Реферат тақырыбы: Еңбек шарты. Жұмыс уақыты. Тынығу уақыты. Тексерген: Смагулов Ж. К. Орындаған: Жақсылық Н. Ж. МазмұНЫ



бет4/13
Дата05.11.2022
өлшемі38,53 Kb.
#47640
түріРеферат
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
Жақсылық Н.Ж.ТФК-408.ТК-1.еңбекті қорғау

5-бап. Еңбек бостандығы
Әркімнің еңбекті еркін таңдауға немесе оған қандай да бір кемсітушілік пен мәжбүрлеусіз еңбекке еркін келісуге құқығы бар, өзінің еңбек ету қабілетіне билік етуге, кәсібі мен қызмет түрін таңдауға құқығы бар.
6-бап. Еңбек саласындағы кемсітушілікке тыйым салу

  1. Әркімнің еңбек саласындағы өз құқықтары мен бостандықтарын іске асыруда тең мүмкіндіктері бар. Осы Кодексте және Қазақстан Республикасының өзге де заңдарында көзделген жағдайларды қоспағанда және тәртіппен еңбек саласындағы құқықтарда ешкім шектеле алмайды.

  2. Еңбек құқықтарын іске асыру кезінде шығу тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, дінге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жеріне, жасына немесе дене кемістігіне, қоғамдық бірлестіктерге қатыстылығына немесе өзге де мән-жайларға байланысты ешкімді қандай да бір кемсітуге болмайды.

  3. Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес еңбек қызметінің тиісті түрлері үшін белгіленетін не мемлекеттің жоғары әлеуметтік және құқықтық қорғауға мұқтаж адамдар туралы ерекше қамқорлығына байланысты айырмашылықтар, ерекшеліктер, артықшылықтар мен шектеулер кемсітушілік болып табылмайды.

  4. Еңбек саласында кемсітушілікке ұшырады деп есептейтін адамдар Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен сотқа немесе өзге де сатыларға жүгінуге құқылы.

2. Еңбек шарты
Қазақстан Республикасы Еңбек заңнамасының талаптарын орындау мақсатында әрбір жалдамалы қызметкермен оларды жұмысқа орналастыру кезінде жеке-жеке еңбек шарттарын жасасу қажет, бұл жұмыс беруші мен қызметкер арасындағы өзара қарым-қатынастарды бекітеді және реттейді және жұмыста екі тараптың мүдделерін қорғайтын негізгі құжат болып табылады.
Еңбек шартының шарттардың басқа түрлерінен айрықша белгілері онда мынадай талаптардың біреуінің болуы болып табылады:
1) қызметкердің белгілі бір біліктілік, мамандық, кәсіп немесе лауазым бойынша жұмысты (еңбек функциясын) орындауы;
2) еңбек тәртібіне бағынумен міндеттемелерді жеке өзі орындау;
3) қызметкердің еңбегі үшін жалақы алуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет