Республиканский конкурс сочинений среди учащихся школ и средних учебных заведений на патриотическую тему, посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне Карагандинская область


Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и



Pdf көрінісі
бет14/17
Дата15.03.2017
өлшемі1,29 Mb.
#9688
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Сол  бір  аяқ  астынан  басталған  әділетсіз  арпалыста  қауызын  ашпай  көктей 
қырқылған ұлтымыздың асыл боздақтары  әттең дариға-ай, қаншама Абай,  Шоқандар 
кетті  екен  деген,  ойға  да  қаласың.  Алайда,  қазақ  қыздары  Әлия  мен  Мәншүктің 
қалдырған өшпес іздері халқымыздың тектілігін дәлелдеп, әрбір қазақтың   жүрегіне 
бүгінге дейін мақтаныш пен жігер ұялатады.  
«Әлия  –    батыр  қызы  сен  халқымның,  Әлия  –    ару  қызы  сен  кең  даламның!, 
Ерліктің қос қанаты деп білемін, Аяулы Әлия мен Мәншүгімді» деген жыр шумақтары 
бүгінде атамекенін сағыныш сазына бөлейді. Тау мен тасында ер қыздарының есімі 
алтын  әріптермен  өрнектелсе,  бүгінгі  ұрпақ  олардың  рухына  бас  иіп,  тебірене  еске 
алады. Осы бір әндерді естігенде бойымызды намыс билеп,  қазақтың қасық қаны бар 
азаматтың Отанға деген патриоттық сезімін асқақтатары сөзсіз.  
Ұлы  Жеңістің  шоқ  жұлдызы  алғашқы  болып  Жеңіс  туын  тіккен  Рахымжан 
Қошқарбаев  атамыз  халқының  беделін  бүкіл  әлемге  паш  етіп,  өскелең  ұрпақтың 
санасында  батыр  тұлғаның  символына  айналды.    Халқы  үшін  бір  төбе  Бауыржан 
Момышұлының  майдан  даласындағы  ерліктері  мен  адами  қасиеттері  туралы  аңыз 
әңгімелердің жастарға берер тәрбиелік маңыздылығы ұшан теңіз.  Қаһарман атамыз 
Бауыржан Момышұлы көз жұмғанша ел мүддесін ту ғып ұстап, қазақтың ар намысын 
сұрапыл қан майданда да таптатпады. Соғыс жайындағы деректерді терең зерделеген 
сайын туған халқымызға  деген сүйіспеншіліміз артып бойымызды  мақтаныш сезімі 
кернейді.    Батыр  халықтың  ұрпағы  екенімізді  Бауыржан  Момышұлы  атамыздың 
ерлігімен айшықтай аламыз.  Батыр ата туралы естеліктерге көз жүгіртсек,   генарал-
мойор    И.В.  Панфилов  қолбасшылық  еткен  316-атқыштар  дивизиясындағы  аға 
лейтенант 25 жасар Бауыржан басқарған батальон  бұрынғы  Кеңес үкіметінің жүрегі 
Мәскеу қаласын жаудан қорғауда  ерекше ерен ерлік көрсеткен.  Қазақтың батыр халық 
екенін бір туар атамыз  айнытпай дәлелдеген. Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, 
Рақымжан  Қошқарбаев,  жауынгер-журналист  Мәлік  Ғабдуллин,  Төлеген  Тоқтаров 
сынды қайсар бабалардың ұрпағы болғанымызды бүгінде шаттана жырлаймыз.   
Біздің сүйікті қаламыз  Қарағанды  батыр бабалар мекенінің бірі болып саналады. 
Мұнда  Ұлы  Отан  соғысының  батыры  –  ұшқыш  Нүркен  Әбдіров  ағамыз  дүниеге 
келген.    Батыр    өмірінің  соңы  өшпес  аңызға  айналды.  Ол  соңғы  шайқаста    өрт 
шарпыған соғыс ұшағын бар күш жігерімен,  соңғы демі үзілгенше басқара отырып, 
жаудың  мықты  қаруланған  колоннасына  құлатып  барып,    ажалға  қаймықпай  кеуде 
тосты. Қазақ батырларының ішіндегі алтынмен аты жазылғандарының бірегейі болып 
саналады.   Қарағандылықтардың  бүгінге дейінгі  ұрпақтан-ұрпаққа жеткізер  аңызы 
болып  келеді.    Бүгінде  Нүркен  Әбдіров    атамыздың  өр  тұлғалы  ескерткіші 
қалалықтарды ерлікке үндеп тұратындай.   
Өзге халықпен тереземіздің тең болуын қалаған ағаларымыздың асқақ арманы 
бүгінгі  күні  орындалып,    тәуелсіздік  таңымен  арайлап  атқанына  баршамыз  куәміз. 
Тәуелсіздіктің дәмін тата алмаған сол боздақтардың есімі өскелең ұрпақтың жадында 
мәңгі сақталады. Ашық аспан аясында анасы алаңсыз, баласы балбырап ұйықтайтын 
бейбітшілік күнін сыйлаған отан  қорғаушыларға айтар алғысымыз шексіз. Тектіден 
қалған тұяқтың Ұлы Отан соғысы жайлы  тебірене  жазар шығармалары таусылмақ 
110 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
емес.  Бұл – біздің міндет.  Бұл –  біздің-бабалар  рухы алдындағы парызымыз.   Біздің 
Отанға  деген патриоттық  сезіміміз  Б.Момышұлының:  «Біздің  жүрегіміз  темір  емес. 
Бірақ,  біздің тек, отымыз қандай темірді болса да ерітіп, күйдіріп жібере алады... Біздің 
үрейді  жеңетін ең күшті қаруымыз бар,  ол  –  Отанға деген сүйіспеншілік»  -  деген, 
өсиетімен жалғасын таппақ. 
 
Мұндай ерлері бар халықтың болашағының зор екендігіне енді ешкім де күмән 
келтірмесі анық. Мен де батыр халқымның бір қызымын! 
Серіков Абай 
6 сынып, № 9 орта мектебі, Жезқазған қаласы 
Қарағанды облысы 
Жетекші: Тусупбекова Сандугаш Куайжановна  
Ұлы Отан соғысындағы жеңіс –бүкілхалықтық  мереке 
Адамзат тарихының дамуында үш азапты 
кезең бар:    оба ауруы, аштық, соғыс... 
 
У.Гладстон 
1941 жылғы 22 маусым – тарихта мәңгі қалатын қасіретті күн. Жетпіс жыл 
бұрын  осы күні Ұлы Отан соғысы басталды. Ел тәуелсіздігін қорғану үшін бүкіл 
халық  болып  көтерілді. Соғыстың көрсеткен зардабы адам айтқысыз, өлшеусіз 
болған.   
Бұл күнді соғыстың алғы шептерінде қайсарлықпен шайқас жүргізіп, ерліктің 
сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер  тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы 
қажырлы  еңбегімен  жеңісті  шыңдаған,  егін  даласында,  күні-түні  мал 
бағып,тынымсыз  жұмыс  істеген  жұмысшылар,  ауыл  адамдары  тойлайды.  Бұл 
мейрамды  біздің  аяулы  да  даңқты  әйелдеріміз    -–    өздерінің  әкелерін,  ерлерін, 
ұлдарын  және  сүйіктілерін  көзінен  жасы  сорғалай  жүріп  төзімділікпен  күткен, 
олардың  орнын  жоқтатпаған  аналар  мен  жұбайлар  тойлады.  Бұл  мейрамды 
өздерінің  әкелері  мен  ағалары  қанын  төгіп,  жаныны  қиып  бақытты  өмірін 
қамтамассыз еткен Ұлы жеңістің құрдастары тойлайды. Ұлы Жеңіс күні күні елі 
мен  жері  үшін  жанын  пида  еткен,  туған-туысқандарына,  жақын-жарандарына, 
туған  жеріне,  ауылына  оралмай  қалған  қаһарман  елдері  бүкіл  елі  болып  еске 
түсіреді. 
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, бір 
мың он сегіз күн мен түн бойы  өз жері мен отан үшін, келешек ұрпақ үшін жан 
қилы  соғыс  жүріп  жатты.  Отан  үшін,  болашақ  ұрпақ  үшін,  Отанымыздың 
бомтандығы  мен  тәуелсіздігі  үшін  ұлтына  дініне  қарамастан  бүкіл  халық  оны 
қорғауға аттанып,қан төгіп, қасірет шекті. Олардың Отанына, жеріне, еліне деген 
патриоттық сезім оянды. Сол күн туған кезде Отан үшін неміс басқыншыларына 
111 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
қарсы қолдарына қару алып майданға аттанған жауынгерлердің  бір миллион үш 
жүз  алпыс  алты  мыңы  Қазақстандық  жауынгерлер  болды.  Ұлы  Отан  соғысы 
жылдарында  қазақ  халқының  азаматтары  атақ-даңқын  өшпестей  қылып  тарих 
бетінде қалдырды.Төлеген Тоқтаров, Нұркен Әбдіров, Ақан Құрманов, Бауыржан 
Момышұлы, Талғат Бигелдинов, Әлия Молдағұлова, Мәншүк Мәметова сияқты ел 
аузында аттары жатталып қалған таңдаулы ұлдарымызбен қыздарымызды қалай 
мақтаныш  етсек  те  жарасады.  Әкелеріміз  бен  ағаларымыз  осынау  қан  майданға 
өздерінің  жанкештілік  қаһармандығымен  басқа  еуропалық  ұлттар  алдында 
өжеттілігімен, қайсарлығымен танылды. 
Бір қуанарлығы елімізде, әсіресе соғыс ардагерлеріне деген құрмет толассыз. 
Отан үшін отқа түскен соғыс ардагерлері барлық құрметке лайық. Өйткені «соғыс» 
деген суық сөздің үстінде «Жеңіс» атты қуанышы жарқырата жазуға үлес қосқан 
сол қарттарымыз емес пе ? Солардың арқасында бүгінгі таңда біз «қазақ» атты өте 
күшті дамыған елміз. Күніміз бейбіт, өміріміз жайдары, көңіліміз ашық, шабытты 
балалармыз. 
Біз  сол  жеңіс  сыйлаған  жалғасымыз.  Сондықтан  олардың  қаһарманын 
мақтаныш  ету  әркімнің  парызы.  Соғыс  ардагерлеріне  құрметпен  қарап  қан 
майданнан оралмаған жауынгерлер рухына бас иеміз. 
Советкали Ерасыл 
8 сынып, № 26 мектеп гимназиясы 
Жезқазған қаласы, Қарағанды облысы 
Жетекші: Кушигулова Айгуль Толыбаевна    
Өшпес із, жазылмас жара қалдырған жылдар- ай 
Көз алдыңызға елестетіп көріңізші. Екінші сынып бітірген бала жердің 
астынан қара көмірді вагонға тиеп жүр. Кәдімгідей ерлермен тең жеті қат жер 
астына  түсіп,  көз  байлар  қараңғылықтан,  тарс-гүрс  еткен  шудан  да 
шошымайды. Мүмкін емес. Бұл не қиял деп ойлаған да болатын шығарсыздар. 
Иә, қазіргінің екінші сынып оқитын балалары мұндай қорқынышты көріністі 
көз  алдарына  елестетіп  көрмеген  де.  Ал,  соғыс  жылдарында  әрбір  баланың 
өмірі осындай еді. Тәтті ұйқы, балалық шақ деген ұғым, сезім, орындалмаған 
арман  болып  қалды  олар  үшін.  Табиғаттың    мезгіліне,  мінезіне  қарамастан 
далада, қалада ауыр еңбек ете жүріп, соғыстың аяқталуына үлкен үлес қосты 
сол заманның адамдары, жас өрімдері. 
Бала  болса  да  шахтада  жұмыс  істеді  деп  Әбілда  Ақмолдаұлы  туралы 
айтып отырмын. Үйдің тұңғышы болғандықтан, Ұлы Отан соғысы басталған 
уақытта ауыртпашылықтың бәрі Әбілда атама түседі. Аяулы әкесін соғысқа 
алмай, Байқоңыр кентінде қара алтынды теміржол торабымен жөнелту үшін 
станция бастығы қызметіне  тағайындайды. Осылайша тыл өмірі басталады. 
112 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Атам Ақмолда, үлкен баласы Әбілда станция басында қопсытылған көмірді 
вагондарға тиейтін еді. Жұмыс арнайы техниканың көмегінсіз, қара білектің 
күшімен орындалатын. Сүйегі қатаймаған менің атама оңай болмағаны анық. 
Кететін  қажыр-қайратты  айтпағанның  өзінде,  шаң-тозаң  жас  баланың 
денсаулығына  әсерін  тигізбей  қоймайды  ғой.  Ол  кезде  әр  таң  мұң 
шапағатымен таралатын еді. Бірер сағат қана көз шырымын алып тылдағы әр 
адам  «Жеңіс  үшін»  деп  жеңін  түріп  жұмысына  кете  баратын.  Әсіресе,  сол 
кезеңде  шахталар  мен  кенішлер  сұм  соғыстың  жеңіспен  аяқталуына  үлкен 
үлес қосқаны белгілі. «Жеңісті қорқынышпен және қуанышпен қарсы алдық» 

дейтін  аташым.  Кезекті  жұмыс  күні  аяқталып,  азан-қазан  болған,  секіріп 
қуанған, зар илеп жылаған халықты көргенде ауылды немістер басып алды ма 
деп  ойлап  қалған.  «Жеңіс!  Жеңіс!»  деп  айқайлаған  дауыстарды  естігенде 
барып қана зұлмат соғыстың аяқталғанын түсінген. Сөйтсе, халық қуаныштан 
көз жасын көл етіп жатыр екен. Бұл кезде атамның жасы небәрі он екі жас 
шамасында.  Ал кейіпкеріміздің бүгінгі өміріне тоқталсақ, атам бес баласына 
тәлім-тәрбие беріп, үлкен азамат болуына атсалысты. Әбілда атам Байқоңыр 
кентінің  әрбір  кірпішін  өз  қолымен  қалаған  жан.  Мамандығы  –    прораб. 
Өкінішке орай, атам елу жеті жасында дүние салды. Көзі тірісінде тартқан азап 
күндерін  жиі  еске  алатын.  Қиын-қыстау  шақтарда  буыны  қатаймаған 
балалардың  ерте  еңбекке  араласуы,  бала  болып  ойнамай,  ерте  есеуі,  Жеңіс 
күнін жақындатуға зор үлес қосқаны  айдан анық. Әкесіне көмек болсын деп 
еңбек майданына араласу –  үлкен батырлық дерсің. Міне, қазақтың балалары 
қандай! Ешқашан мойымаған және мойымайды.  
Соғыс пен тыл – біртұтас, оны бөліп-жарып қарауға болмайды. Соғыс 
жылдарындағы  қиыншылықтарды  бүкіл  Кеңес  еліндегі  балалар  бастарынан 
өткізді.  
Ұлы  Отан  соғысында  барлық  адамдар  өз  үлестерін  жеңіске  қосты. 
Біреулері  еңбек,  біреулері  майдан  шебінде  болып,  біреулері  қаламмен  де, 
қарумен де жауға қарсы тұрды. Біз қазір қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған 
заманда өмір сүріп жатырмыз емес пе, осының бәрі сіздердің арқаларыңызда, 
соғыс және тыл ардагерлері. 
Біз  бейбіт  өмірдің  куәгерлері  болғанымызға  өте  қатты  қуанамыз. 
Елімізді көркейтуге, әрі қарай дамытуға бар күш-жігерімізді жұмсаймыз. Мен 
енді ешқашан соғыс болмауын қалаймын. Себебі, мен  соғысты жек көремін!
113 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
Тайшыбай Жансая 
«Нүркен Әбдіров атындағы №10 орта мектебі» КММ 
10 
сынып оқушысы Қарағанды облысы 
Қарқаралы ауданы Нұркен ауылы 
Жетекші: Нұрмағанбет Жібек Серікқызы 
 
Сарғайса да тарихтың ақ парағы, ол күндер мәңгі есте сақталады 
Шүйінші, халқым, шүйінші! 
Шүйіншіге сүйінші! 
Шаттан, ата-анамыз, 
Шаттан, аға-бабамыз, 
Кекқайтарып фашистен, 
Соғыс бітті жеңіспен, 
Жеңдік жауды күресте 
Жасалсын той-мереке. 
 
Т. Жароков 
Міне,  Ұлы  Отан  соғысының  жеңіспен  аяқталғанына  да  70  жыл  өтті. 
Бұл  сол кездегі кеңес халқының ержүректілігі мен төзімділіктерін паш ететін, 
тарихта  мәңгілік  қалатын  күн.  Бұл  күнді  соғыстың  алғы  шептерінде 
қайсарлықпен  шайқас  жүргізіп,  ерліктің  сан  үлгісін  көрсеткен  ардагерлер 
тойлайды.  Бұл  мейрамды  өздерінің  тылдағы  қажырлы  еңбегімен  жеңісті 
шыңдаған,  станоктың  қасынан,  егін  даласында,  күні-түні    мал  бағып, 
тынымсыз  жұмыс  істеген  жұмысшылар,  ауыл  адамдары  тойлайды.  Бұл 
мейрамды біздің аяулы да даңқты әйелдеріміз –  өздерінің әкелерін, ерлерін, 
ұлдарын және сүйіктілерін көзінен жасы сорғалай жүріп төзімділікпен күткен, 
олардыңорнынжоқтатпағананалар  мен  жұбайлар,  қалыңдықтар  мен  қыздар 
тойлайды. Бұл мейрамды өздерінің әкелері мен ағалары қанын төгіп, жанын 
қиып бақытты өмірін қамтамасыз еткен Ұлы жеңістің  құрдастары тойлайды. 
Ұлы Жеңіс күні елі мен жері үшін жанын пида еткен, туған-туысқандарына, 
жақын-жарандарына, туған жеріне, ауылына оралмай қалған қаһарман ерлерді 
бүкіл елі болып еске түсіреді. 
Ұлы Отан соғысы халқымызға төнген ең ауыр күндер болды. Төрт жыл, 
1418 күн мен түн бойы өз жері мен отаны үшін, келешек ұрпақ үшін жанқилы 
соғыс жүріп жатты. 
Бір  күшке  жиналған  орыс  пен  тәжік,  грузин  мен  белорус,  қазақ  пен 
украин қарсы алдындағы жауға алмас қамал болып жұмылды... 
Сол  кездегі  Кеңес  Одағының  басқа  халқымен  бірге  жауды  талқандап, 
жеңіске жету ісіне қазақ халқы да өзінің лайықты үлесін қосты. Қазақстандық 
жауынгерлер Брест қамалынан бастап Берлинге дейін барды. Олар Сталинград 
түбіндегі жертөлелерде, Днепр өткелінде, Москва мен Ленинград үшін болған 
114 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
ұрыстарда  батыр  ерліктер  көрсетті.  Украинаны,  Кавказды,  Белоруссияны, 
Қырымды,  Прибалтиканы  азат  етті,  Польша,  Румыния,  Венгрия, 
Чехословакия,  Болгария,  Германия  жерлеріндегі  майдан  жолдарында  жеңіс 
туын  көтеріп  өтті.  Ұлы  Отан  соғысы  жылдарында  біздің  қандастарымыз 
қатыспаған бірде-бір үлкен шайқас болмады. 
Қазақ  ел  басына  күн  туғанда  жалғыз  жанын  қу  шүберекке  түйген 
жауынгер  халық  болған. Ұлан байтақ даласының  біртұтам  жері  үшін  қорқу 
деген сезімді жүрегінен жұлып алып тастаған. Тіпті арыға бармай-ақ кешегі 
Ұлы Отан соғысының әлі сарғайып үлгермеген қатпарлы парақтарына үңіліп 
қарасақ қазақтардың қанды қырғында қаймықпай соғысқанына анық көзіміз 
жетеді. Оған мысал айқас алаңдарында өшпес ерлік жасаған жүз қазақтың (ең 
соңғысын арада 50 жыл өткен соң Бауыржан Момышұлы алды).  
500-
ден  аса  жерлестеріміз,  оның  ішінде  96  қазақ  Кеңес  Одағының 
Батыры атағын алды. Жауға қарсы шайқастар алдыңғы шептегі ұрыстарда ғана 
емес, алыстағы  ауыл мен кең байтақ далада да жүріп жатты. Сол жылдары 
Қазақстан  миллиондаған  босқындарды  өз  бауырына  аналық  мейірімі  мен 
тартушы, эвакуацияланған завод пен фабрикаларға, майданға керекті оқ -дәрі 
мен азық-түлік жеткізуші үлкен арсеналға айналды. 
 
Шығанақ  Берсиев  сияқты  еңбекерлері  мен  қатар  иықтарына  үлкен 
ауыртпалық түскен еңбек даласында миллиондап жұмыс істеген әйелдерсіз, 
жасөспірімдер мен қарттарсыз Жеңіс күнін көзге елестету мүмкін бе еді?! 
Ешқашанда жауынгер ерлігі мен жеңісті еңбегімен соққан  еңбекшінің 
ерен ерліктері ұмытылмайды.      Бүгінде біздің азаматтық міндетіміз –  Отанын 
сүйетін, елінің, жерінің адал патриоттары, достық пен бірлік   туралы түсінігі 
мықты, намысшыл тұлғалардың патриоттық сезімдерінің мықты болуы. 
Мың  жылда  бір-ақ  көрінетін  кометалардай  сыры  да,  сезімі  де  терең, 
тұңғиық дана тұлғаларымыз фәни өмірден баз кешіп, бақилық болып жатыр. 
Әйтсе де, Баубек пен Бауыржанның батырлығы, Әлия мен Мәншүктің ерлігі, 
Қаныш  пен  Әлкейдің  білімі,  Мұхтар  мен  Ғабит,  Ғабидендердің  үні, 
Дінмұхаммедтің парасаты – бүгінгі ұрпақ мына бізге, өнеге. Олардың өнегелі 
өмірлерін жас ұрпаққа жан-жақты насихаттау, таныстыру қоғамның міндеті. 
«
...Ел басына күн туса, ер етікпен су кешер», 
«Ежелден ер тілегі –  ел тілегі, 
Адал ұл ер боп туса – ел тірегі»- демей ме,  
Соғыс – адам баласы үшін ең үрейлі, ең қорқынышты сөз. Өйткені, соғыс 
атаулы  адамзатты  қырып-жоюға  бағытталған.  Адам  адам  болғалы  осылай. 
Талай рет үстемдік, байлық үшін адам қаны суша аққан. Арыға бармай-ақ, 50 
миллионнан  астам  өмірді  жалмаған  соңғы  соғысты  алайық.  Кімге  қажет 
болып,  не  мақсатты  көздеп  еді  сол  соғыс?  Әдетте,  соғысты  әділетсіздік, 
115 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
жауыздық,  қанішерлік  бастайды  ғой.  Ол  сонысымен  лағынетті.  Қарапайым 
халыққа қасірет туғызған, қарғыс арқалаған соғыс ешқашан жеңбек емес. 
Таң алдында, тәтті ұйқыда жатқан Отанымыздың шекарасынан ұрланып 
өткен  жау  оғымен  адам  баласының  тарихында  болмаған  бір  ғаламат  соғыс 
басталды.  Сол  күні  жау  тәтті  ұйқыңды  ғана  бұзған  жоқ.  Зұлым  жау  бейбіт 
өмірге бүлік әкелді. Қыз жігітімен, ана баласымен қоштасты. Қырда қойшы 
қойын тастады, қолындағы таяғын винтовкаға айырбастады. Ойда диханшы 
трактордан  түсіп,  танкіге  отырды.  Ол  кезде  бүкіл  ел  солдат  болды.  Сол 
жылдардың  бозбала,  бойжеткендері  ақын  болуды,  инженер  болуды, 
оқымысты болуды армандаған еді...        Ұлы Отан соғысы тарихының беттерін 
парақтаған адам жеңіс сағатын соқтыруға Қазақстанның қосқан үлесі телегей-
теңіз екенін байқар еді. Осы бір аяқ астынан басталған әділетсіз арпалысқа 
Қазақстаннан  2  миллионға  жуық  түрлі  ұлт  өкілдері  әскер  қатарына 
шақырылды. Майдан даласынан 394 мың қазақ боздақтары қайтпай қалды. Бұл 
соғыс  қайғы-қасірет  әкелмеген  бірде-бір  отбасы  болмады...  Бірінің  әкесі, 
бірінің ағасы қаза тапты. Қаншама жас боздақтардың қыршын жасы қиылды... 
Ішінде  ақын  да,  әншісі  де  бар  еді.  Қауызын  ашпай  көктей  қырқылған  сол 
жастардың ішінде, әттең дариға-ай, қанша Абай, қанша Шоқан кетті  екен ... 
Фашистік  Германия  тізе  бүкті...  Бірақ  сол  сұм  соғыс  өзімен  бірге  10 
миллионнан астам немістің өмірін алып кетті. Оны жеңген Кеңестер Одағы 27 
миллион адамның өмірін берді. Талай ғасырлар бойы жасалған материалдық 
және мәдени қазынаны құртты. Міне, соғыстың әкелген қасіреті. Сондықтан 
адамзатқа әрқашан соғысты тоқтататын жеңіс керек. Осыдан 70 жыл бұрынғы 
Жеңіс сонысымен қымбат. 1418 күн мен түн толарсақтан қан кешіп, кейінгі 
ұрпаққа тыныштық әкелгені үшін қасиетті. Әрине, жеңіс өздігінен келген жоқ. 
Оны елі, жері үшін отқа түскен ерлер ерлігі жеткізді. Қазақстаннан 1941-1945 
жылдардағы  қанды  қырғынға  1,3  миллион  ұл  мен  қыз  аттаныпты.  Бәрі  де 
жанқиярлықпен соғысты. 500-ден астамы елге Батыр атанып, аңызға айналаи 
оралды.  
Содан бері зымырап 70 жыл да өте шықты-ау!.... 
Тәкей Анел 
      9-
сынып №2 орта мектеп  Жезқазған қаласы 
            
Қарағанды облысы 
116 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
    
Жетекші:Сүттібаева Жаңагүл 
Абдрахманқызы 
Ұлы  Жеңіске  –  70 жыл 
Әр  ғасырдың  қойнауында  тамырын  тереңге  тартатын  тарих  бар.  Қазақ 
баласы  тарихтың  қандай  сүрлеуінен  өтті деп, соңымызға  бұрылып  қарайтын 
болсақ,  өткенге    санамен    көз    жіберіп    шегініс    жасасақ,  қазақ    халқы    не 
көрмеді!?  Көз    алдымызға    көк    мұнар    басқан    көкжиектен    түрлі  суреттер 
көрініс  береді. Сеңдей  соғылысқан  тарих  толқынында  дарияның  шетіне 
шығып  қалған  жаңқадай  болмай, иірімге  батып  жоғалып  кетпей,  бірде  алыса 
жүзіп, бірде толқынға  таласа  ілесіп, талай  хикметті  басынан  өткерді...  Көзсіз 
жасалған      түрлі  қиянаттың    желкесіне    жармасып,      бірде  сүрініп,    бірде 
жығылып  ілдебайлап  келе  жатқанда,  есін енді  жия  бергенде   Ұлы  Отан 
соғысы  басталды.    
Бұл − ХХ ғасырдағы  адамзат  тарихында   бұрынды- соңды  болмаған 
ғаламат  соғыс  болды.Отан  үшін  отқа  түскен  боздақтарымыз  сұм  соғыстың 
құрбаны болды. 
Ерлерді  ұмытса да ел,− сел ұмытпас, 
Ерлерді ұмытса да ел,− жел ұмытпас. 
Ел үшін жаннан кешіп, жауды  қуған 
Ерлерді ұмытпаса,− ел де ұмытпас!  
−деп Мағжан ақын жырлағандай  Ұлы  Отан  соғысындағы  ерлердің  ерлігін 
қалай  ұмытарсың!?    Ұлы    Отан    соғысына  қатысқан  қазақтар    ер  жүрек 
жауынгер екендігін  дәлелдеді.  Төрт  жылға созылған  1418  күн мен  түнді, 
ерліктің  ерен  үлгісін  көрсеткен,  халқымыздың    рухын  асқақтатқан 
батырларымызды бүгінгі ұрпақ қалай  естен  шығарады. Бұл соғыс  сол кездегі 
балалардың балалық шағын ұрлаған жоқ па? 
Деректерге    сүйенсек,  Ұлы  Отан  соғысына    1366164  қазақстандық 
қатысыпты.    Соғысқа      алынғандардың    тең  жарымы    майдан  даласынан 
оралмады. Жалпақ  елді  ғаламат  бүліншілікке  ұшыратқан  бұл  қырғынның 
қайғы-қасіретін  шекпеген  отбасы  кемде-кем.  Бірақ, қандай ауыр жағдайда да 
халқымыз  ұрпақты сақтау, өсіру, тәрбиелеуді ең  басты мақсат етті. Ел  басына 
қиын-қыстау күн  туғанда  азаматымен  бірге  қару  асынып, атқа  мініп, жауға 
шабатын  қазақ  қыздары  аттың    жалында,  түйенің    қомында  жүріп    ұрпағын 
батыр етіп тәрбиелегенін бір сәтте естен шығармауымыз керек.  Қаншама  ана 
қара  жамылып,  қаншама    бала    жетім    қалды  десеңізші.  Жетімдіктің  де, 
жесірліктің  де  қайғы–қасіретін    сездірмеген  аналарымыз  шаңырақты  
шайқалтпай  ұстап  қалды.  Ер-азаматтардың    бәрі  армия    қатарында 
117 

Республиканский конкурс сочинений  среди учащихся школ и 
средних учебных заведений на патриотическую тему, 
посвященную 70-летию Победы в Великой Отечественной войне 
болғандықтан,  тылда    қалған    әйелдер,  қариялар,  жасөспірімдер  зауыттарда 
аянбай  еңбек  етіп, жеңіске өз үлестерін қосты.  
Сонау    қан    майданның    ортасында,    қарша    бораған    оқтың    астында 
қазақтың  қара көз  қыздары   Әлия   Молдағұлова,  Мәншүк  Мәметова, батыр 
ұлдары Бауыржан Момышұлы, Рахымжан Қошқарбаев, Қасым Қайсенов, Мәлік 
Ғабдуллин тағы басқалары  елімді жау  аяғының  астында таптатпаймын  деп 
ерен  ерліктің    үлгісін    көрсетті.  Біздің    жерлестеріміз    майдан    даласында 
ерлікпен шайқасты. 
Сол  кездегі  Кеңес Одағының   басқа халықтарымен  бірге тізе  қосып, 
жауды талқандаған, қазақстандық  жауынгерлер  Брест  қамалынан  бастап 
Берлинге  дейін  барғанын,  Рейхстагқа  Жеңіс  туын  Рахымжан  Қошқарбаев 
тіккенін  бүгінгі ұрпақ  мақтанышпен  айтады. Бұл − адамзат тарихында  ешбір 
теңдесі жоқ ерлік еді. Ұлы Отан соғысында ерлікпен  шайқасқан   500-дей   
қазақстандыққа   Кеңес Одағының  Батыры  атағы берілсе,100-ден   астамы 
Даңқ  орденінің иегері, сондай-ақ Талғат Бигелдиновтің, Сергей Луганскийдің, 
Иван Павловтың, Леонид Беданың  екі мәрте Кеңес Одағының  Батыры атағын 
алғаны ешқашан  ұмытылмақ  емес.  Ерлік елеусіз қалмайды. Ұлы  Жеңіске 
ешнәрсе  теңесе   алмайды.   Өйткені, ол – тарих! 
Көп  ұлтты  халықтың  жаппай    ерлігінің  арқасында    біз  өте  күшті 
тажалды, өте  зұлым  жауды жеңдік.   Жеңіс  Қазақстаннан  жасақталып барған 
И.В.  Панфилов    316  атқыштар  дивизиясының  Мәскеу  түбіңдегі  қиян-кескі 
сұрапыл  шайқасынан,шабуылынан  басталды.Жеңіске  жетуге  Қазақ  халқы 
өзінің лайықты  үлесін  қосты. Қазақ  ел басына  күн туған  шақта толарсақтан 
саз  кешетін  жауынгер халық екенін көрсетті. Сонымен қатар қазақ даласына 
жер аударылып келген  босқындарды бауырына тартып, мейірім, шапағатқа 
бөледі. 
Өкініштісі,  Жеңістің 70  жылдығында қатарда тұратын    ардагерлердің 
қатарының сиреп  бара жатқандығы.  
Ортамызда жүрген  ардагерлеріміз   
күн санап азайып 
барады.  Батырларымыздың, ардагерлеріміздің  
 
жанқиярлық ерліктері 
мен  Отанына, жеріне деген шексіз сүйіспеншілігі  өсіп келе жатқан  ұрпаққа 
үлгі-өнеге.  Халқымыздың табандылығы мен ерлігі  Ұлы жеңіске жеткізді. 
Жеңіс күні – Ұлы мереке! Ұлы мерекеде  ардагарлерімізге  лайықты  сый-
сияпат  жасау баршамыздың міндетіміз деп білемін.  Жеңістің 70 жылдығы −  
ТМД   құрамындағы мемлекеттердің  ортақ  мерекесі. Батырларымыздың  
ерлік дәстүрі  ескірмейді.Ол жылдан- жылға, күннен-күнге жарқырап, жаңара 
түседі. 
ХХ ғасырдың бізге сыйлаған  басты бақыты−еліміздің тәуелсіздігі. 
  
Біз−бақытты  жастармыз.  Елбасымыздың  жүргізіп  отырған  сындарлы 
саясатының нәтижесінде, тәуелсіздігіміздің арқасында  жұдырықтай жұмылып, 
көк Туымыздың астында бейбіт өмір сүріп, абыройымыз бен даңқымыз артып 
118 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   17




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет