Редакциялық алқасы


Г.К. БЕЛЬГЕРДІҢ ЖЕКЕ ҚОРЫ ТУРАЛЫ



Pdf көрінісі
бет6/16
Дата15.03.2017
өлшемі7,14 Mb.
#9697
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16

Г.К. БЕЛЬГЕРДІҢ ЖЕКЕ ҚОРЫ ТУРАЛЫ
 
 
Биылғы  жылдың  ақпан  айында  80  жасында  «қазақ  жерінің  дарынды  перзенті»  ата
-
ғына
 
ие болған Герольд Карлович Бельгер дүниеден қайтты.
 
1998  ж.  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Мұрағатын  жеке  тектік  құжаттармен 
толықтыру  мақсатында  жеке  қорлар  бөлімі  құрылды.  Онда  отбасының,  жеке  адамның 
өмірі
 
мен  қызметі  барысында  туындаған  тарихи
-
мәдени  құнды  құжаттар  жинақталған. 
Бүгінгі  күнде  Мұрағатта  ХХ  ғ.  рухани,  мәдени  өмірі  мен  шығармашылығын  бейнелейтін 
белгілі жазушылар, қоғамдық және саяси қайраткерлер естеліктері мен басқа да деректер 
сақталған 71 жеке тектік қор жинақталған.
 
1999 ж. ҚР Президенті Мұрағатының қоры белгілі қазақстандық жазушы, аудармашы, 
әдебиеттанушы, қоғам қайраткері Г. Бельгердің құжаттарымен толықтырылды.
 
Герольд Карлович (лақаб аты Гарри Карлсон) 1934 ж. 28 қазанда Саратов облысы
-
ның Энгельс қаласында әскери фельдшер отбасында дүниеге келді [1].
 
КСРО Жоғарғы Кеңесі Президиумының 1941 ж. 28 тамыздағы «О переселении нем-
цев, проживающих в районах Поволжья» Жарлығы бойынша Кеңес Одағының неміс хал
-
қы
 
немістердің АКСР
-
ден жаппай қоныс аудару толқынына түсті. 1941 ж. 17 қыркүйегінде 
Бельгер отбасы Солтүстік Қазақстан облысы Сергеев ауданы Ленино селосына қоныс ау-
дарылады. Мұрағатта
 
сақталған өмірбаяндық
 
нұсқаларда Герольд Карлович еске алады: 
«Небольшой казахский аул на правом берегу обрамленного тугаями Ишима –
 
Есиля сыг-
рал исключительную роль в моем становлении и всей дальнейшей моей судьбе. Все са-
мое  светлое  и  доброе,  чистое  и  искреннее,  возвышенное  и  благородное  моего  детства, 
отрочества, юности связано с родным аулом» [2
,  14-
б]. Осында 1944 ж. алғаш рет қазақ 
мектебінің табалдырығын аттап, тілді жетік меңгерді, сол уақыттан бастап оның тағдыры
-
на айналған қазақ тұрмысының бастауын
 
бойына
 
сіңірді.
 
«Қуғынға ұшыраған» ұлт өкілінің Қарағанды металлургия институтына түсуге сәтсіз тал-
пынысынан кейін Г. Бельгер Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының филология 
факультетіне түсіп, оны 1958 ж. тәмамдайды. 1958–1960 жж. Жамбыл облысы Сарысу ауда-
ны Байқадам орта мектебінің орыс тілі мен әдебиеті мұғалімі қызметін атқарады [1].
 
1960 ж. Абай атындағы Қазақ педагогикалық институтының аспирантурасында Қазақ 
мектептерінде  орыс  тілі  мен  әдебиетін  оқыту  әдістемесі  кафедрасында  оқуын  жалғас
-
тырды
1
.  «Жұлдыз»  журналындағы  жұмыс  жылдары  туралы  Г.  Бельгер  «Сразу  же  после 
аспирантуры А. Нурпеисов (тогда главный редактор «Жулдыза») сходил в Министерство 
и выхлопотал бумагу о переводе меня в его, Абеке, распоряжение… Меня приняли лит
-
сотрудником  отдела  прозы  казахского  журнала.  Было  поначалу  непривычно.  Я  чувство
-
вал себя не в своей тарелке. Языкознание и методика остались побоку. Зато сколько зна
-
комств! Какая вольная стихия

Муканов, Мусрепов, Мустафин, Абу Сарсенбаев, Ахтанов, 
Шангитбаев,  Кабдолов…
 
О,  все  созвездие  казахской  литературы.  И  новая  волна  моих 
замандасов
-
сверстников –
 
К. Мырза
-
Али, С. Жиенбаев, С. Асанов, С. Муратбеков, А. Ке
-
килбаев, К. Искаков, А. Сулейменов, З. Сериккалиев, А. Тарази, Р. Токтаров, Ж. Нажими
-
денов,  Е.  Домбаев,  Д. Досжанов,  О. Сарсенбаев  –
 
плеяда  молодых  и  дерзких  талантов, 
                                                             
1
 
Кандидаттық  минимумды  тапсырды.  «Система  обучения  русской  разговорной  речи  в  казахских  школах»  дис
-
сертациясының  қолжазбасын  дайындады.  Аспирантураны  кандидаттық  диссертацияны  қорғамай  бітірді,  өйткені 
Герольд Карловичтің айтуы бойынша: «На третьем курсе аспирантуры меня привлек к художественному переводу 
Абдижамил  Нурпеисов.  К  методике  преподавания  я  окончательно  охладел…»

Автобиографические  эскизы.  –
 
Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2004.
 

 27-
б.
 

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР. МҰРАҒАТТЫҚ ОЛЖАЛАР 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ЛИЧНОСТИ. АРХИВНЫЕ НАХОДКИ 
38 
самостоятельных,  образованных,  начитанных  людей.  Меня  они  тепло  приняли  в  свой 
шумный круг» [
2, 27

28-
б.] деп жазады.
 
1964  ж.  бастап  белгілі  қазақ  жазушылары  Ә.
 
Нұрпейісов  пен  Ғ.
 
Мұстафиннің  кеңесі 
бойынша толығымен қазақ тілінен аудармамен айналыса бастады. Содан бері Г.К. Бельгер 
қызығушылықпен
 
қазақ
 
прозасын түпнұсқадан орыс тіліне аударды. Қазақ прозашыларының 
200-
ге  жуық  шығармалары  –
 
Б.
 
Майлин,  М.
 
Әуезов,  Ғ.
 
Мүсірепов,  Х.
 
Есенжанов,  Ә.
 
Нұр
-
пейісов,  Ә.  Кекілбаев,  Д.  Досжанов,  О.  Сәрсенбаев  және  т.  б.  дастандары,  хикаяттары, 
әңгімелері, очерктері, мақалалары
 
орыс тіліне
 
аударылды. Орыс тілінен
 
Г.К. Бельгер орыс, 
неміс прозашылары –
 
А. Реймген, Н. Ваккер, Э. Кончактың және т. б. 20
-
дан астам шығар
-
маларын аударды.
 
Жазушы қазақ оқырмандары арасында неміс әдебиетін насихаттауға көп күшін жұм
-
сады.  Ол  оннан  астам  ұжымдық  жинақтар  құрастырды,  солардың  ішінде  «В  степном 
краю»,  «Мой  Казахстан»,  «Далекие  журавли»,  «Антология  советской  немецкой  литера
-
туры», «10 совьетдойчеэрцейлер», «Советские немцы: история и современность», «Лите-
ратурный энциклопедический словарь», «Абай» және т. б.
 
Шығармашылық жұмысымен қатар Г. К. Бельгер қоғамдық жұмыстарға белсенді ара
-
ласып, бойындағы бұлжымас үздік қасиеттерін –
 
жинақылығын, жауаптылығын, тыңғылық
-
тылығын, өнегелігін, парасаттылығын танытады. Осылайша оны Ә. Нұрпейісов Г.К. Бель
-
гердің «Тихие беседы на шумных перекрестках» кітабының алғысөзінде бейнелейді.
 
Г. Бельгердің құжаттары ҚР Президенті Мұрағатына 1999 ж. мамыр
 
айында оның өті
-
ніші негізінде қабылданды
1

№ 1 тізімдемедегі істер құжаттар құрамын есепке ала отырып

1. Г. Бельгердің өмірбаянына қатысты құжаттар;
 
2. А. Дебольскийдің Г. Бельгерге жазған хаттары;
 
3. Г. Бельгердің қызметтік және лауазымдық қызметінің құжаттары

4. Г. Бельгердің шығармашылық құжаттары;
 
4.1. 
Әдеби
 
аудармалар;
 
4.2. 
Хикаяттар, әңгімелер, очерктер, эсселер жинақтары;
 
4.3. 
Мақалалар, баяндамалар, естеліктер, сұхбаттар, сценарий;
 
4.4. Рецензиялар, пікірлер, алғысөздер, құттықтаулар
 
болып
 
жүйеленді.
 
Өмірбаяндық
 
құжаттары
 
«Г.  Бельгердің  өмірбаянына  қатысты  құжаттар»  бірінші  бө
-
ліміне енгізілді: өмірбаяны, диссертациялық жұмысының қолжазбасы, жазушының 60 жыл
-
дығына  орай  шығарылған  буклеттер,  мақтау  қағаздары,  газет  редакцияларының  алғыс 
хаттары, сонымен қатар ресми ұйымдардың, достарының, әріптестерінің құттықтау хатта
-
ры
 
енді. Сонымен қатар бұл бөлімде тұрмыс жағдайларын шешу мақсатымен әртүрлі ме-
кемелерге  жазған  хаттары,  Қазақстан  жазушылары  съезі
 
делегаттарының  мандаттары 
мен  ғылыми
-
тәжірибелік
 
конференцияларға,  мерейтойлық  кештерге,  кітап  үйлері,  көрме
-
лер,  мұражайлар  ашылуына  қатысты  іс
-
шаралар  мен  ресми  қабылдауларға  шақыру  би
-
леттері топтасқан.
 
Бұрыннан  келе  жатқан  қаламдас  досы  А.  Дебольскийдің
2
 
Г.  Бельгерге  жазған  хат
-
тары
 
тізімдеменің екінші бөлімі болып бөлек шығарылды. Хаттар 1971 ж. мен 1997 ж. ара
-
лығын  қамтиды.  Бұл  хаттардан  жазушының  шығармашылық  жолын,  тұрмысын,  елде  бо-
лып  жатқан  қандай  да  болмасын  саяси,  әлеуметтік
-
экономикалық  жағдайларға  көзқара
-
сын, қатысын байқауға болады.
 
Үшінші
 
бөлім  құжаттары  Г.  Бельгердің  қоғамдық  және  жұмыс  қызметін  баяндайды. 
Бұл  түрлі  мәдениет  қорларында,  КСРО  мен  Қазақстан  Жазушылар  одағының  семинар
-
лары, конференциялары, пленумдары, съездеріндегі кеңестік неміс  әдебиеті мен көркем 
                                                             
1
 
Г. Бельгердің жеке қорына екі тізімдеме қалыптастырылған.
 
2
 
Дебольский  Алексей  Борисович  (лақаб аты  –
 
А.  Стражевский; 13  қаңтар  1916  ж.  –
 
19  шілде  1997
 
ж.


 
неміс 
кеңес  жазушысы,  аудармашы  және  драматург.  1916  ж.  Харьковте  дүниеге  келді.  1925  ж.  оның  отбасы  Мәскеу 
түбіне көшіп барады. Фабрика
-
зауыт мектебін бітіріп, зауыттарда жұмыс істейді. 1938 ж. Мәскеу мемлекеттік педа
-
гогикалық  университетінің  география  факультетін  тәмамдайды.  Магаданда  мұғалімдік  қызметін  атқарады,  кейін 
журналист  жұмысына  ауысады.  Ұлы  Отан
 
соғысы  жылдары  әскери  журналист  болып  істейді.  1946  ж.  бастап 
Берлинде  «Tägliche
 
Rundschau»  газетінде  журналист  қызметін  атқарады.  Кейін  Кеңес
 
әскери  баспасөзінің  қыз
-
метшісі болады. 1953 ж. әдеби қызметін бастап, «NeuesLeben» (Мәскеу қ
-
сы) газетінде жұмысын жалғастырады. 
1965 ж. ҚазКСР
-
ге немістілді баспасөз
 
құру мақсатымен көшіп келеді. 1966 ж. жаңадан құрылған «Freundschaft» 
республикалық газетін қолға алады.
 https://ru.wikipedia.org. 

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР. МҰРАҒАТТЫҚ ОЛЖАЛАР 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ЛИЧНОСТИ. АРХИВНЫЕ НАХОДКИ 
39 
аударма  мәселелері  мен  жағдайы  туралы  сөздері  мен  баяндамалары.  Айтылғандардан 
бөлек бөлімге сайлау алдындағы бағдарлама, депутаттыққа кандидаттың сенімді өкілде
-
рінің тізімі, хаттар, келісім
-
шарт, Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы мемле
-
кеттік саясат
 
жөніндегі ұлттық кеңестің мүшесі, Қазақстан ПЕН орталығы атқарушы коми
-
тетінің  мүшесі,  «Сорос
-
Қазақстан»  қоры  басқармасы  төрағасы,  «Феникс»  альманахы  ре
-
дакторы,  депутаттыққа  кандидат  ретіндегі  оның  қызметін  ашатын  мәліметтер  мен  басқа 
да құжаттар жинақталған. Сонымен қатар, кітаптарын басып шығаруға өтінімдер мен хат
-
тар, іс
-
сапар, шығармашылық қызметінің есептері енді.
 
Төртінші бөлімнің төрт бөлімшесінде топтасқан шығармашылық құжаттары Г. Бельгер 
қорының
 
маңызды бөлігін құрайды. Қазақ әдебиетінде Г. Бельгер, бірінші кезекте, аудар
-
машы ретінде қалыптасқанына байланысты «Көркем аудармалар» атты бірінші бөлімше
-
сіне  Абай,  Жамбыл,  Ә.  Тәжібаев,  Ә.  Нұрпейісов,  Ә.  Кекілбаев,  Д.  Досжанов,  О.  Сәрсен
-
баев, сонымен қатар неміс жазушысы А. Реймгенның дастандары, хикаяттары, әңгімелері, 
поэмалары мен өлеңдерінің көркем аудармалары жинақталды.
 
Шығармашылық  қызметінің  алғашқы  бес
-
алты  жылында  аудармамен  айналысқан 
 
Г. Бельгер өзінің әңгімелер, хикаяттар, очерктер, естеліктері мен эсселерін жаза бастады. 
1973,  1977  жж.  жарық  көрген  «Сосновый  двор  на  краю  аула»,  «За  шестью  перевалами» 
кітаптары, «Земные избранники», «Тихие беседы на шумных перекрестках» кітаптарының 
қолжазбалары, кейбір хикаяттарының, дастандарының тараулары, орыс және неміс тілін
-
де  жазылған  әңгімелері,  сонымен  қатар  өмірбаяндық  сипаттағы  әңгімелер  мен  жазушы 
әкесінің
 
өмірбаяны
 
екінші бөлімшеге енгізілді.
 
Көптеген  қазақ  жазушыларының  шығармашылық  жолы  туралы,  олардың  әдеби  шы
-
ғармаларын
 
аударуы және төрт мыңнан аса әртүрлі қазақ есімдерін оның «Дневники раз
-
ных  лет»  жазбаларынан  табуға  болады.  Бұл  жазбалар,  жазушы  дәптері  мен  «Казахские 
имена» есімдер тізімінен тұратын қойын дәптері аталған бөлімшеге жинақталған.
 
Үшінші
 
бөлімшені Г. Бельгердің Ә. Нұрпейісов, М. Әуезов, Ғ. Мүсірепов, Ә. Кекілбаев, 
Ә.  Әлімжанов,  Бақытжан  Момышұлы,  А.  Сүлейменов,  А.  Дебольский,  Д.  Гольман,  В.  Эк
-
керт,  Р.  Кельн  және  басқа  да  көптеген  қазақ  және  неміс  жазушыларының  шығармашы
-
лығы туралы мақалалар, баяндамалар, жазбалар, сұхбаттар құрайды. Г. Бельгердің жас 
жазушыларға КСРО Жазушылар одағына мүше болу үшін дайындаған мінездемелері, ан-
кета  сұрақтарына  жауаптар,  журнал  мен  газет  редакцияларының  сұрақтары,  фильмдер 
сценарийлері, кездесулердегі, радио және теледидардағы баяндама мәтіндері де осы бө
-
лімшеге енгізілді.
 
Төртінші  бөлімшеде  кітаптар,  сөздіктер,  тілашарлар  қолжазбаларына  жазылған  ре-
зенциялар,  пікірлер,  қазақстандық  және  неміс  жазушыларының  әдеби  шығармаларына, 
театр  қойылымдарына,  «Здесь  наша  родина»  атты  депортацияланған  неміс  халқының 
тағдыры туралы телефильмге жазылған рецензиялар мен пікірлер, Э. Кончак, Л. Вайдман 
мен басқа да неміс жазушыларының хикаяттары мен әңгімелер жинақтарына, кітаптарына 
алғысөздер, түйіндер топтастырылған [
3]. 
Жеке  тектік  құжаттармен  толықтыру  Қазақстан  Республикасы  Президенті  Мұрағаты 
қызметінің
 
басым бағыттарының бірі болып табылады. Жеке қорлар –
 
ресми құжаттармен 
қатар
 
өткен
 
уақыт туралы көрініс беріп, жан
-
жақты ашуына мүмкіндік беретін маңызды та-
рихи  деректер  болып  саналады.  Жеке  тектік  қорларды  қалыптастыру  тәжірибесі  ірі 
әлеуметтік
 
және мәдени құбылыстарды ғана емес, біртума тұлғалардың тағдырын тарих 
объектісіне айналдырған мұрағаттар қызметінің жаңа бағыты ретінде салыстырмалы түр
-
де жақында пайда болды. Жеке қорлар тарихтың ағымын айқын, қайталанбас, мазмұнды 
бейнелеуімен бағаланады. Жеке мұрағаттар құжаттары тақырыптық көрмелер, көркем ки
-
нотүсірілімдер, радио

және телебағдарлама жазуды ұйымдастыруға белсенді түрде қол
-
данылады.  Оқырман  залының  зерттеушілері  де  монография,  мақала,  баяндама,  доктор
-
лық  және  кандидаттық  диссертациялар,  диплом  жұмыстарын  дайындауға  пайдаланады, 
және де оларға қызығушылық арта түсуде. Уақыт өте келе бұл құжаттар қоғамдық игілікке 
айналу үшін оларды сақтап қалу маңызды.
 
 
Деректер мен әдебиеттер тізімі:
 
1. ҚР ПМ. 152
-
Н
-
қ
. 1-
т. 1
-
іс. 1
-
п.
 
2. Автобиографические эскизы. –
 
Алматы: «Жібек жолы» баспа үйі, 2004.
 
3
. ҚР ПМ. 152
-
Н
-
қ
. 1-
т.
 
 

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР. МҰРАҒАТТЫҚ ОЛЖАЛАР 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ЛИЧНОСТИ. АРХИВНЫЕ НАХОДКИ 
40 
 
 
Ғаббас
 
Баталов
 (1910

1997) 

 
партия және шаруашылық қай
-
раткері.  Қостанай  облысының  тумасы.  1950
-
ші  жылдары 
Қарақалпақ
 
АКСР  ауылшаруашылық  министрiнің  орынбасары 
қызметін
 
атқарған. 
 
 
 
 
 
ШӘҢКІ БИ
 
 
Шәңкі  би  Меңдекеұлы  1811  жылы  туып,  1884  жылы  опат  болған.  Қостанай  облы
-
сының Обаған елінде өмір сүрген. Руы арғын ішіндегі қанжығалы.
 
Шәңкі  өз  дәуірінің  шешен,  парасатты,  рақымшы  билерінің  бірі,  Шәңкі  сол  дәуірде 
қазақ
 
жеріне жылжып келе жатқан орысқа, оның тұрмысы, мәдениеті мен ғылымына әуес
-
тенген. Тіпті орыс халқын жақтаған. «Орыс әскери әкімдерін басқыншы» деп қарсы шық
-
қан
 
сол кездегі Есеней, Байқасқа, Тоғалақ сияқты белді ру басылары Шәңкіні «орысшыл» 
деп жек көріп, онымен қас болған...
 
Шәңкінің  өтірікке,  ұрлыққа,  зорлық
-
зомбылыққа  жаны  қас  болған.  Көкшетау,  Қызыл
-
жар,  Қостанай,  Ақмола  Торғай  уездерінде  ұрлық,  барымтаны  гүрілдетіп,  зорлық
-
зомбы
-
лықтың ұясы болған Қожық
-
қарақшыны
 
ұстатуға
 
тұңғыш кіріскен де осы Шәңкі.
 
Шәңкі айтқан ұлағатты сөздерден және оның еткен әділдік, төрелік
-
биліктерінен мы-
салдар:
 
«Ақ орыстың бала жылатқанын естімедім,
 
Қара
 
[құба] қалмақтың жылаған баланы жұбатқанын естімедім».
 
*
*
*
*
*
 
Білім –
 
орыста,
 
Береке –
 
қоныста
 
*
*
*
*
*
 
Білгенге сөзім сом алтын,
 
Білмегенге арам ас.
 
Дүниеге машқұл адам –
  
Сөзіңді тыңдап та қарамас.
 
Сөз жинаған –
 
алтын қазушы,
 
Наданға сөзді қор қылуға жарамас.
 
Теңіз басы –
 
бұлақ
-
ты,
 
Сол бұлақ тасымай,
 
Сай
-
салаға су толмас.
 
Аталы сөз –
 
тоғыз қабат қорғаның,
 
Сөз білмеген ала тәнді жалаңаш.
 
*
*
*
*
*
 
Арғын,  Атығай  елінде  Әлібек  батыр  әкесі  Зілқараға  үш  жүздің  беделді  адамдарын 
жинап,  ас  беріп  жатқанда,  Ордадағы  шонжар
-
билердің  қолдарына  су  құйып,  қызмет  етіп 
жүрген  Шәңкі
-
бала  төсенішке  сүрініп,  қолындағы  шәйнекті  төгіп  алғанда,  сүрініп  жатқан 
баланы келекелеп:
 

 
Бала, олжаңнан маған да бер, –
 
деп күлген от ауызды, орақ тілді Мама
-
биге Шәңкі:
 
Таңның таң екенін кім біледі,
 
Сарғайып барып атпаса?
 
Күннің күн екенін кім біледі,
 
Қызарып
 
барып батпаса?
 
Орданың орда екенін
 
кім біледі,
 
Мен сияқты күтуші –
 
Жығылып –
 
сүрініп жатпаса?
 
Иттің ит екенін кім біледі,
 

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР. МҰРАҒАТТЫҚ ОЛЖАЛАР 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ЛИЧНОСТИ. АРХИВНЫЕ НАХОДКИ 
41 
Жығылып жатқан баланы –
 
Тақымынан қаппаса?
 
Қас
 
жақсының белгісі –
  
Айтқан сөзге тоқтайды.
 
Қас
 
жаманның белгісі –
 
Түгіңді қоймай боқтайды.
 
Сұраған соң бекерге
 
Би олжасыз
 
кетер ме?
 
Басқа сөзді не қылайын,
 
Осы сөзім түп
-
түбіңе жетерді.
 
*
*
*
*
*
 
Шәңкі өзі қатысқан дауды әділ, жанжақты қарап, ақиқатына қарай билік еткен.
 
Бәйбіше  арғын  Қуандық  елінің  атақты  биі  Аққошқардың  жігіттері  ел  торып,  мал  ба
-
рымталап жүргенде, Торғай бойындағы Жәнібек ауылының жылқысына тиіп, қолға түскен 
бір  жігіті  соққыға  жығылып  өледі.  Өлген  жігітіне  Аққошқар  құн  даулайды.  Бұл  –
 
Жәнібек 
тұқымында Шеген дегеннің дәүіріленген мезгілі екен. Шеген Аққошқар өзі құн даулап кел
-
се, оңай түспес деп, осы дауды бітіріп беруге Шәңкіні алдырады.
 
Бүтін мейрам тұқымын уысына сыйғызып отырған Аққошқар дауды шиеленістіріп, өз 
дегеніне көндіргісі келеді.
 
Сонда Шәңкі:
 

 
Иә, Ақа!
 
Кере
-
кере сөйлессек,
 
Келін дауы келесі жылы бітеді.
 
Келісіммен сөйлессек,
 
Ердің құны екі ауыз сөзбен бітеді.
 
Алтыбақан алауыз бола берсек,
 
Елден –
 
береке, ерден –
 
қадір
 
кетеді, –
 
депті.
 
Аққошқар  «Билікті  бердім,  шешімін,  Шәңкі,  сен  айт!»  –
 
дейді.  Шәңкі  шешімін  айтар 
алдында Аққошқарға:
 

 
Аққу –
 
құстың
 
төресі,
 
Жалғыз жүріп оттамайды.
 
Асыл ердің белгісі –
 
Арам істі даттамайды, –
 
дей келіп, тағы да: 
 

 
Ақа, ерің бүтін бе, әлде жарты ма? –
 
деп сұрайды.
 
Ол кезде ұрлық қылып жүргенде өлген адамның құны жарты құн екен. 
 
Аққошқар тұрып:
 

 
Жарты, –
 
депті.
 
Шәңкі:
 

 
Олай болса, ердің құны жүз жылқы, соның елуіне келісім болсын. Сонымен қабат, 
Аққошқар,  өз  қолыңмен  ағайын  арасына  құн  дауын  салғаның  үшін  айыбыңа  елудің  жар
-
тысын кешесің, –
 
дейді.
 
Сонда  Шәңкінің  әділдікпен  шешкен  билігіне  қарсы  сөз  айта  алмай,  төрттен  бір  құн 
алуды өзіне ар көрген Аққошқар:
 

 
Әділдікпен
 
шешкен билігің үшін, Шәңкі, қалғанын да кештім, –
 
депті.
 
Құн
 
алғанның орнына Шәңкінің «елдің берекесін, ердің қадірін асыра берейік» деген 
бәтуалы сөзіне тоқтам қып, тарқасқан екен.
 
*
*
*
*
*
 
Шыңғыс  Уәлиұлының  аға  сұлтан  кезінде  Көкшетау  қарауыл  ішінде  орта  жүз  елі  бас 
қосқан
 
бір үлкен ас болады.
 
Бұл  асқа  «Сағым
-
сары»  деген  талай  ас
-
тойларда  бәйге  бермей  жүрген  желаяқ 
жүйрігін  баптап  Ұлытаудан  найман  Бағаналы  елінің  атақты  батыры  –
 
Сандыбайдың 
Ерденінің інісі Дүзен
-
батыр отыз жігітімен келеді.
 
Ақ шатырдың ішінде биенің сүтімен суарылып тұрған Сағым
-
Сарыны бәйгеге қосуға 
далаға шығарғанда, еріккен жылқының әр атқа асылып, мойнын салып келемеждегендей 
наздағанын  көтере  алмаған  бір  қарауыл  елінің  жігіті  Сағым
-
Сарыны  бастан  қамшымен 
тартып
-
тартып жібереді
.  

ТАРИХИ ТҰЛҒАЛАР. МҰРАҒАТТЫҚ ОЛЖАЛАР 
ИСТОРИЧЕСКИЕ ЛИЧНОСТИ. АРХИВНЫЕ НАХОДКИ 
42 
Бұны  естіген  Дүзен  ашуланып:  –
 
Ағайын  бәйгеге  қосқалы
 
тұрған  атымның  басына 
қамшы
 
ұрғаның
 
өз
 
басыма  қамшы  ұрғанмен  бірдей.  Сағым
-
Сарыма  бас  бәйгені  шаппай 
бересің! Айыбыңа үш тоғызды қоса бересің! Болмаса еліме ат шаптырып, қарулы қол ал
-
дырып, еліңді шабамын, –
 
деп астың берекетін кетіреді.
 
Ойламаған жерден мұндай шатақтың шыққанынан сасқан Шыңғыс:
 
Шәңкі, мына шатақты бас, сенен басқаның бұған шамасы келмейді, –
 
дейді.
 
Шәңкі
-
би  екі  жақпен  де  жалықпай  сөйлесіп,  ел,  ағайын  бірлігін  негізге  ұстап,  асына 
шақырған
 
ағайынның атының басына ұруды айып деп санап, Дүзеннің әкесі Сандыбайдың 
аруағына  бір  тоғыз,  Дүзеннің  өз  абыройына  бір  тоғыз,  Сағым
-
Сарының  бәйге  айыбына 
қасқа
 
тоғыз беруге екі жағын да келістіреді. Ас жалғаса береді.
 
Ашуы басылып, айып алып, мерейі
 
үстем
 
болып отырған Дүзенге Шәңкі:
 
Иә, Дүзен, ер айыпты болғанмен, ел айыпты емес. Алған олжаңды өзің басып отыра 
бермекпісің? –
 
депті. Сонда жөнді сөзден аса алмаған Дүзен:
 
Жарайды, әкем Сандыбайға аталған тоғыз желіде қалсын, –
 
дейді. Сонда Шәңкі
-
би:
 
Әй, Дүзен, бес қарулы батырмын дегенмен, ағаң Ерденнен төменсің. Атаңның атына 
аталған тоғызды –
 
аруаққа тәнті, еліңе апар. Өзіңе аталған тоғызды абыройыңа тәнті, өзің 
ал,  атамыз  қазақта  ат  бәйгесі  көпшіліктікі  емес  пе  еді.  Берсең  қасқа  тоғызды  қалдыр!  –
 
дейді.
 
Дүзен:  –
 
Ә,  солай  ма  еді?  Онда,  жақсы.  Сағым
-
Сарының  бәйге  айыбы  қасқа  тоғыз 
желіде қалсын!
 1
 
Сөйтеп,  екі  елді  жеңіл
-
желпе  айыппен  бітіріп,  елді  жауластырмай,  астың  аман
-
есен 
тарқауына данышпандықпен шешім айтқан Шәңкі
-
би елдің мақтауына лайықты болып,
 
ас 
жанжалсыз тарқаған екен.
 
*
*
*
*
*
 
Шәңкі
-
би  Керей  Тоқсан
-
бимен  сөйлесіп  отырғанда,  Тоқсан  баласына  көңілі  толмай
-
тынын білдіріп:
 
Әй, Шәңкі
-
ай, сені мен меннен өзімізге тартып бала тумады ғой,
 

 
депті. Сонда Шәңкі
-
би:
 
Би, неге олай дейсіз? Сенің балаң сен болмайды, менің балам мен болмайды. Біздер 
бұл дүниеден өткен соң оларда өз қатарынан кем болмайды, –
 
деген екен.
 
*
*
*
*
*
 
Арықбай
-
бидің баласы Төкіш сапарда жүріп, қайтыс болғанда әкесі Шәңкіге естірткен 
Керей сөзі:
 
Алла ісіне бағынбай,
 
Басып өтер із бар ма?
 
Қайғы
 
алмаған көкірек,
 
Жас ақпаған көз бар ма?
 
Нұрланған сипат көрікте,
 
Өзгермеген
 
жүз бар ма?
 
Уа! Бұл дүние –
 
бір кең сарай,
 
Іші қызық қоңыржай
 
Зейнеті оның тұрақсыз,
 
Талайлар көшкен көп тұрмай.
 
Мінсіз біткен шынардың,
 
Көркейіп шыққан бұтағы,
 
Үнемі
 
тұрмас қуармай.
 
Өмірдің
 
басы қуаныш,
 
Ақыры қайғы бір ойбай! –
 
депті Арықбай.
 
Сөз парқын түсінген Шәңкі: –
 
Төкішімен айрылған екенмін ғой! –
 
деп төмен қарап оты
-
рып қалса керек.
 
 
Халық есіндегі материалдарды жинап құрастырушы: 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет