Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область



жүктеу 5.01 Kb.

бет4/17
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Бабич Алина 
5 сынып, «Жалпы білім беретін № 3 орта мектебі» КММ 
Жезқазған қаласы,Қарағанды облысы 
Жетекші: Акмолдина Мейрамкул Советкалиевна 
   
Құрметті майдангер аналар! 
 
Сәлеметсіздер ме қадірлі де, құрметті өміріміздің тірегі – аналар! 
 
Менің    қазіргі  уақыттағы  орным  үйде,  үстел  үстінде,  қолымда  қағаз-
қалам, ал ең бастысы, мен тыныштықта отырмын, бейбітшілік пен татулықта, 
24 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
бақыт пен қуанышта күй кешудемін, тек мен емес, барлық қазақ халқы, сіздер 
құтқарып қалған жас ұрпақ бейбіт өмір кешуде. 
 1941-
1945 жылдары болған Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 70 жыл 
толады.  Бұл  сұрапыл  Соғыста  сіздердің  көрсеткен  ерліктеріңіз  ұрпақтан- 
ұрпаққа жетіп, әр жас жеткіншекті өз Отанын сүйіп, рухы биік батыр болуға 
жетелейді. 
Сол  соғыстағы  Жеңіс  сіздерге  оңайшылықпен  келмегенін  біз 
кітаптардан, кинофильмдерден көріп, сіздерден естіп білдік. Төрт жыл бойы 
Отанын жаудан қорғау жолында суық аязға, аштық пен жоқтыққа, қиындыққа 
қарамастан,  біздің  жарқын  болашағымыз  үшін  күрескен  сіздердей  батыр 
аналарымызға бақытты, бейбітшілік үшін әрдайым бас иеміз. 
Сіздердің  қазақтың  батыр  да,  батыл  да,  қайсар  халқымыздың  жайнап 
өскен гүлдері екендеріңізді барлық жұрт біледі. 
Мен  сіздердің  бойларыңыздағы  мұндай  қасиеттерді  Қарауылбек 
Қазиевтің  «Менің  шешем»  атты  шығармасынан  байқадым.  Сіздердің 
ұлтжанды,  отансүйгіш,  талапшыл,  патриот,  еңбекқор,  ал  ең  бастысы, 
намысшыл болғандарыңызды аңғаруға болады. 
Қанды  шайқас  төрінде  күрескен  батырлардың  қазақ  халқының  жеңісі 
сіздердің  арқаларыңызда.  Күш  беріп,  мейірлене  қарап,  жылы-жылы  айтқан 
сөздеріңіз  бен  күлімсіреген  көздеріңіздің  нәтижесінде  қазақ  халқы  жеңіс 
тұғырына жетіп, көгілдір аспанымызда жалауымызды желбіретті. Сондықтан 
да менің сіздерге деген алғысым шексіз. Сарыарқа төсіндегі ұлан-байтақ қазақ 
жерінде тұрғаныма қуанып, қадамымды әр басқан сайын сіздердің ерліктеріңіз 
есіме  түседі.  Сіздердің  жолдарыңызды  қуып,  халқымның  нағыз  ұлтжанды 
патриоты  болғым  келеді.  Мен  сіздердің  ерліктеріңізге  тамсанып,  таңқалып, 
сіздерге  қарап  еліктеп  өсудемін.  Сол  үшін  сіздерге  алғысымды  білдіргім 
келеді! 
Ел намысын жерге таптатпай, ең соңғы демдеріңіз қалғанша халқымыз 
үшін,  жеріміз,  еліміз  үшін,  келер  ұрпақ  үшін  күрестіңіздер,  аянбай  еңбек 
еттіңіздер. Бізге үлкен өнеге қалдырдыңыздар. Ал біз сіздердің үміттеріңізді 
ақтауға  тырысамыз,  ақтаймыз  деп  сенемін.  Сіздер  біздің  жүрегіміздің  бір 
түпкірінен орын алып, мәңгілікке ұмытылмас, ғасырлар бойы естен кетпес тау 
тұлға, ерекше жан болып қаласыздар! 
Құрметті, Ұлы Отан соғысының ардагер аналары! Сіздерді мыс шаһары 

Жезқазған қаласының 60 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген, Жеңістің
70  жылдығымен  құттықтаймын.  Сіздерге  және  сіздердің  жақындарыңызға 
ашық аспан, мықты денсаулық тілеймін! Сіздердің жасаған өшпес ерліктеріңіз 
ел есінде мәңгілікке қалады. Ал қазір біз тәуелсіздігімізді алып, егемен елде 
өмір  сүріп,  біздің  ата-бабаларымыздың  тілегін  ақтауымыз  керек.  Біздің 
еліміздің  әрқашанда  тыныш  болуын  мен  бір  Жаратқаннан  тілеймін.  Сау 
болыңыздар, майдангер аналар! 
25 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Баданова Назым 
12 сынып, НЗМ 
Қарағанды  қаласы 
Жетекшісі: Ахмет Гүлбақша Төлегенқызы  
Ел үшін туған ерлердің ерліктері 
«Қазақстан - елім менің, жерім менің» деп соғатын әр жүректі, әрбір қазақ 
баласын елінің басынан кешкендері ойландырмай қоймайды. Осы мақсатта әр 
мектептен жиналған балалар Арман клубының жетекшісімен, сонау 1941-1945 
жылдардағы зұлматтың кермегін тартып, майдан алаңында елі үшін күрескен 
ардагер ақсақалмен жүздесуге бардық.
 
 
Ашық аспан, сәулелі күн астында қырандай самғап, кең жазық жазирада 
сәйгүліктей желмен жарысқан, кеңдікті сүйетін қазақ баласының басына бұлт 
төнген  1941-1945  жылдар  еді...  Қазақ  баласына  да,  КСРО  құрамындағы 
халықтарға,  ұлт  өкілдерінің  басына  күн  туды.  «Біріге  көтерген  жүк  жеңіл» 
демекші, қаншама халық қолына қару алып, қанмайданның алаңына аттанды. 
«Отан  үшін  отқа  түс  –  күймейсің,  суға  түс  –  батпайсың»  деген,  Ұлы  Отан 
Соғысының  батыры,  қазақтың  ері,  Бауыржан  Момышұлы  айтқан  сөз 
бойларына  жігер  беріп,  қыршын  қазақ  жастары,  қарттары  да,  нәзік  жанды 
арулары да «ОТАН» деп соққан жүректің лүпілін баса алмай, елінің жарқын 
болашағы үшін, бостандық үшін, атадан қалған аманат – туған жер үшін, артта 
қалған жұрт үшін соғыстың қанды алаңына түсіп кетті. Сол зұлматты көзімен 
көрген  азаматтар  көксеген  мұраттарына  жетіп,  бүгінде  елінің  келешегіне 
үмітпен, сеніммен қарайтын күнге де жеттік. Бұл жеңіс – сол соғыста Отан 
үшін  жан  алып,  жан  беріскен  ардагерлеріміздің  жеңісі  де,  елім  деп  соққан 
жүректің  жемісі  де.  Ал  біз,  келешек  ұрпақ  үшін  осы  асыл  ерлеріміздің 
ерліктерін  ұмытпай,  оны  насихаттау  –  парыз,  ардагерлерімізге  айтқан 
рахметіміз болмақ.  
Ұлы  Отан  соғысында  болып,  майданды  өз  көзімен  көріп,  туған  жердің 
төсіне жау аяғы тимесін деп, қолға қару алып, қанды судай ағызған аламанда 
елі үшін күрескен ерлердің бірі Әмірхан Әбішұлы. 1923 жылы қазанның 10 – 
жұлдызында Қарқаралы ауданында дүниеге келген. 9 жасында-ақ, 1932 жылы, 
анасынан қол үзіп қалған, 1937 жылы әкесін ұстап әкетеді. Әмірхан ата көп 
балалы отбасынан. Он жетінші туған ағасы қайтыс болып, он сегізінші туған 
ағасы  1939  жылы  қазанның  20  күні  әскерге  алынып,  хабарсыз  кетеді.  10 
сыныпты бітірместен әскерге кеткен ағасын іздеп әр жерге хат жазғанымен, 
хабар ала алмайды.  Арада уақыт өтіп, өзі де 1942 жылы, сәуірдің 29-да әскерге 
26 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
алыныпты.  Әмірхан  атамыздың  әскерге  алынған  жылында  Егіндібұлақ 
совхозынан 27, Қарқаралыдан 17 бала онымен бірге Қарағандыға жіберіліпті. 
Атамыздың естелігі бойынша көлік болмай жаяу барыпты.  Ал Қарағандыдан 
мамырдың 1-жұлдызына қарай Түркіменияның Кірікши қаласына барып, 2-3 
ай соғысқа дайындалады. Сол уақыттарда Сталиннің үкімімен олар Ауғанстан 
мен  Иранның  шекарасында  торуылға  жіберіледі.  Әмірхан  ата:  «Ол  кезде 
қақтығыстар болмады. Біз шпиондарды ұстадық», -  дейді. Ал соғысқа 1943 
жылы  шілдеде  соғысқа  қарай  бет  алыпты.  Ардагердің  қасында  Абылайхан, 
Қамжин Әбілкен, Омаров Мұқатай сынды достары болған. Сол кісілерменен 
бірге  олар  Малиновскийдің  284-ші  дивизиясының  батальонында  соғысқа 
қатысады.  Ардагер  сөзінің  арасында  оларда  автомат  болмай,  винтовка 
ұстағандарын,  тот  басқан  оқтармен  соғысқа  түскендерін,  ал  немістердің 
қарулары  лакпен  жаланған  екенін  де  айтып  өтті.  «Румынияда  Сталиннің 
үкімімен  тұтқынға  түскен  немістерді,  18-35  жас  аралығындағы  қыз-
келіншектерін,  16-47  жас  аралығындағы  ер  азаматтарын,  барлығы  35000 
адамды  жұмысқа  салды»,-  дейді  ардагер.  Бұл  жақта  лейтенант  Гандеррас 
Максимуктің  командирлігімен  соғысқа  қатысады.  Еліне  қайтқанша 
Румынияда тұрады. Онда нан да, батон да, тамақ та берді деп еске түсіреді 
ақсақал. 1946 жылы аман-есен еліне жеткен Әмірхан ата Қарқаралы ауданы 
Жамбыл совхозында бригадир, кейіннен бөлімше меңгерушісі болып қызмет 
атқарыпты.  Жеңіс  туралы  бір  ауыз  мәліметтеріңіз?,-  деп  сұрағанда: 
«Сталиннің  күштілігімен,  генерал  Жуковтың  мықтылығымен,  катюшамен 
жеңдік»,- деді. Соғыс жылдарында дивизия құрамында қазақтар болатын деп 
есіне  алады.  «Қазақтар  батыр  ғой...»,-  деп,  Берлинде  ту  тіккен  қазақтың 
Рақымжанын  да айта кетті. Соғыс 1418 күнге созылыпты... Осы арада жан 
алып, жан беріскен осындай ардагерлеріміз қазірде сиреп барады. Әмірхан ата: 
«Оқыңдар,  онсыз  болмайды.  Азамат  болыңдар,  біз  асарымызды  асадық, 
жасарымызды жасадық, сендер аман болыңдар!»,- деп, батасын берді.  
Ел  үшін  жан  кешуге  тәуекел  еткен  осындай  ардагерлердің  көзін  көріп, 
батасын алған біз бақыттымыз. Олар аңсаған бостандық ертең бізге аманат 
достар, асыл ерлерімізді ұмытпайық!! 
Байжаханова  Гүлдана 
      
9 cынып  №133негізгі мектебі  
Жезқазған қаласы    Қарағанды  облысы  
Жетекшісі: Мукашева Айман Толеубековна        
Ұлы  Отан  соғысы  әр  адамның  басында  болған  оқиға.  1941-1945 
жылдары  адамның,әр  адамзат  баласының  басынан  өтпеген  жерлері  жоқ. 
Себебі сол жылдары қанды оқига болып, бүкіл адамдар өз елін, өз жерін сақтап 
калу үшін, болашағымыз жарқын, әрі жақсы болу үшін барлығын істеген еді. 
27 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Ұлы Отан соғысына барлық  ұлттар,әсіресе қазақтар өте көп шыққан еді,өз 
елін,отанын    сақтап  қалу  үшін  бізден  атақты,  әрі  әлемге  әйгілі  Бауыржан 
Момышұлы,  Мәншүк    Мәметова  және  Әлия  Молдағұлова  сияқты  қазақ 
батырлары қатысқан еді. Ұлы Отан соғысына 1,5 миллионнан астам адамдар 
қатысты. 1941-1945 жылдары бүкіліне де өте ауыр, әрі қиын жағдай болған еді. 
Ұлы  Отан  соғысына  кішкентай  балалардан  бастап,  қартайған  шалга  дейін 
қатысқан. Олар өз елін, отаны үшін бар күш жігерін салып күресіп, шайқасқан 
еді.  
Қазақстан     армия  мен  флот  үшін    офицерлік 
кадрлар  және  резервтік    күштер дайындауға да  лайықты үлес  қосты.  1941-
1945  жылдары     әскери    оқу  орындарына    42  мыңнан    астам    жас 
қазақстандық   жолданды,    ал Қазақстанның аумағында  сол жылдары жұмыс 
істеген  27   әскери оқу орны толық емес   мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер 
дайындап шығарған.      
Біздің     жерлестеріміз    майдан  даласында 
ерлікпен 
шайқасқан.     
Жауынгерлік 
ерліктері 
үшін 
жүздеген    мың    қазақстандық    медаль-ордендермен  марапатталса,    500-
дей     адам    Кеңес  Одағының  Батыры,    100-ден    астам  адам  -  Даңқ 
орденінің    толық  иегері  атанған.    Төрт  қазақстандық    екі    мәрте     Кеңес 
Одағының  Батыры  атанды,  олар - Талғат Бигелдинов, Сергей Луганский, 
Иван Павлов  және Леонид Беда.  
Кеңес    Одағы    Батырларының    қатарында    қазақтың  екі    қызы 
-   
мерген    Әлия  Молдағұлова  мен    пулеметші 
Мәншүк 
Мәметова    бар.    Рейхстагқа     Жеңіс  туын    тіккендердің 
бірі 
-  
қазақ  жігіті   Рахымжан  Қошқарбаев.    Жаудың   тылында  партизандарды
ң    қатарында  да    қазақстандықтар  шайқасқан.  Солардың  бірі    -  Қасым 
Қайсенов.      Ал  танымал    қолбасшы      әскери    жазушы 
Бауыржан  Момышұлын,  28  панфиловшылардың ерлігін    білмейтін  қазақ 
жоқ шығар.   
Соғыстың  тек  майдан  даласында  ғана  емес,    тылда    жүргені 
мәлім.      Гитлерліктер КСРО-ның батыс  аудандарын басып  алғаннан кейін, 
Сібір    мен    Қазақстанның    ел  экономикасындағы    маңызы  күрт 
артқан.    Жаудың    қолына    бермеу    үшін    соғыстың  алғашқы 
айларында     өнеркәсіптік  кәсіпорындардың    барлығы  тылға  көшіріле 
бастады.       
Республикада      танк  және  ұшақ       жасауға  ақша    жинау 
қозғалысы    жүрді.    1941    жылдың  күзінде    Бүкілодақтық  лениндік 
коммунистік жастар одағы (ВЛКСМ)  атындағы  танк дивизиясын    құруға 
қаржы    жинала  бастады    да,      бір  жылға    жетер-жетпес  уақыттың  ішінде 
армия  қазақстандық   комсомолдардан    45 жаңа   танк алды.   Кейінірек халық 
қаражатына  тағы 10 танк   колоннасы,   бірнеше  авиациялық  эскадрилия, 
торпедо    катерлер  мен    атаулы  ұшақтар     жасалды.  Соғыс 
28 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
жылдары  Қазақстан  халқы      жауынгерлік    техникалар  жасауға  480,3 
миллион рубль     жинап берді.   
Жеңіске  Қазақстанның ауыл шаруашылығы да       өз  үлесін   қосты. 
Атап айтқанда, еліміз 30,8   миллион пұт астық, 14,4 миллион  пұт картоп және 
көкөніс,    15,8    миллион      пұт    ет,    3  194  мың    центнер  сүт,    17,6 
мың  центнер   жүн   берді.  Бұл  соғысқа дейінгі бес  жылдағы көрсеткіштен 
бірнеше  есе    көп.    Республиканың  барлық    экономикасы    әскери 
«рельске»    қойылды:     бейбіт  мақсаттағы    шығыстар  барынша 
қысқартылды, 
 
көптеген 
кәсіпорындар  қорғаныс  өнімдерін    шығаруға    кірісті.   Ер  азаматтардың 
бәрі      армия  қатарында  болғандықтан,  зауыттарда     әйелдер,  қариялар,  
жасөспірімдер    еңбек  етті.    Еңбек  тәртібі  қатайтылды, 
жұмыс 
уақыты    ұзартылды.    Алты  апталық,    23  сағаттық   жұмыс 
күні    бекітілді,     демалыстар    тоқтатылды.    Бірақ    ешкім    қынжылған 
жоқ.    Бүкіл  ел     «Бәрі  де    майдан  үшін,    бәрі  де    Жеңіс    үшін!»  деген 
ұранмен  еңбек етті.  
КСРО-ның  батыс  өңірлерінен     көшірілген    халықпен      қоса,  1941 
жылдың  күзінде    Қазақстанға    Полвольжеден  жүздеген    мың     немістер 
мен    поляктар    жер    аударылды.    1942-1944    жылдары   507 
мың    балқар,    қарашай,    ингуш,    шешен     халқы,    110  мың    түрік-
месхетиндер,  180 мың  қырым татарлары    күшпен   жер аударылды.   Оған 
қоса,  күн    сайын    Қазақстанға       жаралы  жауынгерлер  мен  офицерлер 
тиелген     пойыздар  ағылып  жатты.     Әскери  госпитальдердің    көбісі 
Алматыда    құрылды.   
Ұлы  Отан    соғысы    4    жылға    созылды.     Майдан  даласында    600 
мыңнан  астам қазақстандық   қаза  тапты.    Соғыста       қаза тапқандардың 
саны 
 
туралы 
мәлімет   бүкіл  әлемді   дүр  сілкіндірді.    Жекелеген  мәліметтер  бойынша,  
  
адамзат  тарихындағы  бұл  ең      зұлмат    соғыс     20  миллионнан 
астам    кеңес    азаматтарының  өмірін    қиды.     1  710  қала    және    70 
мыңнан  астам   село-деревнялар,  31 850    өнеркәсіптік   кәсіпорын,  65 мың 
шақырым  темір    жол,    4  100  теміржол    стансасы,  36  мың    пошта-
телеграф    мекемесі,    телефон  стансасы  және  басқа  да 
байланыс    бекеттері  жермен-жексен   болған  немесе  жартылай   қираған. 
Ұлы Отан соғысы әр адамның жүрегінде мәңгілік сақталып қалады.            
Байтуганов Ислам 
7 қазақ сыныбының оқушысы 
 
Қ.Шайменов атындағы орта мектебі 
Жетекшісі: Бельденова Ж.А. 
Менің  атам –  ардагер 
29 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Менің  нағашы  атам  да  1943  жылы  әскер  қатарына  шақырылып,  сол 
жақтан соғысқа аттанған. Өкінішке орай  мен   жеті жаста болғанымда ол кісі 
84 жасқа караған шағында  қайтыс болды. Тірі болғанда   2015 жылы Ұлы Отан 
соғысының  аяқталғанына 70 жыл қарсаңында  атам  90 жасқа келер еді.  
Ол  да  біз  үшін  үлкен  той,  үлкен  мереке,  артында  қалған  ұрпағы 
атасының ерлігін, батылдығын  білген бір ғанибет қой. Біз үшін осындай өмір 
кешсін деп  жандарын аямай, жауыздықпен күрескен. 
Атам  1925  жылы  өмірге  келген,  қарапайым  отбасынан  шықты,  әкесі  
еңбекқор, баласын да еңбекке, адалдыққа үйретіп тәрбиелеген. Қиыншылық 
заманның балалары ержүрек болып өседі екен, менің атам да ержүрек, батыл, 
батыр  адам  қатарына  енеді.  Сол  батылдығы  емес  пе,  соғысқа  ер  қатарлы 
барып, өз жерін қорғаймын деп қолына қару ұстап,  фашистермен күрескен. 
1943 жылы  Қазақстанның  2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері сияқты 
әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр 
күндер болды.  1418  күн  мен  түн  бойы  өз  жері  мен елі үшін  халық күресте 
болды.  
Бұл  соғыс  қайғы-қасірет  әкелмеген  отбасы  болмады.  Бірінің  әкесі, 
бірінің ағасы қаза тапты, қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды. 
Менің  де  атам  бар  күш-қуатын  «Отан  үшін»  деп  шайқасты.  Екі  жыл 
жерінен  аулақ  жерде  жүрген  атам,  Жапония  елін  босатуға  қалып,  жеңіспен 
1945 жылдың аяғында үйіне оралған  екен. 
Аман-есен оралған соң, 1949 әжемді кездестіріп, отау құрады.  Сонымен 
атам  мен  әжем  қол  ұстасып  он  бір  бала  тәрбиелеп,  үлгілі  отбасылардың 
қатарынан саналады. 50 жыл бірге оттасып, еліне қадірлі, балаларына үлгілі 
өмір  кешеді.  Әжемнің  ата-енесіне  деген  құрметі  шексіз  еді,  әрқашан  сол 
кісілердің жақсылығын  балаларына  үлгі  етіп айтып отыратын.  
Соғыстан  кейін  атам  өз  ауылында  көлік  жүргізуші  болып  бастап, 
автокешеннің  меңгерушілігіне  дейін  көтеріледі.  Ал  әжем  бала-бақшада 
тәрбиеші болып, өзге балаларды өз баласындай көріп,тәлім-тәрбие береді. Сол 
жерден атам мен әжем де зейнеткерлікке шығады. 
Атам  әрқашан:  «Ешқашан  ұшқан  ұяңды  тастама,  әке-шешенді  сыйла, 
олар саған өмір берді. Аруақтарды ұмытпа, олар сені әрқашан қолдап жүреді» 
деп өсиет айтып отыратын. 
Менің атам – ардагер, менің атам – батыр! деп мен мақтанамын. 
Атамның соғыс кезінде алған кеуде алқалары өте көп:  «Жеңіс үшін», 
«Ление ордені», «Ерлік үшін», «Қызыл жұлдыз», «Соғыс ардагері», ҰОС 40 
жылдығына, 50 жылдығына, 60 жылдығына тағы да басқа көптеген ордендері 
мен медальдары бар.  
Мен де атам секілді әскери адам болғым келеді,  өз Отанымды қорғауға 
әрқашанда дайынмын. Мен атамды үлгі тұтамын. 
30 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Бекмаганбетова Амина 
«Жалпы білім беретін № 3 орта мектебі»КММ 
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы 
Жетекші : Жунусбекова Ботакоз Хабитовна           
Жеңіске қосқан менің де үлесім бар 
/Жанбай қарияның әңгімесі/ 
     
Жанбай қария балалық шағында басынан өткен сан қилы оқиғаларды 
балаларына , кейін немерелеріне айтып отырудан жалыққан емес. 

Біз сол жылдары ауылда тұратынбыз, - деп әңгімесін бастады. Менің 
мектеп  табалдырығын  аттар  кезімде,  жеті  жасымда  Ұлы  Отан  соғысы 
басталып кетті. Жауыз Гитлерден Отанды қорғауға аттанғандардың арасында 
әкем  де  бар  еді.  Отбасында  шешем  екеуіміз  қалдық.  Анам  колхоз  сиырын 
сауатын. Таң атқаннан кешке дейін қолы тимейтін. Сауылған сүтті машинадан 
өткізіп, алынған қаймақты шайқап, май даярлайтын. Осы жұмыстың барлығын 
қолмен істелетін.  
Сауын  сиырлар  өріске  кеткеннен  кейін  бұзауларды  да  бір  сәт 
жайылымға  шығаратын.  Бұзау  бағушы  –  Қасымбек  деген  аурушаң  кісі  еді. 
Денсаулығының  нашарлығына  қарамастан  «Еңбек    батальонына»    жарайды 
деп, оны да әскер қатарына шақыртты. Ауылда бұзау бағатын ер-азаматтың 
жоқтығынан, енді сауыншылар кезекпен бұзау бағуға шығатын болды. Біздің 
кезек келген күні мен сабақтан қол үзетінмін. Апама көмектесіп, жайылымға 
шыққан бұзауларды қайыратынмын. Сүтке тойып , ерігіп тұрған бұзаудың бірі 
жүгірсе  болды,  қалғандары  оны  қоштағандай  тобымен  жөңкіле  бастайтын. 
Мұндайда жаяу адамға қайдан қайыру берсін! Қасымбек мінген жауыр күрең 
мені баласына ма, әлде  жара  жанына бата ма қанша қамшыласаң да,  аяғын 
баспайтын. Бұзау жамырап кетсе, жоспарлы сүт алынбайды. Сондықтан өкпем 
өшсе  де,  әйтеуір  әрең  дегенде  қайырып,  көңілімді  бір  демеуші  едім.  Кейде 
қайыру  бермеген  кезде,  көз  жасына  ерік  беретінмін.  Адам  өзінің 
дәрменсіздігіне  кейде  қапаланатыны  да  осындайдан  шығар  деп  ойлаймын. 
31 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Бұғанасы қатпаған сол кездегі балалар да  мен сияқты колхоз жұмысынан шет 
қалған емес, - деп әңгімесін бір үзді. 
 

Ымырт  үйірілгенге  дейін  бейнет  жасаған  анамды  аяп,  келгенінде 
тамағы  даяр  болсын  деп,  шешемнен  көргенімді  өзімше  істейтінмін  -  деп 
әңгімесін  одан  әрі  сабақтайтын.  Даярлаған  тағамымда  кейде  тұз  болмайды, 
кейде түбін күйдіріп аламын. Анам бұған менің шын пейілмен жасағанымды 
іштей  сезіп,  ешқашан  ұрысқан  емес.  Екі-үш  кесе  шай  ішіп,  маңдайы 
жіпсігеннен кейін ғана, ақырын жымиып отырып, менің кемшілік тұстарымды 
есіме салатын. 
  
«Барлығы майдан үшін, барлығы жеңіс үшін» - еп ұрандатқан тылдағы 
әрбір адам, шамасы келгенше, жеңісті тездетуге атсалысты. Шешем түні бойы 
жауынгерлерге  қажет  жылы  киім-кешек  даярлаумен  айналысатын.  Бірақ 
таңертенгі жұмысынан, сиыр сауудан еш уақытта қалған емес. 
Түнемелікте  сабақты  орындаған  соң,  мен  анама  көмектесіп,  жүн 
түтетінмін.  Апамның  үйретуімен  тоқуды  да  меңгердім.  Ол  уақытта  мынау 
қыздың  жұмысы,  мынау  ұлдың  жұмысы  деп  бөлмедік.  Біз  даярлаған  киім-
кешектер  майдан  даласына  тоқтаусыз  жөнелтіліп  жатты.  Бірде  түсімде  мен 
тоқыған  байпақты  әкем  киіп:  «Менің  баламның  тоқыған  байпағы  қандай 
жылы, енді аяғым тоңбайтын болды, немістерге бұрынғыдан да күйрете соққы 
беремін!  -  деп  мақтанғанын  естіп,  оянып  кеттім.  Аз  да  болса  жеңіске  үлес 
қосқаным маған да қанат бітірді. 
 
Сабағымды жақсы оқыдым. Әріптерді толық танып білген соң, қолыма 
түскен  кітап,  газет  бетіндегі  жазуларды  оқуға  ниет  жасадым.  Алғашқыда 
ежелеп  оқысам  да,  кейін  біршама  оқуға  төселіп  қалғанымды  аңғардым. 
Майданнан  келген  хабарды  тыңдау  үшін  бәріміз  бір  үйге  жиналатынбыз. 
Кейде хат оқу кезегі маған да келетін. Анама, соғыстағы әкеме тіл тигізбеу 
үшін,  қатесіз  ежелемей  оқуға  тырысатын  едім.  Жиналған  көпшілік: 
«
Оқысаңдар Бейсенбайдың баласындай оқыңдар. Өркенің өссін! Әкең аман -
есен келіп, отбастарыңда той болсын! - деп батасын беретін. Әкемнің атына 
жаманат  келтіртпегенім  төбемді  көкке  жеткізгендей  болды.  Көрші  үйде 
«
Батырлар жыры» бар болатын, кешкілікте ауыл адамдарының көңілін аулап, 
соны оқып беріп жүрдім. 
 
Соңғы кезде ауданнан бірді-екілі өкіл келіп, майдан даласындағы Кеңес 
әскерінің  алға  қарай  жылжып,  фашистердің  ордасы  Берлинге  де  тақап 
қалғандығы туралы қуанышты хабарды естіген елдің еңсесі көтеріліп қалды. 
  
Міне,  көптен  күткен    Жеңіс  күні  де  келіп  жетті.  Шешелеріміз 
қиындықты  артта  қалғанын  айтса,  енді  біреулері  әлі  де  көңілдері  күпті, 
сеніңкіремей жатқаны байқалады.  
Жанбай қария күрсініп, ұзақ уақыт үндемей қалғанын байқадық. 

Балаларым,  -  деп  әңгімесін  әрі  қарай  жалғастырған  қария,  -  біз  көрген 
қиындықты сендер көрмеңдер. Соғыс деген болмасын! Сендердің замандарың 
32 


1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал