ұзарту  және  аймақтық  мәні  зор  шағын  ӛндірістік 
кәсіпорындар үшін пайыздық ставкаларды тӛмендету арқылы отандық ӛндірістерді 
ынталандыру және сапасы тӛмен арзан қолды тауарларды тасып әкелуге тосқауыл 
қою; 
-
 
шағын  кәсіпкерлікті  несиелендіру  механизмдерін  жетілдіру  үшін  -тизингтік 
несиелерді,  венчурлық  қаржыландыру,  факторинг,  сонымен  бірге,кепілдік 
қорларды құру және ӛзара несиелендіруді қалыптастыру қажет. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   49




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет