Республикалық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет179/225
Дата31.10.2022
өлшемі12,23 Mb.
#46351
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   225
Байланысты:
ЖИНАҚ Ә. Рақыш (1)

Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Вербицкий А. А. Активное обучение в высшей школе: контекстный подход: Метод. Пособие. – М.: 
Высш. школа, 1991. – 207 с.
2. Геронимус Ю. В. Игра, модель, экономика. – М.: Знание, 1989. – 208 с.
3. Габрусевич С. А., Зорин Г. А. От деловой игры – к профессиональному творчеству //Учеб. . -метод. 
пособие. – Мн.: Университетское, 1989. – 125 с.
4. Платов В. Я. Деловые игры: разработка, организация и проведение // Учебник. – М.: Профиздат, 1991. – 
156 с.
5. Максимовская М. В. Специфика тренинга в инновационной игре. – Сб. Активные методы обучения.
 
Қамзаева К.С.
 филология ғылымдарының кандидаты, доцент 
Қорқыт Ата атындағы Қызылорда
 мемлекеттік университеті 
 
ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БАҒДАРЛАМАСЫ –
БІЛІМ БЕРУДІ ТҰРАҚТЫ ДАМЫТУДЫҢ ТАБЫСТЫ КЕПІЛІ 
 
Аңдатпа. Жаңартылған білім беру мазмұнында қазіргі кезде тұрақты дамуға бет бұру біздің еліміз үшін 
объективті қажеттілік болып отыр және алдағы уақытта ұлттық идеяның негізі, қазақ халқының ғасырлар 
бойы туған жердің көркеюін, оның табиғатын, мәдениетін, әрбір қазақстандықтың денсаулығы мен аман-
саулығын аңсап келген арманына жеткізуі мүмкін. Тұрақты дамуды жетілдіру үшін экологиялық білімнің 
маңызы зор екеніне көзіміз жетті.
Тілдік бірліктер негізінде экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, 
табиғатты өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік 
беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Түйін сөздер: Жаңартылған білім беру мазмұны. Тұрақты даму. Тілдік бірлік. Экология. Адамзат. 
Табиғат.  


272 
Тұрақты даму мүддесінде (ТД) білім беру бізге қазіргі таңда және болашақта орын алатын 
проблемалар үшін конструктивті және шығармашылық тұрғыда шешімдер тауып, қоғамның 
тұрақтылығы мен өміршеңдігін арттыруға қабілетті болмақ. Әлемде шамамен 7 миллиардтай 
халық өмір сүруде, алайда табиғи ресурстар қоры өте шектеулі. Осы жағдайларда адамзатқа 
бірігіп өмір сүре отырып, біздің қазір және осы жерде жасайтын іс-әрекеттеріміз әлемнің басқа 
бөлігінде өмір сүретін және де болашақ ұрпақтарымызға тікелей әсер ететінін ұғындыруға 
негізделген саналы да жауапты шешімдер қабылдау қажет. Адамдар жауапкершілікті өмір 
сүріп, ғаламдық масштабтағы проблемаларды шешіп үйренулері үшін білім беру жүйесі сыни 
ойлауды және болашақта оқиғалар ағымын болжауға мүмкіндік беретін қасиеттерін дамытып, 
бірігіп шешімдер қабылдауы қажет. Бұл үшін оқытуға деген жаңа көзқарастар, динамикалық 
және экологиялық қоғам мен экономиканы дамыту, сондай-ақ, ғаламдық адамзаттықты 
тәрбиелеу қажет.
ЮНЕСКО ТД-ды оқу жоспарлары мен бағдарламаларына енгізу амалдарына қатысты 
саясатты әзірлеуге жауапты адамдарға кеңес береді. Білім берудің адекваттылығы мен оның 
қазіргі әлем сұраныстарына сай келуін арттыру ұмтылысында ЮНЕСКО басшыларға, 
оқытушылар мен білім алушыларға ТД бойынша материалдар мен құралдар әзірлеп қана 
қоймай, мектеп білімін шынайы өмірмен ұштастыруға сеп болмақ.
Қазақстанда білім құрылымын және мазмұнын ұлттық салт дәстүрде, әлемдік тәжірибеде 
және ТД принциптеріне негіздеп жаңарту мақсаты көзделіп отыр.
Концепция бойынша Қазақстан Республикасы тұрақты дамуда 2007-2024 жылдар аралығы 
экономикалық, саясаттық, экологиялық жағынан Қазақстан Республикасы жоғары 
дәрежелерге көтерілу керек. Қабылданған концепцияда көрсетілгендей, ең басты принциптер 
тұрақты даму жолында білім беруде Қазақстан Республикасы сапалы білім беруді 
қамтамасыздандыру көзделіп отыр. Тұрақты дамудың басты мәселесі тұрақты әлеуметтік 
экономикалық дамуға қол жеткізу, осыған сүйене барлық мәселелер экологиялық фактордың 
ескеруімен жүзеге асырылуы керек.
Соңғы жүз жылдықта адам мен жердің арасындағы қатынасы түбегейлі өзгерді, бұл жер 
шарындағы өмірдің құрып кету қауіпі төніп тұрғандығын көрсетеді.
Экологиялық орнықтылық индексі бойынша Қазақстан Республикасы 63, 8 индексімен 70-
орында тұр, ал көшбасшы елдер Жаңа Зеландия, Швеция және Финляндияда бұл көрсеткіш 
87-88 балға жеткен.
2024 жылға дейін Қазақстан Республикасы өмір сүру сапасы деңгейі бойынша әлемдегі 
бәсекеге барынша қабілетті және дамыған елдердің қатарына қосылу үшін ресурстарды 
пайдалану тиімділігін арттыру, өмір сүру жасын ұзарту, экологиялық орнықтылық индексінің 
өсуін қамтамасыз ету қажеттігі туындайды.
Табиғат жер беті тұрғындардың қажеттіліктерін өтей отырып, болашақ ұрпақтардың 
қажеттіліктерін өтеуге мүмкіндік бере алады, егер де адам «Тұрақты дамуға» көпжылдық және 
тұрақты жоспарын құрса ғана. Ол үшін экологиялық қауіпсіздікке және қолайлы өмір сүру 
ортасына байланысты дұрыс құқық нормаларын құруымыз керек. Адамзат қоршаған ортадағы 
қалпына келмейтін ресурстарды тұтынуды тоқтатуымыз керек. Сөйтіп еліміздің экологиялық 
жағдайды барынша сақтап қалуға болады.
Елбасы Н. Ә. Назарбаев ҚР Білім және ғылым министрлігі қарастыруға тиіс білім берудің 
салаларындағы экология мәселесі жөніндегі бірқатар нақты міндеттерді атап көрсетті: 
- үздіксіз экологиялық білім беру жүйесін қалыптастыруда оқытудың барлық 
деңгейіндегі оқу бағдарламаларында экология және экологияны тұрақтандыру мәселелерін 
енгізуді негізге алу; 
- міндетті және қосымша білім беру жүйесіндегі экологтарды дайындау, қайта даярлау 
және мамандардың біліктілігін арттыру; 
- экологиялық білім беруге мемлекет тарапынан қолдау көрсету.
Қазіргі кезде тұрақты дамуға бет бұру біздің еліміз үшін объективті қажеттілік болып отыр 
және алдағы уақытта ұлттық идеяның негізі, қазақ халқының ғасырлар бойы туған жердің 


273 
көркеюін, оның табиғатын, мәдениетін, әрбір қазақстандықтың денсаулығы мен аман-
саулығын аңсап келген арманына жеткізуі мүмкін. Тұрақты дамуды жетілдіру үшін 
экологиялық білімнің маңызы зор екеніне көзіміз жетті.
Экологиялық білім беру табиғатқа адамгершілік қатынасты қалыптастыру, табиғатты 
өзгертудің шекті мөлшерін анықтау үшін, адамның одан әрі өмір сүруі мен дамуына мүмкіндік 
беретін мінез-құлқының арнайы әлеуметтік-табиғи заңдылықтарын меңгеру үшін қажет.
Табиғат – адам тәрбиешісі. Адам болып туып, адам болып қалуы үшін табиғаттың атқарар 
рөлі зор. Табиғат бөлшектері: жан-жануарлар дүниесі, өсімдіктер әлемі өзен-сай, биік таулар, 
сағым тербеген сары дала – бәрі адамдардың ойына-санасына, денесіне қуат бойына-күш, 
өнеріне – шабыт, көңіліне қанат береді.
Елімізде «Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 
бағдарламасы» (1996), «Қазақстан Республикасы экологиялық білім мен тәрбие берудің 
ұлттық стратегиясы» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999) т. б. негізінде 
экологиялық білім беру қолға алынды.
Экологиялық білім мен экологиялық сауаттылықтың адамзаттың ТД-ын қамтамасыз 
етудегі рөлі зор.
«ХХI ғасырдың күн тәртібі» (Тұрақты даму бағдарламасы) Рио-де – Жанейрода (1992 ж.) 
өткен глобалды Экологиялық форумда негізгі –экологиялық мәселелерді қарастырғанда оған 
қатысты барлық азаматтар қамтылуы қажет принципі қабылданды. Тұрақты дамуға өту 
кезеңіндегі негізгі қиыншылықтардың бірі адамдарды саналы түрде қоғамда жаңа 
міндеттердің жүзеге асырып, бұрынғылардан бас тарту болып табылады.
Адам мен адамзат өмір сүріп отырған ортада экологиялық қауіпсіздік бұл әрі әлеуметтік 
субъективтік әрі экожүйе болып табылады. Экологиялық қауіпсіздік – бұл тұрақты дамудың 
символдық формуласы болып табылады. Тұрақты дамудың экологиялық аспектісі табиғат пен 
қоғамдық дамуды қанағаттандыру, адам мен биосфера арасындағы үндестікті қалпына 
келтіру, қазіргі және болашақ ұрпақ үшін барлық шынайы мүмкіндіктерді сақтау.
Экологиялық білім берудің негізгі мақсаты – табиғатқа деген жауапкершілік қатынасты 
қамтамасыз ету. Экологиялық білім беру дегенде әрбір адамның жалпы экологиялық 
мәдениеттілігін қалыптастыруға бағытталған үздіксіз білім, тәрбие беру және даму 
үдерістерін түсінеміз. Экологиялық білім балалық шақтан басталуы тиіс. Баланың алғашқы 
қалыптасуы, көзқарасының, азаматтық санасының жүйеге түсуі экологиялық жауапкершілікті 
сезінумен бірге тәрбиеленуі керек.
Бүгінгі таңда табиғат анамызға тіземізді батырып, жерге қопарылыс жасап, ойран салудан 
табиғат әдемілігінен, үйлесімділігінен айырылып, экологиялық дағдарыс әлемдік проблемаға 
айналды. Арал, Балқаш, Билікөл, т. б. су айдындары мен орман-тоғайымыздың экологиясы 
қиын жағдайда екені әлемге әйгілі. Бір кездері бұл өңірлердегі қалың тоғай жұтаған, аң мен 
құсы азайып, жануарлардың көптеген түрлері жойылып кеткен. Табиғатымыздың осындай 
халге душар болатынын алдын ала сезген бабаларымыз бен ғалымдарымыз да жоқ емес. 
Ертеде ит тұмсығы өтпейтін ну тоғайлар Ертіс, Жайық, Сырдария, Іле, Шу, Ырғыз, Есіл, Нұра 
өзендері бойында көп болған. Ал таулы жерлердегі қалың ормандар кең алқапты алып 
жатқаны туралы деректер көп. Мәселен, 1892 жылы А. Құнанбаев «Дала уәлаяты» газетінде 
экологиялық мақала жариялаған. Онда Шыңғыстау өңіріндегі ормандардың қырқылып 
құрылысқа пайдалана бастағанын, оның әсерінен сол жердің табиғаты тозып бара жатқаны 
айтылады. Бұл деректің өзі-ақ қазақ халқының бойында экологиялық сауаттылықтың ерте 
кезден-ақ болғанын айғақтаса керек.
Ендеше халқымыздың ата-салт дәстүрлері арқылы берілген экологиялық білім мен 
тәрбиені қайта түлету – бүгінгі аға буынның міндеті.
Адам өз бойындағы адамгершілік асыл қасиеттерін туған жерінің табиғатымен, өскен 
ортасымен байланыстырады. Қазақ халқының туған жерге деген ыстық ықыласын таныта 
білген данышпан әрі ақылгөй Асанқайғы бабамызды қазақтан шыққан алғашқы эколог деп 
мақтан етеміз. Оның Жерұйықты іздеп жүріп, қазақ жерінің әрбір өзен-суына, кең байтақ 
даласы мен асқар тауларына берген бағасы осы күнге дейін құнын жойған жоқ.


274 
Қорқыт бабамыздың «Асқар тауларың құламасын, саялы ағаш сынбасын, қанаттарың 
қырқылмасын» деген өсиет сөздерін бала құлағына сіңіру және оның мағынасын түсіндіру – 
міндетіміз. Халқымыздың салт-дәстүрлері бойынша Наурыз мейрамының туған жер 
табиғатын түлетуге, көркейтуге қосатын үлесі зор. Бұл мейрамның басты мақсатының өзі 
табиғат заңдылықтарына үйлесімді табиғи тепе-теңдікті сақтауға негізделген.
Қазақта «Бабалар еккен шынарды балалары саялайды», «Тау бұлағымен көрікті, бұлақ 
құрағымен көрікті» деген даналық сөздері ұрпағына мирас етіп қалдырып, табиғаттың арайлы 
ажарын, көркін, сымбатты сұлулығын сақтай біл! – дегенді меңзеп тұр. Сондықтан да Табиғат-
Ананы қорғау адамзат парызы. Оны ұрпаққа ұғындыру – мектептің міндеті.
Бүгiнгi таңда жас мемлекетiмiздiң өркениетке жету жолындағы әр талабына тұғыр 
боларлықтай тұрақты бiлiм жүйесiн құру алда тұрған маңызды мiндеттер болып саналады. 
Қазақстанның жаңаша даму үдерiсiнiң iшiнде жас ұрпаққа берiлетiн бiлiм мазмұнын жаңарту 
және оны игерту мәселесi ерекше орын алады. Әсiресе, жалпы бiлiм беретiн мектептерде 
игерiлетiн бiлiм мазмұнын уақыт талабына сай жаңартуды жедел қолға алу мемлекеттiк мәнi 
зор мәселеге айналды.
Егемен еліміздің білім берудің жаңартылған жүйесі жасалып, әлемдік білім алуға енуде. 
Бұл бүгінгі таңда заманауи үлгідегі оқу-тәрбие үдерісіндегі елеулі өзгеріс болып отыр. Білім 
беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас, жаңа қарым-қатынас пайда болды. Сондықтан білім 
беруде инновациялық іс-әрекеттің ғылыми педагогикалық негіздерін меңгерту маңызды 
болып отыр.
Жаңартылған білім мазмұнына сәйкес заманауи бiлiм беру жүйесi – бұл көп 
деңгейлiлiгiмен, iзгiлiктiлiгiмен, көпсатылығымен және ашықтығымен ерекшеленетiн 
динамикалық даму жүйесi.
Жаңартылған білім беру мазмұнында сол алған білімін өмірлік жағдаяттарда жүзеге 
асырып қана қоймай, саралап, сыни тұрғыдан өз-өзіне баға беруі білім саласындағы басты 
көкжиек. Бағдарламада белсенді оқу мен оқытудың қарапайымнан күрделіге қарай 
шиыршықтанған қағидасына орай бірін-бірі оқыту және жалпыға бірдей қолжетімділік 
педагог қызметкерлер тарапынан құптарлық іс. Ұлтымыздың зиялысы Шәкәрім 
Құдайбердіұлы: «…оқытудың ең үздік тәсілі – әңгіме, ол мұғалімнің тәлімгерлік шеннен түсіп, 
оқушылармен тең дәрежеде ақиқат іздеушіге (оқудағы болса да) айналады. Әңгімелесуде 
басты мәселелер: Отан, адам бойындағы Руханилық пен Адамгершілік туралы ой толғау 
керек» деп атап көрсеткен. Осы мақсатта экотіл апталығы, оқушыларға ғылыми жобалар, 
ғылыми баяндамалар, Арал теңізіне қатысты шығармалармен танысу, т. б. жұмыс түрлерін 
ұсыну. Адамзатқа және қоғамға орасан зор проблема әкелетін жаһандану мен жаңғыртудың 
әсерінен айналадағы әлем түбегейлі өзгеріске ұшырауда. ХХІ ғасырдың мектептері 
оқушыларды өмірде, жұмыста және азаматтық ұстанымында өзгелермен ынтымақтастықта 
өмір сүруге дайындай отырып, ұлттық және жаһандық пікір алуандығының шынайылығын 
ұғына отырып, өзіндік дербестігі мен ерекшелігін дамытуға көмектесуі керек.
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы оқушылардың тіл туралы түсініктерін тереңдетіп, ұлттық 
мәдениет пен әлемдік мәдениеттің маңыздылығы туралы түсініктерін кеңейтеді. «Қазақ тілі» 
пәнінің жаңартылған оқу бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін 
жеткізе алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл 
ұрпақ тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.
Қазақ тілін пән ретінде оқытуда оқушылардың ұлттық дүниетанымын кеңейтетін, 
шығармашылық ойлауға төселдіретін, айналадағы адамдармен дұрыс қарым-қатынас жасауды 
үйрететін, оны тұлға ретінде әлеуметтендіруге мүмкіндік беретін қазақ тілінің танымдық, 
қатысымдық және кумулятивтік қызметтерін меңгерту, оқушылардың шығармашылықпен 
жұмыс істеу және сын тұрғысынан ойлау дағдыларын дамыту басты нысана болып табылады. 
«Қазақ тілі» пәні бағдарламасы білім деңгейі жоғары, ой-өрісі дамыған, өз ойын еркін жеткізе 
алатын, туындаған мәселелерді шеше білетін және шынайы өмірге бейім жаңашыл ұрпақ 
тәрбиелеу мәселесін жүзеге асыруға маңызды үлес қосады.


275 
Оқушылардың сыни ойлау дағдыларын дамытуда ойын «баламалары» шынайы өмірдің 
белгілі бір аспектілерін модельдеу және зерттеу үшін ұсынылған мүмкіндік болып табылады. 
Мәселен, тіл үйретуде тиімді қолданылатын белсенді оқу стратегиялары:
• экологиялық жаңа лексика мен идеяларды қоса алғанда, драмалық шығармалардағы 
бейнелер мен мәтіндерді зерделеу және бағалау;
• экология, жаһандануға қатысты мәтіндерді бағалау және өзінің ойын білдіру үшін 
графикалық органайзерлерді қолдану;
• экология тақырыбындағы мәтіннің сюжетін, құрылымын, лексикасын және сөйлемдердің 
құрылымын талқылау мақсатында әңгімені бірігіп оқу;
• экологиялық ойлануды қажет ететін мәселелерді ортаға салу және талқылау.
«Балалардың білгені, тапқан-таянғаны өмірге жанасып, жарыққа шығып отырып, барлық 
жұмысты балалардың белсене, құлшына өздері істеуі шарт. Өзі еңбектеніп, өзі бейнеттеніп 
тапқан білім берік болады. Өмірінше ұмытпайды» (Ж. Аймауытұлы, 1929).
Ұлттық экологиялық туралы идея бүгінгі күн талабы мен өмірлік қажеттіліктен туындап 
отыр. Ұлттық сана-сезімі қалыптасқан, ұлттық мүдденің өркендеуіне үлес қоса алатын, ұлттық 
құндылықтар мен жалпыадамзаттық құндылықтарды өзара ұштастыра алатын толық кемелді, 
ұлтжанды тұлғаны тәрбиелеу ұлттық идеяның негізгі бағыты болып табылады. Ғалым, қоғам 
қайраткері А. Айталы: «Ұлттың рухани мұралары мен дәстүрлерін, қаһармандық ерлік салтын 
қастерлеу – ұлттық идеяның басты көзі болады, оның дүниежүзілік өркениеттер арасындағы 
өзіндік дербестігін нығайтады» – деген болатын.
Хәкім Абай мұнда пенденің әуелі жаратқан иесі Алланы, сосын барша адамзатты және 
әділеттілікті сүюді, яғни осы үш ұлы сүюдің жиынтығын «имани гүл» деп атағанын білеміз. 
Әсілінде, иман безбені – махаббат. Бұл діни рәсімдерді орындаумен ғана өлшенетін жеңіл 
дүние емес. Оны да кемеңгер Абайдың өзі: 
«Алла деген сөз жеңіл,


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   175   176   177   178   179   180   181   182   ...   225




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет