Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет18/28
Дата28.01.2017
өлшемі10,9 Mb.
#2870
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28

18.10.2012 жыл, 

бейсенбі


www.alashainasy.kz

6

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

ДАТ!


Мал басын көбейту ісінде олардың 

ветеринариялық тұрғыдан қамтылуы ең өзекті 

мәселе екендігін естен шығаруға болмайды

– Аға, әңгімемізді күнделікті куә 

болып, естіп жүрген ақпараттардан 

бастасақ. Еліміздің әр аумағында 

сібір жарасы дейтін ауру жиі 

тір ке летін  болды.  Халқымыз 

адам ға жұққанын түйнеме дейді, 

малға жұққанын түрліше атайды. 

Осындай індеттердің себебін 

анықтап, малды алдын ала қорғау 

мүмкін бе?

– Біріншіден, аурудың неге сібір жарасы 

аталғанына тоқтала кетейін. Орыс дәрігері 

С.С.Андреевский 1786-1789 жылдары  Ре-

сейдің Орал және Сібір өңірінде адамдар 

мен жануарлар арасында кең көлемде орын 

алған індетті зерттей келе, оған адамдарда 

кездесетін клиникалық көрісіне қарай «си-

бирская язва», яғни сібір жарасы деп ат 

берген. Бұл індет ата кәсібі мал шаруашылығы 

болған қазақ халқына ежелден белгілі, оны 

мал түрлеріне қарай әртүрлі атаған. Қойда 

– топалаң, ірі қарада – қараталақ, жылқыда 

– жамандат, ешкіде – шекшек,  түйеде – ақ-

ше лек, қарабез, ал бұл ауру осы түліктердің 

біреуінен адамға жұқса, түріне қарай 

 

түйнеме (ішкі түрі) немесе күйдіргі (сыртқы 



түрі) деп аталады. Қазіргі кезде жануарлар 

арасындағы бұл індетке топалаң деген 

жалпы атау беру ұсынылып жүр. Бұл аурудың 

адамдар мен жануарлар үшін аса қауіпті 

індеттер қатарына жататынының бірден-бір 

себебі: оның қоздырғышы топырақта спора 

түрінде 100 жылдан астам уақыт бойы  тірі 

сақталады. Сондықтан да бұл аурудан өлген 

мал, ауру малды сойған жер немесе мал 

өлексесі көмілген жер көп жыл бойы топалаң 

қоздырғышының көзі болып сана 

лады. 


Сондықтан да мұндай жерлер, әсіресе 

қараусыз қалған, қоршалмаған мал қорым-

дары арнайы індеттану карталарында бел-

гіленіп, ветеринария мамандарының бақы-

лауында болуы керек. Мысалы, Қазақстан 

аумағында 1948 жылдан бері топалаңнан 

таза емес пункттер кадастры жүргізіліп 

келеді, бұл ошақтардан жыл сайын топалаң 

сына ма лары алынып, зертханаларда тексе-

ріліп отыруы қа жет.

Топалаң адамға ауру малды күту кезінде, 

ауру малды сойғанда, алдын ала зертхана-

лық тексеруден өтпеген жануарлардың  етін 

немесе сүтін пайдаланғанда, мал шикізат-

тарын өңдегенде жұғуы мүмкін. Сондықтан 

да барлық жағдайда жеке гиг иеналық шара-

ларды, қауіпсіздікті сақтаған жөн. Негізі, бұл 

аурумен ауыруы жөнінен кү мәнді малды 

союға рұқсат етілмейді, ал кей бір мал иелері 

ауырған малдың клиникалық белгі леріне 

қарамастан, мал дәрігеріне қа рат пай тұрып 

ауырған малды сойып алады, кейде оның 

етін ауылдастарға таратып немесе сатып 

жіберуі де мүмкін. Мұндай жағ дай соңғы 

жылдары еліміздің бірнеше өңірінде 

тіркеліп, аяғы қайғылы оқиғаға әкеліп соқ-

қаны да белгілі. Бұл ауру өте шапшаң түрде 

өтеді, ауырған мал төрт-бес сағаттан бір 

тәулік ішінде өліп болады. Ол өте тез тарала-

тын қатерлі індеттер тізімінде болғандықтан, 

бұдан өлген малды жарып-сойып қарауға 

болмайды, оны терісімен бірге өртеп, арна-

йы мал қорымына көму керек. Оған жануар-

лар да байқалған клиникалық белгілер мен 

малдан алынған патологиялық материал-

дарды арнайы тәртіппен, қауіпсіздік шарала-

рын сақтап, ветеринария зертхана ларында 

зерттеу арқылы диагноз қойылады. Ал бұл 

аурудан малды алдын ала қорғау мәселесіне 

келетін болсақ, жыл сайынғы ветер инария-

лық алдын алу іс-шаралар жоспарына сай 

топалаңға қарсы барлық ауыл шаруашылығы 

жануары түгелдей егіледі. Бұл шараға 

республикалық бюджет тен арнайы қаржы 

қарастырылған. Бұл үшін осы індетке қарсы 

арнайы тиімді вакцина бар, онымен егілген 

мал осы аурумен бір жылға дейін ауырмай-

ды. Сондықтан мал иелері бұл іске жауапкер-

шілікпен қарап, барлық малын ектіруі керек. 

Ара-тұра егіл мей қалған мал – осы қатерлі 

індеттің пайда болуына себеп.

– Сіз жануарлар ауруын 

зерттейтін ғылымның өкілісіз ғой. 

Ал мұндай аурулар анықталған 

кезде тиісті шаралар қабылдайтын-

дар – соның басы-қасында жүретін 

жергілікті жердегі мамандар. 

Қазіргі мезгілде індет анықталған 

уақытта бұл мамандар қажетті 

шараларды дұрыс атқарып жүр ме?

– Қазақстан Республикасы Үкіметінің 

2003 жылғы №407 қаулысына сай жануар-

лардың бірнеше түріне ортақ аурулар – 

құтыру, бру цел лез, ауески ауруы, лейкоз, 

леп тоспироз, листериоз, пастереллез, топа-

лаң, тубер кулез, аусыл, күл, эхинокок коз, 

парату беркулез, токсоплазмоз, три хофития, 

рик кет сиоздар, туляремия, ауыз уылуы (эк-

зо   ти  калық  ауру)  аурулары  кезінде  өткізілетін 

шаралар республикалық бюджет есебінен 

жүргізіледі. Осы тізбеге сай анықталған 

ауру ларды жою және алдын алу жұмыстарын 

облыстардың, аудандардың жергілікті атқа-

рушы органдары денсаулық сақтау сала сын-

дағы уәкілетті мемлекеттік органмен бірлесе 

отырып, жануарлар мен адамға ортақ ауру-

лардан қорғауды ұйым 

дас 

тырады. Ауыл 



шаруашылығы жануарла рының аса қауіпті 

аурулары анықталған жерлерде ауру жа-

нуар ларды жою жұмыс тарын «Республи ка-

лық эпизоотияға қарсы отряд» республи-

калық мемлекеттік мекемесі жүргізеді. ҚР 

«Ветеринария туралы» заңына сәйкес, әрбір 

жұқпалы ауру кезінде орындалатын шаралар 

жүйесі бекітілген. Ауруға диагноз анықтал-

ғаннан кейін жергілікті ветеринария маман-

дары осы ережелерді қатаң түрде орындауы 

қажет. Өткен жылдары ауыл аумақтарындағы 

бұл жұмыстарды лицензиат мал дәрігерлері 

уақытша келісімшарт бойынша орындап 

келді, алайда орындалған жұмыс сапасы көп 

жағдайда сын көтермейді, кей жағдайда 

жоспарланған жұмыс көлемі толығымен 

орындалмайтын фактілер де кездеседі. 

Биылдан бастап әрбір ауданда жергілікті 

бюд жет есебінен жұмыс істейтін ветерина-

рия станциялары құрылып, іске кірісті, ендігі 

жерде індетке қарсы көптеген алдын алу 

және сауықтыру жұмыстары уақытында 

және сапалы орындалады деп күтілуде. 

Алайда індетке қарсы шаралардың толық 

орындалуы тек қана мал дәрігерлеріне ғана 

байланысты  емес, кейбір ұйымдастыру жұ-

мыс тары жергілікті атқару органдары мен 

әкімдердің араласуын қажет етеді. Мысалы, 

індетке қарсы малды жалпылама зерттеу, 

егу, мал жайылымы мен суаттарды, мал қо-

рым дарын салу сияқты шараларды ұйым-

дастыру – жергілікті әкімдер құзырындағы 

шаралар.

Жоғарыда топалаңмен 

ауырған малды өртеу керектігі 

туралы айтып кеттіңіз ғой. Бізде 

бұдан басқа да аурулар тіркеліп 

жатады. Бұрынғы кездері ауылдағы 

мал дәрігері ауырған малды емдеп 

жазып жата тын. Бүгінде үй 

жануарының ағзасы әлсіз бе, әлде 

ауру күшті ме, әйтеуір, кез келген 

ауырған малды түгелдей өртеп, 

көзін жоятын болдық. Бұдан мал 

басының азайып жатқаны рас. Осы 

мәселені қалай шешкен жөн?

– Қазіргі кезде ауырған малдарды ауыл-

дық округ аппаратындағы мал дәрігерлері 

емдеп жатыр. Кеңес одағы кезінде жануар-

ларды емдеуге дәрі-дәрмектер үкіметтен 

бөлініп келген, қазіргі кезде мал иелері қо-

йыл ған диагнозға байланысты дәрі-дәр-

мектерді өздері сатып алуы қажет, ал бұған 

олардың қаржылай мүмкіндіктерінің бол-

мауы әрі көптеген ауылдық жерде мал-

дәрігерлік дәріханалардың да болмауы 

малды емдеу ісіне кері әсерін тигізіп отыр-

ғаны рас. Бүгінде жануар ағзасы әлсіреген 

деп айта алмаймын. Бірақ та бұрын кеңшар-

ұжымшарлардағы малдардың жем-шөбі 

жеткілікті етіп дайындалып, қыс мезгілінде 

құрама жем сияқты құнарлы азықтармен 

қамтамасыз етілетін. Мал рационына жауап 

беретін арнайы мамандар да болатын. 

Қазіргі кезде жеке шаруашылықтағы малдар 

қолжетімді, құнарлылығы күмәнді шөп, 

сабан, тағы басқасымен азықтандырылады. 

Кейбір жерлерде қыстың аяғына қарай жем-

шөп тап шылығынан малдың көтерем болу 

жағ дайлары да кездесіп тұрады. Осы сияқты 

себептердің мал ағзасының әлсіреуіне, 

олар дың әр түрлі ауруларға төзімділігінің тө-

мен деуіне әкеліп соғары сөзсіз. Ал ауырған 

мал дардың барлығы бірдей өртеліп, жойы-

лып жатқан жоқ. Тек аса қауіпті аурулар тізі-

мі не енген ауру жануарлар  ғана «Ветери на-

рия туралы» заңның талаптарына сай 

 

оқшаула нып, өртеу жолымен жойылады. 



Соңғы жылдары бұл тізімге бруцеллезге 

шалдыққан қой-ешкі де кіргізіліп, жыл 

сайын ондаған мың уақ мал өртеліп жатыр. 

Республиканың кейбір аймақтарында соңғы 

жылдары етек алған аусыл індеті салдарынан 

бірнеше мың сиыр мен қой малы да өртелуге 

жіберілді. Ал бруцеллезге шалдыққан сиыр 

саны жыл сайын 100 мыңнан асып түскен 

уақыттар болды. Бұдан басқа лейкозға (ақ 

қан індеті)  шалдыққан ірі қара саны да 10-

20 мыңнан асады. Мұндай малдардың бәрі, 

ветерина 

рия ережелеріне сәйкес, ауру 

анықталғаннан кейін бес күннің ішінде етке 

өткізу арқылы жойылуы тиіс. Міне, мал ба-

сының азаю себеп 

теріне осыларды жат-

қызуға болады. Індеттен ауырған малды 

өртеу – аурудың одан әрі тарап кетпеуі үшін 

амалсыздан орындалатын шара, бірақ 

кейбір аурулар кезінде мұндай шараға 

бармаса да болады деп есептеймін. Мысалы, 

бұрынғы кезде бруцеллезге шалдыққан 

малды өртемей-ақ, арнайы ауру тарап кет-

пей тіндей жағдай жа салған ет комби натын-

да сойып, жоғарғы температурада өңдеу 

арқылы шұжық немесе консерв өнімдерін 

дайындауға пайдала натын. Қазір гі кезде 

Ауыл шаруашылығы министрлігінің Ветери-

нариялық бақылау және қадағалау комите-

тінде бруцеллезге шалдыққан малды өртеу 

талабын алып тастау  жөніндегі ұсыныс 

талқыланып жатыр, келесі жылы бұл мәселе 

оң шешімін табады деп ойлаймын. Ал мал 

басын көбейту жөнін де Үкіметіміз бірнеше 

бағдарлама мен бастамалар көтеріп отыр. 

Олар – мал өсіре мін деушілерге берілетін 

үстемеақы ның төмендетілуі, ұзақ жылдарға 

берілетін несиелер, асыл тұқымды мал 

өсіретіндерге бері летін сыйақы (субсидия), 

«Сыбаға» бағдарламасы және тағы басқа. 

Алайда мал басын көбейту ісінде де олардың 

ветерина 

риялық тұрғыдан қамтылуы ең 

өзекті мәселе екендігін естен шығаруға 

болмайды.



– Малдың бойына түрлі 

паразит тердің еніп алуынан 

болатын инва зиялық аурулар 

жөнінде не айтар едіңіз? Олардан 

қалай сақтанып отырмыз?

– Жануарлар мен адамдардың аса қауіп-

ті инвазиялық ауруларынан эхинококкоз, 

аль веококкоз, сиыр және шошқа цистецер-

козын (финноз) атап өтуге болады. Бүкілә-

лемдік денсаулық сақтау ұйымының мәліметі 

бойын ша, эхинококкозбен 10-15 жыл бойы 

ауырған әр адамнан мемлекетке келетін 

шығынның мөлшері 10 мың АҚШ доллары 

болады екен. Эхинококкозбен ауырған әр 

қой орташа есеппен жүнді – 9,5%, сүтті – 

7%, етті – 8,1%, іш майды – 18,5%, бауыр-

ды – 84,2%, өкпені 76,1% кем береді. Эхи-

нокок коз ауруының алдын алу үшін оның 

негізгі таратушысы – иттерді жылына төрт 

рет дегельминтизациялау, яғни паразит 

тарату шы материалдардан тазалау қажет. 

Қой және сиыр өсіретін шаруашылықтар тек 

қа жетті иттерді ғана ұстап, оларды есепке 

алу, арнаулы кітапшаға тіркеу, санын азайту, 

әрқайсысына «төлқұжат» беру сияқты 

жұмыстар жүргізіледі. Иесіз, бұралқы иттер-

дің барлығын құрту шарт. Иттерді құрттардан 

арылту мақсатымен дегельминтизациялар 

өткізілуі тиіс. Альвеококкоз – табиғи ошақты 

ауру, оның қоздырғыштары негізінен 

 

еткоректілер ағзасында болады. Бұл аурудан 



көбінесе бауыр зақымданады, ал дерт 

асқынған шақта басқа ішкі мүшелерге де 

кеселі тиеді. Альвеококкоздың клиникалық 

белгілері көп зерттелмеген. Оны жұқтырған 

адамдарды тек қана хирургиялық жолмен 

емдейді. Сондықтан да ауруды жұқтырмау 

шараларын қатаң сақтау керек. Сиыр мен 

шошқа цистицеркозы – адам үшін қатерлі 

аурулардың бірі. Мал цистицеркоздары мен 

адам тениоздарының алдын алу – малдәрі-

герлік және медициналық қызметтің міндеті. 

Ең негізгі шара – ірі қара мен шош қаларды 

таспа құрттар жұмыртқала рының жұғуынан 

сақтандыру. Бұл үшін ет комбинаттарында, 

қасапханаларда сойыл ған ірі қара мен шош-

қа ларды міндетті түрде финнозға тексеру 

қажет. Сойылатын малды кез келген аулада 

бауыздауға тыйым салу қажет. Ет өнімдері 

орналасатын сауда нүкте лерінде мал дәрігері 

тексермеген еттің саты луына жол бермейтін 

қатаң тәртіп орнату ке 

рек. Мал соятын 

кәсіпорындағы малдәрі герлік қызметкерлер 

тексеру барысында цистицер ктер табылған 

малды байқасымен-ақ жоғарғы малдәрі-

герлік және медици 

налық мекемелерге 

дереу хабарлайды. Егер жануар лардың еті 

етқұртпен (финналармен) қатты залалданса, 

яғни зерттелген еттің 40 шаршы сантиметрін-

де 3-тен астам ларво цис та табылса, онда 

ондай  етті,  малдәрі гер лік-санитариялық 

сараптау ережелеріне сәй  кес, жоюға жібере-

ді. Ал шамалы зақым дан ған етті (еттің 40 

шаршы сантиметрінде ет құрт тың саны үштен 

кем болса) тағамға пайдалану үшін оны 

қайнатып пісіреді, қа 

жетті мөлшерде 

тұздайды немесе жақсылап тоңазытып, 

залалсыздандырады. Сойылған ірі қарадан 

немесе шошқадан етқұрт табылған жағдайда 

бұл малдың кімдікі, қай шаруашылықтан 

келгендігі анықталып, ауру ошағын іздестіру 

және оны тауып, жою жұмыстары жүргізіледі. 

Цистицеркоз малға адамның дәретінен 

жұғатын болғандықтан, барлық фермада 

жабық әжетханалар болуы керек. Цистицер-

коз бен тениоздардың етек алып тарамауы 

үшін халық арасында санитарлық үгіт-наси-

хат, ағарту жұмыстарын кеңінен жүргізудің 

ерекше маңызы бар. Жануарлардың инва-

зия лық ауруларының алдын алу үшін бюд-

жеттен қаржы бөлінбей ді, оны мал иелерінің 

өздері қамтуы қарасты рылған. Сондықтан 

мал иелерімен ауылдық жерлерде жергілікті 

атқарушы органдар инвазиялық ауруларды 

таратпау үшін бұқа раға түсіндіру жұмыс та-

рын жүргізіп, халықты ұйымдастыра білуі 

керек. 

– Ветеринария саласының 

ғалым дары соңғы жылдардағы 

киіктердің жаппай қырылу дерегі 

жайлы көп айта бермейді. Осы 

жайттың себебі жайлы айтып 

өтсеңіз. Онсыз да саны азайған 

жануарды қалай сақтап қалу керек?

– Батыс Қазақстан облысында 2010-

2011 жылдары киіктердің жаппай өлім-

жітімге ұшырау фактісі тіркелді. Биылғы 

мамыр айын да осындай жағдай Қостанай 

облы сында болды. Жаппай өлген киіктерден 

пато логиялық сынамалар алынып, облыстық 

және республикалық ветеринариялық 

зертханаға, Астана қаласында орналасқан 

Ветеринариядағы мониторинг, референция, 

зертханалық диагностика және әдіснама 

ұлттық орталығына,  Биологиялық қауіпсіздік 

мәселелері ғылыми-зерттеу институтына 

жіберіліп, пастереллез ауруының қоздырғы-

шы анықталған болатын. Пастереллез ау-

руының алдын алу мақсатында атқарылатын 

ветеринариялық алдын алу іс-шаралар жос-

пары енгізіліп, жыл сайын барлық ауыл 

шаруашылығы жануарын пастереллез 

ауруына қарсы егу жұмыстары атқарылып 

келеді. Қалыптасқан эпизоотиялық ахуалды 

тұрақтандыру мақсатында ауыл шаруашы-

лығы жануарларына клиникалық монито-

ринг жүргізіліп, бақылауға алынды. Киік-

тердің жаппай өлім-жітімге ұшыраған 

жер лерінен топырақ, су және өсімдіктер сы-

намалары алынып,  Республикалық ветери-

нариялық зертханаға бактериологиялық, 

токсикологиялық, радиологиялық зерттеу-

лер үшін жолданып жатыр. Қазіргі кезде Қа-

зақстан аумағындағы киіктердің жалпы саны 

140 мыңдай ғана болып отыр. Киіктердің 

жаппай өлім-жітімге ұшырауының алдын 

алу мақсатында Қазақстан Республикасы 

Үкіметі 80 млн теңге көлемінде қаржы бөлді. 

Киіктердің жаппай ауруының алдын алу 

және оның санын сақтап қалу мақсатында 

ҚР Білім және ғылым министрлігі бөлген 

грант бағдарламасы бойынша Биологиялық 

қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу инс-

титуты және Батыс Қазақстан аграрлық тех-

никалық университеті (БҚ АТУ) ғалымдары 

ғылыми-зерттеу жұмыстарын бастады. 

Зерттеу жұмыстары 2014 жылы аяқталады. 



– Бүгінде ТМД немесе Кеден 

одағы елдері арасында ветерина-

риялық немесе эпидемиологиялық 

қауіпсіздікті қамтамасыз етуге 

бағытталған халықаралық құжат-

тар бар. Дегенмен өзгермелі 

за ман ның  талаптарын  ескеріп, 

алдағы уақытта қандай келісімдер-

ге қол жеткізе түсу керек деп 

ой лай сыз?

– Елбасы 2010 жылғы Қазақстан хал-

қына Жолдауында ауыл шаруашылығының 

басты бағыты ретінде ветеринариялық 

қызметті халықаралық стандарттарға сәй-

кес тендіру қажеттігін тапсырды. Осы талап-

тарға байланысты 2002 жылы қабылданған 

ҚР «Ветеринария туралы» заңы және ветери-

нария ісін жүргізу жөніндегі көптеген заңды 

күші бар құжатқа өзгерістер енгізу қажет. 

Мысалы, көптеген алыс және жақын шетел-

дерде бруцеллез ауруы туындағанда індет тің 

әрі қарай тарап кетпеуі, қоздырғыш  көзін 

тезірек жою мақсатында шаруашылық неме-

се елді мекенге карантин қойылса, бізде тек 

қана шектеу шаралары атқарылады. Біраз 

елде (әсіресе ТМД елдері) әлі күнге дейін 

жануарларға бруцеллезге қарсы вакцина егу 

жұмыстары жүргізілсе, бізде осы шара 2007 

жылдан бері жүргізілмейді. Осы се 

беп-

терден  жүз мыңдаған сиыр мен қойдан 



айы рылғанымыз қазір еш жасырын емес. 

Қазіргі кезде заман талаптарын ескере оты-

рып, Ауыл шаруашылығы министрлігінің 

ветеринария қызметі көптеген ветерина рия-

лық құжат пен ережені халықаралық талап-

тарға сәйкестендіру жөнінде кең ауқымда 

жұмыстар атқарып жатыр.

– Мал дәрігерлерін дайындау 

ісіне көңіліңіз тола ма? 

– Ветеринария дәрігерлерін дайындау 

– әрине, өте жауапты іс. Қазір еліміздегі ве-

те ринариялық медицина және ветерина-

риялық санитария мамандықтары бойын ша 

ветеринария дәрігерлерін Казақ ұлттық 

аграрлық университеті, С.Сейфуллин атын-

дағы Қазақ агротехникалық университеті, 

Шәкәрім атындағы Семей, А.Байтұрсынов 

атындағы Қостанай және Жәңгір хан атын-

дағы Батыс Қазақстан агротехникалық уни-

вер ситеттері дайындайды. Сөз жоқ, бұл уни-

верситеттердің көп жылғы тәжірибесі, 

жақсы материалдық-техникалық жағдайы, 

ең бастысы, білікті профессор-оқыту шы лар 

құрамы бар. Барлық оқу орны компью тер 

техникасымен, ғаламтор жүйесімен жаб-

дық талған. Сондықтан студенттерді тео рия-

лық жағынан дайындау жақсы деңгейде 

екеніне ешбір күмән жоқ. Бірақ, менің ойы м-

ша, барлық оқу орнының бір кемшін тұсы: 

нақты ауру малмен жұмыс істеп, тәжі рибе 

жинақтау ісі әлі де жетілдіруді қажет етеді. 

Бұрынғы кезде ветеринариялық оқу орын-

дарының арнайы оқу шаруашы лы ғы, ауру 

малды уақытша ұстап емдейтін кли никалық 

ғимараты болатын. Оларға келісім 

шарт 


бойынша  жақын  жердегі  шаруа  шы  лық-

тардан әр түрлі аурумен ауырған малдар 

жеткізіліп, оларға диагноз қою, емдеу жұ-

мыс тарын ұстаздар көмегімен студенттердің 

өздері атқаратын. Әр ауру малға бірнеше 

студент бекітіліп, олар малдың ауру тарихын 

жазып, мал жазылғанға дейін қадағалап, 

осы жұмыстар нәтижесінде кейін курстық 

немесе дипломдық жұмыстар орындап 

жататын. Қазіргі мезгілде осы жұмыстар өз 

деңгейінде емес. Екіншіден, студенттердің 

өндірістік практикасын ұйымдастыруда 

қиыншылықтар бар. Бұрынғыдай мемлекет 

иелігіндегі ірі шаруашылықтар аз, ал жеке-

мен  шіктегі  мұндай  шаруашылық  иелері 

орналастыру, жұмысқа араластыру сияқты 

себептерді желеу етіп, студенттерді практи-

каға қабылдауға аса көп ниет танытпайды. 

Мал өнімдерін қайта өңдеу, қала базарла-

рындағы ветеринариялық-санитариялық 

сараптау зертханаларының көбі – жекемен-

шік иелерінде. Дегенмен енді ауылдық жер-

лерді ветеринария мамандарымен қамта-

масыз ету ісі алға басады деп ойлаймын. 



– Әңгімеңізге рақмет!

Сұхбаттасқан Болатбек МҰХТАРОВ

Әспен ӘБУТӘЛІП, Қазақ ветеринария ғылыми-зерттеу институты 

директорының орынбасары, ветеринария ғылымының докторы, профессор:

ҚҰҚЫҚ ПЕН ҚҰРЫҚ

ИГІ ІС

АЛАШ АЗАМАТЫ



 

Шетелдік жұмыс күшін тарту заңды ма? 

Асырап алынған балаға жәрдемақы беріле ме?

Біздің 18 жасқа толмаған төрт баламыз бар. Жолдасымыз 

екеуміз де жұмыс істейміз. Жақында қайтыс болған туысымыздың 

қызын асырап алдық. Асырап алынған балаға жәрдемақы төлене 

ме? Жалпы, біз көп балалы отбасыға жатамыз ба?

Айжамал СЕЙСЕНОВА, Жамбыл  облысы   

Қолданыстағы заңнамаға сәй-

кес, өзімен бірге тұратын төрт және 

одан көп кәмелетке толмаған бала-

сы, оның ішінде орта, техникалық 

және кәсіптік, орта білімнен кейінгі 

білім беретін ұйымдарда, жоғары 

оқу орындарында күндізгі оқу 

нысанында оқитын балалары бар 

көп балалы отбасыларға балалары 

кәмелеттік жасқа толғаннан кейін 

де 3,9 айлық есептік көрсеткіш 

мөлшерінде арнаулы мемлекеттік 

жәрдемақы төленеді. Бұдан басқа 

туған, асырап алған, сондай-ақ 

қамқорлыққа алған балалары бар  

отбасының орта есеппен жан басы-

на шаққан дағы табысы азық-түлік 

себетінің құнынан төмен болған 

жағдайда 18 жасқа дейінгі бала-

лар ға арнал ған жәрдемақы алуға 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет