Әдебиеттер
1. А.Н. Ағыбаев. Қылмыстық құқық ерекше бӛлім. Алматы, 2001ж.
2. Ю.В. Баулин. Основания необходимой обороны. Харьков, 1991 г.
3. И.И. Рогов. Законотворческий процесс в Республике Казахстан: состояние и проблемы.
Алматы, 1997 г.
4. В.Л. Ткаченко. Необходимая оборона по уголовному праву. М , 1979 г.
5. Т. Орешкина. Спорные вопросы института необходимой обороны. Уголовное право,
1998 г, N3.
ӘОЖ 343.3/.7
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҦҚЫҚ БҦЗУШЫЛЫҚ КӚПТІГІ РЕТІНДЕ ҚЫЛМЫСТЫҢ
ҚАЙТАЛАНУЫН САРАЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сартбаева У.К., Базарбекова М.
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В настоящей статье рассматриваются проблемы квалификации при повторностью
преступлении как множественность преступлении
Summary
This article discusses the problems of qualification with a plurality of re-offending crime
2015 жылы 30 қарашада Қазақстан Республикасының президенті елбасы Н.Ә.
Назарбаевтың қазақстан халқына жолдауында дағдарыстардың бәрі ӛткінші, ӛтеді
де кетеді. Ел тәуелсіздігі, ұлт мұраты, ұрпақ болашағы сияқты ұлы құндылықтар
ғана мәңгі.
Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік Ел болу үшін бізде бәрі бар.
Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз
жарқын! Біздің тірегіміз – тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!
[1].
Кӛптік қылмыстар бойынша саралау жүргізуде «кінәліде бір қылмысты жасау
мақсаты» болған, болмағанын анықтау маңызды деп түсіну керек. Ӛйткені әр біреуі
аяқталған қылмысты білдіретін әрекеттер бір неше рет жасалғанда, кӛптік
қылмыстар ретінде бір неше рет қайталанған қылмыс деп бағалау керек пе немесе
жеке қылмыс ретінде ірі мӛлшерде зардап келтіру деп саралау жасау керек пе деген
сұрақ туындайтынын жоғарыда келтірдік.
Мұндай жағдайларда қылмыскерде ірі зардап келтіру немесе ірі мӛлшерде
37
пайда табу мақсаты болса, онда әр қайсысы аяқталған қылмысты білдіретін бір
неше рет жасалған әрекет заң бабында келтірілгенде бір қылмыс ретінде бағалануы
керек.
Кӛптік қылмыстар мен жекелеген қылмыстардың айырмашылығын анықтау
туралы мәселе жеке қылмыстардың бір кӛріністерін білдіретін созылмалы және
жалғаспалы қылмыстарда да пайда болады. Ӛйткені жалғаспалы және созылмалы
қылмыстарда кӛптік қылмыстарға ұқсастық байқалады. Бұл ұқсастық әсіресе
жалғаспалы әрекеттерден құралатын қылмыспен бір неше рет қайталанған
қылмыстардың арасында кездеседі деуге болады.
Жалғаспалы және созылмалы әрекеттердің қылмыстың кӛптілігінен негізгі
айырмашылығыда
жекелеген
қылмыстар
мен
кӛптік
қылмыстардың
айырмашылығымен бірдей анықталады, ол бір қылмыс субъектісінің бойындағы
қылмыс құрамдарының кӛлемінде болып табылады. Созылмалы және жалғаспалы
әрекеттер жиынтығында бір қылмыс ретінде бағаланады және созылмалы
қылмыстарда қылмысты болып саналатын уақыт жиынтығы, ал жалғаспалы
қылмыстарда қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің қосындысы бір қылмыс уақиғасы деп
бағалануға жатады [2].
Созылмалы қылмыстарда қылмыстың аяқталу уақытыаң баптарының ӛзінде
тікелей кӛрсетілуі де, кӛрсетілмеуі де мүмкін. Егер қылмысты болып табылатын
белгілі бір әрекет немесе әрекетсіздік жасалғаннан кейін қылмыстың аяқталу
уақыты баптың ӛзінде тікелей кӛрсетілсе, онда созылмалы іс-әрекеттің аяқталу
уақыты осы мерзімнің ӛтуімен анықталады. Мысалы 136 баптағы «балаларын
немесе еңбекке жарамсыз ата-анасын асырауға арналған қаражатты тӛлеуден әдейі
жалтару» қылмысында қаражатты тӛлемегеніне үш айдан астам уақыт ӛтсе қылмыс
болып табылатыны баптың диспозициясында келтірілген.
Егер қылмысты болып табылатын созылмалы іс-әрекеттің аяқталған
қылмысты білдіретін уақыты баптың ӛзінде тікелей кӛрсетілмесе, онда осы
қылмысты түсінуге, арналған ӛзге нормативтік актілерге сүйену керек.
Кейбір материальдық құрамдар созылмалы қылмыстарға ұқсайды. Мұнда
қауіпті іс-әрекет ауыр зардаптарға соқтырғанда ғана қылмыс аяқталды деп
саналады.
Жалғаспалы қылмыстарда бір тектес немесе бірдей әрекеттер жасалып, олар
кінәлінің қылмысты мақсатына дейін орындалғанда немесе заңның ӛзінде тікелей
кӛрсетілген зардап кӛлеміне жеткенде қылмыс аяқталды деп бағаланады.
Сондықтан жалғаспалы қылмыстарда әр бір іс-әрекетті жеке алғанда, ол
аяқталған қылмысты білдірмейді немесе мұндай жеке-жеке әрекеттердің қоғамға
қауіптілігі елеусіз болып кӛрінеді.
Жоғарыда жалғаспалы қылмыстардың аяқталу кезеңі «кінәлінің қылмысты
мақсатына» байланысты бола алады дедік. Бұл бір қылмыстық мақсатқа жету үшін
жасалған әрекеттер толық орындалмағанда қылмысқа оқталу ретінде
бағаланатынына байланысты деп түсіну керек. Мысалы завод жұмысшысы белгілі
бір мүлікті бӛлшектеп ұрлауы мүмкін. Мұндай жағдайда осы мүліктің соңғы
бӛлшегін ұрлағанда ғана аяқталған қылмыс ретінде саралауланады, ал соңғы
бӛлшегін ұрлағанға дейін әрекет кінәлінің еркіне тәуелсіз себептермен аяғына дейін
жетпесе, онда қылмысқа оқталу ретінде бағаланады.
Жалғаспалы қоғамға қауіпті іс-әрекеттердің аяқталу уақыты заң баптарында
тікелей кӛрсетілуі де кездеседі.
Сонымен, кӛптік қылмыстар дегеніміз, бір адамның қоғамға қайшы іс-
әрекеттерінде қылмыстық заңмен қарастырылған бір неше қылмыстық
құрамдардың орын алуы болып табылады.
38
Кӛптік қылмыстардың қылмыстар жиынтығы, бір неше рет қайталанған
қылмыстар және қылмыскердің қайталануы (рецидив) деген түрлері бар.
Бұлардың әр қайсысының ӛзіндік ерекшелігіне қарай қылмысты саралаулау
кезінде жеке ережелер қолданылады.
ҚР Қылмыстық кодекстің 14 бабына сәйкес, «Егер адам бұрын ауыр жасаған
қылмысы үшін бас бостандығынан айыруға сотталған болса, осы адамның ауыр
қылмыс жасауы қылмыстардың қайталануы деп танылады». Қылмыстық заң
қылмыстың қайталануының үш түрін келтіреді: жай, қауіпті және аса қауіпті. 14
баптың 1 бӛлімінде қылмыстың жай қайталануының түсінігін бере отырып, жалпы
қылмыстың қайталануының да анықтамасын осы түсінік кӛлемінде қарастырған.
Ал бұл түсінікті кеңірек мағынада қарастырсақ, онда қылмыстың қайталануы
дегеніміз, бұрын қасақана қылмысы үшін сотталған немесе соттылық мерзімі
ӛтпеген адамның қайталай қасақана қылмыс жасауын білдіреді. Қылмыстық
құықық теориясында қылмыстың қайталануының түсінігі және оның түрлері даулы
мәселе болып саналады.
ҚК 14 бабының 2 және 3 бӛлімдерінде қылмыстың қауіпті және аса қауіпті
қайталануы түрлерін анықтау негізі ретінде қылмыстардың қоғамға қауіптілік
санаттары алынған [3].
Қылмыстық құқықта қылмыстың қайталануының басқа да түрлері келтірілген.
Мысалы жалпы және арнайы қайталану, пенитенциарлық қайталану деген
ұғымдар кездеседі. Жалпы қайталану ретінде бұрын қасақана қылмыс жасаған,
соттылығы бар адамның кез-келген қасақана қылмысты жасауы алынады. Яғни
қылмыстың қайталануының бұл түрі кез-келген қасақана қылмыстардан құрала
алады.
Арнайы қайталану дегеніміз, қылмыс жасағаны үшін сотталған адамның
кейіннен қайтадан сол қылмыс түрін немесе соған ұқсас қылмыс түрін жасауы
болып табылады.
Пенитенциарлық қайталану дегеніміз, бұрын бас бостандығынан айыру
жазасын ӛтеген адамның, кейіннен тағы да қылмыс жасағандығы үшін бас
бостандығынан айыру жазасына сотталуы болып табылады. Яғни екі рет бас
бостандығынан айыру жазасын ӛтеген адамдар пенитенциарлық қылмыстың
қайталануы деп танылады [4].
Қылмыстың қайталануының қылмысты саралаулауға әсері қылмыстық заң
нормаларының осы белгіге арнайы бӛлім арнауына немесе жауаптылық белгілеуіне
қарай болады. Сондықтан ҚК 14 бабы жоғарыда айтқандай қылмыстың
қайталануын жай, қауіпті, аса қауіпаті деп үш түрге бӛлгенмен, қылмыстық заңның
Ерекше бӛлім нормаларында ӛзге де қайталану түрлері, мысалы арнайы қайталану
кездеседі.
Арнайы қайталанудың қылмысты бір неше рет жасаудан айырмашылығы, бір
баппен, оның бӛлімімен қарастырылған қылмысты бір неше рет жасауда кінәлі
адам жасаған қылмыстары бойынша жауаптылық ӛтемеген немесе жауаптылыққа
тартылмаған болса, ал арнайы қайталауда бірдей немесе бір тектес қылмыстарды
жасаған адамның бұрынғы осындай қылмыстары бойынша сотталған адам деген
атағы болады.
Бір айта кететін жәйт, ол бұрын сотталған адамның ҚК 79 бабында
белгіленген соттылық мерзімдері ӛтіп кеткеннен немесе алынып тасталғаннан
кейін, қайтадан қылмыс жасаса, онда қылмысты қайталау деп бағаланбайды.
Бұл тіпті бұрынғы жасаған қылмысымен байланысты немесе ұқсас болғанда
да осы ереже сақталып, бұрын сотталған адам деп танылмайды.
Мысалы Б. ӛз ара жанжал үстінде А-ның кеудесіне қасақана пышақ ұрып,
39
нәтижесінде оның денсаулығына ауыр дәрежелі зардап келтіреді. Келесі күні Б.
бұрын талан-тараж қылмыстарын жасағандығы үшін екі рет сотталған бола
отырып, С-тің пәтеріне заңсыз кіріп 74770 теңге сомаға ұрлық жасаған.
Шымкент қаласы Абай аудандық сотының үкімімен Б. ҚР ҚК 106 бабының 1
бӛлімімен, 188 баптың 3 бӛлімінің «в» пунктімен сотталған.
Оңтүстік Қазақстан обылыстық сотының қылмыстық істер бойынша алқасы
сот үкімінен қылмыскердің әрекеттерін қауіпті қайталану деп тану туралы бӛлімді
алып тастап, үкімнің қалған бӛліктерін ӛзгеріссіз қалдырған.
Сондықтан Б. бұрын талан-тараж қылмыстары бойынша екі рет емес, бір рет
сотталған деп танылып, 188 баптың 3 бӛлімінен 2 тармағымен бірнеше рет қылмыс
жасағандықты және тұрғын үйге кіріп қылмыс жасауды білдіретін «б,в»
пункттерімен қайта сараланған [5].
Қылмыстың қайталануын абайсыздықпен жасалған және 18 жасқа толмай
тұрып жасаған қылмыстары құрамайтынын ӛткен бӛлімде ескерттік. Мұның себебі
қылмыстың қайталануы деген құқықтық бағалау түрі, адамның кінәсі мен
жауаптылығын ауырлататын белгі болып табылады.
Бұл белгі ҚК 54 бабында жауаптылықты ауырлатушы белгі ретінде
келтірілген және бұрын сотталғандық Ерекше бӛлімнің баптарында ауырлататын
немесе аса ауырлататын құрам ретінде кейбір баптардың арнайы бӛлімдерінде
қарастырылған. 18 жасқа толмаған адамның ақыл-есі әлі толық жетілмеуіне, оларда
ұшқалақтық, жеңілтектік мінез кӛп кездесуіне байланысты, сол сияқты
абайсыздықпен қылмыс жасаған адам мұқият, тыңғылықты немесе сабырлы
болмауына байланысты қылмысты әрекеттер жасаған адам болуы мүмкін.
Мұндай адамдардың жалпы қоғамға қауіптілік дәрежесі 18 жасқа толғаннан
кейін немесе қасақанана қылмыс жасаған адамдарға қарағанда ауыр немесе қауіпті
деп бағаланбайды.
Қылмыстың қайталануы бойынша саралау ережесі қарапайым деуге болады,
ӛйткені қылмыстың қайталануы Ерекше бӛлім баптарының бӛлімдерінде арнайы
келтірілгенде және қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы
болғанда ғана саралауға әсер етеді.
Ал егер қылмыскердің бұрынғы қылмыстары бойынша соттылығы болғанмен,
ол айыпталып отырған баптың бӛлімдері қылмыстың қайталануын жауаптылықты
ауырлататын құрам түрінде қарастырмаса, онда қылмысты саралаулауға әсер
етпейді және іс-әрекет негізгі бӛлім бойынша бағаланады, бірақ жаза, жауаптылық
белгілеу кезінде кінәні ауырлататын белгі ретінде қолданылуы мүмкін.
Мүмкін деп отырған себебіміз, адам кінәні жеңілдететін жағдайда қылмыс
жасаған болса, (мысалы бұрын сотталған адам қажетті қорғану шегінен шыға
отырып қылмыс жасағанда) сот жазаны немесе жауаптылықты жеңілдетіп
белгілеуге құқылы.
Әдебиеттер
1. Мемлекет басшысы Н.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. 2015 жылғы 30
қараша.
2. Кочои С.М. Уголовное право. Общая часть, М. , 2006. 91- бет.
3. Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексі. – Алматы: ЮРИСТ, 2015. – 204 б.
4 . Шнайдер Г.И. Криминология. М., 1994. 164- бет.
5. Судебная практика по уголовным делам Верховного Суда Республики Казахстан 2005-
2010. 43-бет.
40
ӘОЖ 347.02
АЗАМАТТАРДЫҢ ҚҦҚЫҚТЫҚ ҚАБІЛЕТТІЛІГІ МЕН ӘРЕКЕТ
ҚАБІЛЕТТІЛІГІНІҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сабирова А.И.
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Способность закона - право быть субъектом прав и обязанностей.Улучшение здоровья граждан,
что нет способности управлять и сообщать свои действия, суд признает способность
действовать на нем.
Summary
The ability of the law - the right to be the subject of rights and obyazannostey.Uluchshenie health of
citizens, there is no ability to manage and report their actions, the court recognizes the ability to act on it.
Құқық қабілеттіліктің жалпы түсігігі заңда кӛрсетіледі, яғни ол ҚР азаматтық
кодексінде 13-бабында кӛрсетілген. Құқық қабілеттілігі дегеніміз – азаматтың
құқықтар мен міндеттерді иемдену қабілеті болып табылады. Осыған сәйкес құқық
қабілеттілік- осы құқықтар мен міндеттердің субъектісі болу қабілетін білдіреді
және заңмен қарастырылған кез- келген құқық немесе міндетке ие болуы
мүмкіндігі мағынасында болады. Бұл категорияның маңызы сол тек құқық
қабілеттілік болған жағдайда ғана басқа нақты субъективті құқықтар мен міндеттер
болады. Құқық қабілеттілік құқықтар мен міндеттердің пайда болуы және сол
арқылы олардың жүзеге асуына қажетті жалпы алғы шарт болып
табылады.Азаматтар құқық қабілеттілігін меңгере отырып, әр түрлі құқықтарды ала
алады, сол арқылы ӛзіне әртүрлі міндеттерді жүктейді, құқық қабілеттілік
мазмұнының жиынтығын құрайды. Құқық қабілеттілік мемлекеттің барлық
азаматтарына танылады. ол туылу сәтінен бастап пайда болып, қайтыс болу
жағдайында
тоқтатылады.
Сәйкесінше
құқық
қабілеттілік
адамнан
ажыратылмыйды, ол ӛзінің бүкіл ӛмірі бойы жас шамасы мен денсаулығына
қарамастан құқық қабілеттілікке ие болады. Бірақ ол жерде құқық қабілеттілік кӛру,
есту сияқты адамға тән табиғи қасиет деген нәтиже шығаруға болмайды. Құқық
қабілеттілік туылу сәтінен пайда болғанымен, табиғи жолмен пайда болмайды. Ол
заң күші бойынша пайда болады, яғни қоғамдық – заңды қасиет, белгілі бір заңды
мүмкіндік деген мағынанны білдіреді. Бізге тарих бойынша белгілі бір кездерде
кӛптеген адамдар топтары сол кездегі заңдар бойынша құқық қабілеттілікпен толық
немесе толық дерлік айырылған. Мысалы: құл иеленушілік құрылыстағы
құлдар.Заң әдебиеттерінде құқық қабілеттілік азаматқа тән белгілі бір қасиеттер
ретінде қарастырады. Заңда кӛрсетілгендей, бұл қасиет құқықтар мен міндеттерге
ие болу қабілеті ретінде болады. Ал қабілет дегеніміз заңды мүмкіндік деген
мағынада яғни тұлға құқықтар мен міндеттерге ие бола алады. Мұндай мүмкіндік
заңмен қарастырылып және қамьтамасыз етілгендіктен ол әрбір нақты тұлғаның
белгілі бір субъективті құқық мағынасын береді. ―Құқық қабілеттілік – бұл
құқықтар мен міндеттердің субьектісі болу құқығы‖ деп жазған Братусь С. Н. Осы
құқыққа сәйкесінше міндеттемелер де бар. Айта кететін маңызды мәселенің бірі
құқық қабілеттілік нормалары заңдарда басқа да субьективті құқықтармен
ажырамас байланыста болады., себебі, азаматтық құқық қабілеттілік болмаса
ешқандай азаматтық субъективтік құқықтардың болуы мүмкін емес.Егер құқық
қабілеттілік субъективтік құқық ретінде болса, енді оның басқа субъективті
құқықтардан ерекшеліктері мен айырмашылықтарын кӛрсету керек.Басқа
41
субъективті құқықтардан айырмашылығы ең бірінші ӛзіне тән, жеке мазмұнда. Ол
мазмұн заңда қарастырылған азаматтық құқықтар мен міндеттерге ие болу қабілеті
болып табылады.Екінші айырмашылығы оның бағытталуында. Ол әрбір азаматқа
нақты азаматтық құқықтар мен міндеттерді иемденуге заңды мүмкіндікпен
қамтамасыз етуге бағытталған. Осы мүмкіндіктерді пайдалана отырып, ол
қажеттіліктерін қанағаттандырады және мүддесін жүзеге асырады.Үшінші
айырмашылығы құқық қабілеттілік пен оған иелік етуші тұлға арасындағы тығыз
байланыста. ӛйткені заң бойынша құқық қабілеттілікті жоққа шығаруға немесе
біреуге беруге рұқсат бермейді. Сонымен Азаматтық құқық қабілеттілік – ол әрбір
азамат ие болатын және оның ажырамас құқықғы. Ал оның мазмұны заңмен рұқсат
етілген кез-келген құқықтар мен міндеттерге ие болу мүмкіндігіне болады.Құқық
қабілеттілікті субъективтік құқық ретінде оны жүзеге асырудан кейін пайда болған
нақты субъективтік құқықтармен алмастыруға болмайды.
Құқық қабілетті болу әлі де болса заңмен қарастырылған және рұқсат етілген,
фактілі, нақты құқықтар мен міндеттерге ие болу деген сӛз емес. әдебиеттерде
белгіленгендей құқық қабілеттілік – бұл құқық иемденудің негізі, оның алғы
шарты. Заң әрбір азаматқа кӛптеген мүліктік және жеке мүліктік емес құқықтарға
ие болу мүмкіндігінен белгіленген, бірақ нақты бір азамат осы құқықтардың
барлығын иемдене алмайды, ол тек осы құқықтардың жеке бӛліктеріне ғана ие
болады.Мысалы: Әрбір адам ойлап табуға авторлық құқыққа ие бола алады, бірақ
ӛмірде ол құқық кӛптеген адамдарда жоқ. Нақты субъективті құқықтарға иелік ету
мен оларды пайдалану ол құқық қабілеттілікті жүзеге асыру деген сӛз.
Азаматтардың құқық қабілеттілігінің мазмұнын заң бойынша азамат ие бола алатын
мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттер құрайды. басқаша айтқанда,
азаматтық құқық қабілеттіліктің мазмұнын құқықтардың ӛзі емес, ол құқықтарға ие
болу мүмкіндігі болып табылады. ҚР азаматтары ие бола алатын мүліктік және
жеке мүліктік емес құқықтардың негізгі мазмұны ҚР азаматтық кодексінің 14-
бабында кӛрсетілген. Олар: азамат ҚР шегінде де, одан тыс жерлерде де мүлікті,
соның ішінде шет ел волютасын меншіктенуге; мұра алып, мұра қалдыруға;
республика аймағында еркін жүріп тұруға және тұрғылықты жер пайдалануға,
республикадан тыс жерлерге еркін шығып кетуге және қайтып оралуға; заңмен
тыйым салынбаған кез келген қызметпен айналысуға; дербес ӛзі немесе басқа
азаматтармен және заңды тұлғалармен бірігіп заңды тұлға құруға; заң тыйым
салмаған кез келген мәмілелер жасап , міндеттемелерге қатысу; ӛнертабыстарға,
ғылым , әдебиет және ӛнер шығармаларына, интелектуалдық қызметтің ӛзге де
туындыларына интелектуалдық меншік құқығы болуға, материалдық және
моральдық зиянның орнын толтыруды талап етуге құқығы болады; басқа да
мүліктік және жеке құқықтары болады. Бірден және кездейсоқ пайда болмаған бұл
сауалдарға жауапты жауапкершілік теориясындағы қиғаштық себептерін
мемлекеттік құбылыстың тарихи тәжірибелерінен, басқарудың ӛміршеңдік,
биліктік-әкімшілік, бюрократтық тәсілдерінің белең алу практикасынан іздеу керек.
Біздің құқықтық жүйеміздің қазіргі реформалары ең алдымен оны орнықтыру
тәсілдерін жаңғыртуды кӛздейді.[1]
Азаматтық кодекстің 8-бап 4-тармағы бойынша азаматтар ӛздеріне берілген
құқықтарды жүзеге асырған кезде адал, парасатты және әділ әрекет жасау керек деп
кӛрсетілген. Бұл міндетті келісім шарт арқылы жоққа шығаруға немесе шектеуге
болмайды. Азаматтардың басқа жаққа зиян келтіруге , құқықты басқа түрлерде
қиянат жасап пайдалануға , сондай-ақ құқықты оның мақсатына қайшы келетіндей
етіп жүзеге асыруға бағытталған әрекеттеріне жол берілмейді. ҚР азаматтарының
республика территориясынан еркін шығу құқығының жүзеге асуы сәйкесінше сол
42
мемлекеттің заң нормалары және халықаралық жеке меншік құқықты есепке ала
отырып, соларға сәйкес жүзеге асырылады. Сонымен қатар құқық қабілеттілік
мазмұны бойынша шексіз деп айту қате болады. Басқа да кез келген субъективті
құқықтар сияқты оның да кейбір шектері бар. ―Кез келген субъективтік құқық,
құқылы тұлғаның жасауы мүмкін әрекеттің түрткісі бола отырып ӛзінің мазмұны
мен оның жүзеге асу түрлері бойынща белгілі бір шектері болады‖. Бұл шектеулер
мен жағдайларды кӛрінісін тапқан яғни, азамат заң актілерімен тыйым салынбаған
барлық, кез келген іс әрекетпен айналыса алады және кейбір құқықтарға иелік етуге
тікелей тыйым салынады. Әрбір азамат азаматтық құқықтық қабілетке толық
кӛлемде ие болады. Тек ерекше жағдайларда ғана заң актілері мен тікелей
қарастырылған жеке бір шектеулер болуы мүмкін. Құқық қабілеттілікті шектеу
мүмкіндігі тек заң актілері арқылы және ерекше жағдайларда болатындығы ҚР
Конституциясының 39-бап 1- тармағынан келіп шығады.
Азаматтық құқық қабілетке сипаттама беру үшін заңмен бекітілген
азаматтардың тең құқылы екендігі үлкен мәнге ие болады. Конституциялық
нормалармен қарастырылған азаматтардың тең құқықтығы азаматтардың құқық
қабілеттілігінің теңдігі деген мағынаны береді. Бұл жағдай азаматтық кодекстен
келіп шығады. Азаматтық кодекстің 13-бабында азаматтық құқық қабілеттілік
барлық азаматтарға бірдей танылады деп кӛрсетілген. Осыған сәйкес заң бойынша
барлық азаматтар мазмұны бойынша тең құқық қабілеттілікке ие болады және
құқықтарды иелену қабілетіне ешкім артықшылық пен жеңілдік иемдене алмайды.
ҚР азаматтары шығу тегіне , қоғамдық және мүліктік жағдайына, жынысы , білімі,
тілі, дінге кӛзқарасы, саяси және басқа сенімі, айналысатын қызметінің түрі мен
сипатына, тұрғылықты жеріне және басқа жағдайларға қарамастан толық тең
құқылы деп танылады. Кейбір азаматтардың ( кәмелетке толмағандар, психикалық
аурулар ) нақты немесе тікелей заңның кӛрсетуімен жеке құқықтар мен міндеттерге
ие бола алмауын құқық қабілеті теңдігі принципінен ауытқу деп кӛрсетуге
болмайды. Мысалы, мұраға қалдыру құқығы немесе кооператив мүшесі
мазмұнының элементтеріне ие бола алмайды. Ол бойынша адамның және
азаматтық құқықтары мен бостандықтары конституциялық құрылыста қорғау,
қоғамдық тәртіп, адамдық құқықтары мен имандылығын сақтау мақсатында
қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін. Азаматтық құқық
қабілеттілігі оның ӛмір сүруінен бӛлінбейді және оның ӛзіне тән жеке қасиетеріне
тәуелсіз болады. Сондықтан құқық қабілеттіліктен айыруға заңмен тыйым
салынған. Құқық қабілеттілігінің тек кейбір кӛріністері ғана және белгілі бір
мерзімге шектелуі мүмкін. Мысалы үшін қабылданған заң бойынша қылмысты
жасағаны үшін, құқық қабілеттілігінің белгілі бір кӛріністері шектеледі. Бұл
шкетеулер жазалау шарасы белгіленеді. Құқықтық қабілеттілікті шектеу
сәйкесінше әр түрлі қабілеттілікті де шектеу дегенді білдіреді. Мысалы, ӛндірістік
кооперативтің мүшесі болып тек он алты жасқа толған кезле және кооператив
қызметіне жеке ӛзі еңбегімен қатыса алатын тұлға бола алады. Азаматтық құқық
қабілеттілігі адамдардың ӛмір сүруінен бӛлек ажыратылмайды. Адам туылған
сәтінен ӛлгенге дейін құқық субьектісі болып табылады. Азаматтың ӛлімі деп тек
қана нақты ӛлім жағдайында ғана емес, сонымен қатар заңмен белгіленген ретте
азаматты ӛлді деп жариялауда саналады. Азаматтық құқық қабілеттілігі оның ӛлімі
жағдайында тоқтатылады.
Азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеу тек заңмен қарастырылған реттерде
ғана мүмкін болады. Бұл дегеніміз азамат ӛз әрекеттерімен заңға сәйкес иемдене
алатын және жүзеге асыра алатын құқықтар мен міндеттерді жүзеге асыру
қабілетінен айырылады. Яғни тұлғада болған әрекет қабілеттігінің кӛлемі
43
кішірейеді. Толық әрекет қабілеттілігі бар тұлғаның да толық емес әрекет
қабілеттілігі бар тұлғаның да әрекет қабілеттілігі шектелуі мүмкін. Кәмелетке
толмағандардың толық емес әрекет қабілеттілігінің шектелуі қорғаншылық және
қамқоршылық мекемелерінің шешімі бойынша ғана жүргізіледі. Ол мекеме бұл
шешімді не жеке ӛзі не қоғамдық мекемелерден басқа да мүдделі тұлғалардан ( ата-
анасы, асырап алушысы, қамқоршысы және жақын туыстарының ) сұрауы бойынша
қабылдайды. Кӛрсетілген мекемелер мен тұлғалардың мүдделілігі тек қана
кәмелетке толмаған тұлғалардың ӛз ақшаларына дұрыс билік жасай алмауы белгілі
біреудің мүліктік мүддесіне қатысты болуында ғана емес сонымен қатар ең
бастысы кәмелетке толмаған тұлғалардың теріс әрекеттері оның дамуы мен
тәрбиесіне қоршаған ортаны тануының қалыптасуына зиянын тигізеді. Яғни,
қоғамдық мүддеге қарсы болады. ҚР Азаматтық кодексінің 23-бабының 3-
тармағында кӛрсетілгендей кәмелетке толмағандардың ӛз отбасы не стипендиясына
билік ету құқығы оған жеткілікті дәрежеде негіздер болған жағдайда шектелуі
немесе құқығынан айырылуы мүмкін. Бұндай негіздерге заңға және моральдық
нормаларға қарама-қайшы мақсаттарға ( спирттік ішімдік, есірткі заттар сатып алу,
құмар ойындары және т.б ) ақшаны жұмсау немесе ақшаны бей берекет жұмсау
жатады.[2]
Қорғаншылық және қамқоршылық мекемесі кәмелетке толмаған тұлғаның
табысы немесе стипендиясына билік ету құқығынан мүлдем айыруы немесе
шектеуі мүмкін. Бұндай белгілі бір шешімді қабылдау кәмелетке толмаған
тұлғаның табысы мен стипендиясына билік ету негізіндегі қателіктернінің
ауырлығы және оның жаман әдеттері қаншалықты қалыптасқандығына
байланысты. Осындай шешімнің негізінде табыс толық немесе бӛлшектеу арқылы
кәмелетке толмаған тұлғаның ӛзіне емес , қорғаншылық және қамқоршылық
мекемелерінің шешімінде кӛрсетілген тұлғалар яғни, ата-анасы, асырап алушысы
немесе қорғаншысына беріледі. Егер қорғаншылық және қамқоршылық мекемелері
шешімінде белгілі бір мерзім кӛрсетілсе онда сол мерзім ӛткеннен кейін кәмелетке
толған тұлғалардың толық емес әрекет қабілеттілігі бұрынғы кӛлемі қайта қалпына
келтіріледі. Ал егер мерзім кӛрсетілмесе онда шешімнің күші кәмелетке толмаған
тұлға 18-жасқа толғанға дейін қорғаншылық немесе қамқоршылық мекемелерінің
жеке ӛз пікірі бойынша не қоғамдық мекемелер мен мүдделі тұлғалардың сұрауы
бойынша шешімнің күші жойылғанға дейін болады. Бұндай әрекет қабілеттілікті
соттық тәртіппен тыс шектеу жалпы принциптерден алынған. Бірақ оның
кемшіліктеріне байланысты оны жалпы соттық тәртіппен ауыстыру қарастырылып
отыр. Азамат спирттік ішімдіктерге немесе есірткі заттарға салынған жағдайда сот
шешімі арқылы әрекет қабілеттілігінің шектелуі қарастырылған. Бұл норма тек
кәмелетке толмағандарға қатысты себебі 14-жас пен 18-жас аралығындағы
азаматтардың жеткілікті дәрежеде негіздер болған жағдайда жоғарыда кӛрсетілген
тәртіпте әрекет қабілеттілігі шектеледі.
Кәмелетке толған азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеу олардың
құқықтық статусына үлкен нұқсан келтіру болып табылады. Сондықтан ол заң
бойынша тек сот арқылы бекітілген негіздер болған жағдайда ғана жасалады.
Біріншіден , азаматтық кодекстің 27-бабында кӛрсетілгендей әрекет қабілеттілікті
шектеу тек спирттік ішімдіктерді ішетін немесе есірткі заттарға салынған
тұлғаларға ғана қарастырылған. Ал басқа да кемшіліктер (құмар ойындары және
т.б) жанұяның материалдық жетіспеушілігінің себебі болса да, әрекет қабілеттілікті
шектеуге әкеліп соқтыра алмайды. Екіншіден , азаматтық кодекстің 27-бабына
сәйкес азаматтардың әрекет қабілеттілігін шектеуге спирттік ішімдіктерді немесе
44
есірткі заттарды алу үшін ӛте кӛр ақша қаражатын жаратып, жанұяның
материалдық жетіспеушілігін ауыр жағдайға әкеліп соқтыруы негіз болады.[3]
Әрекет қабілеттілікті шектеу белгіленген кезде жанұя мүшелерінің саны
есептелмейді. Егер азаматтың жанұясы жоқ болып ол ӛзін-ӛзі материалдық қиын
жағдайға душар ететін болса, оның әрекет қабілеттілігі шектелмейді. Әрекет
қабілеттілігін шектеу тек сот арқылы ғана жүзеге асырылады. Егер азамат спирттік
ішімдіктер мен есірткі заттарға салынуын тоқтатпаған жағдайда сот оның әрекет
қабілеттілігін шектеуді тоқтатады. Сот шешімінің негізінде оған белгіленген
қамқоршылық алынып тасталынады. Егер азамат оның әрекет қабілеттілігін
шектеуді алып тастағаннан кейін тағы да спирттік ішімдіктер мен есірткі заттарға
салынса, онда мүдделі тұлғалар немесе мекемелердің арызы бойынша оның әрекет
қабілеттілігін қайтадан шектеуі мүмкін. Қазіргі азаматтық құқықтың ережесіне
сәйкес ӛзінің қарыздары мен есептесе алмайтын жеке кәсіпкер, ӛз несие
берушілерінің талабы бойынша сот тәртібімен банкрот деп жариялануы мүмкін.
Бұл жағдайда ол ӛз мүлкіне ӛзі билік ете алмайды, яғни оның әрекет қабілеттілігі
шектеледі.
ҚР Азаматтық кодексінің 26-бабы мен 1-тармағына сәйкес азаматтың ӛз
әрекетінің мәнін түсіне алмауын немесе не істегенін білмейтін жағдайда әкеліп
соқтыратын жүйке ауруы немесе ақыл есінің кемдігі оның әрекет қабілеттілігі жоқ
деп тануға негіз болады. Сонымен қатар ол тек сот арқылы ғана әрекет қабілеттілігі
жоқ деп танылады. Ал сотқа жолдануға АІЖҚ 255-559 баптарына сәйкес оның
жанұя мүшелері, прокурор, қамқоршылық, және қорғаушылық мекемесі,
психиатриялық емдеу мекемесі құқылы. Сотта бұл істер қаралуы үшін соттың
сұратуы бойынша сот психиатриялық сараптама ӛткізіп, азаматтың психикалық
жағдайы туралы қорытынды алу міндетті болып табылады. Бұл әрекеттердің
барлығы азаматтардың жеке құқықтары мен мүдделеріне , оның құқықтық
статусына нұқсан келтірмеудің кепілі болады. Азаматтарды әрекет қабілеттілігі жоқ
деп тану оған қамқоршылық белгілеудің негізі болады. Әрекет қабілеттілігі жоқ деп
танылған азаматтардың мүддесіне едәуір үлкен дәрежеде қатысты болатын
мәмілелер жасау үшін қамқорлық және қорғаншылық мекемелерінің келісімі қажет.
Әрекет қабілеттілігі жоқ деп танылған тұлғаның жасаған мәмілелері жарамсыз
болады.
Әрекет қабілеттілігі жоқ деп азамат денсаулығының жақсаруына
байланысты ӛз әрекеттеріне есеп беретін және басқара алатын жағдайда сот оны
әрекет қабілетті деп таниды. Азамат әрекет қабілетті деп танылғаннан кейін одан
қамқоршылық алынып тасталынады.
Достарыңызбен бөлісу: |