Региональный №1(65)2015 гуманит indd Тіркеу нөмірі 204-ж


А.Б. темРБеКОвА., е.Ж. СеЙтемБетОв



Pdf көрінісі
бет45/60
Дата15.03.2017
өлшемі14,99 Mb.
#9288
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60

А.Б. темРБеКОвА., е.Ж. СеЙтемБетОв

С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан

ХХ ҒАСыРдың БАСыНдАҒы ШыҒыС ҚАЗАҚСТАННың МӘдеНИеТ 

САлАСыНдА МеМлеКеТТіК САЯСАТТың ЖҮЗеГе АСыРылУы

Мақалада Кеңес үкіметі кезеңіндегі Шығыс Қазақстан облысында мәдениет сала-

сына қатысты жүргізілген мемлекеттік саясат бағыттары мен сипаты қарастырылған. 



түйін  сөздер:  мәдени  саясат,  Кеңес  үкіметі,  Қазақстан  тарихы,  сауаттандыру, 

Қазан төңкерісі, мәдениет.

ОСУЩеСТВлеНИе ГОСУдАРСТВеННОй ПОлИТИКИ В СФеРе 

КУлЬТУРы В ВОСТОЧНОМ КАЗАХСТАНе В НАЧАле ХХ ВеКА

В статье рассматриваются направления и характер государственной политики в 

сфере культуры в Восточном Казахстане во время советского режима.



Ключевые слова: культурная политика, Советский режим, История Казахстана, 

грамотность, Октябрьская революция, культура.

А.Б. ТеМРБеКОВА., е.Ж. СейТеМБеТОВ. 1 (65) 2015. Б. 445-452 

 

 



                iSSN 1683-1667 

446

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

iMPLEMENTATiON OF PUBLiC POLiCiES iN THE CULTURAL FiELD 

iN EASTERN KAZAKHSTAN iN THE EARLy TWENTiETH CENTURy 

The article examines the cultural policy of the Soviet Kazakhstan.



Keywords: cultural policy, the Soviet regime, History of Kazakhstan, literacy, The Oc-

tober Revolution, culture.

Әр мемлекеттің және халықтардың тарихында, қоғам өмірінде мәдениет 

маңызды орынды алады. Социалистік мәдениетті қалыптастыру мен дамытуда 

Кеңес өкіметі сауатсыздықты жою, халыққа білім беру мәселелеріне ерекше мән 

берді. Кеңестік кезеңдегі мәдениет тарихы және оның дамуындағы ерекшелігі 

партия мен мемлекеттің жеке-дара басыңқы рөлі болып табылады. Коммунистік 

партия мемлекеттік жүйе және қоғамдық ұйымдар арқылы халыққа білім беру, 

мәдени-ағартушылық,  өнер  және  әдебиет  салаларын  бағыттап,  бақылауда 

ұстады.


Қазан  төңкерісінің  нәтижесінде  большевиктер  партиясының  билікке  келуі 

қоғамның тек экономика және саяси саласында ғана емес, сонымен қатар идеология 

және мәдениетте де төңкерісті белгіледі. Кеңес өкіметінің алғашқы жылдарында 

ауқымды шаруашылық жобалармен салыстырғанда, мәдениет және халыққа білім 

берудегі  қайта  құрулар  қалыпты  жағдайда  жүргізілсе  де,  елдің  кейінгі  дамуы 

үшін маңызды болды. Маңызды міндеттердің бірі халықтың негізгі бұқарасының 

сауатсыздығын жою міндеті болып табылды. Ал халыққа білім беру саласындағы 

жағдай мәз емес еді.

1897 жылғы санақ мәліметтері бойынша облыс халқының сауаттылығы және 

білім деңгейі төмендегідей:

Жас топ-

тары


Барлығы

Сауатты


Соның ішінде оқығандар

Са

уа



ттылық  % 

ерк


ек

Әйел


ерк

ек

Әйел



ерк

ек

Әйел



ерк

ек

Әйел



ерк

ек

Әйел



ерк

ек

10 жасқа 



дейінгі

77859


78412

797


428

-

-



-

-

2



33

-

0,8



10-19 жас 69999

62616


7459 2630

-

-



-

-

86 322



2

7,6


20-29 жас 63795

52182


8735 1727 27

- 11 -


84 294 47

9,0


30-39 жас 50770

42377


6845

961


50

- 15 - 105 129 63

8,4

40-49 жас 41325



33393

5047


478

23

1



8

-

47



29

37

7,4



50-59 жас 25538

20296


2699

274


7

-

-



-

25

10



23

6,5


60-

29858


24479

1920


219

3

-



 2

-

17



2

11

3,9



Барлығы

359144 313755 33502 6717 110 1 36 - 366 819 183 6,0

ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР


447

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

ер  адамдардың  сауаттылық  көрсеткіші  әйел  адамдарға  қарағанда  5  есе 

жоғары болды (33502 адам және 6717 адам). Әсіресе сауаттылық көрсеткіші (9,0%) 

20-дан 29 жас аралығындағы топта байқалады [1].

Большевиктердің партия жетекшілігі еңбекшілердің сауатын ашу және сая-

си тәрбиені, социализм құруда саналы және белсенді жаңа адам қалыптастыруға 

бағытталған  қосбірлікті  міндет  ретінде  қарастырды.  Халықты  белсенді  саяси 

өмірге тарту мақсатында жаңа құрылысты олардың саналы түрде қолдауы үшін 

көбінде  рухани  жағынан  түсініксіз  социалистік  қоғамның  жариялаған  айқын 

емес мақсаттары бойынша, ең бірінші, оқып-жаза білуге үйрету қажет болды. 

Осыны түсіне отыра, партия жетекшілігі сауатсыздықты жоюды халық арасын-

да барлық саяси-тәрбие жұмысының бірінші жоспарына қойды. Мектепте білім 

беру бұқараны коммунистік тәрбие құралына айналдыру идеясы партияның 1919 

жылы қабылданған екінші бағдарламасында бекітілді.

Сауатсыздықты жою үрдісі, большевиктердің пікірінше, кеңес өкіметінің 

органдарының тікелей басшылығымен жүзеге асуға тиісті, яғни мемлекеттік іс 

болып табылды. Бірақ маңызды мәселені қарқынды екпінмен шешу қажеттілігі 

туындаса да, Кеңес мемлекетінің жаңадан қалыптасқан құрылымының шамасы 

жеткіліксіз болғандықтан, бұл үшін бүкіл қоғамның қолдауы қажет еді.

Халық Ағарту Комиссариаты және ағартушылық бойынша мемлекеттік ко-

миссия 1917 жылдың 11 қарашасында біріккен үндеу жариялап республиканың 

барлық зиялы қауымын сауатсыздықпен күреске белсенді қатысуға шақырған. 

Үндеуде:  «Сауатсыздық  және  надандықпен  күрес  балаларды,  жасөспірімдерді 

және  бозбалаларды  мектепте  оқытуын  дұрыс  қойылуымен  ғана  шектелмей 

...ересектерге  арналған  мектеп  халық  оқуының  жалпы  жоспарында  кең  орын 

алуға тиісті», – деп ерекше көңіл аударылған [2].

1918-1919 жылдары Ресейде сауатсыздықты жоюдың негізгі принциптері 

өңделді. Олар кеңес өкіметінің 1919 жылы 10 желтоқсанда «О мобилизации гра-

мотных» және 1919 жылы 26 желтоқсанда жарияланған «О ликвидации безграмот-

ности  населения  РСФСР»  атты  декреттерінде  көрініс  тапты.  Бірінші  декретте 

өндірістен бос сауатты халықты мәдени-ағарту қызметке қатысуға тарту міндеті 

қойылды. Кеңес үкіметіне өзінің саясатын түсіндіру қажет еді. Ағымды шаралар 

туралы ақпарат және еңбекшілерді осылайша саяси өмірге және ең маңыздысы 

үкіметті қолдауға тарту болды.

Кеңес  өкіметінің  насихатын  жалғыз  уағыздаушы  сол  кезде  баспасөз  бо-

лып табылды, бірақ жаппай сауатсыз елде осы дерек әрекет етпеді. Сондықтан 

«О мобилизации грамотных» декреті 16 мен 50 жас аралығындағы барлық са-

уаттыларды  дауыстап  оқушы  ретінде  Кеңес  өкіметінің  жергілікті  органдары 

А.Б. ТеМРБеКОВА., е.Ж. СейТеМБеТОВ. 1 (65) 2015. Б. 445-452 

 

 

                iSSN 1683-1667 



448

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ұйымдастыратын  арнайы  көпшілік  алдында  саяси  әдебиетті  дауыстап  оқуға 

міндеттеді.  Бұл  жағдай  аса  маңызды,  өйткені  өкіметтің  жаппай  сауат  ашуды 

жүзеге асыруына түрткі болатын себебін түсіндіреді.

«РСФСР  халқының  сауатсыздығын  жою  туралы»  декреттің  мәтінінің 

алдыңғы сөздерінде осы себептер анық айтылады, онда былай делінген, сауат 

ашуға үйрету «Республиканың барлық халқына елдің саяси өміріне саналы түрде 

қатысу мүмкіндігін ұсыну мақсатында» жүргізіледі [3]. Басқа сөзбен айтқанда, 

сауатсыздықпен күрес алғашында, ең алдымен, саяси-идеологиялық мақсаттар 

көздеді. Сауат ашуға үйрету арқылы тек білім ғана емес, сонымен бірінші ке-

зекте  социализм  идеяларын  сіндіру  болжамдалды.  Кеңес  өкіметі  үшін  жаңа 

дүниетаным және мәдениетті халықтың бойына сіңдіру аса қажетті болды.

декрет негізіне сауатсыздықпен күреске барлық сауаттыларды жұмылдыру 

[4]  деген  лениндік  идея  басшылыққа  алынған.  Сонымен  қатар  бұл  идея  қысқа 

мерзім ішінде әміршіл-әкімшіл әдістерді кеңінен қолдана отырып, мәселені ше-

шуге талпынғанын дәлелдейді.

декрет елдің саяси өміріне саналы түрде қатысу мақсатында «8 бен 50 жас 

аралығындағы оқу, жазу білмейтіндер ана тілінде немесе орыс тілінде сауат ашуға 

міндетті» деп белгіледі. Сауатсыздардың мектепке баруына кедергі жасаушылар 

қылмыстық жауапкершілікке тартылды [5].

декреттің тағы бір ережесінде «Халық Ағарту Комиссариатына және оның 

жергілікті  органдарына  еңбек  міндеткерлігі  ретінде  әскерге  шақырылмаған 

елдің  сауатты  халқын  Ағарту  жұмыскерлерінің  еңбекақысы  мөлшерінде  сау-

атсыздарды  үйретуге  тарту  құқығы  берілді».  Сауатын  ашатындарға,  жалдама 

жұмыс істеушілерге, әскери кәсіпорындарда шұғылданатындардан басқа, жұмыс 

күні екі сағатқа еңбекақысы сақталуымен қысқартылды. декрет сауатсыздық жою 

мақсаттарына жарамды ғимарат ретінде халық үйлерін, шіркеу, клуб, фабрика және 

зауыттар бөлмелерін пайдалану құқығын берді. Қамтамасыз ететін органдар осы 

қаулыға сәйкес бірінші кезекте сауатсыздарды үйрету бойынша кампаниялармен 

байланысты мекемелердің сұраныстарын қанағаттандыруға тиіс болды. 

Осылайша,  сауатсыздықты  жоюдың  алғашқы  кезеңінде  өз  еркімен  бастау 

күштеумен ұштасып жатты. Сауаттылық әрбір адамның міндетіне айналды. Осы 

декретке сәйкес сауатсыздықты жою мерзімі губерниялық және қалалық депутат-

тар Кеңесімен белгіленді.

Халық Комиссариаты Кеңесінің 1919 жылдың 26 желтоқсанындағы декреті 

негізінде  Қырғыз  революциялық  комитеті  «Қырғыз  (Қазақ)  өлкесінде  сауатсыз-

дықты жою туралы» нұсқау шығарды. Нұсқауға сәйкес 14 пен 50 жасқа дейінгі 

барлық халық оқуға тиісті болып, сауатсыз халықты тіркеуге алу ұйымдастырылып, 

сауатсыздар үшін тез арада мектептер ашу шаралары жүргізілді. Себепсіз сабақты 

ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР



449

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

босатқан оқушыларға азық-түлік үлесінен айыру, бір күндік еңбекақысы мөлшерін-

де айып салу, екі апта мерзімінде жұмыс істеуге мәжбүрлеу жазалары қолданылды 

[6].  1920  жылдың  28  қыркүйегінде  шыққан  Қырғыз  революциялық  комитетінің 

бұйрығына  сәйкес,  мектептерде  сабақ  беруге  қабілетті  адамдар  сауатсыздықпен 

күреске жұмылдырылды, сауатсыздықты жоюшыларды дайындайтын үш апталық 

педагогикалық курстар ұйымдастыру қарастырылды [7].

В.И. ленин қол қойған РСФСР ХКК-нің декретінің негізінде, 1920 жылы 

19 шілдеде жұмысты орталықтандыру үшін сауатсыздықты жою бойынша ерек-

ше өкілетті мемлекеттік орган ретінде Бүкілресейлік төтенше комиссия құру ту-

ралы шешім қабылданады (ВЧК л/б).

Бүкілресейлік  төтенше  комиссия  үлгісімен  1920  жылдың  аяғында  сауат-

сыздықты жою бойынша Қазақ Төтенше комиссиясы құрылды (Грамчека, КазЧК 

лБ) [8]. Комиссияның міндеті сауатсыздықты жою ісінде әдістемелік жетекшілік 

жасау  болды.  Жергілікті  жерлерде  халыққа  білім  беру  бөлімдері  және  атқару 

комитеттерінің мәдени секцияларының жанында сауатсыздықты жою бойынша 

комиссиялар жұмыс істеді.

1921  жылы  сауатсыздықты  жою  бойынша  губерниялық  төтенше  комис-

сиялар туралы ережеге сәйкес, Семей Губревкомитеті сауатсыздықты жою бой-

ынша  Губерниялық  төтенше  комиссия  құрды  [9].  Комиссия  қызметі  келесідей 

мақсаттарды  көздеді  –  Губернияда  сауатсыздықты  жоюға  байланысты  барлық 

қаулылардың орындалуын бақылау; Семей губерниясында сауатсыздықты жою 

бойынша барлық жұмысты шоғырландыру және қадағалау; жергілікті жерлерде 

нұсқаушылық жұмысты ұйымдастыру және жүргізу; нұсқаушыларды дайындау 

және белгіленген мерзімде сауатсыздықты жою кампанияларының жүргізілуін 

бақылау.

Сауаттылардың  бөлінісі  әртүрлі  болды.  1920  жылы  Семей  губерниясын-

да  екі  жынысты  мың  тұрғынға  сауаттылар:  ер  адамдар  –  92,  әйел  –  41;  қала 

тұрғындары арасында: ер адамдар – 235, әйел – 170; село тұрғындары арасын-

да: ер адамдар – 135, әйел адамдар – 58 адам болды. Сауатты ер адамдар әйел 

адамдарға қарағанда екі есе көп болды, ал көшпелі өмір сүргендер арасында сау-

атты ер адамдар әйел адамдардан 15 есе көп еді (29 сауатты ер адам және 2 сау-

атты әйел адам мың адамға) [14].

1920-1921  жылдары  жаппай  сауатсыздықты  жою  шараларына  байланы-

сты мектептер ашылып, халықтың арасындағы сауатсыздық, шала сауаттылық 

деңгейлерімен  күрес  жүргізілді.  Қазақстанда  1920-1921  оқу  жылдары  сауат-

сыздықты жою бойынша 2412 пункт жұмыс істеді [10].

Республика бойынша сауатсыздықты және шала сауатсыздықты жою бой-

ынша статистикалық мәліметтер төмендегідей [11]. 

А.Б. ТеМРБеКОВА., е.Ж. СейТеМБеТОВ. 1 (65) 2015. Б. 445-452 

 

 



                iSSN 1683-1667 

450

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

Жылдар


Сауатсыз және шала сауатты оқығандар

Барлығы(мың) 

% алдыңғы жылға 

1920-21


72,0

-

1921-22



0,7

-

1922-23



4,1

-

1923-24



15,8

385,4


Кестеден  көріп  отырғанымыздай,  1920-1921  жылдары  72  мың  сауатсыз 

және  шала  сауатты  оқыған  болса,  1921-1922  жылдары  аштыққа  байланысты 

сауатсыздықты жою бойынша жұмыс қиындап, 700 адам ғана сауатын ашқан.

1920 жылғы жұт 1921 жылғы ашаршылыққа ұласып, жергілікті халықты 

мүлдем  күйзелтіп  жіберді.  Губернияда  ашаршылық  салдарынан  болған  сүзек 

эпидемиясы бұрқ ете түсті [12]. Әсіресе сүзек, шешек ауруларының кең етек алу-

ынан және медицина қызметкерлерінің жетіспеушілігінен қазақтар шоғырланған 

уездер мен болыстарда өлім өте кең етек алды. Губерниялық халыққа білім беру 

бөлімдері аштықпен күресте ешқандай көмек көрсете алмады. Семей губерния-

сында 1922 жылы наурыз айында баспанасыз, қаңғып қалған балалардың саны 

8316 құрады [13]. Аштық және оның салдарлары сауатсыздық жою жұмысына 

зор нұқсан келтірді. 

Көшпелі  және  жартылай  көшпелі  өмір  сүру  жағдайы,  территорияның 

шашыраңқылығы,  материалдық  базаның  болмауы  білім  беру  жүйесін  құруды 

қиындатты.  Осындай  жағдайға  байланысты  арнайы  жылжымалы  мектептер, 

қызыл отау, қызыл бұрыштар, басқа да мәдени-ағарту мекемелерінің ашылып, 

сол жылдарда сауатсыздықты жою көзделді. 

Көшпелiлер арасындағы саяси және мәдени-ағарту жұмысының маңызды 

түрлерінің  бiрi  қызыл  керуендер  болды.  Республиканың  Орталық  Атқару 

Комитетi ұйымдастырған Әліби Жанкелдин бастаған бiрiншi қызыл керуен 1922 

жылы  Орск,  Торғай,  Атбасар,  Ақмола,  Петропавл,  Павлодар,  Семей  қалалары 

арқылы жүріп, 37 ауыл мен 26 қазақ болыстарында үгіт-насихат жұмыстарын, 

мәдени-ағарту саласында да көптеген шараларды жүзеге асырды [16].

1920  жылдары  мәдени-ағарту  іс-шараларын  ұйымдастыруда  мерзімді 

басылымдардың  шығуына  Кеңес  өкіметі  ерекше  көңіл  бөлді.  Сол  жылдары 

мерзімді  басылымдар  Кеңес  өкіметі  және  партияның  саясатын  насихаттап, 

кеңестік идеологияны халықтың санасына сіңдіріп отырудың тиімді құралы бо-

лып болып табылды. Губернияда саяси редактордың жауапкершілігімен «Степ- 

ная правда», «Қазақ тілі», «Новая деревня» газеттері шықты [17]. Газет беттерінде 

«На  третьем  фронте»  арнайы  айдарда,  яғни  мәдениет  құрылысы  майданында 

ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР


451

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

сауатсыздықпен күрес барысы, жаңа мектептер құрылысы туралы материалдар 

басылды.


Сауатсыздықты жоюды ұйымдастырушыларға көмек ретінде көптеген пла-

каттар, үнпарақтар құрастырылды. Барлық жерлерде Кеңес үкіметінің халыққа 

«Сауатсыздық – біздің жауымыз», «Сауатсыздық жойылсын!», «Сауат арқылы 

жаңа өмір құрылысына!» деген жалынды үндеулерін оқуға мүмкін болды.

Губернияда сауатсыздықты жою  бойынша жұмыс жоспарлы түрде 1923-

1924 оқу жылдары басталды [14]. 

Семей губерниясында сауатсыздық жою қарқыны келесідей:

Оқу жылы 

Сауатсыздық жою 

пунктерінің саны

Барлық 

оқығандар



Соның ішінде 

оқыған


орыс халқы

Соның ішінде 

оқыған қазақ 

халқы


1923-1924 жж.

118


3000

2000


1000

1924-1925 жж.

200

8000


3000

5000


1925-1926 жж.

213


12741

2905


9836

Барлығы:


23741

7905


15836

1923-1924 оқу жылдары 118 сауатсыздық жою пунктері жұмыс істеп, 3000 

мың адам, 1924-1925 оқу жылдары 200 сауатсыздық жою пунктінде 8000 мың 

адам, 1925-1926 оқу жылдары 213 сауатсыздық жою пунктінде 12741 адам сауа-

тын ашты [14]. Қазақтардың орыс халқына қарағанда сауатын ашудағы жоғары 

пайызы халықтың білім алуға ұмтылуы еді.

Семей губерниясында сауатсыздықты жою қысқы және жазғы екі кезеңде 

жүрді.  i  кезең  қазан  айынан  мамыр  айына  дейін,  ii  кезең  маусым  айынан 

қыркүйекке дейін белгіленді [14]. 

Қарастырылып отырған кезеңдегі Кеңестер қызметінің аса маңызды бағыты 

–мәдени құрылыс проблемасы, ең алдымен, халыққа білім беру мәселесі болып 

табылды.  Бұл  сала  бойынша  Кеңес  үкіметіне  қиындығы  мол  мұра  қалған  еді. 

Сауатсыздықты жою қоғам үшін өткір, әлі де болса шешімін табуға тиіс мәселе 

ретінде көптеген қиындықтарға қарамастан жалғастырылып, бірқатар шаралар 

атқарылды. 

1920 жылдардың соңы – 1930 жылдардың басында мәдениетті басқаруда 

әміршілдік-әкімшілік  әдісі  көрініс  ала  бастайды.  Білім  беру,  мәдениет  меке-

мелерінің жұмысы жоғарыда тұрған органдардың шешімдерін орындап, белгі-

ленген нұсқаулар бойынша міндетті есептер берумен шектелді.

Мемлекеттік саясаттың нәтижесінде 1930 жылдардың соңына қарай мәде-

ниеттегі  жаңа  құндылықтар  мен  ұстанымдар  орнықты.  Кеңес  өкіметі  мәдени-

А.Б. ТеМРБеКОВА., е.Ж. СейТеМБеТОВ. 1 (65) 2015. Б. 445-452 

 

 

                iSSN 1683-1667 



452

Тоқсанына бір рет шығарылады

  

 

 



 

         



Шығыстың аймақтық хабаршысы

ағарту  мекемелерінің  қызметін  партияның  идеологиялық  жұмысын  жүргізуге 

бағыттады. 

ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі

1. Первая всеобщая перепись населения Российской Империи. – 1897. – Т. 84. – 

Семипалатинская область. – Спб., 1905.

2.  Сборник  документов  и  постановлений  рабочего  и  крестьянского  правительства  по 

народному образованию. Вып. 1.1919. – С. 156-157.

3. декреты Советской власти. – М., 1968. – Т. 4. – С. 194-196.

4. ленин В.И. Полное собрание сочинений / В.И. ленин. – Т. 38. – С. 331.

5. Народное образование в СССР. Общеобразовательная школа. Сб. документов 

(1917-1973 гг.). – М., 1974. – С. 377.

6. Культурное строительство в Казахстане. Сб. документов и материалов. 1918-

1932 гг. – Т. 1. – Алма-Ата, 1965. – С. 102-103.

7. Культурное строительство в Казахстане: сб. документов и материалов. 1918-

1932 гг. – Т. 1. – Алма-Ата, 1965. – С. 104-105.

8.  Социалистическое  Строительство  в  Казахстане  в  восстановительный  период 

(1921-1926 гг.). – Алма-Ата, 1963. – С. 49-51.

9. Культурное строительство в Казахстане: сб. документов и материалов. 1918-

1932 гг. – Т. 1. – Алма-Ата, 1965. – С. 108 .

10. Сулейменов Р.Б., Бисенов Х.И. Социалистический путь культурного прогресса 

отсталых народов. – Алма-Ата, 1967. – С. 83.

REFERENCES

1. Pervaja vseobshhaja perepis’ naselenija Rossijskoj Imperii 1897g. T. 84, Semipal-



atinskaja oblast’. 1905 (in Russ).

2. Sbornik dokumentov i postanovlenij rabochego i krest’janskogo pravitel’stva po nar-



odnomu obrazovaniju. Vypusk 1. 1919, 156-157 (in Russ).

3. Dekrety Sovetskoj vlasti. 1968. T. 4, 194-196 (in Russ).

4. Lenin v.i., Polnoe sobranie sochinenij. T. 38. 331 (in Russ).

5.  Narodnoe  obrazovanie  v  SSSR.  Obshheobrazovatel’naja  shkola.  Sb.  dokumentov 



1917-1973 gg. 1974, 377 (in Russ).

6. Kul’turnoe stroitel’stvo v Kazahstane. Sb. dokumentov i materialov. 1918-1932 gg. 



T.1. Alma-Ata, 1965, 102-103 (in Russ).

7. Kul’turnoe stroitel’stvo v Kazahstane. Sb. dokumentov i materialov. 1918-1932 gg. 



T.1. Alma-Ata, 1965, 104-105 (in Russ).

8.  Socialisticheskoe  Stroitel’stvo  v  Kazahstane  v  vosstanovitel’nyj  period  (1921-



1926 gg.) Alma-Ata, 1963, 49-51 (in Russ)

9. Kul’turnoe stroitel’stvo v Kazahstane. Sb. dokumentov i materialov. 1918-1932 gg. 



T.1. Alma-Ata, 1965, 108 (in Russ).

10. Sulejmenov R.B., Bisenov H.i., Socialisticheskij put’ kul’turnogo progressa otstalyh 



narodov. Alma-Ata, 1967, 83 (in Russ).

ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР



453

Региональный вестник Востока

  

 



 

 

 



        

Выпускается ежеквартально

UDC 338.43(574)

G.T. TOKTAMYSSOVA, T.A. ABYLAIKHANOVA

S. Amanzholov East Kazakhstan State University, Ust-Kamenogorsk, Kazakhstan

MODERNiZATiON PROCESS iNDUSTRy OF AGRiCULTURAL 

PRODUCTS BASED ON CLUSTER APPROACH

The article describes the main problems and prospects of development of agriculture in 

the East Kazakhstan region and the Republic as a whole, as well as using the cluster approach 

investigated the process of industrial upgrading of agricultural products. it is a country review 

of cluster development in the agricultural sector.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   41   42   43   44   45   46   47   48   ...   60




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет