Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет9/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Соғыс төрт жылға созылды. Осы төрт жылдың ішінде талай адам, талай 
қан төгілді. Отанымыздың бостандығы мен тәуелсіздігі үшін ұлтына, дініне 
қарамастан бүкіл халық оны қорғауға аттанып, қан төгіп, қасірет шекті. 
Ұлы Отан соғысы жылдарындағы қазақ халқының батыр ұл-қыздарын 
Нүркен Әбдіров, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Талғат Бигелдинов, 
Бауыржан  Момышұлын  мақтанышпен  еске  аламыз.  Бұл  батырлардың 
ерліктері  біздің  мәңгілікке  есімізде,  жүрегімізде.  Біз  оларды  ешқашан 
ұмытпаймыз.  Әр  жыл  сайын  еске  алып,  жеңіс  күнін  тойлаймыз.  Соғыс  әр 
отбасында  қайғы-қасіретпен  бірге,  миллиондаған  жүректерге  сағыныштың 
сарғайған дағын қалдырып кетті. 
 
Сонымен  қорыта  айтқанда,  адамзат  баласының  тарихында  бұрын 
болмаған  қасірет  –  Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына  да  70  жыл  толды. 
Бейбітшілік сүйетін әлем үшін аса қадірлі мереке. Бір қуантарлығы, елімізде, 
әсіресе  соғыс  ардагерлеріне  деген  құрмет  толассыз.  Соғыс  ардагерлеріне 
құрметпен  қарап  қан  майданда  оралмаған  жауынгерлер  рухына  бас    иеміз. 
Қазір де біз тәуелсіз, бейбітшілік елде өмір сүріп жатырмыз. Осының барлығы, 
Жеңіс туының желбіреуі, тек осы азаматтарға байланысты. Қанмен, термен, 
жаспен келген жеңіс – ең ұлы жеңіс, киелі жеңіс, қадірлі жеңіс. 
Ешкім де, еш нәрсе де ұмыт болмайды!!! 
Мұхтар Жаннұр 
7-
сынып,  №19 орта мектеп 
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым ауылы 
Жетекшісі: Смаханова Майра Кайрбековна 
Ұлы Жеңіс – біздің жеңіс 
         
Жеңіс мерекесі – әрбір төртінші азаматын 
соғысқа аттандырған бүкіл қазақстандықтардың жеңісі 
Нұрсұлтан Назарбаев 
Сан  қилы  саяси  және  әлеуметтік  қайшылықтар  мен  дүрбелең  үстінде 
өткен ХХ ғасыр адамзат санасында жойқын соғыстарымен де сақталары сөзсіз. 
Өйткені, бір ғана Екінші дүниежүзілік соғыстың өзі қаншама ұрпақты қайғы-
қасіретке душар етіп, өмірін өксітті. Жалпы, үлкен тарих тұрғысында алғанда 
68 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
азғантай мерзім болғанымен, ұзақтығы жағынан төрт жылға жуық, нақтылап 
айтқанда, бір мың төрт жүз он сегіз күнге созылған Ұлы Отан соғысы өзінің 
ауқымы мен қилы-қилы оқиғаларға қанықтылығымен тұтас бір дәуірге тең. 
Өйткені ол сан миллион адамдардың өмірін қиған, жер бетінде бұрын-соңды 
болмаған ең зардапты, әрі қантөгісті зор соғыстың бірі болған еді. 
Өткен  ғасырдың  басында  он  бес  одақтас  республикадан  құралған 
«мызғымас»  одақ  едік.  Оны  бәрімізге  «ортақ  Отан»  дедік.  Қазығын 
Германияда  қаққан  фашизм  тұтқиылдан  шабуыл  жасағанда,  қиырдағы 
Қазақстан  жұртшылығы  да  сол  Отанды  қорғауға  өре  түрегелді.  Мәскеудегі 
басшылар мұны Ұлы Отан соғысы деп жар салды. Тарих беттеріне солай деп 
жазылды.  Коммунистік  идеология  «Әділет  біздің  жақта,  біз  жеңеміз!»  деп 
ұрандатып,  қан  майдандағы  жауынгерлерді,  тылдағы  еңбеккерлерді 
жігерлендірді. Иә, ауыр азапты төрт жылдан кейін біз жеңдік. Бірақ қандай 
шығынмен десеңізші?! Қаншама жас қыршын кетті?! Тіптен бір отбасынан 4-
5 жанды майданға аттандырғанда, кейін солардың тым болмаса, бірі елге дін 
аман  оралмаса,  не  дейсіз?!  Қаншама  шаңырақ  қаңырап,  күйреп  ортасына 
түсті?!  Ана  жесір,  бала  жетім  қалды.  Олар  отағасы  қапияда  кетті  дегенге 
сенбеді.  Үнемі  ұзын  жолдың  бойына  телміре  қарап,  күндерін,  айларын, 
жылдарын  зарыға  күтумен  өткізді.  Қашан  оның  қабірін  көздерімен  көріп, 
көңілдері суығанша үміттерін үзбеді. 
Араға  жылдар  салып,  сол  бір  сұрапыл  соғыс  алыстаған  сайын 
бомбалардың  жарылысы,  танкілердің  үні,  ауаны  тілгілеген  оқтардың 
ысқырығы  тарих  қойнауына  тереңдеп  батып  барады.  Бірақ  соғыс  салған 
зардап жойылар емес. Өйткені ол ұмытылмайды. Сондықтан да мұны, Ұлы 
Отан соғысынан кейін дүние есігін ашқандарға мына тап осы өздері секілді 
кешегі  гүлдей  құлпырған  жап-жас  қыздар  мен  ұлдардың  жастық  өмірлерін 
Отан үшін отқа салып, бар қызықтан бас тартқанын түсіну қиын. Олар Отан 
үшін  қолдарына  қару  алып,  сапқа  тұрды.  Сарбаз  киімін  киіп,  қандай 
қиындықты бастан кешпесін, ешбір ауыртпалық алған бағыттарынан қайтара 
алмады. Ал, соғыс, ол – қасірет. Басқа төнген қасіреттен олардың көбі қайтып 
оралмады.  Қайта  оралғандары  соғыстан  кейінгі  өмірдің  қызығын,  жан 
рахатында шындап сезініп, тата алмады. Себебі жүрекке түскен жара, тәнге 
қадалған  оқ  табы  әлсін-әлі  мазалайды.  Сөйтіп,  уақыт  өткен  сайын  олардың 
қатары  азайып  барады.  Енді,  міне,  қазір  қарасаң,  саусақпен  санарлықтай 
қалған олардың әрқайсысы – бір-бір кітап жазуға тұрарлық жандар. 
«Елу жылда ел жаңа» дегендей, жаңарған, жаңғырған заман тұрғысынан 
кешегі  сұрапыл  қырғынның  қияпатына  көз  тігіп,  осы  соғыстың  біздің 
ұлтымыздың  тарихындағы, тағдырындағы орны қандай екенін бағамдайтын 
уақыт  жеткендей.  Қабырғасы  қираған  Кеңес  империясының  санамызға 
сіңіреген идеологиялық сандықтарын қайта қарап, қайсысы дұрыс, қайсысы 
бұрыс екенін анықтап, ақиқатты бүркелемей айтқанымыз жөн. Тәуелсіздікке 
қол  жеткізгенше  дүниенің  ақ-қарасын  аңдамайтын  соқыр  адамдай  болып 
69 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
келдік. Соғыстың да, басқа дәуірлеріміздің де толық шындығы бізге жетпеді. 
Өз халқына шындықты айтпайтын өкіметтің тұсында өмір сүргендіктен тек 
белгілі  бір  ойлау  қалыптарының,  идеологиялық  құрсаулардың  шеңберінде 
қалдық. Соңғы ашылған мұрағаттық деректер мен құжаттар өткен соғыстың 
көп көлеңкелі, қанқұйлы тұстарын ашып отыр. 
Бір  кезде  қазақ  елі  жақсылық  көрсе  де,  жамашылық  көрсе  де  «Кеңес 
Одағы» деген алып мемлекеттің құрамында 70 жыл болдық қой. Сол кезде осы 
Одақты  паналамағанда,  он  бес  елдің,  Ресейден  басқасының  өз  тәуелсіздігін 
сақтап қалу-қалмауы да екіталай еді. Сондықтан ортақ Отанымыз Кеңес Одағы 
болатын. Гитлер болса Еурапаның он бес мемлекетін жаулап, күшейіп алған 
соң араны ашылып, Кеңес Одағын да жаулап алып, жерін иемденіп, халқын 
құл қылу ниетімен тұтқиылдан шабуыл жасады. Кеңес Одағы соғыс боларын 
білсе  де,  оған  дайын  емес  екенін  түсініп,  соғыс  апатына  дайындалу  үшін 
қаншама әрекет жасап, әзірге соғыспаудың амалын іздеп, уақытты созуға күш 
салса да, соғыс басталды. Гитлер басқыншылық соғыс жүргізді. Кеңес Одағы 
жерін, елін қорғауға амалсыздан мәжбүр болды. Тәуелсіздік үшін бүкіл «Кеңес 
халқы  басқыншылыққа  қолдарына  қару  алды.  Өзі  басқыншылыққа  ұшырап 
отырған  Кеңес  Одағы  басқа  елдерді  жаулап  алып,  дүниежүзіне  үстемдік 
жасамақ  болды-мыс»  деу  –  ешбір  ақылға  қонбайтын  тұжырым.  Сондықтан 
өзінің ең қауіпті жауы – Кеңес Одағын жаулап алып, онан қолға аса зор күшпен 
бүкіл дүниежүзі елдерін тізе бүктірмек болды. 
Кеңес  халқы,  Кеңес  армиясы  бүкіл  әлемді  фашизм  күшінен  қорғап 
қалды.  Ұлы  Жеңістің  әлемдік  маңызы  –  осында!  Ұлы  Отан  соғысы 
батырларының жанқиярлық ерліктері – адам айтқысыз ерліктер! 
Кеңес хақының бұл жанқиярлық ерлігін жоққа шығару – тарихқа қиянат. 
Бұл 50 миллионнан астам адам өмірін қиған Екінші дүниежүзілік соғыстың 
ақиқатын жасыру болып табылады. Біздің ел үшін Ұлы Отан соғысы болып 
табылатын  бұл  қырғын  майданда  жер  жастанған  20  миллионнан  астам 
халықтың аруағы алдындағы опазыздық болар еді. Гитлерлік Германияда бас 
көтерген  ұлтшыл-фашистердің  арам  пиғылын  жүзеге  асырмаған,  оларды  өз 
ұясына  талқандаған  жеңімпаз  Кеңес  халқының  майдандағы,  тылдағы 
еңбектерін  кейінгі  ұрпақ  үнемі  біліп,  еске  алып  отырғаны  жөн.  Сонда  ғана 
өткенге  құрмет  жасап,  бейбіт  күннің  қадірін  біліп,  жаңадан  бас  көтерген 
ұлтшыл-фашистік,  империялық  күштерге  дер  кезінде  тойтарыс  бере  алады. 
Ұлы Жеңістің 70 жылдық тойы жер бетінде лайықты тойланып, адамзаттың 
соғыс қасіретін бұдан былай қайталамауына сабақ болуы тиіс. Өкінішке қарай, 
кейбір алпауыт империялар мұны ескерер емес.  
Ұлы  Жеңіс  –  біздің  жеңіс!  Бұл  –  ең  алдымен,  ақ  ниетті  адамзаттың 
жеңісі. 
Социалистік 
қоғам 
тәрбиелеген 
ұлттар 
достығының, 
бауырмалдығының жеңісі. Ел мен жерді қорғаған ұрпағына аманат етіп тастап 
кеткен  ата-баба  дәстүрінің,  ерлік  дәстүрінің  жеңісі.  Жетпіс  жылдығын  атап 
70 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
өткелі отырған бұл жеңіс баянды болғай! Ендігі жас ұрпақ соғысты көрмесін 
деп тілеймін.  
Мұхтар Ризагүл 
11-
сынып,  №19 орта мектеп 
Қарағанды облысы, Қарқаралы ауданы, Қасым ауылы 
Жетекшісі: Смаханова Майра Кайрбековна 
Қазақстандықтардың Ұлы Отан соғысына қатысуы 
Өзіміздің мынау шамырқанған ғасырымыз туралы 
шындықты біз айтпағанда кім айтады? Сіз бен бізден 
басқа ешкім ешқашанда айта алмақ емес! 
Олжас Сүлейменов 
Кеңестер  Одағының  фашистік  Германияға  қарсы  Ұлы  Отан  соғысы 
адамзат  тарихындағы  әділетті  соғыс  болды.  КСРО  халқы  өздерінің  өмір 
құқығы, елдің тәуелсіздігі үшін күресті. Соғыс өрті КСРО-ның барлық мекен 
аумағы  мен  Мұзды  мұхиттан  бастап,  Қара  теңізге  және  негізгі  Кавказ 
бөктерлеріне дейінгі жерлердегі елді мекендерді де қамтыды. 
Міне, қанды қырғынға толы, өмірі бітпестей болып көрінген, соғыстың 
ауыр  да  қайғылы  жылдары  артта  тарих  болып  қалды.  Осы  соғыс  неге 
осыншама елге бейнет әкелді, осының алдын алуға болмас па еді? Қаншама 
жазықсыз адамдар өлім құшты, қанша арман аяқ асты болды, осымен келіп 
бүкіл дүние жүзінің халқына ауырпашылық түсті? Осының бәрі ел билеген 
басшылардың жіберіп алған кінәсінен емес пе? Әлде бір Алла деп құлшылық 
жасауды ұмытқан пендесіне жаратқанның жіберген жазасы ма екен? Жоқ бұл 
жерде  адамзат  баласының  зұлымдығы  басымдау  жатыр.  Мұның  енді  нағыз 
дәлелін тарихшылар әлі де айта жатар.  
Шын мәніңде, сол кезде – Ұлы Отан соғысы кезінде КСРО-ға жататын 
барлық республикалардың ортақ Отаны болатын. Мұны жасырудың еш қажеті 
жоқ. Бұл – бір. Екіншіден, мәселеге тереңірек қарасақ, фашистердің мақсаты 
бір  Ресей  емес,  бүкіл  әлемді  басып  алып,  барлық  халықты  құл  ету  ғана 
болатын.  
Ұлы  Отан  соғысының  аяқталғанына  70  жыл  толса  да,  қасірет  пен 
құпияға толы бұл тақырып отандық және әлемдік тарихтың құрамдас бөлігі 
ретінде өзінің өзектілігін жоғалтқан жоқ.  Бес жылға созылған алапат соғыс 
елімізге  қаншама  қайғы-қасірет  алып  келді.  Ақ  жаулықты  ана  баласын, 
жаутаңдаған бала асқар таудай әкесін, аяулы жар жан-жарын жоғалтты.  
Егерде адамзаттың бастан кешкен қайғы-қасіретін сандармен көрсетуге 
мүмкіндік болса, онда әскери статистика бағанасы бірінші орынды иеленетін 
еді. Соғыс ол – атыс, зеңбіректер, танктер, ұшақтар деген жалпы қалыптасқан 
71 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
пікір қателесу болып табылады.  Жоқ, соғыс бұл – аштық пен қасірет, тұтқын 
мен қорлау, еріксіз төзу мен жан азабы. Соғыста адамдар үшін ең ауыр және 
қиын жағдай өлім емес, олар өлгенге дейін оларды адамшылдықтан айыру мен 
оларды малдардың деңгейіне дейін жеткізу болған. 
1418  күнге  созылған  Ұлы  Отан  соғысы  қазақстандық  әрбір  отбасын 
шарпыды.  Милиондаған  адам  әскерге,  еңбек  армиясына  шақырылды, 
жүздеген  мың  жауынгер  ұрыс  даласынан  қайтпай  қалды,  қапыда  қолға 
түскендері фашизм тұтқынында азап шекті. Жауды талқандап, елге аман-есен 
жеткендері майданда жоғалтқан денсаулықтарын қалпына келтіре алмай, тән 
азабын бастан кешті.  
    
Соғыстың  бірінші  күнінен  Қазақстан  халқы  фашизмді  жеңуге  бар 
күшін  жұмсады.  Еңбектеген  баладан  еңкейген  қартқа  дейін  сын  сағаты 
туғанын  ұғынып,  бір-ақ  сәтте  ширығып  алды.  Қазақстаннан  әскерге 
аттанғандар Брест қамалын қорғаушылар ішінде де, Москва мен Сталинград 
түбіндегі шайқастарда да, Ленинградты қорғауда да, Украинадағы партизан 
қозғалысында  да,  Еуропаны  жаудан  азат  ету  кезінде  де  аянбай  соғысты. 
Қазақстандықтардың  асқақ  жауынгерлік  рухының  мәңгі  ескерткіші  –  28 
панфиловшылар ерлігі. Жеңімпаз рух генерал И.В. Панфиловтың, қатардағы 
жауынгер Төлеген Тоқтаровтың, Кеңес Одағының Батыры атағының екі мәрте 
иегерлері С.Луганский, Л.Беда, Т.Бигелдинов, И.Ф. Павловтың, өртеңге біткен 
гүлдер  Мәншүк  Мәметова  мен  Әлия  Молдағұлованың,  жасындай 
жарқылдаған  Н.Әбдіров  пен  Б.Бейсекпаевтың  тағдырымен  көмкерілді.  1945 
жылдың мамырында Рейхстагқа ту тіккен алғашқылардың ішінде жерлесіміз 
Рақымжан  Қошқарбаевтың,  Ұлы  Отан  соғысында  асқан  ерлігі  үшін  Кеңес 
Одағының  Батыры  атағын  1991  жылдың  желтоқсанында  алған  соңғы 
қаһармандардың қатарында Бауыржан Момышұлының болуы – осының айғақ-
дәлелі. Қазақстандықтардың жасқанбай жауға қарсы шыққанын, соғыс өнерін 
тереңнен игеріп, қарсыласын аяусыз соққыға ала алатынын орыс жазушысы 
И.Эренбургтен  неміс  генералы  Галдергке  дейін  мойындауы  әсте  кездейсоқ 
емес. 
Өкініштісі – қазақтан шыққан ержүрек ұл-қыздардың ерлігіне әрқашан 
лайықты баға бермегені. Соғыс қашанда зорлық-зомбылыққа, әділетсіздікке, 
қайғы-зарға  толы.  Атасы  мен  әжесі  немересінен,  әке  мен  шеше  үміт  еткен 
жалғызынан, басынан желегі түспеген келіншек Құдай қосқан қосағынан, іні-
бауырдан, қарындас-ағадан айырылды. Тылда «қара қағаз» қолына тигендер 
де,  «хабар-ошарсыз  жоғалды»  деген  суық  сөзді  естігендер  де  қайғыға 
жеңілмей, ұрпағы үшін, елі үшін ыстыққа күйді, суыққа тоңды, бірақ шыдады. 
Оларға  ата-бабаларының  тағылымы  мен  тәжірибесі,  азаттыққа  құштарлық, 
әріптесі  мен  көршісінің, ағайыны мен жегжатының, тіпті бейтаныс жанның 
жылы сөзі қуат берді. 
Өзімнің  туған  жерімде  –  Қасым  ауылында  140  жауынгер  соғыстан 
қайтып  оралмапты.  1990  жылы  9  мамыр  күні  ауылымызда  осы  соғыс 
72 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
ардагерлеріне  арналған  ескерткіштің  тұсаукесері  болған  екен.  Ескерткіштің 
екі жағында соғысқа аттанған майдангерлердің есімі жазылған. Біз жыл сайын 
сол есімі естен кетпес ерлерімізді еске алып, гүл шоқтарын апарып қойып, дұға 
бағыштаймыз. 
    
Түсіпов Хасен – 1940 жылы отыз алты жасында Ұлы Отан соғысына 
аттанады.  Ұрыс  үстінде  оң  қолынан  және  оң  жақ  аяғынан  жарақат  алып, 
госпитальға түседі де, жазылғаннан кейін қайтадан майданға оралады. «Қызыл 
жұлдыз» орденімен марапатталады.  
Барманқұлов  Шәйкен  1912  жылы  Еңбек  совхозында  дүниеге  келген. 
1941  жылы  соғысқа  аттанған.  «За  оборону  Москвы»,  «За  отвагу»,  т.б. 
медальдарымен марапатталған. 
    
Қалиев Шәкәрім 1913 жылы Қарқаралы уезі Семей губерниясы №9 
ауылда  дүниеге  келген.  Басында  еңбекшілермен  бірге  тылда  жұмыс  істеп 
жүріп, соғысқа баруды ұйғарған. 1942 жылы соғысқа аттанады. «Социалистік 
Еңбек Ері», екі мәрте «Ленин» ордерінің иегері. 
Өмір мен өлім бетпе-бет келгенде барша қазақстандықтардың, әсіресе 
республикаға  атын  берген  байырғы  халық  қазақтардың  адами-имандық 
қасиеттері жарқырай ашылды. Елі мен жерінен зорлықпен көшірілген неміс, 
шешен,  ингуш,  қарашай,  түрік-месхет,  қалмақ  –  бәрі  Қазақстанда  екінші 
отанын  тауып,  қазақ  халқының  қамқор  көңіліне  бөленді.  Олар  КОКП  мен 
Кеңес үкіметін соғыс жылдарындағы әділетсіздігі мен асыра сілтеулері үшін 
өкпеге қиса да, өлімге қиған жоқ. 
Ұлы Жеңістің экономикалық негізінде қазақстандықтардың ерен еңбегі 
зор.  Қарағандының  шахтерлері,  Атыраудың  мұнайшылары,  Өскемен  мен 
Балқаштың  металлургтері,  ауыл-селолардағы  диқандар  мен  малшылар, 
механизаторлар Қызыл әскерді азық-түлікпен қамтамасыз етіп, қолдарына ең 
үздік  қару-жарақ  ұстатты.  Түсіп  Күзембаев  пен  Шығанақ  Берсиев  сынды 
озаттар  есімдері  мен  игі  істері  Одаққа  танылды.  Атағы  жер  жарған  палуан 
Қажымұқан  жеке  қаржысына  самолет  жасатып,  дұшпанның  төбесіне  жай 
түсірді. 
Қазақстан мамандары мен зиялыларының сұрапыл соғыстағы алар орны 
ерекше.  Білім,  ғылым,  мәдениет  әрбір  адамның  жүрегі  мен  санасына  сенім 
күшін  ұялатып,  кеңес  халықтарының  достығы  мен  ынтымағын  нығайтты. 
Фашистік  қаратүнектің    әкелер  қасіреті  мен  зобалаңын    ғалымдардың 
біліктілікпен  әшкерелеуі,  ұлт  тарихы  мен  тағдырына  арналған  іргелі 
зерттеулерді  жариялауы  күні  бүгінге  дейін  ұтқырлық  пен  отансүйгіштіктің 
үлгісі  десек,  еш  қателеспейміз.  Тыл  мен  майданның  бірлігі  жүз  жасаған 
Жамбылдың жырларымен, он екіде бір гүлі ашылмаған Хиуаз Доспанованың 
әскери ұшқыштық батылдығымен, журналист Баубек Бұлқышевтің жалынды 
көсемсөздерімен бекемделді.  
Фашистік Германияны тізе бүктіру – адамзат баласының ХХ ғасырдағы 
ұлы мерекесі болып табылады. Бұл мерекеге қазақстандықтар қомақты үлес 
73 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
қосып  қойған  жоқ,  бүгінгі  азаттық  пен  тәуелсіздіктің  іргетасын  да  қалады. 
Елбасымыз  Н.Ә.Назарбаев  дөп  басып  айтқандай:  «Ұлы  Отан  соғысы  біздің 
халқымыздың аға буын өкілдерінің, біздің әкелеріміз бен аналарымыздың биік 
рухын, ерлігі мен қаһармандығын күллі әлемге танытқан қасиетті соғыс болса, 
Ұлы  Жеңіс  –  аға  ұрпақтың  сол  ұлы  ерлігін  мәңгілік  ел  жадында  сақтауға 
арналған ең қастерлі мереке. 
Егер  сіздердің  сол  сұрапыл  соғыстағы  жеңістеріңіз  болмаса,  бүгін 
жарқын болашаққа батыл қадам жасаған тәуелсіз Қазақстан да болмас еді». 
Ұлы  Отан  соғысының  тағылымы  ұрпақтан  ұрпаққа  жалғасуы  керек. 
Оның маңдайалдысы – ұлтаралық үйлесім мен азаматтық келісімді қастерлей 
білу. Баға жетпес осы құндылықтар арқасында кеңес халқы жантүршігерлік 
қиыншылықтарды,  тоталитарлық  жүйенің  қысымын  артта  қалдырып, 
азаттығын  сақтап  қала  алды.  Береке  басы  –  бірлік  екенін  тәуелсіз 
Қазақстанның  тәжірибесі  тағы  да  айдай  әлемге  паш  етті.  Бүгінгі  ұрпақты 
береке-бірлікке,  тату-тәтті  тірлікке  тәрбиелеу  ісіне  соғыс  ардагерлері  мол 
олжа салғаны ақиқат.  
Биылғы  жылы  Ұлы  соғыстың  Жеңісіне  70  жыл  толып  отыр.  Араға 
жылдар салып, сол бір сұрапыл соғыс алыстаған сайын соғыс дүмпуі тарих 
қойнауына тереңдеп батып барады. Бірақ соғыс салған зардап жойылар емес. 
Соғыстың зардабы мен жүрекке түсірген жарасы әлі күнге дейін халық есінде. 
Қан майданда 600 мыңнан астам қазақстандықтар шейіт болды. 600 мың адам! 
Есептесең – төбе құйқаң шымырлайды. Қаншама отбасы «қара қағаз» алып 
қайғының уын жұтты. 
Алтай мен Атыраудың арасындағы ұлан-ғайыр даланың бір пұшпағына 
жаудың табанын тигізбей, көгімізден жау жебесін ұшырмай, ата-бабамыз бізге 
бүгінгі Тәуелсіздікті тарту етті. Тарту етті дей салу бізге оңай болғанымен, 
шын мәнінде, ол найзаның ұшымен, білектің күшімен, яғни ата-бабамыздың 
жауынгершілік замандарда әскери өнерді жан-жақты дамытып, шеберлікпен 
шындай алғандығының арқасында қол жеткізген баға жетпес құндылық.  
Қорыта  айтқанда,  біз  Жеңіс  күнін  жақындатқан,  қаратүнек  фашизмге 
қарсы жан аямай күрескен әрбір жауынгерге қарыздармыз. Тірілерге құрмет 
көрсетіп, қаза болғандардың иманы жолдас болсын деп еске аламыз. Ұлы Отан 
соғысы және Ұлы Жеңіс. Бұл екі сөз бір-бірінен ажарағысыз және бір-бірін 
толықтыра түседі. Соғыс салған зардап әлі күнге дейін толық жойылған жоқ.  
Бүтіндей  әулеттердің  түбіне  жеткен,  ошағын  өшірген,  ананы  жесір, 
баланы  жетім  қалдырған  бұл  апаттың  зардаптарын  жою  қашанға  дейін 
созылады? Бір нәрсе ғана ақиқат. Олардың Отан үшін қан кешкен әрбір күні 
ұмытылмайды. Өйткені ерлік шежіресі –  ұрпаққа ұлағат, ертеңгі күнге үлгі 
боларлық сабақ. 
Ұлы  Жеңістің  70  жылдық  мерекесін  бірге  тойлайық,  ХХI  ғасырдың 
батырлары! 
74 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Нағызханов Әлішер 
9 – 
сынып, Қ.И.Сәтбаев атындағы №7 мектеп-лицейі 
Жезқазған қаласы Қарағанды облысы 
Жетекші: Берлибекова Жулдыз Молдабековна 
 
Жеңіс күні мәңгі есімде 
Ұлы Отан соғысы... Бұл сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен 
төзімділіктерін паш ететін, тарихта мәңгі қалатын күн. Бұл  күнді соғыстың 
алғы  шептерінде  қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін 
көрсеткен ардагерлер тойлайды.  
Қариялар азайып бара жатқанын, әсіресе, олардың ортасында Ұлы Отан 
соғысынан  аман  оралған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 
барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 
күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 
жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 
туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 
ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл - 
Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман 
оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған 
арттағы  қалың  елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытсақ  та  тарих 
ұмытпайды.  
Ол - өмір заңы. 
Біз Ұлы Отан соғысындағы Ұлы Жеңіске ештеңеге теңеспейтін ғажап 
күшпен  жеттік.  Ол  күш,  әрине,    бірлік.  Қаншама  халық  бір  тудың  астына 
бірігіп, күштерін бір арнаға салды.  
 
Москва, сенің іргеңді  
 
Ел, ер болып сақтаймыз  
 
Сенен аяр жан да жоқ,  
 
Барлығы да сен үшін,  
 
Саған қауіп төнгенде  
 
Жау таянып келгенде,  
 
Қамсыз тыныш жатпаймыз 
 
Алпыс ұлттың адамы,  
 
Қол ұстасып үн қосып,  
  
Қорғауға сені дайынбыз, -  
деп жазған Нұрпейіс Байғаниннің өлеңінен халқымыздың Мәскеу қаласына 
деген ерекше құрметі байқалады. Сол кездегі Кеңес Одағының басқа халқымен 
бірге  жауды  талқандап,  жеңіске  жету  ісіне  Қазақ  халқы  да  өзінің  лайықты 
үлесін қосты. Қазақстандық жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге 
75 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет