Реферат бөлімі: Мәдениет морфологиясы



бет4/10
Дата22.12.2023
өлшемі77,66 Kb.
#142914
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
БАЯНДАМА
Бөлімі: Мәдениет тілі
Тақырып: Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы
Тексерген оқытушы: Айсұлу Қажымуканова
Орындаған: ШТ 23-02 топ, Салимова Аянат

2023жыл
СӨЖ – 2. Қазақстан Республикасының тіл туралы Заңы


Жоспар:

  1. Тіл мәдениеті түсінігі

  2. Қазақ тілінің мәдени кеңістігі

Тіл мәдениеті түсінігі.
Тіл мәдениеті – әдеби тілдің нормасы мен оның дамуын, сөйлеу тілімен қарым-қатынасын зерттейтін тіл білімінің саласы. Тіл мәдениетінің тіл білімінің басқа салаларынан айырмашылығы – оның күнделікті өмірде тілді қолдану, жазу, сөйлеу мәдениетімен тығыз байланыста болатындығында. Тіл мәдениеті дегеніміз – коммуникативтік қарым-қатынас кезінде тілдік тәсілдерді дұрыс ұйымдастырып, белгілі бір тәртіппен жүйелі қолдану.
Тіл мәдениеті тілдік норманың 3 түрін қамтиды: 

  1. тілдік норма (лексикалық, сөзжасамдық, грамматикалық, дыбысталу нормасы);

  2. этика – сөз нормалары (сөйлеу этикасының ережелері);

  3. коммуникативті норма (сөйлеу қарым-қатынасының тиімділік қағидалары)

Сөйлеу мәдениеті орфоэпиялық нормаға негізделеді. Орфоэпиялық норма – сөздерді дұрыс айту, лексикалық норма – сөздерді іріктеп, сұрыптап, талғаммен қолдану болса, грамматикалық норма сөйлеу мәдениетінде біршама тұрақталып, қалыптасқан норма саналады. Сөйлеу мәдениетінде ойдың дәлдігі, сөздің анықтығы, тазалығы, көңіл күйге әсер ететін шынайылығы (ол қарапайым сөзден немесе бейнелі образды сөздерден құралуына қарамастан), көркемдігі маңызды рөл атқарады. Тіл мәдениетіне тілдің құрылымдық жүйесіндегі орфоэпикалық, пунктуациялық, лексикалық-грамматикалық, синтаксистік нормалар қамтылып, олардың коммуникативтік эстетикалық қызметі толық айқындалған жағдайда стилистикалық норма жүзеге асады. Стилистикалық норма сөйлеушінің тілдік сөйлеу тәртібін қалыптастырады. Сөз мәдениеті көркем сөйлеуде, ғылыми-көпшілік немесе ресми ортада, тіпті ауызекі сөйлеу стилінде тілдің барлық салаларымен тамырлас келеді. Сөйлеу мәдениеті топ алдында мәдениетті сөйлеу, оның алғышарттарын, әдіс-тәсілін танып білу, озық үлгілерін меңгерудің жолдарын, нақты қасиеттерін ұғыну сияқты мәселелермен тығыз байланысты.
Тіл тазалығы Сөз мəдениеті, жазу, сөйлеу əдебі, ерекшеліктері дегенде назарға алынатын тұс - тілдің тазалығы. Жазу мен сөйлеуде əдеби тіл нормасына жатпайтын, тіл көрксмдігін бұзатын артық-ауыс сөздерді қолданбау қажеттігін барлығымыз білеміз. Əдеби тіл - өңделген, сұрыпталған, сол тілде сөйлеушілердің барлығына түсінікті тіл. Ендеше белгілі бір тілде таза жазу, сөйлеу дегеніміз ойға қажетті сөзді таңдауда оның қолданыс сипатына, . сөйлеуші халық тіліне алыс- жақындығына қарай аламыз. Тілдің қызметі халықтың қоғамдық-өндіріс, қоғамдық-саяси, сондай-ақ рухани байлығын көрсете, аша алуында. Тіл тазалығы айтар сөзге, ашар ойымызға пайдасы шамалы, қажеті мəнсіз орны белгісіз сөздермен əуестенбеуді талап етеді.
М. Балақаев: «Тіл мəдениеті дегеніміз - тілдік тəсілдердің ширау, жетілу дəрежесі. Сонымен қатар, ол тіл жұмсаудағы ізеттілік, сауаттылық қана емес, тілдік тəсілдерді, фонетикалық, орфографиялық, орфоэпиялық, морфологиялық, синтаксистік, стильдік құбылыстарды ұқыпты, дұрыс қолдану дағдысы» дейді. Тілдің нормасы – бұл қоғамдық сөйлеу тілі тәжірибесінде қабылданған жалпы тілдік сөйлеу, граматика, сез колдану ережесі. Ойын жеткізуде дел адіс таба білу гана емес, сондай-ак орынды сөйлеу» - деп тұжырымдайды. Қазіргі уақыт талабына сай әлемдік тіл білімінде Тіл мәдениеті «сөйлеудің тиімділік теориясы» деп аталып, әсер ету мен әрекеттестік бағытында зерттелуде.
Қазақ тілінің мәдени кеңістігі.
Қазақ тілінің сөз мәдениетін көтеру – ұлттық мүдде талаптарынын бірі. Қазақ тіл мәдениетінің үлкен бір саласы - сөйлеу мәдениеті, оны жоғары деңгейге көтерудің басты заңдылығы - дұрыс айту нормасы. Қазақстанның территориялық тұтастығының және ұлт мәдениетінің сақталуы мен дамуының басты шарты - қазақ тілі болып табылады. Осы заң қасиетті қазақ жерін мекендейтін, қазақ халқының мәдениетін және ұлттық болмысын сыйлайтын әрбір азаматтың, оның конституциялық парызы - Қазақстан Республикасының мемлекеттік тілін меңгеруін және қазақ тілінің республиканың барлық аумағында толық көлемде қолданылуын, Қазақстан азаматтарының мемлекеттік тілді қолдану құқықтарын қамтамасыз етуге бағытталған.
Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы тiл туралы» Заңы 1997 жылғы 11 шiлдеде қабылданды.Атап айтқанда, 1998 жылғы 14 тамызда «Мемлекеттiк органдарда мемлекеттiк тiлдiң қолданылу аясын кеңейту туралы», Елбасының 1998 жылғы 5 қазаңдағы No 4106 Жарлығымен бекiтiлген «Тiлдердi қолдану мен дамытудың мемлекеттiк бағдарламасы» тағы басқалары. Бас-аяғы 4-5 жылдың iшiнде тiл жөнiнде 17 құжат қабылданыпты. Жалпы тіл мəдениеті қазіргі таңда көкейкесті мəселелердің бірі болып отыр. Тəуелсіздігімізді алу ең басты жетістігіміз болса, қазіргі кезде қазақтың қазақпен орысша сөйлеуі, тіліміздің мəртебесін кемсітуі ең басты жеңілісіміз болып отыр. Өкінішке орай қоғамдық өмірімізде туындаған бұл мəселенің кетігін мемлекетіміз бүгінгі кунге дейін жамай алмай келеді. Қазақша екі ауыз сөздің басын қоса алмайтын шенділеріміз мемлекетіміздің өркендеуі жайлы сөз қозғағанда күлкін келеді, бірақ шың мағынасында бұл өте аянышты оқиға. Қазіргі таңда тіл саясатында жасалып жатқан өзгерістер:
1.Ұлттық жазудың жаңа түріне - латын графикасына көшу.
2.Теледидар мен радиодан берілетін хабарларда жəне шаршы топ алдында сөйлегенде, қазақ тілін қолдану.
3.Қазақ тілінің сындарлы жəне əсерлі түрде қолдану.
4.Көркем əдебиет тілінің ұлттық нормасын сақтау.
5.Тілдік нормаларды кодификациялау.
Тіл мəдениетінің маңызы.
Тіл адам əлемі мен мəдениетін жай ғана бейнелемейді. Тілдің ең маңызды қызметі - мəдениетті сақтап, оны ұрпақтан-ұрпаққа беру.
Әрбір халықтың тіл мәдениеті жүйесінің өзіндік лингвистикалық табиғаты бар және өзіндік ұлттық нышанға ие. Ол тілде бір тілге қатысты ғана қарастырылмайды, оның пайда болу тарихы, сол тілдегі өзіндікқолданысы, оның даму тарихы бар. Тіл мәдениетінің негізгі басымдығы тұлғалардыңқарым-қатынас әрекетінің нәтижесі мәдениеттіліктің тамаша үлгісі ретінде көрініс береді. Мұндай құбылыс сол басымдықтықолданушы халықтың дәстүрлері, қоғамдық жағдайынан көрініс табады. Тіл біліміндегі тіл мәдениеті мәселелеріне А.Байтұрсынұлы, Қ.Жұбанов, І.Кеңесбаев, М.Балақаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев, Қ.Жұбанов, Ә.Марғұлан, М.Әуезовтарсияқты ғалымдар назар аударған, бұл мәселе олардың зерттеу еңбектерінің нысанына айналған.
Тіл мәдениетінің ұлттық мәдениет пен болмыстың ерекшелігін таныта отырып, жан-жақты зерттеліп келеді.Ал бертінгі уақытта Р.Сыздық, Ә.Қайдар, Е.Жанпейісов, Е.Жұбанов, Н.Уәлиев, Т.Жанұзақов, А.Жылқыбаева, Ж.Манкеева, Р.Шойбеков, Қ.Рысбергеновалардың еңбектерінде тіл мәдениетіне қатысты теориялық тілдік фактілердің өзіндік сипаты туралы пробламаларқарастырылған.
Қорытындылай келе тіл адам әлемі мен мәдениетін жай ғана бейнелемейді. Тілдің ең маңызды мақсаты – мәдениетті сақтап, оны ұрпақтан – ұрпаққа беру. ой мен пікір мазмұнының нақты жеткізе білу шеберлігін қадағалау үрдісітілде көрініс табады.

Пайдаланылған әдебиеттер:


1)Ө.С.Төкенов “Мәдениеттану” оқулығы
2)Т. Ғабитов, Ж.Мүтәліпов, А.Құлсариева “Мәдениеттану” оқулығы
3)Т.Ғабитов, М.Өмірзақова “Мәдениеттану негіздері” оқулығы
4)Интернет ресурстары

А.Құсайынов атындағы Еуразия гуманитарлық институты




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет