Реферат метрология, стандарттау және сертификаттау Орындаған: Мұратбаев Ж. А. Қарағанды 2020



бет13/14
Дата29.09.2023
өлшемі43,12 Kb.
#111412
түріРеферат
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
Ðåôåðàò ìåòðîëîãèÿ, ñòàíäàðòòàó æ?íå ñåðòèôèêàòòàó Îðûíäà?àí Ì?

ҚР ӨМЖ негізгі мақсаты - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша міндеттерді шешуге арналған құқықты, нормативті, ұйымдастыру, техникалық және экономикалық шарттарды құрастыру.
ҚР МӨЖ негізгі мақсаттарына келесілер жатады:
- өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттердің басқаруды тиімді принциптерін зерттеп дайындау;
- шамалар бірліктерінің, эталондарын жасау мен жетілдіру;
- метрология саласындағы негізгі түсніктемелер, терминдер және анықтамаларын бекіту;
- метрология саласындағы ережелер, нормалар мен талаптарды халықаралық, мемлекетаралык, аймактық және ұлттық ережелер нормалары және талаптармен үйлестіру;
- өлшеу сапасын ақпаратты қамтамасыз ету.
ҚР ӨМЖ негізгі принциптеріне келесілер жатады:
- өлшеу нәтижесі ҚР аумағында қолдануға заңдастырылып рұқсат етілген шама бірліктерімен жазылуы;
- өлшеуді берілген ықтималдық қойылған шегінде жататын қателікпен іске асыру;
- шама бірліктер мөлшерлерін шамалар бірліктер эталонынан өлшеу құралдарына беру;
- өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша іс-әрекеттерді заң мен нормативті құжаттарға сәйкес жүргізу.
ҚР ӨМЖ объектілеріне келесілер жатады:
- шама бірліктері;
- шама бірліктерінің эталондары;
- өлшеу құралдары, әдістемелер және өлшеу нәтижелеріне қойылатын талаптар;
- өлшеуді орындау әдістемесі;
- нормативті құжаттар.
Шамалар бірліктері. Қазақстан Республикасының аумағында Халықаралық бірлік жүйесінің шамалар бірліктері қолданылады.
Өлшемдер шамаларының эталондары. ҚР ӨМЖ техникалық негізін, мемлекеттік шама бірліктер эталондары құрайды, олардың жасалынуы мен құрамын мемлекет іске асырады. Мемлекеттік эталондар шама бірліктерін сақтау мен қайта жаңғырту үшін керек.
Өлшеу құралдары Қазақстан Республикасында қолдануға рұқсат етілген шама бірліктерін анықтауға қолданылады.
Өлшеуді орындау әдістемесі, мемлекеттік метрологиялық қадағалау саласында қолданылады.
ҚР ӨМЖ нормативті құжаттары - Қазақстан Республикасының аумағында міндетті түрде қолданылады, оны стандарттау, метрология және сертификатгау бойынша уәкілдік органы бекітеді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет