ӘОЖ 343.3/.7
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЗАҢЫНА СӘЙКЕС
СЫБАЙЛАСТЫҚ ЖЕМҚОРЛЫҚТЫҢ ҚҦҚЫҚТЫҚ МӘСЕЛЕСІ
Сартбаева У.К., Еркебаева Н.А.
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В ностящей статье рассматриваются проблемы борьбы с коррупции в Республике
Казахстан
Summary
In present article the problems of responsibility in criminal law is considered
Қоғамымызда орын алған күрделі әлеуметтік-экономикалық, саяси
ӛзгерістердің нәтижесінде мемлекеттік қызметитер атқаруға уәкілетті адамның не
оған теңестірілген адамның, лауазымды адамдардың қылмыстарды мемлекеттік
30
органның ақпаратты жүйесінде немесе коммерциялық және ӛзге де ұйымдар
жүйесінде
істелетіні
айқындалады.
Парақорлық-сыбайлас
жемқорлық
қылмыстардың ең кӛп тараған түрі, мемлекеттік билік пен басқарманың түбіріне
балта шабатын, күллі халықтың кӛзінше биліктің беделін түсіріп, азаматтардың
заңды құқықтары мен мүдделеріне нұқсан келтіретіндіктен, қылмыс атаулының
ішіндегі ең қауіптісі десек, қателеспейміз. Сыбайлас жемқорлық ӛмірдің түрлі
салаларына енген уақытта бұл құбылыстың қауіптілігі де ӛсе түседі. Парақорлық
дегеніңіз мемлекеттік мекемелердің қызметіне араласа отырып, олардың беделін
түсіріп, билік органдарының қызметін жоқа шығарады, әлеуметтік әділеттілік
принципін бұзады. Пара алу және пара берудің қауіптілігі сол – олар басқа да ауыр
және аса уаыр қылмыстармен араласып, сабақтасып жатады: мүлікті ұйымдасқан
түрде ұрлау, заңсыз жолмен алынған ақша қаражаттары мен мүлікті заңдастыру,
қаруды заңсыз иемдену. Жалпы алғанда парақорлық бұл – кез-келген ӛркениетті
мемлекеттің алдында тұрған мәселе. Және елдегі режимге, ондағы басқару
нысанына, идеологияға қарамастан, қылмыстың бұл түрі кең етек жайып отыр.
Мысалы, КСРО кезінде кез – келген қылмыстық құқық саласындағы ғылыми
еңбектерде
буржуазиялық
елдердегі
(АҚШ,
Англия,
Франция,
т.б.)
қылмыстылықтың жоғары деңгейін, соның ішінде парақорлық қылмысының
кӛптеп таралғанын жаза отырып, ӛз елдеріндегі дәл осы қылмыстың аз
таралмағандығы мойындалмады. Ежелден мемлекеттің үш жауы бар екенін білеміз:
―біріншісі- бюрократия, екіншісі – сауатсыздық, үшіншісі – пара [1]‖.
Сыбайлас жемқорлық қылмысының ең кең тараған түрлерінің бірі – ол
парақорлық. Мемлекеттік – биліктік құрылымдарда терең орныққан ол – қоғамдық,
құқықтық сананың дағдарысына, құқықтық нигилизмге, мемлекеттік органдарға
сенбеушілікке әкеліп соғады.Сондықтан, парақорлықпен күрес біздің қоғамның
алдында тұрған ең бірінші міндет болып табылады. 26 маусым 1998 жылғы ―ҚР
ұлттық қауіпсіздігі туралы‖ Заңында – сыбайлас жемқорлық ұлттық қауіпсіздіктің
негізгі қатерлерінің бірі ретінде кӛрсетілген. Парақорлық – бұл сыбайлас
жемқорлықтың ең кӛне және ең кең тараған түрлерінің бірі. Атақты орыс
криминалисті В.И. Ширяевтың айтуынша: ―ерекше ӛкілеттіктерге ие биліктің
адамдары пайда болғаннан бастап парақорлық та сол кезден бастап пайда болды
[2].
Заңнамада парақорлық – қызметтік, пайдакүнемдік мақсатта жасалатын
қылмыстардың бірі ретінде кӛрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада: мемлекеттік
қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам ӛзінің қызметтік
міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз
материалдық сыйақы алады. Басқа да мемлекеттік билікке, мемлекеттік қызмет
мүддесіне қарсы қылмыстар сияқты, парақорлық мемлекеттік органдардың,
жергілікті ӛзін - ӛзі басқару органдары, сонымен қатар, әскери күштерді басқару
аппаратының, яғни мемлекеттік басқару аппаратының қалыпты қызмет етуіне
қарсы бағытталады. Мемлекеттік билік органдарына келетін болсақ, бұл мәселе,
яғни, сыбайлас жемқорлық ғылыми тұрғыдан зерттеу міндеттері қашан да ең ӛзекті
мәселе болып қала береді. Сыбайлас жемқорлық, парақорлықпен бірге лауазымды
адамның ӛзінің мүддесін ойлап бӛтеннің мүлкін заңсыз иемдену.
Сыбайлас жемқорлықтың мәні туралы, профессор Е.І. Қайыржанов былай
деді - «шындығына келгенде сыбайлас жемқорлық қоғамдық ӛмірдің кӛз
үйреншікті құбылысына айналғаны қашан, ол қоғамның айықпас, қайта ӛрши
түсетін індеті іспеттес» [3].
Парақорлық – бұл сыбайлас жемқорлықтың ең кӛне және ең кең тараған
түрлерінің бірі. Атақты орыс криминалисті В.И. Ширяевтың айтуынша: «ерекше
31
ӛкілеттіктерге ие биліктің адамдары пайда болғаннан бастап парақорлық та сол
кезден бастап пайда болды [2]».
Заңнамада парақорлық – қызметтік, пайдакүнемдік мақсатта жасалатын
қылмыстардың бірі ретінде кӛрсетілген. Бұл қылмыстың мәні мынада: мемлекеттік
қызметті атқаруға уәкілетті тұлға немесе оған теңестірілген адам ӛзінің қызметтік
міндеттерін орындағаны үшін басқа тұлғалардан немесе ұйымдардан заңсыз
материалдық сыйақы алады. Параны алудың ашық немесе кӛмескі түрлерді де
онша қиындық туғызбайды. Параны ашық алу деген бір қолдан екінші қолға пара
затын тікелей ӛткізу, ал параның кӛмескі түріне сырттай қарағанда заңды болып
кӛрінетін, бірақ пара алу субъектісінің кӛрсетілген қызметі үшін істеліп отырылған
заңсыз іс-әрекеттер (мысалы, картадан ӛтірік ұтылу, жақсы демалыс ұйымдастыру,
қайтарымсыз қарыз беру және т.б.). Қылмыс құрамы тек субъектіні сатып алу
жағдайында ғана болмайды, сонымен қатар оның пара берушінің мүддесіне қызметі
бойынша әрекет жасағаны үшін және бұл туралы алдын ала келісім болмаса да
сыйлық алуына байланысты болады,- дейді осы ұстанымды жақтаушы ғалымдар.
''Пара сыйлық'' алған кезде, бұл пара деген сезім кінәлінің санасында болуы керек.
Мысалы, лауазым иесі басқа бір лауазым иесінің, туыстарының,
таныстарының сұраулары бойынша, қызметі бойынша қандай да бір әрекет жасап
(оқуға қабылдауға кӛмектесіп, ауруханаға кезексіз жатқызуға, мамандығын
арттыруға, жалақысын кӛбейтуге), осы әрекеті үшін ақша немесе басқа да құнды
заттарды ''сыйлық'' ретінде алса, бұлардың барлығын қызмет ету жағдайын
пайдалану арқылы жасаған әрекеті үшін алынғанын айқын сезінеді.
Бұл пікірді жақтаушылардың ең дәйектілерінің бірі Б.В. Волженкин болып
табылады. Оның бұл мәселе бойынша бір жақты, табанды позициясы бұдан бұрын
айтылған [4. 10 б.]
Сонымен қорытындылай отырып, парақорлық әрқашанда субъектінің белгілі
қимылымен, мінез-құлқымен шартталған болуын қарастырады дегенді тағы да атап
ӛту қажет. Шартталған деп біз, пара беру-алу субъектілері арасында алдын-ала
вербальды, либеральды, конклюдентті екі жақты келісімінің болуын, егер осындай
келісім болмаса келешектегі сыйлыққа субъективтік есеп бӛлмеуiн айтамыз. Басқа
жағдайда лауазым иесінің әрекеті әкімшілік тәртіптік құқық бұзу шегінен
шықпайды. Кӛңіл аударуға тұратын тағы бір мәселе, осы қылмыстың аяқталу кезеңі
жайлы мәселе және осыған сәйкес, оның аяқталу сатысының шегімен мүмкіндігі
жайлы мәселе болып табылады.
Сыбайлас жемқорлық құқық бұзышылықтарды және сыбайлас жемқорлыққа
жағдай туғызатын құқық бұзушылықтарды жасағаны үшін тәртіптік жаза қолдану
мерзімдеріне, тоқталсақ мемлекеттiк мiндеттердi атқаруға уәкiлеттi адам немесе
оған теңестiрiлген адам сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар немесе
сыбайлас жемқорлыққа жағдай туғызатын құқық бұзушылықтар жасаған жағдайда
тәртiптiк жаза терiс қылық анықталған күннен бастап үш айдан кешiктiрiлмей
белгiленедi және жазаны терiс қылық жасалған күннен бастап бiр жылдан
кешiктiрiп қолдануға болмайды.
Қылмыстық iс қозғаудан бас тартқан не қылмыстық iстi қысқартқан жағдайда,
бiрақ мемлекеттiк мiндеттер атқаруға уәкiлеттi адамның не оған теңестiрiлген
адамның әрекеттерiнде сыбайлас жемқорлық әкiмшiлiк құқық бұзушылық немесе
тәртiптiк терiс қылық белгiлерi болған кезде жаза қылмыстық iс қозғаудан бас
тарту не оны қысқарту туралы шешiм қабылданған күннен бастап үш айдан
кешiктірілмей қолданылуы мүмкін.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық фактісі туралы кӛрінеу жалған
ақпарат хабарлаған адамдардың жауаптылығы. Сыбайлас жемқорлыққа қарсы
32
қылмыстық құқық бұзушылықпен күрес жүргiзушi органға басқа мемлекеттiк
қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi жӛнiнде сыбайлас жемқорлықпен
құқық бұзушылық фактiсi туралы кӛрiнеу жалған ақпарат хабарлаған мемлекеттiк
қызметшi, құқық қорғау органының қызметкерi сыбайлас жемқорлыққа қарсы
күрес жүргiзушi органның ұсынуы бойынша тәртiптiк ретпен қызметiнен босатуға
немесе тиiстi мiндеттердi атқарудан ӛзгедей түрде босатуға дейiн жазаланады.
Сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылық жасауға байланысты жасасқан
мәмiлелердi сот заңда белгiленген тәртiппен жарамсыз деп таниды. Тиiстi актiлердi
қабылдауға немесе тоқтатуға уәкiлеттiк берiлген органдар немесе лауазымды
адамдар, немесе мүдделi жеке немесе заңды тұлғалардың, немесе прокурордың
талап етуi бойынша сот сыбайлас жемқорлықпен құқық бұзушылықтар нәтижесiнде
жасалған актiлердiң, iс-әрекеттердiң күшiн жоюы мүмкiн.
Қазақстан Республикасында сыбайлас жемқорлық кӛбінесе инвестицияда,
бюджет қаражаттарын пайдалануда, мемлекеттік және мемлекеттік емес зейнетақы
қорларында, жекешелендіруде, мемлекеттік ресурстарды пайдалануда, газ, мұнай
ӛндіретін ӛнеркәсіп объектілерінде, бидай кешені мен несие – қаржылық және
банкілік операциялар аясында болады.Еліміздің нарықтық экономикаға кӛшу және
соған байланысты болып жатқан ӛзгерістер ең алдымен экономика саласындағы
сыбайластылығымен, ӛсу қарқынымен сипатталатын қылмыстарға ӛз әсерін
тигізуде. Қазақстан сыбайлас жемқорлықпен жасалатын қылмыстың бәрі, атап
айтқанда олардың қауіптілігі қылмыс процесінің қоғамның кӛптеген топтарында
күшейте түсуімен соның ішінде сыбайлас жемқорлықтың шенеуніктің аппараттарға
ӛтіп кетуімен кӛрінуде.
Мемлекеттік
басқару
құрылымдарының
сыбайласуы
Қазақстан
Республикасының экономикалық жағынан «әлсіретуге» жалпы мемлекеттік
саясатты жекелеген адамдардың мүддесіне бағындыратындай тӛмендетуге,
қоғамды моральдан жұрдай етуге итермелеуге икемделіп отырғаны жасырын емес.
Біздің ойымызша, сыбайлас жемқорлықтың қоғамдық қауіптілігі саяси,
әлеуметтік – экономикалық және құқықтық аспектілерден кӛрінеді.
Сыбайлас жемқорлық қылмыстың қауіптілігінің саяси аспектісі мынадан
кӛрінеді:
сыбайласқан мемлекеттік аппараттар мен олардың буындарының заңдар
мен ӛзге де нормативтік актілерді қабылдауда мемлекеттің саясатын жүргізу
мүмкіндігін жоғалтуы;
іс жүзінде азаматтардың заңнан гӛрі сыбайласқан мемлекеттік
шенеуніктерге бағыныштылығы;
қоғамдық сана сезіміндегі сыбайлас сияқты ӛзге де саяси режимдердің
жағымсыз кӛріністері мен құбылыстарының түбіріне балта шабу;
Сыбайлас жемқорлық қауіпінің әлеуметтік – саяси кезеңі мынада:
сыбайласқан мемлекеттік аппараттың мемлекеттік әлеуметтік –
экономикалық саясатын бұрмалап, соның ішінде экономикалық қатардағы
қылмысты одан әрі үдете түсуге әсерін тигізетін азаматтардың құқығы мен заңды
мүдделерін жүзеге асыруды күрделендіріп және оған кедергі жасау;
қылмыс араласқан нарықтық экономиканың қалыптасуы, әлі жас
мемлекеттерге қылмыстық араласпаған инвестицияға, сондай – ақ Қазақстан
Республикасы әлемдік экономикалық жүйедегі тиісті интеграциялық мүмкіндігіне
жол берілмеуі;
алынбаған салықтардың кесірінен мейлінше зор материалдық шығынға
ұшырау;
елімізді экстпорттық – импорттық операциялармен тонау, тӛлемдердің
33
қамтамасыз етілмеуі біздің елімізге бағыт алатын инвесторлардың қорқақтауы және
тағы басқа.
Сыбайлас жемқорлық кауіпінің құқықтық аспектісі:
қажетті және маңызды деген заңдар мен ӛзге де нормативтік актілерді дер
кезінде қабылдамау. Мысалы; ұйымдасқан қылмыс пен сыбайлас жемқорлыққа
қарсы күреске байланысты Президенттік «Мемлекеттік қызмет жүйесіндегі
сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес туралы» жарлығы және «Сыбайлас
жемқорлыққа қарсы күрес туралы» заңдарын жүзеге асыруды қамтамасыз ететін;
ұйымдасқан қылмыс құрылымдарының мүмкіндіктерін кеңейте түсетін,
кері мағынада түсінілетін, олар үшін пайдалы да қолайлы заңдар қабылдау;
құрастырылуы күрделі, нақтылығы жоқ және түсініксіз немесе
қарастыратын кейбір белгілері дәлелдеуге келмейтін «ӛлі» нормалар қабылдау.
Сыбайласқан кӛріністер еліміздегі капиталдың «кӛлеңкелі» айналымының
ӛсуі сияқты негізсіз процестермен тікелей байланысты, соның кӛмегімен
валюталық қаржылардың бақылаусыз қозғалысының кӛлемі мен қарқыны да ӛсе
түсуде. Одан кейін осылайша жиналған капитал ұйымдасқан қылмыстық
қауымдастықтар құруға және сыбайласқан шенеуніктердің санын арттыруға
жұмсалады. Бүгінгі таңда, мемлекеттің ұйымдасқан қылмыс және сыбайлас
жемқорлықпен күрес саласындағы ең басты назары экономикалық даму
процесстерінің басқарылуына, ұйымдық – құрылымдық буындардың тиімді
жолдарына, ішкі ӛзін - ӛзі бақылау жүйесін құруға және қылмыстылықты тазартуға
аударылуы тиіс.
Әдебиеттер
1. Волженкин Б.В. Служебные преступления – М.: Юристъ, 2000.
2. Ширяев В.Н. Взяточничество и лиходательство в связи с общим учением о
должностных преступлениях. Ярославль, 1916 г.
3. Каиржанов Е.И. проблемы причин преступности//научные труды Карагандинской
высшей школы Государственного следственного комитета Республики Казахстан. –
Караганда.1997. Вып. 1
4. Куликов А. Экономика и жизнь./октябрь,1995 г.
ӘОЖ 343.3/.7
ІС-ӘРЕКЕТТІҢ ҚҦҚЫҚҚА ҚАЙШЫЛЫҒЫН ЖӘНЕ
ЖАЗАЛАНУШЫЛЫҒЫН ЖОЯТЫН МӘН-ЖАЙЛАРДЫҢ БІР ТҤРІНЕН АУЫТҚУ
- ҚАЖЕТТІ ҚОРҒАНЫС ШЕГІНЕН ШЫҒУДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сартбаева У.К., Садикова Д.Н.
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
В настоящей статье рассматриваются проблемы обстоятельства исключающие
преступность деяние и наказание с превышением пределов необходимой обороны
Summary
This article discusses the problem of the circumstances precluding criminality and punishment in
excess of the limits of necessary defense
Қажетті қорғану ұғымы қылмыстық құқықта іс-әрекеттің қылмыс екенін
жоятын мән-жайлардың бірі болып табылады. Қажетті қорғану туралы норма оның
қоғамдық қауіпті қол сұғушылыққа белсенді түрде қарсы әрекет екендігін анықтап
34
қана қоймай, қорғанушы адамның оның шегінен шықпауын талап етеді.
Қорғану әрекеттерінің заңға сай болуының бір шарты ретінде қажетті
қорғаныс шегін сақтау талабы анықталады. Осы талаптардың бұзылуы, яғни
қажетті қорғану шегінен шығу қылмыстық құқық ғылымында ӛте жиі
талқыланатын мәселелер қатарына жатқызылады. Сот тәжірбиесін талдау
қорғаныстың заңдылығы шартының дәл осы әрекеттерін саралау кезінде тым жиі
қате кететіндігін кӛрсетеді.
ҚК-нің 32-бабының 3-бӛлігіне сәйкес, нәтижесінде қол сұғушылыққа анық
шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтірілетін, қол сұғушылықтың сипаты
мен қоғамдық қауіптілігі дәрежесіне кӛрінеу сай келмейтін қорғану әрекеттері
қажетті қорғаныс шегінен шығу деп танылады.
Қажетті қорғаныс шегінен шығу деп қорғанушының қол сұғушыға ҚК-нің
102-бабында немесе 112-бабында кӛрсетілгендей қажетсіз, анық шектен тыс,
жағдай мәжбүр етпейтін, қасақана ауыр келтіруін түсіну керек.
Заң шығарушылардың қажетті қорғаныс шегінен шығу ұғымын анықтау
барысын түсіну үшін, осы ұғымның негізгі үш қырын бӛліп кӛрсету қажет:
- қорғанудың қауіпті қол сұғушылықтың сипаты мен қоғамдық қауіптілігі
дәрежесіне анық сәйкес келмеуі;
- қол сұғушыға анық шектен тыс, жағдай мәжбүр етпейтін зиян келтіріледі;
- зиян қасақаналықпен келтірілуі тиіс.
Қол сұғушылықтың сипаты ӛзі зиян келітіруге бағытталған нақты мүддеге
(игілікке) байланысты болады деген ойдамыз.
Қол сұғушылықтың қауіптілігі қол сұғушы нақты мүддеге (игілікке) шынайы
әрі тікелей келтіре алатын әлеуметтік зиянның дәрежесіне (мӛлшеріне) қарап
анықталынады.
Мұндай қауіптілік қол сұғушының пиғылына, сол сияқты оның іс-
әрекеттерінің жиынтықтағы обьективтік белгілеріне (қол сұғушылықтың
шапшаңдығы мен жігерлігі, қол сұғушының күш салу дәрежесі, оның қылмыстық
мақсатына жету үшін таңдап алған тәсілі және т.с.) байланысты.
Заңнама жүзінде қажетті қорғаныс шегінен шығу ұғымына берілген
анықтамадан шығатыны, қорғанудың сипаты мен қол сұғушылықтың сипаты
арасында анық сәйкессіздік болмауы тиіс
[1].
Анық сәйкессіздік дегенде, адамның тиісті жағдай мәжбүр етпеген қорғану
құралдары мен тәсілдерін қолдануы немесе қол сұғушыға осындай зиян келтірілуі
ұғынылады, мысалы, құны шамалы обьектілерді қорғау кезінде қол сұғушыны
ӛлтіру, қорғанушы қол сұғушылық қаупін қарқыны тӛмендеу тәсілмен жоя
алатындығы болғанда, оның анық шектен тыс қорғануы.
Қол сұғушылық, атап айтқанда, бассалу кезінде болатын толқу бассалу
құрбанының психикалық қызметіне кері әсерін тигізеді
[2].
Бірақ ӛзінің күші мен қарқындылығы жағынан физиологиялық жан күйзелісі
(аффектіге) жеткен толқу ғана адамның санасы мен психикасында оның зиянды
және ерік қызметіне елеулі түрде әсер етететіндей кенет сапалы ӛзгеріс жасауы
мүмкін.
Қатты ашулану, торығу, үрейлену, жек кӛру немесе жан күйзелісінің
(аффектінің) басқа да түрі кезінде жаны күйзелген адамның психикасында
эмоциялық ӛріс пайда болып, ол оның қалыптасқан жағдайды дұрыс қабылдауын,
қол сұғушы әрекеттерінің сипатын, оның кейінгі ниеті мен мүмкіндіктерін, қол
сұғушылардың санын, т.б. жағдайға сай түсінуін қиындатады.
Сонымен қатар, жан күйзілесінің (аффектінің) кейбір түрлері қорғанушының
күші мен мүмкіндіктерін кенет арттырып, оның қозғалыс жүйесінің белсенділігін,
35
оның реакция шараларының қарқындылығын және ықпалын жоғарылатады, ал
мұның ӛзі қорғану мақсатында қажет болатын, жауаптылыққа әкеп соқпайтын
зардаптан неғұрлым ауыр зардапқа әкеп соқтыруы мүмкін.
Сырттай қарағанда, жәбірленушінің мұндай мінез-құлқы қылмыс жасауға
«арандату» болып кӛрінеді
[3].
Қарастырылып жатқан қылмыстар жәбірленушінің іс жүзінде жасалған
немесе аяқталып қойған құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттерінің
(әрекетсіздігінің) нәтижесінде болады.
Осы орайда, қылмыстық заңда жан күйзелісі (аффект) жағдайында жасалған
қылмыс үшін, қажетті қорғаныс шегінен шыққанда келтірілген осыған ұқсас
қоғамға қауіпті зардаптарға қарағанда, анағұрлым қатаң жаза кӛзделген
[4].
Қажетті қорғаныс шегінен шығудың және жан күйзелісі (аффекті) жай-күйінің
құқықтық мәні бірдей емес.
Қазақстан Республикасы ҚК-нің Ерекше бӛлімінде кӛзделген зардаптар
қажетті қорғану жай-күйінде оның шегінен аспағанда заңды акт болып табылады,
және осы шектерден асқан кезде ғана іс-әрекет қылмыстық болады. Қоғамды
қауіпті қол сұғушылықтан қажетті қорғану кезінде заңды түрде кез-келген зиян
келтіруге, оның ішінде бас салушыны ӛлтіруге де болады, ал жан күйзелісі
(аффекті) жағдайларына келсек, мұндай ахуалда жасалған әрекеттер жеке адамға
кез-келген зиян келгенде заңға қайшы болып табылады
[5].
Виктимологияның назар аударатыны- адам мінезінің ӛзіндік ерекшеліктері,
әлеуметтік жағдайы, мінез-құлқы, сондай-ақ белгілі-бір адамның қылмыс
құрбанына айналуға бейім болу ықтималдылығының басқаларға қарағанда кӛбірек
болуының себептерін зерттеу болып табылады.
Криминологияда, қылмыскердің құрбаны болу мүмкіндігі тұрғысынан алып
қарағанда тым осал болатын адамның жай-күйі виктимділік деп аталады. Ғалымдар
виктимділікті «кінәлі және кінәсіз» етіп екіге бӛледі.
Кінәлі виктимділік қылмыстық заңтұрғысынан алып қарағанда, әлеуетті
құрбанның ӛзіне қарсы қылмыс жасауға мүмкіндік беретін яактор болып табылатын
теріс мінез-құлқында жатыр.
Қылмыстық статистиканың зерттеу мәліметтері жәбірленушілердің мінез-
құлқы кӛптеген қылмыстың жасалуын белгілі-бір дәрежеде қамтамасыз етеді деген
қорытынды жасауға мүмкіндік береді.
Виктимология
кӛзқарасы
тұрғысынан
алып
қарағанда,
мұндай
«жәбірленушіні» де құрбан деп атауға болады.
Виктимологияның міндеті – қылмыстылыққа әсер ететін барлық мінез-
құлықтың себептерін, соның ішінде қажетті қорғаныс шегінен шығумен
байланысты себептерін зерттеу.
Демек, бассалушы алдымен құқық бұзушы содан соң жәбірленуші болып
жататын жағдайларды да виктимологтар қарауға тиіс .
Яғни жоғарыда кӛрсетілген жағдайларға сәйкес біз мынадай ұсыныстар пікір
жасауд жӛн кӛрдік.
Қорғанушының әрекеттерін саралау үшін оның жай-күйінің зор маңызы бар.
Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасында қажетті қорғаныс шегінен
асқан жағдайда қылмыстық жауаптылықтан босатудың шарты белгіленді.
«Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату»
деп аталатын 66-бапта соттың қоғамдық қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу
немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды қандай
жағдайда істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босату
мүмкін екені кӛрсетілген.
36
ҚР ҚК-нің 32-бабының 3-бӛлігінде шектен шығудың тек қасақана зиян
келтірілген жағдайларда ғана қылмыстық жауаптылыққа әкеп соқтыратындығы
бекітілген.
Қорғану кезінде жасалған абайсыз әрекеттер қылмыстық жауаптылыққа
әкелмейді.
Демек, ҚК-нің 66-бабын қолданған кезде соттар адам қорғанған және
қасақаналықпен қажетті қорғаныс шегінен шыққан және бұл ретте үрейлену, қорқу
немесе сасқалақтау жай-күйінде болған жаңдайларда ғана қорғаушының ҚР ҚК-нің
102, 112-баптарында кӛрсетілген зардаптарға әкеп соққан қасақана әрекеттерін ғана
қарастыруы тиіс.
Достарыңызбен бөлісу: |