Реферат бөлімі: Мәдениет морфологиясы


Мәдениеттің адам өміріндегі рөлі мен маңызы



бет3/10
Дата22.12.2023
өлшемі77,66 Kb.
#142914
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Мәдениеттің адам өміріндегі рөлі мен маңызы.
Адам баласы өмірінің басты мақсаты мәдениет ұстанымдарына сүйене отырып, өзінің бойындағы касиетті дөйекті де тұғырлы етіп тәрбилей отырып, жүзеге асыру. Өйткені мәдениеттің өзі өмірдің тиянақтылығын, дәйектілігіе, мәнділігін, табандылығын, тұрақтылығын қамтамасыз ететін бірден-бір институт болып табылады. ХХ ғасырда басталған жана үрдістерде көп деңгейлі және көп мағыналы болып табылатын осы мәдениет феноменіне өскен қызығушылық себептерінің бірі – қазіргі кездегі қоғамдық өмірде дәйексіздік, тұрақсыздық, тиянақсыздық,негативтілік сияқты белгілердің біршама орын алғандығынан деп білу қажет. Коғамда айқын көрінетін мына жағдайлар - ата-ана мен баласы арасындағы тусініспеушілік, олардың арасындағы дау-жанжалдар, адамдардың бір-біріне сенімсіздік білдіруі, бір мемлекеттің азаматтары бола тұрып, ұлтша, нәсілдікке, діни ұстанымға бөліну, бір-бірін белгілі бір себепсіздіктен жек керу, т.с.с. негативті бейсаналыққа, эмоцияларға негізделген келеңсіздіктер қоғам, мемлекет, әлем өмірінде орын алып келуде. Мұның себебін іздеп, анықтап алудың кезі әбден келді деуге болады. Ал коғам өміріндегі мәдениет функцияларының бірі реттеу функциясы. Онын негізгі мәні адамдардың қоғамдық және жеке әрекет түрлерін реттеу. Мәдениет мораль мен құқыққа негізделе отырып, адамдардың мінез- құлқына ыкпал етеді. Адамға ең қиыны — адам болу. Ал оның негізгі шарттарының бірі ретінде ізгілік пен зұлымдық, ақиқат пен жалғандық, әділеттілік пен өктемдік, бодандық пен азаттық, сұлулық пен ұсқынсыздық арасындағы адамның таңдауын аламыз. Соның нәтижесінде жеке тұлғада өзіндік сана тұрақталады, ол озық мәдениет үлгілерін өз бойына сіңіреді. Жалпы алғанда, мәдениеттің алға басуы дегеніміз дүниежүзілік тарихтың адам үшін, оның мүдделері мен өзіндік мақсаттары бағытында толыққанды ашылуы болып табылады. Адамдардың қарым-қатынасы, мәдениеттер сұхбаттасуы — әлеуметтік шындықтың басым көрінісі. Адам ерекше бір өрісте — қарым-қатынас өрісінде болады. Руханилық пен ізгілік, әдемілік пен жақсылық тербелісі адамды нәзік тормен қоршаған; қоғамдық өмірде тек зат пен тауар ауысуы ғана емес, ең алдымен идеялар, мамандық, шеберлік тәжірибелерімен, сезімдік үлгілерімен ауысу толастамақ емес. Мәдениет игіліктерін жас нәресте анасының ақ сүтін еміп, оның әлди жырымен сезім дариясына шомылып қана адамдық қасиеттерді бойына сіңіре бастайды.
Сонымен Мәдениет ешуақытта өзімен өзі бар болмайды, ол өйткені тек кана баска мәдениеттермен әрекеттестікте көрінеді. Мәдениеттің көрінуінде машина тектес есептеп бақылайтын кайсыбір абстрактылы субъектісі болмайды, кез – келген мәдениеттің көрермені немесе зерттеушісі болады. Оның өзі баска бір мәдениеттің бөлігі болып келеді және ол өзге мәдениетті зерттей отырып, әр уақытта өз мәдениетінің символдармен жэне мәндерінің тілімен тұрақты түрде арақатынасын белгілеп отырады. Сондықтан біз тіпті өз мәдениетіміздің ішінде болғанның өзінде де біз онымен тұрақты диалогта болып отырамыз.



Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Ө.С.Төкенов “Мәдениеттану” оқулығы

  2. Т. Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева “Мәдениеттану” оқулығы

  3. Т.Ғабитов, М.Өмірзақова “Мәдениеттану негіздері” оқулығы

  4. Интернет ресурстары

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет