Редакция ал қ



Pdf көрінісі
бет13/15
Дата21.02.2017
өлшемі3,55 Mb.
#4639
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15

. 5-том (Ө-Я) Алматы: Азия-Арна, 2014].

Елдің игі жақсылары – сұлтан, би, ақсақал, батырлары 

ханды ақ киізге отырғызып, жиналған дүйім жұрттың 

алдын бір аралатып: Хан жақсы ма?! Хан жақсы ма?! 

Хан жақсы ма?! – деп неше дүркін дауыстап сұрайтын 

көрінеді. Оған дүйім жұрт: Хан жақсы! Хан жақсы! Хан 

жақсы! – деп бірауыздан үн қатады. Бұл, бір жағынан, 

«жұртшылықтың ханды мақұлдап, хош алған дауысы 

Көк Тәңіріне жетеді» деген мәнді білдірсе, екінші 

жағынан, халықтың өздеріне мақұлдату арқылы билік 

идеологиясын күшейту болды. «Ел ішіндегі Хан жақсы 

ма?! деп аталған байырғы жастардың ойын-сауық ойыны 

осы бір рәсімге байланысты шыққан» деуге болады.

Сөйтіп, байырғы қазақ қоғамында Төресіз ел 

болмайды, төбесіз жер болмайды деген қағида 

қалыптасқан. Төресіз елді сағымға ілдірген садағы жоқ 

деп, санаты төмен қатарға жатқызған.

Сағымға садақ ілдіргендер идеологиясының сынға 

түсіп дағдарысқа ұшыраған шағы – Едіге бидің Тоқтамыс 

ханның тағына отырған кезі. Белгілі бір тұлғаны 

сакральдандырудың әртүрлі нұсқалары мен жолдары 

болды. Сакральдандыру көбінесе діни наным-сенімге 

негізделеді. Мысалы, Баба Түкті шашты Әзіздің пері 

қызымен жұпты болуынан Едіге туады. Яғни, Едіге 

халықтың санасында қатардағы жай адам емес, ерекше 

қасиет дарыған тұлғалар санатына жатқызылды.

Алайда сағымға садақ ілдіргендер әулетінен шыққан 

Тоқтамыс хан (1406 жылы өлген) мен әулие санатынан 

шыққан Едіге би (1353 жылы туып, 1419 жылы өлген) 

арасындағы қатынас шиеленіскен күреске айналды. Ер 

өліп, Ертіс бұзылған заман болды. Бірде бірі қуып, бірі 

қашқан, бірде бірі қашып, бірі қуған аумалы-төкпелі бұл 

күрес – өз заманындағы аса ірі тарихи тұлғалардың 

жеке бастарының шайқасы емес еді. Мәселе, түптеп 

келгенде, мемлекеттің саяси құрылымы мен жүйесінің 

сынға түскен кезі болса керек. Бәлкім, «тақ иесі неге 

сағымға садақ ілдіргендерден ғана болуы керек? Билік 

басында билер мен бектер неге отырмасқа?» деген 

сауалдың болуын да қисынсыз деуге болмас.

Едігенің Алтын Орданың тағына отырған шағы – 

Ноғайлы мемлекетінің негізін қалаған кезі халықтың тарихи 

жадында ел қамын жеген Едіге би, Едіге батыр; ханның ісін 

қарашаға түсірген тұлға ретінде сақталып қалды.

Хан-сұлтандар арасында тақталастық пен бақталастық 

етек алып,  күшейе түсуі, ру-тайпалардың бытыраңқы 

күйге ұшырауы Алтын Орданың бүтіндігін, саяси-

әлеуметтік ахуалын төмендетпей қойған жоқ. Бұл кез ел 

аузында Алтын Орда билеушісі болған Орманбет бимен 

(Ұлығ Мұхаммедпен) байланысты Орманбет би өлгенде, 

он сан ноғай бүлгенде деп аталады (Орманбет би 1445 ж. 

өлген).

Ал елдің терістік батысында Ордаға алым-салық 



төлеп тұрған Русь княздіктері бытыраңқылықтан 

бірегейлікке қарай бет алып, ес жия бастаса, олардың 

қайсыбірі кейбір хандықтардың, ханзадалардың 

сүйемелімен күш жия берді. 

Сонымен, бір жағынан, Алтын Ордадағы аласапыран, 

ел ішін меңдеген ішкі жаулық, екінші жағынан, 

қарағайлы қалың ормандай тұтасып келе жатқан ауыр 

қолы бар күні ертеңгі сыртқы жаулық Асанқайғы (Қайғы 

би) сынды кемеңгер қария, кемел бидің уайым жеп, 

қайғы жұтуына себеп болмай қойған жоқ. Сарайдағы, 

Қазандағы хан ордаларында ықпалы аса зор би Орданың 

ішкі және сыртқы саясатынан мүлде көңілі қалған 

ренішпен Ноғайлы еліне, кейіннен қазақ ханы – Әз 

Жәнібектің ордасына келсе керек. 

Дегенмен хандық мемлекеттің саяси құрылымдық 

жүйесінің қаймағы бұзылып, дағдарысқа түскен 

шағы Алтын Ордадағы бүліншілікпен байланысты. 

Асанқайғы мен Жәнібек ханның арасындағы жайттан 

да байқалады. Тарихта бірнеше Жәнібек хан болғаны 

мәлім. Асанқайғымен байланысты аңыздағы Жәнібек 

хан, шамалауымыз бойынша, Өзбек ханнан (1312-1342) 

кейінгі таққа отырған Жәнібек (1342-1357) болса керек. 

Халықтың тарихи жадында Өзбек хан туралы Өзбектен 

дін қалды деген сөз қалса, ал Жәнібек хан жайында 

Құладынға қу ілдірген Жәнібек дейтін сөз орамы біздің 

заманымызға жеткен екен. Бұл жөнінде ел аузында аңыз 

қалған. Әрине, аңыздың аты – аңыз. Онда тура сөзден 

гөрі тұспал сөз көп. Тұспал сөз тура сөзге ауыстыруды 

керек етеді. Аңызда Жәнібек хан үш мәрте жорамипа той 

қылады. Тойға ақылшысы Қайғы би келмей қояды. Ел 

аузында Асанқайғыны Қайғы би деп те атаған.

«Ел азды, жұрт тозды, ақыл қылу керек еді», – деп 

хан Асанқайғыны қолқалап алдыртады. Ақылшысын Хан 

бек хош алып, бірқатар отырғаннан соң Асанқайғыдан 

сөз сұрай бастады. 

–  Тақсыр, мен сізді мұнан бұрын үш той қылып 



шақырдым, не себепті келмедіңіз? – деді.

–  Ол тойларыңыз – қай той еді?

–  Әуелі Қаракөз сұлуды алып тойға шақырдым, оған 

келмедіңіз. Не себепті келмедіңіз? – дегенде:

–  Ол Қаракөз төре қызы ма, қара қызы ма? – деп 



сұрады.

–  Қара қызы, – деді.

–  Ендеше, оның несін қызық көріп келемін. Алтын 

сүйегіңді мырышқа айырбастадың. Төренің ақыры – осы, 

сен Қаракөзді алғаннан ілгері болады. Енді мұнан кейін 

«төре» деген зат болмайды. «Енді сенен ілгергі төре 

туады» деймісің? «Әз-Жәнібек те қараның қызын алған», 

– деп, қалған төре бәрі қараның қызын алады. «Асыл 

заты қараға араласқан соң төрелік зат қалмайды», – деп  

қайғыланып келмедім, – деп ханға жауап берді. 

Хан еш нәрсе айта алмады.

–  Жә, тақсыр, екінші тойға неге келмедіңіз? – деді.

–  Екінші той – қай той? – деді.

–  «Құладын» деген құстың заты еш нәрсе алған емес 



едіОған қайтаруын келістіріп аққу алғыздым, – деді.

–  Ай төре, оның несін қызық көріп келейін. Ол – бір 



жаман ырым емес пеОл құладын – құстың құлы еді, 

аққу – құстың төресі едіОның  несін «жақсы» дейсіз? 

Енді мұнан кейінгі заманда ханның басын қара алады 

екен. Бұл – соған көрінген ғибрат емес пе? Өз басыңды 

қараға алдырып, сонымен «өнер таптым» деп той 

қылғаның – о да бір татымсыз ісіңіз, – депті. 

Хан үндемепті оған да.

–  Үшінші шақырған тойға неге келмедіңіз?



 – деді.

–  Үшінші той – қай той? – деді.

–  Үлкен, жалпақ судан кеме жасатып, содан 

халықты өткізіп, ар жағында неше жылғы шөпті малға 

жегізіп, жер алдықОл һәм бір өнер емес пе қай жерде 

қандай судан өтсек те? – деді.

– Уай, хан, бұл да – сіздің жетімсіздігіңіз. Оның 



несін қызық көріп келейін? Сенен де халқы көп патшалы 

жұрттар бар, соған көрсеткен бұл – өнеге емес пе? Енді 

бұл жерді көзі шегір, [сары] шашты алады. Бұл жер 

саған, сенің халқыңа жоқ, – деді.

–  Енді не лаж? – деді



Асанқайғы айтты:

–  Енді мен желмаяға мініп, дүниежүзін аралаймын. 



Қай жер берік, һәм қай жерді бүтін, патшаның 

халқы ала алмайды, соған көшемін. Мен қайтқанша 

аманшылықпен осы жерден табысалық, – деп 

Асанқайғы он жеті жыл дүниежүзін аралады дейді» 

[Бұл аңыз «Асанқайғы» деген атпен «Дала уалаяты 

газетінің» («Киргизская степная газета») 1901 жылғы 

13-санында жарияланған. Аңыз мәтіні әдебиетші ғалым 

Ү.Сұхбанбердина құрастырған «Дала уалаяты газеті». 

Әдеби нұсқалар (Алматы: Ғылым, 1992. - 413-415-б.) 

кітабынан ықшамдалып алынды]. 

Дәстүрлі қазақ мәдениеті – контекске тәуелді 

мәдениет. Айтылған сөз мағынасында кодқа салынған 

ақпараттар контекстік мәдениеттің бұндай типінде 

«жабық» болды. Мысалы, Қайғы бидің жорамипа тойға 

бармауы – жоғарыда келтірілген Жәнібек ханның ішкі 

және сыртқы саясатымен келіспегені. Құладынға қу 

ілдірген деген сөз орамы елдің саяси өміріне төнген 

қауіпті аңғартады. Құладын – жылан, тышқан, ұсақ-

түйек құстарды аулайтын жыртқыш құс. Оны тек 

саятшылардың ең үздігі ғана қайырып, адал құсқа (қаз, 

үйрек, дуадақ) салады. Сырттан тиетін жау күш алып келе 

жатқанда саятшылық өнерін даңға шығарып, той істеп, 

дақпыртқа айналдыруын ханға лайық көрмеген Қайғы би 

оны билік жолынан шет қылық көреді. Дәстүрлі тәртіпте 

«ханның басын хан алатын болса, ендігі жерде ханның 



басын қара алатын болып, елдің саяси өміріне үлкен 

қауіп төнеді» деп болжайды. Бұл – Қайғы бидің бір қаупі.

Хан ордасы үшін қала тұрғызып, кесектен үй салып 

жатқан шегір көз, сары шаштылардың бұл әрекетін, 

«ханның суда кеме жүргізіп, арғы бетке өтіп, малға 

өріс табамын» дегенін мақұл көрмеген Қайғы би «елдің 

тұтастығымен қоса жердің тұтастығына қауіп төніп тұр» 

деп болжайды. Ел қамын жеген Қайғы бидің тағы бір 

қаупі күшейіп келе жатқан сыртқы жаулықты меңзейді.

Құрбанғали Халид: Асан – тақпақтап, мақалмен 

сөйлейтін, әрбір сөзінде терең мағыналы мазмұн 

жататын ұлы адам екен. Екі елдің, яғни, моңғол-татар 

сарай хандарының, сондай-ақ Россия кінәздарының 

әрекет-қимылдарын ойланып, бейілдерін пайымдап, 

өз хандарының тұрақсыз тұрғанын көріп, дәулеттің 

қолдан кетерін, Россияның бұл өңірге аяқ басып жетерін 

аңғартып, осы сөздерді айтқан болу керек?! – деп, дұрыс 

жорамал жасайды. 

Ханның қарадан қыз алып, той жасауы белгілі бір 

румен сүйекшатыс туыстыққа жатады. Былайғы жұрт 

ондай руды артықшылыққа ие болғандай көреді. «Алтын 

сүйегіңді мырышқа айырбастадың, бұдан былай қарадан 

қыз алуы әдетке айналса, ондай елдің төресі де – бір, 

қарасы да – бір: парық болмайды. Сөйтіп, ол елдің 

басқару жүйесі бұзылады» деп қауіптенеді. Қайғы бидің 

ішкі жағдаймен байланысты бір қаупі – осы. 

Хафиз Таныштың (16 ғ.) жазбаларында Асанқайғы 

би Қазақ хандығының, қазақ-ноғай елінің тұтастығы 

үшін күрескен қайраткер тұлға ретінде айтылады. 

Асанқайғы туралы жазба дерек әзірше жоққа тән. Алайда 

жазбаға бергісіз ауызша деректер де жоқ емес. Кезінде 

Құрбанғали Халид әйгілі би туралы мына бір деректі 

хатқа түсіріп алған екен.

Екі көзі жоқ «Құдабай» деген ақын кісі бар еді. 

Қыжыраның 1288 жылы қарашаның он жетісі еді, бір 

жерде кезігіп қалып:

–  Асанқайғы кім? Оның мақалдарынан 

білетіндеріңізді айтып көріңізші, – дегенімде, мынау 



ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

78

79

өлеңді айтты:



Асанның асыл түбі – ноғай деймін,

Үлкендердің айтқаны солай деймін.

Бұл сөзге анық-қанық емес едім,

Естігенім, тақсыр-ау, былай деймін.

Тегінде ноғай, қазақ түбіміз бір,

Алтай, Ертіс, Оралды қылған дүбір.

Орманбет хан ордадан шыққан күнде  

Асан Ата қайғырып айтыпты жыр, – 

деп, Қойшекем айтып отырушы еді, – деді. 

«Қошекем» дегені – «Қойшан» деген білімді кісі болса 

керек. Құдабай ол кісіден әңгіме ретінде естіген сөзді 

бізге өлеңмен айтып берді. Өйткені ақындарға қара 

сөзден өлең жеңіл, олар өлеңмен айтқанын қара сөзбен 

мұндай ұғымды қылып айта алмайды. Бұл туралы: 

Ақын дауға жарамас,

Шешен жауға жарамас, –

деген мақал бар [Бұл айтылғандар әдебиетші ғалым 

Сәрсенбі Дәуіт құрастырған «Абылай хан» атты жинаққа 

(Алматы: Жазушы, 1993) енгізілген. Тарихи деректер 

Құрбанғали Халидтің 1910 жылы Қазан қаласында 

шыққан «Тарих хамса шарки» кітабынан алынып 

жарияланған]. 

Ел ішінде Асанқайғыны білмейтін қазақ жоқ. 

Расында, Қайғы биді (Асанқайғыны): «Қазақ-ноғайлы 

дәуірінің данышпан биі, аруақты әулиесі болған», – 

деседі


Кезінде Бұқар жыраудың да хан Абылайға: «Қатын 

алма қарадан», – деуі рулық қоғамның бүтіндігін көздеп 

айтқан сөз болар. «Абылай сегіз (кейде он) қатын алған, 

олардан отыз ұл көрген, он қатынның алтауы Атығай-

Қарауылдан», – деседі. Кенесарыға ақын Арыстан айтқан 

өлеңде:


Кене хан, жақсы көрсеңқарашыңмын,

Жек көрсең де, өзіңнің алашыңмын.

Атаңа алты қатын алып берген 

Атығай-Қарауылдың баласымын, – 

деген сөз бар.

Бұл ретте Абылай жайында ел арасына тараған 

аңыздардың бір нұсқасын келтіре кетуге болады: Бірде 

ат үстінде еріккен қымызмасы бір топ жігіт«Ханның 

басындағы қалпағын қағып түсірейікБізге не істер 

екен, байқайық деп, аңдаусызда хан қалпағын басынан 

қағып түсіреді. Шамасы, Абылайды жездесінген болуы 

керек. Бұндайда төрелер ат үстінен түспейді, ашу-ыза 

да білдірмейді. Бірақ кейіннен көрсетер зілі қатты 

болады. Ал жерге түскен затын қара алып беруге тиіс. 

Оны күтпестен Абылай сонда: «Ханнан қасиет, қарадан 

ұят кетейін деген екен. Көп ұзамай-ақ ел екі жүз жыл 

бодандықтың ноқтасын киер!» – деп, өз жолымен кете 

барады. Айтса айтқандай-ақ, қазақ еліне бодандықтың 

екі түрінің бірін – не қайыс ноқтаны, не темір ноқтаны 

таңдауына тура келеді. Содан Ресей патшалығына 

бодан болып, ұзын арқан, кең тұсауға түсті. Алайда 

басқалардай емес. «Амал қане, хан Кененің ноқтаға басы 



сыймай кетті-ау!» – деп отырады ел ақсақалдары

Қазақтануда Құрбанғали Халид сынды парасатты 

оқымыстының жинаған деректері де, орны да ерекше. 

Қазақтың көрнекті тарихнамашысы қадірменді 

Құрбанғали Халид қалдырған деректер аз емес. Солардың 

бірі – Абылай мен Бұқар жырауға қатысты. Абылай хан 

ауырып, төсек тартып жатқанда көңілін сұрап келген 

атақты Бұқар жыраудың мына бір өлеңіндегі қайғысыз  

ұйқы;  қайырусыз  жылқы; қалыңсыз  қатын деген үш 

сөзге Құрбанғали Халид ерекше көңіл бөледі. 

Бұқар:

«Қайғысыз ұйқы ұйықтатқан ханым-ай,

Қайырусыз жылқы бақтырған ханым-ай,

Қалыңсыз қатын құштырған ханым-ай, 

Үш жүзден үш кісіні құрбан қылсам,

Сонда қалар ма екен қайран жаның-ай!» – дейді. 

Тағы да сөйлейін дегенде хан көзін ашып: «Тоқта!» 

деп ымдапты. Одан кейін:

–  Мен еліме осы айтқан үш сөзіңнен артық пайда 



жеткізе алмадымЕгер бұдан  артық айтсаң, мен 

масаттанып кетемін де сен өтірікші боларсың, – депті.

«Бұл үш сөздің мағынасы: Қайғысыз ұйқы – 

алаңсыздықты, байлықты меңзейді. Қайырусыз 

жылқы – ұры-жаудан аман, жұрттың тыныштығын 



меңзейді. Қалыңсыз қатын – олжаға түскен әйелді 

көрсетеді», – дей келіп: «Осы сөз немесе жоғарыда 

айтылған өлең-жырлар егер араб-парсы ақындарының 

аузынан айтылған болса әлде түрік білгіштерінің 

аузынан шыққан болса, талай мағыналар шешіліп, 

талай кітап болар еді. Қазақ тілінде айтылғандықтан

«өлең»«жыр» деген атпен мән берілмейдіМазмұнына 

түсінбеген соң, оған амал не?» – дейді. 

Қазіргі лингвоэтнологиялық тұрғыдан айтқанда, 

Құрбанғали Халид үш сөздің мағынасында кодқа 

(кілтке) салынған ақпараттарды дәл ашып, Абылайдың 

халық танымындағы тұлғасын айқын танытып отыр. 

Бұқар жыраудың сөзі – халықтың сөзі. Елдің алаңсыз 

болуы, ел ішінде ұры-қараға жол бермеуі, жау қашырып 

алған олжасын хан ордасының емес, ел мүддесіне 

жаратуы ел басқарудағы Абылай билігінің әлеуметтік 

саяси сипатының қандай болғанын білдіреді. Расында, 

Абылай хан, бір жағынан Ресей, бір жағынан, Қытай 

билеушілерімен, сондай-ақ Жоңғар қоңтайшыларымен 

мәмілеге келіп, ел тыныштығын сақтауға күш салғанын 

Бұқарекең «қайғысыз ұйқыға» балап айтқан; Ұйқы бұзып 

жылқы алған, күйме, бұзып қыз алған жаугершілік кезді 

«қалыңсыз қатын құштарған» деп тұспалдаған. Қара 

арбада қатын бар дейтін заманда Шыңғыс ханның әкесі – 

Йесугей баһадүр да күйме бұзып, меркіттің жесірін алған. 

Шыңғыс ұлы хан болып сайланарда жеті мәрте атқан 

оғы астында тіреуі, үстінде байлауы жоқ сағымда қалқып 

жерге түспей тұрған екен. Содан болар, «Шыңғыс қаған 

әулеті жеті жүз жыл бүтін әлемнің жарымына хандық 

құрыпты», – деседі. Ал «қазақтың хандық мемлекетінде 

сағымға садақ тартқан әулеттен Майқы биден бата 

алған алғашқы хан Алаш (Алаша) болса, ақырғысы да, 

айбындысы да Абылай болған екен», – дейді. Алайда 

хандық дәуіріндегі қазақ қоғамында екі тізгін бір 

шылбыр, яғни «бүтін билік» хан қолында болған жоқ. 

Рас, ел басқарудың тізгіні хан қолында болғанмен, ноқта 

шылбыры Майқы би, Қайғы би (Асанқайғы), Үлгілі үш 

би (Төле, Қазыбек, Әйтеке), Бұқарекең сынды билердің 

қолында болды. Бәрі де ел есінде. Елдің есіндегісі тіл 

қазынасында сақталған.

Арада елдің бүтіндігін нығайтқан толы хандар да, 

бүтін елді бөле-жара билеуді көксеген келте хандар да 

болды. Бұл жайында қазақтың тұңғыш этнографиялық 

энциклопедиясында былай делінген: Үш жүздің 

соңғы ханы болған Абылайдың тәуелсіз мемлекет 

құру жолындағы жанқиярлық ұйымдастырушылық, 

дипломатиялық, әскери іс-шаралары социумның қалыпты 

тіршілігінің алғышарты – ру-тайпалардың арасындағы 

сан-салалы және сан деңгейлі байланыстар жүйесіне 

соны серпін берді. Бірақ бұл – қазақ социумы үшін соңғы 

серпін болды. Осы кезеңнен кейін қазақ өлкесіне, әсіресе 

Ресей империясының уақыт өткен сайын күшейе түскен 

әртүрлі саяси әкімшілік, өңірлік әкімшілік, идеологиялық 

экспанциясы қазақ қоғамының барлық саласын қайтып 

оңалмастан ірітуге (дағдарыс емес!) ұшыратты. Бұл 

гәптің ең бір көрнекті көрінісі – осы кезеңде келте 

хандардың пайда болу жайты және олардың билеуші 

ретінде орыстың отаршыл тәртібінің қауқарлы ықпалына 

түскен пұшайман күйі [Қазақтың этнографиялық 

категориялар, ұғымдар мен атауларының дәстүрлі жүйесі. 

Энциклопедия



. 5-том (Ө-Я) Алматы: Азия-Арна, 2014]. 

Сағымға садақ ілдіргендер идеологиясы арқау болған 

Қазақ хандығының дәуірлеген тұсын да, құлдыраған кезін 

де танымал тарихшы ғалымымыз – тарих ғылымдарының 

докторы, профессор Талас Омарбековтің қазақ хандары 

туралы «Ана тілі апталығындағы» (2015 жылы) үздіксіз 

жарияланып отырған ғылыми очеркінен айқын байқауға 

болады. 


***

Сонымен, сағымға садақ ілдірген хан – Шыңғыс 

заманынан құладынға қу ілдірген хан – Жәнібек заманына 

дейінгі немесе Майқы  биден  Қайғы биге дейінгі хандық 

құрған Қазақ елінің ауызекі тарихнамасының тілдік 

таңбалар түріндегі бір үзігі – міне, осындай.

Сағымға садақ ілдірген; төбесіз жер, төресіз ел 

болмайды; бесікке белгі салу; тау – жердің қазығы, 

хан – елдің қазығы; май бұзылса, тұз түзер, ел бұзылса, 

хан түзер, хан бұзылса, кім түзер?; халық қаласа, хан 

жалғыз атын сояды тәрізді т.б. фразеологизмдер хандық 

дәуірдегі билік жүйесін идеологияландырумен, ал қардың 

басын қар алар, ханның басын хан алар, екі тізгін бір 

шылбыр дегендер хандық дәуірдегі құқықтық, этикалық 

қатынастар жүйесімен байланысты болды. Ханның 

басын қара алар; ер өліп, Ертіс бұзылды; ханның ісі  

қарашаға түскен кез тәрізділер қоғамдағы алашапқын 

бүліншілікті, ал қалыңсыз қатын; ұйқы бұзып, жылқы 

алған, күйме бұзып, қыз алған; қара арбада қатын бар 

дегендер жаугершілікті; табаны жалпақ, құрығы ұзын 

деген тұрақты сөз әлеуеті күшті руды; қайғысыз ұйқы, 

қайырусыз жылқы сияқты сөз орамдары қой үстіне 

бозторғай жұмыртқалаған ел ішіндегі мамыражай 

тыныштық  заманды білдіреді.

Құладынға қу ілдіру; алтын сүйекті мырышқа 

айырбастау; ханның қарадан қыз алуы;  ханнан қасиет, 

қарадан ұят кету бір кезде дәуірлеп тұрған сағымнан 

жаралғандар билігінің ыдырап, қаймағы бұзыла бастауын 

аңғартады. Бұдан кейінгі кезеңнің тілдік штрихы темір 

ноқта; қайыс ноқта; ұзын арқан, кең тұсау бодандықты 

мойындау болса, ноқтаға басы сыймау «бодандыққа 

мойынсұнбау, қарсыласу» дегенді білдіреді. 

Бұндай ерекше тілдік таңбаларда жинақталып, 

мәдени кодқа салынған ақпараттардың кілтін ашудың, 

әрине, лингвоэтнологиялық қырдан тетігі дұрыс табылса, 

өткен бір замандарға қан жүгіріп, жан біткендей болады. 

Өйткені сөзімізге арқау болып отырған тілдік бірліктер, 

түптеп келгенде, тарихи тұлғалармен, олар өмір кешкен 

ортамен, қалыптасқан құндылықтармен, қоғамдық 

қатынастардың әр алуан сипатымен байланысты айрықша 

семиотикалық таңбалар жүйесі болып табылады. 

Халықтың өткен бір өмірдегі тарихи танымы, білім-

түсінігі, рухани тынысы сыз берген таңдай бірте-бірте 

ашылып, санамыздағы тасқараңғылықтың етегін 

түргендей болады.

Сонымен, қой үстіне бозторғай жұмыртқалаған заман 

өтіп, Қайғы би (Асан қайғы) айтқандай, қарағай басын 

шортан шалған қилы заман басталып, бодандықтың 

қайыс ноқтасына мойынсұнған елдің ендігі тағдыры 

жайында уайым-қайғы жеп, жыр төккен ақын-жыраулар 

заманның тілдік бейнесін (картинасын) жасап, зарзаман 

атандырды.

Сөйтіп, Жошы ұлысының (хандығының) бас биі 

болған Майқы би тұсында сағымға садақ ілдіргендер 

билігі идеологиясының дәуірлеген шағы болды. Ал 

Алтын Орданың шаңырағы шайқалып ыдыраған тұсы 

– бұл билік идеологияның дағдарысқа түскен шағы, 

Асанқайғының ел қамы үшін уайым жеп, қайғы жұтқан 

кезі. 

Қазақ хандығының Қасым ханнан Әз Тәукеге дейінгі, 

әсіресе Әз Тәукенің үш биі атанған Төле, Қазыбек, 

Әйтеке билер тұсы – сағымға садақ ілдіргендер билігі 

идеологиясының заңмен («Жеті жарғымен») тізгін түзеген 

шағы. Ал Абылай ханнан, сол кезеңнің кемеңгері де, 

көрегені де – Бұқар жырау биден былайғы кез сағымға 

садақ ілдіргендер билігінің сиырқұйымшақтанып, екі 

тізгін бір шылбырдың жат қолына көшкен шағы. Сағымға 

садақ ілдіргендердің ақыр-аяғы ел ішіндегі сұлтандардың 

Ресей патшалығынан шен алып, шекпен кигендермен, 

шынжырбалақ шұбартөстермен тәмамдалды. Патша 

билеушілері солар арқылы отарлау саясатын жүргізуді 

көздеді, өйткені қоғамдық санада сағымға садақ 

ілдіргендерді қасиетті көрудің сарқыты әлі де болса 

сақталған кезі еді.

Оқырман назарына ұсынып отырған біздің бұл 

мақаламыз мәселені тарихи ізерлеу емес. Әдетте тарихшы 

өз зерттеуінде жазба деректердегі фактілерге жүгініп, 

айрықша басымдылық беріп, өзара байланыстыра, 

өрістете отырып, олардың тарихи мән-мағынасын 

ашу тәсілін қолданады. Рас, тарихшылар да тілдік 

атауларды, фразаларды пайдаланады, бірақ зерттеу тәсілі 

бойынша оларды жүйелі түрде емес, редукцияланған 

сипатта береді. Ал лингвоэтнолог, керісінше, тілдік 

таңба деректерін жүйелі түрде, ал тарихи жазба 

деректерді редукцияланған сипатта қолдану тәсілін 

ұстанады. Бұл тұста біз де мәселені ізерлеу барысында 

лингвоэтнологиялық талдау бағытын ұстандық. 

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ

ТУҒАН ТІЛ – ТҰҒЫРЫМ


№ 2 ( 2 0 1 6 )

№ 2 ( 2 0 1 6 )

80

81

Б



ұл сауал  бізді 2013 жылы 

жазушының кітапханасындағы 

кітаптар мен ғылыми, әдеби, 

көркем басылымдардың тізімін 

жасау, жүйелеу  жұмыстарын 

жүргізу кезінен мазалай бастады. Өйткені 

ұлы суреткерге  әріптестері, аралас-құралас 

болған  белгілі қоғам және қалам қайраткерлері 

сыйлаған туындылардағы, тіпті күнделікті 

басылымдарда, журналдарда жарық көрген 

мақалаларына дейін қолтаңба (автограф) 

қалдырып, естелік ретінде ұсынылулары түрлі 

ойларға түрткі болды.  Кезінде табиғат тарту 

еткен талантымен, дара дарынымен, кемел 

ойшылдығымен, талайларды таңғалдырып, көзі 

тірісінде-ақ төрткіл дүниеге танылған ғұлама 

ғалым, көрнекті суреткер, ұлы ұстаз Мұхтар 

Әуезовке әйтеуір бір сылтаумен  кездесіп, 

дидарласудың, бір жол болса да қолтаңбасын 

алудың өзі арман болғаны 

– 

ақиқат. Алайда 



«әрбір уақытының қадірін біліп, өзінің  атақ-

абыройын арзан дақпыртқа айырбастамайтын 

ой алыбы қолтаңбаға қалай қарады екен?! 

деген сауалға жауап іздеп, ұлының ұлағатын 

көрген, дәрісін тыңдап, шәкірт болған, күнде 

болмаса да, кезі келгенде  көңілі жарасқан, 

дәмдес, әріптес, қаламдас, пікірлес болған-ау 

деген көнекөз қариялардан, еліміздің белгілі 

қайраткерлерінен, ақын-жазушылардан, 

көрнекті ғалым-академиктерден азды-көпті 

сұрастырғанымызда байқағанымыз 

– 

Мұхтар 




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет