Әдебиеттер
1.
С.Тұрсынов,Т.,Әбішов «Қазақстан Республикасынындағы Адам Құқықтарының
Ахаулы Туралы Базалық Баяндама »Астана 2007ж
2.
Қ.Байдуллаұлы. ҚР азаматтық құқығы. Жалпы бӛлім. 1-том. Алматы. 2003жыл.
3.
Ғ.Жайлин. ҚР азаматтық құқығы. Ерекше бӛлім. 1,2 том. Алматы 2003жыл.
ӘОЖ 346.5,342.951:351.82
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДА МЕМЛЕКЕТТІК МЕНШІКТІҢ ЖАЛПЫ
СИПАТТАМА МӘСЕЛЕСІ
Сабирова А.И.
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Субъективное чувство права собственности на имущество, будет взиматься плата за
пользование и распоряжение государственных прав
45
Summary
The subjective feeling of ownership of the property will be charged for the use and disposal of state
rights
Мемлекеттік меншік, мемлекеттің пайдалану иелену және билік ету
құзырындағы мүліктерге қатынасы.
Қазақстан
Республикасының
Конститутциясының 6-бабында Қазақстан Республикасында мемлекеттік меншік пен
жеке танылады және бірдей қоргалатындығы кӛрсетілген. Азаматтық кодекстің
1 1 1 , 114-баптарына сәйкес мемлекет ішкі азаматтық-құқықтық қатынаста ӛзіндік
егемендік иммунитетін кӛрсетпейді, қайта азаматтық заңдармен
реттелетін
қатынастардың
ӛзге қатысушыларымен тең негіздерде қатынасады. Мысалы,
мемлекетке және әкімшілік-аумақтық бӛліністерге заңды тұлғалардың азаматтық
заңдармен реттелетін қатынастарға қатысуын анықтайтын нормалар, егер заң
құжаттарын ӛзге норма туындамайтын болса, қолданылады (АК-тің 114-бабы) және
азаматтық-құқықтық дауларды Қазақстан Республикасының қатысуымен соттар
шешеді (АК-тің 111-бабы 3-тармағы). Мемлекеттік меншік республикалық және
коммуналдық меншік түрінде болады. Республикалық меншік мемлекеттік
қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік республикалық заңды
тұлғаларға бекітіліп берілген мүліктен тұрады. Коммуналдық меншік жергілікті
қазынадан және заң құжаттарына сәйкес коммуналдық заңды тұлғаларға бекітіліп
берілген мүліктен тұрады. Мемлекеттік мүлікті мемлекеттік меншіктің бір түрінен
екіншісіне беру Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейтін тәртіппен жүзеге
асырылады.
Мемлекеттік меншік қатынасы теңдікті жариялай отырып, бірақ белгілі бір
ерекшеліктерге ие:
1) мемлекет егеменді биліктің иесі, ол осыған орай заңдар қабылдап, әкімшілік
актілерін шығарады;
2)
мемлекет заңды тұлға болып табылмайды,сондықтан да оның атынан
ӛкімет билігі мен басқару органдары әрекет етеді, олар ӛздерінің құзыреті шегінде
белгіленген заңдар мен ережелер шеңберінде әрекет етеді;
3) мемлекеттік меншіктің аумағы зор, ол кез келген мүлікті, оның ішінде
айналымнан алынған немесе шектелгендерін де иелене алады;
2)
мүлікті меншікке алуда әртүрлі тәсілдер қолданады, айталық, салық, баж
салығы, жинау және т.б. бар;
3)
мемлекеттік меншік негізінде әлеуметтік міндеттер жүзеге асады, яғни
түрғындарды күнкӛріске қажеттілікпен қамтамасыз етеді;
4)
мемлекет меншік субъектісі ретінде ӛзінің органдары арқылы әрекет
етеді.
Мемлекеттік меншік құқығы субъективтік мағынада мүлікті иелену,
пайдалану және билік ету жӛнінде мемлекеттің ӛкілеттігіне жататын құқықтардан
тұрады, мемлекет оны Қазақстан халқының мүддесі жолында ӛз қалауы бойынша
жүзеге асырады
Мемлекет Азаматтық кодекстің 192-бабы негізінде мемлекеттік мүліктің
біртұтас меншік иесі болып табылады. Оның иелену, пайдалану және билік ету
сияқты құқықтық ӛкілеттіктеріне ешкім де ешқашан шек қоя алмайды. Яғни
мемлекет ӛзі үшін заң шығарып, мемлекеттік мүлікті пайдалану тәртібін айқындап
отырады.
Қазақстан Республикасы азаматтық құқықтың субъектісі ретінде мемлекеттік
меншікті ӛзінің органдары арқылы басқарады, солардың ішінде мемлекеттік заңды
тұлғалар арқылы да басқарады.
46
Мемлекеттің иелену қүқығы
дегеніміз, қарамағындағы заң мен
қорғалатын мемлекеттік мүліктерді мемлекеттік органдарға немесе кейбір
бӛліктерін кәсіпорындар мен мекемелердің шаруашылық жүргізу және оралымды
басқару құқықтарына беруге қарамастан, ӛзінің құзыретінде қала береді
Мемлекет ӛзінің кәсіпорындарында, қазыналық кәсіпорындар мен
мекемелерге мүлікті иелену құқығын бергенімен, мемлекет меншік иесі ретінде бұл
мүлікті иелену құқығын сақтайды. Ӛйткені, мемлекеттік заңды тұлғалардың
құқықтық ӛкілеттікті иеленуі мемлекет иелігін жоққа шығармайды, ол кӛлемі
бойынша да, мақсаты бойынша да бір-біріне сай келмейді. Мемлекет заңды
тұлғалардың иелену құқығы мемлекеттік иелену құқығымен салыстырғанда, оның
бір бӛлшегі, тұтас нәрсенің бір бӛлігіндей ғана болады. Мемлекеттік кәсіпорын,
қазыналық кәсіпорын және мекемелер салалық мүліктік кешен ретінде мемлекеттік
меншіктің объектісі болып табылады, демек оның иелігінде болады. ("Мемлекеттік
кәсіпорын туралы" заң күші бар Жарлықтың 12-бабы).
Пайдалану құқығы дегеніміз, мемлекеттік мүліктен мемлекет пен жалпы қоғам
мүддесі үшін пайданың бәрін алуға байланысты мемлекеттің ӛзіне тән мүмкіндігі
болып табылады.
Мемлекеттің билік ету құқығы мемлекеттік мүлікті иелену мен пайдалану,
мүлікті бӛлу, ұтымды құқықтық әдістерді айқындау, сол арқылы мемлекеттік
меншікті басқаруды ӛз дәрежесінде жүзеге асыру тәртібін белгілеуінен тұрады.
Мемлекеттің билік ету құқығы жаңа нормаларды шығару, оларды ӛзгерту мен
тоқтату, сондай-ақ ұйымдастыру жӛніндегі әкімшілік актілердің кӛмегін пайдалана
отырып жүзеге асырады.
Мемлекеттік меншіктің ӛзі республикалық және коммуналдық болып екіге
бӛлінеді (АК-тің 192-бабы)
Мемлекет ӛкілеттігін жүзеге асыра отырып, қарауындағы мүліктерді ӛзінің
органдары мен мемлекеттік заңды тұлғалары арқылы басқарады. Қазақстан
Республикасының
азаматтық
заңдарымен
реттелетін
қатынастарға
осы
қатынастардың ӛзге катысушыларымен тең негіздерде қатысады [1].
Қазақстан Республикасының мемлекеттік ӛкімет билігі мен басқа органдары
ӛздерінің осы органдардың мәртебесін айқындайтын заң құжаттарында ережелерде
және ӛзге де құжаттарда белгіленетін құзыреті шегінде Қазақстан Республикасының
атынан ӛз әрекеттері арқылы мүліктік және мүліктік емес құқықтар мен міндеттерді
алып, оларды жүзеге асырады.
Мемлекеттік меншік құқығының субъектілері мен объектілері.
Мемлекеттік меншік құқығының субъектісі мемлекет болып табылады.
Мемлекеттік меншікті басқару және меншік иесінің құқықтық ӛкілеттігін жүзеге
асырумемлекеттік билік органдары арқылы жүзеге асады. Заңда кӛрсетілген немесе
Қазақстан Республикасы тапсырмасы болған ретте оның атынан басқа мемлекеттік
органдар,
заңды
тұлғалар
мен
азаматтар
әрекет
етеді.
Конституцияның 66-бабы, 4-тармақшасына сәйкес ҚР Үкіметіне мемлекеттік
меншікті
басқаруды
ұйымдастыру
жүктелген.
Қазақстан
Республикасы
Президентінің 995жылы 18-желтоқсанда қабылдаған "Қазақстан Республикасының
Үкіметі туралы" конституциялық заң күші бар Жарлығының 9-бабы 8-тармағына
сәйкес Үкімет
мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастырады, оны
пайдалану жӛніндегі шараларды жасап әрі жүзеге асырады, Қазақстан
Республикасы аумағында мемлекеттік меншіктің құқығын қорғауды қамтамасыз
етеді. Қазақстан Республикасы Үкіметіне мемлекеттік меншік құқығының
субъектісі ретіндегі міндеті жүктелген. Демек, Үкімет мемлекеттік мүлікке қатысты
кез келген әрекетті жасай алады, ҚР Үкіметіне конституциялық бекітілген
47
ӛкілеттілігіне орай ӛзіне мемлекеттік меншікті басқаруды ұйымдастыру
тапсырылғандықтан, оны ӛзі немесе ӛкілетті органдары арқылы жүзеге асырады,
яғни осыған орай мемлекеттік меншікті иелену, пайдалану және билік ету
мәселелерін шешеді "Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлыктың
1-бабы негізінде мемлекеттік кәсіпорындар мынадай түрге бӛлінеді:
1) республикалык меншіктегі-республикалық мемлекеттік кәсіпорындар;
2) коммуналдық меншіктегі-коммуналдык мемлекеттік кәсіпорындар.
Республикалық мемлекеттік кәсіпорындарға байланысты мемлекеттік меншік
субъектісі министрліктер, мемлекеттік комитеттер, ведомстволар, министрліктердің
бірқатар департаменттері және басқа ӛкілетті органдар, оған ӛкілдік ете алатын
әкімдер болып есептеледі. Коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың тізбесін
"Мемлекеттік кәсіпорындар туралы" заң күші бар Жарлықтың 2-бабына сәйкес
республикалық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы тізбесін Қазақстан
Республикасының Үкіметі ал коммуналдық мемлекеттік кәсіпорындардың атаулы
тізбесін тиісті жергілікті атқарушы органдар бекітеді.
Мемлекеттік меншік құқығының объектілеріне мыналар жатады:
1) қозғалмалы және қозғалмайтын заттар; 2) ақша, шетелдік валюта; 3) бағалы
қағаздар; 4) міндеттемелік және басқалай заттық құқықтар мен міндеттер.
Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік меншік республикалық мемлекеттік
меншік және коммуналдық мемлекеттік меншік болып бӛлінеді.
Азаматтық кодекстің 192-бабының 2-тармағына сәйкес республикалық
мемлекеттік меншіктің объектісіне жататындар: республикалық меншік
республикалық Қазынадан және заң құжаттарына сәйкес мемлекеттік
республикалық заңды тұлғаларға бекітіліп берілгенінің "Жалға беру туралы" 1990
жылғы 22-ақпандағы Заңы соның бір мысалы бола алады. Бұл заңда мемлекеттік
кәсіпорындарды жалға беру үлкен орын алды. Мысалы, кәсіпорындарды жалға беру
(аренда) еңбек ұжымының жалға берілетін мүлікті сатып алу арқылы кейін
ұжымдық кәсіпорынға айналуға себеп болды
Мемлекет меншігін еңбек ұжымдарының меншігіне беру экономикалқ
проблемаларды шеше қойған жоқ, ӛйткені, жұмыскерлер бұрынғысынша істі
басқарудан тыс қала берді де, ӛзінің күнделікті кірісіне кӛп, онша ықыласты болған
жоқ, сайып келгенде жеке адам тап осы әдістен қайыр кӛре алмады да,
кәсіпорынның болашағына бас ауыртып жатпады. Соның салдарынан келіп ақыры
"Жалға беру туралы", "Мемлекет иелігінен алу және жекешелендіру туралы"
бұрынғы Заңдар күшін жойды.
Шаруашылык жүргізу құқығы меншік иесінің ӛз еркімен шектеледі. Әрі ол
азаматттық және басқа заң кұжаттары шеңберінде жүзеге асады. Мәселен,
республикалық кәсіпорындар Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімімен
құрылады, ал коммуналдык меншік болса, жергілікті әкімшіліктің шешімімен
құрылады, ал оның тәртібін Қазақстан Республикасының Үкіметі белгілейді.
Мемлекеттік кәсіпорынның құрылтайшысы ӛкілетті орган болып табылады.
Мемлекеттік кәсіпорынның жарғысы оның құрылтайшысымен (ӛкілетті
органымен) бекітіледі. Жарғылық қордың кӛлемі де оның құрылтайшысымен
айқындалады, бірақ ол кәсіпорынға берілген мүліктің жалпы құнынан аспауы тиіс.
Мемлекеттік кәсіпорынның мүліктік құқықтарын жүзеге асырудың ӛзіндік
ерекшеліктері бар. Шаруашылық жүргізу құқығын жүзеге асыраты мемлекеттік
кәсіпорынның меншік иесінің немесе ол ӛкілдік берген мемлекеттік органның
келісімінсіз кәсіпкерлік қызметтің мынадай түрлерін жасауға:
48
1) ӛзіне тиесілі үйлерді, құрылыстарды, жабдық және кәсіпорынның басқа да
негізгі қорларын ӛзге адамдарға сатуға және беруге, айырбастауға, ұзақ мерзімді
(үш жылдан астам) жалға беруге, уақытша тегін пайдалануға беруге;
2) филиалдар және еншілес кәсіпорындар құруға, жеке кәсіпкерлермен бірге
кәсіпорындар мен бірлескен ӛндірістер құруға, оларға ӛзінің ӛндірістік және ақша
капиталын салуға, оған тиесілі акцияларға, сондай-ақ дебиторлық берешекке билік
етуге;
3) заемдар беруге;
1)
үшінші тұлғалардың міндеттемелері бойынша кепілдеме немесе кепілдік
беруге кұкығы жоқ. [2]
Шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорын уәкілетті мемлекеттік
органның келісімімен шаруашылық жүргізу құқығындағы еншілес кәсіпорын құра
алады.
Мемлекеттік кәсіпорын, егер заңдарда ӛзгеше кӛзделмесе, негізгі құралдарға
жатпайтын, ӛзіне шаруашылық құқығымен бекітіліп берілген мүлікке дербес билік
етеді. Шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік кәсіпорынның мемлекеттік
кәсіпорынның негізгі құралдарына жататын мүлікке қатысты, сондай-ақ оған тиесілі
акцияларды сатуға және сыйға беру мәмілелерін жасауға құқығы жоқ. (АК-тің 200-
бабы, "Мемлекеттік кәсіпорын туралы" Жарлықтың 25-бабы).
Меншік иесі - құрылтайшының шаруашылық жүргізу құқығын алған
кәсіпорынның мүлікті басқаруына заңда кӛрсетілген түрғыдан тыс араласуына
болмайды.
Шаруашылық жүргізу құқығын алған кәсіпорын мүлікті шаруашылық және
басқалай пайдаланғандағы нәтижесімен дербес билік етеді. Егер заңда ӛзгеше
кӛзделмесе, кәсіпорын негізгі қорға жатпайтын мүліктерге иелік ету құқығына бір
ӛзі билік етеді.
Шаруашылық жүргізу құқығын алған кәсіпорын ӛзіне жататын мүлікке
байланысты алған міндеттемеге сәйкес жауап береді, меншік иесінің алған
міндеттемесіне жауап бермейді.
Мемлекет ӛз кезегінде кәсіпорынның алған міндеттемесіне жауап бермейді, ал
банкротқа ұшыраса, онда амалсыз араласуына тура келеді. Бүл орайда мемлекет
құрылтайшы ретінде кәсіпорынның несие беруші алдындағы қарызын ӛтеуге
міндеттілігіне жауап беретін болады. Шаруашылык жүргізу құқығындағы
республикалық қәсіпорынды қазыналық кәсіпорын етіп қайта құру мемлекеттік
басқару органының уәкілетті органмен келісілген ұсынысы бойынша Қазақстан
Рсепубликасы Үкіметінің шешімімен, коммуналдық кәсіпорынды қайта қүру
жергілікті атқарушы органның шешімімен жүргізіледі.
Мынандай жағдайларда шаруашылық жүргізу құқығындағы кәсіпорынды
қазыналық кәсіпорын етіп қайта күру міндетті:
1)
кәсіпорынның бӛлінген мемлекеттік мүлік пен қаражатты нысаналы
пайдаланбауы;
2) соңғы екі жыл бойы кірістердің болмауы;
3) негізгі қорға жататын мүліктерді заңда кӛрсетілген ережелерді бүза
отырып пайдалануы.
Оралымды басқару құқығы. Оралымды басқару құқығы меншік иесінің
қаражаты есебінен қаржыландырылатын мекеменің, мемлекеттік мекеменің, меншік
иесінен мүлік алушы және ӛз қызметінің мақсатына, меншік иесінің
тапсырмаларына және мүліктің мақсатына сәйкес заң құжаттарымен белгіленген
шекте сол мүлікті иелену, пайдалану және оған билік ету күқығын жүзеге асырушы
қазыналық кәсіпорындардың заттық құқығы болып табылады (АК-тің 202-бабы).
49
Бүл құқықтың субъектісі қазыналық кәсіпорын немесе кез келген меншік
түріндегі мекеме болып табылады. Мемлекеттік қазыналық кәсіпорын және
мемлекеттік мекемені мемлекет ӛзінің уәкілетті органы аркылы құрады. Ал
мемлекеттік емес мекемелер жеке меншік иесінің шешімімен кұрылады.
Оралымды басқару құқығының мазмұнының шаруашылық жүргізу құқығына
қарағанда аясы тарлау келеді. Мысалы, мемлекет кәсіпорынды құрылған сәттен
бастап оны қаржыландыруды тоқтатады, бүл мемлекеттік мекемеден басты
айырмашылық болып есептеледі.
Ортақ бірлескен меншікте әрбір қатысушы ортақ бірлескен меншік кезеңінің
кез келген уақытында ӛзінің пайдалану және иелену қүқығын жүзеге асыра алады.
Ортақ бірлескен меншіктің қатысушыларының ортақ үлестік меншіктегі мүліктің
кандай да бір бӛлігін ӛзінің жеке пайдалануы мен иеленуіне бекітіп беруді талап
етуге қүқығы жоқ.
Ортақ бірлескен меншікте үлес болмайды деп есептеледі, яғни ортақ
меншіктің мүндай түрінде меншік иелерінің үлесі алдын ала айқындалмайды.
Сондықтан да ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бӛлу,
сондай-ақ олардың біреуінің үлесін бӛліп шығару қатысушылардың әрқайсысын
ортақ мүлікке қүқығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғанаясүзеге
асырылуы мүмкін. Ортақ мүлікті бӛлу және одан үлесті бӛліп шығару кезінде, егер
заң немесе катысушылардың келісімінде ӛзгеше кӛзделмесе, олардың үлестері тең
деп танылады.
Ортақ меншікті бірлескен меншікке қатысушылар арасында бӛлу, сондай-ақ
олардың біреуінің үлесін бӛліп шығару қатысушылардың әрқайсысының ортақ
мүлікке күкығындағы үлесі алдын ала анықталған жағдайда ғана жүзеге асырылуы
мүмкін. Ортақ мүлікті бӛлу және бдан үлесті бӛліп шығару кезінде, егер заң
актілермен немесе қатысушылардың келісімінде ӛзгеше кӛзделмесе, олардың
үлестері тең деп танылады.
Үлесті немесе бірлескен меншікке қатысушыға несие беруші қатысушыдан
басқа мүлкі жеткіліксіз болған жағдайда борышқордың ортақ мүліктегі үлесін одан
ақы ӛндіріп алу үшін бӛліп беру туралы талап қоюға құқылы.[3]
Азаматтық кодекстің 223-бабы, 1-тармағына сәйкес ерлі-зайыптылардың
некеде түрған кезде жинаған мүлкі, егер бүл мүлік ерлі-зайыптылардың үлесті
меншігі болатыны не олардың әрқайсысына тиесілі екені олардың арасындағы
шартта кӛзделмесе, олардың бірлескен меншігі болып табылады.
Жүбайлардың бірлескен меншігі деп олардың некеде түрған кезде жинаған
мүліктерін айтамыз. Егер некеде түрған кезде ерлі-зайыптыларды ортақ мүлкінің
есебінен сол мүліктің қүнын едәуір арттырған қаражат жүмсалғаны (күрделі
жӛндеу, қайта жаңғырту, қайта жабдықтау және т.б.) анықталса, ерлі-
зайыптылардың әрқайсысының мүлкі олардың бірлескен менШігі болып табылады.
Ерлі-зайыптылардың некеге түрғанға дейін тиесілі болған, сондай-ақ олардың
некеде тұрған кезінде сыйға тартылған немесе мұрагерлік тәртіппен алған мүлкі
олардың әркайсысының меншігі болып табылады. Қымбат бағалы және басқа
әсемдік заттарын қоспағанда жеке пайдаланудағы заттар (киім-кешек, аяк киім және
т.б.) некеде тұрған кезінде ерлі-зайыптылардың ортақ қаражатына сатып
алынғанымен, оларды пайдаланған жұбайдың меншігі деп танылады.
Ерлі-зайыптылардың бірінің міндеттемелері бойынша жаза ӛз меншігіндегі
мүлікке ғана, сондай-ақ бұл мүлікті бӛлісу кезінде ерлі-зайыптылардың біріне
тиесілі болатын ортақ мүлкіндегі ӛз үлесіне ғана қолданылуы мүмкін (АК-тің 223-
бабының 3-тармағы).
50
Жұбайлардың бірлескен меншігіне жұбайлардың әрқайсысының еңбекпен
немесе кәсіпкерлікпен қызметпен тапқан табыстары, сатып алған заттары, бағалы
қағаздары, зейнетақылары, жәрдемақылары және т.б. жатады. Жұбайлардың
бірлескен меншігіне екеуі бірге тұрған кезде біреуі бала бағып, не басқа дәлелді
себеппен табыс таба алмаса, ол екіншісінің табысына ортақтасады.
Жұбайлар ортақ бірлескен меншікке иелену, пайдалану және билік ету
құқықтарын тең дәрежеде иеленеді. Бұл құқықтарды жүзеге асыру үшін
біріншісінің екіншісінен арнайы рұқсат сұрауы міндетті емес, қатысушылардың
бірі ӛз мүлкіне келісім жасау үшін мүлкіне билік ете береді. Бірақ та қозғалмайтын
мүлік және нотариалдық куәландыру немесе мемлекеттіктіркеуді қажет ететін
мәмілелерді жасауға байланысты екіншісінің келісімі нотариалдық жолмен
куәландырылуы қажет.
Әдебиеттер
1. Қазақстан Республикасының азаматтық құқығы. Оқу құралы. Батырбаев Н.М.
Түркістан, 2009
2. Давыдова А.Жилищное право.-Алма-Ата, 2002.
3. Жайлин Ғ ҚР Азаматтық құқығы-Алматы,2003
ӘОЖ 347.02
АДАМНЫҢ ЖӘНЕ АЗАМАТТАРДЫҢ ЕРКІН ЖҤРІП ТҦРУ ЖӘНЕ
ТҦРҒЫЛЫҚТЫ ЖЕРДІ ЕРКІН ТАҢДАУ ҚҦҚЫҒЫНЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Сабирова А.И.
ХГТУ, Шымкент, Қазақстан
Резюме
Многие права граждан: жилья и занятости, право на здравоохранение и образование и
других прав, связанных с регистрационным физических упражнений
.
Summer
Many of the rights of citizens: housing and employment, the right to health and education and other
rights associated with the registration exercise.
Бірінші тармақта кӛрсетілген еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді ӛз
қалауынша таңдап алу құқығы халықаралық құқықтық актілерде, сондай-ақ ұлттық
заңдарда бекітілген құқықтар қатарына жатады.Халықаралық-құқықтық актілердің
тиісті баптары оларды мемлекет шегінде байланыстыра отырып, осындай
ережелерді орнықтырады. (Адам құқықтарының жалпыға бірдей Декларациясының
13-бабы, Азаматтық және саяси құқықтар туралы халықаралық актінің 17-бабы).
Қарастырылған құқық азаматтардың республика аумағында мемлекеттік
органдардың немесе олардың лауазымды адамдарының арнаулы рұқсатын алмай-ақ
жүру, жұмыс істеу, оқу, демалу немесе басқа мақсаттар үшін еркін жүріп-тұру
мүмкіндігін білдіреді.
Бірқатар елдердің Конституциялары, тұрғылықты мекенді ӛз қалауынша
таңдап алу құқығына қоса (тұрақты немесе біраз уақыт тұру), еркін келу (уақытша
тұру) құқығын да орнықтырады. Конституцияда мұндай терминнің болмауына
қарамастан, Қазақстанның бірқатар нормативтік құқықтық актілерінде еркін келу
туралы да ереже бар.
Конституцияда Қазақстан аумағында заңды түрде тұратын адамдар туралы
айтылады, сондықтан 21-баптың 1-тармағы Республикада заңсыз негізде: жасырын
келген имигранттарға, заңсыз визалармен келген шетелдіктерге және тағы басқа
51
адамдарға қолданылмайды.Аталған адамдарға Республикада еркін жүріп-тұру және
тұрғылықты мекенді ӛз қалауынша еркін таңдау құқығының шектелуі, тіпті
ондайларға ел шетінен шығарып жіберуге дейінгі шаралар қолданылуы мүмкін.
Азаматтың жеке дербестігі есімімен қатар оның тұрғылықты жерімен
анықталады.Міндеттемені орындау, мұрагерлік жасау және басқа да азаматтық
құқықтық әрекеттер азаматтың тұрғылықты жерінде жүзеге асады.Азаматтың есімімен
қатар оның тұрғылықты жері азаматтық, құқықтық қатынастың субъектісін нақтылай
түседі. Ӛмірде аты, фамилиясы және әкесінің аты бірдей болатын жағдайлар аз
кездеспейді.Егер азаматтың атында әкесінің аты кӛрсетілмесе, онда олардың бір-бірінен
айырмашылығын анықтау қиындай береді [1].
Сондықтан да тұрғылықты жері бойынша азаматтың жеке басын куәландыратын
мәліметтер нақтыланады.АК-тің 16-бабында азаматтың тұрақты немесе тұратын елді
мекені оның тұрғылықты жері деп танылатындығы тұжырымдалған.
Әдетте азаматтың тұрғылықты жері мен оның жұмыс орны жұмыс орны бір-
біріне сай келеді. Дейтұрғанмен, ӛзі бір жерде тұрып, екінші жерде жұмыс істейтін
жағдайлар да кездеседі. Мысалы, азамат Алматы қаласында тұрып Қаскеленде жұмыс
істеуі мүмкін. Мұндай жағдайда заңның тікелей кӛрсетуіне орай оның жұмыс орны емес,
тұрғылықты жеріне басымдылық беріледі.
Қазіргі жағдайда азаматтар бірнеше тұрғын үйді иеленуге құқылы,
әрі онда бір-
біріне ауысып отырады. Мысалы, Алматыдағы үйі мен қаланың сыртында жазда
тұратын үйі болды делік.
Мұндай жағдайда заң оның қайсысында кӛптұратындығын ескереді. Азаматтар
тұрғылықты жерін ӛзі таңдайды, бұл оның азаматтық құқық қабілеттілігінің бір
элементі болып табылады (АК-тің 14-бабы). Жасы 14-ке толмаған және
қорғаншылықтағы азаматтардың ғана нақты тұрғылықты жері есепке алынбайды, яғни
оның ата-аналарының, асырап алушылар мен қорғаншыларының тұрғылықты жері
танылады. Мұның ӛзі аталған азаматтардың әрекет қабілеттілігі болмай, ӛз беттерімен
мәмілелер және басқа заңды әрекеттер жасай алмауымен түсіндіріледі.
Осы бап, еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді ӛз қалауынша таңдау
құқығы заңмен шектеулі мүмкін жағдайларды белгілейді.Заңдарға шын мәнінде
осы іспеттес шектеулер бар және олар:
Ұлттық
қауіпсіздік мүдделерімен, мемлекеттік құпияларды қорғау
қажеттілігімен шекаралық аймақтарға шығатын және онда тұрмайтын адамдар ішкі
істер органдарынан рұқсат не жүріп-тұру үшін тиісті құжаттар алулары қажет;
(режимдегі объектілер деп аталатындар орналасқан жерлерге еркін жүріп-тұруға
жол берілмейді).
-
Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етумен, құқық бұзушылықты, оның ішінде
тӛтенше жағдайлар кезінде, ескертумен немесе оның жолын кесумен, жедел-
іздестіру және тергеу шараларын жүргізумен кӛпшілікке арналған шаралар
ӛткізу,қылмыскерді қуғындау және ұстау кезінде ішкі істер органдары жекелеген
участкілер мен аумақтарға адамдардың жіберілуін шектеуі немесе тиып тастауы
мүмкін;
-
азаматтың
денсаулық
жағдайымен
(ішкілікке
салынған
адамдар,
нашақорлар, уытқұмарлар, жүйке ауруымен және жұқпалы аурулармен
ауыратындар және мәжбүрлеу шарасымен емделушілер, еркін жүріп-тұруы
шектелгендер) жазатайым жағдайының ескертілуімен, алапат жұтау, зіл-зала
апаттарды болдырмау және олардың зардаптарын жоюмен (еркін жүріп-тұрудың
шектелуіне құтқару жұмыстарын жүргізу кезінде жол берілуі мүмкін, азаматтар
тұруға қауіпті ауданнан басқа жерге кӛшірілуі мүмкін);
-
азаматтардың заңға қайшы тәртібімен және оларға құқықтық ескерту
52
шараларын қолданумен (әкімшілік қадағалаудағы адамдар ауданның, қаланың
белгілі бір ішкі істер органдарына келгендегі сияқты ішкі істер органдарына
хабарламай ауданның шегінен шығуға тыйым салынады) қылмыстық немесе
әкімшілік мәжбүрлеу шаралары: еркіндігінен айырылған және еркіндігі шектелген,
әкімшілік қамауға алынған және басқа шаралар қолданылған адамдарға қатысты да
еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді ӛз қалауынша таңдап алу құқығы
шектелген;
-
еңбек немесе қызмет сипатымен (қысқа мерзімді әскери қызметін ӛтеп
жүрген әскери қызметшілер, Республика аумағында еркін жүріп-тұра алмайды
немесе әскери қызметі кезінде тұрған орнын еркін алмастыра алмайды);
-
басқа да себептермен (ӛзін оралман деп тану туралы ӛтініш білдірген адам
баратын жері туралы анықтама алысымен кӛрсетілген уақытша тұрғылықты жеріне
кетуге міндетті) автокӛлік құралдарымен Республика аумағы арқылы жүріп ӛтетін
шет елдік азаматтар тек халықаралық автомобиль қатынастары үшін ашылған
жолдармен ғана жүрулері тиіс, т.б.
Кӛрсетілген шектеулердің кӛпшілігі уақытша сипатта ғана болады, тиісті мән
жайлар тоқтатылғаннан кейін күшін жояды.(Әкімшілік қадағалау алынғаннан соң,
адам сауыққаннан, тӛтенше жағдай әрекеттері немесе қызмет мерзімі
тоқтатылғаннан кейін).Қазақстан Республикасының қолданыстағы кӛші-қон
заңнамасы КСРО тарағаннан кейін қалыптаса басталды.
Осы саладағы негізгі заңнамалық актілер нақ 90-шы жылдардың басында
ортасында қабылданды.1991жылғы желтоқсанда «ҚР азаматтығы туалы»
ҚР
Заңы,1995
жылғы
маусымда«Шетел
азаматтарының
Қазақстан
Республикасындағы құқықтық жағдайы туралы » ҚРПрезидентінің Заңы күші бар
Жарлығы қабылданды.Кӛші-қон заңнамасының негізін1995 жылғы тамызда
қабылданған ҚР Конститутциясы құрап 21- бабында еркін жүріп – тұру және
тұрғылықты мекенді таңдау құқығын,ал 12-бабтың 4-тармағында «Конститутцияда,
заңдарда және халықаралық шарттарда ӛзгеше кӛзделмесе шетелдіктер мен
азаматтығы жоқ адамдардың құқықтарының және бостандықтарының Қазақстан
Республикасының азаматтарымен тең дәрежелігін бекітті.1997 жылғы желтоқсанда
«Халықтың кӛші –қон туралы »ҚР Заңы қабылданды.[2]
Алайда кӛші он мәселерінің ауқымды бӛлігі қабылданған заңнамаларда
қамтылмай қалған.ҚР-на кіру, болу,ҚР-нан шығу, республикада уақытша және
тұрақты болу және басқа кӛптеген мәселер.Үкімет қаулыларымен,Ішкі істер
минстрлігінің бұйрықтарымен, түрлі минстрліктер мен ведомстволардың
нұсқауларымен реттеледі.Солардың ішінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің
2000- жылғы қаңтардағы «Шетел азамттарының Қазақстан Республикасында
болуын құқықтық реттеудің жеке мәселелері» атты қаулысы;«Шетелдік
азаматтардың ҚР аумағына кіруі және болуы, сондай-ақ олардың ҚР- ның кетуі
ережелерін қолдану тәртібі туралы» нұсқаулық Ішкі істер органдарының
ҚР- нан тыс жерге тұрғылықты мекенге кӛшіп кетуге рұхсат беруі туралы
нұсқаулар және басқа да кӛптеген құжаттар кӛп.Ең жуық есептеулер бойынша
кӛші-қон саласындағы қатынастарды реттейтін заңға тәуелді құжаттардың саны
200-ден асады.Кейбір заңға тәуелді актілерде шетелдіктердің Қазақстан
Республикасының аумағындағы азаматтарының құқықтары мен бостандықтарына
шектеулер
бар,бұл
ҚР
Конститутциясның
39-
бабын
бұзу
болып
табылады.«Адамның
және
азаматтың
құқықтары
мен
бостандықтары
конститутциялық құрылысты қорғау қоғамдық тәртіп адамның құқықтары мен
бостандықтарын халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақсатына
қажетті шамада ғана және тек заңмен шектелуі мүмкін».
53
Қазақстандағы қазіргі кеңістік тӛлқұжаттық жүйеден және тіркеу режиміне
мұраға қалған тұрғылықты мекенінде міндетті түрде тіркелу институты Қазақстан
аумағында еркін жүріп–тұру құқығын шектеу болып қалуда.
Әлеументтік қамыздандыру мәселелері сайлау құқықтарын жүзеге асыру,
Қазақстаннан кету құқықтары және басқа мәселер тіркеу институтына тәуелді
екенін атап ӛткен маңызды.
Сонымен қатар Конституцияда шектеудің заңмен белгіленуі тиіс екендігі
айтылған. Бірқатар жағдайларда заңдар жүріп-тұру мен тұрғылықты мекенді ӛз
қалауынша таңдау еркіндігін шектеуді нақты кӛрсетеді. Алайда, кейде мұндай
шектеулер қайсы бір заң актілерінің табиғатына тәндік немесе содан
туындаушылықты білдіреді, күштеп емдету, әскери қызметті ӛтеу осының мысалы
бола алады.
Жергілікті мемлекеттік органдар белгілеген және мемлекеттік қызметті
барынша дәл орындау, құқық бұзушылықтың алдын алу, жұмыссыздықты азайту
және тағы басқаларының қажеттілігімен түсіндірілетін жүріп тұру мен тұрғылықты
мекенді ӛз қалауынша тандау еркіндігін шектеу конституцияда негізделмеген және
сондықтан да оның заңдық күші болмайды.Шетел азаматтары мен азаматтығы жоқ
адамдар Қазақстан Республпкасының азаматтары сияқты,Республика аумағында
еркін жүріп-тұруға және тұрғылықты мекенді ӛзі қалауынша таңдауға
құқылы.Алайда,
оларға
белгілі
бір
шектеулер
белгіленген.Айталық,
мысалы,Қазақстан Республикасының Министрлер Кабинетінің 1993 жылғы 10-
наурыздағы қаулысымен бекітілген шетел азаматтарының келуіне тыйым салынған
жерлерге олар ішкі істер органдарының рұқсатымен ғана келе алады. Мұндай
жерлердің тізбесін Үкімет белгілейді.Аталған Ережені бұза отырып, шетелдік
азамат Қазақстан Республикасындағы баратын жерін ӛзгертсе, ол ішкі істер
органдарының талап етуімен бұрынғы тұрғылықты жеріне кері оралуы немесе
белгіленген мекенге сәйкес орын ауыстыруы тиіс.[3]
Қазақстанда тұрғылықты мекенді ӛз қалауынша тандау еркіндігін шектеудің
ұзақ жылдар бойғы бір нысаны-тіркеу институты болып келді, яғни қайсы бір
аумаққа тұру үшін арнайы рұқсат алу керек болды.
Азаматтардың кӛптеген құқықтары: тұрғын үй алу және еңбек ету, денсаулық
сақтау және білім алу құқығы және басқа құқықтарды жүзеге асыру тіркелумен
тығыз байланысты болды.Қазіргі қолданылып жүрген Қазақ КСР-нің Әкімшілік
құқық бұзушылық туралы кодексте азаматтың тіркелімсіз тұруы әкімшілік теріс
қылық ретінде қарастырылады, бұл Конституцияға, сондай-ақ басқа да нормативтік
құқықтық актілерге қайшы келеді.
Қазақстанның нормативтік құқықтық актілерінде қазір тіркелім институттары
кӛзделмеген, бірақ жекелеген әкімшілік-аумақтық бірліктерде ол әлі де
сақталуда.Кейбір мемлекеттік органдар тіркелім жӛніндегі әдеттен әлі күнге арыла
алмай келеді, ал ол заңсыздық болып табылады. Қазақстан Республикасы
Министрлер Кабинетінің 1993-жылғы 5-сәуіріндегі қаулысымен бекітілген
тӛлқұжат жүйесі жӛніндегі ереже жаңа институтты азаматтарды тіркеу институтын
енгізді.
Азаматтар тұрғылықты тұратын жеріне және уақытша келген жеріне міндетті
түрде тіркелуі тиіс.Тіркелудің айырмашылығы - тіркелу тұрғылықты тұру немесе
келіп тұру үшін рұқсат алуды қажет етпейді ол хабарламалық сипатта
болады.Тіркеу немесе оның болмауы азаматтық құқықтарын шектеуге оны іске
асырудың шартына негіз бола алмайды.Ережеде тіркеуден бас тарту мүмкіндігі
негіз бола алмайды Ережеде тіркеуде бас тарту мүмкіндігі туралы айтылмайды,
дегенмен егер оны ресімдеу кезінде Ереже,Қазақстан Республикасының ӛзге де
54
нормативтік актілері немесе мемлекетаралық келісімдері бұзылған ретте ішкі істер
органдары немесе сот арқылы тіркеудің күші жойылатындығы кӛрсетілген.
Қазақстан Республикасының азаматтарының келіп мекендеген және
тұрғылықты тұрған жерін тінту, олардың тұрғын үйді немесе тұрғын бӛлмені
иелену меншігін растайтын не тұрғын бӛлмені пайдалануға оның ішінде жалдану
және жалгерлік шарт бойынша пайдалануға алғандығын куәландыратын сондай-ақ
Қазақстан Республикасының заңдарында кӛзделген ӛзге де негіздер бойынша
тұрғын бӛлмеге кіру құқығын растайтын құжаттар негізінде жүзеге
асырылады.Тұратын жері бойынша
Қазақстан Республикасының оның аумағында тұратына азаматтар:
-шетелде тұрақты тұратын, Қазақстан Республикасына үш айдан асатын
мерзімге уақытша тұруға иеленген Қазақстан Республикасының азаматтары;
-Қазақстан Республикасының бір аймағында екінші бір аймағына үш айдан
асатын мерзімге уақытша тұруға келген Қазақстан Республикасының азаматтары;
-Қазақстан Республикасының тұрақты тұратын шет ел азаматтары және
азаматтығы жоқ адамдар;
-казармадан, корабльдерден, кемелерден тыс жерлерде тұратын әскери
қызметшілер тіркеуге жатады.
Қазақстан Республикасына қызмет бабында немесе жеке шаруасымен келген шет ел
азамататтары азаматтығы жоқ адамдар Қазақстан Республикасының заңдары
белгіленген тәртіппен тіркеледі.Бұл тәртіп шет ел азаматтарының Қазақстан
Республикасына келу Ережесімен белгіленген және ең алдымен шет елдік
тӛлқұжаттарды тіркеуді кӛздейді.
Мемлекеттік қауіпсіздік және қоғамдық тәртіпті қорғау, халықтың денсаулығын
қамтамасыз ету мүддесінде Қазақстан Республикасының Үкіметі Қазақстан
Республикасының жекелеген аймақтарында тұратын мекенді таңдарда шектеу
белгілеуі мүмкін. Ӛзгеше шектеулерді белгілеуге жол берілмейді.
Ерекше тәртіп жағдайындағы елді мекендерге тұрақты тұруға немесе уақытша
тұруға келген Қазақстан Республикасы азаматтарын тіркеу үшін белгіленген тәртіп
бойынша алынған рұқсаты ұсынылады.
Тӛлқұжат жүйесіндегі Ережемен тұратын орындарда тіркеуден алу және басқа
мәселелерде Үкімет шектеу белгілеген мекендерде кедергісіз тіркелетін
азаматтарды, адамдар тобын тіркеудің рәсімдік мәселелері кӛзделген.
Әртүрлі себептерге жеке басты куәландыратын жаңа құжаттарға кӛшуге,
мұндай жүйені құрудың техникалық және қаржылық жағынан күрделілігі тӛлқұжат
толтыру ісімен шұғылданатын ұйымдар жүйесіндегі ӛзгерістерге мемлекеттік
органдардың әзірліксіздігіне байланысты Қазақстанда қазір азаматтарды тіркеудің
бірыңғай жүйесі құрылған жоқ.
Тіркеу азаматтардың құқығын шектеудің тіркелімді ӛзгерткен ӛзіндік бір түрі
сияқты кӛрінуі мүмкін, болашақта мұндай институттың қажеттілігінің болмай да
қалуы не адамдардың есебін жүргізудің басқа барынша қарапайым түрі енгізілуі
мүмкін.Әлеуметтік және мемлекеттік салаларда түбегейлі ӛзгерістер болып,
ӛміршеңдіктердің жаңа негіздері мен принциптеріне кӛшіп жатқан қазіргі кезеңде
міндетті шарттары мен мұндай институттың болуының мәні бар, тек ол шектен тыс
ресмилендірілмеуі, азаматтардың құқықтарын шектемеуі тиіс, керісінше
азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын іске асыруына және мемлекеттік
міндеттердің ойдағыдай орындалуына игі етуі қажет.
Еркін жүріп-тұру және тұрғылықты мекенді еркін тандап алу Республикадан
тысқары жүрген әрбір азаматқа тән.
55
Тұрғылықты мекен деп адамдардың меншік иесі ретінде, болмаса басқа
заңдық негіздерде тұрақты не кӛбірек тұратын орны аталады. Еркін жүріп тұрумен
тұрғылықты мекенді ӛз қалауынша тандап алу заңда ескертілген жағдайда
шектеледі. Оларға мемлекеттің қорғаныс қабілетін қамтамасыз етуге, кездейсоқ
апатқа, тағы басқа жағдайларға байланысты айрықша құқықтық режим орнатылған
аумақтар жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |