Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область



жүктеу 5.01 Kb.

бет6/17
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Х.Қайдаусов,  З.  Тұрарбеков,  Х.  Көбеков,  Т.  Бигелдинов,  А.Еремеев, 
Н.Шелихов және т.б. көптеген адамдар қатысты. Жас офицер Р.Қошқарбаев 
өзінің досы Г.Булатовпен бірге рейстаг терезелерінің біріне алғашқыларының 
бірі болып алқызыл Жеңіс туын желбіретті, ал Орал өңірінің жас офицерлері 
Қ.Меденов пен Р.Қараманов Берлин ратушасының төбесіне тікті. 
-
1945 жылы 2 мамырда Берлин қаласы алынды. 
-
1945  жылғы  8  мамыр-фашистік  Германияның  тізе  бүккендігі  туралы 
шартқа қол қойылды. 
-
1945  жылғы  9  мамыр-Қызыл  Армия  жеңіске  жетіп,  Ұлы  Отан  соғыс 
аяқталды. 
1945  жылғы  9  тамыз  —  одақтастық  міндеттемелерге  сәйкес  КСРО 
соғыстың  соңғы  ошағы  Жапонияға  қарсы  соғыс  басталды.  Қиыр  шығыста 
Жапониянға қарсы соғысқа аттанған әскери бөлімдер арасында қазақстандық 
құрамалары  да  болды.  Тынық  мұхит  флоты  әскери-әуе  күштерінің  12-
шабылдаушы авиация дивизиясының звено командирі, көкшетаулық Михаил 
Янко 1945 жылғы тамыздың 10-ында Гастэллоның ерлігін қайталады. 
Қызыл Армияның Қиыр Шығыстағы соғысы 24 күнге созылды. 
1945  жылғы  2  қыркүйекте  Жапония  жеңілгендігі  туралы  шартқа  қол 
қойды. Сөйтіп, екінші дүниежүзілік соғыс аяқталды. 
Жалпы екінші дүниежүзілік соғыстағы жеңіс Кеңес Одағына қымбатқа 
түсті. Елдің 27 млн астам адамдары соғыста қаза болды. Оның 603 мыңы (400 
мың) қазақстандықтар. 
Міне, осылай Кеңес халқы мен оның Қарулы күштері бұдан 69 жылдан 
астам бұрын адам баласының қас жауы фашизмді осылай талқандады.  КСРО-
ның  Ұлы  Отан  соғысында  өз  елінің  бостандығы  мен  тәуелсіздігін  қорғап 
қалды, Европа халықтарын фашизмнің қанды шеңгелінен құтқарып, жеңімпаз 
халық атанды. 
Өткен азапты жолдың ауыр сабақтарын халық ешқашан да ұмытпайды. 
Оның  ауыр  сабақтары  біздің  санамызға  ұялап,  қазіргі  ұрпақтарды  ерлікке, 
қырағылыққа  баулып,  жарқын  болашағымызды  қорғауға  әрдайым  дайын 
тұруға  шақырады.  Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағы  тұсындағы  талай  ақын-
жыршылар  шығармашылығына  арқау  болды.  Мұның  ішінде  ел  мен  жерде 
жүріп,  жеңіске  тілектес  болған  қаламгерлер  да,  аласапыран  майданда  қан 
кешіп жүріп Отанын, халқын жырлаған ақындар айтарлықтай болды. Мен енді 
эссемді  қорытындылай  келе,  Сырбай  Мәуленовтің  «Соғыстан  қайтқан 
солдаттар» атты өлең жолдарымен тәмамдағым келеді: 
Жаутаңдап қарап дала тұр, 
Көз жасын сүртіп жаңа бір. 
Хабарсыз ұлын сұрауға, 
Жолыңды тосып ана жүр. 
Қанша үйдің ұрлап адамын, 
42 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Қанша үйде сөніп қалды оттар. 
Көрдің бе ұлын ананың, 
Соғыстан қайтқан солдаттар? 
Есімханов Нұржігіт 
3 «ә» сынып, №76 ЖББОМ, Қарағанды қаласы 
Жетекшісі: Омарова Асылтас Магжановна 
Ел мен ердің жемісі 
«Ерсiз ел болмайды, елсiз ер болмайды» дейдi батыр бабамыз Бауыржан 
Момышұлы. Ұлы Отан соғысында ел күйреп, талай адам ажал құшты. Сол со-
ғыста өзiнiң қайсар ерлiгiмен, қайратты мiнезiмен жауынгерлерге жiгер берген 
бабаларға мың алғыс. Осы ержүрек бабалар қатарында  Бауыржанның еңбегi 
ерекше. «Отан үшiн отқа түс, күймейсiң» деп ұран тастайды батыр атамыз. 
Отан, келер ұрпақтың болашағы үшiн өз басын өлiмге байлап, ажалмен алы-
сып,  жеңiс  туын  тiктi.  Бауыржан  ата  бiр  естелiгiнде  «Мен  –  өзге  ұлттарды 
құрметтеушi,  өз  ұлтын  сүюшi  адаммын»  дейдi.  Батырдың  әр  қазақтың 
жүрегiнде сақталуының себебi де ұлтын сүйгендiгiнен шығар.  
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс 
атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағышталған.  Адам  адам  болғалы  осылай. 
Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 
миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық.  Кімге  қажет 
болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты  әділетсіздік, 
жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті.  Қарапайым 
халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. 
1941-
1945  жылдардағы  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына 
биыл 70 жыл толады. Бұл адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болғаны белгілі. 
Аумағы жағынан бұл қырғын дүниежүзілік сипатқа ие болды. Құрбандардың 
саны  жағынан  да  жоғары  тұр.  Тек  бір  ғана  Кеңес  одағының  өзінен  20 
миллионнан астам адам қаза болды. Сондықтан бұл соғысты ұмыту мүмкін 
емес.  Оған  қатысқан  жауынгерлерді,  тылда  жанқиярлықпен  еңбек  еткен 
еңбекшілерді ардақтау әрбір ұрпақ үшін абыройлы міндет болып табылады. 
Соғыс  жаңғырығы  жылдан-жылға  алыстап  барады...  Ол  туралы 
үлкендерден,  көнекөз  қариялардан  естіп  жүреміз.  Кинолардан,  деректі 
фильмдерден  көреміз.  Әйтсе  де  өткенге  көз  жүгіртпей,  болашаққа  бағдар 
жасау мүмкін емес. ХХ ғасырдың орта кезінде болған алапат соғыс Екінші 
дүниежүзілік соғыс болса, соның бір бөлшегі Кеңес Одағының тарихындағы 
Ұлы  Отан  соғысы  болды.  Бұл  соғыс  кезінде  әрбір  бесінші  қазақстандық 
майданға  аттанып,  Отан  анасын  қорғауға  атсалысты.  Қаншама 
қазақстандықтар  ұрыс  даласында  мерт  болды.  Жеңіс  бізге  миллиондаған 
адамдардың  төгілген  қанымен  келді.  Соғыс  салған  қасірет  әрбір  жанұяның 
43 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
тарихында  із  қалдырып  кетті.  Ұлы  Отан  соғысы  тарихы  туралы  қаншама 
шығарма  жазылып,  қаншама  кино  түсіріліп  жатса  да  оның  тарихына  еш 
уақытта  нүкте  қою  мүмкін  емес.  Ерлікпен  шайқасып  лайықты  бағасын 
алғандар да бар. Кезінде аты аталмай қалса да қазір санамызға қайта оралып, 
жатқан тұлғалар аз емес.  
Бейбіт  өмір  бесігінде  тербелген  бақытты  ұрпақпыз.  Егеменбіз.  Елміз. 
Еңсеміз  тік,  тереземіз  тең.  Ынтымағымыздың  жарасуы  –  ырысымыздың 
молаюы. «Ел – ырыстың орманы, ер – ырыстың қорғаны». Елбасына күн туған 
шақта ел ырысын қорғай алмау – ергесын. Іргеміз бекіген ел болған тұста мына 
біз үшін, келешек ұрпақ үшін қанмайданда етігімен су кешкен, кеудесін жауға 
тосқан Отан қорғаушылар еңбегі – орасан. Бүгінгі бейбіт күн – кешегі талай 
«тар жол, тайғақ кешкен» күндердің жемісі. 
Екінші  дүниежүзілік  соғыс  –  халық  басына  қара  бұлт  үйіріп,  қан 
жылатқан, қасіреті қалың нәубет. Миллиондардың өмірін жалмағаны – жан 
ауыртар ауыр ақиқат. Сол сұрапыл соғыста ел үшін, Отан үшін деген ұранмен 
жан алысып, жан беріскен, өліммен бетпе-бет келіп, қатерге бас тіккен талай 
қазақ баласының өлшеусіз ерліктерін таңды-таңға ұрып тоқтаусыз жырласа да 
аз болары анық. 
Осы  жылдар  туралы  қаншама  естелік,  роман  –  дастандар  жазылып, 
қаншама кино түсірілсе де адамзат тарихында бұрын-соңды болып көрмеген 
бұл  жойқын  шайқастың  тарихы  түгел  жазылып  нүктесі  қойылған  жоқ.  Ол 
мүмкін  де  емес.  Отан  соғысының  ізінде  әлі  де  ашылмай  жатқан  ақиқаттар, 
еленбей қалған ерліктер, елеусіз жатқан ерлер қаншама?! Оны ашып анықтау 
белгісіз болып жатқан тағдырларды тауып, елге танытып, лайықты атаққа ие 
болғызу, оларға қамқорлық жасау – кейінгі ұрпақтың қасиетті парызы.  
Қазiр  бiздер  өз  алдына  тәуелсiз  мемлекетпiз.  Осы  тәуелсiздiкке  жетiп 
отырғанымыз – ел үшiн күресте ерлiкпен қаза тапқан ағалар мен батыл апала-
рымыздың  арқасы.  Олар  бұл  соғыста:  «Өз  Отанымызды  жау  шеңгелiне 
бермеймiз!» –  деп алға ұмтылды. Соның iшiнде «жаным – арымның садағасы» 
және «халқым үшiн қасықтай қаным пида» деп ұрандаған қазақ батырларының 
бiрi –  Бауыржан Момышұлы. Ол қазақ халқының тарихында ержүрек, батыр, 
патриот ретiнде баршаға мәлiм. 
Елiмiздiң намысы мен батылдығын паш еткен ұлы Жеңiске 70 жыл! Бiз 
үшiн бұл күн тарих бетiнде алтын әрiптермен жазылған, қазақ батырларының 
ерлiгiн еске алатын ерекше күн! 
Сөз  соңында  айтарым,  қазақтың  ұл-қыздарының  ерлiгiне  әлем  тәнтi. 
Аспанда  өртенген  әскери  ұшағын  әдейi  жаудың  топтасқан  қару  қоймасына 
құлатып, ерлiкпен қаза тапқан Нұркен Әбдiров пен жаудың жалын атқан от-
ұясын өз денесiмен жауып, жауынгерлерге жол ашып, қаһармандық көрсеткен 
Сұлтан Баймағанбетовтiң ерлiктерi жүректi елжiретедi. Қазақтың қос батыр 
қызы Мәншүк Мәметова мен Әлия Молдағұлованың, қарумен де, қаламмен де 
жауға қарсы күрескен Бауыржан Момышұлының ерлiктерi бiзге өнеге. Қазақ 
44 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
даласы  үшiн  бабаларымыздың  қаны,  аналарымыздың  көз  жасы  аз  төгiлген 
жоқ. Елiн сүйген ерлердiң ерлiгi халық жадынан ешқашан өшпейдi.
Біздің ата-
бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Олардың ең соңғысы Ұлы 
Отан  соғысы  болды.  Соғысқа  қатысқан  аталарымыз  –  ұрпақтарының,  яғни, 
біздің  бейбітшілікте  өмір  сүруімізді  қалады.  Уақыт  өткен  сайын  Жеңістің 
маңызы артып келеді. Аталардың ерліктері – бүгінгі ұрпаққа өнеге. 
 
Жақанова Ғалия 
        2 
сыныбы, «Ә. Бөкейхан атындағы 
      
№ 76 ЖББОМ» КММ,  Қарағанды қаласы 
       
Жетекшісі: Жуманбаева   Алмаш Абдикадировна          
 
Алғысым шексіз бейбітшілік үшін!!! 
1941 – 
1945 жылдар мәңгілік тарихта қалатын, әрбір отбасының, әрбір 
ер  азаматтың,  әрбір  әйел  –  ананың,  әрбір  шырылдаған  сәбидің    есінде 
сақталып, жадында жатталып, өзінің ауыр ізін қалдырды. 1939 жылғы Совет 
Одағымен шабуыл жасаспау туралы келісімді бұзып, фашистік Германия 1941 
жылы  маусымда соғыс жарияламастан КСРО аумағына басып кірді. Адамзат 
тарихы өзінің  ауқымы мен ауыртпашылығы, барша жан дүниені жайрататын 
өмірлік  естелік  болып  қалатын,  Отан  үшін,  келер  ұрпақтың  келешегі  үшін 
ерлікпен  қаза  тапқандардың  саны  жөнінен,  қару-жарақпен    жабдықталуы, 
әлемдегі  алған  орынымен  1941-1945  жылдар  аралығындағы  Ұлы  Отан 
соғысына  тең  келетін  соғысты  білген  емес.  Соғыстың  қара  түнегі  әлемді 
шарпып,  өзінің  суық  күндерінің  ызғарымен  барлық  адамзат  баласының 
өміріне  түбегейлі  өзгерістер  енгізді.  Міне,  осылайша  талай  ер  азаматтарды 
артындағы бала-шағасына, жарларына мойын бұрғызбастан сұрапыл соғыс өз 
қойнауына сіңіріп алып кете барды. Тіпті, ер азаматтармен қатар Отан үшін 
шыбын  жанын  шүберекке  түйіп,  ана  болу  міндет  деп  білетін,  әйел 
азаматтарымыз да өздерінің аналық міндеттерін ауыстырып, ер азаматтармен 
қатар қолдарына қару алып, Отан алдындағы  борыштарын өтеу үшін қанды 
соғыс  арасына  аттанып  кетті.  Осыған  мысал,  қазағымның  мәңгілік  мақтан 
тұтар тұлғалары, еліміздің батыр қыздары  пулеметші Мәншүк Маметова мен 
54-
атқыштар  бригадасының  мергені  Әлия  Молдағұлова  Кеңестік  Шығыс 
әйелдері  арасынан  бірінші  болып  Ленин  орденімен  және  Алтын  жұлдыз 
медалімен марапатталды. 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  қазақстандықтар  барлық 
майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа 
аянбай  кірісіп,  жұмылып  жұдырық  болып  халқымызға  тән  бірлік  пен 
ынтымақты  соғыс  кезінде  де  көрсете  білді.  Даңқты  Брест  қамалын 
қорғаушылардың қатарында мыңдаған қазақстандықтар болды.
 
Қазақстандық 
45 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
жауынгерлер  Балтық  бойын,  Белоруссияны,  Украинаны,  Молдовияны  азат 
етуге қатысты. Мыңдаған қазақ жігіттері қайтпас қайсар мінездерімен, қарсы 
келген    ажалдан  қорықпастан  Кеңес  әскерінің  құрамында  Шығыс  Европа 
халықтарын Гитлердің тепкісінен азат етуге белсенді түрде ат салысты. 
Соғыстың сұрапыл отына қарсы барлық Қазақстандық бір жағадан бас, 
бір  жеңнен  қол  шығарып,  Отан  үшін  от  кешіп  бейбітшілік  туын    көкке 
көтеруге  ат  салысты.  Осы  қазақстандық  бауырластарымыздың  арасында 
Қарағандылықтар  да  өз  үлестерін  қосты.  Қарағанды  облысы  майданға  45 
мыңға  жуық  адам  жіберді,  17  мыңнан  астам  адам  соғыстан  оралмады. 
Соғыстан оралмаған  сол жауынгерлер кім? Иә, олардың көпшілігі еліміздің 
атақты, әлемге әйгілі не ғалым, не іскер, не инженер,  немесе өзінің өмірлік 
жолында    кең  байтақ  қазағымның  мақтанышы  болар  боздақтар  еді  ғой, 
олардың әрқайсысы өздерінің отбасылық қуаныштарын да көре алмай, аяулы 
жар құшпай, бесіктегі сәбилерінің маңдайынан иіскемей соғысқа аттанып кете 
барды. Оларға тағдыр осы қуаныштардың бірін де сыйламады, керісінше олар 
өлім мен өмір арасында  арпалысты.  
Осындай өмір мен өлімнің арасындағы арпалыстан аман-есен оралып, 
еліне,  жеріне  одан  әрі  еңбегін  сіңірген  азаматтарымыз  да  бар.  Осындай 
азаматтардың  қатарында  менің    сүйікті  қалам    Қарағандының  тұрғыны 
Ақыбаев  Мағзұм  Әліпбекұлы  да  бар.  Мен  өзімнің  Ұлы  Отан  Соғысы 
ардагерлеріне  деген  құрмет-ықыласымды  білдіру  мақсатында  осы  бір 
қариямен сұхбаттасуды жөн көрдім. Соғыстың сұрапыл күндерінен аман-есен 
оралып    елі  мен  жерін  қорғаған  атамен  сұхбаттасып,  біздің  бейбіт,  тыныш 
өміріміздің  себепкері  болған  атамен  әңгімелесіп  өзімнің  балалық  пәк 
алғысымды білдірген мен үшін бір ерлікпен пара-пар болды.  
Ақыбаев Мағзұм Әліпбекұлы 1925 жылы 25 қаңтарда дүниеге келген. 
Тоқсанға келіп қалған қарт ата бізге есікті өзі ашып, төрлетіңдер балалар деп, 
төрінен орын ұсынды. Соғыстың қиын күндерін көрген қарт атаның осындай 
ширақтығына  мен  таң  қалып,  ішімнен  ата  әлі  ұзақ  жасаңыз  дей  бердім. 
Мағзұм ата бізді құтты бір немерелері келгендей қуана қарсы алып, 68 жыл 
бірге отасқан бәйбішесі екеуі асты-үстімізге түсіп бәйек болды. Біз ұстазым 
екеуміз Мағзұм атаның соғысқа қалай аттанғанын, қай жерлерде соғысқанын, 
ондағы  қиын  күндері  туралы  айтқан  әңгімесін  ерекше  бір  ынта  зейінмен 
тыңдадық. Ол кісі 1943 жылдың қаңтар айында Қиыр Шығысқа  жіберіліп, 
әскер қатарына қабылданған және сол жақта соғысқа дайындықтан өтеді. 1945 
жылдың сегізінші қыркүйегінде соғысқа аттанған екен. Сол жылы  ардагер ата 
6  гвардиялық  танк  армиясының  құрамында  екі  рет  Советтер  Одағының 
батыры атағын алған  генерал-майор Кравченконың басшылығымен Хинган 
тауынан асып Жапония елінің жерін жайратуға қатысып, екінші дәрежелі Отан 
соғысының орденімен марапатталады. Ардагер атаның Отан үшін от кешіп, өз 
өмірі үшін де қорықпастан, келер ұрпақтың бейбіт  болашағы, жарқын күндері 
үшін  майданға  тайсалмастан  аттанған  қайсарлығы  менің  де  Отан  сүйгіштік 
46 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
сезімімді оятты. 
Осындай  ерен  еңбегі  үшін    атамыз  бірнеше  орден,  медальдермен 
марапатталыпты.  Атаның  айтуынша  солардың  ішіндегі  ең  ыстығы  Георгий 
Жуков  медалі  екен.  Кейіннен  ардагер  ата  Еңбек  Ері  орденімін,  әскери 
күштердің құрылғанына 70 жыл толуына байланысты, Ұлы Отан Соғысының 
мерейтойлық (20, 30, 40, 50, 60, 65 жыл) медальдерімен, Астананың 10 жылдық 
мерейтойына байланысты медальмен марапатталған екен. Соғыстың сұрапыл 
суық күндері атаның жадында мәңгілік жатталып қалғандығы, оның әңгімесін 
бастаған кезіндегі сұсты жүзінен байқалғандай болды. Бірақ бізге бейбітшілік 
сыйлаған атамыз сөз соңында өзінің нағыз Отан сүйгіш  азамат екенінің дәлелі 
ретінде  қазағымның  саны  көп  болғандығын  қалаймын  деген  тілек  білдіріп, 
өзінің құдай қосқан жары он бір құрсақ көтергенін мақтанышпен айтып кетті. 
Сонымен қатар, Мағзұм ата қазақтың салт-дәстүр, әдет-ғұрыптарын мықтап 
ұстанған адам екендігін де көрсетті, ол  жас нәрестелерді бесікте тәрбиелеген 
жөн. Сонда ол сәби тазалыққа, жақсылыққа, құштар болады, бала тәрбиесі тал 
бесіктен басталады деп бекерге айтылмаған деп ойын қорытындылады және 
менің  осы  тілегімді  сендер  өз  орталарыңда  айта  жүріңдер  деген  өтінішін 
білдірді.  Әңгімесін аяқтаған атаға мен де өзімнің пәк жүрегімнен шыққан ақ 
ниет  алғысымды  білдіріп,  бүгінгі  бейбітшілік  пен  тыныштық  үшін,  өзімнің 
алаңсыз өмірім үшін  алғысым шексіз екендігін айттым. Және де Ұлы Отан 
Соғысының жеңіспен аяқталғандығына 70 жыл толатын мерейтойымен қатар, 
сіздің де  90 жылдық мерейтойыңызды атап өтейік, сіздің жасыңызды бізге, 
немерелеріңізге  берсін,  денсаулығыңыз  мықты  болсын  деп  ақ  тілегімді 
білдірдім.  Сонау  алыс  күндердегі  соғыстың  өртінен  аман  оралған  Мағзұм 
атаның ерлігі мен қайсарлығына сүйсініп, үлкен бір жан тебірентерлік әсерлер 
алып, балалық пәк жүрегімнен ардагер атаға алғысым шексіз бейбітшілік үшін 
деп қош айтыстым. 
       
Жанатаева Жансая 
9-
сынып, Жалпы білім беретін №77 мектеп-балабақша 
кешені Қарағанды каласы 
Жетекші: Тулешева Райхан Каиповна 
 
Менің  мақтанышым - атам 
Ешкім де ұмытылмайды, 
ешнәрсе де ұмытылмақ емес 
 
Адамзат  тарихындағы  ең  сұмдық  соғыстың  болып  өткеніне  70  жыл 
толды. Жеңіс күні – бұл сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке. Бұл мереке – 
бейбітшілік пен қайырымдылықтың мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған 
47 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
жауынгер-солдаттар  мен  офицерлердің  айбыны,  тылдағы  Жеңісті 
жақындатқан  жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің  мәңгі  өшпейтіндігін 
дәлелдейтін белгі болып қалмақ.  
  
Біздің  аталарымыз  бен  әкелеріміздің  батырлықтары  мен 
жанқиярлықтары,  олардың  өз  Отанына  деген  шексіз  сүйіспеншіліктері 
Қазақстанның бүгінгі жауынгерлері үшін мақтан тұтарлық үлгі ғана емес, бұл 

бірнеше  ұрпақты  байланыстыратын  қоғамның  рухани  дамуы  мен  ұлттық
қайта  өрлеуінің  жоғары  адамгершілік  негізі.  Жеңіс  күні  –  абыройымыз бен 
даңқымыздың мерекесі. Табандылық пен ерлік, Отанға деген сүйіспеншілік 
қатал соғыста Жеңіске жеткізді.  
  
Соғыс қазақ елі үшін өте ауыр болды. 18 жасқа толған жас жігіттерді 
қатыгез, қан майдан соғысқа алып кете барды. Ел басына қауiп төнген кезде 
өрiмдей жас азаматтар қолына қару алып, жауға қарсы аттанды. 
Соғыс  –  барды жоқ ететін, тауды жер ететін, жер бетіндегі тіршілік 
атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Қазақ жерінен шыққан жүректі ерлер 
де, «тізерлеп өмір сүргеннен гөрі, тік тұрып өлген артық» деген батыр әже-
аталарымыз да аз болмады.  
Сол  бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген 
патриоттық  сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  500-ден  аса 
жерлестеріміз, оның ішінде 96 қазақ Кеңес Одағының Батыры атағын алды. 
Олар: Бауыржан Момышұлы, Талғат Бигельдинов, Сергей Луганский, Иван 
Павлов,  Мәншүк  Мәметова,  Әлия  Молдағұлова  және  тағы  басқалар.  Жауға 
қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен 
кең  байтақ  далада  да  жүріп  жатты.  Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған 
босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімімен  тартушы,  эвакуацияланған 
завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші 
үлкен арсеналға айналды.  
 
«Ұлы  Жеңіс  –  ұрпаққа  аманат»  демекші,  мен  өз  атам  жайында  сыр 
шертпекпін.  Осы шығарманы даярлау барысында мен атамды жаңа қырынан 
таныдым.   Атам Жақсыбекұлы Жанатай  - соғыс ардагері. Ол кісі 1925 жылы 
дүниеге  келген,  18  жасында  сұрапыл  соғысқа  аттанды.  Осылай  қысқа  да, 
жарқын ғұмырға соғыс килігеді... 
23  қаңтар  1943  жыл  қан  майданның  қызған  шағы.  Жанатай  атам  582 
ротаның  курсанты  болып  соғысқа  дайындалды.  Сол  уақыттағы  қазақ 
жігіттерінің  фашистерге  атқан  азулы  оқтары  нысанаға  дәл  тиді.  Фашистер 
қазақ жігіттерінің соңына түсті, алайда жігіттер оларды бір-бірлеп құртты. 
Ал 1943 жылы 20 қазанда атам 43-інші полктің 8-бригадасында снайперлер 
ротасында қызмет атқарса, 22 ақпан 1944 жылы Ленинград фронтында 29-шы 
танк  бригадасында  танк  десантшылар  ротасының  кіші  сержанты,  рота 
командирі  атағына  тағайындалған  екен.  15  тамыз  1944  жылы  Корель 
фронтында  2  құраманың  бөлімін  басқарды,  27  тамыз  1944  жылы  Беларус 
фронтында командир атағына тағайындалыпты.
  
48 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
9 мамырда  Қызыл Армия жеңіске жетіп, Ұлы Отан соғысы аяқталды.
 
Атамның әскери өмірбаянында басқа да даңқты беттері аз емес. Осыншалық 
тамаша жауынгерлік еңбектері ескеріліп, “Қызыл жұлдыз”, “ІІІ дәрежелі Даңқ 
ордені”,
  “
Кеңес  Одағының  қорғаныс  медалі”,  ”Германияны  жеңгені  үшін”, 
”Берлинді басып алғаны үшін’’ медальдарымен марапатталған.  
Атам соғыс аяқталған соң қайтыс болды. Бірақ атамның осындай ерен 
еңбектері мен ерлігін  мен әкемнен естіп білдім.   Мен атамды көрмесем де, 
оның Отан қорғаудағы ерліктері үшін мақтанамын! 
9 мамыр – Ұлы Жеңіс күні. 
Айбынды  білек,  жеңістеріне  сенімді  ыстық  жүректерімен,  қайрат 
күштерімен кешегі жігіттер бүгінгі, өнегелі аталарымыздың арқасында 1945 
жылдың  9  мамыр  күні  Ұлы  мейрам  –  жаудың  жеңіліп,  соғысты  жеңіспен 
аяқтаған күні. 
Бүгінде  Жеңіс  күні  мерекесі  -  адамдардың  ұлтына,  дініне,  тілі  мен 
мәдениетіне  қарамастан  ортақ  қуаныш  күні.  Бұл  қастерлі  мейрамның  мән 
мағынасы  уақыт  өткен  сайын  еш  өшпек  емес,  себебі  оның  құндылығы 
ғасырлар бойы жаңа жас буын ұрпаққа өсиет боларлық жақсылық әкелген Ұлы 
күн! 
Жеңіс үшін аштыққа да, ауыр жұмыстарға да, тіпті өлімге де қарсы тұра 
біліп,  қаншама  азапты  күндерді  басынан  кешіріп,  бүгінгі  көк  аспанда  ақ 
көгершіні қалықтаған бейбіт күнді сыйлаған ардагерлерімізге рахмет айтамыз. 
Олар әкелген тыныш өмірдің тұнығын лайламауға біз сөз береміз. Әрине, бұл 

бүгінгі ұрпақтың сөзі.
9  мамыр  -  бұл  мереке  ғана  емес,  бұл  ауыр  еңбек,  бұл  халықтың 
батырлығы. Бiздiң парызымыз - бұл күндi еске сақтау. Бiздiң ардагерлеріміз 
өте аз қалды. Оларға лайықты құрмет көрсетілуі керек. 
Ұлы  Жеңістің  ұмытылмайтыны  сияқты,  соғыс  та  ұмытылмастай  ізін 
қалдырды.  Ешқашанда  жауынгер  ерлігімен,  жеңісті  еңбегімен  соққан 
еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. 
Қан майданның жүректе жарасы бар, 
Қайғысы мен зілі бар, наласы бар. 
Елімізді қорғаған жаужүрек батырлардың, 
Бүгінде көбісі жоқ арамызда. 
Қастерлейді ұрпағың қаһарманын, 
Жүр есінде сан жорық, сапарларың. 
Қайран ерлер, қаһарман ардагерлер, 
Ұмытпайды ешқашан ұрпақтарың. 

1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал