Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет12/23
Дата06.03.2017
өлшемі10,07 Mb.
#7922
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23

Басы 1-бетте

Евгения САЛЬНИКОВА, Петропавл қала лық кәсіпкерлік, ауыл шаруашылығы және 

ветеринария бөлімі басшысының міндетін атқарушы:

– Мә

Мәсе

се

ле

ле ә

әкі

кімд

мдік

ікте

те ж

жан

ан-ж

-жақ

ақты

ы

 талқыланып, арнайы мемо

мора

ранд

нд

ум

ум қ

қаб

абыл

ылда

данд

нды.

ы.

Нәти

тиже

жессінд

нд

е

е бі

бі

рі

рі

нш

нші сұ

сұры

рыпт

пты 

ы

жұ

жұмы

м

ртқаның бағасы 175 тең

ңге

геде

ден 

н ас

ас

па

пайт

йт

ын

ын

б

бол

олды

ды. 

Қабылданған құжаттың арқасында баға аздап тұрақталғандай. Енді арнайы 

жасақталған жедел комиссия бағаның қымбаттауына жол бермей, мониторинг 

жұмыстарын жүргізіп отырмақ.

Ербақыт АМАНТАЙҰЛЫ,

Қызылжар

А

бай ОМАРОВ 



(коллаж

)


www.alashainasy.kz

5

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

№195 (1106) 



7.11.2013 жыл, 

бейсенбі


Жастардың инновациялық байқауы қашан өтеді? Кімдер «Жыл әдіскері» атанды?

ӨРКЕНИЕТ


ҚАЛАМГЕР

ШАР


А

Абай жерінде өткен кештер

Шығыс Қазақстан облысында өткен бірнеше күнге созылған әдеби 

күндер жырға сусаған Абай елін шабыттандырып, бақытты бір күйге 

бөледі.

Өскемен қаласындағы С.Аманжолов 

атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік 

университетінде алматылық ақындармен 

кездесу кеші өтті. Кездесу кешінің қонақ та-

ры Халықаралық «Алаш» әдеби сый лы ғы-

ның лауреаты Әділғазы Қайырбеков, 

«Серпер» сыйлығының лауреаты Әлібек 

Шегебай, ақын Дәулетбек Байтұрсынұлы, 

«Серпер» сыйлығының иегері Саят Қам-

шы 

гер, ақын Серікбол Хасан өздерінің 



жаңа жырларын оқып, оқырмандардың 

сауалдарына жауап берді. Әнші Саят Нұр-

ғазин домбырамен бірнеше ән орындаса, 

аудармашы Сержан Тоқтасынұлы мен Аян 

Тұрсынбайұлы өскемендік оқырмандарға 

өз лебіздерін білдірді. Кездесуді уни вер си-

тет проректоры, филология ғылымының 

кан дидаты Сламбек Оразалин қоры тын-

дылап, қонақтарға алғысын білдірді.

Осындай кездесу Өскемен қалалық 

Пуш кин атындағы кітапханада да өтті. Кез-

де суді ақын, «Дарын» сыйлығының иегері 

Азамат Тасқара жүргізіп отырды. Мектеп 

оқу 


шылары мен студенттер кездесуге 

келген ақындардың жырларын жатқа оқы-

ды. Ақындар оқырмандарды толғантып 

жүрген сұрақтарға жауап беріп, өлеңдерін 

оқыса, оқырмандар атынан қарт журналист 

Мәуітқазы Зүкенов сөз сөйледі.

Осы күні Өскеменнің төрінде орна лас-

қан Жамбыл атындағы облыстық драма 

театрында ақын Саят Қамшыгердің «Шы-

ғысым бар Алтай таудың кеніндей» атты 

шығармашылық кеші өтті. Кешті ақын 

Дәулетбек Байтұрсынұлы жүргізді. Ақын, 

Қазақстан Жазушылар одағының Шығыс 

Қазақстан облысындағы бөлімшесінің ди-

рек торы Нұржан Қуантай кеш шымыл ды-

ғын ашып берді. Қазақстан Жазушылар 

одағы Поэзия кеңесінің төрағасы Әділғазы 

Қайырбеков ақынның шығармашылығына 

тоқталып, кеңінен сөз қозғады. Әнші Саят 

Нұрғазин кеш иесінің сөзіне жазылған «Ақ 

үміт» әнін орындаса, өскемендік айтыскер 

ақын Аслан Ғафуров жырдан шашу шашты. 

Саят Қамшыгер ортаға үш рет шығып, жаңа 

өлеңдерін оқып, сауалдарға жан-жақты 

жауап берді. Кешті ақын Серік Ғабдулин 

қорытындылап, кеш иесіне арнап жазған 

өлеңін оқып, иығына шапан жапты.

Ән мен жырға толы кездесулер Семей 

қала сында жалғасты. Алматыдан барған 

қонақ 


тармен өткен Шәкәрім атындағы 

уни 


верситеттегі кездесуді филология 

факультетінің деканы Айбар Қабыкенұлы 

жүргізіп отырды. Қонақтар кезек-кезек сөз 

алып, семейліктерге ыстық сәлемдерін 

жол дап, жырларын оқыды. Студенттер, 

уни 


верситет ішінен құрылған «Жебе» 

бірлестігінің жас ақындары өз өлеңдерін 

оқыса, филология ғылымының докторлары 

Қинаят Шаяхметов пен Арап Еспенбетов 

қонақтарға арнап сөз сөйледі. Кездесу 

барысында бүгінгі әдеби үдеріс жайында 

әңгіме өрбіді.

Түстен кейін Семейдегі Абай атындағы 

кітап ханада Саят Қамшыгердің шығар ма-

шы лық кеші басталды. Кештің алғашқы 

сөзін кітапхана директорының орынбасары 

Гүлмира Мұратқызы сөйлеп, ортаға жүр гі-

зуші Әлібек Шегебай мен кеш иесін 

шақыр ды. Семейлік дүлдүл әнші Тұрсын-

ғазы Рахимов сөз алып, өзінің екі әнін тарту 

етті. Қазақстан Жазушылар одағының Се-

мей қаласындағы бөлімшесінің директоры 

Төкен Ибрагимов Саят Қамшыгердің поэ-

зиясы жайында тебірене сөз қозғады. 

Дәулетбек Байтұрсынұлы өз сөзін кеш 

иесіне арнап жазған жырымен жалғады. 

Ақындар Ержан Жұмабек, Серікбол Хасан, 

Жарқын Қамшыгерлер өз өлеңдерін оқып, 

жырсүйер қауымның ілтипатына бөленді. 

Саят Қамшыгер ел, туған жер, Отан, таби-

ғат тақырыбындағы өлеңдерін оқып, за-

ман, әдебиет жайлы ойларын айтты. Ақын 

Дәмеш Омарбаева тәрбиелеген жас ақын-

дар тырнақалды туындыларын оқып, 

жинал ған жұртты әсерге бөледі. Кеш иесін 

М.Әуезов атындағы педагогикалық кол-

ледж ұжымы құттықтады. Шығармашылық 

кеш 

тің соңында ақын Саят Қамшыгер 



осын дай кездесулер мен кештердің ұйыт-

қысы болған Қазақстан Жазушылар одағы 

мен шығысқазақстандықтарға алғысын 

біл дірді.

 Шығыс Қазақстан облысындағы жылы 

жүз 


десулер елдің рухын көтеріп, жұрт-

шылықтың әдебиетке деген қы зы ғу шы-

лық 

тарын арттыра түсті. Шығыстың екі 



қаласы да ақындарын қонақжайлықпен 

қарсы алды.

 

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, 

Шығыс Қазақстан облысы

Әділжан ҮМБЕТ

Елімізде жастар арасында инновациялық жобаларға, эсселер мен 

поэзиялық шығармаларға байқаулар жарияланды деп естіп едім. Осы 

байқау туралы қысқаша мәлімет берсеңіздер.

Нұржан ҚАНАТҰЛЫ, Ақмола облысы

«Мен жастарға сенемін!» деп ата ла-

тын бұл байқаудың қорытынды шарасы 

29 қа 


рашада Әл-Фараби атын 

да 


ғы 

Қазақ ұлттық университетінің  Ө.Жол дас-

беков атындағы Студенттер сарайын да 

өтеді деп жоспарланған. Атал ған жоба 

ҚР Бірінші Президенті күніне арналмақ. 

Шараны Әл-Фараби атын 

да 

ғы Қазақ 



ұлттық уни вер ситеті ҚР Білім жә не ғылым 

министрлігінің, «Жас Отан» жастар 

қанаты және Алматы қаласы әкімшілігінің 

қолдауымен 

ұйым дас тырып 

отыр. 


Фестиваль студенттік инно 

вациялық 

әлеуметтік маңызы бар жобалар 

байқауы, «Мен өз елімнің гүл денуі үшін 

не істей аламын?» атты студенттік эссе 

байқауы, «Мен жастарға сенемін!» атты 

студенттік азаматтық-пат риоттық бағыт-

тағы  поэзиялық  шы ғар  малар  байқауынан 

тұрады. Сту денттік инновациялық жоба-

лар бай қауына мемлекеттің, аймақтың 

неме се жергілікті қауымдастықтың әлеу-

меттік-эконо ми калық,  саяси,  мәдени, 

экологиялық жә 

не т.б. дамуы 

на үлес 

қосуға,  өзекті  әлеу меттік-ма ңыз ды  мәсе-

лелерді шешуге бағытталған жобалар 

қабылданады. «Мен өз елім нің гүлденуі 

үшін не істей аламын?» атты студенттік 

эссе байқауына автор дың Отанға деген 

белсенді аза мат тық ұстанымын таны-

татын прозалық шы ғар малар қабыл да-

нады. «Мен жастар 

ға сенемін!» атты 

студент тік  аза маттық-патриоттық  бағыт-

тағы поэзия лық шы ғармалар байқауына 

жастарға әлеу 

меттік маңызды топ 

ретінде, олар дың мемлекеттің дамуын-

дағы, рухани-адам гершілік құнды лық-

тарын нығай 

ту 


дағы орны мен рөліне 

арналған автор лық өлеңдер қабыл да-

нады.

Жуырда еліміздегі білім беру мекемелері қызметкерлері арасында «Жыл 

әдіскері» байқауы жарияланған екен. Байқаудың қорытындысы шығарылды ма?

Жазира АЙБЕКҚЫЗЫ, Алматы облысы

«Жыл әдіскері» байқауының қоры тын-

ды сына арналған салтанатты шара жуырда 

Алма тыдағы «Ғылым ордасы» мекемесінде 

өтті.

«Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орта-



лы ғы» акционерлік қоғамы ұйымдастырған 

бұл шараның мақсаты – әдістемелік жұмыс ты 

ұйымдастырудағы барлық деңгейдегі 

әдіскерлердің үздік тәжірибесін айқындап, 

қолдау. Аудандық, облыстық және рес пуб-

ликалық деңгейдегі үш кезеңнен тұратын 

бай қаудың аудандық және облыстық кезең-

де ріне 314 білім беру ұйымынан 331 әдіс кер 

қатысып, өз бақтарын сынаған бола 

тын. 


Республикалық сында үздік шыққандар 1-ші 

орын мен «Жыл әдіскері» атанды. Атап 

айтқанда мектепке дейінгі білімге бас шы лық 

жасайтын аудандық, қалалық әдіс 

те 

ме 


лік 

кабинет әдіскерлерінің секциясы бойынша 

Алматы облысынан Гүлниса Тұ лым  шақова, 

жалпы орта білімге басшылық жасайтын 

аудандық, қалалық әдістемелік кабинет 

әдіскерлерінің секциясы бойынша Ақтөбе 

облысынан Ботагөз Тұрма ше ва, техникалық 

және кәсіби білімге басшы 

лық жасайтын 

аудандық, қалалық әдіс 

те 

мелік кабинет 



әдіскерлерінің сек 

циясынан Қара 

ғанды 

облысынан Күләш Жақы пова, мек тептен тыс 



қосымша білім беру ұйым да рына жетекшілік 

жасайтын аудандық, қалалық әдістемелік 

кабинет әдіскерлерінің секция сы нан шығыс-

қа зақ стан дық  Зәуре  Нұрпейі сова,  жоғары 

оқу  орын дары  әдіс те мелік  бю росының 

жетек шілерінің  сек ция сында  келесі  бір 

шығыс қазақстандық  Шы нар  Құр манбаева, 

ал облыстық, қалалық білік тілікті арттыру ин-

сти туттарының  ин но вациялық  даму  бө лім-

дері әдіскерлерінің секциясында қостанайлық 

Наталья Долбня жеңімпаз атанды.

Кезінде Сыр өңірінде қазақы ит тұқым-

да ры көп болатын. Қалың қазақ топтасқан 

өңір ғой. Өкініштісі, бүгінгі таңда соның 

бәрі арманға айналды. Рас, ит тұқымдарын 

өсіруге құмар бұқара баршылық. Олар 

қандай иттерді өсіріп жүр дегенде тағы да 

ойға берілуге тура келеді. Себебі қазақ 

шаңырағында жер-жаһанның түкпір-түк-

пі рінен келген иттер көп. Алайда қазақ тың 

жанына жақын тазы мен төбетке орын 

табыла бермейді. Әрине, оған мойын 

бұрып жүрген кісілер баршылық.  Олардың 

қолындағы тазы мен төбетті саусақпен 

санап алуға әбден болады. Бұған да 

шүкірлік етіп жүрміз. Әйт песе оларды тек 

кітаптан ғана көретін жағдайға жетуіміз 

әбден мүмкін ғой. Әлде де бұл бағытта 

қолға алатын істерге кеш болып тұрған 

жоқ. 


Саятшылық өнерге құмар қазекем құр-

мет тұтқан тазы туралы айтылар аңыз бен 

әпсана бар. Оны қайталап айтып жатудың 

өзі артық. Оны ұлттық болмысты ұлық 

тұтқан әрбір қарадомалақ біледі. Соның 

ішінде құмай тазы жайында қызықты әңгі-

мелер айтылады. Бір қызығы, осы бір 

дерекке байланысты ешқандай зерттеу 

жүр 

гізіле қойған жоқ. «Құмай» сөзінің 



мағынасы да ашылмай келеді. Ол құс па, 

аң ба? Ешкім білмейді. Рас, бұрынғы 

кезең де ілім-білім дами қойған жоқ делік. 

ҚА

ЛАМ МЕН З



АМАН 

Кинологияны дамытпай, қазақы тазы 

тұқымын сақтап қала аламыз ба? 

Бүгінгі заманда бәрін де саралап, өзіндік 

болжам жасауға барлық мүмкіндік жасал-

ған. Түрлі жолдармен әрбір нәрсені сарап-

тау ға оң жағдай туып отырған жай бар. 

Тіпті құмай тазының «анасын» әр құс қа бір 

теңеп, бәз-баяғы күйімізде бей марал күй 

кешіп жүргеніміз шындық. 



Таңат СЕРІКҰЛЫ, кинолог:

– Бұл тұрғыда кинология деген 

ұғым бар.  Грек тілінен тәржімалағанда 

kynos – ит, logos – ілім дегенді білдіреді. 

Бір сөзбен айтқанда, кинология ит 

өсіру тура лы ғылым саналады. Ол ит 

анато мия сы мен физиологиясын, үй иті 

тұ қы  мының  шығу  тегі  мен  эво лю ция-

сын, оларды өсіру, қолға үйрету, қорек-

тен ді ру,  шаруашылыққа  пайдалану 

мәсе 

лелерін зерттейді. Бір қызығы, 

бізде оған мән беріле бермейді. Оған 

жай дүние есебінде қарап келеміз. 

Иттерді зерттеуге көңіл бөліне бер-

мейді. Баяғы жайбасарлық әдетімізбен 

жүрміз. Күн дердің күнінде әлем жұрт-

шы лығы алдында тазының қазақтың 

жансерігіне айналғанын дәлелдей 

алмай қалуымыз да әбден мүмкін ғой.

Айтса айтқандай, біз бүгінгі күні көпте-

ген ұлттық құндылықтардан ажырап қалып 

отырмыз. Ол жайында баспасөз беттерінде 

аз айтылған жоқ. Қымыз бен көкпар 

мәселесі біздің еңсемізді түсіргені жасырын 

емес. Енді олардың қатарына тазы мен 

төбет қосылса, бас шайқап, бармақ тісте-

ген нің көкесі сонда болар еді. Әзірге біздің 

бұл байлығымызға көз аларта қойған еш-

кім жоқ. Дегенмен сондай сыбысты құла-

ТҮРТКІ


Таланттардың басын қосқан «Тәжмамиран» 

«Сырдың елі – жырдың елі» де гендей, 

қай кезде де жырға талап танған, өлеңнен 

қанаттанған өрім дей жастар өңірімізде аз 

болмаған. Олардың талабын құптап, қала-

мын ұштап, бағыт-бағдар беретін әдеби 

бірлестіктер мен ұйымдардың ықпалы 

айрықша еді. Осындай бірлестіктер ол 

кезде облыс орта лы ғындағы орта және 

жоғары оқу орын дарында жұмыс істеді. 

Алпы 

сыншы жылдары олардың негізгі 



орталығы, бас штабы облыстық «Ленин 

жолы» (қазіргі «Сыр бойы») газеті редак-

циясында орналасқан Жазушылар ода-

ғының облыстық бө 

лім 

шесі болатын. 



Бөлімшені атақ ты ақын ағамыз Асқар Тоқ-

ма ғамбетов басқаратын. Белгілі жазу шы-

лар Нәсіраддин Серәлиев, Саид Баязитов 

көмекші, кеңес ші лер еді. Бөлімшенің әр 

сәрсенбі күні өткізілетін мәжілістерінде жас 

талап керлердің апта ішінде түскен шығар-

ма лары қаралып, талқыла нып, нақтылы 

ұсыныс, пікірлер айтылатын.

Бірлестік мүшелерінің жас айыр  ма шы-

лықтарының алшақты ғы аз, қызмет орын-

дары, тұрақжай 

лары жақын, қалаған 

кездерін де кездесуге мүмкіндіктері мол 

жандар еді. Темірше Сарыбаев, Ас 

қар 

Кіре баев, Мұхамеджан Нұр ханов Қызыл-



орданың оңтүстік ше тіне орналасқан аудан 

орталығы Тас бөгетте жұмыс істейді. Сонда-

ғы аудандық газет қызметкерлері еді. Мен 

осындағы аудандық партия коми тетінің 

қызметкерімін. Әскербек Рахымбеков, 

Жанұзақ Қожабер генов облыстық радио-

да, Иранбек Оразбаев «Білім» қоғамы 

облыстық ұйымында қызмет істейді. Бы-

лай ша айтқанда, қонысымыз да, өрісі міз 

де бір, жиі кездесіп, сыр ласып, сұхбат-

тасып тұруымызға мүмкіндігіміз мол. 

Солай еттік те. Бір-біріміздің үйімізде жиі 

болып, жаңа жазғандарымызды оқып, 

тал қыға салып, пікірлесіп жүрдік. Әсіресе 

бұл жағдай Иранбектің қала орталығынан 

төрт бөлмелі жаңа үй алуынан кейін жиі-

лей түсті.

Енді біздің жиі бас қосатын, жаз ған да-

рымызды талқылайтын әдеби штабымыз 

Иранбектің осы үйі болды. Иранбектің ол 

кезде балалары жас. Жұбайы Фатима – 

жұмсақ мінезді, қонақжай жан. Кісіге 

қатқыл қарап, қабақ шыт қа  нын байқаған 

жоқпыз. Содан бо лар, бұл үйде мейлінше 

еркін, кө ңілді отыратынбыз. Дуылдасып, 

да быр ласып жататынбыз. Дауыстап өлең 

оқитынбыз. «Тәжмамиран» ақындар бір-

лес тігін құру идеясы да осындай басқосу-

лардың бірінде туды. Әуелгі ұсыныс айтқан 

Темір 


ше еді. Іле-шала Асқар қуаттады. 

Басқаларымыз да бірауыздан құп тадық. 

Бірлестіктің аты-жөнінде әртүрлі ұсыныстар 

болды. Бірақ кө ңіл ден шыға қойған жоқ. 

Ең со ңын да «жеті ақынның бас әріптерін 

алайық» деген Иранбектің ұсыны сын құп-

тадық. Сол үшін соңғы төрт әріп соның 

атына байланысты енді. «Тәжмамиран» 

ақындар бірлестігі осылай құрылды.

«Тәжмамиран». 

Бұл – өткен ғасырдың 

70-жылдарының аяқ кезінде 

Қызылордада құрылған 

ақындар бірлестігінің аты. 

Оған бірлестікті құрған жеті 

ақын аттарының алғашқы 

әріптері алынған. Олар: 

Темірше Сарыбаев, Әскербек 

Рахымбеков, Жанұзақ 

Қожабергенов, Махмұтбай 

Әміреев, Асқар Кіребаев, 

Мұхамеджан Нұрханов және 

Иранбек Оразбаевтар.

Атам заманнан бері өмір сүріп келе жатқан біздің ұлтымыз үшін 

бүгінгі таңда бас ауыртатын жайлар жетерлік. Қазаққа бостандық таңы 

атты. Бұл – Алланың қалауы. Қаншама ғасыр отар елге айналдық. 

Бодандық күйін кештік. Содан қалған жараның сызы әлі де білініп 

қалатын секілді. Әсіресе ұлттық мәселеге келгенде ұпай түгелдей 

алмай келеміз. Ұлттық ұстынға түбегейлі мойын бұра алмай отырған 

жайымыз бар. Қазақ ертеден саятшылық құрды. Жылқы жаратты. 

Мылтықтың мықтысын мығым ұстады. Оны жеті қазынаға қосты. Жеті 

қазынаға тазы да енді. Бабалар адамның серігіне айналған тазыны 

басты байлықтың бірі көрді. Жақсы дейміз. Қазір сол байлықты қалай 

сақтап жүрміз? Күмілжіп қаламыз. Өйткені қазір тазыны көре алмай 

пұшайман күйге түсіп жүрген жайымыз бар. Ілгеріде бәрі басқаша 

болғанын бәріміз білеміз. Әрбір қазақтың шаңырағында кем дегенде 

бір-екі тазыдан болар еді. Қазір оны ауыл-ауыл түгіл, аудан-ауданнан 

таба алмайтын жағдайға түстік. Елімізде олардың саны мыңға да 

жетпейді екен. Осыдан-ақ тазының жағдайын түсіне беріңіз. 

Бірлестіктің келісілген шарты бойынша 

оның отырысын айына бір рет өткізу бел-

гіленді. Әрі онда ай ішінде жазылған жаңа 

өлеңдерді оқу, оларға баға беру, ең үздік 

деген өлеңді анықтау қажеттігі айтылды. 

Ай сайынғы басқосу жеті ақын ның үйінде 

кезекпен өткізілетін болды. Мұнда ақын-

дар бірлестік атындағы әріп реттіліктеріне 

қарай шақыратындығы ескертілді.

Осы шарт бойынша отырыс Теміршенің 

үйін де өткізілді. Тем кең қонақ күту, дастар-

қан дайын дау ғана емес, осы отырысқа 

жа ңа өлеңдерін ұсынуда да жақсы үлгі 

көрсетті. 

Бұдан кейінгі отырыстарда Әскербек 

Рахымбековтің «Екі перзент», Жанұзақ 

Қожа бер генов тің  «Әңгелек-дөңгелек», 

менің «Ға шықтық», Асқар Кіребаевтың 

«Ту ған тұғырым – Аламесек», Мұ ха мед-

жан Нұрхановтың «Көке ма рал» өлеңдері, 

Иранбек Ораз баев тың «Теңіз қашып бара-

ды» поэ ма сы үздік деп танылды.

Жетпісінші жылдардың соңында Арал 

теңізінің қалпы бұзы ла қойған жоқ еді. 

Теңіз толқын дары Арал қаласының жанын-

да тулап, шағаласы шулап жататын. Иран-

бек  тің «Теңіз қашып барады» деп дабыл 

қа 

ғуына алғашында то 



сырқағандай да 

бол  ғанбыз. Алай да алапат апаттың бола-

рын ақын жүрегі алдын ала сезгендей 

екен.


«Тәжмамиран» бірлестігіміздің шығар-

ма ларымызды  шыңдай  тү суі мен  бірге 

алғашқы жыр жинақ та рымыздың жарық 

көруіне ықпа лы тиді. Көбіміздің осы кезең-

де «Бастау», «Тұсаукесер» атты ал ғаш қы 

жыр кітапшаларымыз рес пуб ликалық бас-

падан жарыққа шықты.

Алайда «Тәжмамиран» бірлес 

ті 

гінің 


жақсы басталған жұмысы көп ұзамай 

тоқырай бастады. Сексенінші жылдардың 

бас кезінде бірлестік жұмысы тоқтатылды 

деуге де болатын еді. Оның басты себебі 

– бірлестік мүшелерінің басқа жаққа 

қоныс аударуынан болды. Ең ал ды мен 

сексенінші жылдардың бас кезінде 

Иранбек Оразбаев Алма тыға қоныс аудар-

ды. Іле-шала жа ңадан салған сәулетті үйін, 

об лыс тық атқару комитетіндегі жауапты 

қыз 

метін тастап Темірше Сарыбаев та 



Алматыға көшті. Асқар Кіребаев қызмет 

бабына байланысты алға шында Жалағаш, 

кейіннен Шиелі ауданында тұратын болды.

Өкінішке қарай, «Тәжмамиран 

ға» 

мүше болған жеті ақынның екеуі қазір ара-



мызда жоқ. Асқар Кіребаев екі-үш жыл 

бұрын Ал ма тыда іссапар кезінде жүрек 

ауруы нан дүние салды. Темірше Сары баев 

та өткен жылдың соңғы күн дері жүрек 

ауруы нан кенеттен көз жұмды.

Асыл Темкең араға қырық жыл салып, 

туған топырағына біржола көшіп келген 

еді. Ендігі өмірін осындағы ағайын-туыс, 

достары арасында өткізу ниетінде болған. 

Алайда туған топырақты аңсап келген 

ғазиз жан бұл мақсатына жете алмады. 

Асыл жарын, бала ла рын ағайын арасына 

қалдырып, бақилыққа аттанып кете 

барды... 

Қазір «Тәжмамиранды» құрған жеті 

ақын нан қалған бесеудің бірі – Иранбек 

Алматыда тұрады. Қал 

ған төртеуміз 

Қызылордада өмір сүріп жатырмыз. Түрлі 

әдеби кеш терде, мәдени шараларда, кез-

де сулерде бас қосамыз. Кейде өт кен күн-

дер ді,  «Тәжмамиран»  ақын  дар  бірлестігін 

құрған шақ тарды да ойға алып тұрамыз.

Міне, осыдан қырық жылдай бұ рын 

құрылған «Тәжмамиран» ақындар бірлес-

ті гі жайлы айтылар бір үзік сыр осы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   23




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет