Реферат бөлімі: Мәдениет морфологиясы


Мәдениет ұғымы және оның құрылымы



бет2/10
Дата22.12.2023
өлшемі77,66 Kb.
#142914
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10
Байланысты:
Мадениеттану баяндама

Мәдениет ұғымы және оның құрылымы.
Егер «мәдениет» сөзінің өзі туралы айтатын болсак, ол негізінде латынның “соіе” деген сөзінен бастау алады, ертедегі Римде «тыңайтқыш», «өсіру», «қолдаушы болу», «бас ию», «кұрметтеу» сияқты мағыналардың жиынтық ұғымдарын бейнеледі. Әдетте оны белгілі бір сапалық мағынада қолданған. «Тыңайтқыштар аркылы өндеу» сияқты үғымдарды мәдениеттің нәтижесі ретінде қарастырған, осыдан «агромэдениет» ұғымы шыкты.
Алғаш рет әдебиетте «мәдениет» үғымы Римнің атақты философы, шешені Марк Туллий Цицерон (б.д.д.16-43жж.) «Тускулан кеңесі» атты еңбегінде бүл сөзді «руханилық» мағынасында қолданды. Орта ғасырда «мәдениет» сөзінен гөрі ғибадат сөзі көбірек колданылып, христиан мәдениеті - ортағасырлық христиандык туындады. Сол уақыттары мәдениет туралы ойды ұғынуға қомақты үлес қоскандардың біріне христиандык, белгілі шіркеу кайраткері, кейіннен қасиетті саналған Аврелий Августин (354-430) жатады. Тарих үшін оның көпке белгілі, мәдениет туралы ойлары айтылған «Жер қала» трактаты маңызды. Егер мәдениеттану теориясының негізін калаған ойшылдар туралы айтатын болсақ, онда итальяндық гуманизм өкілі, ақын және ойшылы Франческо Петраркадан (1304-1374) бастаған орынды. Гуманистердің арасында Петрарка бірінші болып мәдениет жэне табиғатың арасындағы өзара байланысты карастырудың кажеттілігін койды. Мәдениетті тану идеяларының даму процесінің қалыптасып және жетілуіне Францияның көрнекті коғам кайраткері Мишель Монтень үлкен ықпал жасады. Ол еуропалық өркениетке кең түрдегі өзінің сыни сипаттамасын берді. Оның ойынша, еуропалық өркениет дүниежүзілік өркениеттің ең жоғарғы үлгісі бола алмайды. Сонымен қатар, Джамбаттист Вико (1668-1744) барлык халықтардың тарихын қарастыру аркылы олардың жалпы табиғи негіздерін ашуды өзінің мақсаты деп білді. Өзінің еңбекте- рінде алғашқы рет басқа мәдениеттердің өкілдерін объективті түрде қарастыруға та- лаптанды. Жаңа дәуірде (XVII-XVIII ғ.г.) мәдениет мәселсіндегі ең қызықты деген идеялар, ағартушылық философиясында алға тартылды. Бұл ерекше тарихи кезең еді, өйткені ол діннен – әлем, адам туралы ақиқатқа деген меншіктік құқығын тартып алып, адамның ақыл-ойының тәуелсіз екендігін табанды түрде дәлелдеді. Мәдениеттің мүлдем жаңа жетілген түсінігін неміс классикалық философиясының негізін қалаған Иммануил Кант - (1724-1804), ұсынды. Жалпы немістің классикалық философиясы, мәдениетті, рух дамуының тарихи процесі екендігін қарастыра отырып, адам әлеміндегі табиғат пен мәдениет қайшылықтарын түзеуге әрекет жасады. Канттың пікірінше, мәдениеттің мәні адамдағы айуандыктың, сезімділіктің бастамасы тек ғана акыл ойдың күшімен емес, бәрінен бұрын, ізгіліктің күшімен жеңуге болады. Мәдениеттің идеалистік концепцияларының теориялық ақыры- Георг Вильгельм Фридрих Гегель (1770-1831) философиясы болды. Оның ойынша болмыстың нағыз нақтылығына абсолютті ой сай келеді. Мәдениет Гегель үшін —бұл абсолютті рухтың жаттану түрі, абсолютті рухтың жэне адамзаттың өзін-өзі тану тәсілі.
Мәдениет ұғымына адамзат қорынан өндірістік, қоғамдық және рухани өміріндегі жетістіктер, ережелер мен тәртіптер жиынтығы, тәрбие, білімділік белгілері, т.с.с. Түсініктер кіреді. Ауыл-аймақтар, этникалық топтар, халықтар, діни ұстанымдар – бұлардың барлығы мәдени әралуандықтың деңгейін көрсететін өзіндік ерекшелігі бар белгілі бір мәдениетке ие. Мәдениет туралы ХХ ғасырдың гуманисі Альберт Швейцер былай дейді: «Мәдениет дегеніміз адам баласынын және бүкіл адамзат прогресінін жиынтығы, ал бұл прогресс индивидтің рухани жетілуіне ыкпал етуі тиіс. Өйтпеген жағдайда,, бұл прогресс мәдениетке апармайды».Яғни, бұл прогресс адам баласынын рухани жетілуінің белгісі болып табылады жене солай болуы тиіс те. Прогресс дегеніміз тек ғылыми техникалық прогресс емес, керісінше, рухани дуниенің, казынаның, құндылықтың, болмыстың өркендеуі болуы тиіс.
Мәдениеттің өзегін салт дәстүр құрастырады Гердер деген мәдениет зерттеушісі: Дәстүр бұл мәдениеттің анасы мәдениетті дүниеге алып келген құбылыс деп қарастырады. Дәстүр сипатынан алғанда әрине рәсім үлкен роль атқарады, культ деген ұғымға тығыз байланысты. Жалпы алғанда мәдениеттің құрлымы өте күрделі мәдениетке, рухани мәдениеттілікке негізінен бұл әлем мәдениетті, көркем өнер мәдениетті яғни эстетикалық мәдениет, саяси мәдениет т.б. мәдениеттің түрлері жатады.
Мәдениет нақты түрлерге бөлінеді. Адам қызметінің алуан түрін есепке алу осылай бөлуге негіз бола алады. Осыдан материалдық және рухани мәдениет бөлініп шығады. Материалдық мәдениет ең алдымен материалдық өндіріс сферасы мен оның өнімдері – техниканы, технологияны, байланыс және коммуникация құралдарын, өндірістік ғимараттар мен үймереттерді, жолдар мен көлікті, тұрғын үйді, тұрмыстық заттар мен киімді қамтиды. Рухани мәдениет рухани өндіріс саласынан және оның нәтижелері – дін, философия, мораль, өнер, ғылымнан құралады. Рухани мәдениеттің ішінен көбінесе өнер мен ғылым туындыларынан құралатын көркем мәдениетті арнайы бөліп көрсетеді. Ғылым, өз кезегінде, зерделік, ғылыми-техникалық мәдениет негіздері ретінде қарастырылады.
Мәдениет – адамдардың әлеуметтік мінез әрекеттерінің түрі немесе ерекше формасы. Мәдениеттің пәндік мазмұнын сараптай отырып, Б. Малиновский мынадай қорытындыға келді: Мәдениет – бұл артефакт әлемі. Артефакт дегеніміз жасандылық жолмен жасалған объект немесе зат. Артефактыны оның мәдени формасынан және материалды негізден (субстраттан) айыруға болмайды. Ол белгілі бір мәдениет контекстінде (аяқталған дүние) ғана жасалынады және тіршілік етеді.

  1. Мәдениет – бұл өте күрделі, көп деңгейлі жүйе. Әрбір мәдениет этносқа, халыққа қатысты болады, ұлттық болып табылады.

  2. Мәдениет белгілер мен мағыналардың әлемі болып табылады. Бұл нұсқа бойынша, адам баласы мән-мағыналар жүйесінде өмір сүреді, ал бұл мән-мағыналар жүйесі адам баласын басқа адамдарға және жалпы қоршаған әлемге қатысты бағыт-бағдар беріп отырады.

  3. Мәдениет – бұл белгілер жүйесі (мәдениеттің семиотикалық қызметі). Бұл түсіндірме алдыңғы анықтамаға мазмұны жағынан жақын, бірақ кейбір ерекшеліктерімен ерекшеленеді. Белгілер мен мәндер мағынаға қарағанда оның рәміздік дәнекерлері болып табылады

Мәдениеттің әлеуметтік рөлін ары қарай анықтар болсақ, оның рөлі зор екенін байқаймыз. Яғни, мәдениет адам баласын жабайылық пен тұрпайылыққа, еріншектік пен зұлымдылыққа, менменшілдік пен жауапкершіліксіздікке жол бермейді. Сонымен, мәдениет дегеніміз, адамның өмір сүру қарекетің дамытатын рухани еңбегі, материалдық жэне руханилық нәтижелері, әлеуметтік шамалар жүйесінде және мекеме орындарында, рухани кұндылықтарда, адамдардың табиғатқа, өзара және өзіне деген қатынастарында, ішкі рухани болмысы арқылы көрінетін уйымдастырушы тәсілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет