Өлшем құралдарының сезімталдығы (S) шығатын сигналдың өзгеру ара қатынасымен сипатталады, яғни S = ∆l/∆x,
мұнда: ∆l-сигналдың шығуда өзгеруі
∆x -өлшенетін шаманың өзгеруі
ӨҚ сезімталдық баспалдағы – ФШ-ң ең шеткі кіші өзгеру мәні.
Өлшем құралдар қателігі – бұл метрологиялық сипаттамалардың ерекшелерінің бірі, өлшеу құралдарының жетілмегендіктерін көрсетеді, соның салдарынан жаңадан жасаудың конструкциясы және технологиясы, өлшеу аспаптарының жинастыру сапасының қанағатсыздықтарынан, материалдардың ескіруінен және тозуынан, қайшыларынан пайда болады.
Көптеген өлшеу құралдары сыртқы ықпал әсерінен өздерінің көрсетулерін өзгертеді. Бұлар жылу және ауа ағымдары, магнитті электр шектері, атмосфера қысымының өзгеруі, ауаның жоғарғы ылғалдылығы, діріл, иониздаушы сәуле және т.б.
Өлшеу бірлігі - бұл олардың нәтижелері зандастырылған бірлік шамаларымен көрсетілген және өлшеу қателігі берілген ықтималдығы қойылған шектерде жатуымен сипатталатын өлшеудің жағдайы.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз ету (ӨБҚ) - бұл өлшеу бірлігінің занды актілерге сәйкестілігіне жету мен қолдауға бағытталған метрологиялық қызметтің іс-әрекеті.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің негізгі мақсаты - ол Қазақстан Республикасының азаматтары мен экономикасының сұраныстарын сенімді емес өлшеу нәтижелерінен сақтау.
Өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің басқа мақсаттарына келесілер жатады:
- отандық және импортталған өнімдердің қауіпсіздігі мен сапасы;
- фундаменталды зертеулердегі өлшеу сенімділігі;
- материал және әнергия ресурстарының сенімді есептелуі;
- қоршаған ортаны қорғау, адам өмірімен еңбек қауіпсіздігі және т.б.
Қазақстан Республикасының өлшеу бірлігін қамтамасыз етудің мемлекеттік жүйесі (ҚРМӨЖ) – бұл бірыңғайлылығын және дұрыстығын қамтамасыз ету мүмкіндігін жасауға бағытталған метрологияның іс-әрекеттері, ол өлшеу бірлігін қамтамасыз ету болып табылады.
Қазіргі кезде өлшеудік мемлекеттік жүйесі (МӨЖ), ол - өлшеу бірлігін қамтамасыз ету бойынша субъектілер, нормалар, құралдар мен іс-әрекеттер үлгілерін мемлекеттік басқару жүйесі.