Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет5/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
туды. Елбасымыз айтқандай, мәңгі елдің  болашағы сендердің қолдарыңда! - 
деп әңгімесін аяқтады.  
Бектуров  Жансерік 
2   
сынып  оқушысы 
Қарағанды облысы   Жезқазған қаласы 

№21 жалпы білім беретін орта мектебі ”  КММ 
Жетекшісі: Сауытбаева Гүлмира  Серікбайқызы 
Ұлы  Отан  соғысы  қазақ  халқы  үшін  үлкен  сынақ  болды.  Әйгілі 
қолбасшы, соғыс  батыры Б.Момышұлы “Соғыс қазақ халқының тарихын күрт 
өзгерткен,  бұрылыс  әкелген,  миллиондаған  отандастарымыздың  арасында 
өшпес із, жазылмас жара қалдырды ” деп өз ойын айтып еді. 
Ұлы  Отан соғысы халық өмірімен, тағдырымен тығыз байланысты. Бұл 
оқиғаны  біз  жүрегімізден  алып  тастай  алмаймыз.  Отан  қорғауға  ерлер  мен 
әйелдердің құқығы тең болған еді. Сондықтан әйелдерде Отан үшін  күресіп, 
жауға  қарсы  тұрды.  Шығыстың  екі  батыр  қызы  М.Мәметова  мен 
Ә.Молдағұлова  осы  соғыстың  батыр  құрбандары  болды.  Халықтың  басына 
қиын  қыстау  кез  туғанда  М.Мәметова  және  Ә.Молдағұлова  сияқты  біз 
көмектесуге,  күресуге  дайынбыз.  1418  күнге  дейін  созылған    Ұлы  Отан 
соғысы  Қазақстан  тарихында өте күрделі кезеңдердің бірі. Соғыстың барлық 
ауыртпалығын қарапайым солдаттар мен офицерлер көтерді. Олар рейхстагқа 
Жеңіс туын тіккен болатын. Бөлімшенің жауынгерлері мен офицерлері қазақ 
халқының  батырларын  зор  құрметпен  жерледі.  Ата-бабаларымыз  майданға 
жан аямай арпалысты. Олар біз үшін, біздің болашағымыз үшін, туған жеріміз 
үшін, туған тіліміз үшін жауға қарсылық білдіріп,үлкен ерліктер көрсетті. Біз 
енді осы ата-бабаларымыздың үмітін ақтауымыз  керек. Себебі, болашақ біздің 
қолымызда.  Менің  ойымша,  қазақ  халқы  Ұлы  Отан  соғысында  болған 
оқиғаларды  көре  және  біле  отырып,  жайбарақат  отыра  алмайды.  Мұны 
жадымыздан шығарып,  өшіріп  тастау біздің қолымыздан келмейді.  Өйткені 
Ұлы  Отан  соғысы  бізге  өз  туған  тілімізді,  жерімізді,  отбасымызды  және 
қасымызда жүрген туған-туыстар мен  достарымызды  қадірлеп, бағалай біле 
білу керек екенін көрсетті.   
Бірақ , соған қарамастан ешкім де, ешнәрсе де ұмытылмақ емес! Соғыс-
күйтеуші  күш!  Дәл  солай!  Барды  жок  ететін,  тауды  жер  ететін.  Тіршілік 
атаулының  бәрін  жалмап  жұтатын  ажал.  Сол  қанды  кезеңді  еске  түсіріп, 
33 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
елестететін  газет-журнал  матералдары  немесе  кинолар,  радиотелехабарлар 
ата-бабаларымыздың ерлігін мақтаныш тұта жеткізді. Ұлы Отан соғысы... Бұл 
сол  кездегі  кеңес  халқының  ержүректілігі  мен  төзімділіктерін  паш  ететін, 
тарихта  мәңгі  қалатын  күн.  Мен  соғысты  жек  көремін.  Соғыс  адамдарға 
азаптан  басқа  ештене  бермейді.  Елімізді  қорғау  үшін  адамдар  соғысқа 
аттанады. Бірақ бұл соғыстан тек  кейбір адамдар тірі қалып, үйлеріне барады. 
Қайтыс болған адамдардың үйлеріне қара хат жіберіледі. Зар жылап отырған 
аналар  үмітін  үзбей,  оларды  күтеді.  Баласының  өлгенін  ешқандай  ана 
мойындамайды.  Сөйтіп  жүріп,  ауырып,  бұл  дүниеден  өтеді.  Осындай 
жағдайды ойласам, көңіл-күйім түсіп, көзімнен жас шығады. Мұндай соғысты 
кім жақсы көріп, кім қалайды.  Мен соғыстың ешқашан болмағанын тілеймін. 
Біз  қазақтар  бәріміз  біргеміз.  Бұл  біздің  ең  басты  байлығымыз.  Себебі, 
барлығымыз  тату-тәтті, достықпен, бірлікпен өмір сүріп жатырмыз. Мұның 
барлығы ата-бабаларымыздың арқасы деп ойлаймын. 
Жетпіс жылда өтелмей парызымыз, 
Туған тілдің алдында  қарызымыз. 
Басқа ұлттарға үнемі мазақ болмай, 
Арымызға  айтайық арызды біз. 
Азаттықты аңсаған еркін елміз, 
Дос пейілді  ұлттарға жаны - көлміз. 
Ұшқан  құстың  қанаты талатұғын 
Көк аспанбыз, көсілген - алтын төрміз. 
Отаным бар, ордам бар мақтанатын, 
Қазақстанымды сүйемін, мақтап атын. 
Бізді осындай егемен ел болсын деп, 
Қазақстанда шығарған жастар атын.  

деп өзім шын жүректен өлең шығардым.  Біз ата-бабаларымыздың алдында
бас  иіп,  құрметтеуіміз,  бұл    адамгершіліктің  белгісі.  Біз  Ұлы  Отан 
соғысындағы  Ұлы Жеңіске ештенеге теңеспейтін ғажап күшпен жеттік. Ол 
күш-бірлік.  Қаншама  халық бір тудың астына  бірігіп  күштерін   бір арнаға 
салды.  Ұлы Жеңіс он бес одақтас болған мемлекеттердің ортақ мерейтойы. 
Әділдіктен жаралған ойы тұңғиық, қимылы қылыш Б.Момышұлы есімі, ерлігі 
жадымызда мәңгі қалып, өнегесі болашаққа күш,қайрат,рух береді. «Ер есімі-
ел  есінде»  -  демекші,  бізге  жарқын  болашақ,  бақытты  ғұмыр  сыйлаған 
аталарымызбен  апаларымыдың  ерлігі  ешқашан  ұмытылмайды.  Солардың 
қасиетті рухы  бүгінгі бейбіт тірлігімізге нұрындай мәңгі шуағын шашпақ. 
Қазағым үшін, Отаным үшін толғанам, 
Жас ұланның  ұланы мен болам. 
Тарихын сенің өлмейтін мәңгі  дастандай 
34 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Әлемге сені танытты біл деп Нұр-ағаң. 
Егер біз өз тәуелсіздігімізді алмасақ. Өзге елдің қол астында  өмір сүріп, 
жұмыс істейміз. Сонда қазақтар біреулерге тәуелді болып, еркіндік деген не 
екенін білмей қалатын еді. Қазақ деген халық болмай, өз жерімізде қорлық пен 
мазақтан  басқа ешнәрсе көрмейміз. Құдайға шүкір біз егеменді елміз. 
Алтын ұяң – Отан қымбат, 
Құт-берекең – атаң қымбат 
Туып-өскен елің қымбат 
Кіндік кескен жерін қымбат, 
-
деп Қаз дауысты Қазыбек атамыз өте дұрыс айтты. Әрбір адамға туып өскен 
Отаны қымбат. Менің Отаным маған өте ыстық. Мен жырақта жүрсем, көруге 
асығамын,  сағынамын.  Мен  өз  Отанымды  өте  қатты  жақсы  көремін! 
Отанымды  көркейтіп,  өркендету  үшін  сабағымды  жақсы  оқып,  көп 
еңбектеніп, өз үлесімді қосуға бар күшімді саламын. Мен ата-бабаның, ата-
анамның, туған-туысымның, дос -жарамның  үмітін ақтағым келеді. Сол үмітті 
ақтауға  тырысамын,  бүкіл  күш-жігерімді  салып,  уәдемді  орындаймын. 
Мұндай іске  біздер, Қазақстанның азаматтары бір-бірімізге көмектесеміз деп 
ойлаймын.  
Джавадова Карина 
11 сынып, «Жалпы білім беретін № 3 орта мектебі» КММ 
Жезқазған қаласы,Қарағанды облысы 
Жетекші: Акмолдина Мейрамкул Советкалиевна 
   
...Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер 
Ер де күшті 
Көп немісті. 
Отаннан қуып тым алыс. 
Сенің арқаң 
Сенің арқаң 
Бейбіт өмір, қуаныш! 
Міне,Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына да 70 жыл толады. 
Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, 
тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 
қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің сан үлгісін көрсеткен ардагерлер мен 
тылдағы  қажырлі  еңбегімен  жеңісті  шыңдаған,  станоктың  қасында,  егін 
35 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
даласында,  күні-түні  мал  бағып,  тынымсыз  еңбек  еткен  жұмысшылар 
тойлайды.  Бұл  мейрамды  біздің  аяулы  да  даңқты  әйелдеріміз  өздерінің 
әкелерін,  ерлерін,  ұлдарын  және  жарларын  төзімділікпен  күткен,  олардың 
орнын  жоқтатпаған  аналар  мен  жұбайлар,  қалыңдықтар  мен  қыздар  да 
тойлайды. 
Бұл мерекені бұрынғы Кеңес одағына кірген он бес одақтас республика 
халқымен бірге, Кеңес халқы азат еткен Еуропа елдері, жер шарының басқа да 
тұрғындары тойлайды. 
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл
бір мың төрт жүз он сегіз күн мен түн бойы өз жері мен отаны ұшін, келешек 
ұрпақ үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. 
Бір  күшке  жиналған  қазақ  пен  украин,  орыс  пен  тәжік,  грузин  мен 
белорус,  өзбек  пен  қырғыз  қарсы  алдындағы  жауға  алмас  қамал  болып 
жұмылды. 
Сол  кездегі  Кеңес  одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер  Брест  қамалынан  Берлинге  дейін  барды.  Олар  Сталинград 
түбіндегі  шайқаста,  Днепр  өткелінде,  Мәскеу  мен  Ленинград  үшін  болған 
ұрыстарда  батыр  ерліктер  көрсетті,Украинаны,  Кавказды,  Белоруссияны, 
Прибалтиканы  азат  етті.  Польша,  Румыния,  Венгрия,  Болгария,  Германия 
жерлеріндегі    майдан  жолдарында  жеңіс  туын  көтерді.  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарында  біздің  қандастарымыз  қатыспаған  бірде-  бір  үлкен  шайқас 
болмады. 
Қазақ  ел    басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 
жауынгер, батыр халық болған. Ұлы Отан соғысының парақтарына үңілсек 
қазақтардың  қанды  қырғында  қаймықпай  соғысқанына  анық  көзіміз  жетер. 
Оған  мысал  ретінде  айқас  алаңдарында  ұмытылмас  ерлік  жасаған  жүз 
қазақтың  біреуі  –  Кеңес  Одағының  батыры  Бауыржан  Момышұлы. 
Халқымыздың  мақтанышы,  біртуар  ұлы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 
патриоттық сезімін, ұлттық мақтанышпен дәлелдеді. 
Бес  жүзден  аса  жерлестеріміз,  оның  ішінде  тоқсан  алты  қазақ  Кеңес 
Одағының  Батыры  атағын  алды.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы  шептегі 
ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. 
Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық 
мейірімен құшақ жая қарсы алды, сонымен қатар эвакуацияланған зауыт пен 
фабрикаларға,  майданға  оқ-дәрі  мен  азық-түлік  жеткізуші  үлкен    күшке 
айналды.  Жауға  атылған  әрбір  оқтың  тоғызы  Қазақстан  қорғасынынан 
құйылды. Қарсақбай, Балқаш кен орындары соғыс жылдары өндірілген қара 
мыстың жартысын соғысқа жіберіп отырды. 
Өмірде болған, дүниежүзілік рекорд жасаған - Шығанақ Берсиев сияқты 
еңбек ерлерімен  қатар иықтарына үлкен ауыртпалық түскен еңбек даласында 
36 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
миллиондап  жұмыс  істеген  әйелдерсіз,  аналарсыз,  жасөспірімдер  мен 
қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе?! 
Адамзат  тарихындағы  қаһарлы  соғыстағы  Жеңістің  70  жылдық 
мерекесін  тойламақ.  Ұлы  Жеңіс  Тәуелсіз  Мемлекеттер  достастығы    елдері 
үшін ғана емес, сонымен қатар әлем халықтары үшін де үлкен оқиға. Соғыс 
миллиондаған адамдардың өмірін қиып, жүздеген қала мен елді мекендерді 
тып-  типыл  етті.  Сөйтіп  соғыс  әр  үйге,  әр  отбасының  өміріне  жазылмас 
жараның  ізін  қалдырды.  Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағы  халықтарының 
тарихындағы қасіретті бет қана емес, сонымен қатар  ол халықтардың теңдесі 
жоқ ерлігі мен қажырлығы мен бірлігінің дәлелі. Сол бір отты жылдарда «Бәрі 
майдан  үшін,  бәрі  де    жеңіс  үшін»  деген  ұранмен  еңбек  еткен  тыл 
қаһармандарының  ерлік  істері,  аса  ерлікпен  шайқасқан  батырлар  ешқашан 
ұмытылмас. 
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев « Біз жеңімпаздар ұрпағымен мақтанамыз. 
Біздер  үшін  олардың  соғыс  жылдарында  көрсеткен  жан  қиярлық  ерлігі  - 
Отанға  қызмет  ету  ісінде  мәңгілік  өнеге»  деп  айтып  кеткеніндей,  сіздердің 
ерліктеріңіз жүрегімізге алтын әріптермен жазылып, біз үшін үлгі болып қала 
береді.  Біз,  жігер  оты  бар  ардагерлердің  ұрпағы  болғандықтан,  еліміздің 
көркеюіне, өрлеуіне барымызды саламыз. 
Дүйсенбекова Айдана 
1-
курс, Жезқазған индустриалдық-  гуманитарлық 
колледжі 
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы Жетекшісі: 
Шағатаева Бейсенкүл Ұлғасбайқызы  
Кешегі күннің жеңісі – бүгінгінің жемісі 
Бұл Жеңіссіз тәуелсіз Қазақстан болмас еді... 
Н.Ә. Назарбаев 
Қан майдан, жойқын соғыс, қасіретті жылдар.... Жер-дүниені тітіреткен 
сонау  сұрапыл  жылдарды  өткен  күннің  еншісіне  қалдырып,  ұлы  Жеңістің 
салтанат құрғанына да, міне, аттай жетпіс жыл.  
Жетпіс жыл... Иә, сона-ау сағымдай бұлдырап, сан жылдардың белесінде 
қалған  қырық  бестің  тоғызыншы  мамырында  жауынгердің  автоматынан  ең 
соңғы оқ атылғанда, шыр етіп, жарық дүние есігін ашқан сәби қазір жетпісте.  
Жетпіс жыл... Аз ба, көп пе, оны уақыт-төреші өзі таразылай жатар. Ал, 
біздің  білгеніміз  -  осы  жетпіс  жылда  нелер  өзгерістер  болмады  дерсіз?! 
Жермен-жексен болып, қираған үйлердің орнына зәулім қалалар тұрғызылып, 
37 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
орны үңірейген окоптарға топырақ толды. Дамылсыз атылған зеңбіректер мен 
көктен түскен бомбалардан терең ойылып қалған жерге көк шығып, жарасы 
жазылды.Еліміз соғыс зардабын ұмытқандай болды.  
 
«Елу жылда ел жаңа, жүз жылда қазан» - демей ме, дана халқымыз?! 
Десек те, осынау сұрапыл соғыстың жүректерге салған қанды жарасы түгелдей 
жазылды ма?! Жә, оны жан жарынан, бауыр еті баласынан айырылған асыл 
аналарымыздан  сұрағанымыз  жөн  болар-ау?!  Басқасын  былай  қойғанда, 
майданнан аман оралған жауынгердің өзі әрбір тұтам жер үшін жан алып, жан 
беріскен жағаласта қарлы окоптың жамбасынан өткен сызды ызғарын ұмыта 
қойды ма екен?! Әлде...  Жо-жоқ, ақын жырлағандай: 
Жазылған жоқ, Жер-ана жарасынан
Боздақтардың сұра, сен баласынан, 
Кинокадрдан іздейді әкелерін, 
Бейіттердің іздейді арасынан. 
Жауап таппай, дүние жасқанады, 
Қалды үзіліп, айтылмай асқақ әні. 
Ұлы Жеңіс парады жесірлердің, 
Жүрегінің түбінен басталады...... 
Зұлмат соғыс кімдерді қыршынынан қимады дерсің?! Небір боздақтар 
өздерінің  жауқазындай жас ғұмырларын Отанын қорғау жолында пида етіп, 
жаңбырша жауған оқ пен оттың арасында толарсақтан саз кешті. Сонда да, 
олардың кеудесінде ертеңгі күнге сенім, жеңіске деген жігерді ешқандай жау 
жасыта  алған  жоқ.Оқ  себелеп  тұрған  жау  пулеметінің  аузына  құм  құйып, 
кеудесімен үстінен баса құлаған Матросов пен Сұлтан Баймағанбетовты көзсіз 
ерлікке  құлшындырған  кек  қандай  ер  еді,  өжет  еді?!    Ал,  Нұркен  Әбдіров 
болса, өртеніп бара жатқан ұшағымен бірге жау үстіне кек боп жарылды.Үш 
жүз  бес  рет  жау  үстінен  қалықтап  ұшып,  ұшағы  отқа  оранса  да,  қарсылас 
жақтың қаншама күші мен техникасын жойған Талғат Бигелдинов пен Хиуаз 
Доспанова, Рейхстагқа ту тіккен Рақымжан Қошқарбаев, партизандық ерлік 
көрсеткен Қасым Қайсенов, Мәскеуді қорғауда асқан табандылық танытқан 
қаһарман  қолбасшы  Бауыржан  Момышұлының  ерен  ерліктеріне  қайран 
қалып,  қалайша  бас  имессің?!  Олар  өмір  мен  өлімнің  белдескен  сын 
сағаттарында жігерлері мұқалмай, қандыкөз дұшпан қоршауында талай мәрте 
қалғанда да, табан астында тапқыр шешім, батыл байлам таба білді.  
Бүкіл  болмыс-бітімімен  халықтың  қаһармандығын,  парасаты  мен  жан 
сұлулығын тұтастырып, азаматтық асыл мұратын асқақ биікке көтеріп, өздері 
дәйім даңқ тұғырында тұрып қалатын тұлғалар қаншама?! Атын айтар болсақ, 
Смағұлов Қ.,  Нұрмағанбетов С., Үсенов А.,  Молдағұлова  Ә., Мәметова М., 
Мамыраев  М.,    Ғабдуллин  М.,  Ишанов  Е.,    Аухадиев  Қ.,    Әшіров  С., 
Бекбосынов С.,  Жұмалиев Қ., Жақсығұлов С., Есболатов Н., Байысов М. ... әрі 
38 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
қарай тізбектеліп кете береді. Қай-қайсысының ерлігін жырласаң да, бір-бір 
поэмаға арқау болғандай-ақ.... 
Иә,  ол  кездегі  ерлікті  жыр  ғып  айтып,  әсте  де,  тауыса  алмассың.  Ол 
шақтарда тыл мен майданның тірлігі тұтасып, бір ерліктен бір ерлік асып түсіп 
жатты.Қан майданға аттанған ер-азамат қолынан қойшы таяғын алып қалған 
әйел, бала соғыс аяқталғанша, бел шешпей, небір ауыр жұмыстарды атқарды. 
Ел  басына  күн  туған  сондай  кезеңдерде  жалғыз  баласынан  келген  қаралы 
қағазды  келінінен  жасырып,  қайғы-қасіретін  қойнына  тығып  жүріп,  қой 
баққан, егін еккен, масақ терген аналарымызды, әкелерімізді нағыз ер демей 
көрші?! Жандары қанша күйзелсе де, осынау ардақ тұтар асылдарымыз қыңқ 
етіп,  қабақ  шытты  ма?!  Бүгінгі  күні  ардагерлерді  еске  алғанда,  небір 
қиындыққа қасқая қарсы тұрған тыл еңбеккерлерінің әрқайсысына мәрмәрдан 
ескеркіш  қаласақ  та,  әрине,  артық  болмас  еді.  Бұл  орайда  Елбасымыз  Н.Ә. 
Назарбаев:  «Алыста  қалған  сол  бір  сұрапыл  жылдарды  көңіл  дүрбісімен 
шолып  қарап,    қатары  сиреп  бара  жатқан  қадірлі  қарияларымызға  жасалар 
қамқорлықты әлі де күшейте беруге ден қоямын. Оларға көрсетілер құрмет пен 
тағзым ешқашан толастамақ емес»,- деген болатын Жеңіс мерекесінде. 
Сен құрметте оны, 
Түсіндің бе, қарағым? 
Ол ақшаға сатқан жоқ,  
Тізеден кесіп, аяғын. 
Кеше елге қатер төнгенде,  
Ол жауға қарсы шапты, 
Сенің келешегің үшін берді ол, 
Азаттық жолында аяғын! 
Бала  күнімізден  етене  таныс  осынау  жыр  жолдарын  тебіреніссіз  оқу 
мүмкін бе?! Кейде көшеде көктемнің көгілдір келбетіне көңілің шат-шадыман 
тасып  келе  жатқанда,  кенет...  сен  екі  аяғын  жуан  саннан  оқ  жұлып  кеткен 
соғыс мүгедегін көргенде, жүрегіңе біреу біз сұғып алғандай дір етпейсің бе? 
Сол кезде жаңағы шаттық күйіңді біреу жойып жібергендей әсерде қалмайсың 
ба? 
Иә, әлгіндегі бойыңды баураған бұла сезім аяқ астынан ғайып болып, 
сол бір қаһарлы күндер елесі кинодан көргендей еріксіз көз алдыңа келеді. 
Үстін-үстін  қарша  бораған  оқтар,  шыбын  жанын  шүберекке  түйген 
жауынгерлер атойлап жауға қарсы ұмтылғанда, кенет снаряд жарылды. Қара 
жердің  топырағы  аспанға  дейін  аударылып  түсті.  Дүние  астаң-кестең.  Екі 
аяғын санынан оқ жұлған солдат майдан даласында қансырап қала берді. Сол 
жауынгер.... әне, анау, бейбіт өмірде көше бойымен мықшыңдап кетіп барады. 
Біз,  жас  буын,  бейбітшіліктің  барша  мән-мағынасын  терең  түсіне 
отырып, Жеңісті жақындатуға үлес қосқан аға ұрпақ алдында әрдайым тағзым 
39 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
етуге міндеттіміз. Бейбітшілік бесігінде тербелген тәуелсіз Қазақстанның ұл-
қыздары, мына біздер, соғысты көрмей өскен бақытты ұрпақпыз! Мен бұған 
мың  мәрте  шүкіршілік  етемін.  Тыныштық  орнаған  тату-тәтті,  бірліктері 
жарасқан өз елімізде өмір сүруден асқан бақыт бар ма, сірә?! Жастары келіп, 
қатары  селдіреп  қалса  да,  қарттыққа  қайыспай,  омырауындағы  орден-
медальдары  өмірдің  өрінен  жарқырап,  өздері  көңілдің  төрінен  әспеттеліп 
жүрген даңқты әкелеріміздің ерліктеріне тәнті болып, сүйсінемін. 
Ұлы  Отан  соғысындағы  аға  ұрпақ  ерлігі  –  бүгінгі  жастар  үшін 
өнеге.Жылдар  жылжып  өтсе  де,  Жеңістің  жаңғырығы    халқымыздың 
санасынанөшпек емес. Ешкім де, ештеңе де ұмытылмасы анық. 
Бейбіт күн – бүгінгі белесім, 
Жеңіспен өлшенер тел есім. 
Құрметпен халқыңның жадында, 
Сақтаулы мәңгіге келесің. 
Ерлік  –  ұрпаққа  ұран,  елге  мұра.  Ендеше,  сол  ата-баба  ерлігіне  сай 
биіктен көріну – біздің перзенттік парызымыз деп білемін. 
Ерланқызы Жанерке 
2«а» сыныбы, «Ә. Бөкейхан атындағы 
   
№ 76 ЖББОМ» КММ,  Қарағанды қаласы
      
Жетекшісі: Жуманбаева   Алмаш Абдикадировна 
1941-
1945  жылдардағы  Кеңес  Одағының  Ұлы  Отан  соғысы  екінші 
дүниежүзілік  соғыстың  құрамдас  бөлігі  ретінде  тарихқа  мәңгі  енді.  Бұл 
соғыста Қазақстандағы әр отбасынан жүздеген мың адам қолына қару алып, 
ұрыстарға қатынасты.  
Қазақстан халқы Отан қорғаушылар қатарына өз еркімен жаппай жазыла 
бастады.  Мысалы,  Алматы  медицина  институтының  студенті  Маншүк 
Мәметова: «Отбасымыздан майданға жіберетін ешкім жоқ, ағам да, апам да 
жоқ,  сондықтан  өзімді  жіберуді  өтінемін»,—  деп  әскери  комитетке  өтініш 
берді.  Қазақстаннан  соғыс  майдандарында  100-ге  жуық  ақындар  мен 
жазушылар шайқасқан. Республика бойынша 2 миллионнан астам адам әскери 
даярлықтан өтті. 
Соғыстың  сипаты  —  Германия  тарапынан  бұл  соғыс  агрессиялық, 
жаулап алушы, әділетсіз соғыс болды, ал Кеңес Одағы тарапынан әділетті өз 
жерін қорғаған, азаттық Отан соғысы болды. 
Соғыс жүріп жатқан жерлерден және майданға жақын аймақтардан 220 
завод пен фабриканы, кәсіпорындары Қазақстанға көшіру жүргізілді. 
Өнеркәсіптерді Қазақстанға көшіру екі рет жүргізілді: 
1.1941 жылдың аяғы мен 1942 жылдың басы; 
40 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
2.1942  жылдың  күзінде  өнеркәсіп  орындары,  кәсіпорындар,  негізінен, 
Мәскеу, Ленинград облыстарынан, Украина, Белорусь жерлерінен әкелінді. 
Әрине, Қазақстанға әкелінген кәсіпорындар өте қиын жағдайда жұмыс 
істеді. Өнеркәсіп орындарымен бірге Қазақстанға майдан өңірінен көптеген 
мамандар да көшірілді. Мысалы, тек қана Домбасстан 3200-ге жуық шахтер, 
2000-
дай  құрылысшы  келді.  Майдан өңірлерінен  келген  инженер-техниктер 
саны 700-дай болды. 
Қазақстан КСРО-ның негізгі әскери-өнеркәсіп базасына айналды. 1942 
жылы  Одақта  өндірілген  қорғасынның  85%-ын,  көмірден  18%-ын, 
молибденнің 60%-ын, октанды мұнайдың 1 млн тоннаға жуығын берді. 
1942 жылы 24 тамызда Мемлекеттік Қорғаныс Комитетінің «Қарағанды 
көмір  алабында  көмір  өндіруді  арттыру  жөніндегі  шұғыл  шаралар  туралы» 
қаулысы  шықты.  Облыстың  және  ауданның  еңбеккерлері  Қарағанды 
шахталарын  қамқорлыққа  алу  жөнінде  патриоттық  қозғалыс  бастады. 
Шахтерлерді азық-түлікпен қамтамасыз ету, шахталарда тұрақты жұмыс істеу 
үшін адамдар жіберу, Қарағанды облысындағы 30 желісі 3 есе, оқушылар саны 
5  есе  көбейді.  1943  жылы  забойлар  желісі  көбейіп,  жер  астында  екінші 
Қарағанды  пайда  болды.  Мұнайлы  аудандарға  көмек  көрсетілді.  Атырау 
мұнай  өңдеу  заводын,  Каспий  -Орск  мұнай  құбырын  салу  үшін  қуатты 
құрылыс ұжымы ұйымдастырылды. Соғыс жылдыры салынған құрылыстар: 
Мақат  –  Қосшағыл темір жолы, Петровский машина жасау заводының 
екінші кезегі, Пешной аралы – Шарин құбыр жолы, Атырауда теңіз порты мен 
мұнай өңдеу заводы, «Комсомол» кәсіпшілігі т. б. 
1942 жылы егіс көлемі 1941 жылмен салыстырғанда 842 мың гектарға 
көбейді. 1943 жылы 775 мың га жаңа жер алқаптары егістікке арналды.  
Сөйтіп,  республика  экономикасын  соғыс  жағдайына  көшіру  жүзеге 
асырылды.  Соғыстың  алғашқы  күндерінен  Қазақстан  майдан  арсеналына 
айналып,  майдан  мен  тылды  қару-жарақпен,  оқ-дәрімен,  азық-түлікпен 
қамтамасыз етуші аймақ болды. 
Соғыс  жылдарында  тылда  еңбек  еткен  жұмысшылар  ерлігі  аңызға 
айналды.  Георгий  Хайдин  мыңдықшылар  қозғалысының  жетекшілері  А. 
Семиволос  мен  И.  Янкиннің  әдісін  қолданған  республикадағы  үздік 
бұрғылаушы  болды.  Соғыс  жылдарында  Ы.  Жақаев,  Ш.  Берсиев,  Б. 
Самжүрекова, Ким Ман Сам, В. П. Кривич, И. Я. Кудлай есімдері бүкіл елге 
әйгілі болды. 
Қазақстандық жауынгерлер Украинаны,  Белоруссияны,  Балтық бойын, 
Молдовияны азат етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері Кеңес әскерінің 
құрамында  Шығыс  Европа  халықтарын  Гитлердің  тепкісінен  азат  етуіне  ат 
салысты. 
Кеңес  Одағының  батыры,  Қазақстан  республикасының  қорғаныс 
министрі Сағадат Нұрмағамбетов те Берлин үшін ұрыстарға өз жауынгерлерін 
бастап  кірді.  Берлинге  шабуыл  жасауға  жерлестеріміз  Есжанов,  И.Я.Сянов, 
41 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет