Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область



жүктеу 5.01 Kb.

бет17/17
Дата15.03.2017
өлшемі5.01 Kb.
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
істеген 27 әскери оқу орны толық емес мәлімет бойынша 16 мыңдай офицер 
дайындап  шығарған.  Соғыстың  тек  майдан  даласында  ғана  емес,  тылда 
жүргені  мәлім.  Гитлерліктер  КСРО-ның  батыс  аудандарын  басып  алғаннан 
кейін,  Сібір  мен  Қазақстанның  ел  экономикасындағы  маңызы  күрт  артқан. 
Жаудың  қолына  бермеу  үшін  соғыстың  алғашқы  айларында  өнеркәсіптік 
кәсіпорындардың барлығы тылға көшіріле бастады. Қысқа мерзімнің ішінде 
Қазақстанның  аумағына  142  кәсіпорын  жайғастырылды,  532  506  адам 
көшірілді.  Оған  қоса,  жаңа  өнеркәсіптік  нысандардың  құрылыстары 
жеделдетілді.  1942-1943  жылдары  Мақат-Орск,  Ақмола  -Магнитогорск 
желілерінің құрылысы аяқталды. Республиканың барлық экономикасы әскери 
«рельске»  қойылды:  бейбіт  мақсаттағы  шығыстар  барынша  қысқартылды, 
көптеген кәсіпорындар қорғаныс өнімдерін шығаруға кірісті. Ер азаматтардың 
бәрі  армия  қатарында  болғандықтан,  зауыттарда  әйелдер,  қариялар, 
жасөспірімдер  еңбек  етті.  Еңбек  тәртібі  қатайтылды,  жұмыс  уақыты 
ұзартылды.  Алты  апталық,  23  сағаттық  жұмыс  күні  бекітілді,  демалыстар 
тоқтатылды. Бірақ ешкім қынжылған жоқ. Бүкіл ел «Бәрі де майдан үшін, бәрі 
де  Жеңіс  үшін!»  деген  ұранмен  еңбек  етті.  Төрткүл  дүниені  от  -дауыл 
жалынмен  тұтастай  шарпыған  сол  аса  қаһарлы  да  жайқын  шайқас  уақыт 
өмірімен алыстай түскенімен, оның жаңғырығы ешқашан өшпек емес. Өйткені 
ол  қанды  балақ  неміс-фашист  қарақшылары  жаққан  өрт    теңізі  халқының 
бостандығы, елінің тәуелсіздігі үшін жан беріп, жан кешіп өткен аға ұрпақтың 
көз  алдында,  майданда  құрбан  болғандардың  артында  қалған  тұяқтарының 
өксігі басылмас зердесінде. 
Соғыс.  Қаншама  уақыт  өтсе  де  бүкіл  адамзат  баласының  жанын 
жаралаған,  20  миллионнан  астам  қыршын  жастың  өмірін  қиған  екінші 
дүниежүзілік  соғыстың  зардабы  мен  ауыртпалығы  тарихтың  қаралы 
парақтары болып мәңгі қала береді.  
1941-
жылдың 22-маусымы  «Неміс басқыншылары елімізге тұтқиылдан 
соғыс  ашты»  деген  қаралы  хабарды  радиодан  естіген  мезеттен  жүректері 
лүпілдеп, ата-аналары мен бауырларының көз жастары көл болып артта қалып, 
ер  азаматтар  қан  майданға  аттанып  жатты.  Солардың  қатарында  еліне 
оралмаған  қаһармандарымыздың  бірі,    26  тамыз  1941  жылы  Қызыл  Армия 
қатарына  шақырылып,  Ұлытау  ауданының  Қорғаныс  бөлімінен  соғысқа 
аттанған Сәли Омарұлы Оспанов та бар еді. 
Әскерге барған Сәли Омарұлы Оспановтың жорық жолдары І Беларусь 
майданында басталды. Жас жігіт талай кескілескен ұрыстарға қатысып, ерлік 
көрсетіп,  қысылтаяң  шақта  қиыннан  жол  тауып  тапқырлығымен  танылды. 
Мұрағаттан әкелінген құжаттардың арасында  Сәли Омарұлы Оспановтың сол 
ерліктерін растайтын да құжаттар аз емес. 
...
Бұл 1943 жылдың қыркүйек айы болатын. Неміс басқыншыларының 
алға басқан аяғы кері кетіп, шабуылдарының мандымай тұрған  кезі еді. 182 
атқыштар  дивизиясы  мықтап  бекініп  алып,  немістерді  бір  қадам  да  алға 
136 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
жылжытпай  қойды.  Қайта  біздің  жауынгерлер  біртіндеп  болса  да  алға 
ұмтылуда. 
Жау  снарядпен  де,  минамен  де  төмпештеп  жатыр.  Аспан  мен  жер 
тұтасып  кеткендей.  Осындай  аласапыранды  пайдаланған  фашистер  алға 
ұмтылып  көріп  еді,  жауынгерлер  бас  көтертпеді.  Ефрейтор    Сәли  Оспанов 
ұрымтал тұстан өтпек болған үш фашист солдатын жер жастандырды. Майдан 
шебінің ыдырауына жол бермеді. Кеңес әскерінің қорғанысын бұза алмаған 
жау ақыры 15 метрге кейін шегінуге мәжбүр болды. Бұл неміс басқыншылары 
үшін  үлкен  жеңіліс  еді.  Осы  шайқас  кезінде  көзге  түскен  жауынгерлер 
марапатталды. Ефрейтор  Сәли Оспановтың омырауына  «Ерлігі үшін» медалі 
тағылды. 11 қазан 1943 жылы толтырылған марапаттау парағында осылай деп 
жазылыпты. Сәли Оспанов мұнан басқа да сан ерліктің үлгісін көрсетіп, қазақ 
деген елдің ұландарының батыр, қайсар болатынын сан мәрте дәлелдеген. 182-
атқыштар дивизиясының командирі, полковник Калинин  қол қойған мына бір 
марапаттау  қағазында  Сержант  Сәли  Оспановтың    сондай  бір  ерлігі 
баяндалған.  1944  жылы  8  мамырда  Козлов  деревнясы  үшін  кескілескен 
ұрыстағы көрсеткен ерлігі үшін ІІ дәрежелі Отан соғысы орденімен, ал 1944 
жылы  15  маусымда  көрсеткен  ерлігі  үшін  ІІІ  дәрежелі  Даңқ  орденін 
омырауына қадады. 
Әттең...  Қазақтың батыр ұлының жорық жолы Берлинге жетпей үзілді. 
1944 жылдың тамыз айында болған кезекті бір кескілескен ұрыста сержант 
Сәли  Оспанов бастан  ауыр  жарақат  алды.  Сол  жарақаттан  ес  жимаған  күйі 
госпиталда  жатып  көз  жұмды.  Есіл  ердің  ғұмыры  не  бары  отыз  жасында 
қиылды. Топырағы да жат жерден бұйырды. Жауынгер жерлесіміздің сүйегі 
Беларуссия жерінде жатыр.  
Соғыс аяқталғаннан кейін Сәлидің өзімен бірге майданға аттанған екі 
інісі Төлеген Әбенов пен Есілбай Әбдіғалиев елге аман-есен оралды. Төрт жыл 
бойы оқ пен оттың ортасында жүріп, соғыстың басынан аяғына дейін қатысты. 
Бүгінде олардың ұрпақтары елдің тәуелсіздігі жолында тер төгіп жүр.  Ал Сәли 
Оспановтың ерлігі кейінгі ұрпақтарға үлгі болып қалды. 
Тарлан тарихтың қалың қатпар шежіре беттеріне мәңгі жазылып қалған 
бүкіл әлемді дүр сілкіндірген оқиғалардың ішінде 1941-1945 жылдардағы Ұлы 
Отан  соғысының  орны  ерекше.  Төрткүл  дүниені  от-дауыл  жалынымен 
тұтастай шарпыған сол аса қаһарлы да жойқын шайқастар уақыт шеңберінен 
алыстай түскенімен оның жаңғырығы ешқашан өшпек емес.  
Ешкім  де,  ештеңе  де  ұмытылмайды!    Біздің  жерлестеріміз  майдан 
даласында  ерлікпен  шайқасқан.  Жауынгерлік  ерліктері  үшін  жүздеген  мың 
қазақстандық  медаль-ордендермен  марапатталса,  500-дей  адам  Кеңес 
Одағының Батыры, 100-ден астам адам – Даңқ орденінің толық иегері атанған. 
Бүгін  Қазақстанның  барлық  қалалары  мен  ауылдарында  Даңқ 
монументтеріне,  Ұлы  Отан  соғысында  қаза  тапқан  жауынгерлердің 
ескерткіштеріне  гүл  шоқтарын  қою  рәсімдері  өтуде.  Бұл  соғысты  ешкім  де 
137 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
ұмытпауы, ешнәрсе де ұмытылмауы керек. Бұған дәлел Ұлы Отан соғысында 
елі үшін жанын пида етіп, із-түзсіз жоғалған тағы бір жауынгердің жерленген 
орны  табылды.  Сәли  Оспановтың  шөбересі  бабасының  зиратын  тауып, 
Белоруссияға барып, бабасының зиратына құран оқып, жатқан жердің бір уыс 
топырағын,  сол  елдің  мұрағатынан  мол  мұраларды  елге  әкелді.  Мен  оның 
шөпшегі  өз  арғы  бабамның  ерлігін  ешқашан  ұмытпай,  мақтан  етемін,  өз 
ұрпағыма мұра етіп жеткіземін. 
Жеңіс  –  оңайлықпен  келген  жоқ.  Ұлы  Отан  соғысы  Кеңес  Одағы 
құрамындағы  халықтар  үшін  басына  түскен  сын  кезең  болды.  Осы  сыннан 
халқымыз  мүдірмей  өтіп,  әлем  алдында  беделі  асқақтап,  биік  шыңдардан 
көріне білді. 
Тұяқбай Әлішер 
5-
сынып оқушысы  Киров орта мектебі, 
Майоровка ауылы, Нұра ауданы 
Қарағанды облысы 
ЖЕТЕКШІ:  Кусаинова Динара Бекбулатовна  
Жасасын, Ұлы Жеңіс күні! 
Қариялар  азайып  бара  жатыр,  әсіресе  олардың  ортасында  Ұлы  Отан 
соғысынан  аман  орталған  ақсақалдарымыздың  қарасы  жыл  санап  азайып 
барады  емес  пе?!  Солардың  жанымен,  қанымен,  терімен,  көз  жасымен, 
күшімен, ісімен, ерлігімен, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін туған 
жердің топырағын жауға таптатпай, еңіреп жүріп жауды жеңіп, тауын шағып, 
туын жағап, жеңістің таңбасын басқан күн – Жеңіс күні. Бұл күннің толғағы 
ащы болса да, туғаны бар халқы үшін қуаныш болған күн. Сондықтан да бұл 
Ұлы  мереке.  Оққа  ұшқан  қарулас  жолдастарының  аманатын  арқалап,  аман 
оралған ардагер аталарымыздың өздері қорғап, қорған қамқор болып оралған 
арттағы  қалың  елдің  қамығып  жеткен  Жеңіс  күнін,  біз  ұмытсақ  та  тарих 
ұмытпайды. Ол - өмір заңы. 
 
Соғыс  –  адам  баласы  үшін  ең  үрейлі,  ең  қорқынышты  сөз.  Өйткені, 
соғыс  атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағышталған.  Адам  адам  болғалы 
осылай.  Талай  рет  үстемдік,  байлық  үшін  адам  қаны  суша  аққан.  Арыға 
бармай-ақ,  50  миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық. 
Кімге  қажет  болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты. 
Қарапайым  халыққа  қасірет  туғызған,  қарғыс  арқалаған  соғыс  ешқашан 
жеңбек емес. 
Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып 
өткен  жау  оғымен  адам  баласының  тарихында  болмаған  бір  ғаламат  соғыс 
138 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы 
қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы 
трактордан  түсіп,  танкіге  отырды.  Ол  кезде  бүкіл  ел  солдат  болды.  Сол 
жылдардың  бозбала,  бойжеткендері  ақын  болуды,  инженер  болуды, 
оқымысты болуды армандаған еді... 
Міне,  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  да  70  жыл  өтті. 
Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, 
тарихта 
мәңгілік 
қалатын 
күн. 
Ел 
үмітін 
ер 
ақтар,  
Ер атағын ел сақтар. – деген мақалда айтқандай, біздің ата-бабаларымыз біз 
үшін осындай тыныштықты сыйлағандарына рахмет айтамын. Өйткені олар 
ерлік, жігерлерімен ел үмітін ақтап, сақтап қалды.  Адамзат баласына алапат 
қатер  төндірген  соғыс  отының  өшкеніне  осынша  уақыт  өтсе  де,  жері  мен 
намысын  жауға  таптатпаған  жеңімпаз  аға  ұрпақтың  ерлігі  ешқашан 
ұмытылмақ  емес.  Олар  майданда  жанқиярлықтың,  патриоттықтың, 
қайсарлықтың өнегесін көрсетті.  
Сонда  біздің  батырларымыз  соғыс  уақытында  жауға  қарсы  тұрып, 
өздерінің атақтары үшін емес, жер бетіндегі өмір үшін күресті. От кешіп, қан 
жұтқан  аталарымыз  бен  апаларымыздың  жасаған  ерлігі  ешқашан 
ұмытылмайды. Ол аталарыма мың алғыс айтып, тағзым етемін!  
Менiң  арғы  аталарым  да  соғысқа  небәрi  19  жасында  аттаныпты. 
Өкінішке  орай  аталарымның    өздерінен  соғыс  жайлы  айтып  беруді  сұрай 
алмадым. Өйткені,  ол кісілер мен дүниеге келмеген уақытта  өмірден өткен. 
Ойлап  қарасам,  қазiр  19  жаста  өзiнiң  кiм  екенiн  бiлмей  жүргендер  аз  емес 
сияқты. Ел басына қауiп  төнген  кезде өрiмдей жас болған  атамның  қолына 
қару  алып,  жауға  қарсы  аттанғаны  бүгiнде  ұрпақтары  бiзге  мақтаныш. 
Шындап  келгенде,  бүгiнде  тәуелсiз  мемлекеттiң  ұланы  болып  жүргенiме 
атамның да үлесi зор. Аспанымыз ашық болуына ол кiсiлер жастық ғұмырын 
сарп еттi, қаншамасы қыршынынан қиылды. Ең бастысы, ендi ондай зұлмат 
болмаса екен! 
Біз  соғысты  көргеніміз  жоқ,  көрмей-ақ,  білмей-ақ  қоялық!  Бірақ  өсіп 
келе  жатқан  елдің  келешегі  соғыс  ардагерлерінің  өмірі  жайлы  көп  білетін 
болса,  олардың  жасаған  ерлігін,  Тәуелсіздіктің  қандай  қиыншылықпен 
келгенін  түсінетін  болады.  Ата-бабаларымыз  сыйға  тартқан  бақытты 
өмірімізді  қорғау-  әрбір  азаматтың  борышы,  ел  үшін  аянбай  еңбек  етіп,  ел 
азаматы болу біздің міндетіміз деп ойлаймын. 
«Ерлік  –  елге  мұра,  ұрпаққа  –  үлгі»    деген  мақалда  айтқандай, 
батырларымыздың ерлігі елге мұра болып қалды, ал біздей оқушыларға бұл 
үлкен  үлгі.  Жеңіс  күні  -  достық  пен  бірлікті  жырлайтын,  халықтың 
ержүректілігі мен төзімділігін паш ететін, тарихта мәңгілік қалатын күн.  
Жеңіс деген жақсылықтың сыңары, 
  
Жігерленген құштарлықтың құралы. 
139 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Күрескердің арманы мен ұраны, 
Қуаныш  пен мерекенің бұлағы.– 
деген  өлеңдей,  әлем  тарихы  беттерінде  өзінің  сұрапыл  зұлымдығымен 
өшместей  із  қалдырған  соғыс  Жеңіспен  аяқталып,  ұлы  мерекеге  айналды. 
Сондықтан бұл мерекенің мәні мен маңызы ерекше.  
 
«Қажеті жоқ... Соғыстың қажеті жоқ! Дұрысы тірлік қылып, ізденейік. 
Шынайы данқ  – еңбекпен келген ат. Соғыс жабайылардың еншісіне қалсын!» 

француз жазушысы Ги Де Мопассан айтқандай,  ешқашанда соғыс болмай, 
тәуелсіз  еліміз  тыныштықта  өмір  сүре  берсін  дегім  келеді.    Біздің  ата-
бабаларымыз  көрген  қиыншылықты  біз,  біздің  ұрпағымыз  көрмесе  екен 
деймін. 
Тыныбекова Гүлден 
         
Жезқазған гуманитарлық колледжі        
Қарағанды облысы,Жезқазған қаласы      
Жетекшісі: Есенгабулова Гульнар Омарбековна        
Ер есімі - ел есінде 
Біздің ата-бабамыз түрлі қанқұйлы соғысты басынан өткерді. Ел басына 
күн туған шақта, Отан үшін жанын беріп, Ұлы Отан соғысына қатысып, ерлік 
көрсеткен  Қасым  Қайсенов,  Нүркен  Әбдіров,  Рақымжан  Қошқарбаев,  Әлия 
Молдағұлова, Мәншүк Маметова, Бауыржан Момышұлы,Талғат Бигелдинов 
сияқты  есімдері  аңызға  айналған  аталарымыз  бен  апаларымыздың  есімдері 
ұлы  тарихымыздың  бетінде  "батыр"  деп    алтын  таңбамен  жазылып  қалды. 
Олардың  ерлікке  толы  тағылымды  өмір  жолы  бүгінгі  жастарға,  маған  үлгі-
өнеге. Осындай Отан қорғаған
  
 
өнегелі жандардың бірі - Сейітжан Үмбетов 
еді.  Менің  көршілерім  Үмбетовтер  әулеті,  әр  жыл  сайын  әкелері  Сейітжан 
Үмбетовтың  рухына  тағзым  етіп,  әкелерін  еске  алып,  жеңіс  күні    Құран 
оқытады.  Ол  кісі  Ұлы  Отан  Соғыс  ардагері  және  қаламыздың  құрметті 
азаматтарының  бірі  еді.  Сейітжан  Үмбетовтың  өмір  жолы,  маған  үлкен 
қызығушылық  туғызды,  соғыс  ардагерінің  ерліктерін  естіп,  ол  кісінің  өмір 
жолымен танысуды ұйғардым. 
Сейітжан Үмбетов 1918 жылы ұлтымыздың құт-берекесі дарыған, киелі 
ата-баба мекені Ұлытау өңірінде дүние есігін ашты. Ол 1940 жылы Москва 
қаласындағы  Бүкілодақтық  ауыршаруашылық  көрмесіне  озат  еңбеккер 
ретінде  шақырылды.  Сол  уақытта  ол  кісі  22  жаста  болған  екен.  Қарағанды 
облысы,  Ұлытау  ауданы,  "Алғабас"  колхозының  еңбекшісі  Сейітжан  атаға 
1940  жылдың  2-6  тамыз  аралығында  Москва  қаласындағы  Бүкілодақтық 
140 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
ауылшаруашылық  көрмесіне  қатысып,  Москвада  жатақханада  5  күн  тұруға 
құқық  беретін  №246  куәлікті  қолға  алады.Сейітжан  ата  1941  жылы  соғыс 
басталысымен  алғашқылардың  қатарында  майданға  атанып,  575-атқыштар 
полкінде  атқыш  болып  ұрысқа  қатысты.Cоғыс  аяқталғанша  жауға  қарсы 
соғысты. Харьков қаласын  фашист басқыншыларынан азат етіп, "Ерлігі үшін" 
медалімен  марапаталады.  Львов  қаласы  үшін  болған  соғыста  ерлігімен 
ерекшеленіп,  Жоғарғы  Бас  қолбасшы,  Кеңестер  Одағының  маршалы 
Сталиннен алғыс алған. Карпатты, Чехословакияның Мукачево, Михальовце, 
Гуменне,  Венгрияның  Шаторалья  Уйхель  қалаларын  азат  ету  жолындағы 
ұрыстарда ерлігімен көзге түсіп, Жоғарғы қолбасшыдан алғыс хаттар алған. 
Соғыстан 1945 жылдың қазан айында елге аман-есен оралып, өзінің туған жері 
Ұлытау ауданы, "Қызыл дихан" колхозында еңбек етті. Кейін "Сарыкеңгір" 
совхозында 20 жыл аға жылқышы болып фермада абыроймен қызмет етті. Ол 
кісі жылқы бабын табатын, жылқының қыста ығатынын, қайда паналайтынын 
жақсы білетін кісі-тұғын. Сейітжан атамыз ауыл шаруашылығының дамуына 
орасан  зор  үлес  қосты.  ''Кеңгір''    ауыл  шаруашылық  ғылыми  бірлестігі 
мекемесінде  бас  жылқышы  болды.  Кейін  ол  кісінің  денсаулығы  болмай 
олкәсіпті тастады. Ол кісінің отбасында Зият, Зиягүл, Базаркүл, Бекзат атты 
балаларын  тәрбиелеп  өсірді.  Балаларының  бәрі  халыққа  сыйлы,  беделді 
адамдар. 
 
Бірнеше  мәрте  социалистік  жарыстың  жеңімпазы  атанды.  Сейітжан 
Үмбетов атамыз 1978 жылы дүниеден өтті. 
Отан  үшін  от  кешкен  қадірлі  қарияларымыздың  қатары  уақыт  озған 
сайын  азайып  бара  жатқаны  өкінішті.
 
Менің  қолымда  болса,  ардагер 
қарияларымызға  мәңгілік өмір сыйлар едім. Өйткені, еліміз үшін, Отанымыз 
үшін  жанын  аямаған  ардагер-батырларға  бәрі  де  лайық.  «Ер  бақыты  ел 
қолында,  ел  бақыты  ерлер  қолында»,  -  деп  батыр  ағамыз  Бауыржан 
Момышұлы  айтып кеткендей,  ардагерлер  –  Қазақстан халқына бейбітшілік, 
тыныштық, береке, бақыт орнатқандар.  
Сұрапыл  соғысты  бастан  өткеріп,  бізді  жеңіске  жеткізген  ата-
бабаларымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды 
атқарып, сонысымен Жеңіс күндерін жақындатқан аналарымызды да мақтан 
тұтамыз.  Бақытты  күндер  мен  шуақты  таңдарды  әперген  барша  ардагер 
аталарымыз бен аналарымыздың алдында  басымызды иеміз. Отан үшін отқа 
түсіп,  Жеңіс  сыйлаған  ардагерлерге  тағзым  етеміз.    Сұрапыл  да  жойқын 
соғыста қыршынынан қиылған жауынгерлер есімі ел есінде мәңгі сақталады.
Халқымызда «Ерім дейтін ел болмаса, елім дейтін ер қайдан болады» деген 
мақал бар. Біз жастар, өз Отанымыздың  нағыз патриоты ретінде қанқұйлы 
соғыста  өшпес  ерлік  көрсеткен,  еліміз  үшін  өмірін,  денсаулығын  аямаған 
адамдардың  ерлігін  жадымызда  сақтап,  қаралы  күндер  туралы  естеліктерді 
ұмытпауға тиістіміз.  
141 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
  
Арада 70 жыл өтсе де, соғыс жылдарының сұмдықтары бүгінгі күнге 
дейін ұмытылмақ емес, ол кезең ардақты ардагерлеріміздің жадында жазылып, 
кітап  беттерінде  қатталып  қалған.  Біз  өскелең  ұрпақ,  ардагер  ата-
апаларымыздың алдында өтеусіз қарыздармыз. Себебі ол кісілердің көрсеткен 
ерліктерінің,  жанқияр қаһармандықтарының бағасы өлшеусіз. 
Ата  –  бабаларымыз  сыйға  тартқан  бақытты  өмірімізді  қорғау  -  әрбір 
саналы азаматтың, біздердің борышымыз.  Қан мен тер, қиылған өмір арқылы 
келген  бостандық  –  тарихи  шындық.  Бүгінгі  өміріміз  үшін  құрбан  болған 
ерлеріміз  ешқашан  да,ешуақытта  естен  шықпайды,  ұмытылмайды.  Еліміз 
тыныш, бейбітшілікте өмір сүрейік, аспанымызды бұлт торламасын, ұйқымыз 
бұзылмасын,  ата  –  анамыз  әрқашан  қасымызда  болсын!  -  деп  тілеймін. 
Сейітжан Үмбетов атамыз  секілді  өшпес ерлік көрсеткен, еңбектеріңіз үшін, 
осындай бейбіт өмірді сыйлаған ардагерлерге, тылдағы жанқиярлық еңбектері 
үшін, басымды иіп  алғысымды, ризашылығымды білдіремін. 
Умирбаева Аружан 
3 сынып № 9 ЖББОМ Жезқазған қ. Карағанды облысы 
Мұғалім:  Ахмет М.Т. 
 
Әр азамат  туған елінің өткені мен бүгінін біле отырып, болашаққа қадам 
басады. Болашаққа рухани мәдениетімен қатар ұрпағының ұлттық қасиеттерін 
сақтай  отырып,тарихын  үлгі  етеді.  Ұрпақтан-ұрпаққа  жеткізетін  тарихи 
оқиғалардың баса ауқымдысы - Ұлы Отан соғысы. 
1941 жылы  22-маусымда  фашистік Германия әскерлері кеңес жеріне 
баса-көктеп кірді. Бір шеті Баренц, екінші шеті Қара теңізге тіреліп жатқан 
ұлан-ғайыр мекенде майдан ашылып, 1418 күн мен  түнге созылған арпалыс 
басталды.  Осы  соғысты  бастай  отырып,  фашистік  Германия    ұлы  жоспар 
жасады.  Яғни  біртұтас  ССРО-ны  бөлшекке  бөліп  жіберуді  ойлаған.  Оған 
Қазақстан жері де енді. 
Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл Кеңес Одағы сияқты, 
алғашқы  күннен  бастап  жұдырықтай  жұмылды.  Республиканың  түкпір-
түкпірінде  әскери  коммисариаттарға  еріктілер  ағылды.  Кеше  ғана  мектеп 
партасында    отырған  бозбалалар  мен  бойжеткендер  де,қала  мен  ауыл 
тұрғындары да соғысқа сұранды. 
 
Ұлы Отан соғысындағы ең атақты операциялар: 
1.Ленинград шайқасы (1941 шілденің 10-ы-1944 тамыздың 9-ы). 
2.Мәскеу түбіндегі шайқас (1941 қыркүйек 30-ы-1942 сәуір 20-ы). 
3.Сталинград шайқасы (1942 шілденің 17-сі-1943 ақпанның 2-сі) 
4.Курск шайқасы (1943 шілденің 5-сі-тамыздың 23-і) 
5.Берлин шайқасы (1945 сәуірдің 16-сы-мамырдың 8-і). 
142 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Ленинград  түбіндегі    кескілескен  шайқасқа    жан  аямай  қатысқан 
қазақстандық  батырлар  ерліктері  ерекше  көзге  түсті.  Қазақстандық  әскери 
құрамалардың  үштен  бірі  Ленинград  түбінде  шайқасты.  314-дивизияның 
мергендер  қозғалысын    Солтүстік  Қазақстан  облысындағы  Степан    Разин 
,қатардағы  жауынгер  Г.П.Зубков  бастады.  48-ші  атқыштар  дивизиясының 
атақты мергені Дүйсенбай Шыныбеков  шайқасты. 
Ленинград қорғаушының аса  қиын кездерінде оны қорғаушылар бүкіл 
Кеңес  мемлекеті  халықтары  тарапынан  қолдау  жасалғанын  үнемі  сезініп 
отырды. 
1941  жылғы  қыркүйектің  ауыр  күндерінде  қазақтың  халық  ақыны 
Жамбыл  ленинградтықтарға    «Ленинградтық  өренім»  деген  жырын  арнап, 
онда  көп  ұлттық  еліміздің  бүкіл  еңбекшілерінің  ой-пікірін,  сезімі  мен 
алаңдаушылығын  білдірді.  Ақын  жыры    достықтың    шынайы    ән  ұранына 
айналды.  1943  жылы  900  күнге  созылған  Ленинград  қоршауы  бұзылды,  ал 
1944 жылы Ленинград басқыншылары толық азат етілді. 
1942  жылы  17-шілде  Сталинград  түбіндегі  кескілескен  ұрыстар 
басталды.Сталинград шайқасының жалыны Батыс Қазақстан даласына жетті. 
Батыс Қазақстан жерінде алты қорғаныс шебі, Сайхан, Орда, Чапаев Тайнақ 
аудандырында арнайы аэродромдар салынды. Ақтөбе облысында да қорғаныс 
құрылыстары салынды. 
Сталинград  майданының  көптеген  әскери  бөлімдері,  материалдық, 
техникалық  базалары  Батыс  Қазақстанда орналастырылды. Орал қаласында 
әскери байланыс торабы орнатып, 70-ке  жуық әскери госпиталь жұмыс істеді. 
Сталинград  майданын  барлық  жағынан  Қазақстан  қамтамасыз 
еткен.Осында  көптеген  әскери  техника  жөндеуден  өтті.  Бір  ғана  Ақтөбе 
қаласында ай сайын 30 ұшақ құрастырылды. Қазақстан жерінде құрылған 292, 
387-
атқыштар дивизиясы, 81-атты әскер дивизиясы  Сталинградты қорғауға 
тікелей қатысты. Сталинград түбінде көптеген Қазақстандықтар ерліктің небір 
тамаша үлгісін көрсетті. 
Жеңіс  оңайлықпен  келген  жоқ.  Жеңіс  жолында  Отан  үшін  су  кешіп 
талай миллиондаған асыл азаматтар мер  болды. Жаумен жан аямай шайқасып, 
ерліктің ерен үлгілерін көрсетті. Ана-жарын жоғалтқан жесір, бала-әкесінен, 
анасынан айырылған жетім атанды. Фашистердің тұтқын лагерінде ана мен 
бала айуандықпен өлтірілді. Ал,  тылда қалған қарттар,  аналар мен бесіктен 
белі  шықпаған  балалар  соғыстың  қайғы-қасіретін  арқалай  жүріп,  бірде  аш, 
бірде тоқ тынбай жұмыс істеді. 
Соғыстың  алғашқы  күндерінен  бастап  қазақстандықтар  барлық 
майданда шайқасты. Олар Отан үшін фашистерге қарсы бағытталған ұрысқа 
аянбай      кірісті.  Қазақстанда  ұйымдастырылған  көптеген  әскери    бөлімдер 
майданға  жіберілді.  Даңқты  Брест  қамалын  қорғаушылардың  қатарында 
мыңдаған қазақстандықтар болды. Олардың арасында Ғ.Жұматов, В Фурсов, 
143 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
К.Тұрдиев,  Ш.Шолтырев,  К.Иманқұлов  сияқты  жауынгерлер    жан  аямай 
шайқасып, ерліктің үлгісін көрсетті. 
Жамбылдың  ұлы  Алғадай  Сталинград  түбінде  ерлікпен  қаза  тапты. 
Г.Сафиулин,  М.Баскаков  сияқты  азаматтардың  басқарған  әскери  бөлімдері 
жауды талқандау барысында көп үлес қосты. 
Міне,осынау елімізге лаң салған алапаттың жеңіспен аяқталғанына  70 
жыл  толып  отыр.  Қасық  қаны  қалғанша  жаумен  жан  аямай  шайқасқан 
аталарымыздың  ерліктерін ешкім де, ешқашан да ұмытпауға тиіс. 
Усенова Ақниет 
         
Абай Құнанбаев атындағы 
       
Саран гуманитарлы-техникалық колледжі          
Саран  қаласы, Қарағанды облысы Жетекшісі: 
Бопышева Кульмахара Смановна 
Ақыл айтар мезгілде     
Мың жасаған шалдай бол. 
Қатал болар мезгілде 
Шатырлаған жайдай бол. 
Мейірім түсер мезгілде 
Ағарып атқан таңдай бол. 
Жауды бөгер кезіңде 
Көлденең жатқан ордай бол. 
      
Б. Момышұлы 
Соғыс... Неткен  үрейлі сөз еді.  Отты күндер шежіресін парақтаған сәт 
әрқайсысымыздың жадымызға төбемізге үйірілеген қара бұлтты,оты ызғарлы, 
дәмі кермек, бір сәтте  қап-қара түнекке айналған айналаны жаңғыртып, көз 
алдымызға  сол  бір  қорқынышты  көріністі  әкеле  береді  екен.  Міне,  сол 
көріністің артын ала бере тура жетпіс жыл артта қалған екен дерсің.Өмірдің 
ағысындай,  тұлпардың  шабысындай,  толқынның  тасуындай  зымырап  өтіп 
жатқан уақыт тегеурінін сәл артқа шегеріп, қаншалықты көңіл көкжиегімізге 
кірбің,  жүрегімізге  қаяу  салса  да,  қорқу  деген  сезімді  жүрегінен  жұлып 
тастаған ерлерімізді еске алып, толғанатын сәт туып отырған тәрізді…Ана мен 
баланы айырған қатігез соғыс дүрбелеңі бір сәтке толастамастан, диханшының 
тракторын  танкке,  қойшының  таяғын  мылтыққа  айырбастамасқа  шара 
қалдырмады. «Ер жігіт елі үшін туады, елі үшін өледі» демекші, елінің үкілі 
үмітін  арқалай  отырып,  қиян-кескі  шайқасқа  тайсалмай  шомып  кеткен 
осындай жүрегінің түгі бар батыр бабаларымызға мың тағзым! 
Қауызын ашып үлгерместен, сол алауға қарай қадам басып, жау жақтан 
жапалақтаған  бұрқасындай  бытыраны  кеудесімен  қарсы  алған  жан 
144 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
кештілердің  ішінде  Нүркен  Әбдіров,  Төлеген  Тоқтаров,  Сұлтан 
Баймағамбетов,Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова,  Қазбек  Нұржанов 
сынды өресі биік өрен ұлдарымыз бен қыздарымыз  бар едіСұрапыл соғыс 
үрімдей  жас    ұл-қыздардың  өмірлерін  сарп  еткізді.  Оларға  КСРО  Жоғары 
Кеңесі Президиумының Жарлығымен қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының 
Батыры атақтары берілді.  Мен қазақ жерінің Батырларына тағзым етіп, біздің 
колледждің түлектері Қазбек Нұржанов пен Мартбек Мамыраевты еске алсам 
деймін.   
Қазбек  Нұржанов  Қарағанды  облысы,  Ақтоғай  ауданының  тумасы 
екенін бірі білсе, бірі білмесі анық. Бір мың тоғыз жүз он тоғызыншы жылы 
Кеңес Одағының Батыры Казбек Нұржанов дүниеге келді. Ол  бір мың тоғыз 
жүз қырық екінші  жылдың бесінші сәуірінен атқыштар дивизиясына қарасты 
алпыс  бірінші  жойғыштар  дивизионының  құрамында  бро  бұзғыштар 
бөлімшесінің,  кейін  барлаушылар  взводының  командирі  болып  ұрысқа 
қатысты.  Волга,  Орел,  Зуш,  Десна,  Сож,  Днепр,  Березина  өзендерінен  өту 
кездерінде асқан ерлік көрсетті. Бір мың тоғыз жүз қырық төртінші  жылдың 
шілесінде  Гродно  облысындағы  «Первомайский»  совхозында  жау  шебіне 
кіріп, сегіз немістің көзін жойған, ол тоқсан жеті жау әскерін капитанымен 
бірге  от  арасында  жығылып,  тұтқындыққа  берілуге  мәжбүрлеген.  Дәл  осы 
жылдың он төртінші шілдесі күні Волковск қаласын алу кезіндегі шайқаста 
асқан  ерлік  көрсетіп  қаза  тапты.  Беларус  жерінде  көрсеткен  ерлігі  үшін  ол 
Кеңестер  Одағының  Батыры  атанды.  Қарағанды  облысының  Ақтоғай 
ауданында Қазбек Нұржанов атындағы орта мектеп бар. Беларусь бауырлас 
қазақ елінің көмегін ұмытқан жоқ. Екі мың сегізінші жылы Минск қаласында 
Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  қаза  тапқан  қазақстандық  жауынгерлерге 
арнап ескерткіш орнатылған. 
Отты  ойы  мен  найзағайдай  жарқылдаған  жанары  ұштасып,  қимылы 
қылыш,  қара  қылды  қақ  жарып,  жау  шабуылын  алғаш  болып  қарсы 
алғандардың тағы бірі Мартбек Мамыраев  есімді ер азамат. Ұрыс кезінде аға 
сержанттың  міндетін  зор  жауапкершілікпен  атқарған  атпалдай  азаматымыз 
Мартбек  Мамыраев  есімі  елінің  есінен  елеусіз  қалмасына  сенімім 
мол.Табиғаттың  бұла  перзенті  еңбек  жолын  кіндік  қаны  тамған  мекеннен 
бастап, кейін қара көмірдің қазандығы болған Қарағанды кенішіне келіп, №3 
бис шахтасының партия ұйымына жетекшілік жасады. Бұл бір мың тоғыз жүз 
қырықыншы  жылды  маңайлаған  шақ  еді.  Бір  мың  тоғыз  жүз  қырық  екінші 
жыл. Сталинград. Қазақ жігітінің алғашқы от кешіп, сынға түскен сәті дәл осы 
жерде болды. Келесі  жылдың қыркүйегінде Днепрді азат етуде ерлік танытқан 
ол  жеке  өзі  елуден  астам  неміс  әскері  мен  офицерлерін,  сонымен  қатар 
жаудың екі отты нүктесін қатарынан жойды. «Жаным арымның садағасы» деп 
ұрандап, атаның туын жықпай, ананың намысы үшін түтіні ыстық туған жерін 
жауға таптатпай, жусанның жұпар иісі мен жұртының жарқын жүзді жанарын 
жан жарасынан биік қойған азаматымыз майдан атты мекеннен жырақтамады. 
145 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Араға  бір  жыл  салып,  ақпан  айының  он  бесінші  жұлдызында  елінің  төл 
перзентіне    Кеңес  Одағының  Батыры  атағы  беріліп  қана қоймай,  жауынгер 
елдің ұрпағы екендігін дәлелдегені үшін Мамыраев есімі Ленин ордені және I 
дәрежелі Отан соғысы медальдарымен марапатталды. Көк аспанымызға күн 
қонақтап, қыран ұя салған бейбіт заманның  орнауына үлес қосқан  халқының 
мақтанышы Мартбек Мамыраев  соғыстан кейін  жері мен елі үшін тер төгіп, 
қыруар еңбек атқарды. 1955-1958-жылдары Қарағанды қалалық Советі аткомы 
председателінің бірінші орынбасары, 1958-1972-жылдары химия-металлургия 
институты директорының орынбасары болып қызмет етуі оның нағыз патриот 
ұл екендігін айғақтай түсті. 1989-жыл, 22-қараша. Қабырғасын қайыстырған 
қаралы хабар жеткен сәт бүкіл алаш елін бір сәт үнсіздікке тұрғызды. Қазақ 
елі тағы бір ұлынан айырылды! 
Бүгінде  ер  есімі  біздің  колледж  ұжымында  да  өз  орнын  әлдеқашан 
тапқан. Батыр бабаларымызға арналған колледж мұражайы кейінгі ұрпақтар 
үшін  беймәлім  сыры  таусылмас  тарихымыздың  алтын  қоры.  Еліміздің 
ертеңіне  айналар  жас  түлектеріміз  үшін  мұражай  ішінде  сақтаулы  тұрған 
медальдар мен ордендер,естеліктер, хаттар мен суреттер кешегі мен бүгінді 
жалғастырар  алтын  жіп  іспетті.Асқақтаған  арманға  өрмелеумен,  ерліктің 
нағыз үлгісін паш еткен даңқты тұлғаларымыз - мына біздер үшін үлкен өнеге! 
Мәңгі есімізде сақталады! 
Хасен Аяулым 
10 -
сынып, «№10 Нүркен Әбдіров атындағы орта мектебі» КММ 
Қарқаралы ауданы Қарағанды облысы 
Жетекші: Рысбаева Мейрамгуль Сериккановна 
Әлемді  дүр сілкіндірген сұрапыл соғыс 1941 жылы 22 маусым  айында 
басталды.  Сол  күні  таңғы  4-те  бейбіт  жатқан  елімізге  Германия  тұтқиылдан 
соғыс ашты. Суық хабар сол күні байтақ елімізге, жер – жерлерге, ауыл – селоға 
тарады. Жеңіс жеңілдікпен келген жоқ. Қазақ жерінен қара көз қыздарымыз  бен 
ұлдарымыз соғыс майданына аттанды. Мөлдір аспанды бұлт қаптады. Шаттық 
әнді  қайғылы  үнге,  нұрлы  күнді  қара  түнге  айналдырды.  Күздің    қара 
балшығына  малшынып  жүріп ер  -  азаматтармен  қатар соғыс  майданында 
қазақ  қыздарыда  қоса  ерлік   жасады.
 
Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз 
арпалыс  қайғы  -  қасірет  әкелмеген  бірде  -  бір  отбасы  болмады.  Бірінің  әкесі, 
бірінің ағасы енді бірінің қыздары да  ер азаматтармен қоса ерлік жасап қаза 
тапты.  Қаншама  жас  боздақтардың  қыршын  жасы  қиылды.  Қауызын  ашпай 
көктей қырқылған сол жастардың ішінде, әттең  кімдер кетпеді барлығы тек осы 
қазақ жері үшін күресіп жан аямай  көз жұмды. Осы кісілердің арқасында қазіргі 
таңда осындай байтақ, бейбітшілік елде өсіп өніп жүрміз.
 
Осыдан 70 жыл бұрын 
адамзат  тарихында ең сұмдық және қанды соғыстың ең соңғы оқтары атылды. 
Содан бері 1945 жылдың 9 мамыры жұртшылық жадында біздің халқымыздың 
146 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
ерлік  үлгісі,  мұқалмас  қажырлығы  мен  мызғымастығының  символы  болып 
келеді.  Соғыс  –  күйретуші  күш!  Барды  жоқ  ететін,  тауды  жер  ететін.  Жер 
бетіндегі тіршілік атаулының бәрін жалмап жұтатын тажал. Сол қанды кезеңді 
еске түсіріп, елестететін газет-журнал матералдары немесе радиотелехабарлар, 
кинолар аталар ерлігін мақтаныш тұта бізге жеткізді. Содан бері жарты ғасырдан 
астам уақыт өтсе де, ешнәрсе де ұмытылған жоқ. Ұлы Отан соғысы... Бұл сол 
кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, тарихта 
мәңгі қалатын күн. Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас 
жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлеріміздің  арқасы.
 
Бұл  Ұлы 
Жеңіске төрт жыл, 1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ 
үшін жан қилы соғыс жүріп жатты. Бұл соғыс 50 млн.  адамның өмірін жалмады 
соның ішінде
 
Қазақстаннан 2 миллионға жуық түрлі ұлт өкілдері әскер қатарына 
шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл 
1,7 миллиард  халқы бар 60-тан  астам  мемлекет қатысқан Ұлы дүние жүзілік 
соғыс болатын. Соғыс 22 миллион шаршы шақырым жерді қамтыды. Ұлы Отан 
соғысы халқымызға  төнген ең  ауыр  күндер болатын.Бұл жеңіс тек бір ғана 
адамның  қолынан  келмейді  барша  жұрт  бірліктің  арқасында  жауға    жерімізді 
бермей соғыса білген қаншама батырларымыз, ардагер ата-әжелеріміз жері мен 
отаны үшін, келешек ұрпақ үшін сан қилы соғысты  бастан өткерген кісілер. Сол 
бір  сұрапыл  жылдары  қазақ  халқы  өзінің  Отанына,  жеріне  деген  патриоттық 
сезімін,  ұлттық  мақтанышын  дәлелдеді.  Жауға  қарсы  шайқастар  алдыңғы 
шептегі ұрыстарда ғана емес, алыстағы ауыл мен кең байтақ далада да жүріп 
жатты.  Сол  жылдары  Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына 
аналық  мейірімімен  тартушы,  эвакуацияланған  завод  пен  фабрикаларға, 
майданға керекті оқ-дәрі мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. Әр 
Ұрыста  тәуекел  ету  де    әр  адамзат  үшін  ерлік.  Бұндай  ерлік  тек    соғыс 
майданында кеуделерін оққа тосқан батырларымыздың ерлігі.
 
Жеңіс күні – бұл 
сан мыңдаған ұрпақ үшін ортақ мереке.
 
Ұлы Жеңіс бұл он бес одақтас болған 
мемлекеттердің ортақ мерейтойы.
 
Мереке – бейбітшілік пен қайырымдылықтың 
мәңгі жасампаздығын, Отанын қорғаған жауынгер-солдаттар мен офицерлердің 
айбыны,  тылдағы  Жеңісті  жақындатқан  жұмысшылардың  ерлік  еңбектерінің 
мәңгі  өшпейтіндігін  дәлелдейтін  белгісі.
  
Ешқашанда  жауынгер  ерлігі  мен 
жеңісті еңбегімен соққан еңбекшінің ерен ерліктері ұмытылмайды. Ұлы Отан 
соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болса да сол   кездер артта қалып 
қазіргі таңда Ұлы Жеңісіміздің 70 жылдығын тойлап отырмыз. 
Шаймуратов Бағлан 
  7-
сынып,№12жалпы білім беретін орта мектебі, 
Теміртау қаласы, Қарағанды облысы 
       
Жетекші:Малғабылова Саягүл Мажитқызы 
147 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
... 
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, 
соғыс  атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағышталған.  Адам  адам  болғалы 
осылай.  Талай  рет  үстемдік,  байлық  үшін  адам  қаны  суша  аққан.  
Арыға  бармай-ақ,  50  миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты 
алайық.  Кімге  қажет  болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте, 
соғысты  әділетсіздік,  жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен 
лағынетті.  Қарапайым  халыққа  қасірет  туғызған,  қарғыс  арқалаған  соғыс 
ешқашан жеңбек емес. 
Міне,  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  да  70  жыл  өтті. 
Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, 
тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 
қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер 
тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті 
шыңдаған,  станоктың  қасынан,  егін  даласында,  күні-түні    мал 
бағып,  тынымсыз жұмыс істеген жұмысшылар, ауыл адамдары тойлайды. Бұл 
мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз - өздерінің әкелерін, ерлерін, 
ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, 
олардың орнын жоқтатпаған аналар мен жұбайлар, қалыңдықтар мен қыздар 
тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын 
қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. 
Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, 
жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді 
бүкіл елі болып еске түсіреді. 
Сол  кездегі  Кеңес Одағының басқа халқымен бірге жауды  талқандап, 
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград 
түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған 
ұрыстарда  батыр  ерліктер  көрсетті.  Украинаны,  Кавказды,  Белоруссияны, 
Қырымды,  Прибалтиканы  азат  етті,  Польша,  Румыния,  Венгрия, 
Чехословакия,  Болгария,  Германия  жерлеріндегі  майдан  жолдарында  жеңіс 
туын  көтеріп  өтті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  біздің  аталарымыз 
қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. 
Сонымен  бірге  осы  қанды  ,сұрапыл  соғысқа  менің  туыстарымның  да 
қатысқанын білдім. 
Менің  әкемнің  атасы,  яғни  үлкен  атам  Атшабаров  Жақыпхан 
Жұмаханұлы мен әжем Атшабарова Нұржамал Әбішқызы  да соғыс кездерінде 
сол кездегі Семей облысы, Аягөз қаласында еңбек майданында жұмыс істеп, 
соғыстағы майдангерлерге көмек беріп тұрған. 
148 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Ал,  анамның атасы Омаров Малғабыл және Малғабыл атаның інілері 
Көкен  мен  Көтібар  аталар  Қарағанды  облысы,  Ақтоғай  ауданы,  Қоңырат 
округынан  1941  жылы  соғысқа  аттанып,  1943  жылы  майданда  қаза  болған. 
Үлкен нағашы атам Омаров Малғабыл 1941-1943 жылдары соғыста пулеметші 
болыпты. Қазір ол кісінің аты-жөні Ақтоғай ауданындағы «Белгісіз солдат» 
мемориалында  жазылып тұр. Біз жазғы демалыста  ата-анаммен ауылға барған 
сайын осы тақтаға гүл шоғын қоямыз. Ал, анамның нағашы атасы Смағұлов 
Төлепбек  ата  соғысқа  1941  жылы  аттанып,соғыстан  1945  жылы  жеңіспен 
оралған.  Әжем айтып отырады,ол кісі соғыстан қайтып келгеннен кейін жыл 
сайын ауданда,облыста 9-мамырда болатын Жеңіс күніне арналған парадтарға 
өзінің медальдарын тағып шығатын  және соғыс кезіндегі әңгімелерін күні-
түні менің анама және туыстарға талмай айтып отырыпты.        
Нағашы әжемнің айтуы бойынша, ол кісі 1991 жылы қайтыс болған. Мен 
нағашыларымның үйлеріне барғанда сол атамның алған медальдарын көрдім. 
Мен өзімнің аталарымның  ел басына қиын кездер туған кезде өздерінің 
Отан алдындағы борыштарын аямай, жандарын  елі, жері, Отаны үшін жан 
қиып, кейінгі ұрпақтарына, яғни біздерге үлгі  істер қалдырғандарына  мен 
мақтаныш етемін. 
Біз  отбасымызбен  9-мамыр  күндері  өзіміз  тұратын  Теміртау 
қаласындағы  «Белгісіз  солдат»  ескерткішіне  барып,  гүл  шоқтарын  қоямыз. 
Сонымен бірге менің ата-анам бұл күндері өздерінің бала кездерінде парадқа 
шығып,  өздерінің  ардагер  аталармен  мектепте  кездесу  кештерін 
ұйымдастырып, қызықты шақтарын бізге айтып отырады. Бізде мектебімізде 
жыл сайын 9-мамырда болатын Ұлы Жеңіс күніне арналған қалалық парадқа 
шығамыз  және  қаламыздағы  ардагерлерді  құттықтап,  ол  кісілердің 
әңгімелерін тыңдап, бірге фотоға түсіп, үйлеріне көмек көрсетіп тұрамыз. 
Ешқашанда  жауынгерлер  ерлігі  мен  жеңісті  еңбегімен  соққан 
еңбекшілердің  ерліктері  ұмытылмайды.Бүгінде  біздің  азамттық    міндетіміз-
Отанымызды  сүюге,  қорғауға,  еліміздің    адал  патриоты  болуға  міндеттіміз 
және достық пен бірлікті жоғары бағалауға тиістіміз. 
Өз ойымды қорыта келгенде менің айтпақ ойым: 
«
Ешкім де, ешқашанда ұмытылмақ емес!» - демекпін. 
Шакенов Нұрболат 
І курс 
Жезқазған индустриалдық- 
гуманитарлық колледжі 
Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы 
149 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Жетекшісі: Жаркинбекова Сағдат Серикбаевна  
Ерлігің мәңгі есімде 
Қараңғыда көрген жоқ оны ешкім де, 
Келе жатты ұрланып соғыс түнде. 
Келе жатты ол қап-қара, бүйі болып, 
Жолбарыс боп жалаңдап жол үстінде. 
Сырбай Мәуленов. 
Соғыс! Сен қандай суық едің! Қасіреттің қара  қайығына мініп, қайғыны 
желкен  етіп, қара жерді қапсырып төніп келдің! Мен сендік салқындықты бір 
ғана  атауыңнан  сезінем.  Талай  армандарды  сөндірген,  қырандарды 
сенделткен, жайсаң даланы селдеткен  сендегінің барлығы сұмдық еді. Талай-
талай  текті ұлдарыңның өмірін өзің иемденіп алып, қанды майданға тастап 
жібердің.    Бір  сенің    суық  үнің  қаншама  ақ  армандарды,  сағым  жылдарды, 
жүректе жазылмай кеткен жырларды ұрлады?!  
 
«Отан үшін отқа түс, күймейсің!» ұранын ту ғып ұстап, қан майданға 
аттанған аталарымыздың  сондағы ерлігін айтсаңшы. 
 - 
Үстімде сұр шинелім, 
 
Ақсаңдай басып келемін, 
 
Ұмытса да достарым, 
  
Ұмытар ма мені елім, –   
деп    Қасым  Аманжолов  жырлағандай,  елі  үшін  қасық  қаны  қалғанша 
арпалысқан ер мінезді ұлдарының ерлігін ұмытпақ емес, ұмытпайды да.  

Ежелден ел тілегі – ер тілегі,
     
Адал ұл ер боп туса – ел тілегі, – 
деп  Бауыржан Момышұлы айтқандай, қашан да халық адал ұлдың елге 
тірек болуын аңсаған. Халыққа тіреу болған да сол ерлер еді.      
Сол кездің қиындығын Қадыр Мырза Әли былай деп жырлайды:    

«Қырық екінші жылды басқа жазбасын,
   
Ұмытты ғой ерлер онда өз басын... 
     
Москваға жетпей жолдан тоқтасын, 
     
Астанадан киіп қайтсын ноқтасын», – 
     
Деп әкеміз елді жаудан қорғаса, 
     
Біз қорғадық опасыздан отбасын». 
150 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Ер басына күн туып, етігімен су кешкен қиыншылық жылдарды, мұң-
шерге толы жырларды тамаша суреттеген ақын өлеңін оқи отыра, сол кезге бір 
көз жүгіртесің. Сезінесің, түсінесің, шошисың да жиренесің. Сол кезде ерлік 
көрсеткен жауынгерлерге бас иіп, әрдайым есімдерін сан қайталап отырасың. 

Үйдің жылысын қыс келгенде білерсің,
    
Кімнің батыр екенін жау келгенде білерсің, – 
деп Балпық би айтқандай, жау келгенде тойтарыс бере білген батырлар сан 
мыңдаған еді. 
Қолына қару алып, «фашизмнің тамырын құртамыз» деп ерлік көрсеткен 
Қасым  Қайсенов,  Бауыржан  Момышұлы    есімдері  тарихқа  алтын  әріппен 
жазылды.  Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова, Хиуаз Доспанова сынды 
апаларымыз қара бұлт төнген кезде нағыз өр мінез танытты.  Сызға ұйықтап, 
мұзды жастанған қанша өмір қиылды.  «Ертеңгі ұрпақ келешігің арманы ақ 
болсын,  жүзінде күлкі жайнасын, аспаны шуаққа толсын» деп кеткен жандар 
еді.  Майданда  жауынгерлер  қолына  қаруын  алса,  Жамбыл  Жабаев  өз 
жырларын қару ғып жұмсады. Еңіреп кеткен ерлерді жігерлендіріп, рух беріп 
отырған Жамбыл өлеңдері талай жауынгерлердің қалтасынан табылып жатты. 
Күні-түні жарылған бомба, атылған оқ Жер-Ана төсінде ойран салды.  Ақын 
Сырбай Мәуленовтың өлеңі еріксіз ойға оралады:  

Қоштас, – деді ол, – туған ел, жеріңменен,
Тастарды да күйдірді темірменен. 
Миллиондаған жандардың атын жойып, 
Құлақкесті құл етті нөмірленген. 
Иә,  бұл  нағыз  сұрапыл  соғыс.  Есте  мәңгілік  сақталатын  соғыс  тамұқ 
отымен бірдей болды. Дегенмен жеңістің ауылы алыс емес еді. Кеудеде от боп 
жанған  ар-  намыс  жауынгерлерді  алға  жетеледі,  болашақ  жеңіске  сендірді. 
Жан қиып кеткен жандар ертеңгі өмірдің жарқындығын тіледі. 

Олар өлді тек аспан сау болсын деп,
Олар өлді туған жер бар болсын деп.
Олар өлді ақ арман сөнбесін деп,
Олар өлді өзгелер өлмесін деп, –
деген Сырбай Мәуленов өлеңі осыған айқын дәлел. 
Жеңіс!    Көптен  күткен  ақ  арман  бір  сенің  ғана  өне  бойыңа  сыйып 
тұрғандай.  Көңіл  тебіренді,  сәби  күлді,  ана  жадырады,  аспан  қара  түнектен 
ашылды!  
151 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 

От шашты Отан аспаны,
 
Төгілді көздің жастары. 
 
Окоптан шықты солдаттар, 
 
Атылды көкке соңғы оқтар, – 
деп  Сырбай  Мәуленов    жеңіс  күнін  асыға  күткен  халықтың  сол  бір 
қуанышты кездерін осылай  баяндайды. 
Жеңіс  күні  соғыстан  оралмай  қалған  ерлеріміздің  рухына  бас  иіп, 
арамызда  жүрген  соғыс  ардагерлеріне  құрметпен  қарап,  олардың 
қайсарлықтары  мен  ерліктеріне  тағзым  ететін  күн  емес  пе?!  Президентіміз 
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: «Ұлы Жеңіс – Қазақстан тарихының жарқын 
беттерінің  бірі.  Бұл  –  қан  майданда  от  кешкен  соғыс  ардагерлері  мен  сол 
жылдарда «Бәрі де майдан үшін, бәрі де жеңіс үшін»деп, құлақтары жастыққа 
тимеген тыл ардагерлерінің мейрамы» деп атап өткен болатын.  
Сұрапыл  соғысты  басынан  өткеріп,  жеңіс  үшін  жанын  берген 
аталарымызды, сол жылдарда қиындыққа төзіп, тылдағы ауыр жұмыстарды 
атқарып,  сонысымен  Жеңіс  күндерді  жақындатқан  апаларымыз  бен 
әжелерімізді  мақтаныш  етеміз.  Осы  орайда  ел  намысы  мен  Отан  абыройы 
жолында от кешіп, кеудесін оққа тосқан қандастарымыз бен жерлестеріміздің 
есімін жаңғыртып, жас буын санасына сіңіре түсу – біздің басты борышымыз. 
Біз  әрқашанда    Жеңіс  күнін  аға  буынның  Отанға  деген  сүйіспеншілігінің, 
жастарды патроиоттық сезім мен  ерлікке  тәрбиелейтін өлшеусіз өнегесі деп 
білеміз.    Өкінішке  қарай,  жыл  сайын  ардагерлердің  қатары  азайып  бара 
жатқандығы  көңілге  қаяу  түсіреді.  Бірақ  көзден  кетсе  де,  олардың  ерлігі 
көңілден кетпесі анық. Олар тек жеңіс әкеліп қана қойған жоқ, сонымен қатар 
ел еңсесін көтеруде аянбай еңбек етті. 
Қайтпас  тұлғаларды  ұлықтап  отыру  –  тек  халықтың  ғана  емес, 
мемлекеттің борышы.  Еліміз олардың еңбегін бағалап, көше аттарын берді, 
ауыл-ауылға  соғыс  құрбандарының  ескерткішін  орнатты.  Көше,  даңғыл, 
саябақ, толықтай елді мекен, мектептерге алғаш қазақтан шыққан ұшқыш қыз 
Хиуаз  Доспанова,  Нүркен  Әбдіров,  Бауыржан  Момышұлы,  Талғат 
Бигелдинов,  Қасым  Қайсенов,  Әлия  Молдағұлова,  Мәншүк  Маметова, 
Мартбек  Мамыраев  сынды  біздің  бүгінде  дін  аман,  ашық  аспан  астында 
бейбіт,  азат  өмір  сүруімізді  қамтамасыз  еткен  батыр  ата-әжелеріміздің 
есімдері  беріліп  жатыр.  Мен  сол  үшін  қанаттанамын,  қуанамын, 
шарықтаймын. Бүгінгі таңда біздің жасар ерлігіміз, алғысымыз да осы болмақ. 
 
«Бұл  өмірде  әр  ісіңнің  жаңғырығы  болады»  деген  Мұхтар  Шаханов 
сөзін сараласақ, бүгінгі ашық аспанның кешегі жаңғырығы – отты жылдар еді. 
Біздің міндетіміз – солар сыйлаған ел тыныштығын сақтау. 
152 

Document Outline

  • Абдикаримова Руфина
  • Абдулла Нұрлан
  • Ұлы Отан соғысына 70 жыл!
  • Бүгін – Ұлы  Отан соғысының  басталғанына 70 жыл.  22 маусым – барлық посткеңестік елдердің тарихындағы ең қайғылы датаның бірі. Осыдан 70 жыл бұрын, дәл осы күні таң қылаң бере фашистік Германия  Кеңестік Социалистік Республикалар Одағына  шабуыл жас...
  • Соғысты бірінші болып қарсы алғандардың  қатарында Кеңес Одағының  батыс шебін күзеткен ондаған мың  қазақстандық-шекарашылар болды.  Атақты Брест  гарнизонының өзінде 1941 жылдың көктемінде  біздің 3 мыңдай жерлесіміз қызмет еткен, шілде айында  олар...
  • Соғыс кенеттен басталғанымен, Қазақстан, бүкіл  Кеңес Одағы сияқты,  алғашқы   күннен бастап  жұдырықтай жұмылды. Республиканың түкпір-түкпірінде  әскери  комиссариаттарға еріктілер  ағылды. Кеше  ғана мектеп  партасында  отырған  бозбалалар мен бойже...
  • Абсадықов Арсен
  • Адлер Елизавета
  • Аймағамбетова Гүлім
  • Алпысбай Аружан
  • Алькенова Еркежан
  • Арбатаева Карина
  • Ахметова Ақжүніс
  • Ахметова Әсем
  • Әмзебеков Ерасыл
  • Бабич Алина
  • Баданова Назым
  • Байжаханова  Гүлдана
  • Байтуганов Ислам
  • Бекмаганбетова Амина
  • Бектуров  Жансерік
  • Джавадова Карина
  • Дүйсенбекова Айдана
  • Ерланқызы Жанерке
  • Есімханов Нұржігіт
    • 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының жеңіспен аяқталғанына биыл 70 жыл толады. Бұл адамзат тарихындағы ең ауыр соғыс болғаны белгілі. Аумағы жағынан бұл қырғын дүниежүзілік сипатқа ие болды. Құрбандардың саны жағынан да жоғары тұр. Тек бір ғана Кең...
  • Жақанова Ғалия
  • Алғысым шексіз бейбітшілік үшін!!!
    • Жанатаева Жансая
    • Женисова  Самал
    • Жаркен Алдияр
    • Жүрсінова Еркеназ
    • Кривопляс Евгений
    • Қапан Майкамал
    • Қожан Әлия
    • Қойшыбекова  Ақтолқын
    • Құрымова Мейрамгүл
    • Мажитова Саягүл
    • Мұхтар Жаннұр
    • Мұхтар Ризагүл
    • Нағызханов Әлішер
    • Нурпейсов Алмат
    • Нұржанова Ақнұр
    • Нұртаев Абылай
    • Октябрь Айым
    • 11-сынып, «№10 Нұркен Әбдіров атындағы орта мектебі»КММ
    • Қарқаралы ауданы
    • Жетекші:Рысбаева Мейрамгүл Сериккановна
    • Нұркен аға ерлігі
    • Уақыт зымырап өтіп жатыр. Уақыт өткен сайын заман өзгеруде, бірақ өткен өмір тарихы мәңгі есте сақталуда. Неше алуан соғыс дүниені дүр сілкіндірді, бірақ екінші дүние жүзілік соғыс, қаншама адамзатын қисапсыз қасіретке ұшыратқан өлімімен мәңгілік есте...
    • Біздің еліміз адамзат баласы басынан өткізбеген зұлматты өткерді. Соғыс арифметикасы - қаралы арифметика. Әрбір секунд сайын бір адам, әрбір минут сайын он адам оққа ұшып жатты. Ал соғыс 1418 күнге созылды. Жеңіс елімізге оңай келген жоқ. Ұлы Жеңіс ба...
    • Мен,осындай аты әлемге әйгілі батырымыз Нұркен Әбдіров атындағы алылда тұрғаныма өте қуаныштымын. Өз ауылымды көрікті жерлерімен, таза ауасымен, әсем табиғатымен мақтан тұтамын.Бір ерекше айта кететін жайт ол Нұркен ағамыздың ескерткіші мен жанына жақ...
    • Омар Аружан
    • Ондрус Толқын
    • Оразбаев Қылыш
    • Өмірбаев Диас
    • Рахметова Аяжан
    • Рымбаева Роза
    • Сағындық Ерасыл
    • Санахвай Тілеугүл
    • Саткулова Гүлназ
    • Сауытжан Жібек
    • Саянқызы Айдана
    • Сейсенбек Азиза
    • Сембек Гульбахыт
    • Серіков Абай
    • Советкали Ерасыл
    • Тайшыбай Жансая
    • Тәкей Анел
    • Тен Тимур
    • Тилекенов Женис
    • Тиыштық Жұпар
    • Төлеужан Аяна
    • Төлеухан Рауан
    • Тулеков Ұланғайыр
    • Тулеуова Айдария
    • Туремуратов Ержан
    • Тұяқбай Әлішер
    • Тыныбекова Гүлден
    • Умирбаева Аружан
    • Усенова Ақниет
    • Хасен Аяулым
    • Шаймуратов Бағлан
    • Шакенов Нұрболат


1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17


©emirsaba.org 2017
әкімшілігінің қараңыз

войти | регистрация
    Басты бет


загрузить материал