Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет25/31
Дата09.03.2017
өлшемі2,04 Mb.
#8624
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
205 
Сахибеков Ринат 
4 сынып, №199 орта мектебі Төребай би ауылы 
Қармақшы ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Шегебаева А. Б. 
Туған елдің тастүлегі – Бауыржан 
Көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап қасарған, 
Сендей қайсар перзент туу-әр әйелге бас арман. 
    М.Шаханов 
Біз  соғысты  көрген  жоқпыз,  бірақ  оның  алапат  жұтпен  тең  екенін 
сезінеміз.  Сондықтан  соғыс  жылдарында  Отаны  үшін  жанын  қиған 
батырларымызды  мақтан  тұтамыз.  Әрбір  адам  үшін  «Жеңіс  күнінен»  асқан 
мереке  жоқ.  Біз  неге  70  жыл  өтсе  де,  сол  сұрапыл  соғысты  ұмытпаймыз? 
Өйткені, соғыс салған жара әр жүректе әлі жазылған жоқ. «Ешкім де, ешнәрсе 
де ұмытылмайды» деген ұғым осыны аңғартады. Деректерге сүйенсек, Кеңес 
Одағы бойынша Ұлы Отан соғысы кезінде 50 млн адам шығыны болыпты. Біз 
кинофильмдерден,  суреттерден  қазіргі  өзінің  немересіндей  жас  қалпында 
өмірін қиған аталарымызды көреміз. Соғысқа Қазақстаннан 1 млн196 мың 164 
адам  қару  асынып  майданға  аттаныпты.  Соғыстан  өз  отбасына  410  мың 
жауынгер  оралмапты.  Отанын  қорғау  үшін  күрескен  қаншама  батырлар 
шығыпты.  Қазақстан  бойынша  497  адам  «Кеңес  Одағының  Батыры»  атағын 
иеленсе, оның 97 жауынгері қазақ екен.  
Соның бірі «Батыр» атағы 50 жыл кешігіп, тірі кезінде қолына  тимей, 
кеудесінде  «алтын  жұлдыз»  тағылып  жарқырамай  кеткен  батыр  атамыз, 
даңқты қолбасшы Бауыржан Момышұлы еді.  
Бауыржан  Момышұлы  кім  болған,  не  істеген  деген  сұрақ  мені 
мазалайды.  Ол  Жамбыл  облысының  Жуалы  ауданындағы  Мыңбұлақ 
ауылында  Момышәлі  қарттың  отбасында  4  қыздан  кейін  дүниеге  келген 
жалғыз ұл болған. Әкесі оның атын арабша «Баһурджаһани» деп қойған. Ол 
«пейіштегі гүл» деген мағынаны береді. Мен әжемнен «пейіш» деген не? деп 
сұрағанымда, адам бұл дүниеден озғанда алдынан «дозақ» пен «пейіш» күтіп 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
206 
тұрады,-деді. Біреуге жамандық, қастық істемеген, өтірік айтпаған, жауыздық, 
ұрлық  жасамаған  адамның  пейішке  баратындығын  түсіндірген  болатын. 
Бауыржан ата әжесі Қызтумастың аңыз, ертегі, жырларын тыңдап өскен. Ол 
өте  зерек  бала  атанып,  математикаға  жүйрік  болған.  Жаяу  бәйгенің  алдын 
бермегендіктен оны құрбы-құрдастары «Шаңтимес» деп атапты. 
Бауыржан  ата  бала  кезінен  құлынды  жақсы  көреді.  Оның  боз  құлыны 
болыпты. Өз қолымен көк шөп жегізіп, тақияға жем салып  беріп, шелекпен 
сүт  ішкізеді  екен.  Оны  «құрау-құрау»  деп  шақырғанда,  шауып  келген 
құлынның үстіне секіріп мініп, шаба жөнелетін.Ал, құрдастары оның соңынан 
жүгіріп, таң қалатын. Бауыржан құлынның кекілінен сипап: 
-Бұл – Тайбурыл, мен – Қобыланды батырмын!-деп мақтанатын. Сол боз 
құлын  ақ  боз  ат  болды,  бала  Бауыржан  аты  аңызға  айналған  атақты  батыр 
болды. Бір қызығы, Бауыржан ата майданда командир болғанда үнемі ақ боз 
ат мініп жүріпті. Ол 25 жыл өмірін әскер қатарында өткізіпті. Фашистермен 
207  рет  қанды  шайқасқа  кіріп,  5  рет  өлімнің  құрсауында  қалады.  Солдат  
шинелін  киіп,  барлық  халықтың  өкілдерімен  бірге  қан  майдан  ортасында 
жүреді.  
Оның даңқы 1941 жылдың қараша-желтоқсанындағы Мәскеу түбіндегі 
шайқастарда  шықты.  Сол  кездегі  майдан  газеттері,  орталық  басылымдар, 
Қазақстанның  бұқаралық  ақпарат  құралдары  өз  батальонымен  небір  қиын 
тапсырмаларды  орындаған,  алғы  шеп  командирінің  таланты  мен  ерлігін 
жабыла жазыпты. Сол уақыттарда майдан шебінде Бауыржан Момышұлынан 
асқан даңқты батальон командирі болмапты.Соғыстың алғашқы жылы Отанға 
қауіп  төнген  кезеңде  Бауыржан  Момышұлы  Панфилов  дивизиясының 
құрамында  Москваны  қорғау  жолында  Ленин,  Қызыл  Ту  және  Суворов 
орденді  8-гвардиялық  атқыштар  дивизиясының  батальон,  полк  командирі 
болады.  Одан  соң  9-гвардиялық  Қызыл  Тулы  атқыштар  дивизиясының 
командирі дәрежесіне көтерілген. Ол полктағы барлық командирлерді жинап 
алып  мәжіліс  өткізетін.  Алда  атқарылатын  істерді,  жалпы  жағдайды 
түсіндіріп,  міндеттер  қоятын.  «Халық  басына  күн  туғанда,  қалың  қауымды 
бастайтын ері болмаса, ел не болмақ? Халқымыз мұнда бізді қонаққа жіберген 
жоқ. Майданға, халық бақытын қорғауға жіберді. Өлсек, шейітпіз, халық үшін 
қазамыз.  Ал  біріміз  осалдық  істесек,  опасыздық  жасағанымыз.  Қорқақтық 
жасасақ – халық алдында абыройымыз жоқ. Халықтың ар-намысына қара күйе 
жағушы  боламыз.Өлсек  те  ел  намысы  дегенді  ұмытпайық»,-деп  қазақ 
жауынгерлерін  жігерлендіріп  отыратын.  Бірде  мынадай  оқиға  болыпты. 
Бауыржан атаның омыртқасына оқ тиіп есінен танып қалыпты. Есін жиса, бас 
жағында дәрігер тұр екен. Дәрігер Бауыржан атаны госпитальға апару керек,-
дейді.  Қолдарында  бар  құрал  ұстарамен  дәрігерге  омыртқаны  тілгізіп,  оқты 
алады  да,  сол  бетімен  ешкімді  тыңдамастан  ұрыс  жүргізіп  жатқан  полкке 
қайтадан жетеді. Не деген батылдық, қайсар мінез! 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
207 
Бауыржан  атаның  ел  есінде  көп  сақталған  қасиеті  –  қаталдығы.  Өле-
өлгенше  ешкімнің  алдында  басын  имеген  жан  көрінеді.  Ол  адамның  жүріс-
тұрысынан, сөйлеген сөзінен, іс-қимылынан қандай адам екенін аңғара білетін 
«психолог» болған. «Өзі де көктемдей құбылмалы мінезім бар», «шатағым да 
көп адаммын» деп, өз мінезін мойындап да қояды екен. Оның жаны – өтірікке, 
көлгірсуге, адамға жалпақтауға, әділетсіздікке қас болды.  
Мен ата суретіне қарай отырып, оның сұсты да, қайсар бейнесін көріп 
заңғар тау көз алдыма келеді. Тау тұлғалы қайсар жан – өте балажан кісі еді. 
Ол жалғыз немересі Ержанды халық ауыз әдебиетімен сусындатқан, ер мінезді 
етіп тәрбиелеген ұстазы. Ол қазақтың қара шаңырағының берекесін келтірген, 
есігі  халқы  үшін  үнемі  ашық  тұратын  қамқоршыл,  мейірімді  ата  еді.  1981 
жылы 31 желтоқсаны күні Алматы қаласының «миллионыншы» тұрғыны да 
Бауыржан ата есімін иеленіпті.  Одақ бойынша миллионыншы тұрғыны бар 
жиырма  екінші    қала  болып  Алматы  тіркеліпті.  Бауыржан  Момышұлы  46 
жасында  әскери  қызметін  аяқтап  елге  келеді.  Оның  қаламмен  жасаған 
ерліктері  де  көп  болды.  Бейбіт  өмірде  халқына  қаламымен  қызмет  еткен 
жазушының  30  томдық  кітабы  шықты.  «Москва  үшінші  шайқас»  романы 
әлемнің  көптеген  тілдеріне  аударылды.  «Артымызда  Москва»,  «Ұшқан  ұя», 
«Генерал  Панфилов»,  «Төлеген  Тоқтаров»,  «Майдандағы  кездесулер»,  «Бір 
түнгі оқиға» т.б. соғыстың сұрапыл қиын шақтары туралы жазылған көптеген 
кітаптары кейінгі ұрпаққа мұра болып қалды. «Қадірін білмеппіз ғой тірі кезде, 
деп жылар қайран қазақ мен өлгенде»,-деген атамыз, 1982 жылы 10 маусымда 
дүниеден  қайтты.  Содан  арада  8  жыл  6  ай  өткенде  тұңғыш  Президентіміз 
Н.Назарбаевтың  табанды  талабымен  Б.Момышұлына  «Кеңес  Одағының 
Батыры»  атағы  берілді.  Елбасы  өз  құттықтауында  «Бауыржан  ағамыздың 
тарихымызда алар орны ерекше, қан майданда қол бастаған, ал бейбіт күнде 
абзал азаматтығы, ерен ерлігі, қайталанбас мінезі туған халқы, келер ұрпақтар 
үшін өшпес өнеге» деген еді. Қазақстанда Кеңес Одағының Батыры деген атақ 
Бауыржан Момышұлымен аяқталды. Ақиқаттың ақ семсерін сермеп өткен өр 
мінезді Бауыржан ата отты жанарынан суық ұшқын шашырап:  
«Мен ешкімнен атақ-даңқ сұраған жоқпын!», менің халқым аман болса 
– болғаны, мен – халықтың Бауыржанымын!,-дер еді тірі болса.
Оның қаһармандық даңқы күллі әлемге жетті. Қара қыпшақ Қобыланды 
сынды адам болғандығын тарих енді ғана дәлелдеуге көшті... Халқымыздың 
батыры,  бейбіт  өмірде  жазушы,  ақын,  он  саусағынан  өнер  тамған  шебер 
атамыз Бауыржан Момышұлы. 
Ақыл айтар мезгілде, 
Мың жасаған шалдай бол. 
Қатал болар мезгілде, 
Шатырлаған жайдай бол. 
Мейірім түсер мезгілде, 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
208 
Ағарып атқан таңдай бол. 
Жауды бөгер кезіңде 
Көлденең жатқан ордай бол! 
- деп өсиет айтып тұрғандай. Ендеше, ата өсиетін орындау бізге парыз, 
ата  жолын  қуып  әділетті  болу,  намысты  болу  бізге  сын.  Мен  Бауыржан 
атамның ұран кеткен адалдық туын жоғары көтеріп, тәуелсіз Отаныма қызмет 
етуге дайынмын.  
Серік Тоғжан 
5 сынып, № 201 орта мектебі 
Жалағаш ауданы Қызылорда облысы 
Жетекшісі: Жаксылыкова А. Б. 
 
Атақты жүз біріншінің жауынгері 
Шын батырды көрді кім, 
Оған сәлем бер бүгін. 
Фашисттерге танытқан 
Ол қазақтың ерлігін- 
Ылғи жебеп-желеген 
Менің мәңгі өнегем- 
Сексендегі қарт сарбаз- 
Илікпейтін кәрі емен. 
С.Бертаев 
Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  өткеніне  міне  жетпіс  жыл 
толғалы отыр. Бұл жеңіс бізге оңайлықпен келген жоқ. Қаншама адам өз өмірін 
Отаны  үшін  жан  қиды.  Бірақ  бұл  соғыс  ешқашан  ұмытылмайды.  Өйткені 
қаншама  әке  баласыз,  қаншама  бала  әкесіз  қалды.  Соғыс  ауыртпалығын 
сезінбеген  бір  де  бір  шаңырақ  қалмады.  Қазіргі  таңда  соғыстың  зардабын 
көзімен көргендер қатары, өкінішке орай, күн санап сиреп келеді. Солардың 
бірі-  атақты  жүз бірінші  бригаданың  сапында  болған  майдангер,  қадірменді 
қарт  Дауылбай  Байниязов.  Ол  екінші  дәрежелі  Отан  соғысы  орденінің,  екі 
бірдей «Ерлігі үшін», «Украйнаны азат еткені үшін», «Варшаваны азат еткені 
үшін»,  «1941-1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысында  Германияны  жеңгені 
үшін»  медальдармен  марапатталған.  Дауылбай  атаның  қанды  жылдары 
жасаған  ерліктері  жөнінде  Айқын  апайымның  әңгімелерін  еліте,  қызыға 
тыңдадым, әрі ол кісінің бұл өмірде бар екенін білгенде, тілдесіп, көргім келді, 
өз аузынан ерліктерін,соғыс туралы естеліктерін тыңдағым келді. 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
209 
Маған  Дауылбай  ата  ертегілерде  оқыған  батырлардай  көрінді.  Тау 
тұлғалы  денесі  мен  келбеті,  қатулы  қабағы  адамның  мысын  басатын.  Бірақ 
балаларды  көргенде  әжім  қаптаған  жүзінде  жылылық  пайда  болушы  еді. 
Соғыс туралы әңгіме бола қалса, жүзі түнеріп кететін. 
...  Е...е,  шырақтарым,  мына  бейбіт  заманда  сұм  соғысты  еске  алу  да 
қиын.  Тепсе  темір  үзетін  не  бір  боздақтар  орыс  жерінде  оққа  ұшты.  Соғыс 
туралы  ойлансам,  алдымен  солар  еске  түседі.  Топырақтарың  торқа 
болғырлар... Иә, біз соғыста жеңдік. Біз жеңуге тиісті едік. Өйткені жеңіске 
деген жігер, жеңіске деген құлшыныс әрбір жауынгердің қанына сіңген қасиет 
еді.  Жауға  деген  өшпенділік  ерлікке  ұмтылдырды.  Ерлікке  толы  ата-баба 
аруағы қолдады,-деп әңгіме тиегін ағытатын. Қар жастанып, мұз төсенген, от 
пен  оқтың  ортасында  қасиетті  жер  үшін  шыбын  жанын  шүберекке  түйген 
жерлестерімізді  ұмытпаңдар,  олардың  есімін  қадірлеңдер!-деп  өсиет  етіп 
отырушы еді. 
Жеңістің  жетпіс  жылдығына  бір  жыл  қалғанда  дүниеден  өткен  қарт 
жауынгердің әрбір сөзі менің жадымда. Я, Жеңіс күні-біздің абыройымыз бен 
даңқымыздың мерекесі. Ол-сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Ондағы 
ерлік  пен  төзімділік  бізге  үлгі-өнеге  бола  бермек.  ХХІ  ғасырдағы  еліміздің 
болашағы  біздер  болып  табыламыз.  Ендеше,  терең  біліммен  қаруланып, 
бабаларымыз армандаған бейбіт заманның лайықты тұлғасы болу-біздің басты 
парызымыз  болу  керек.  Рахмет  саған,  Бейбіт  күн!  Мың  тағзым  саған,  Ұлы 
Жеңіс! 
Сахитжан Бағым 
7сынып, Қарасақал Ерімбет атындағы № 96 орта мектебі 
Бозкөл ауылы Қазалы ауданы Қызылорда облысы 
Ұмытылмайтын Ұлы Жеңіс 
Болмасын соғыс болмасын, 
Сұм соғыс қолын созбасын. 
Тыныштық туын көтеріп
Отанды сүйем өз басым. 
Бақытбек Смағұл 
Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  жетпіс  жыл  толды.  Бұл  күллі 
халқымыз үшін қасиетті мереке. Жеңіс деген сөз жүрекке соншалықты ыстық, 
көңілге соншалықты жақын сезіледі. Себебі аузы күйген үріп ішеді дегендей, 
біздің халық соғыстың ащы дәмін татып, зардабын тартқан. Тарихи деректер 
бойынша  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  болған  20  миллион  адамның  өмірін 
жалмаған мұндай соғыс адамзат тарихында бұрын- соңды болып көрмеген.   

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
210 
1418  күнге созылған Ұлы Отан соғысы деп аталған сұрапыл жылдарда  
Отанды  қорғауға  аттанған  кеңес  әскерінің  құрамында  1  миллион    200  мың 
қазақ  жауынгерлері  болды.  Олардың  4500-ден  астамы  Қазалылық 
жауынгерлер екен. Соғыста 500 мың қазақ қаза болды. Олар туған елі мен жері 
үшін кеудесін оққа төсеп, ерен ерліктің үлгісін көрсеткендігі белгілі. 
Соғыс қай уақытта да соғыс. Ол адамзат өмірінің бүгінін ғана бүлдіріп 
қоймаймады,  болашағына  да  балта  шапты.  Алайда,  Ұлы  Отан  соғысы,  төрт 
жыл  қан  төгіспен  жеңіс  әкелді.  Жеңіс  жолындағы  батырлардың  ерен  ерлігі 
алпыс жылдан астам зерттеуді қажет етті, әлі етеді де. Қай кезде де жақсылық 
пен әділетсіздіктің қатар жүретін әдеті емес пе. Өз Отанымызды қорғау үшін 
жанын  салып,  қанын  төккен  қас  батырларымыз  Бауыржан  Момышұлы  мен 
Рахымжан  Қошқарбаев  сынды  қаһарман  батырларымыздың  ерлігі  көзі 
тірісінде еленбегені баршамызға аян.     
Ер қадірін назардан тасалаудан 
Қай ел опа тауыпты? 
Ия, ерлікті жасамаудан 
Бағаламау әлдеқайда қауіпті, 
 -деп  Мұхтар Шақанов жырлағандай Ұлы Отан соғысында қан кешкен, 
сол  соғыста  бастан  аяқ  қатысқан  аты  аңызға  айналған  даңқты  қолбасшы, 
ұлттық  батырымыз  әрі  қарымды  қаламгер  жазушы  Бауыржан  Момышұлын 
Москва түбіндегі шайқастағы  жанқиярлық ерлігі үшін 1942 жылы «Советтер 
Одағының Батыры» деген атағына бір емес, екі рет ұсынған. Бірақ берілмеген. 
Мұны  қатардағы  адам  емес,  маршал  К.К.Рокосовскийдің  өзі  айтқан.  Кейін, 
Ұлы Отан соғысы кезіндегі бір жөнсіз әділетсіздікті қайта қалпына келтіруге 
ҚР  Президенті  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  айрықша  еңбек  сіңіріп, 
Бауыржан  Момышұлына  (қайтыс  болғаннан  кейін)      «Кеңес  Одағының 
Батыры»  атағын алып  берді. 
Ал енді Рахымжан Қошқарбаевтың Рейхстагқа ең алғаш боп ту тіккенін 
Сталин  білсе  де,  бас  штабтың  бетке  шығарларының  ұйғарымымен  ресми 
тарихқа Рейхстагқа Жеңіс туын тіккен Егоров пен Кантария боп еніп кеткен. 
Бұл орайда Бауыржан Момышұлы Рахымжан Қошқарбаеқа жасалған тарихи 
әділетсіздікті  қалпына  келтіруге  көп  күш  жұмсаған.  54  жылдан  кейін 
Президент  Нұрсұлтан  Назарбаевтың  Жарлығымен  Рахымжан  Қошқарбаевқа 
«Халық Қаһарманы» атағы берілді. Бірақ, бұл күнді Бауыржан да, Рахымжан 
да көрмеді. 
Осы  орайда  өзім  тұратын  Бозкөл  ауылынан  да  бұл  соғысқа  өз 
өтініштерімен    аттанған    300-дей  жерлестеріміздің  180-нен  астамы      елге 
оралмағандығын атап өтсем деймін. Соғыста мерт болған жауынгерлеріміздің 
денесі  жат  жерде  жерленіп,  кіндік  қаны  тамған  жердіне    топырағы 
бұйырмаған.  Сондай  батыр  тұлғаларымыздың  бірі  Бозкөлдік  жерлесіміз- 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
211 
Ордабай  Жүргенұлы.  Майдангер  жерлесіміз  де    жоғарыда  аталған 
әділетсіздіктің жалғасы спетті.  
2011  жылы  қазан  айының  ортасында  Ресейдің  Курск  облысындағы 
Чигра  қаласындағы  хабарсыз  кеткендерді  іздестіру  тобының  жетекшісі 
В.Ф.Королеев Қазақстан Республикасының Президенті Н.Назарбаевтың атына 
хат  жазып,  Қазалыдан  армия  қатарындағы  жауынгер  Ордабай  Жүргенов 
туралы мәлімет сұрайды. Мұнан соң хатты Президент әкімшілігі Қызылорда 
облысының  әкімдігіне  жолдайды.  Мұнда  келген  соң  Қазалы  ауданынан  бұл 
кісі  жөнінде  тағы  мәлімет  сұралады.  Ұзамай  бұл  хабар  майдангердің  туған 
жеріне  де жетті.  Зерделей келгенде іздеу салынып отырған солдат  Бозкөл 
ауылынан    майданға  аттанып,  қабарсыз  кеткен  Жүргенов  Ордабай  екені 
анықталды. 
Деректер бойынша 22 жастағы майдангер Ордабай Жүргенов 1943 жылы 
шілде  айында  Курск  қаласын  алуға  ұмтылған  250-300-ге  тарта  дұшпанның 
солдаттарына  18  жауынгер  қарсы  тұрып,  бетпе-бет  кескілескен  ұрыста  83 
дұшпан жауынгерінің көзін құртып, қосымша күш келгенше  18 жауынгермен 
бірге  мерт  болады.  18  ержүрек  жауынгердің  ерен  ерлігі  жоғары  бағаланып, 
оларды  224  «Памир»  атқыштар  полкінің  командирі,  полковник  Сурженко 
өзінің  166  атқыштар  дивизиясының  командирі  генерал  майор  С.Я. 
Сенчиломен келісіп, ең жоғары награда – «Совет Одағының батыры» атағына 
ұсынады.  
Біз әңгіме етіп отырған аймақ соғыс кезіндегі қанды қырғынның нағыз 
ордасы болғандығы тарихтан белгілі. Аталған төбе басындағы қорымнан 18 
солдаттың  мәйіті  қазылып  алынған.  Мүрдені  ашқанда  олар  жөніндегі 
мәліметтерді    баяндайтын  жетондар  табылған.  Жетондарда  марқұмдардың 
өмір деректері жөнінде толық жазылған екен. Сонан соң сол жердегі әскери 
коммисариат  мән  беріп,  олардың  ұрыс  кезіндегі  мәліметтерін  зерттей 
бастайды.  Соның  барысында  талай  тарихи  шындықтардың  беті  ашылады. 
Сонда  белгілі  болғандай,  1943  жылғы  16  шілде  күні    майдангер  ағамыз 
қызымет  еткен  полктің  командирі  полковник  Сурженко  18  солдатты  ең 
жоғары наградаға ұсынып, мөрін басып, анкета толтырған екен.   Бұл құжат  
армия генералы Рокоссовский мен генерал лейтенант Телегинге жолданады. 
Өкінішке орай, аталған құжаттардың кейінгі тағдыры белгісіз, Жоғары орден 
егесін осы уақытқа дейін таппаған.  
Ендігі  арман  –  Ордабай  ағамыздың  майданда,  Отан  қорғау  кезінде 
көрсеткен қаһармандық ерлігінің әділ бағасын алуы. Өзі мерт болса да ерлігін 
елі,  туған  жері,  ұрпағы  біздер  мақтан  етіп,  есімін  мәңгі  есте  қалдыратын 
шаралар  ұйымдастырар  едік.  Бауырымыздың  аты  бүкіл  қазақтың 
мақтанышына айналар еді.  Егер кезінде осындай атаққа ұсынылған құжаттар 
жіті  тексеріліп,  тарих  олардың  ерлігіне  бүгінгі  үкімет  басшыларының  көзін 
жеткізсе Отан үшін жан берген азаматтардың аруағы ырза болар еді.    

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
212 
Бүгінгі  күні  батыр  жерлесіміздің  ерен  ерлігін  ақпарат  құралдарынан 
оқып  танысқан  облыс  халқы  жерлесіміз  Ордабай  Жүргенұлының  «Батыр» 
атағына лайық екенін, награда нақты егесін табады деп үндеуде.  Бұл үндеуге 
аудан халқы да соның ішінде Бозкөл халқы да өз жерлестерінің ерен ерлігін 
мақтан  етуде  және  Қазалы  ауданының  5  Кеңес  Одағының  батырлары:  
Балмағамбетов  Мақаш,  Михайлюк  Яков  Данилович,  Шляпин  Генадий 
Фадевиич,  Счастнов  Владимир  Михайлович,  Үрмаш  Түктібаевтардың 
қатарына Ордабай Жүргеновтің де есімі енетініне үлкен сенім артуда. Кіндік 
қаны тамған топырағынан шырақта, жат жерде шейіт болған батыр бабамызды 
біз ешуақытта ұмытпаймыз. 
Елімізге тыныштық әкелген осынау Ұлы Жеңіс құдайға шүкір жалғасып 
келеді. Ал, Жеңіс қамалын тұрғызған, Бейбітшілік күнін туғызған жауынгер 
бауырларымыздың есімі ешқашан ұмытылмайды. Ұмытуға қақымыз да жоқ. 
Ұлы  Отан  соғысындағы  Ұлы  Жеңіске  санаулы  күндер  қалғанда  қарт 
майдангерлерге саулық тілеп, жеңіс мерекесін көзбен көруге жассын дейміз.  
Ендігі  жерде  біз  бар  мүмкіндігімізді  Отанымызды  нығайтуға,  егеменді 
еліміздің ертеңінің жарқын болуына арнауымыз керек. Оңайлықпен келмеген 
тәуелсіздігіміздің  туы  мәңгілік  желбіреп  тұрсын.  Жақсы  оқып,  еліміздің 
тәрбиелі, отанын сүйетін нағыз азаматы болып өсе берейік.  
Өз  жұмысымды  жерлес  ақын,  Ауған  соғысының  ардагері  Бақытбек 
Смағұлдың өлең жолымен аяқтағанды жөн көрдім.    
Болмасын соғыс болмасын, 
Көк байрақ туым тозбасын. 
Аман қыл Алла әрдайым, 
Алаштың Ақ Ордасын! 
Сүндетәлі Назира 
10 сынып, №194 орта мектебі Сунақата ауылы  
Жаңақорған ауданы Қызылорда облысы  
 
Ешкім де, ешәрсе де ұмытылмақ емес! 
Соғыс-күйретуші күш! Барды жоқ ететін, тауды жер ететі, жер бетіндегі 
тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. 
Міне, Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл өтті. Бұл 
сол кездегі кеңес халықтарының ержүректігі мен төзімділіктерін паш ететін, 
тарихта мәңгілік қалатын күн. 
Ұлы Отан соғысы... 1945 жылы 9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. Осыдан 70 
жыл  бұрын  бұл  күніадамзат  тарихындағы  ең  сұрапыл,  жойқын  соғыс  Ұлы 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
213 
Отан  соғысы  аяқталды.  Екінші  дүниежүзілік  соғыс,  біз  үшін  Ұлы  Отан 
соғысына  6  материктің  сол  кездегі  әлемнің  дербес  60  астам  елі  қатысқан 
болатын.  Айбынды  білек,  жеңістеріне  сенімді  ыстық  жүректері  мен  қайрат 
күштерімен  кешегі  жігіттер  бүгінгі  өнегелі  аталарымыздың  арқасында  1945 
жылдың  9  мамыр  күні.  Ұлы  мейрам-жаудың  жеңіліп,  соғыстың  жеңісепн 
аяқталған  күні.  Бүгінде  Жеңіс  күні  мерекесі  адамдардың  ұлтына,  тілі  мен 
мәдениетіне  қарамастан  ортақ  қуаныш  күні.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы 
шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен 
ардагерлер тойлайды. 
Неменеңе жетістің бала батыр
Қариялар азайып бара жатыр 
Бірі мініп келместің кемесіне, 
Бірі күтіп, әнеки, жағада тұр, 
-деп  тебіренген  Мұқағали  мұңында  жұмырбасты  пенде  үшін  теңдессіз 
құндылық,  ұрпақаралық  қимастық,  сыйластық  сезімдері  мөлдіреп  тұр. 
Қариялар  азайып  бара  жатқанын,  әсіресе,  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 
соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 
барады  емес  пе?  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 
күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 
жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 
туын  жағап,  жеңістің  таңбасын  басқан  күн-Жеңіс  күні.  Бұл  күннің  толғағы 
ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Оққа ұшқан қарулас 
жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман  оралған  ардагер  аталарымыздың 
өздері  қорғап,  қорған  қамқор  болып  оралған,  арттағы  қалың  елдің  қамығып 
жеткен Жеңіс күнін, біз ұмытсақ та, тарих ұмытпайды.  
Біз Ұлы Отан  соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап 
күшпен  жеттік.  Ол  күш-әрине  «бірлік».  Қаншама  халық  бір  тудың  астында 
бірігіп, күштерін бір арнаға салды. Бір күшке жиналған орыс пен тәжік, грузин 
мен  белорус,  қазақ  пен  украин  қарсы  алдындағы  жауға  алмас  қамал  болып 
жұмылды...  Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды 
талқандап,  жеңіске  жету  ісіне  қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты  үлесін  қосты. 
Ердің  ері  шыдайтын  жаңбырша  жауған  оқ  пен  қарша  бораған  бомбаның 
арасында  олардың  нәзік  жүректері  тасқа  айналып,  гүл  ғұмырлары  ажалдың 
қанды  тырнағына  ілікті.  Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің 
Отанына,  жеріне  деген  патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді. 
Қазақ-ел басына күн туғанда жалғыз  жанын қу шүберекке түйген жауынгер 
халық.  Ұлан  байтақ  даласының  бір  тұтам  жері  үшін  қорқу  деген  сезімді 
жүрегінен  жұлып  алып  тастаған.  Тіпті  арыға  бармай-ақ  кешегі  Ұлы  Отан 
соғысының  әлі  сарғайып  үлгермеген  қатпарлы  парақтарына  үңіліп  қарасақ 
қазақтардың  қанды  қырғында  қаймықпай  соғысқанына  анық  көзіміз  жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет