Ежелгі түркі өркениеті. Түркі жазуы. Түркі мәдениеті - ежелгі заманнан өмір сүріп келе жаткан түркі тайпалары негізінде қалыптасқан мəдениеттің жалпы атауы.
Түркілердің алғашқы ата қонысы Шығыс Тянь-Шань мен өңірі болған. "Халықтардың ұлы қоныс аударуының" нәтижесінде қазіргі Қазақстан, Орта жəне Алдыңғы Азия, Шығыс Еуропа]] территорияларына кең таралып орналасқан түркілер қазіргі түркі тілдес халықтардың барлықтарының субстраты болып табылады. "Түркі" деген термин тұңғыш рет 542 жылы аталады. "Түркі" этонимі алғашқы кезде белгілі бір ақсүйектерден шыққанын білдірген. Түркілердің алғашқы көсемдерінің бірі Бумын қаған болған. Түркі қағандағы тұсында түркі тілінің өрісі барынша кеңіп, ұланғайыр өлкедеғі негізгі тілге айналған. Түркілердің жазуы да болған. Сол көне түркі жазбаларынан түркілердің дүниетанымдық көзқарастары, наным-сенімдері туралы көп мағлүмат алуға болады.
Орхон-Енисей жазбалары — көне түркі жазба тарихи-мәдени ескерткіші. Көп уақытқа дейін сыры беймәлім, қай тілде жазылғандығы белгісіз болып келген. Орхон-Енисей жазбаларын руналық жазбалар деп те атайды (Скандинавия халықтарының тілінде «рунь» сөзі «сыры ашылмаған», «құпия» деген мағынаны білдіреді). Тек 1893 ж. ғана даниялық ғалым Томсен құпия жазуды оқудың кілтін ашады. Біраз жылдардан кейін орыс ғалымы В.В.Радлов Орхон өзені бойынан табылған үлкен тастардағы жазуды толық оқып, аударды. Руна жазуындағы ең үлкен ескерткіштер Орхон мен Енисей өзендері алқабынан табылғандықтан, жазудың өзін де осылайша атап кетті.
Орхон-Енисей жазбалары Шығыс Түркі қағанатының қағаны Білге мен оның інісі Күлтегін қабірлеріне қойылған орасан зор құлпытастарға қашап жазылған жыр жолдары болып шықты. Жырға арқау болған негізгі мәселелер — елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі. Күлтегін жырында сегіз оқиға баяндалған.
•Біріншісінде, қағанның өз халқына қарата айтқан үндеуі,
•Екіншісінде Түрік Қағанаты жерінің кеңдігін суреттейді,
•Үшіншісінде түркілердің әскери жорықтары,
•Төртіншісінде көршілес табғаштардың қастандық әрекеттері туралы әңгіме,
•Бесіншісінде табғаш тайпасымен қатысу түркілерге қауіпті екендігі жөнінде,
•Алтыншысы түркі халқының болашақты болжай алмауына өкіну,
•Жетіншісі түркі халқының даңқын асырған қаған жөнінде,
•Сегізіншісінде осы ескерткішті жыр қып жазуға түрткі болған жағдайларға тоқталады.
Орхон-Енисей жазбаларының енді бір ескерткіші — Тоныкөк құлпытасындағы жырлар. Онда да сол кездегі түркілердің өмірінен мағлұмат беретін он төрт жол жазылған. Түркі халқының табғаштарға тәуелді болып қалу тарихы, азат қалған түркілердің бірігуі, қаған сайлауы, Тоныкөктің ықпалымен Елтерістің қаған болуы, Оғыз мемлекетінің тыңшылары түркілерге қауіп төндіргені, қарсыластармен болған шайқастар, анталаған жаудың бетін қайтаруда Тоныкөктің ерлігі, ұрыс-шайқастардың жүргізілуі, түркілердің түрлі тайпалармен жауласу жолдары баяндалып, Тоныкөкті мадақтау берілген.
Енисей өзені аңғарынан құпия жазуы бар құлпытастар табылғаны туралы алғашқы хабарды Н.К.Видзен, С.У.Ремезов, сондай-ақ Сібірде айдауда жүрген швед офицері И.Т.Страленберг пен немістің белгілі ғалымы Д.Г.Мессершмид, т.б. бергенін ХVIII ғасырдың бас кезінде жазған мақалалары мен хаттарынан білеміз. Орхон жазба жәдігерліктерін ұзақ жылдар бойы түбегейлі зерттеген білікті ғұламалар М.Жолдасбеков пен Қ.Сартқожаұлының бірлесіп жазған ірілі зерттеуі жарық көрді.
Л.Н.Гумилев Орхон жазба ескерткіштерін «Көк түріктердің өздері туралы» жазған шежіресі деп біледі. Тасқа жазылған ескерткіштерде негізінен Түрік қағанаты, оны билеген қағандар, олардың ерлігі жайында сөз болады. «Күлтегін» және «Тоныкөк» жырлары өткен дәуірден нақты мәлімет беруге арналған тарихи деректер
Көне түркі жазба ескерткіштері.Көне түркі жазуы, түркі руникалық жазба ескерткіштері – 7–9 ғасырлардағы көне түркі ойма жазулары мен қолжазбалары, көне түркі әліпбиіндегі әр алуан мәтіндер. Көне түркі жазба ескерткіштері арқылы қазіргі түрік халықтарының көне тілін, тарихын, этногенезін, географиясын, рухани мәдениетін, жазба дәстүрін, әдет-ғұрыптары мен дүниетанымын білуге болады.
Қорытындылай келе, Түрік әлеміне рухани қажеттілік керек, біз оны сактардың, ғұндардың материалдық мәдениетінен іздейміз. Ал, жазба деректері түріктердің тек тарихы ғана емес, сонымен қатар мәдениетін толықтай зерттеуге мүмкіншілік береді. Түрік елдерін ерте орта ғасырларда әлемге танытқан олардың ерлікке толы мәрт мінезі, батырлық әфсаналары мен жырлары, жазу мәдениеті, тәңіршілдік дүниетанымы, балбал тастары болды.
Пайдаланылған әдебиеттер:
Аманжолов А.С. Көне түркі жазуының тарихы мен теориясы. Алматы, 2002 ж.
Интернет ресурстары: https://kk.m.wikipedia.org/wiki/%D0%91%D0%BE%D1%82%D0%B0%D0%B9_%D0%BC%D3%99%D0%B4%D0%B5%D0%BD%D0%B8%D0%B5%D1%82%D1%96