Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область



жүктеу 5.01 Kb.

бет2/17
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
КСРО-ның  батыс  өңірлерінен    көшірілген    халықпен      қоса,  1941 
жылдың  күзінде    Қазақстанға  Полвольжеден  жүздеген    мың     немістер 
мен  поляктар    жер    аударылды.  1942-1944    жылдары    507  мың    балқар,  
қарашай,    ингуш,    шешен    халқы,    110  мың    түрік-месхетиндер,  180 
мың    қырым  татарлары     күшпен    жер  аударылды.  Оған  қоса, 
күн    сайын  Қазақстанға    жаралы  жауынгерлер  мен  офицерлер 
тиелген  пойыздар ағылып жатты.  Әскери госпитальдердің  көбісі Алматыда 
құрылды. 
Ұлы  Отан    соғысы    4  жылға    созылды.    Майдан  даласында    600 
мыңнан    астам  қазақстандық    қаза    тапты.    Соғыста    қаза  тапқандардың 
саны 
 
туралы 
мәлімет  бүкіл  әлемді   дүр  сілкіндірді.  Жекелеген  мәліметтер  бойынша,  а
дамзат    тарихындағы  бұл  ең      зұлмат    соғыс     20  миллионнан 
астам    кеңес    азаматтарының  өмірін    қиды.  1  710  қала    және    70 
мыңнан  астам   село-деревнялар, 31 850    өнеркәсіптік   кәсіпорын,  65 мың 
шақырым  темір    жол,  4  100  теміржол    стансасы,  36  мың    пошта-
телеграф    мекемесі,    телефон  стансасы  және  басқа  да 
байланыс   бекеттері  жермен-жексен   болған  немесе  жартылай  қираған. 40 
мыңдай    аурухана    немесе  басқа  да  емдеу  мекемелері,    74  мың 
мектеп,  техникум,  жоғары оқу орны, ғылыми-зерттеу институттары,  42 мың 
кітапхана   және басқа да көптеген  нысандар жойып  жіберілген,   тоналған. 
Бүгін    Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында 
Даңқ  монументтеріне,  Ұлы Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің 
ескерткіштеріне    гүл  шоқтарын  қою  рәсімдері  өтуде.    Бұл 
соғысты  ешкім  де  ұмытпауы, ешнәрсе  де ұмытылмауы керек. 
Абсадықов Арсен 
4-
сынып Жезқазған қаласы №10 орта мектеп Қарағанды облысы 
Жетекші: Батаева Зағира Қарабековна 
Аталар жеңісі – өскелең ұрпақ бақыты 
Туады ерлер ел үшін, 
 
Өлмейді ісі мәңгілік.  
Өшпейді абзал есімдер,  
Ұрпаққа жетіп мәңгілік.
 
Ж. Молдағалиев 
Біздің қазақ халқы түрлі қанқұйлы соғыстарды бастан өткерді. Олардың 
ең  соңғысы  –  Кеңес  Одағы  мен  фашистік  Германия  арасындағы  Ұлы  Отан 
соғысы  болды.  Олардың  соғысқа  қатысқандағы  мақсаты  –  ұрпақтарының, 
яғни, біздердің жақсы өмір сүруімізді, бейбітшілікте өмір сүруімізді қалады. 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Осылайша,  аттың  жалында,  түйенің  қомында  жүріп,  біздерге  бейбіт  өмірді 
орнатып берді.  
1941  жылы  басталған    сұрапыл  соғыстың  аяқталғанына  биыл  70  жыл 
толады.
 
Сол  жылдың  маусым  айынан  бастап  КСРО-ның  миллиондаған 
әскерімен бірге, қазақ жауынгерлері де Ұлы Отан соғысына аттанып, өзінің 
батылдығымен, қайсарлығымен көзге түсіп, жеңіске жетуге елеулі үлес қосқан 
еді.  Бұл  нәтижесінде  жеңіске  жетуші  жеңілген  жақты  жерінен,  ұлттық 
құндылығынан  айырып  қана  қоятын  соғыс  емес,  бұл  қан  майданда 
халқымыздың тағдыры шешілді. Егер батыр ардагерлеріміздің жеңісі болмаса, 
мүмкін әлем картасында Тәуелсіз Қазақстан елі де болмас па еді. Сондықтан, 
Отан үшін жан қиғандарды еске алып, олардың рухтарына бас иіп, тағзым ету 

бүгінгі ұрпақтың мәңгілік парызы болып қала бермек.
Қандай  болғанда  да  Отан  үшін  жанын  пида  еткен  боздақтар  мен  қан 
майданнан  оралғандар  жау  тигенде  жұдырықтай  жұмылып,  елі  мен  жерін 
қорғады,  ерен  ерлік  жасады.  Бұл  соғысқа  майдангерлер  ғана  емес,  барлық 
халық қатысты. Халықтық ерлік – кез келген жауды жеңуге қабілетті үлкен 
күшке айналатын біртұтас адалдық, патриоттық, махаббат сезімдері. 
Қазір міне тыныштық заманда, гүлденген өмірде біз бақытты өмір сүріп 
жатырмыз. Бүгінгідей  бақытты өмір үшін соғыста қаза тапқандарға, ел-жерді 
қорғағандарға алғыс айтамыз. Соғыста ерлік көрсеткендер аз емес. Қаншама 
ержүрек  азаматтарымыз  Отан  үшін  от  кешті.  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк 
Мәметова секілді жастайынан кеткен апаларымыз, Төлеген Тоқтаров, Талғат 
Бигелдинов,  Қанаш  Камзин  секілді  ержүрек  азаматтарымызды  біз 
мақтанышпен айта аламыз. Ер есімі ел есінде мәңгі сақталады. Олардың есімі 
ешқашан да өшпек емес. Себебі, олар біздің болашағымыз үшін жанын берді.  
Аты аңызға айналған жаужүрек Бауыржан Момышұлы атамызды айтпай 
кетуімізге болмайды. «Жұртым деп жұмылып, елім деп қызмет еткен» батыр 
атамыздың   өмір  жолы, сұрапыл  соғыс  жылдарындағы  жанқиярлық  ерлігі, 
өжеттігі  мен  өрлігі, алғырлығы  мен  көрегендігі – біле білгенге  ұлы  тәрбие, 
үлкен  өнеге  мектебі. Батыр  Бауыржан Момышұлы  – алмас  қылыштай  өткір 
де    қайсар, дана  да  данышпан,  шешен    әрі    ақын,  «сөз    қадірін    өз    қадірі, 
өз  қадірі  ел  қадірі»  деп бағалаған  айбынды  азамат. 
 
Батыр  атамыз    Б.  Момышұлы  жеке    басы    ойшылдығымен, 
отаншылдығымен, 
ұлтжандылығымен, 
қаһармандылығымен,  дарындылығымен,  жоғары  адамгершілік  қасиеттерім
ен 
 
елеулі. 
Бауыржан 
атамыз 
– 
әлем   халқының  ортақ  перзенті  дәрежесіне  дейін  көтерілген  азамат. 
Соғыста 
207 
рет 
шабуылға 
шығып, 
бірнеше    рет    жараланып    тірі    қалғаны,    өмір    бойы    ешкімге 
бас    имей    тек    өз    ар-намысының    ғана    құлы    болғаны, 
халқының    қамын    ойлап,    болашағы    үшін    күресіп    өткені, 
өмірдегі    өзі    арқалаған    ауыр    жүгін,  қоғам    алдындағы    өз 


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
парызын  терең  түсінгені – осының  бәрі  Бауыржан Момышұлы  шығарған 
қанатты  сөздердің  қайнар  бұлағы.  Баукеңнің  нақыл  сөздеріне  айналған, 
оның  басынан  кешкен жайттары  ғана емес, өмірден  көріп  білгені, көкірек-
көңіліне  түйгені, жүрегіне  ұялағаны, қоғамға, болашаққа  деген ой-пікірлері.  
Батырдың  өсиет  сөздерінің  көбі  Ұлы Отан  соғысы  кезінде жазылған, 
бүкіл    Совет    Армиясының    командирлеріне    арналған. 
Батырдың    артына    қалдырған    өсиет    сөздерін  оқып  отырсақ, 
тақырып  жағынан  ауқымы  кең екендігіне  көз  жеткізуге болады. «Елім» 
деп  еңіреген ер ұлт, Отан, өмір, батылдық, тіл тағдыры, еңбек, оқу-білім т.б. 
тақырыптарда  өзінің  дара,  дана  ойын    жеткізуге  тырысқан. 
Осы    өсиет    сөздерінің    ішінде    көбірек    қалам    тербегені  қолбасшылық, 
сардарлық,  әскери    борыш    жайында    жазылған    афоризмдері    екен. 
«Намысты    нанға  сатпа»,    «Ердің    туы  –  намыс».  «Тізе  бүгіп 
тірі  жүргеннен,     тіке  тұрып  өлген  артық»,  «Ұшқынсыз  от тұтанбас», 
«Өзін  сыйламаған  басқаны  сыйлауға  қабілетсіз»,  «Тәртіпке  бағынған  құл  
болмайды, 
тәртіпсіз 
ел 
 
болмайды», 
 
«Тіл 
тазалығы  үшін  күрес  ешқашан  толастамақ емес»  т.б.  сөздері  жастың  да, 
кәрінің  де  санасында  жатталған  ұлағатты  сөздер. 
Бауыржан Момышұлының аты ауызға алынғанда ерлік пен өрлік үлгісі 
көз алдымызға келеді. Кешегі Ұлы Отан соғысы деген атпен тарихта қалған 
қанды қырғынды ешкім де ұмыта алмас.  
1941 жыл. Жаудың ел астанасы – Мәскеуге ентелеп келіп қалған кезі. 
Осы  сәтте  қазақтың  құрыштай  берік  ұланы  қол  бастап,  таңғажайып  ерлік 
көрсетті. 
Одан 
есімі 
төрткүл 
дүниені 
шарлап 
кетті.  
Бауыржанның  ерлігі  туралы  басқалар  тамсана  жазды.  Оған  куә  –  А.  Бектің 
«Волокалам тас жолы», А. Кривицкийдің «Москва түбіндегі тосқауыл» атты 
кітаптар. Даңқты қолбасшылар К. Галицкий, И. Чистяковтар өз естеліктерінде 
оның  өрлігіне,  ерлігіне,  қолбасшылық  талантына  айрықша  тоқталды.  Оны 
айтасыз,  Куба  елінің  басшысы  Ф.  Кастро  үшін  де  ол  сүйікті  кейіпкерге 
айналды.  
Міне,  ерлік,  қайсарлық,  ақындық  сынды  асыл  қасиеттерді  бойына 
жинаған Бауыржан Момышұлы атамыздың есімі тек қазақ халқына ғана емес, 
бүкіл  әлемге  танылды  десек  қате  болмайтын  шығар.  Бұл  тек  Бауыржан 
атамыздың ғана емес, бүкіл қазақ халқының жеңісі деп білемін.  
Батырға  ғана  тән  батылдықпен  өз  елін  жат  жұртқа  бағынышты 
етпей,    құлдыққа  түсірмей,  бостандығын қорғап, туған жеріне көз алартқан 
жауды ойсыратып, қуып шыққан өресі биік азаматтарымыздың ерлігін үнемі 
жадымызда  жаттап,  олардың  тарихи  тағылымын  есте  ұстау  –  басты 
парызымыз.  Соғыстың  шарпыған  жалынын  тоқтату  жолында  көптеген 
азаматтар  қаза  болды.  Бірақ  олардың  алып  берген  жеңісін  кейінгі  ұрпақ 
бағалауда.  Аспан  әрдайым  ашық  болу  үшін  барлық  күштерін  сарп  еткен 
азаматтарға мың да бір алғыс. 
10 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Қазақтың  маңдайына  жарық  жұлдыз  боп  біткен  Бауыржандай, 
Төлегендей,  Талғаттай,  Әлия  мен  Мәншүктей  ата-апалармызың  ерлігін  біз 
қайталай алмаймыз. Бірақ олардың біз үшін, біздің жарқын болашағымыз үшін 
қасық  қандары қалмай  шайқасқаны, олардың жеңісі біз үшін әрқашан үлгі-
өнеге.  Қазіргі  таңда  сол  сұрапыл  соғысты  өз  көздерімен  көрген  жауынгер 
ардагерлерлеріміз  бар  арамызда.  Олармен  кездесіп  сөйлескенде  өздерінің 
қалай  соғысқандарының,  талай бауырларының  көз  алдында  мерт болғанын, 
талай рет ажалмен бетпе-бет келгенін айтып, тіпті көздеріне жас алып жатады. 
Бізге  ол  тек  бір  аңыз  сияқты  естіледі.  Өйткені  біз  соғысты  көрген  жоқпыз. 
Соған  тәубе  дейміз.  Көздері  тірі,  өздерінің  аянбай  шайқасқан  жеңістерінің 
нәтижесін көріп отқан ардагерлеріміз аз, жыл өткен сайын аралары сиреп бара 
жатыр, 
сондықтан, 
алыптарымызды  ардақтай  білейік,  ұлтымызға  ұран  болған  ұлы  тұлғалары
мызды  ұлықтай  білейік. 
Біз,  тәуелсіз  елдің  жас  өрендері  үлкен  күрес  жолымен  келген 
Тәуелсіздігімізді,  елдігімізді  көзіміздің  қарашығындай  сақтап,  еліміздің 
жарқын болашағы үшін өнегелі тәрбие, терең білім алып, аянбай еңбектенуіміз 
қажет. Тәуелсіздік алғаннан кейінгі жеткен жетістіктеріміз мен табыстарымыз 
ұшан-теңіз.  Әлем  жұрты  мойындаған  іргелі  ел  болдық.    Мұның  бәрі 
Елбасымыз  Нұрсұлтан  Әбішұлы  Назарбаев  пен  халқымыздың  қажырлы 
еңбегінің  арқасы.  Біз  осының  бәрін  қадір  тұтып,  қастерлеуіміз  қажет.  Біз  – 
бақытты  ұрпақпыз.  Осы  бақытымызды,  шаттық  күндерімізді  бағалай, 
құрметтей білейік.  
Адлер Елизавета 
7 сынып, «Жалпы білім беретін № 3 орта мектебі» КММ 
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы 
Жетекші: Акмолдина Мейрамкул Советкалиевна 
   
«Соғыс» –  қорқынышты сөз 
Бомбаның үні...  Жарылыс...  Атыс- шабыс... Қан...  Көз жасы... Өлім... 
Үрей... Осы сөздерді естігенде денең түршігеді, себебі бұлар соғыс көріністері. 
Соғыс атауының адамзат баласына әкелген қайғысын сөзбен айтып жеткізу 
мүмкін емес.  Төрт  жылға  созылған  сол  сұм  соғыстың  салдарынан қаншама 
адам мерт болып, бейкүнә сәбилер жетім қалды. 
Соғыс – адам баласы үшін қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс адамзатты 
қырып- жоюға бағышталған. Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша 
аққаны жайлы деректер тарихтан белгілі. Арыға бармай-ақ, елу миллионнан 
астам өмірді жалмаған соңғы соғысты алайықшы. Қарапайым халыққа қайғы-
қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. 
11 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Таң алдында, шырт ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасы бұзылып, 
адам баласының тарихында болмаған бір ғаламат Соғыс басталды. Сол күні 
жау тәтті ұйқыны ғана бұзған жоқ, бейбіт өмірге бүлік әкелді. Ана баласымен, 
қыз-  келіншектер  жарларымен  қоштасты.  Малын  баққан  қойшы  қойын 
тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Егін еккен - диқаншылар 
трактордан  түсіп,  танкіге  отырды.  Сол  жылдардың  арманшыл  жастары, 
бойжеткендері ақын, дәрігер, ғалым болуды армандаған еді. 
Ұлы  Отан  соғысы  тарихының  беттерін  ақтарған  адам  Жеңіс  сағатын 
соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі ұшаң-теңіз екенін байқар еді. Бұл соғыс 
қасірет әкелмеген бірде-бір отбасы болмады. Бірінің әкесі, бірінің ағасы мен 
інісі қаза болды. Қаншама жастың өмірі қыршыннан қиылды. Ішінде ақын да, 
әнші  де  бар  еді.    Қауызын  ашпай  көк  шөптей    қырқылған  сол  жас 
жеткіншектердің, әттеген-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті екен... 
Уақыт өткен сайын аталарымыз, әжелеріміз сыйлаған Жеңістің маңызы 
артып келеді. Олар көрсеткен ерліктері бүгінгі ұрпаққа өнеге. Отансүйгіштік 
қасиет әркезде де қастерлеуге тұратын қасиеттердің бірі. Тек майданда ғана 
емес,  тылда  жұмыс  істеген  сол  бір  қайратты  да  қайсар  жандарға  бүгінгі 
ұрпақтың ризашылығы шексіз. Үлкен қауіп пен қатер төнген сол бір уақытта 
біздің халқымыз сыннан сүрінбей өтті. Тылда қалған бала-шаға тойып тамақ 
ішпесе де, таңнан тұрып, қара кешке дейін жұмыс істеді, сөйтіп жеңіске өз 
үлестерін қосты. 
Қазақстаннан майданға бір миллионнан астам жауынгер аттанды. Брест 
қорғанын Қ. Әбдірахманов, К.Иманқұлов тағы басқа қандастарымыз қорғады, 
ал  Мәскеу  үшін  шайқаста  аға  лейтенат  Бауыржан  Момышұлы  басқарған 
батальон ерекше көзге түсті. Ленинград қаласы үшін шайқаста 
С.  Баймағанбетов  соғыс  тарихында  теңдесі  жоқ  ерлік  жасады. 
Сталинград үшін шайқаста Нүркен Әбдіров, Ұлы Отан соғысының ең соңғы 
нүктесін  Рақымжан  Қошқарбаев  қойды.  Шығыстың  қос  жұлдызы  атанған 
Әлия Молдағұлова мен Мәншүк Маметованың ерлігі бір дастан. 
Белгілі  қазақ  ақын-жазушылары  Жамбыл  Жабаев,  Сәбит  Мұқанов, 
Мұхтар  Әуезов  өз  шығармаларында  халықты  қиын-қыстау  кезеңде 
рухтандырды.  Жамбыл  атамыз  қоршауда  қалған  Ленинград  қаласының 
тұрғындарын отты жырымен қанаттандырды. 
Ұлы  Жеңіске  70  жыл!  Соншама  жыл  өтсе  де  ешкім  де,  еш  нәрсе  де 
ұмытылмады, ұмытылмайтынын да дәлелдеп отыр. Өйткені, сұрапыл соғыста 
жауынгерлер Жеңіс сағатын минуттап күтті. 
Рухы  биік  аталарымыз  Қобыланды  мен  Тарғынның,  Исатай  мен 
Махамбеттің, Амангелді мен Абай аталарымыздың жолын қуса, мына біз, жас 
ұрпақ  Әлия  мен  Мәншүктің,  Талғат  пен  Бауыржанның,  Нүркен  мен 
Қасымдардың,  Қайрат  пен  Ляззаттың  жолын  жалғастырушылармыз. 
Сондықтан,  жас  ұрпақ,  осыларша  ерлік  жасау,  осыларша  қайғыра  да  қуана 
білу, күле де кектене де білу, үлкен істерді жүзеге асырып, биік белестерді 
12 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
бағындыру, халқымыздың басына күн туған да елі үшін еш нәрседен тайынбау 

біздің басты парызымыз.
...«Парыздан асқан жаза жоқ 
Парыздан түзу соқпақ жоқ 
Парыздан өткір тіл жоқ 
Парыздан мөлдір тазалық жоқ 
Парыздан биік шың жоқ» –  
деп  жыр шумақтарында айтылғандай, парыз  –  бұл орындалуға тиісті міндет 
пен әрекет деп түсінемін. 
Аймағамбетова Гүлім 
Жезқазған гуманитарлық колледжі 
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы 
Жетекшісі: Есенгабулова Г.О 
 
Күркіреп күндей өтті ғой соғыс 
Бейбіт  елдің  шырқын  бұзып,  адамзат  баласының  басына  қайғы  бұлтын 
үйірген сұрапыл соғыстың аяқталғанына 70 жыл толды. Сол қаһарлы күндердегі 
қан кешу қасап заманды бастан өткерген, оқ пен оттың ортасынан аман оралған 
ардагерлеріміз де бүгінде арамызда саусақпен санарлықтай-ақ қалды.  
Бесік  пен  бейбіт  арасы  қас-қағым  сәт.  Өмір  мен  өлім  соның  дәлелі.  Бүгін 
барсың, ертен жоқсың. Табиғат заңы осы. Бірақ, «қырық жыл қырғын болса да, 
ажалды  өледі»  деген  бар.  Татар  дәм-тұзың,  көрер  жарығың  болса  небір 
зұлматтарды басыңнан кешіріп, тірлігінді жасай бересің.  
Ұлы Отан соғысының ардагері Тоғай ата Дауылбаев Сәтбаев қаласы, Весовой 
елді мекеніңдегі көзі тірі жүрген 13 соғыс ардагерінің бірі. Тоғай ата 1920 жылы 
Ұлытау  бөктерінде  Айыртау  елді  мекенінен  он  жеті  жасында  ұрыс  даласына 
аттанған  сол  кездегі  бозөрім  бала,  қанды  қасаптың  қиянкескі  қырғынынан 
қаймықпай, жеңісті жақындатқан жан. Әкесінен ерте айырылғандықтан үйіндегі 
үш бауырының ішіннен бас көтеріп, анасының қолғанаты болып ұлы болып жүрген 
ұл бір-ақ күнде жолға жиналып, соғыс аланына кете барды. Артыңда жылап-сықтап 
іні-қарындастары, тілеуін тілеп анасы қалды. Ұлытаудан соғысқа аттанған 70 жігіт 
межелі жерге жеткен соң, жан- жаққа тоз-тоз болып бөлініп кетті. Тоғай ата 29-
гвардияға  түсті.  Ажалмен  арпалысқан  жауынгер  дайындық  кезіңін  өткерместен, 
жау жағына оқ атты. 

Соғыстың қыр-сырын меңгеріп жүруге уақыт болған жоқ. Онсыз да ұрыс
даласына солдат жетпей жатқан. Бірден соғысқа ден қойғанымыздың себебі, осы – 
дейді  қарт  солдат.  Тоғай  ата  ең  алғаш  рет  неміс  басқыншыларына  қарсы  200 
13 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
адамның құрамында шабуыл жасапты. Ең соңында осы екі жүз адамның екеуі ғана 
дін аман қалған көрінеді. Соның бірі біздің кейіпкеріміз екен. Бұл соғыс ардагерінің 
алғашқы  ұрыстағы  бір  күндік  оқиғасы.  Ал  оның  лавр  ағаштарымен  қоректеніп, 
жабайы  жидекпен  шөл  қандырғаны,  қатқан  қара  нанды  сақырлаған  сарышұнақ 
аяздарда  аз  да  болса  жібіту  үшін  қойнына  тығып,  жылытып  жегендігі  соғыста 
көрген  қиыншылықтарының  бірі  парасы  ғана.  Соғыста  бір  емес,  төрт  рет 
жарақаттанған жігіт, қазақы қайсарлығына салып, қайта-қайта майдан шебіне өзі 
сұранып шыға берді. Бұл оның Отанға деген шексіз махаббаты мен фашизмге деген 
кек-ызасы еді. 
 
Бірақ  төртінші  жарақаты  қайсар  қазақты  қатардан  біржола  шығарды.  Сол 
жақ иығына тиіп, жауырынан жарып шыққан винтовканың оғын да елемеген ерді, 
зеңбірек снарядының жарықшағы аяғынан алды. Сөйтіп, ол 1943 жылы туған еліне 
табан тіреді. 
 
Сол кезде 98 жас жасаған  марқұм анасы Ақжан тұрмысының ауыр екеніне 
қарамастан, ауыл-аймаққа өгіз сойып, той жасаған екен. Соғыстан соң Тоғай ата 
балдақпен  бір  жылға  жетер-жетпес  жыл  жүріп,  еңбек  етуге  білек  сыбанды. 
Колхозда мал дәрігері болып қызмет етті. Тіпті осы саладан 47 жыл табан аудармай 
еңбектеніп, Мәскеуге де барып келді. 
1949 жылы құдай қосқан қосағы Айман апамен шаңырақ көтеріп екі қыз, бір 
ұл сүйді. Бүгінде алардан өсіп-өніп отырған немере, шөберелерінің де өз алдына 
отау құрып отырған жайы бар. 

Жан дегенде жалғыз ұлымның қайтыс болғандығы болмаса, басқасының
барлығына  шүкіршілік  етемін.  Үкіметке  де,  басшыларға  да  рахмет.  Еңбегімізді 
елеп, ескеріп құрмет көрсетіп отырады. Мемлекет тарапынан бөлінген үш бөлмелі 
шаңырағым осы, –  ата әңгіме арасында.  
Біз де біраз дүниені байқап қалдық. Қабырғада тобылғыдан жасалған қамшы, 
дүрбі және арлан қасқырдың терісі ілулі тұр екен. Осы жөнінде 82 жасар қария: 

Жас  кезімде  аңшылықпен  айналысқам.  Мынау  содан  қалған  жұрнақ.
Ауланған  түлкілерімде  сан  жоқ,  ал  қасқырдың  бес-алтауын  мылтықсыз  соғып 
алдым, – деп жымиды.  
Тоғай  ата  саясатты  да  жетік  түсінеді  екен.  Алыс-жақын  шетелдердегі 
шиеленістер  мен  қақтығыстарды,  Қазақстандағы  саяси-әлеуметтік  жағдайды  бес 
саусағындай біліп отыр. Тіпті жаңа шығып жатқан басшылар мен телеарналарды 
да жатқа айтады. 

1987 жылдан бері кемпірім екеуміз намаз оқимыз. Мешітке барып тұрамыз.
Әр  намаздың  соңында  патшамызға  ұзақ  ғұмыр  мен  баянды  бақ  тілейміз. 
Қазақстанның  бейбіт  өмір  сүріп  жатқаны  соның  арқасы.  Ел  іші  тыныштығы 
экономикаға да, мәдениет пен әдебиетке  де зор әсер етеді. 
Тоғай ата осы әңгімені айтып отырғанда Айман апа дастарханды жайнатып 
жіберді. Баршамыз қазақы үстелге жайғасып, күрең қою шайды қанып іштік. 
Өкінішке орай, жыл өткен сайын Ұлы Жеңіс күнін жақындатқан жеңімпаз 
ардагерлердің қатары сиреп барады. Олар бүгінгі ұрпаққа, яғни біздерге бейбіт күн 
14 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
сыйлау үшін  майдан даласында қан төгіп, жандарын қиды. Ардагерлердің ерлігі 
ешқашан ұмытылмақ емес. Арада 70 жыл өтсе де, соғыс жылдары ұмытылмақ емес, 
ол кезең ардагерлердің жадында жазылып, кітап беттерінде қатталып қалған.  Ұлы 
Отан соғысы туралы естеліктер ұрпақтан-ұрпаққа жете береді. Біз оны ұмытпауға 
тиіспіз.  
Біз соғыс ардагерлерінің алдарында өтеусіз қарыздармыз. Себебі, олардың 
ерліктері  мен  жанқияр  қаһармандықтарына  баға  жетпейді.  Біз  азаматтың  басты 
құндылығы – жер бетіндегі бейбітшілік үшін, Жеңіс үшін жанын қиған, майдан 
даласынан  оралмаған,  бүгінгі  күнге  жетпегендердің  есімін  мәңгі  ұмытпаймыз. 
Олар  –  біз  үшін  өшпейтін  ерліктің,  табандылықтың  нышаны,  Отанға  деген 
сүйіспеншіліктің, шынайы патриотизмнің үлгісі.  
Алпысбай Аружан 
 8-
сынып, №16 орта мектебі Қарағайлы кенті 
Қарқаралы ауданы, Қарағанды облысы 
Жетекшісі: Сакабаева Алтынай Куандыковна  
Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды 
Ерлік жасамау қауіпті емес, 
Жасалған ерлікті бағаламау   қауіпті.             
Б.Момышұлы 
Биыл Ұлы жеңістің 70 жылдығы. Ғасырға жуық уақыт өтсе де, соғыс 
салған жара жазылған жоқ. 
Мен  тәуелсіз  елдің  ұрпағымын.  Мен  соғыс  туралы  тарихи  оқулықтар 
мен көркем шығармалардан  бейбіт күнде қаннен-қаперсіз күн кешіп жатқан 
Кеңестер Одағының шекарасын тұтқиылдан бұзып, фашистік Германия соғыс 
деген «тажалдың» отын тұтатқанын оқып білгенмін. 
Сол  оқыған  кітаптарым  арқылы  аталарымыздың  батырлығы  мен 
жанқиярлық ерлігі, олардың өз Отанына деген шексіз сүйіспеншілігі  біздер 
үшін үлгі. 
Шығармамды Бауыржан атаның «Ерлік жасамау қауіпті емес, Жасалған 
ерлікті  бағаламау  қауіпті»  деген  сөзінен  бастаған  себебім,  сол  сұрапыл 
соғыста  жасалған  ерлікті  бүгінгі  ұрпақ  қадірлеп,бағалау  керек.  Бүгінгі    әр 
атқан  бейбіт  күннің  таңы,  кешегі  қан  майданда  «Отан  үшін  от  кешіп, 
ауыздықпен  су  ішкен»  Н.Әбдіров,  Б.Момышұлы,  Ә.Молдағұлова, 
М.Маметова,  Т.Бигелдинов,  М.Мамыраев  сияқты  халқымыздың  даңқты 
ұлдары мен қыздарының өлшеусіз ерлігінің арқасында екенін ұмыту мүмкін 
емес. 
15 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал