Редакторы Кәмшат Әбілқызы Суретшісі Ақназ Молдаш Роман туралы


УАҒЫЗ бен АҒАШТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘШІКТЕР



бет22/33
Дата29.01.2023
өлшемі223,9 Kb.
#63514
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33
Байланысты:
Поллианна 19 12 2022

22. УАҒЫЗ бен АҒАШТАРҒА АРНАЛҒАН ЖӘШІКТЕР

Поллианна Жон Пендлтонға Жимми Бин туралы айтып жатқан кезде, Пендлтон жотасына пастор Пол Форд келе жатқан еді. Ол сол жотадан асып, Пендлтон орманында серуендесе, сұлу табиғат оның жаралы жүрегіне дәру болады деп үміттенді. Пастор Пол Фордтың жүрегін жаралаған жайт бар еді. Соңғы айларда шіркеуге келетін адамдармен қарым-қатынасы бұзылды, ол қанша тырысса да, еш нәтиже шықпай қойды. Оларға жалынды да, пікірталас та жасады, тәртіпке де шақырды, ақырында солар үшін құдайға жалбарынып сиынды да, бірақ келушілер оны тыңдамады. Шіркеу жамағаты осы күні өзгеріп, жүрек есіктері жабылып, тіпті қызғаншақ, мейірімсіз болып кеткен сияқты. Жүрегі күрестен жырымдалып, келушілердің ақылға келуі үшін қаншама рет дұға оқыды, бірақ бүгін оның бар үміті үзілді.


Соңғы кездері екі дін қызметкері бір-бірімен түкке тұрғысыз нәрсе үшін ұрсысып қала беретінді шығарды. «Әйелдер көмегінің» үш белсендісі бүкіл қалаға тарап кеткен өсектің кесірінен бір-бірімен қырқысып қалды. Хор мүшелері екі топқа бөлініп, жауласып, айтуға тиіс өте жақсы әуенді бөлісе алмады. Мейірімді істер ұйымы тіптен де мейірімді жағдайда емес еді, олар өз уақыттарының бәрін екі басшының арасындағы қарым-қатынасты шешумен өткізді. Ең аяғында, бүгін демалыс мектебінің директоры мен екі оқытушысы жұмыстан кететіні туралы хабарлады. «Қырсық бір айналдырса, шыр айналдырады» деп, байқұс пастордың бар ісі кері кетіп жатыр.
Пендлтон орманында шалғын үстінде отырып, пастор Пол Форд бірінші рет шындыққа тура қарауға тырысты. Бір кезде оған өзінің Құдайдың жердегі әмірін орындаушы ретіндегі беделі ғана емес, сонымен бірге адамдар да рухани құлдырап жатқандай көрінді. Енді кешіктіруге болмайды. Дағдарыс үдеп жатыр, оны тек нақты шешім ғана өзгерте алатын еді. Бірақ ол не істей алады?
Пастор Пол Форд ағаш түбіне отырып, қалтасынан бүктелген қағаз шығарды. Ол қағаздың бүктеуін жазып, жексенбілік уағызын оқи бастады. Киелі кітаптағы сөздерге тоқталғысы келді. Ол осы сөздермен келушілерді қорқытып, екіжүзділіктен сақтағысы келген, олардың құдайға құр құлшылық қылатынын, бірақ Заң, Сенім, Кешірім, Алғыс туралы ұмытып кететіндерін дәлелдегісі келген. Ол адамдарға: «Ағалар мен апалар, біз қайда барамыз?» деген үлкен сұрақ қойғысы келген.
Бір сөзбен айтқанда, келушілерге ашуға толы уағыз айтқысы келген. Осы сөздерді Пендлтон орманындағы жасыл алқапта оқып, дайындалды. Пастор Пол Форд ойша өз сөздері шіркеуде емес, табиғат аясында қалай әсер ететінін және келушілерге қандай ой салатынын елестетті.
Келушілерге осы сөздерді жеріне жеткізіп айта алар ма екен? Ол келушілерді жазғыра алар ма екен, асыра сілтеп жіберген жоқ па? Басқа артық ешнәрсе айтпаймын деп ойлады. Тек Құдайдан оның сөздері адасқандардың жүрегіне жетсе екен деп көмек сұрап, дұға оқуы керек. Ол айналасында қайтадан бейбітшілік пен сабырлық орнағанын қалады.
Ол жазбасын бүктеп қайтадан қалтасына салды. Содан соң қос қолымен бетін жауып, қатты күрсінді. Осы кезде үйіне қайтып келе жатқан Поллианна оны көріп:
– Ойбуй, мистер Форд! – деді шошып кетіп, – Еш жеріңізді сындырып алмадыңыз деп үміттенемін!
Пастор қолын бетінен алып, таңдана қарап қалыпты:
– Жо-жоқ, айналайын! – деп күлімсіреді ол. – Мен тек жай ғана демалып отырмын.
– Барлығы дұрыс екен ғой, – деп терең дем алды Поллианна. – Мен бір кездері мистер Пендлтонды дәл осы жерде кездестіргенмін, ол аяғын сындырып алған болатын. Бірақ ол жерде жатқан, ал сіз отырсыз.
– Иә, отырмын. Мен еш жерімді сындырған жоқпын. Маған дәрігер көмектесе алмайды, – деді ол көңілсіз.
Мистер Фордтың соңғы сөздері өте жай айтылғанымен, Поллианна оны естіп, мүсіркей қарады.
– Түсінемін, мистер Форд, – деді ол мейірлене. – Сіз бір нәрсеге қобалжып отырсыз ба? Әкем де сөйтетін еді. Барлық дін қызметкерлері солай сияқты ғой. Сіздерден аса көп жауапкершілікті талап етеді.
Мистер Форд қызға мұқият қарады.
– Мен сенің әкеңнің пастор болғанын білмеппін.
– А, мистер Форд, мен мұны бәрі біледі деп ойлаппын. Ол Полли тәтемнің әпкесіне үйленген еді.
– Енді біліп жүрем, бұрын білмеппін. Менің бұл қалаға келгеніме көп болмады ғой.
– Әрине, сэр. Керісінше мен, жоқ, сэр, дегім келген, – деп шатасты Поллианна, ол күлімдеп үндемей қалды.
Үнсіздік орнады. Пастор қайтадан қалтасынан қағазын алып, оны оқудың орнына, ағаштың жанында жатқан сарғайған қағазға қарап қалды. Ал Поллианна өзін ұмытып кеткен пасторға одан да көп аяушылық танытты.
– Бүгін керемет күн екен! – деді ол үзіліп қалған әңгімені жалғастырғысы келіп.
Пастор үндемеді. Кейіннен ол өзінің көңілсіз ойларынан оянғандай басын Поллианнаға бұрды.
– Не?.. А, иә. Бүгін күн керемет болып тұр.
– Тіпті де суық емес! – деп қуанды Поллианна. – Ал қазір қазан айы ғой.
Осы тақырыпты әрі қарай жалғастырып:
– Мистер Пендлтонның үйінде каминде от жанып тұрған, ол да суық емес деп айтты. Ол отқа қарағанды ұнатады. Маған да отқа қараған ұнайды. Шынында бұл әдемі көрініс емес пе? Мистер Форд, сізге отқа қараған ұнай ма?
Жауап болмады. Поллианна шыдаммен күтті, бірақ мистер Форд үндемеді. Ауа райы туралы әңгіме қызықтырмайтынын түсінген ол тақырыпты ауыстырды.
– Мистер Форд, сізге пастор болған ұнай ма? – деп сұрады.
Бұл жолы пастор Форд көп күттірмеді.
– Ұнай ма? – деп қызға тесіле қарап, қайта сұрады. – Қызық сұрақ. Бұл сені неге қызықтырады, қалқам?
– Білесіз бе… сіздің түріңіз... тура менің әкемдікіндей. Оның да түрі анда-санда сіз сияқты болатын.
– Шынымен бе? – деп сұрады пастор, әлі де сарғайған жапырақтан көзін алмай.
– Иә. Оның түрі осындай болғанда, мен әрқашан «Сізге пастор болу ұнай ма?» деп сұрайтынмын.
– Ол саған не деп жауап беретін? – деп күлімсіреді мистер Форд.
– Ол әрдайым ұнайтынын айтатын. Сосын ол: «Киелі кітапта жүректі қуанышқа бөлейтін мәтіндер көп болмаса, пастор болып қалмайтын едім», – деп айтатын.
– Не?! Қандай мәтіндер? – деп қайта сұрады пастор, жапырақтар туралы ұмытып. Енді ол көздері оттай жанған Поллианнаның жүзінен көзін алмады.
– Киелі кітапта ол сөздер олай аталмайды. Оны менің әкем солай атап кеткен. Енді, түсінесіз бе, бұл мынадай сөздерден басталатын мәтіндер: «Қуанамын!», «Қуанайық...» немесе «Жұмақтай жер, жәннат...» тағы сол сияқты. Олар көп. Маған бірде әкем айтып берген еді, бір күні ол өзін өте нашар сезінгенде, Киелі кітаптағы барлық қуаныш сөзін санап шығыпты. Қанша болғанын білесіз бе? Барлығы сегіз жүз рет қайталаныпты сол сөз.
– Сегіз жүз рет?
– Иә! Ол жердің бәрінде бізді қуансын дейді. Сондықтан да әкем оларды «қуаныш сөздері» деп атап кеткен.
– Иә, солай де, – деп жексенбілік қағазына қарап қойды. Оның көзіне «Қайғы сізге ...» деген сөз түсті. Ол көзін тезірек басқа жаққа аударды.
– Сенің әкеңе «қуаныш сөздері» ұнайтын болған екен ғой, – деді жай ғана.
– Әрине! – деп сеніммен жауап берді Поллианна, басын изеп. – Ол маған сол күні қуаныш сөздерін санай бастағанда бірден жеңілдеп қалатынын айтты. Егер Құдайдың өзі сегіз жүз рет қуануға шақырса, бұл оның қалауы болса, адамдар анда-санда болса да қуануы керек деп шешті. Әкем өзінің аз қуанатыны үшін ұялды. Содан бастап, ауыр жағдай болған кезде немесе «Әйелдер көмегінде» ұрыс-керіс болса... енді менің айтқым келгені, «Әйелдер көмегінде» бір шешімге келе алмағанда, – деп түзеді Поллианна, – міне сол кезде, «қуаныш сөздері» оған көмектесетін. Әкеме осы ой қуаныш ойынын шығаруға көмектескен екен. Ол менімен балдаққа бола ойнай бастаған еді, бірақ ол маған «қуаныш сөздерінсіз» ойынды ойлап таба алмас едім деген.
– Ол қандай ойын? – деп Форд мырзаның қызығушылығы оянып кетті.
– Енді, бәріне қуану үшін бірнәрсе ойлап табасыз... Сізге айтқанымдай, бәрі балдақтан басталды...
Сөйтіп Поллианна бүкіл қала білетін өз тарихын пасторға да тәпіштеп айтып берді. Бұған дейін ол өзін бар ынта-шынтасымен тыңдаған мистер Фордтай адамды кездестірмеген еді.
Біраздан соң мистер Форд пен Поллианна қатарласып орманнан шықты. Поллианнаның жүзі бақыттан нұрланып тұр еді. Ол сөйлескенді ұнататын, ал Пол Форд оған әдейі жіберілген тыңдарман сияқты көрінді. Мистер Форд ойын, марқұм Уиттиер және де Алыс Батыстағы кішкене қалашықтағы Поллиананның өмірі туралы көбірек білгісі келді. Қызымыз оның сауалдарының бәріне ықыласпен жауап берді. Төбешікке жеткенде олар қоштасып, әркім өз үйіне кетті.
Ал кешкісін Пол Форд өз бөлмесіне кіріп алып, болашақта айтатын уағыздарының мәтінін жазуға кірісті. Оның жанында үстелде өзімен бірге орманға алып барған бірнеше парақ жатты. Ал оң қолының астында мәтіннің соңғы нұсқасын жазуға арналған таза парақтар тұрды. Мистер Форд қағазқа қарап, қарындашын ұстап отырғанымен, жазуды бастамады. Оның ойы қазіргі мәселелерден де алыста, бірнеше жылға кейін шегініп, Алыс Батыстағы кішкене қалашыққа жеткен және ол кедей әрі аурушаң пастормен әңгімелесіп отыр. Өзінің бар бақытсыздығына қарамастан Поллианнаның әкесінің Жаратқан иеміздің қанша рет «қуаныңдар» деген сөзін санап шығуына күші жеткенін қарашы! Сонан соң Пол Форд өзіне, қазіргі кезге қайта оралып, жазу үстеліне қадала қарап қалды. Өзінің жазғандарын ұқыптап жинап, Киелі кітаптағы өлеңдерді екіжүзділікке қарсы мысал ретінде алды. Сосын қарындашты үстел үстіне қойып, қазір ғана әйелі алып келген журналды қолына алды. Мистер Форд шаршап қалған еді, сондықтан ол журнал беттерін еріне ашып отырған. Бір кезде оның көзі мұқият оқуды талап ететін мына мәтінге түсті:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   33




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет