Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет23/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
187 
ордендер  мен  медальдарға  толы  фотосуретін  көреміз.    Бұл  шындық!  Себебі 
қазақ  халқының  70%-дан  астамы    соғысқа  қатысқан.  Днепрден  өткені  үшін 
Кеңес Одағының Батыры атағын алғанда Жәнібек Елеусізов бар болғаны 18 
жаста  екен.  Неткен  ерлік?!  Неткен  жанқиярлық?!  Ал  менің  құрдастарым, 
кейбір жастар бейбіт күнде ерлік жасау мүмкін емес деп өзеурейді.Соғыстың 
өткеніне 70 жылдай уақыт болып қалды. Әйтсе де айтылар шындық көп. Қазақ 
халқы  үшін  фашистердің  ордасы  –  Рейхстагқа  ту  тіккен  бірінші  адам,  ол  – 
батыр Рақымжан Қошқарбаев! Сол үшін ол кісінің рухына тағзым етеміз! 1999 
жылы 7 мамырда Елбасы Н.Ә. Назарбаев Рақымжан Қошқарбаевқа еліміздің 
ең жоғары наградасы – «Халық қаһарманы» атағын беру туралы Жарлыққа қол 
қойып, ерлікке тағзым етті. 
 Орыстың  атақты  қолбасшысы  А.В.  Суворовтың:  «Қаза  тапқан  соңғы 
орыс  солдаты  жерленіп,  құрметке  ие  болғаннан  кейін  ғана  соғыс  аяқталды 
деуге  болады»деген  сөзінің  соғысқа  аттанған,оралмаған  әрбір  қазақ 
жауынгерінің  тағдырына  да  қатысы  бар  тәрізді.  Менің  қолымда  Қызылорда 
облысынан  соғысқа  аттанып,  хабар-ошарсыз  кеткен  жауынгерлерді  еске 
түсіруге арналған «Боздақтар» аза кітабы отыр. Кітапта майданнан жазылған 
хаттарда  бірде-бір  сарыуайымға  салынушылық,  қорқыныш  сарыны 
байқалмайды,  қайта  ерлік  пен  қаһармандықтың  жаңғырығы  жеткендей.  Біз 
Жеңіс  күнін  жақындатқан,  қара  түнек  фашизмге  қарсы  жан  аямай  күрескен 
әрбір жауынгерге қарыздармыз. Тірілерге құрмет көрсетіп, қаза болғандарды 
риясыз еске аламыз.  
Ұлы Отан соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен ажырағысыз 
және бір-бірін толықтыра түседі. Ұлы Жеңіс біздің халқымыздың орасан зор 
құрбандықтарымен  келген  қасіретті  арифметикасы.  Бір  нәрсе  ғана  ақиқат. 
Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір қадамы, Жеңісті жақындата түскен әрбір 
күні ұмытылмайды. Өйткені, ерлік шежіресі ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі 
боларлық сабақ. Қазіргі күнгі әлемдегі ең басты проблема да ортақ үйіміз  – 
Жер  шарын  соғыс  өртінен  сақтау,бейбітшілік,  аймақтық  соғыстарға  жол 
бермеу,терроризмге қарсы күрес және дінаралық, ұлтаралық қақтығыстарды 
болдырмау. Біз соғысты көрген жоқпыз. Кинофильмдер мен көркем, тарихи 
әдебиеттерден  алған  деректеріміз,  аға  ұрпақтың  әңгімелері  мен  естеліктері 
арқылы оның қаншалықты қайғы-қасірет әкелгендігін білеміз. Бір емес, жүз де 
емес,  миллиондаған  адамдардың  өмірін  қиған,  баланы  әкеден,  анасын 
баласынан айырған сұм соғыс енді болмасын! 
Өтегенов Сақтапберген 
10 сынып, М. Горький атындағы №16 орта мектебі 
Қазалы қаласы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Баядилова Г. 
 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
188 
Ел бақыты үшін ерлік көрсеткен 
Сен құрметте оны! 
Түсіндің бе, қарағым?! 
Ол ақшаға сатқан жоқ
Тізеден кесіп аяғын. 
Еріккеннен де ұстап жүрген жоқ, 
Қолтықтағы ұзын таяғын. 
Сен құрметте оны! 
Түсіндің бе, қарағым?! 
Сенің келешегің үшін берді ол 
азаттық жолда аяғын! 
Әбу Сәрсенбаев 
Адамзат тарихында қанқұйлы қайғы – қасіретімен аса ауыр із қалдырған 
екінші дүниежүзілік соғыстың аяқталғанына да 70 жыл толғалы отыр. Сонау 
сұрапыл басталған шақта дүниеге келген сәбилер де жетпісті еңсерген ата мен 
әжелер.  Әйтсе де 9 мамыр күні, Ұлы Жеңіс күні, сол қасіретті жылдарды еске 
түсіреді.  Бұл  соғыста  қаншама  әйел  жесір,  қаншама  балалар  жетім    болса, 
аналар  ұлдарынан айырылып соғыстың отына шалынбаған отбасы қалмады.  
Ер есімі – ел есінде. Қан майданда мұз жастанып, қар жамылып, ажалмен 
арпалысып,  таңғажайып  ерлік  жасап,  бабалар  ерлігін  қайталаған 
майдангерлердің еңбегі ұшан – теңіз! 
Ел ерімен еңселі екені, елім деп туған ерлердің есімі ешқашан елеусіз 
қалмайтыны,  халық  ондай  ұлдарын  жыр  –  аңызға  айналдырып,  төбесіне 
көтеретіні, өшпес ерлігін ауыздарынан тастамайтыны ақиқат. Міне, осындай 
қазақтың  өр  ұлдарының  бірі  деп,  халқының  адал  перзенті  бола  білген  ,өз 
атамды, Сағындық Сейітқазиұлы Өтегеновті атауға болады.  
Менің  атам  1925  жылы  Дихан  колхозында  дүниеге  келген.  Ұлы  Отан 
соғысына  1942  жылы,  Арал  ауданы,  Қаратерең  ауылдық  советі,  Шевченко 
колхозынан  аттанған.  Алғаш  Самарқан  облысында  6  айлық  әскери  даярлық 
курсынан  өтіп,  1943  жылы  қыркүйек  айында  Украина  майданы  құрамында 
Воронеж қаласын азат еткендердің бірі. Атам минаметщик болған. Сол кезде 
бірінші  рет  жарақат  алып,  Таганрог,  Ростов  қалаларында  госпитальда 
емделген. Одан соң қайта майданға пулеметщик болып араласқан. 1944 жылы 
Кривойрог деген жерде кескілескен соғыста снайпер оғынан  өкпесінен екінші 
рет жарақат алып, Днепропетровск қаласындағы госпитальда 6 ай емделген. 
Тәуір болып, 37- ші танк дивизиясының құрамында соғыс жолын мин іздеуші 
болып  жалғастырған.  Сол  кездері  Румыния,  Болгария,  Қара  теңіз,  Барна, 
Бургас қалаларын көрген. Бірақ әуе шабуылына тап болып, тағы да жарақат 
алған.  Бұл  жолы  Одессадағы  госпитальға  түскен.  1944  жылдың  аяғында 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
189 
денсаулығына  байланысты  әскер  қатарына  жарамсыз  болса  да  Мәскеудегі 
айрықша  атқыштар  бөлімінің  батальонында  болып,  соғыс  біткенде 
ауыстыратын адам болмай, 1947 жылдың 4 ақпанында ғана жарлықпен елге 
қайтқан. 
Әскери  өмірді  аяқтап,  бейбіт  өмірдегі  еңбек  майданына  араласып  та 
кетті.  Қазалы  ауылшаруашылық  техникумында  мұғалім,  электрик, 
құрастырушы  болып  бірнеше  қызмет  атқарып,  зейнеткерлікке  шыққан.  Ата  
көбінесе  соғыс  туралы  еске  ала  бергенді  ұнатпаушы  еді.  Себебі  қанды 
соғыстың  сұрапыл  жылдары,  қыршынынан  қиылған  жастардың  өмірі,  жан 
түршігерлік  өткен  күндердің  естеліктері  күндіз    -  түні  мазалайтын.  Десе  де 
атамнан  ананы  –  мынаны  сұрап  маза  бермейтінмін.  Сондай  бір  күндері 
атамның мына оқиғаны тебірене айтқаны есімде қалыпты. 
...Ол  жерде  кескіліскен  соғыс  болды.  Екі  рет  немістерді  қуып  шығып, 
кері шегіндік. Себебі немістерді селодан қуып шыққанмен, жазықта олардың 
танкілері,  екінші  қатарда  жаяу  әскері  күтіп  тұрды.  Оның  үстіне  самолеті 
ойқастап, аспаннан оқты жаудыртып жатыр. Біздің артымызда я артиллерия, я 
танк, я катюша жоқ. Соңғы үшінші күні қара құрттай самолет дегенді үйді. Бір 
адам  болса  да  төбеңнен  қуып  жүріп  оқты  жаңбырша    септі.  Содан  тым  – 
тырақай әркім өз басын сауғалай артта қалған деревняға қарай қашты. Әуелі 
құдай, екінші бабаларым жар болды ма, әйтеуір аман- сау деревняға жеттім. 
Кешкілік кім бар, кім жоқ деп қарастырғанымызда батальоннан бес-ақ адам 
қалыппыз. Бір жерден хабарлаған ба, бесеуімізді бір офицер келіп, бөтен жаққа 
алып кетті,-деп еске алды атам. Тағы бірде атам: 
– Снаряд  ойған  қазаншұңқырда  жатсақ,  тағы  бір  снарядтың  тура
пулеметшінің үстіне түскеніне қайран қалдым, сондағы 5-6 жауынгер дін аман 
болып, мен жарақат алдым. Осындайда Бауыржан батырдың: «Қаңғыған оқтан 
сақта!» дегені есіме түсті, - деді. 
Атамның  ерлік  жолындағы  ерен  еңбектері  ескеріліп,  екінші  дәрежелі 
«Отан  соғысы»  орденімен,  «Жеңістің  25,40,50  жылдығы»,  «СССР  Қарулы 
Күштеріне  –  60,70  жыл»  мерекелік,    «Маршал  Г.  Жуковтың»  естелік 
медальдарымен, «Соғыс ардагері» белгісімен марапатталды.  
Атам Нәзуша әжем екеуі 56 жыл өмір сүріп, өмірінің жалғасы 10 баладан 
29 немере, 6 шөбере сүйіп, менің әкем Ерболаттың қолында болды. Әкемнен 
басқа  Шымболат,  Гүлзипа,  Нұрила,  Ақзипа,  Гүлнар  сынды  балалары  бар. 
Олардың әрқайсысының өз отбасылары, мамандықтары бар.  
Сағындық атамның: «Келінім Алмагүл менің жағдайымды жасап, қас – 
қабағыма  қарап  отыр.  Айналайындарым  менің!»  -  деп,  анама  ризашылығын 
білдіріп отыратыны есімде.  
«Біз көрген соғысты бүгінгі ұрпақ көрмесін. Егемен еліміздің жастары 
аман болып, еліне адал қызмет етсін, ұрпағым аман болсын!» - деп тілейді, ата. 
Біздің 
аталарымыз 
бен 
әкелеріміздің 
батырлықтары 
мен 
жанқиярлықтары,  олардың  өз  Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
190 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл 
– бірнеше  ұрпақты  байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен  ұлттық
қайта  өрлеуінің  жоғары  адамгершілік  негізі.  Жеңіс  күні  –  абыройымыз  бен 
даңқымыздың  мерекесі.  Табандылық  пен  ерлік,  Отанға  деген  сүйіспеншілік 
қатал соғыста Жеңіске жеткізді деп ойлаймын. 
Қазалы  топырағы  –  ерлікке  де,  өнерге  де    бай  өлке.  Орта  Азия 
жастарының жалынды жетекшісі – Ғани Мұратбаев – мен білім алатын № 16 
орта мектептің түлегі.  Өнер иелері – Роза Бағланова, Мәдина Ералиева сынды 
тұлғалар  дүниеге  келген.  Роза  апамыз  –  «Халық қаһарманы»  атанып,  еңбегі 
жанған адам. Мен Қазалы ауданында тұрамын. Мен тұратын ауданның өзінен 
кешегі қанды соғыс кезінде  бес бірдей «Кеңес Одағының батыры» шыққан. 
Олар: Түктібаев Үрмәш, Балмағамбетов Махаш, Шляпин Геннадий Фадеевич, 
Яков  Данилович  Михайлюк,  Счастнов  Владимир  Михайлович.  Осы  бес 
батырдың ішінде Шляпин Геннадий Фадеевич – біздің мектептің түлегі.  
Еліміз  тәуелсіздік  алып,  өз  іргесін  бекітіп,  жан  –  жағын  түгелдегелі 
халқымыздың  жағдайы  жақсарып  келеді.  Бұл  бейбіт  те  тыныш  заманды 
бабаларымыз  білектің  күшімен,  найзаның  ұшымен  қорғап  бізге  жеткізді. 
Бейбіт  заманда  «батыр»  атауы  да  өз  мағынасын  кеңейтті.  Қазіргі  уақытта 
«батыр» деп үлкен спорттық ареналарда елдің Туын биікке көтеріп, Гимнін 
асқақтата  шырқатқан    ұл-қыздарды  атап  жүр.  Әрине,  елдің  үмітін  арқалап, 
дүниежүзі халқының алдында абыройын асқақтату оңай емес. Ел үшін туған 
жандарды осылай атау заңды да. Осы орайда еліміздің мақтанышы, Лондон 
олимпиадасында әйелдер арасында бокстан алғаш рет өткізілген сайыста қола 
жүлдегер атанған  Вольнова Марина – біздің мектептің түлегі , еліміздің батыр 
қызы. 
 «Отансыз адам – ормансыз бұлбұл» деген екен дана халқымыз.Отанды 
қорғау,  елді,  жерді  сақтау  –  қашан  да  ерлердің  үлесіне  тиген  іс.  Алдағы 
уақытта  да  еліміздің  тыныштығы  сақталып  ,  сәбилердің  ұйқысы  бұзылмаса 
екен. 
Өтемұратова Ақниет 
9 сынып, №199 орта мектебі, Төребай би ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекші: Өсербаева А. Ә. 
 
Ешкім де, ешқшан да ұмытылмайды 
Мен соғысты көргенім жоқ, кеш  мені 
Қаралы жыл қасіретін  жырламадым  кеш келіп. 
Бірақ, мынау  мұң  танымас ұрпағыңның  өскені 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
191 
Емес пе ел жадында қанды жолдың өшкені. 
Мен  соғысты  көргенім  жоқ.  Мен  тәуелсіз  Қазақстанда    бейбіт  өмірде 
дүниеге  келдім.Соғысты  тарихтан  білемін.  Біздер  соғысты  кинодан  көріп, 
кітаптан  оқып  білеміз.  Көзімнің  алдына    С.Мұратбеков  атамыздың  «Жусан 
иісі» әңгімесі есіме түссе, әкесі соғыстан қайтпаған кішкентай Аянның өксігі, 
әйелдер  мен    жас  балалардың  күні-түні  жұмыс  істеуі,  аштыққа,  суыққа  
қарамай  еңбек  жасауы, көзге елестейді, қайран қалдырады. Балалық  шағы  
соғыс жылдарымен тұспа-тұс келген, аталарымызбен  әжелеріміз көздерімен 
көрген, неше алуан оқиға  көріністерін  қинала әңгімелеп  бергенде, менің  көз  
алдымда бір заманда болған ертегі  көріністері  елестейді.     
Биыл  –  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына  70жыл.  Соғыс  өзінің 
сұмдықтарын  бүгінгі  күнге  дейін  ұмыттырар  емес.  Сол  жылдар  жаңғыры 
адамзат жүрегін әлі сыздатуда. Бүгінгі өміріміз үшін құрбан болған соғысқа 
қатысқан  аталарымыз ешқашан естен шықпайды, ұмытылмайды. Соғыс-адам 
басына келген  қайғы, мұң. 
Бұл  –  алапат  1941  жылы    22  маусымда  басталған.  Ұлы  Отан  соғысы 
адамзат  баласына  үлкен  қасірет  әкелді.  Соғыста  миллиондаған  адамдардың 
өмірі қиылды. Сол бір сұрапыл жылдары қазақ халқы өзінің  отанына, жеріне 
деген  патриоттық  сезімін,  намыстық      халық      екенін    дәлелдеді.  Отанын 
жаудан қорғау үшін көп ұлтты Кеңес Одағы халықтарының ішінде қазақ халқы 
ерекше  ерліктерімен  жауға  қарсы  тұрды.  500  ден  аса  жерлестеріміз,  оның 
ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. Аты  аңызға айналған 
Бауыржан  Момышұлы атамыз, батыр қыздар Мәншүк пен Әлия,Рейхстагқа 
жеңіс туын тіккен Рақымжан Қошқарбаев, ұшқыш қыз Хиуаз Доспанованың 
ерліктерін неге ұмытамыз?! Бұлар біздер үшін үлкен мақтаныш!      
Елбасымыз  айтқан:  «Сыр  –  алаштың  анасы»  атанған    Қызылорда 
облысындағы,  Қармақшы  ауданы  менің  туған  жерім.  Ал  туған  жер  адам 
баласы үшін ең тамаша, ең таңғажайып киелі орын. Осы киелі топыраққа өз 
жанын  берген  бабаларымыз  бен  аталарымыздың  ішінен  Кеңес  Одағының 
батыры  атағын  алған,  туған  жерімнің  батыры  Тәйімбет  Көмекбаев  атамды 
мақтанышпен    айта  аламын.  Біздің  мектебіміздегі    «Ер  есімі  –  ел  есінде» 
тақтасында атамыз жайлы суретермен  деректер  ілулі тұр. 
Тәйімбет  Көмекбаев  1896  жылы  Қызылорда  облысының  Қармақшы 
ауданындағы  №10  ауылда  туған.  Ұлты    қазақ,  КПСС  мүшесі  1941  жылғы 
қазанда  ол  Отанды  қорғаушылар  қатарына  қосылды. 128-Псков атқыштар 
полкінің  5-атқыштар  ротасының    бөлімше  командирі  кіші  сержант  
Көмекбаевқа  1945 жылғы 10 сәуірде  Совет Одағының Батыры   атағы берілді. 
Тәйімбет  Көмекбаев  соғыстың  басынан  аяғына    дейін  барлаушылар 
бөлімшесін  басқарды.  Бұрынғы  жылқышы    бір  көрген  жерін  есте  сақтай 
алатын,жыртқыш құстың әдет – қалдығын білетін, ол  қырандай қырағы еді. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
192 
Тәжірбиелі  солдат,  ол  атқыштар  қару-жарағының  қай  түрін  болса  да  жақсы 
білетін. Ұрыста епті де батыл.     
1943 жылдың басында Тәйімбет Көмекбаев өзінің жерлестері Сарыбаев 
пен  Жарқынбаев  үшеуі  фашист  әскерлерінің    штабына  кенеттен  шабуыл 
жасады.  Олар  дивизия  штабына  олжа ретінде  12  солдат  пен  2  офицер  алып 
келді.  Познань  қаласының  түбінде  Көмекбаевтың  барлаушылары  жаудың 
нығайтылған  бекінісіне  батыл  шабуыл  жасады.  Совет  жауынгерлерінің 
кенеттен  пайда  болуы  жау  жағын    састырды.  Жаудың  37  солдаты  менг  2 
офицері  біздің  барлаушыларға  ұрыссыз  берілді.  Тәйімбет  Көмекбаев  1945 
жылғы    қысқы  шабуыл  ұрыстары  кезінде  ерлікпен    батырлық  көрсетті.  Ол 
бірінші болып Глейвиц қаласына кірді. Колховица қаласына  шабуыл жасалған 
кезде жаудың атыс ұясын талқандаған. 
1945  жылғы  6  февральда  Көмекбаев  Одерден  алғашқы    өткендердің 
қатарында    болып,  өзеннің  оң  жағалауындағы  Эйхиринд  елді  пунктінің 
маңындағы плацдармды ұстап тұрды. Ұрыста ол жаудың  бес қарсы атакасына 
тойтарыс  берді. Түнде ер жүрек жауынгер шабуыл жасаушы  топты бастады. 
Бриг  қаласының  кіре  берісінде    жаудың  станокты  пулеметінің  расчетын 
жойды.  Көмекбаев  қала  үшін  болған  ұрыста    60  фашист  басқыншысын 
жайратып, 12 адамды қарусыздандырды да тұтқынға алды. 
1945 жылғы 8 февральда Ванзен қаласы үшін болған ұрыста жаудың 7 
қарсы атакасына тойтарыс берді. Совет жауынгерлері өздерінің алдын  – ала 
орналасқан позиясын қорғап, бір қадам да шегінбеген  екен. 
Атамды   ауылдастары  мақтан  тұтып әңгімелейді, құрмет тұтады. Біз 
бүгінгі ұрпақ соғысқа қатысқан аталарымыз  бен тылда аянбай еңбек еткен, 
аналарымыз    бен    бүгінде  ақ  сақалды    атаға  айналған,  сол  кездегі 
жеткіншектердің еңбегі мен ерлігін кітаптар мен баспасөз беттерінен, мектеп 
оқулықтарынан  оқып  біліп  жүрміз.  Осы  кезде  ойыма  6  сыныпта  апайымыз 
жатқа  айтуға  берген,  Әбу  Сәрсенбаев  атамыздың  «Сен  құрметте  оны!» 
өлеңінің  жолдары  еріксіз  ойыма    оралады,  оны  қайталап  айта    бастағанда,  
жүрегім  дүрсілдеп,  денем  шымырлап  қанымда  патриоттық  сезімдер  күшие 
түседі. 
Сен құрметте оны! 
Түсіндің бе, қарағым?! 
Ол ақшаға сатқан жоқ, 
Тізеден кесіп аяғын. 
Ерікеннен  де ұстап жүрген жоқ, 
Қолтықтағы ұзын таяғын. 
Кешегі елге  қатер төнгенде 
Ол жауға қарсы шапты, 
Бізді жалмақ болған ажалды 
Өр кеудесімен қақты 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
193 
Ол арыстанша алысты, 
Өлім соққысын өз үстіне алды. 
Денесін оқ пәршелесе де, 
Ел намысын қорғап қалды. 
Сен құрметте оны! 
Түсіндіңбе қарағым?! 
Сенің келешегің үшін берді ол 
Азаттық жолда аяғын! 
Міне, ата-бабаларымыз  сыйға татқан бақытты өмірімізді қорғау – әрбір 
саналы азаматтың, біздердің борышымыз. Қан мен тер,қиылған өмір арқылы 
келген  бостандық  –  тарихи  шындық.  Бүгінгі  өміріміз  үшін  құрбан  болған 
ерлеріміз      ешқашан  да,  ешуақытта  естен  шықпайды,  ұмытылмайды.  Біздер 
соғыстың, оның сұмдықтарының, сол кезде біздің өміріміз үшін жанын қиған 
ардагерлерімізді ұмытуға қақымыз жоқ. Барлығын есте сақтауға міндеттіміз. 
Аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз бұзылмасын, ата-анамыз әрқашан 
қасымызда болсын!-деп тілеймін. 
Өтетілеу Сымбат 
5 сынып, № 250 мектеп-лицейі Жосалы кенті, 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Алтруова А. Ә. 
Бейбіт күні жасасын әлемде! 
Бейбіт күні жасасын әлемде ! 
Жеңіс келді далама
Жеңіс келді қалама, 
Жеңіс келді әке боп 
Елдегі көп балаға. 
Менің  Отаным  –  тәуелсіздігін  алған,  егеменді  ел  Қазақстан  екеніне 
мақтанамын, осы жерде дүниеге келгеніме қуаныштымын.  
Қазақ  елінің  тарихына  сүңгіп  бойласақ,  небір  оқиғаларды  көзімізбен 
көргендей боламыз. Қазақ елі қабырғасын кеңге жайған, қабырғалы ел. Оның 
шұрайлы  жерлері,  сылдырап  аққан  бұлағы,  ақбас  ала  таулары,  оның 
баурайынан  ағып  шыққан  өзен-көлдерінің  өзі  дертке  шипа,  жүрекке  дем 
береді. Тәуелсіздік бізге оңайлықпен келген жоқ. Азаттық жолында қазақ елі 
басынан небір жорықтарды өткізген, батыр да өжет, қайсар ел.  

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
194 
«Отан оттан да ыстық»,-деген қазақта дана сөз бар. Сол  сөздің астарына 
үңілсек  тыныш  бейбіт  өмір  сүріп  жай  жатқан  елдің  төбесіне  сұрапыл    бұлт 
қаптап, «Соғыс» деген өрт төнді. Ел басына күн туған кезде «Отан үшін, ел 
үшін»  деп    еңкейген  кәріден  бастап,  еңбектеген  жасқа  дейін  Отанының 
азаттығы  үшін  күресті.  Міне,  сөйтіп  тарих  бетіндегі  ақ  парақтарымыз 
сарғайып,  қайғы  мен  мұң,  азап  пен  зар  жылдарына  айналып,  бүгінгі  таңда  
ұмытылмастай    мәңгі  бақи  жадымызда  жатталып  қалғандығын  байқаймыз. 
Біздің ата-бабаларымыз нағыз ер-азаматтар. Өйткені олар ешкімнен қорықпай, 
болашақ ұрпақ үшін қан төккен.  
Қазақ ел басына күн туғанда толарсақтан саз кешетін жауынгер халық. 
Ұлы Отан соғысының қатпарлы парақтарына көз жүгіртсек, қазақтар  қанды 
қырғында қаймықпай соғысып, Отанын жаудан азат етуге бар күш –жігерлерін 
жұмсаған.  
Ерен ерлерімізбен бірге елін қорғауға өжет, қайсар қыздарымызда жан 
аямай күресті. Олар: Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Мәметова.  
«Алтын  анам,  Отаным,  сенен  аяр  жаным  жоқ»  -дегендей  олар  нәзік 
жандар болса да бүршік атып, жапырағы жайқалып келе жатқан өз өмірлерін 
Отан үшін қиды. Олардың бұл ерліктері жеткіншек жас ұрпаққа үлгі болып 
қала  бермек.  Қазақ  елі  бейбіт  өмір  сүрсін,  бақытты  болсын,  ешкімге  құл 
болмасын,  еркіндікте,  азаттықта  өсіп-өнсін  деп  арман  еткен.  Міне,  қазір 
азаттықтың ақ таңы атып, Отаны үшін жанын қиған ерлеріміздің армандары 
орындалды.  
 Біздің  халқымыздың  тағы  бір  үлкен  батыры,  гвардия  полковнигі  
Бауыржан Момышұлы. Ол өз елінің адал да арлы ұлдарының бірі. Бауыржан 
ата өзі жайлы былай деп жырға қосқан: 
Мен де қазақпын жаралған сүйек –еттен, 
Мен де ар бар, мен де ой бар жан тербеткен 
Халқымның қарапайым бір ұлымын 
Жанымды арым үшін құрбан еткен –деген екен. 
Ақ  ниетті  адал  жандарды,  таза  жүректі  соғыс  өрті  жүректі  сыздатты. 
Талай  бала  әкесінен,  талай  ана  баласынан,  талай  әйел  сүйікті  жарынан 
айырылып  жүректері  қан  жұтты.  Осындай  шақтарда  әке-ағаларымыз  қиян 
кескі  соғыста  ел  үшін,  туған  жер  үшін,  ауылда  қалған  ана  мен  бала  үшін 
жандарын құрбан етті. Бірліктің, бауырластықтың арқасында жеңіске жетті. 
Арылтып жаудан жеріңді 
Табанға жаншып өлімді 
Жеңіспен желпіп өмірді 
Оралды ерлер еліне, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
195 
-дей  отырып,  жеңіс  туын  желбіретіп,  қандастарын  құрмет  тұтып  ер-
азаматтарымыз  жеңіспен оралған.  
Отанның  дегенін  жасау  –  қуаныш,  мақтаныш.  Отанға  деген  махаббат  
шексіз,  өлшеусіз.  Біз  елімізді  қорғаған  адамдарға  мәңгілік  қарыздармыз. 
Солардың  арқасында  ешкімге  тәуелді  емеспіз.  Кең-байтақ  елде  өмір  сүріп 
жатырмыз. Олардың ерліктері болашақ ұрпақ үшін мұра болып қалады. 
Отан  үшін  от  кешкен  қадірлі  қарияларымыздың  қатары  уақыт  озған 
сайын азайып бара жатқаны өкінішті.  
Неменеңе жетістің бала батыр, 
Қариялар азайып бара жатыр. 
Бірі мініп келместің кемесіне
Бірі күтіп әнеки, жағада тұр, 
-деп тебіренген Мұқағали атамыздың мұңында жұмырбасты пенде үшін 
теңдесіз құндылық ұрпақаралық қимастық, сыйластық сезімдері мөлдіреп тұр. 
Қариялар азайып бара жатқанын әсіресе олардың ортасында Ұлы Отан 
соғысынан аман оралған ақсақалдарымыздың саны жыл санап азайып барады 
емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен,  күшімен, 
ісімен,  ерлігімен,  атаның  туын  жықпай,  ананың  намысы  үшін  туған  жердің 
топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, туын 
жағып,жеңістің  таңбасын  басқан  күн  –  Жеңіс  күні.  Бұл  күннің  күндері  мен 
түндері,  сағаттары  мен  минуттары,  айлары  мен  жылдары  ащщы  болса  да, 
азаттықтың  ақ  таңын  зор  үмітпен  күткен  халқы  үшін  қуанышты  болған. 
Сондықтан да бұл Ұлы мереке. Оққа ұшқан қарулас жолдастарының аманатын 
арқалап, аман оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор 
болып оралған арттағы қалың елдің қамығып жеткен Жеңіс күнін, біз мәңгі 
бақи ұмытпауымыз керек. 
Қазірде  еліміздің  түкпір-түкпірінде  Ұлы  Отан  соғысына  қатысқан 
ардагерлеріміз  бар.  Ақсақалдарды  біздің  еліміздің  Президенті  Нұрсұлтан 
Әбішұлы Назарбаев құрметтеп, оларға тиесілі көмек көрсетеді.  
Әкелмесін ұрпаққа соғыс зардабын 
Көтерді ерлер соғыстың ауыр салмағын 
Даңқы өшпес батырлар мен ерлердің 
Әрқашанда ардақтаймыз біз есімін-дей отырып, соғыс зардабын шеккен 
қарияларымызды құрметтеп, есімдерін мәңгі есте сақтап, сыйлауымыз керек.  
Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» -
деген мақал бар. Жастар өз Отанының нағыз патриоты бола алу үшін үлкендер 
де  өз  соңынан  ерген  ұрпақты  дұрыс  тәрбиелеуі  керек.  «Отаным  маған  не 
бересің деп емес. «Отаным мен саған не бере аламын?» деп өсу керек. Сонда 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет