Әдебиеттер
1. Шапауов Ә. Драмматургия мәселелері: оқу құралы. – Павлодар: С.Торайғыров атындағы
ПМУ баспасы, 2002.
2. Майтанов Б. Сөз сыны. – Алматы: Ғылым, 2002.
3. Қазақ Совет әдебиетінің тарихы. – Алматы, 1967.
4. Әуезов. М. 20 томдық шығармалар жинағы. – Алматы, 1979-1985.
5. Нұрғали Р. Драма өнері. – Алматы: «Санат» баспасы, 2001.
6. Нұрғали Р. Трагедия табиғаты. – Алматы, 1973.
7. Нұрғали Р. Әуезов және алаш. – Алматы: «Санат» баспасы, 1997.
114
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ
КӨПТІЛДІ БІЛІМ
ПОЛИЯЗЫЧНОЕ ОБРАЗОВАНИЕ
В РЕСПУБЛИКЕ КАЗАХСТАН
115
АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДА ОҚУШЫЛАРДЫҢ ШЫҒАРМАШЫЛЫҚ
ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУ
О.Б. Арингазинова, А.К. Акылбекова
Павлодар мемлекеттік педагогикалық институты, Павлодар қ.
Жалпы білім беруде оқытылатын пәндер ішінде ағылшын тілінің де өзіндік
орны бар.Ағылшын тілін оқыту арқылы жастарды ұлттық патриотизмге тәрбиелеуге
болады. Ағылшын тілінде әр түрлі мәтіндер, әр түрлі тақырыптарды оқушылар оқи
отырып тілін үйреніп отырған сол елдің тарихымен,өнерімен, мәдениетімен,
ұлтымен жақынырақ танысады. Олар өз ұлтын сүйеді, өзге халықтарды сыйлауды
үйренеді. Шетел тілін үйрету арқылы оқушылардың логикалық ой-өрісін дамытуға
кең жол ашуға болады.
Басқа оқытылатын пәндермен қатар ағылшын тілі пәніде оқушылардың білім
деңгейін көтеруге көмектеседі. Оны оқи отырып, өз ана тілін тереңірек меңгереді,
сөйтіп ана тілі негізінде өзге тілді саралап үйренеді. Оқушылардың бойындағы өз
тіліне деген сүйіспеншілігі арқылы өзге ұлт тілдерін ұғындыруға, ол тілдерді
құрметтеуге, үйретуге мүмкіндік туады.
Қазіргі кезде орта мектепте шетел тілін оқыту мынадай төрт мақсат көздейді:
коммуникативтік мақсат, білімдік, тәрбиелік және жетілдіру мақсаты. Осы аталған
мақсаттардың ішінде коммуникативті мақсат жетекші рөл атқарады, қалған
мақсаттар сол коммуникативтік мақсатты орындау арқылы жүзеге асырылады.
Орта мектепте шетел тілін оқытудың басты мақсаты коммуникативтік мақсат
болуға тиіс, яғни орта мектепті бітіруші бағдарламада белгіленген көлемде оқыған
шетел тілін қатынас құралы ретінде меңгеруге тиіс. Демек сөз әрекетінің негізгі
түрлерін: монолог және диалог түрінде сөйлеу ауызша айтылған сөзі тыңдап, түсіну,
жазбаша мәтіндерді оқып, ондағы ақпаратты қабылдай білу іскерліктерін меңгеруге
тиіс.
Жалпы орта білім беретін мектепте шетел тілін оқыту осындай практикалық
мақсатпен бірге білімдік мақсатты да көздейді, яғни, шетел тілін оқыту барысында
оқушылардың филологиялық білімін арттыру және жалпы дүниетанымын кеңейту
мақсаты жүзеге асады. Шетел тілін үйрену арқылы сол тілді үйреніп отырған елдің
мәдени мұраларымен, көркемөнерімен танысады. Сөйтіп шетел тілі пәнаралық
байланыстарды жүзеге асыруға да мүмкіндік жасайды.
Шетел тілінің лексикалық, грамматикалық, фонетикалық құралдарын игеру
барысында оқушылардың бойында білім алуда белсенділік, өз бетімен жұмыс істеуге
қабілеттілік, қорытынды жасай білу іскерлігі қалыптасады. Жалпы білім беретін
мектепте шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеруге үйреткенде оқушыларды өз
бетімен жұмыс істеуге баулу, алған білімін, икемділік дағдыларын жаңа жағдайларға
тап болған кезде, шығармашылықпен қолдана білуге машықтандыру көзделеді.
Оқушылардың білімін арттыру олардың жалпы дүниетанымын кеңейту
мақсатында жүзеге асырылдаы. Осы мақсатпен анықтама әдебиеттерді пайдалану,
мәтін мазмұнын өз бетімен түсінуге бейімделу және оның кейбір жерлерін
түсінгендерін қысқаша айтып беру, шағын хабарлар дайындау және өз пікірін айтып,
баға беру сияқты әрекеттерге дағдыландырудың маңызы зор.
Шетел тілі пәні оқушылардың жан-жақты дамып жетілуіне, дүниеге көзқара-
сының, сана-сезімінің, рухани және эстетикалық көзқарасының қалыптасуына, өз
бетінше білімін көтеруге ұмтылуын дағдыға айналдыруына игі әсер етеді. Шетел
тілін оқып үйрену барысында оқушылар өз сөзін жоспарлай білуге икемделеді, сөз
әдептерін дұрыс пайдалануға дағдыланады.
116
Шетел тілі мектепте оқытудың шарттарын ескере отырып, оқушылардың
мектепті бітіргеннен кейін де шетел тілін оқып, түсіне білу қабілетін қалыптас-
тыруға мән берілуге тиіс. Осыған орай шетел тілін мектепте оқытудың практикалық
мақсатын жүзеге асырудың алғы шарты – оқыту әдіс-тәсіліне, коммуникативтік
бағдар беруге назар аударылады.
Коммуникативтік лингвистика саласындағы қазіргі ғылыми зерттеулердің
нәтижелері шетел тілдерін оқытуда көптеген теориялық және практикалық
мәселелерін, оның ішінде ең алдымен оқытудың мазмұны туралы мәселені жаңа
тұрғыдан шешу қажеттілігін көрсетуде [6, 56 б.]. Қазіргі кезде шетел тілінің
атқаратын рөлі ерекше. Қазір адамдардың тіл саласындағы қызметі тіл арқылы
қарым-қатынасқа түсуі, комуникативтік және танымдық мәні бар міндеттерді
ойдағыдай шешуде және ойдағыдай түсінісуде көмекке келетін тәсілдер мен
құралдар сияқты мәселелерге ерекше көңіл бөлуде.
Мұғалім оқушыларға шетел тілін үйрету үшін, біріншіден шетел тілі бізге неге
керек? Не үшін оқимыз? Қандай пайдасы бар? – деген сұрақтарға жауап беру керек.
Осы сұрақтарға жауап берген соң әрбір мұғалім оқушылардың пәнге деген
қызығушылығын арттыру жолдарын қарастыру керек. Сабақтың қызғылықты да
әсерлі өтілуі жаңа сабақтың тартымды түсіндірілуіне де байланысты. Көрнекілік пен
техникалық құралдарды ұтымды пайдалану жоғарыдағы қорын кеңейтіп, тіл
байлығын жетілдіреді, шетел тілінде сөйлеу дағдыларын қалыптастырады.міндетті
ойдағыдай шешуге ықпал етеді. Оқушылардың материалды жеңіл меңгеруіне
мүмкіндік туғызады, олардың ынтасын, қызығушылығын арттырады. Оқушылар
шетел тілін үйренумен қатар шетелдің тарихымен, әдет-ғұрпымен, әдебиетімен
танысады. Оқушылардың пәнге қызығушылығын арттыру жолдарының бірі
сыныптан тыс жұмыстар және қосымша материалдар беру.
Қазіргі кезеңде білім беру саласындағы әлемдік білім кеңістігіне ұмтылуға
байланысты жасалынып жатқан талпыныстар мектеп оқушыларының ізденімпаз-
дығын, белсенділігі мен шығармашылық мүмкіндіктерін дамытуды талап етеді.
Сондықтан оқушылардың мектепте оқып жүрген кезінде олардың ойлау
белсенділігін дамытып, білім мен біліктерін өмірдің жаңа жағдайында пайдалана
білуге үйрету қажеттілігі туындайды. Бұл міндеттердің жүзеге асуы оқушылардың
шығармашылық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға тікелей байланысты. Бұның өзі
шығармашылық танымдық іс-әрекет нәтижесі болып табылады.
Танымдық іс-әрекетті ұйымдастыру мәселесі бойынша зерттеу жұмыстарын
ғалымдар А. Әбілқасымова, Р. Омарова, С. Смайлов, Ж. Қараев, С. Бегалиева,
М. Құдайқұлов, Н. Хмель т.б жүргізгені белгілі.
Оқу үрдісінде танымдық тапсырмаларды орындау шығармашылықты, ізденім-
паздықты талап етеді.. Сондықтан мұндай тапсырмаларды орындау кезеңдерімен
жүзеге асады. Ол мынадай:
– өзекті мәселені табу;
– мақсаты мен міндеттерін айқындау;
– зерттеу әдіс-тәсілдерін белгілеу;
– болжам құру;
– болжамды тексеру;
– нәтижесі [1,89 б.].
Оқу жұмысына шығармашылық мақсат қою, оны жоспарлау оқушыдан
көптеген қасиеттерді талап етеді: зеректік, ізденімпаздық, еңбекқорлық, шабыт,
мақсаткерлік, белсенділік, қызығушылық, өмірлік белсенді ұстаным.
Мұғалім оқушылардың шығармашылық іс-әрекетін ұйымдастыруы қажет.
Оқушылар шығармашылықпен айналысуы үшін үнемі ізденісте болуы тиіс. Ол үшін
оқытудың дәстүрлі емес түрлерін,жаңа технологияларды,тесттің әр түрлі күрделі
117
нұсқаларын сабақта үздіксіз жүйелі пайдалануымыз керек. Өзім сабақтын типін
оқушының қызығуына, қабілетіне сәйкес тандаймын. Өзім пайдаланып жүрген
оқушының шығармашылық қабілетін дамытудың тәсілдері мынандай:
1. Оқушы білімінің өмірмен байланыстылығы
2. Берілген білімді меңгеруі.
3. Теория мен практикалық әдістердің байланыста болуы.
4. Өзіндік жұмыстарды ғылыми тұрғыда орындауы.
Шығармашылық қабілеті дамыған тұлға қалыптастыру-қазіргі оқу үрдісінің ең
басты талаптарының бірі. Ол әр баланың табиғатына тән. Біздің міндетіміз,оқушыға
оның бойында жасырын жатқан мүмкіндіктерін ашып көрсету. Оқушыны шығарма-
шылыққа баулу, өз еңбегінің нәтижиесін көруге, оны бағалауға бағыттау. Осындай
шығармашылық жұмыстың бірі ғылыми жоба.
Ізденімпаз оқушыларды ғылыми жұмысқа баулығанда
– ең алдымен тақырып таңдалады;
– деректер жиналады;
– жұмыс жоспарланады;
– жұмыс жазылады;
– жұмыс жазылғанда, зерттеу күнделігі қатар жазылады.
Ғылыми жоба оқушылардың ғылыми жұмысына тақырып алғанда бағдарлама
жасалады.
– тақырып;
– міндеті;
– мақсаты;
– тиімділігі;
– жаңалығы;
– актуальдығы.
Ағылшын тілі сабағында оқушыларды шығармашылық жұмысқа баулығанда
мынандай тұжырымдар жасауға мүмкіндік береді:
– оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту арқылы оның жеке тұлғасын
қалыптастыру;
– оқушылардың
білімдері
мен
ізденімпаздықтын
қалыптасуы
оларды
шығармашылыққа баулиды;
– оқушыларды танымдық тапсырмаларды орындау мүмкіндіктеріне қарай
топтарға бөліп, жұмыс түрлерін таңдап жүйелі жұмыс жүргізудің маңызы зор;
– сабақта дәстүрлі емес әдіс-тәсілдер қолдану,интеллктуалдық қабілеттерін да-
мытып, оқу-танымдық және ғылыми ізденістер жасауға ұмытылдырады [2, 21 б.].
Нәтиже:
1. Әр оқушының шығармашылығы артады.
2. Жылдам жұмыс істеуге дағдыланады
3. Оқушының жеке қабілеті анықталады
4. Оқушы топ жаруға ұмтылады.
5. Оқушының ойлау қабілеті дамиды
6. Әр оқушы өз деңгейімен бағаланады
Сонымен қорыта келе оқушыларды шығармашылықка баулу арқылы, олармен
жүйелі жумыс жүргізу нәтижесінде бәсекеге қабілетті, мұраты айқын,мақсаты
нақты, құнды нәрселерді көздей алатын жеке тұлғаны қалыптастырамыз.
Әдебиеттер
1. Әбілқасымова А. Омарова Р. Мұғалімдердың танымдық, ізденімпаздығын қалыптастыру.
Ғылым, 2003.
2. Жексенбаева У.Б. Оқушылардың ғылыми – зерттеу жұмыстарын ұйымдастыру – әдістемелік
құрал.
118
3. »Қазақстан мектебі» журналдары.
4. Чернова Г.М., Урок французского языка. Секреты успеха. – М.: Просвещение, 2007.
5. Бастауыш мектебі. – 2008. – №7-8.
6. Кириллова М.Е. Игровая технология на уроках французского языка.
7. Мектептегі шет тілі. – 2009. – №1.
КИНОАУДАРМАШЫЛАРДЫ ОҚЫТУ МӘСЕЛЕЛЕРІМЕН
ОЛАРДЫ ШЕШУ ЖОЛДАРЫ
А.Қ. Измуханова
Абылай хан ҚазХҚжәнеӘТУ., Алматы қ.
Б.Т. Аубакирова
Ш. Уалиханов КМУ., Көкшетау қ.
Қазіргі таңда, аударма ғылымының жан жақты дамып келе жатқаны
баршамызға аян. Оған қоса, қазақ кинематографиясы әлем деңгейінде қарқынды
дамып келеді. Кинофильмдердің көбі қазақ тілінде түсірілгендіктен әлемдік
қауымдастық қазақ кинофильмдерімен таныс болу мақсатында оларды шет
тілдеріне, соның ішінде ағылшын тіліне аударуды талап етеді. Осыған байланысты
сіздердің назарларыңызға ұсынып отырған зерттеу жұмысы өте өзекті. Себебі орыс
тіл арқылы аудару нәтижесінде түпнұсқа тілдің ұлттық нақышы, ерекшелігі
жоғалады. Кинодискурсты зерттеу және аударма ғылымының лингвомәденитаным-
дық аспектісін, оның басқа тілге аударылу ерекшеліктерін анықтау тіл білімі үшін
де, аударма теориясы үшін де өте маңызды болып табылады. Алайда, қазіргі кезде
қазақ кинодискурстарын аудару жолдары, аударма сәйкестілігіне жету және
аудармашыға деген прагматикалық баламалылықтың ықпалы жөніндегі пікірлерде
бірізділік жоқ. Жалпы, кинодискурс мәселесі аударма ғылымында толығымен
зерттелмегендіктен
қазақ
кинофильмдерін
аудару
барысында
туындайтын
қиындықтар аударма үрдісінде зор орын алады.
Жалпы, кинодискурсты, яғни кейбір дерек көздерде берілгендей көркем фильм
дискрусы деп аталатын терминге әр түрлі ғалымдар алуан түрлі анықтама береді.
Кинодискурс ұғымы дегеніміз – кейіпкер сөзінен басқаның барлығы экстралингви-
стикаға (музыка, табиғи шу, көріністер, кейіпкердің бейвербалды әрекеттері,
кинесика, паралингвистика) көшіруі болып табылады. Кинодискурстағы сөйлеу
дискурсы жағдайға байланысты пайда болатын интонация, ритм, қимылдар және іс
әрекеттермен қоса, оның лексикалық, грамматикалық құрылымы жазба көркем
шығармалардан бірталай өзгеше болады. Кинодискурсты аудару барысында аударма
ғылымының лингвомәденитанымдық аспектісіне үлкен мән береді, ал баламасыз
лексикаларды аударуда аударманың әр түрлі әдістерімен жолдары қолданылады.
Себебі, аударма ғылымында қазақ тілінен ағылшын тіліне кинодискурстарды аудару
туралы ғылыми жұмыстың тапшылығы кәсіби, кино аудармашыларға үлкен сұраныс
туындайды. Кинодискурс аудармасын зерттеу жұмысы ЖОО- дағы болашақ кәсіби
мамандарға аударма теориясында пайдалану үшін, қазіргі жаһандану уақытында
болып жатқан отандық фильмдерді шетелге шығарып әдемге танутыдың бірден бір
маңызды көзі болып табылады. Кино фильмдерді аудару барысында қазақтардың
ұлттық нақышын, ұлттық салттар мен дәстүрлер, және өзге де сипаттарды, яғни
баламасыз лексикалардың аудармада қандай жолдар арқылы берілетіне, өзге ұлт
өкілдеріне түсінікті етіп аударудың ерекшеліктерін айқындап, анықтап зерттеу
жұмысының қаншалықты өзекті екенін көрсетеді. Мақаланың негізгі мақсаты
кинодискурс ұғымын анықтап, аудармадағы кинодискурстың лингвамәдни аспекті-
сінің аударылу жолдары мен ерекшеліктерін анықта болып табылады. Сонымен,
119
коинодискурс ұғымы дискурстың негізгі бір түрі болып табылады. Қазіргі таңда,
елімізде кинематография саласы қарқынды дамып келе жатқан кезеңде, халықаралық
конкурстарға және сайыстарға шығарылуларына байланысты қазақ мәдениетіне,
менталитеніне сай түсірілген фильмдер жиынтығын қазақ тілінен тікелей ағылшын
тіліне аударылуын қажет етеді. Берілген мақалада аударма ғылмының лингвомәдени
аспектісі негіз ретінде алынған. Алайда, елімізде кинодискурс мәселесін зерттеген
ғалымдар өте аз, тіпті мүлде жоқ деп те айтуға болады. Көбінесе шетел және Ресей
ғалымдары зерттеген мәселе. Сол себепті, ең алдымен кинодискурс ұғымына түсінік
беру қажет. Жалпы, қазіргі заманауи еңбектерде «кино дискурсы» ұғымы толық
зерттелмеген. М.А. Самкова «кинодискурс құрамына кинофильм, киномәтін,
көрермендерге арналған фильмнің мәні, фильм түсірушілердің сол туынды негізінде
салған мағынасы түсініктерін қамтитын әлдеқайда кеңірек ұғым» деп анықтайды
[1, 2-б]. А.Н. Зарецкая кинодискурс ұғымын «кино көрермендеріне арналған алуан
түрлі авторлармен жасалатын мағыналық аяқталымдылығы үшін және осы фильмнің
басқа да аудиовизуалды құрамынан және медиалық, коммуникативті-прагматикалық
бағыттылық, ақпараттылық, байланыстылық, тұтастылық ерекшелігі бар креолиза-
ция сияқты экстралингвистикалық факторлардан және фильмнің вербалды және бей-
вербалды компоненттерінің қосындысынан тұратын байланысқан мәтін» деп
анықтайды [2, 7-б]. С.С. Назмутдинова кинодискурс ұғымын-жалпылық, иконалық
дәлділік, мәнмәтіндік мағынасы бар, алуан түрлі адресанттардың көптілігі,
мәтінаралық, вербалды және визуалды элементтердің байланыстық, синтаксистік
құрылымынан тұратын, кино тілінің көмегімен жүзеге асырылатын, тіларалық және
мәдениетаралық ортада орын алатын, семиотикалық құрылымы бар, автормен
кинореципиенттің, яғни көреременнің арасында туындайтын өзара динамикалық
әсерлілік үрдісі болып табылады» [3, 7-б]. К.Ю. Игнатовтың айтуынша «кинодис-
курс – вербалды, визуалды және аудиоэффекттердің тұтастығы ретінде алынатын бір
тұтас фильм» [4, 6-б]. Жоғарыда кинодискурс ұғымына берілген түсініктерге
қарағанда кинодискурс ұғымына берілген біріңғай анықтаманың жоқ екенін, яғни
ғалымдардың берген түсініктері алуан түрлі. Сол себепті, аударма барысында
М.А. Самкованың берген анықтамасы негіз ретінде алынды. Жалпы, кинофильм
дегеніміз белгілі бір сюжетте байланысып берілген қозғалмалы сурет, бейнелердің
жиынтығы болып табылады. Ал енді, осыдан кейін кинодискурс пен кинофильмнің
айырмашылығы неде деген сұрақ туындайды. Кинодискурспен кинофильмнің
айырмашылығы өте зор. Кинофильм тек қана қозғалмалы бейнемен суреттердің
жиынтығынан тұрса, ал кинодискурстың құрамына коммуникация орын алып
жатқан мәдениеттік және идеологиялық орта, кең экстралингвистикалық факторлар,
вербалды
және
бейвербалды
коммуникацияның
ерекшеліктері,
тұтастық,
байланыстық, ақпараттылық және тағы басқалары енеді. Сонымен, зерттеудің ныса-
нын анықтап алған соң оның пәніне де аса мағызды рөл атқарған жөн. Аударма
ғылымының лингвомәдени аспектісі де зерттеу жұмыстарының пәні ретінде өте жиі
қолданылуда және сол себерті елімізде қазақ тілінен ағылшын тіліне тікелей
аударатын киноаудармашылар саны өте тапшы. Алайда, киноаударма барысында
көптеген мәселелер мен аудармашыларды толғандыратын жайттар көп кездесетін-
діктен арнайы аударма саласының студеттеріне киноны дискурсын аударуды
үйрететін оқытатын арнайы әдістеме енгізу қажеттілігі туындайды. Қазіргі таңда,
елімізде аудармашылардың бар екенін баршамыз білеміз алайда тап кино аудармасы
саласында және оған қоса, қазақ тіліне ағылшын тіліне тікелей орыс тілінсіз
адекватты аударып баламалыққа жететін кәсіби аудармашылар саны өте санаулы.
Сол себепті, ЖОО- да арнайы кәсіби киноаудармашыларды дайындау керек деген
сауал туындайды. Бұндай киноаудармашыларға тек қана екі тілді жетік меңгеру
ақдық етеді сонымен қатар олар екі елдің мәдениетінен толық хабардар болулары
120
тиіс. Мәселен, кинофильмдерді қазақ тілінен ағылшын тіліне аударуда қандай
қиыншылықтар туындайтынын «Жау жүрек мың бала» фильмінен алынған үзіндіні
мысал ретінде қарасытрайық:
Түпнұсқа тілінде
Аударма тілінде
Сартай: Рақымжанның жоңғарға жағым-
пазданғаны әлі есімде.
Сәбит: Рақымжан деген кім?
Таймас: Сондай біреу бар жаудың таба-
нын жалап жүрген. Сартай, өзі иттей болса да,
қызы сұлу.
Сартай: Мен сенен қызын сұрап тұрмын
ба?
Таймас:
Солардың
ауылына
барып
қайтсақ қалай болады? Қымыз ішіп, көңіл
көтеріп дегендей?
Сәбит: Не отырыс? Ертеңнен қалмай
тартып отырайық.
Сартай: Өткенде біраз жерге барысып
қалып едік, ыңғайсыз болар/
Таймас: Онда тұрған не бар? Ер шекіспей,
бекіспейді. Бір жағынан кешірім сұраймыз,
екінші жағынан қыз. Қыздарға қырындағанның
айыбы жоқ.
Sartai: I can’t work out why Rakhymzhan
was ingratiating himself to the Dzhungars.
Sabit: Who exactly is Rakhymzhan?
Taimas: Someone who’s ready to bow down
to the enemy. He might be a dog but his daughter’s
not bad!
Sartai: I don’t care about his daughter.
Taimas: Shall we go to their village. We’ll
drink kumys and chase the girls.
Sabit: Let’s go tomorrow.
Sartai: Well, It’s awkward. We are at odds
with them.
Taimas: So what? Without fight men can’t
become friends. Just say we’re sorry and then hit on
the girls. There’s no harm in that is there? [5]
Сартай, Таймас және Қорлан үшеуі жоңғарларға қарсы шайқасатын кез келді
деп өзара келісіп біртіндеп жоңғарларды шетінен қыра бастайды. Жоңғарларды
дүние мүліктерінен айырып өз ауылдарына беттеп келе жатқанда Назар аға
алдарынан шықты. Назар аға оларды сұрақ астына алды. Жол жөнекей жоңғарлардан
қашып көшіп қонып жүрген қазақтарды кездестіріп өздерімен бірге ерітіп алады.
Соның ішінде Сәбит деген ер жігіт те оларға қосылып жоңғарларға қарсы
шабуылдайды. Сартай, Сәбит және Таймас үшеуі әңгімелесіп отырды. Берілген
мысалда көптеген тұрақты тіркестер кездеседі. Оған қоса қазақ халқының ұлттық
сусынының аты қымыз деген реалий қолданған. Сартай, Таймас және Сәбит үшеуі
оттың жанында отырып әңгіме құрып отырған кез. Алдында Наурыз тойына барған
ауылда болған жайт түралы біраз пікірлерін бірнеше қазақ халқының мәдениетіне
және ұлтына тән тұрақты тіркестер мен реалийлер де қолданылады. Біріншіден,
Таймас өзінің сөзінде жаудың табанын жалап жүрген деген тұрақты тіркесті
қолданды, ал аудармашы сол тұрақты тіркесті ағылышын тіліне ready to bow down to
the enemy деп аударған. Яғни, ағылышын тілінде сол тұрақты тіркестің баламасының
жоқтығы және аударма тілде берілген аударманың мағынасы түпнұсқа тілдегі
тұрақты тіркестің мағыналары алуан түрлі. Себебі, ағылшын тіліне аударылған бұл
тіркестің мағынасы жау алдында тізе бүгу, жауға берілу деген мағынаны береді.
Ал, табанын жалау тіркесінің мағынасы жағымпаздану, жарамсақтану, құрдай
жорғалау дегенді білдіреді. Аудармашының түпнұсқа тілдегі тіркестің мағынасын
түсінбегендігін көрсетеді, сондықтан тұрақты тіркестің мағынасына байланысты
аудармада алшақтық, яғни дивергенция орын алды. Киноаудармашы аударма
барысында тұрақты тіркестің семантикалық алшақтығына тап болғандықтан осы
тіркес арқылы берілетін тек қазақ мәдениетіне тән, қазақ халқының әскери,
жауынгерлік рухын шетел кино көрермендеріне бұрмалап көрсетеді. Бірақ, түпнұсқа
тілде берілген тұрақты тіркесті ағылшын тіліне to fawn, яғни жағымпаздану деп
аударуға болады. Ешкімнен жеңіліс көрмеген, ешқандай жаудың алдында тізе
бүкпеген қазақ халқының рухын кері мағынада шетел көрермендеріне жеткізді.
Екіншіден, біраз жерге барысып қалу тіркесін қолданады. Бұл тіркес біреумен сөзге
келіп қалу немесе ұрысып қалу деген мағынаны береді. Алайда, киноаудармашы
121
ағылшын тіліне be at the odds with them деп аударған. Бұндай аударма мағынаның
жуықтылығына әкеледі, яғни конвергенция орын алды. Үшіншіден, Коммуникант-В,
яғни Таймас өз сөзінде Ер шекіспей, бекіспейді деген мақал қолданды. Ал,
аудармашы оны ағылшын тіліне Without fight men can’t become friends деп аударған,
себебі, берілген мақалдың ағылшын тілінде тура баламасының болмауы. Аударма
барысында аудармашы семантикалық, яғни мақалдың мағынасына қарай аударған.
Бұл мысалда конвргенция орындалды. Себебі, шетел көрермендеріне бұл мақал өте
оғаш көрінуі мүмкін, себебі, қазақ халқы үшін көбіне бірінші күш сынасқаннан соң
ғана дос бола алады деген мағынада түсіне алады. Берілген аудармадағы
кинодискурсты талдаудың салғастырмалы-лингвомәдени үлгісі бойынша біренеше
отандық фильмдерге талдау жасалынды. Бұл үлгі аудармадағы кинодискурсты, яғни
қазақ тілінен ағылшын тіліне аударылған туындыны, кинокөрермендерге дұрыс
интерпретациялауға үлкен септігін тигізеді.
Қорыта айтқанда, кинодискурстағы баламасыз лексикаларды аудару мәселелері
өте күрделі жұмыс екені анықталды. Кинодискурсты аудару барысында аудармашы
экстралингвистикалық факторларға мән бермегендіктен, киноаудармашының
лингвомәдени құзыреттіліктері аударма тілде жеткізуі өте қиынға соғады. Бұндай
аудармашының қателіктері адресант фильмде жасаған және енгізген өз ойымен мән
мағынаны адресаттың қате түсінуіне және бұл түсініспеушілік қазақ халқының
мәдениетімен, ұлттық ғалам бейнесіне де кері әсерін тигізеді. Кинодискурстағы
баламасыз лексикаларды қазақ тілінен ағылшын тіліне аудару барысында кино-
аудармашылардың біліксіздігін көрсетеді. Сол себепті болашақ кәсіби мамандан-
дырылған киноаудармашыларды дайындау оларға аударма мәселелерін дұрыс
баламалылық түрде шешуге тиісті тәлім беру өте маңызды. Жалпы, киноаудармашы
тілді ғана емес, ал толық кино дискурсын аударуы қажет, тек сонда ғана тиімді де
адекватты аударма болады.
Достарыңызбен бөлісу: |