Республикалық қоғамдық-саяси ақпараттық газет



Pdf көрінісі
бет4/21
Дата06.03.2017
өлшемі9,12 Mb.
#7772
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21

Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ,

 Семей қаласы

НАУРЫЗБАТА

Ниетіміз ақ болс

с

с

с



ын

ын

ын



ын

ын

ын



,

,

,



,

Басымызға бақ қо

онс

с

ын.



Еліміз табысты болсын.

Қыздарымыз сұлу,

Ұлдарымыз намысты болсын.

Нарық қалтаны қақпасын,

Те

Те

Т



ңг

ң

ң



ң

ң

ем



м

ем

із



із

із

і



т

т

т



т

т

ең



ң

ң

ң



ді

ді

і



д

д

к сақтасын.



Қа

Қа

Қа



Қа

Қ

Қ



за

за

за



з қс

қс

қс



қс

қс

с



та

та

та



та

та

т



нн

нн

н



нн

н

ың



ың

ың

ың



ың

ң

б



б

б

б



б

б

ар



ар

ар

р



ар

р

л



лы

лы

л



л

л

қ азаматтары,



Қазақша сөйлеп алға аттасын.

Сыбайлас жемқорлық тоқтасын,

Дағдарыс та бізге соқпасын.

Мәдениетіміз мәнді болсын,

Тұрмысымыз сәнді болсын.

Бәрін айт та бірін

н

н

н



а

а

а



а

а

а



йт

йт

йт



йт

йт

йт



,

ДЕРБЕСТІГІМІЗ МӘ

МӘ

МӘ

МӘ



МӘ

МӘ

ҢГ



ҢГ

ҢГ

ҢГ



ҢГ

І

І



І

І

І



БО

БО

БО



БО

БО

ЛС



ЛС

ЛС

ЛС



ЛС

ЫН

ЫН



ЫН

ЫН

!



Оразақын АСҚАР, ақын, 

Халықаралық «Алаш» 

сыйлығының иегері

№47 (958) 

21.03.2013 жыл, 

бейсенбі


2

www.alashainasy.kz

e-mail: info@alashainasy.kz

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ҚОҒАМДЫҚ-САЯСИ АҚПАРАТТЫҚ ГАЗЕТ

БІРЛІК

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары 



Наурыз мерекесінің аталып өткені рас па?

Көктем мерекесінің атауы әр тілде әртүрлі аталады



Наурыз мерекесіне Кеңес өкіметі 1926 жылы тыйым салған. Ал осыған дейін, яғни 

Кеңес өкіметінің алғашқы жылдары Наурыз мерекесі кең көлемде аталып өткен бе? 

Сонымен қатар Наурыз мерекесі қашан ресми мейрам болып бекігенін білгім келеді.

Нұрдәулет, Солтүстік Қазақстан облысы

Кеңес өкіметі орнағаннан кейінгі тоғыз 

жыл бойы Қазақстанда Наурыз мейрамы кең 

көлемде аталып өткені рас. Бірақ 1926 жы лы 

бұл мейрамға «діни мейрам», «ескілік сар-

қыншағы» деген баға беріліп, тыйым са-

лынған. Десек те, ресми күші болма ға ны мен, 

қазақ халқы сол дәуірдің өзінде төл мерекесін 

от ба сылық мейрам ретінде жа сырын түрде 

той ла ғанын айта кеткен жөн. Ал жалпы ұлт-

тық мей рам ретінде 1988 жылдан бастап ата-

лып өтіле бастады. 1991 жылдың 15 нау рыз 

күні Пре зидентіміз Нұрсұлтан Назарбаевтың 

Жар  лы ғымен  Наурыз  мейрамы  ресми  ме реке 

бо лып жарияланған-ды. Ал 2010 жылдан 

бас тап Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас ас сам-

блея сы «Халықаралық Наурыз кү ні» қарарына 

сәй кес, 21 наурыз – Халық ара лық Наурыз 

күні деп қабылдаған.

Мемлекет басшысының былтырғы «Қа-

зақ 

стан-2050» стратегиясы жарияланған 



Жол 

дауында әсіресе жаңа буын қа 

зақ-

стандықтарға зор сенім артқаны белгілі. 



Соған орай, Елбасы тапсырмасына сәйкес, 

мемлекеттік жастар саясатының 2020 жылға 

дейінгі тұжырымдамасы да бекітілген 

болатын. Аталмыш тұжырымдамада әсіресе 

ауыл жастарын жұмыспен, тұрғын үймен 

қамту, білім берудің қолжетімділігін арттыру 

секілді өзекті дүниелер қарастырылады. 

Өскелең арасында өрескел саналатын діни 

экстремизмнің алдын алу мен оған тосқауыл 

қою шаралары да сонда қамтылған. Бұл 

бағыттағы ауқымды жұмыстарды қазынадан 

қаржыландыру тетігі де жүйеленген. Мә се-

лен, 2013 жылы жастар саясатын қар жылан-

ды руға ел бюджетінен 1,5 млрд теңге қа рас-

тырылса,  оның ішінде 590 млн теңгесі 

әлеу меттік тапсырыс арқылы бөлінетін 

бо лыпты. Жергілікті бюджеттен қосымша 

2 млрд теңге қаралады. Осылайша, қаржы-

лан дыру жыл сайын артпаса кемімейді. «Қа-

зіргі таңдағы басты міндет – бұл жастар сая-

сатына жұмсалған әрбір тиынның тиімді, 

мақ сатына сай болуына бақылау орнату. 

Қа зынадан бөлініп жатқан қыруар қа ра-

жаттың қайтарымы, нәтижесі болуы шарт. 

Мил лиардтаған қаражат «құмға сіңген су-

дай» ізім-қайым жоғалмай, керісінше, қор-

да лы мәселені шешуге жұмсалуы тиіс», – 

Ауыл жастары қолдаудан құр қалмауы тиіс

дей ді Бақытбек Смағұл.  Депутат бұл тұр ғыда 

әсіресе «ауыл жастары» дегенге ерекше ек-

пін салудың қажеттігін айтады. Өйткені оның 

айтуынша, жастар саясатының іске асы-

рылуын талдау барысында шаралардың 

қала жастарымен, студенттермен шектеліп 

жатқаны байқалған. Ал ауылдағы жұмыссыз 

жастар мемлекеттік қолдаудан тыс қалып 

жатқан көрінеді. 

«Қазақстандағы 4 млн 700 мың жастың 

тең жартысы ауылда тұрады. Ендеше, оларға 

сол деңгейден кем болмайтындай қолдау 

болғаны ләзім. Өйткені ауылдағы жеткін-

шек 

тердің мәселелері қаладағы құр-



дастарымен салыстырғанда «шаш етектен». 

Өкініштісі, жастар мәселесімен айналысатын 

ұйым дардың белсенділері Тәуелсіз Қа зақ-

станда дүниеге келгенімен, қазақ тілінен ма-

құрым. Сонда олар барша қазақ стан дық-

тардың мүдделерін қалай қорғамақшы?», 

– дей ді Бақытбек Смағұл.  

АВТОВОКЗАЛДАРДЫҢ – 35, 

АВТОСТАНСЫЛАРДЫҢ 52 ПАЙЫЗЫ 

ТАЛАПҚА САЙ ЕМЕС 

Жалпы, отырыс барысында мәжілісмен-

дер көлік мәселелері бойынша өзгерістер 

ен гізілген заң жобасын бірінші оқылымда 

мақұлдады. Заң жобасы әкімшілік кедергі-

лер  ді төмендету арқылы еліміздің көлік са-

ласындағы қызмет сапасын арттыруға, сон-

дай-ақ тұтынушылардың құқын қорғауға, 

кө ліктегі қауіпсіздікті көтеруге бағытталады. 

Сосын құжат елдің авиация, темір жол, су 

көлігі, автокөлік секілді салалардың бар ша-

сын дағы олқылықтарды жойып, әсіресе са-

палы қызметті дамытуға барынша жағдай 

жа самақшы. Мысалы, автокөлік тасымалын 

ала  йық.  Елдегі  автовокзалдардан  бас та ла-

тын былық-шылықты қарапайым жұрт шы -

лық қана емес, министр де біледі. Заң жо-

ба сына  қатысты  баян дағанда:  «Авто вок  зал 

маңында,  базарлар  жанында  ав  тобус тар ды 

әр жаққа жөнелтетін кез дей соқ орын дар 

пай да  болып  жатса,  такси  ин фра құры лы мы-

ның дамуы тым нашар», –  дей ді көлік және 

ком муникация министрі Асқар Жұмағалиев. 

Ал мұны жақсарту мақса тын да авто вок зал-

дар, автостансылар және та сы малдаушылар 

МӘЖІЛІС


үшін бірыңғай стандарттар ен гізу ұсынылды. 

Сосын жолаушыларға қолайлы болу үшін 

билет сатудың элек трондық форматы енеді. 

Айтпақшы билет сату демекші, ондағы 

сорақылықтың көкесі теміржол торабында 

екендігі екінің біріне мәлім. Біраз жылдар 

бойы көтеріліп келе жатқан осы мәселе де 

жаңа заң аясында шешімін таппаққа ұқ сай-

ды. Сөйтіп, қолдан-қолға өткізу жойы лып, 

билет сату тәртібі заң жүзінде бекітіледі. 

Олар ды сатудың балама тәсілдері кеңінен 

қолданылады. Бір сөзбен айтқанда, билетті 

қайта сатумен айналысатындарға жауапкер-

ші лік қатаяды. Теміржол көлігіндегі басты 

жаңа лықтың бірі – жаңа модель енгізуге қа-

тысты болып отыр. «Заң жобасы бойынша 

«Қа зақ стан темір жолы» Ұлттық компа ния-

сы» акционерлік қоғамын қайта құру ар қы-

лы теміржол саласының жаңа моделін ұсы-

на 


тын боламыз. Осының негізінде, 

ин    фра  құрылымдық    оператор  құрылып, 

та  сы малдау қызметі бөлінеді», – дейді ми-

нистр Асқар Жұмағалиев.  Министрдің сө зі-

не қарағанда, мұның өзі тасымалдау на ры-

ғын 


да бәсекелестікті дамытуға жағдай 

жа  сайтын болады. Сонымен қатар вокзал 

иел еріне қызметтердің мүгедек жандар үшін 

де қолжетімді болуын қамтамасыз ету 

міндеттері жүктеледі. 

Көлік және коммуникация министрлігі 

әзірлеген заң жобасында соңғы уақытта сын-

нан көз ашпаған азаматтық авиация са ла-

сына да ерекше назар аударылады. Айт-

пақшы, өзгерістердің басым бөлігі де осы 

салаға қатысты секілді. Жаңа нормаларға 

келсек, заң қабылданса ендігәрі рейс ұшпай 

қалғанда немесе кешіккенде жолаушылар 

ыстық тамақпен қамтылып,  оларды қонақ 

үйлерге орналастыру міндетті түрде жүзеге 

асатын болады. «Жолаушылардың құқығын 

қорғау мақсатында осындай қызметтерді 

көрсетпегені үшін әкімшілік жауапкершілік 

белгіленеді. Аэровокзалда жолаушыларға 

толық әрі сапалы қызмет көрсету үшін мін дет-

ті шарттар да белгіленеді. Ұшу қауіп сіздігін 

қамтамасыз ету мақсатында инспек 

тор 

-

лардың  мәртебесі  заң  деңгейінде  бе    кіті летін 



болады», – дейді Асқар Қуа нышұлы. Мұндай 

түзетулер тізбегі Қазақстан авиа 

циясын 

Еуропаның «қара тізімінен» шы ғаруға септігін 



тигізетініне министр де бек сенімді. 

Астана

Наурыз мерекесін көптеген елдер тойлайтынын жақсы білеміз. Бірақ аталған 

мейрамның аталуында айырмашылықтар бар дегенді естіп едім. Осы пікір қаншалықты 

негізді?  

Гүлғайша, Тараз қаласы

Қазақтың төл Жаңа жылы – Наурыз – көне 

мейрам. Бұл мерекені дүниежүзі халықтарының 

бір қатары атап өтеді. Мәселен, Қазақстан, Әзір-

байжан, Албания, Ауғанстан, Босния және Гер-

це говина, Үндістан, Иран, Қырғызстан, Пәкістан, 

Тә жікстан, Түркия, Өзбекстан, Ресей құра мын-

дағы Та тарстан, Башқұртстан сияқты мем ле кет-

тер рес ми түрде атап өтеді. Бірақ мерекені той-

лау дәстүрі ұлт тық тұрмыс-салтқа байланысты 

әр түрлі қа лып тасқан. Мәселен, Наурызды ежел-

гі гректер «па трих», бирмалықтар «су мейрамы», 

тә жіктер «гүл гар дон», «бәйшешек», «гүл нау-

рыз», хорезмдіктер «нау 

сарджи», татарлар 

«нар 


дуган», буряттар «са 

гаан сара», соғ 

ды-

лықтар «наусарыз», армяндар «на 



васарди», 

чуваштар «норис ояхе» деп түрліше ата ғанын 

айтуға болады. Десек те, бұл ха лық тардағы 

мейрам атауы әртүрлі болғанымен, түп не гізі бір 

тіннен шыққанын аңғару қиын емес. Оған 

әлемге белгілі  Әбу Райхан Бируни, Омар һайям 

т.б. тұлғалардың еңбектерінен мысалдар кел-

тіруге болады.



Қанат ҚАЗЫ

ОЙТҮР


ТКІ

Ұлыстың ұлы күні шекараны жауып 

тастап, тоғыз күн тойлауға не кедергі?

Біздің пікірімізше, біріншіден, бұл елдер 

осы бір ғана қадамы арқылы атал мыш ме ре-

кеге деген ұлттың құрметін көр сетіп отыр. 

Екін шіден, олар осы шара ая сында ұлттық 

құн дылықтарды  на  си хаттауға,  мемлекет  ішін-

де салт-дәс түр ді дамытуға мүмкіндік ала ала-

ды. Үшін шіден, аталған мемлекеттер осындай 

мей  рам дарда  ұлттық  патриотизмді  сыртқы 

сая си қатынастардан да жоғары қойып, ел дің 

ру хани серпілуіне септеседі. Біз тоғыз күн бо-

йы шекараны жауып, төл жаңа жылымызды 

той ласақ, осы үш айтылған жайттың сыртында 

да біраз жетістікке жеткен болар едік. Мысалы, 

«Нау рыз ме рекесі осы уақытқа дейін қаң тар-

дағы Жаңа жылдың көлеңкесінде қалып қой-

ды» деген пікірді жиі айтамыз. Біз шекараны 

жа уып, тік тұрып құрмет көрсету арқылы, бі-

рін шіден, бұл пікірдің күлін көкке ұшы рып, 

ұлт тық сипаттағы мемлекет құруға бет ал ға-

ны мызды көрсетер едік. Екіншіден, әр мей-

рамда шетелдің өнерпазын шақыртып, қар-

жыны аямайтын әкім-қаралар, қал 

талы 


аза маттар  ойланар  еді.  Өз  мә де ние ті міздің 

ты н ысын ашуға жол ашылар-ды. Үшін шіден, 

екі күн артық демалар болса, ше телге шығуға 

құ мартып тұратын «шіріген бай лар» өзіміздің 

ел дегі туристік орын дар ға барып, бізде де ше-

телдікімен пара-пар ғаламат жерлеріміз бар 

еке ніне тұшынған болар-ды. Төртіншіден, ше-

тел ден ағылып жатқан сансыз мемлекеттердің 

азаматтары қа 

зақтардың ұлттық мерекеге 

деген құр ме тіне сүйіспеншілікпен қарар-ды. 

Бе сін шіден, көптеген мемлекеттер тойлайтын 

«көктем мерекесін» әлемге біздікі ретінде 

дәлелдеп, Әз-Наурызды шекарасын жауып 

той лайтын тұңғыш мемлекет ретінде тарих 

бетінде қатталып қалар едік. 

 

СІЗ НЕ ДЕЙСІЗ?

Нәбижан МҰХАМЕТХАНҰЛЫ, тарихшы:

– Әр халықтың өзіне тән ұлттық ме-

рекелері болады. Қытайдың жаңа жы лы 

дәстүрлі күнтізбе бойынша есеп 

теледі. 

Олар жаңа жылын 15 күн той лайды. Қа-

зір гі Қытай Халық Рес пу бликасы сол 15 

күн нің жеті күнін ресми демалыс күндері 

ре тінде белгілеп, ха лықтың жақсылап той-

ла уына мүмкіндік жа саған. Осы жайтқа 

қа рай отырып, біздің Наурыз мерекесін де 

ұлт тық дең гейге көтеру керек деп ойлай-

мын. Қы  тай дағыдай шекараны жауып, қа-

уіп сіз дік ті  кү шейтіп,  халықтың  алаңсыз 

той 

ла 

уына жағдай жасауымыз қажет. 

Екіншіден, БҰҰ-ы мойындаған мерекенің 

мерейі өсуі үшін, Наурызда өз-өзімізге 

жылдық есеп бе ріп, мемлекеттік шаралар, 

мем ле кеттік  ма рапаттаулар  өткізілсе  деп 

ой лаймын. Ше караны жауып тастау деген 

кезде бұ қара дереу қауіпсіздікті ойлайды. 

Қытай өз гелерден қауіп кү те тін ел емес. 

Бұл – ше ка рашылардың жұ мысын азайту, 

халықпен бір ге той лауын қамтамасыз ету 

мақсатында жа  салып жатқан шаруа. Осы 

арқылы  қы тай  лар  бұл  мерекеде  ішкі 

туризмді да мы ту ға баса назар аударады. 

Біз де осындай ке шенді шаруаларды қолға 

алуымыз қа жет. 

Тұрсын ЖҰРТБАЙ, жазушы: 

– Қазір қазақтың ұлттық мерекесінің 

қадірі жоқ. Мәселен, қаңтардағы жаңа 

жыл ға дайындық желтоқсаннан бас талады 

ғой. Ал биылғы наурызда қай қалада, қай 

облыста ауыз толтырып айтарлықтай 

дайындық бар екенін өзіңіз айтыңызшы. 

Тек Оңтүстік Қа зақ стан облысы ғана төл 

ме рекемізді 14 наурыздан бастап тойлап, 

ұлт тық ша ралар өткізіп жатыр. Меніңше, 

Шым  кент қаласы секілді барлық об лыс та-

рымыз наурызға баса назар ау дарғанда 

ға на «Бұл мейрамды ше ка раны жауып тас-

тап тойлайық» деген мәселені көтере ала-

мыз. Олай болмай, бұл идеяға дәметуге 

бол майды. 

НЕГЕ ТОҒЫЗ КҮН?  

Сөз соңында «Неге тоғыз күн тойлау ке-

рек?» деген мә селеге келсек, қазір кез келген 

бәй 


 

шешектей құлпырған аруларымыз бен 

«тұлпар көңіл» жігіттеріміз келер жылдан жақ-

сылық күтіп, шапқылап жүр. Олардың көңіл 

кү йіне қарап, бағзы замандағы «отыз күн 

ойын, қырық күн тойын» той лай тын тойшыл 

қа зақ тың бет-бейнесі, кес кін-келбеті көз ал-

ды ңызда көлбеңдегендей бо лады. Бірақ на-

рық тық қоғам диірменінің шыр айналған та-

сының үстінде жүріп, күнкөрістің ұршығын 

иір ген бүгінгі исі Алаш баласына «отыз күн 

ойын» ойнау артықтық етері сөзсіз. Сондықтан 

да осы бір қалыптасқан сөз тіркесті «он күн 

ойын, тоғыз күн тойын» жасапты деп сәл өз-

ге ріс енгізетін кез келген сияқты. Яғни бізге он 

күн ойын мен тоғыз күндік той да жетіп жа тыр.



5 млн-ға тақаған қа зақ-

стандық жастардың тең 

жар тысына жуығын ауылдағы 

өскелең құрайды. Ендеше, 

елде қоға алынған мемле кет-

тік жастар саясатынан, әсіресе 

ауыл жастары шет қалмауы 

шарт. Кеше Мәжілістің жалпы 

отырысында депутат Ба қыт-

бек Смағұл дәл осы ауыл 

жастарының мәселесін 

кө те ріп, Білім және ғылым 

ми нистрінің атына сауал 

жо л дады.

Басы 1-бетте

САУАЛНАМА



САУАЛНАМА

Наурыз сайын сотталғандарға рақымшылық 

жасау үрдісін енгізген жөн бе?

Мерекені отшашумен қарсы алу керек пе?

Рамазан САРПЕКОВ, ҚР Парламенті Мәжілісінің 

депутаты:

– Рақымшылық белгілі бір айтулы күнге, мем ле кет-

тегі айғақты бір кезеңдерге, мемлекет өміріндегі ұм ы-

тылмас мерейлі шақтарға байланысты жарияланып 

тұ рады. Оны заң шығарушы Парламент ұсынып, Ел ба-

сы мыздың Жарлығымен жүзеге асады. Мәселен, Тә-

уелсіздігіміздің 20 жылдығында жарияланды. Бұл – 

біз де ғана емес, дүниежүзінде бар үрдіс. Егер ұлттық 

ме рекеміз – Наурыздың елімізде тойланып келе жатқанына дөңгелек күн бо-

латын болса, мәселен, 100-150 жыл немесе одан да көп айтулы жылдармен 

сәй кессе, неге рақымшылық жарияламасқа? Бұл – заң шығарушы органның, 

Үкі мет пен Елбасының құзырындағы мәселе. Егер ұлттық мерекеміздің ма ңы-

зын арттырып, оның құндылығын жоғарылатамыз десек, онда наурыз айында, 

ен ді жыл сайын болмаса да, айтулы кезеңдерде сотталғандарға рақымшылық 

жа саудың еш сөкеттігі жоқ деп есептеймін. Кеңес дә уі рінде Ұлы Қазан со циа-

листік төңкерісі күні, тіпті Ле нин нің туған күнінде де рақымшылық жа рия лан-

ған. 

Ирак ЕЛЕКЕЕВ, қоғам қайраткері:

– Өзіміз Тәуелсіздігіміздің 20 жылдығы кезінде, 

яғни жа қында ғана рақымшылық жасадық. Оның өзін-

де де ел ара сында үлкен дау туды. «Рақымшылыққа 

тек дө кей лер ғана ілініп, ал қарапайым жандар абақ-

ты дан шық пай қалды» деген секілді неше түрлі шу 

шықты. Ра қым шы лықты тек үлкен тарихи маңызы зор 

күндерге бай  ланысты жасау керек. Әрине, қазақтың 

Жаңа жылы – Нау рыз қарсаңында рақымшылық жа-

рия лауға бо ла ды, бірақ оны әр жыл сайын жасай берсек, онда абақтыда қыл-

мыс керлер тіптен азайып кетпей ме? Бұл қоғам дамуына кері әсер ететіні сөз-

сіз. Одан да Нау рызда азық-түлік бағасын арзандатуға, қарапайым халыққа 

қолжетімді етуге күш салайық. Халыққа пайдалы жағын ойлайық. Әйтпесе 

қазір барлық тауарлардың бағасы қымбаттап кетті. Тіпті мереке күндері көжеге 

қосатын түрлі дәнді-дақылдар, дастарқанға қоятын тәттілер, өрік-мейіздердің 

бағасы аспандап кетеді. Одан да осы мәселені шешуге тырысайық. Ал жыл 

сайын қылмыскерлерге рақымшылық жасаудың не қажеттілігі бар? 

Кәрібай ТАСШАБАЕВ, заңгер:

– Наурыз – біздің ұлттық мейрамымыз. Бүкіл исі 

мұ сыл ман елдерінің қаншама жылдардан бері тойлап 

келе жатқан ең үлкен ұлық мерекесі. Оның үстіне еліміз 

дербес, азат ел. Наурыз мейрамы мемлекеттік мереке 

болып табылады. Мен осындай Ұлыстың ұлы күні Пар-

ламенттің сотталғандарға қатысты рақымшылық жа-

рия лауын ұсынар едім. Ең болмағанда соттал ған-

дардың мерзімін қысқартып, ал жеңіл жазамен 

абақ   тыға тоғытылғандарды шартты түрде соттап, бостандыққа шығарғанын 

дұрыс деп есептеймін.

Жанат СЕМБАЕВ, Алматы облыстық ТЖД 

баспасөз қызметінің жетекшісі:

– Әрине, отшашудың мерекелік кө ңіл күй сый-

лай ты ны рас. Алайда оның қауіптілігін де ескерген 

жөн. Жа ңа жыл мерекесінде пиротех никаны қол-

данып, далада қар, жер ылғалды болса да өрт оқи-

ғалары орын алып жа тады. Ал наурызда бұл қауіп 

бір неше есеге арта ды. Се б ебі күн ысып, жер құрғап 

от жылдам тұтануы ық ти мал. Сондықтан бұл ұсы-

ныс ты қолда маймын. Мысалы, биыл Шымкентте пиротехникалық зат-

тар сақталған ба зар дың қоймасы өртеніп, адамдар жапа шекті. Бір 

Ал  маты қа ла сының өзінде 15 адам күйіп қалды. Тіпті ара сында мүгедек 

бо лып қалғандары да бар. Сондықтан от шашуды пай да лан баған жөн 

деп санаймын.   

Нұрлан ӨТЕШОВ, ҚР Білім және ғылым 

министрлігі Жастар ісі жөніндегі комитетінің 

төрағасы:

– Наурыз мерекесін отшашумен қарсы алу – ол 

әр кім нің өз қалауы. Сондықтан оған терең мағына 

беріп, на зар аударудың қажеті жоқ. Бұл мерекені 

отшашусыз да керемет етіп өткізуге болады. Наурыз 

көне заманнан бері тек күндізгі уақытта тойланып, 

күн батқанша ғана ме рекеленген. Ал отшашу түннің 

бір уағында атылады. Нау рыз сөзінің мағынасының өзі «жаңа күн» 

дегенді біл діреді емес пе? Бұл күнгі орындалатын салт-дәстүр, ырым-

тыйымдарымыз да күнмен байланысты. Сол се беп ті отшашуға жаңалық 

ретінде қарау орынсыз деп есеп теймін. Еліміздің экономикасы да 

отшашудан көп пай да көре қоймас, одан да халқымыз сол пиро тех ни-

каға кететін қаржысына пайдалы зат сатып алсын.

Ахмет ДҮЙСЕНБАЕВ, психофизиолог:

– Отшашу – Еуропа халықтарының салты. Жеке 

ба 

сым отшашуларға Қытайдың айдаһарлары 

іспеттібөтен елдің дәстүрі ретінде қараймын. Ба тыс-

тың бізге жат дү ние лерін енді ұлттық мей ра мы-

мызға енгізсек не болмақ? От шашу Наурыз ме ре-

кесін насихаттамайды, керісінше, біз бөтен ғұрыпты 

өзі міздің  ұлттық  құнды лық та ры мызбен  ара-

ластырып, тіпті соңында ұлы мерекені ұлық тау дан 

ада қалуымыз мүмкін. Одан да кіршіксіз көне дәстүр ле рі мізді сол қал-

пын да сақтап, одан әрі көркейтуге атса лы сайық!


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   21




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет