Ж.А. САБиевА, А.А. САБитОвА
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
ӘлеУМеТТіК-МӘдеНИ САлАдАҒы ӘКіМШіліК-ҚҰҚыҚТыҚ
РеТТеУ МӘСелелеРі
Мақала «әлеуметтік-мәдени сала» ұғымының теориялық тұрғыда анализ жасау
қажеттілігіне арналған. Бұл мәселеге ғылыми жағынан зерттеу әлеуметтік-мәдени сала
тармақтарын тиімді басқару үшін өте маңызды.
түйін сөздер: әлеуметтік-мәдени сала, әкімшілік құқық, атқарушы билік,
құқықтық қатынастар.
ПРОБлеМы АдМИНИСТРАТИВНО-ПРАВОВОГО РеГУлИРОВАНИЯ
В СОЦИАлЬНО-КУлЬТУРНОй СФеРе
Статья посвящена проблеме теоретического характера, связанной с анализом фе-
номена «социально-культурная сфера», в которой создается и сохраняется нормативная
культурная традиция. Научное изучение этого феномена имеет особое значение для со-
вершенствования управления отраслями социально-культурной сферой.
Ключевые слова: социально-культурная сфера, административное право, испол-
нительная власть, правовые отношения.
Ж.А. САБИеВА, А.А. САБИТОВА. 1 (65) 2015. Б. 417-421
iSSN 1683-1667
418
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
ADMiNiSTRATivE LEGAL REGULATiON PROBLEMS
iN SOCiAL AND CULTURAL SPHERE
The article is devoted to development of problems of theoretical character, connected
with analysis of the phenomenon social and cultural sphere. (SKS), in which normative cul-
tural tradition is created and kept. Scientific study of this phenomenon has great importance
for improvement of management in SKS branches.
Keywords: social and cultural sphere, administrative law, executive branch, legal rela-
tions.
Заң ғылымында әкімшілік-құқық ұғымы, білім беру, ғылым, мәдениет
пен еңбекті, әлеуметтік қамсыздандыруды және жұмыспен қамтуды әкімшілік-
құқықтық реттеу мәселелерін зерттеу маңызды орын алады.
демократиялық қағида негізінде ұйымдастырылған қоғамда мемлекеттік
әкімшілікті құру және оның атқаратын қызметі құқықпен анық әрі толық реттеуге
тиіс. Бұл жерде қай мемлекеттің болмасын құқығының іргелі саласы – әкімшілік
құқық негізгі рөл атқарады. Оның Қазақстанда ерекше маңызы бар, өйткені біздің
елдің үлкен аумағы, бай табиғи ресурстары, халқының көпұлтты құрамы, тари-
хи дәстүрлері сияқты факторлар мемлекеттік әкімшіліктің (әкімшілік биліктің)
айрықша маңызды болуына себеп болып отыр.
Әкімшілік құқық конституциялық және азаматтық құқықтармен бірге
Қазақстан құқығы жүйесінің негізгі салаларының өзегі болып саналады.
Республика көлемінде атқарушы биліктің нұсқаулары мен тапсырмаларын
нақты іс жүзіне асыратын – мемлекеттік әкімшілік. Атқарушы билік органда-
ры немесе атқарушы органдары заңнамаларды орындауды, халықтың талапта-
рын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, әлеуметтік-экономикалық, мәдени
және әкімшілік-саяси өмірдің аяларын қамтамасыз етеді. Олардың қызметінің
әкімшілік, яғни басқарушылық, атқарушылық, соттан тысқары сипаты осылай
айқындалады.
Қазіргі кезеңде біздің қоғамдық ұйымды құрайтын барлық бөліктердің
келісімді, тәртіптелген қызметін қамтамасыз ету өзінің негізгі міндеті болатын
мемлекеттік басқару біртұтас мемлекеттік билік салаларының бірі – атқарушы
биліктің механизмі болып табылады. Бұл механизм – бүкіл Республика көлемінде
атқарушы билікті нақты жүзеге асыратын мемлекеттік әкімшілік. Атқарушы
билік органдары немесе атқарушы органдар заңнамаларды орындауды, яғни
олардың талаптарын іске асыруды қамтамасыз ете отырып, іс жүзінде әкімшілік
етеді, яғни экономикалық, әлеуметтік-мәдени және әкімшілік саяси өмірдің са-
лаларын басқарады.
Қоғамдық қатынастардың қарқынды даму заманында ұлттың интел-
лектуалдық потенциалы қалыптасуының, қоғамның рухани өмірін анықтайтын
фактор ретінде әлеуметтік-мәдени саласының атқаратын рөлі зор.
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
419
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
Әлеуметтік-мәдени саланың басты мақсаты – адамдардың рухани өмірін
дамытып, олардың әлеуметтік-мәдени әрекетіне жағдай жасау. Бұл материалдық
емес, өндірістік емес құндылықтар жүйесін қалыптастырады.
Әлеумет пен мәдениет феномендерінен құралған әлеуметтік-мәдени
сала категориясына анықтама беру үшін ғалымдар «әлеумет» пен «мәдениет»
ұғымдарын автономиялық тұрғыда қарастырып, аталған құбылыстардың
нәтижелілігі мен процессуалдығы мағынасы тұрғысынан қарастыру қажеттігін
айтады.
«Әлеуметтік» және «мәдени» ұғымдары тығыз байланысты, кез кел-
ген әлеуметтік құбылыстағыдай бұл жүйеде адам мәдениет иеленуші рөлін
атқарады.
Теориялық тұрғыда әлеуметтік-мәдени саласын атқаратын қызметіне
сәйкес бірнеше топтарға жіктеуге болады:
мемлекеттік басқару, әлеуемттік қызметтер;
–
қаржыландыру, зейнетақымен қамсыздандыру, сақтандыру;
–
жеке типтегі тұрғын-үй шаруашылығы;
–
коммерциялық, әлеуметтік, зейнеткерлік қызметтер;
–
техниканы жөндеу;
–
жолаушылар көлігі;
–
денсаулық сақтау мен әлеуметтік қызметтер көрсету;
–
білім беру мен ғылым;
–
сауда-сервистік сала;
–
табиғи-шаруашылық қызмет;
–
мәдениет, өнер, БАҚ;
–
дене шынықтыру, спорт, белсенді демалу, көңіл көтеру орындары;
–
қонақүй бизнесі;
–
қоғамдық тамақтану мен мейрамхана бизнесі.
–
Осы аталған салалар адами потенциалдың дамуына жағдай жасап, қоғам-
дық дамудың бастауы мен оның мән-мағынасын құрайды. Әкімшілік құқықпен
реттелетін қоғамдық қатынастар, негізінен, әлеуметтік басқарудың бір түрі бо-
лып табылатын мемлекеттік басқару аясында қалыптасады.
Мемлекеттік басқару саласындағы әкімшілік-құқықтық реттеудің маңызы
зор. Атқарушы биліктің республикалық та, жергілікті де органдары еліміздің
өмірін көптеген жақтарына (мысалы, экологиялық, қаржылық, монополияға
қарсы, санитарлық-эпидемиологиялық, жол-көліктік т.с.с.) мемлекеттік бақылау
мен қадағалауды жүзеге асырады. ең соңында, тап сол атқарушы биліктің
өкілдері (мысалы, лауазымды адамдар) ресми мемлекеттік сатылар болып та-
былады, сондықтан азаматтардың заңды мүдделері мен талаптарының іске
асуы солардың іс-қимылдарына байланысты. Мәселен, атқарушы биліктің
Ж.А. САБИеВА, А.А. САБИТОВА. 1 (65) 2015. Б. 417-421
iSSN 1683-1667
420
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
өкілдері әртүрлі қызметке (мысалы, кәсіпкерлік қызметпен айналысуға), лицен-
зиялар (рұқсаттар) береді, тіркеу жасайды (мысалы, уақытша болатын немесе
тұрғылықты тұратын жерін өзгертуді), әлеуметтік қолдауды жүзеге асырады
(мысалы, мемлекеттік зейнетақы, жұмысқа орналастыру мәселелерін шешеді),
тұрғын үй-коммуналдық мәселелерін шешеді (мысалы, тұрғын үй қажеттіліктерін
қағанаттандыру, коммуналдық қызмет көрсету т.б.).
Әкімшілік қызметінің бағыттары бойынша қоғамдық қатынастардың мы-
нандай негізгі түрлері қалыптасады:
– басқару актілерін дайындау, қабылдау, орындауға және мемлекеттік билік
органдарының актілері мен заңдарын іске асыруға байланысты қатынастар;
– атқару-басқару сипатындағы қызметті жүзеге асыруға байланысты
қатынастар;
– қабылданған шешімдердің орындалуын бақылауды жүзеге асыруға бай-
ланысты қатынастар;
– сотқа жүгінбестен, әкімшілік тәртіп бойынша мәжбүрлеуді жүзеге асыру-
мен байланысты қатынастар. Мемлекеттік басқаруды жетілдіруде оның тиімділі-
гін және мемлекеттік органдардың қабылдаған шешімдері үшін азаматтардың
алдындағы жауапкершілігін арттыруда әкімшілік құқық маңызды құрал ретінде
рөл атқарады. Оның көмегімен қоғамдық өмірдің әртүрлі жақтарының басым
көпшілігін қамтитын мемлекеттік басқару саласында Қазақстан Республикасы
заңдарының орындалуы қамтамасыз етіледі.
Әкімшілік-құқық азаматтардың мемлекетті басқаруға қатысуларының
құқықтық және ұйымдық нысандарын бекітеді, өкілетті органдар мен лауа-
зымды адамдар үшін де, сондай-ақ қатардағы азаматтар үшін де тиісті мінез-
құлық ережелерін тағайындайды. Оның көмегімен Қазақстан Республикасын-
да құқықтық қатынастарға барлық қатынасушылардың құқықтық мәдениеті
қалыптасады. Қазіргі кезеңдері әкімшілік құқықтың негізгі проблемаларының
бірі – өкілеттік орталық органдары мен жергілікті органдарының арасындағы
біріне-бірінің бағыныстылығы мен өзара бірлесіп іс-қимыл жасаудың жаңа
қатынастарының құру проблемасы болып отыр.
ӘдеБИеТТеР ТіЗіМі
1. Таранов А.А. Административное право Республики Казахстан. Общая часть /
А.А. Таранов. – А., 2001.
2. Жетписбаев Б.А. Административная ответственность / Б.А. Жетписбаев. – Ал-
маты, 2000.
3. Жетписбаев Б.А. Административное принуждение / Б.А. Жетписбаев. – Алма-
ты, 2003.
4. Ибрагимов Ю.Х. Административное право Республики Казахстан / Ю.Х. Ибра-
гимов. – Алматы, 2001.
5. Овсянко д.М. Административное право / д.М. Овсянко. – М.: Юрист. – 1997.
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
421
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
6. Жатканбаева А.е. Законодательство Республики Казахстан об административ-
ных правонарушениях / А.е. Жатканбаева. – Издательство Қазақ университеты, 2003.
REFERENCES
1. Taranov A.A., Administrativnoe pravo Respubliki Kazahstan. Obshhaja chast’. A.,
2001 (in Russ).
2. Zhetpisbaev B.A., Administrativnoaja otvetstvennost’. Almaty, 2000 (in Russ).
3. Zhetpisbaev B.A., Administrativnoe prinuzhdenie. Almaty, 2003 (in Russ).
4. ibragimov Ju.H., Administrativnoe pravo Respubliki Kazahstan. Almaty, 2001 (in
Russ).
5. Ovsjanko D.M., Administrativnoe pravo. Moskva, Jurist. 1997 (in Russ).
6. Zhatkanbaeva A.E., Zakonodatel’stvo Respubliki Kazahstan ob administrativnyh pra-
vonarushenijah. Izdatel’stvo Kazak universitety. 2003 (in Russ).
ӘОЖ 325.11(574.42)”1991/.2008”
Ә. САЙлАуБеК
С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті, Өскемен қ., Қазақстан
КӨШі-ҚОН АҒыМыНың ШыҒыС ҚАЗАҚСТАНдАҒы еРеКШеліГі
(1991-2008 жж.)
Мақалада Шығыс Қазақстан облысы халқының көші-қон факторлары және ішкі
көші-қон үрдісінің дамуы, мемлекеттің эмиграцияға ықпалы қарастырылып отыр.
түйін сөздер: саясат, диаспора , репатриация, миграция, эмиграция, этникалық
жағдай, табиғи өсім.
МИГРАЦИОННые ПРОЦеССы В ВОСТОЧНО-КАЗАХСТАНСКОй ОБлАСТИ
(1991-2008 гг.)
В этой статье рассматриваются основные показатели миграционных состояний
Восточно-Казахстанской области.
Ключевые слова: политика, диаспора, репатриация, миграция, эмиграция, этни-
ческое состояние, природный рост.
MiGRATORy PROCESS iN THE EAST KAZAKHSTAN OBLAST
(in the period of 1991-2008)
The main indicators of the migratory of East Kazakhstan oblast are considered in this
article.
Keywords: Politics, diaspora, repatriation, migration, emigration, ethnic states, natural
growth.
Қазіргі уақытта миграциялық көңіл күй туғызудың жаңа сапалы кезеңі
басталды. Мемлекеттің эмиграцияға ықпалы бұдан 10 жыл бұрынғыға қарағанда
Ә. САйлАУБеК. 1 (65) 2015. Б. 421-427
iSSN 1683-1667
422
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
әлсіз. Оның этносаяси бастамалары тұтас эмиграцияға жол берген еді. Тіпті
мемлекеттік саясат көпшіліктің қызығушылығынан шығып қалды десе де
болады. Адамдар егемендікке, тұрақты режімдегі орталықтандырылған билікке
бейімделді. Оларды тұрмыстық, жеке бас проблемалары көп мазалайды, яғни
өздері мемлекеттің еш көмегінсіз шеше алатын мәселелер. Сонымен қатар
халықтың миграциялық көңіл күйін жергілікті орта да анықтайды.
Шығыс Қазақстан облысы халқының көші-қон факторының тағы біреуі –
экологиялық, жекелей алғанда, Семей полигонының өңірінде орналасулары.
Облысымызда табиғи жоғалтулармен қатар көші-қондық азаю да байқала-
ды. 18 жыл ішінде облыстан тысқары жерлерге 801940 адам көшкен. Миграция-
лық ағымдағы кенет өзгеру құбылысы 90-шы жылдары көрінді. 1991-1999
жылдарда кему 438892 адамды құрайды, бұл 2000-2008 жылдармен салыстыр-
ғанда 1,2 есеге көп.
Облысымызға келген халық саны – 558499 адам, 1,4 есеге аз. 2000 жылға
дейін облысқа 300901 адам, 2000 жылдан кейін 256821 адам келген, 1,2 есеге
көбею азайтылған.
1991 жылы облысқа келген адамдар саны көші-қон кемуінен асып түсті.
1992 жылы облысқа келген халық саны 32248 адам болғанымен, бұл халықтың
кемуінің орнын толтыра алмады. Айырмашылық 3156 адам болды. Көші-қонның
шарықтау шегі 1995 жылдың 1 қаңтарына келеді, 1992 жылмен салыстырғанда
2,2 есе жоғары, 76814 адамды құрайды.
Жеделдетілген эмиграция облысқа келгендер санының азаюымен
сипатталды. егер 1991 жылы 38566 адам келсе, 2007 жылы 24309 адамға
қысқарған, бірақ 2008 жылы көшіп келгендер саны жылдам өсіп, 1991 жыл
көрсеткішіне таяды.
1996 жылдан бастап халықтың кемуі 1995 жылмен салыстырғанда 1,3 есе
азайып, 59862 адамды құрады.
1999-2008 жылдары халық санының кемуі жыл сайын 38000-47000 адамды
құрады [1, 2].
Иммиграцияның маңызды бөлігі болып репатриация табылады. Шектес
мемлекеттерде қазақтардың жеткілікті түрдегі диаспорасы бар (ең ірілері –
Қытай, Өзбекстан, Ресей мен Моңғолия). ТМд, Балтық және алыс шетелдердегі
этникалық қазақтарды репатриациялау көші-қон саласындағы мемлекеттік
саясаттың негізгі бағыттарының бірі болып табылады.
Көші-қон саясатының негізгі басымдылығының бірі – оралмандарды
орналастыруға барлық көмекті көрсету, олардың орналасқан жерлерге бейімде -
луі және жергілікті әлеуметтік ортамен ықпалдасуы. Қазіргі уақытта Қазақстан-
нан тысқары жерлерде шамамен төрт миллионнан астам қазақтар тұрады, кейбір
мемлекеттерде қазақ диаспорасының жағдайы едәуір күрделі.
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
423
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
1-кесте – Ағым бойынша мигранттарды орналастыру
Жыл-
дар
Барлығы
Соның ішінде
Облысаралық,
облысішілік
ТМд елдері
ТМд
елдерінен тыс
келді
кетті
келді
кетті
келді кетті келді кетті
1991 38566 36101
27821
27328
9509 8151 1220
622
1992 32248 35404
24992
24247
9955 8844 3020
1199
1993 29913 37742
19193
26350
9236 9958 1384
1434
1994 25246 46900
*бірыңғай мәліметтер жоқ
440
6613
Облыс аралық
облысішілік
келді
кетті
келді
кетті
1995 47371 76814 10151 15269 29293 29293 7743 24585 184
7667
1996 38021 59862 8578 12069 24061 24061 5259 17668 123
6064
1997 32111 55517 4832
7893
23318 23318 3864 19984
97
4322
1998 33236 51835 5152
9422
23874 23874 4047 14937 163
3602
1999 24189 38687 3542
9299
17274 17274 3284 8832
89
3282
2000 25836 41727 4162
9900
19006 19006 2562 9750
106
3071
2001 27798 42592 4007
8670
21176 21176 2512 9474
103
3272
2002 32487 47989 4407
8926
25357 25357 2636 11003
87
2703
2003 29737 39900 4233
9399
23083 23083 2312 5662
109
1756
2004 30826 45140 4189 11956 24266 24266 1876 7517
495
1401
2005 26566 38066 3995 10606 20169 20169 1579 6452
823
839
2006 24158 33159 3594 10228 18486 18486 1459 4196
619
242
Соңғы жылдардағы көші-қон үдерісінің елеулі құбылысы болып
шығысқазақстандықтардың ТМд елдерінің шегіне қоныс аударуы болды. 90-шы
жылдар басында облыстан жыл сайын орта есеппен 6 мың адам шығып кеткен.
Онжылдық соңында эмиграция үдерісі тұрақтала бастады және 1996 жылдан ба-
стап төмендеу үрдісіне ие болды. 2001 жылы ТМд елдерінен тыс жерлерге шығу
ағымы қайтадан ұлғайды. Шығысқазақстандықтарды қабылдағандар негізінен
Германия, Израиль, Моңғолия, АҚШ болды, үлесі 99,5%-ды құрайды.
Соңғы жылдардың миграциялық үдерісінде Шығысқазақстандықтардың
алыс шетелдерінен эмиграциясы біраз азайғанын байқаймыз. егер 1991 жылы
облысқа 1220 адам келсе, 2002 жылы эмиграция үдерісіне мигранттар 14 есе аз
қатысқан, 2008 жылы Шығыс Қазақстанға 14720 эмигрант келді.
Зерттелінген кезеңде келгендер 17028 адамды құраса, алыс шетелдерге
48407 адам кеткен.
Алдыңғы жылмен салыстырғанда 1994 жылы тұрғындардың қайтуы
біршама баяулады. Облысқа келушілердің көлемі 2%-ға артты, кетушілер саны
Ә. САйлАУБеК. 1 (65) 2015. Б. 421-427
iSSN 1683-1667
424
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
үштен бірге азайды.
1995 жылы облыс шегінен 20,9 мың, олардың ішінен жақын шетелге – 13,1
мың (63%), алыс шетелге – 2,1 мың (10%), республиканың басқа облыстарына
5,7 мың (27%) адам кетті. Бір жылда облысқа 10,1 мың адам, жақын және алыс
шетелден 5 мың, республиканың басқа облыстарынан 5,1 мың адам келді [3].
1999 жылдан бастап жақын шетелдерге миграциялық ағылу – 2,3 рет, қайту
1,4 рет қысқарды. Қарастырылған кезеңде ТМд елдеріне 178789 адам шықса,
70566 адам келген, бұл шыққандарға қарағанда 2,5 рет аз.
Шығыс Қазақстан облысының ішкі көші-қонның барлық көлемінің 24%-ы
Алтай өлкесіне, 15%-ы Новосибирь облысына келеді. Тұтасымен алғанда Ба-
тыс Сібір өңіріне облысымыздың ішкі миграциясының 58%-ы келеді. Облы-
сымыздан Батыс Сібір өңірлеріне қоныс аударғандар да көп үлеске ие, оларға
Ресей Федерациясына кететіндердің 58% көлемін жатқызамыз. Олардың ішінде
1/3 бөлігінен астамы көрші Алтай өлкесіне қоныс аударған, бұл Қазақстан
Республикасының тысқары жерлеріне қоныс аударғандардың 37%-н құрайды.
дегенмен де Шығыс Қазақстан облысы үшін Алтай өлкесі донор-өңір ретінде
мемлекетаралық миграциялық алмасуда маңызды рөл атқарады.
Көші-қон жағдайының басты маңызды бөлігі болып халықтың ішкі көші-
қоны табылады: келушілердің жалпы ағымында ішкі қозғалыстар жыл сайын
90%-дан астам бөлігін алады.
1990 жылдардағы Қазақстан Республикасындағы әлеуметтік-саяси және
экономикалық реформалар республикаішілік көші-қон дамуының өзгеріске
түсуіне себеп болды. ең алдымен, халықтың ұтқырлығы қысқарғаны байқалады.
2008 жылы 1995 жылмен салыстырғанда шығысқазақстандықтардың респу-
блика ішінде көшуі бір ширекке қысқарды. Облысаралық көші-қон көлемі тез
жылдамдық алып, 40%-ға азайды, облысішілік қоныс аудару 25% болды.
Облысаралық көші-қон аясында Шығысқазақстандықтардың Алматы
қаласы, Алматы облысы мен Павлодар облыстарымен алмасулары көп байқалады,
бұл аталған өңірлердің территория жағынан жақындығымен және халықтың
оңтүстік және солтүстік орталықтарына тұрақталуға деген ұмтылысымен
түсіндіреміз. Мысалы, 1998 жылы облыстан 9422 адам мына облыстарға қоныс
аударған: Алматы облысына – 3683 адам, Алматы қаласына – 3004 адам, Пав-
лодар облысына – 971 адам, 2008 жылы 5224 адам, сәйкесінше 1784, 1044, 490
адам.
Шығыс Қазақстан облысы қарастырылған кезеңде басқа облыстардан
1995 жылы 10000 адам келіп, 15000 адам шыққан, 1996 жылы 8000 жуық адам,
сәйкесінше 12000 адамды құрады. 1997 жылдан бастап жыл сайын 4000 адам
келсе, 9000-11000 адам облыстан шығып кеткен.
1990 жылдары көші-қон ағымының облысішілік үрдісі байқалды. Олардың
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
425
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
үлесі ішкі қоныс аударуда артып келеді.
1995 жылы өңірлік көші-қонға 29293 адам қатысты. Одан кейін жыл
сайынғы төмендеу көрініс тапқан.
1999 жылы бұл көрсеткіш 1,7 есе төмендеді. 2000-2004 жылы бұл көрсеткіш
жыл сайын 1,1 есе артты, 2005-2007 жылдары 1,2 есе төмендеді, 2008 жылы арта
түсті [4].
Мигранттардың ең көп ағымы Семей, Өскемен қалаларына бағытталса,
одан кейін лениногорск, Глубокое, Зырян аудандары болды. Адамдар қарқынды
түрде Жарма, Тарбағатай, Күршім, Катон-Қарағай, Үржар аудандарынан
қоныс аударуда. Бұндай миграциялық жағдай бірнеше жылдар бойы байқалып
келеді, сондықтан бұны 1990 жылдардың ерекшелігі ғана деп атауға болмайды.
Адамдардың тұрғылықты жерлерін ауыстыруға түрткі болып отырған жағдайлар
мен себептер түсінікті: аудан орталығынан алыс жерлерде орналасқан ауыл
тұрғындары ірі қалалар мен аудан орталықтарының айналасына шоғырлана
бастады, өйткені бұл жерлерде өмір сүру жағдайы жақсырақ және өндірістік
өнеркәсіптер де бар. Аудандардан келіп жатқан миграциялық ағымға қарамастан,
ірі қаалалар мен оларға жуық аудандардағы халық саны азаюда.
Қазақ ұлтының кетуі 1994 жылдан басталады, осы жылдан бастап көші-қон
негізі теріс мәнге ие. ең үлкен минустық негіз 1995 жылы (–4630) байқалады.
1996 жылдан бастап ағым тұрақты (жыл сайын 3,1-4,8 мың) бола бастады. 1996-
2003 жылдары кету тұрақты (жыл сайын 3,1-4,8) болып қалды. 2004 жылы қазақ
ұлтының көші-қонының теріс сальдосы тағы да ұлғая түсті.
егер кеткендердің ішінде ұлттық құрамды пайыздық көлемде қарастырсақ,
1991 жылы 36,3%-ы қазақ шығып кеткен, 2008 жылы – 68,7%. Осы кезеңде 37,7-
80,4%-ға дейін қазақтар келген.
Иммиграциялық ағымды көбіне қазақтар құрайды, мемлекет алыс, жақын
шетелдердегі этникалық қазақтарды репатриациялау саясатын мақсатты түрде
жүзеге асыруда.
ішкі көші-қондағы қазақтар қозғалысы елеусіз ғана. Айналымның негізгі
бөлігі облысішілік «ауыл-қала» бағытындағы қоныс аударуда.
Аз көлемде болса да басқа ұлттардың да көші-қон ағымы байқалады.
Қарастырылып отырған кезеңде 1,1% татарлар мен украиндер келсе, 1,3 және
мигранттардың жалпы ағымының 1%-ы кеткен.
Шығыс Қазақстанда орыс халқының да көп бөлігі тұратыны белгілі,
мигранттардың көп бөлігін де солар құрайды.
1991 жылдан бергі кезеңде орыстардың ағымы 342444 адамға жетті,
осы жылдарда барлық кеткен ұлттардың 45%-ды құрады. Өте жедел түрде
орыс ұлтының қоныс аударуы 1994-1995 жылдары байқалады. Бірақ орыстар
облысымызға келіп те жатты, зерттелініп отырған кезеңде келу 40,8%-ды (203477
Ә. САйлАУБеК. 1 (65) 2015. Б. 421-427
iSSN 1683-1667
426
Тоқсанына бір рет шығарылады
Шығыстың аймақтық хабаршысы
адам) құрады. Орыстардың келіп-кетуі жақын шетелдермен алмасу нәтижесінде
жүзеге асады (Ресей Федерациясы, Беларусь, Украина), олардың кейбір бөлігі
славян-немістік некелік одақ негізінде Германияға да қоныс аударады.
Немістер эмиграциясы өте айқын түрдегі этникалық сипатқа ие, оның
ерекшелігі – бұл халықтың ТМд елдерінен тысқары жерлерге қоныс аударуын-
да. Мигранттардың жалпы ағымының ішінде 1991 жылдан бастап облысымызға
немістер 1,9%-ы келсе, 6%-ы кеткен.
Аз көлемде болса да басқа ұлттардың да көші-қон ағымы жалғасын табу-
да. Зерттелінген аралықта 1,1%-ы татарлар мен украиндер келсе, мигранттардың
жалпы санының 1,3 және 1%-ға шығып кеткен.
Өткен жылдар талдауы бойынша кеткен халықтың ішінде ілгерілеуші жас
құрылымындағылар: балалардың және 16 жасқа дейінгі жасөспірімдердің 15-
78%-ы еңбекке қабілетті жаста. Келгендер ішінде балалар мен жасөспірімдер
14%-ды құрайды, еңбекке қабілеттілер 79%-ды құрайды.
2008 жылы еңбекке қабілетті 6753 жас адам облысқа келіп, 5861 кеткен,
еңбекке қабілетті жастағылар 27259 сәйкесінше 31866 адам [1, 2].
Осы кезеңде сыртқы және ішкі көші-қонның белсенді қарым-қатынасы
айқын көріне бастады. Халықтың бір бөлігінің ауылдан қалаға көші-қоны
оның екінші бөлігінің белсенді түрде Қазақстаннан тысқары жерлерге кетуіне
әкеледі.
Бірнеше жылдар көлемінде Шығыс Қазақстан облысының басқа елдер-
мен, Қазақстанның облыстарымен халық алмасулары көші-қон байланысының
тұрақтылығымен сипатталады. Көші-қон – көпсалалы құбылыс, ол халықтың
құрылымдық ерекшелігіне, оның ұдайы өсіп-өнуіне үлкен әсерін тигізеді, халық
санын жүйелеудің де маңызды факторларының бірі. ең алдымен, бұл көші-қон
ағымының жылдамдығы мен белсенділігімен және ірі көлемділігімен байланы-
сты. екіншіден, миграциялық қозғалысқа анағұрлым өнімді халықтың бөлігі
тартылады. Көші-қон ағымында еңбекке қабілетті жастағы тұлғалар артық.
Үшіншіден, халықты миграциялық орналастыру өсімнің заманауи үлгісін туды-
рады, яғни саналы түрде тууды азайтады [5]. Халықтың миграциялық ағымы,
туудағы этникалық айырмашылықтар облыс халқының этникалық құрамының
өзгеруіне әкелді.
Халық санының азаюы табиғи жолмен әрі көші-қон үдерісі салдарынан бо-
лып отыр. Қала халқының саны осы пайыздар бойынша 1995 жылы 1813 адамға
кеміді. Жыл сайынғы құлдырау 1,5%-ды көрсетеді, еңбек ресурстары – 2,4%.
Осылайша, көші-қон салдары халықтың табиғи өсімінде халықтың туу, өлу
көрсеткіштеріне ықпалын тигізеді, сонымен қатар халықтың саны мен этникалық
құрамына да әсері зор.
ҚОҒАМдыҚ ЖӘНе ГУМАНИТАРлыҚ ҒылыМдАР
427
Региональный вестник Востока
Выпускается ежеквартально
ӘдеБИеТТеР ТiЗiМi
1. демографиялық жылнама. – Өскемен, 2005, 2006. – Б. 47.
2. демографиялық жылнама. – Өскемен, 2008, 2007. – Б. 49.
3. ҚРҰМ 53-қ., 1-т., 57-іс., 14-б. документы по разработкe и реализациий
Концепции Миграционнoй политики Республики Казахстан на 2001-2005 годы.
4. ШҚООМ 41-қ., 21-т., 1471-іс., 75-б. О миграционных процессах в области. –
1996, 27 марта.
5. Алексеенко А.Н. Восточный Казахстан: обвальной эмиграции русских ждать
не приходится // Россия-Казахстан: фронтьерские миграции: сб.науч.тр. – М.; Уральск,
2002. – С. 177-187.
REFERENCES
1. Demografiyalyq zhylnama. Oskemen, 2005, 2006, 47 (in Kaz).
2. Demografiyalyq zhylnama. Oskemen, 2008, 2007, 49 (in Kaz).
3. Dokumenty po razrabotke i realizacii Koncepcii Migracionnoy politiki Respubliki
Kazahstan na 2001-2005 gody. QRUM 53, 1-t., 57-іs., 14.
4. ShQOOM 41-q., 21-t., 1471-іs., 75-b. O migracionnyh processah v oblasti. 1996,
mart 27 (in Russ).
5. Alekseenko A.N., Vostochnyy Kazahstan obval’noy emigracii russkih zhdat’ ne pri-
hoditya Rossiya-Kazahstan front’erskie migracii sb.nauch.tr. M., Ural’sk, 2002, 177-187 (in
Russ).
ӘОЖ 325. 11 (574.42)
,,
199/№2008
,,
Достарыңызбен бөлісу: |