САПАЛЫ ӨМІР – БІЛІМ МЕН ОҚУДА
Камзина Ж.А.
«Кеңарал орта мектебі» ММ
Менің педагогикалық ұраным: «Тіл-қаруы -сөз, сөз қаруы – ой, ақылды ой, алғыр сөз –
адамның жоғарғы қасиеті»
Ғ.Мұстафин.
Əдістемелік тақырыбым: «Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың мемлекеттік
тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын байыту».
Басты мақсатым: білім деңгейін көтеру мақсатымен мемлекеттік тілді дамытудың
тиімді жолдарын іздестіру.
Қазақ тілін оқытудағы əдістемелік жүйем:
- жаңа технологиялар элементтерін қолдану;
- дидактикалық əдіс-тəсілдерді қолдану;
- электронды оқулықтарды, интерактивті тақтаны үнемі пайдалану;
- тереңдетіп оқыту;
Оқушының мемлекеттік тілде сөйлеуін дамыту жұмысына қойылатын талаптар:
- оқушылардың сөздік қорын байыту;
- сөйлемді дұрыс құрастыра білуі;
- байланыстырып сөйлеуге жаттықтыру;
- тəн дыбыстарға ерекше мəн беру, оларды дұрыс айта білу;
- сурет, оқулық бойынша ауызша, жазбаша жұмыс істеу;
- оқушылардың ойлау қабілеттерін дамыту;
- оқығанын, естігенін анық, түсінікті жеткізе білуге жаттықтыру;
- Сабақтан тыс шаралар:
Жеке тұлғамен жұмыс: олимпиадаларға, оқылымдарға қатысу, шығармашылық жұ-
мыстарды қолдау (тақпақ, əңгіме құрастырушылар).
Топпен жұмыс: конференция, əдеби кештер, үйірмелер, интеллектуалды сайыстар,
дөңгелек үстел т.б.
Бүгінгі жаһандану заманында жас ұрпаққа əлемдік стандартқа сай білім беру мəсе-
лесі республикада ғылыми-педагогикалық тұрғыда ізденіспен əлемдік жинақталған тəжіри-
беге, Отандық қол жеткен табыстарды саралай отырып, ұлттық ерекшеліктерді ескере,
оқыту мен тəрбиелеуді жаңаша ұйымдастыруымен көкейкесті мəселе болып отыр. Жас
ұрпаққа білім беруде, оларды болашақ еліміздің тұтқасы етіп тəрбиелеу – біздің басты
міндетіміз. Осы міндеттерді өрістету мақсатында мемлекеттік тілді үздік үлгіге сəйкес дең-
гейіне көтеруге ұмтылу керек.
Елбасымыз халыққа жолдауында: «Білім беру реформасы – Қазақстанның бəсекеге
нақтылы қабілеттілігін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін аса маңызды құралдардың бірі.
Бізге экономикалық жəне қоғамдық жаңару қажеттіліктеріне сай келетін осы заманғы білім
беру жүйесі – болашақ ұрпақты жан-жақты жетілдіретін, бəсекеге төтеп беруге қабілетті,
саналы адам тəрбиелейтін білім беру жүйесі қажет», – дегенді ерекше атап өтті. Бүгінде
елімізде білім беру жүйесі де қоғам дамуымен байланысты дамып, жетіліп отырғаны анық.
Қазақстан Республикасында 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасына
сəйкес 12 жылдық білім беру жүйесіне көшу жағдайында жас ұрпаққа білім беру ісінде
оның жеке даралық ерекшеліктеріне мейлінше мəн бере отырып, оқушылардың мектепте
алған білімдері олардың бүкіл өмірлік азығы болатындай етіп білім беру, оны өмірге дай-
ындау, мамандық таңдауға бағыттау мəселесі бүгінгі жаңа қоғамның білім саласындағы
кезек күттірмейтін ауқымды мəселелер қатарында тұр.
Қазақстан Республикасының тұңғыш президенті Н.Ə. Назарбаевтың биылғы жылғы
бүкіл қазақстандықтарға арналған жолдауында былай деп көрсетілген: «Біз барша қазақ-
стандықтарды біріктірудің басты факторларының бірі – еліміздің мемлекеттік тілін, барлық
қазақтардың ана тілін одан əрі дамытуға күш-жігер жұмсауымыз керек»
60
Бұл – мектеп оқытушыларына, əсіресе, орыс тілді мектептердегі қазақ тілінің мұғалі-
міне қойылған үлкен міндет, ауыр жүк. Сондықтан оқу орыс тілінде жүретін мектептерде
қазақ тілін оқытуда қойылатын негізгі міндеттер мыналар:
1. Баланы қазақша сөйлету;
2. Баланы қазақша сауатты жазуға үйрету;
Басқа ұлт өкіліне қазақ тіліне деген сүйіспеншілік жəне қызығушылық сезімін туғызу,
соны үйренуге ынталандыру керек. Ол үшін мұғалім қазақ тілі мен əдебиетін жетік білетін
жоғары білімді, мəдениетті болуға тиіс.
Бала-біздің болашағымыз. Білімді ұрпақ – біздің ертеңіміз. Бүгінгі оқушы – ертеңгі
маман. Біздің ұрпағымыз ертең ел тұтқасын ұстар азамат болатынын ойласақ, сол еліміз-
дің ертеңін ана тілімен көркемдейтін, сауатты да саналы тұлға етіп қалыптастыруымызда
біздердің, əсіресе, қазақ тілі мен əдебиеті мұғалімдерінің еңбегі орасан зор болуы керек.
Қазіргі біздердің міндетіміз – қоғамның жаңа əлеуметтік құрылымынан, білімнің маз-
мұнынан туындайтын, уақыт ағымына сəйкес оқушының жеке қасиетін ескере отырып,
мектебіміздің дамуының əрбір кезеңінде қазіргі сабақтың үлгісін құра білу, сабақты жетіл-
дірудің негізгі жолдарын көрсетіп, оның нəтижесін жоғарлатудың тəсілдерін таба білу.
Бүгінгі сабақ – бұл психология-педагогика ғылымдарының жетістігіне тірек, сабақты
құрудың жəне өткізудің диалектикалық ыңғайын таба білу, жаңарған техникамен, икемді
технологиямен жабдықталған үздіксіз педагогикалық үрдіс.Қазіргі заман талабына сай
оқыту, басқа ұлт өкілі балалармен қатар өзіміздің қаракөз бауырларымыздың балаларын
өз ана тіліне үйретуіміз керек. Қазіргі жаңа ақпаратты коммуникативті технологияларды,
жаңа техникалық құралдарды, əсіресе, интерактивті тақтаның барлық мүмкіндігін тілді үй-
ретуге шоғырландырып, тиімді пайдалану – мұғалімнің құзырында. Қазақстан – көп ұлттың
өкілдері тұратын мемлекет. Қазақ тілі – барлық халықты біріктіретін тіл.
Міне, қазіргі мұғалім ерінбей, ерен еңбек ету керек, сабақтың жүйелі, сапалы бо-
луына көп көңіл бөлу керек.
Өзімнің əдістемелік тақырыбым: - «Жаңа технологиялар арқылы оқушылардың мем-
лекеттік тілде сөйлеу дағдысын қалыптастыру, сөздік қорын байыту». Осы тақырып бойын-
ша мен озық тəжірибелерге сүйене отырып жұмыс істеймін, əртүрлі əдіс-тəсілдерді қолда-
намын. Мектепте оқытудың тиімді əдіс-тəсілдерінен жинақталған тəжірибе ғана мұғалімді
табысқа жеткізіп, жақсы маман болуға машықтандырады. Тек сабақта ғана мұғалім оқушы-
ларен ұжымдық, топтық, жеке дара жұмыстар жүргізе отырып, оқушылардың білімінің мол,
дүниетанымының кең, тəрбиелі азамат болып өсіп шығуына мүмкіндік жасайды. Сабақ – өзі-
не тəн ішкі байланысы мен құрылымы бар жүйе. Қазіргі заманның сабағы мұғалімнен шы-
ғармашылықты, шеберлікті талап етеді. Егер сабақтың білімділік мақсаты мен тəрбиелік
мақсаты біртұтас сабақтасып келсе, мұғалім өз алдына қойған мақсатын іске асырады.
Қазақ тілі сабағында жүргізілетін жұмыстың бір түрі – оқушыларды қазақша сөйлеуге
үйрету, сұраққа жауап бергізу, өздерін бір-бірімен сөйлестіріп, оқығандарын ауызша айт-
қызуға дағдыландыру. Сонымен қатар қазақ тілі пəнін оқыту арқылы балалардың зейіні,
есте сақтау дағдысы, ойлау қасиеті дамытылады.
Біріншіден, оқушылармен жеке жұмыс жүргізген жөн. Оқушымен жеке жұмыс жүргіз-
генде, оның есте сақтау, ойлау қасиеттеріне көңіл бөлу мұғалімге көп мүмкіндік туғызады.
Екіншіден, мұғалім оқушыларға жаңа материалды көру, есту, есте сақтау, айту арқы-
лы меңгергендіктерін ескертеді.
Үшіншіден, мұғалім жаңа тақырыпты өткенде оқушылардың жаңа сөздерді дұрыс ай-
туын, қатесіз жазуын үнемі қадағалап отырады.
Қазақша сөйлеуін дамыту үшін оқушының алдына мынадай талаптар қойылады:
1.Оқушының айтайын деген сөзі, сөйлемі мазмұнды болуға тиіс. Оқып шыққан мəтін-
нің мазмұнын айтқанда ойына келген сөз бен сөз тіркесін айта салмай, бір сөйлем айтса
да, ойлап айтқаны жөн.
2.Оқушы сөйлемді дұрыс құрастыра білуі шарт. Оқушы сөйлемді дұрыс құрастырса,
онда қазақ тілінің грамматикалық заңдылығын, сөйлемдегі сөздердің орын тəртібін мең-
гергені анық байқалады.
3.Оқушы айтайын деген ойын дəл, анық жеткізуі шарт. Оқушының сөздік қоры бай
болса, ол өз ойын анық айтуға қиналмайды. Ал мұғалім айтылған сөздің мағынасына көңіл
аудару керек.
4.Оқушының сөзінде бөтен сөздердің болмауы немесе аз болуы мұғалімнің жүргіз-
ген жұмысымен тығыз байланысты.
5.Оқушы қазақ сөздерін, əрбір дыбысты, сөзді ашық айтуы, екпінді дұрыс түсіруі, мə-
нерлеп оқуы керек.
Мұғалім қазақ тілі сабағында, сабақтан тыс жұмыстарда да оқушыларға сол тілде өзі
қана сөйлеп қоймай, оқушылармен сөйлесе білуі, олардың өздерін бір-бірімен сөйлестіре
61
білген дұрыс. Оқушыны мемлекеттік тілде сөйлеуін дамыту қазақ тілі сабақтарында үнемі
жүргізіліп отырады. Бұл оқушылардың ойлау қабілетімен, сөздік қоры, байланыстырып
сөйлей білу дағдыларымен тығыз бірлікте болады.
Қазіргі білім əлемінде көптеген оқыту технологиялары қолданысқа енгізіліп жатыр.
Ол технологияларды қолдану əр мұғалімнің шығармашылығына, шеберлілігіне, білімділігі-
не байланысты.
Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
мемлекеттік бағдарламасында негізгі міндеттерінің бірі ретінде қазақстандық патриотизм,
толеранттылық, жоғары мəдениет, адамның құқығы мен азаттығына құрмет сезімін тəр-
биелеу мемлекеттік тілді дамытудың басымдығы аталған. Оқушылардың оқу əрекеттері
мен олардың нəтижелерін оқып-зерттеу, өзімнің мүмкіндігімді ескере отырып, жас ұрпақты
оқытуда Жанпейісованың модульдік технологиясын қолданудамын.
Модульдік технология бойынша сабақтың мəні, құрылымы мен ұйымдастыру бағы-
тын қарастырмас бұрын, «модульдік технология» мен «оқу модулі» атты екі ұғымды түсіну
керек.
Қазіргі таңда жаңа технологияларға сүйенген сабақтар мазмұны жағынан жақсы нə-
тижелер береді. Модульдік оқыту кезінде тек бір-бірімен байланысты мəселелер ғана кіре-
ді. Модульді оқыту кезінде белгілі бір жүйе арқылы, яғни, белгілі құрамынан құрылады.
Модульді құрастырған кезде оның мазмұнының байланыстылығы, логикасы, элементтері-
нің бір-бірімен өзара байланыстылығы жəне олардың бір-бірімен даралануы, ажыраты-
луы, ерекшелігі негізге алынады. Модульдік технология əдістері арқылы тіл үйренуге, қа-
рым-қатынас жасауға, алған білімін өмірде пайдалануға, танып білуге, талпыныстың пай-
да болуына жетелейтін коммуникативтік ұстаным басшылыққа алынған.
Бұл технология алдына бес мақсат қояды:
1.Жеке тұлғаның негізгі қажеттіліктерін қанағаттандыру.
2.Жеке тұлғаның танымдық процестерін дамыту.
3.Жеке тұлғаның танымдық қабілеттерін дамыту. (ойлау арқылы жүзеге асады)
4.Жеке тұлғаның белсенді тіл қорын дамыту.
5.Жеке тұлғаның оқуға деген ішкі ынтасын дамыту.
Жеке
тұлғаның
дамуы
1-ші мақсат
1.Физиологиялық
2.Қауіпсіздік
3.Сыйлау.
4.Сүйіспеншілік.
5.Өзін-өзі көрсету.
Танымдық
процесс
2-ші мақсат
зейін
ойлау
қабылдау
елестету
ес
62
Модульді оқыту технологиясының əдістемесі бойынша қазақ тілін меңгерту деңгей-
лері.
5-ші мақсат -ішкі ынта жоғары болады, егер бала өз күшіне сенсе. Бұл бағыт осыған
негізделген.. Бұл бағыт үш бөлімнен тұрады (оқу модулі): 1) кіріспе бөлім (мақсат қою),
сөйлеу бөлімі, 3) қорытынды бөлім.
Қазақ тілі сабақтарында модульдік технологияның əдістерінің элементтерін қолдан-
ғанда біршама жетістіктерге жетуге болады.
ЫБЫРАЙ АЛТЫНСАРИННІҢ АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯСЫНЫҢ
ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІМЕН ӨЗЕКТІЛІГІ
Капарова Ш.Ж.
№ 20 орта мектеп
Ыбырай Алтынсарин-қазақ халқының тарихында еуропалық ғылым негізінде жарық
сəулесін таратып, кəусар бұлақтың көзін ашқан, негізін салған, білім беру ісімен кəсіпті
түрде айналысқан тарихи тұлғалардың бірі. ХІХ ғасырдың аяғында халықтың рухани да-
мып, басқалармен терезесі тең болуының негізгі факторы білім екендігіне көзі жетіп, оны
іс жүзінде ұйымдастыруға белсене араласты.
Ыбырай Алтынсариннің ағартушылық қызметі XIX ғасырдың 60-80 жылдарындағы
қазақ қоғамының рухани мұқтаждығына байланысты туып, əулеметтік өмірге келді. Орыс
халқымен бұл тұста нақты қарым-қатынас жасай бастаған қазақ халқы өмір сүрудің негізгі
кілті өнер мен білімде деп түсініп, орыс халқының тілі мен біліміне ұмтыла түскен еді.
Ағартушы Ыбырайдың ұлылығы сол-өзінің бүкіл өмірі мен күш жігерін осы ұлы іске арна-
ды, В. Г. Белинскийдің сөзімен айтқанда, қоғамның тарихы арқылы əзірленіп, дайындалып
келген мазмұнды өмірде қолдай жүзеге асыру ісіне арнады.
ХІХ ғасырдың 50-60-жылдарында өнер-білімге талпынушылық Россияның шет
аймақтарында айқын көзге түсе бастаған құбылыс еді.
Халықтың, əрбір адамның жарқын болашағын өнер-біліммен тығыз байланыста қа-
растырған Ыбырай Алтынсариннің педагогикалық мұрасында білім мен ізгіліктің негізін қа-
лайтын ұстаз тұлғасы туралы өзінің өзектілігін жоғалтпайтын, қайта күн өткен сайын жар-
қырай түсетін идеялар мол еді.
білу
түсіну
қолдану
талдау
топтау
білімді бағалау
1
деңгей
2
деңгей
3
деңгей
Ойлау мен
танымдық
қабілет 3-ші
мақсат
тіл қорын байыту 4-ші мақсат
сөйлеу
оқу
аудару
өзара қарым-қатынас
жаттау
жаттығу
қайталау
түсіндіру
ойнау
63
Ыбырай қоғамдық өмірдегі жаңа талпынысты орынды байқап, соған лайық қызмет
етумен қатар жалпы ағарту ісінің, өнер-білімнің артықшылықтарына үлкен сеніммен қара-
ды, Н. Г. Чернышевский айтқандай, «адам үшін ең үлкен бақыт-білім. Білімсіз адамдар əрі
дөрекі, əрі бақытсыз... Білім халыққа байлық пен күш-қуат əкеледі. Білім адамды дүниеде
ештеңемен теңестіруге болмайтын жан рахатына бөлейді», – деп бағалады, қоғамдық
өмірде оқу-ағарту ісін дұрыс жолға қою арқылы прогреске жетуге болады, халықты мəде-
ниетті елдердің қатарына жеткізуге мүмкіндік туады деп таныды.
Ыбырай Алтынсариннің халық ағарту ісіне ресми жолдама алып, алғашқы аттануы
1860 жылдың жазы еді. Алайда кеуде толған қуаныш, бойда қайнаған жігер, ойда толқы-
ған неше алуан қиялмен туған өлкесі Торғайға келген өз заманының жаңа адамы аңсаған
арманына бірден жете алмайды. Ол ағартушылық қызметінің алғашқы қадамында қараңғы
орта мен надан əкімдердің білім мен мəдениетке енжарлығына, қарсылығына душар бо-
лады. Бірақ ағарту ісінің келешегіне сеніммен қараған Ыбырай негізгі мақсатынан тайын-
бай, жұртшылықты өнер-білімге бірте-бірте тарту, қызықтыру мақсатымен өз үйінде ешкім-
нің көмегінсіз-ақ аз ғана баланы оқытып тұра береді, өз бетімен білімін көтеруді қолға ала-
ды. Орыстың саяси, қоғамдық, педагогикалық жəне көркем əдебиетін жаздырып алдырып,
қажымай, талмай оқиды, үйренеді, жаңалыққа талпынуды күнделікті əдетіне айналдыра-
ды, қазақ қоғамының əлеуметтік өмірін түсіну жəне оның келешегін танып-білу жолында
ойланып, оларға нақты жауаптар іздестіре бастайды.
Ыбырайдың ағартушылық майданда көп кедергіге кездесіп, талай жылдар бойы өз
мақсатына жете алмай, кейде тіпті уақытша сəтсіздікке де ұшырап жүргенде де негізгі мақ-
сатынан ешбір танбай, қайта оған зор жігерімен кірісті.
Ағартушылық көзқарасы осылайша нақты қалыптасқан Ыбырай мектеп ашу жұмы-
сымен қанша мұқият шұғылданса да, оны тек 1864 жылдың қаңтар айында ғана ресми
түрде аша алды. Дала тұрмысында бұл тұңғыш жаңа мектептің ашылып, іске кірісуі Ыбы-
райдың өміріндегі ең бір бақытты кезең болып саналады, оған айрықша қуаныш əкелді, ке-
лешек істерге зор шабытпен кірісуіне жағдай туғызды. Ағартушының «Менің үнемі ұмтыл-
ған тілегім-қалай да пайдалы адам болып шығу еді. Ал қазір осыған қолым жетіп отырға-
нын ойласам, көңілім толық жұбаныш табады», – деп жазуы осының айқын айғағы еді. Ол
Н. И. Ильминскийге жазған хатында: «Осы жылы 8 қаңтар күні көптен күткен ісім орында-
лып, мектеп ашылды, оған 14 қазақ баласы кірді, бəрі де жақсы, есті балалар. Мен бала-
ларды оқытуға қойға шапқан аш қасқырдай өте қызу кірістім» деуінің өзі сол үлкен қуа-
ныштың, саналылықтың сыртқа шыққан бір жарқын белгісі еді.
Сөйтіп дала өміріндегі бүкіл оқу-ағарту жұмысының тағдырын өз қолына алып, оның
ұшы-қиыры жоқ ісін дұрыс жолға қою міндеті қазақ мəдениетінің тарихында алғаш рет
Ыбырай тəрізді əрі педагог, əрі шын патриот, азамат ұлдың үлесіне тиеді.
Ыбырай қазақ даласында білім берушілік мəні үлкен мектеп ашу сияқты озық баста-
маның жалаң ұйымдастырушысы ғана болып қоймай, сол өзі ашқан жаңа мектептерге
идеялық бағыт беріп, үнемі көмек көрсетіп отырған рухани басшысы да болды.Орыстың
ХІХ ғасырдағы прогресшілдік педагогикалық ойларының ықпалында тəрбиеленген Ыбы-
рай оқу мен тəрбиеге байланысты сол дəуірдегі үздік идеяларды дала өмірінде тұңғыш
рет көтерді жəне оларды қазақтардың қоғамдық өмірімен шебер байланыстыра алды.
Қазіргі таңда білім сапасы мен оқытудың жаңа технологиясындағы өзгерістер, мек-
тепке келер жас маман-педагогтардың дайындығы,білім деңгейі тəрізді мəселелер тек бі-
лім саласының мамандары мен жоғары оқу орындарының оқытушы-ғалымдарын ғана
емес, білім деген атауға бей-жай қарамайтын қайсысымызды болса да толғандырары
анық..
Қазіргі кезде ең өзекті сұрақтың,талаптың бірі-білім сапасын жоғары көтеру болған-
дықтан, бүкіл əлемдегі мемлекеттердің білім сапасымен біліміміз жоғары деңгейде екенін
көрсетуіміз керек.
Ыбырай да, орыстың алдыңғы қатарлы ағартушы-педагогтері сияқты мұғалімнің
мектептегі роліне айрықша маңыз берді, мектеп ісінің əр саладағы жетістіктері оқытушы-
ның білімі мен іскерлігіне, өз жұмысын сүйе білушілігіне байланысты деп таныды. Мұғалім-
нің шығармашылық ізденісте болуын айрықша қолдап отырды. «Халық мектептері үшін ең
керектісі-оқытушы», – деп жазды ол. «Қазақ мектептерінің бар келешегі, көбінесе, істің қа-
лай басталуына байланысты, сондықтан да мен қазір жақсы оқытушыны дүниедегі заттың
бəрінен де қымбат көремін», – деп жазды. Мектеп мұғалімдерінің əрбір сабақты оқытушы-
ларға оларды тиянақты түрде меңгерту, сабаққа бөлінген уақытты ұтымды да шебер пай-
далану жөнінде тиімді ақыл-кеңес берген тамаша методист те болды.Ол оқушылардың са-
бақты түсінбеушілігін оқытушы өз кінəсінен көрмей, шəкірттердің зер салмайтындығынан
деп баланы жазғыруын тəжірибесіз, білімсіз ұстаздың ісі деп бағалап, мұндай əрекетке
жол бермеуге тырысты. Ыбырай оқушыны қатаң жазалауға барынша қарсы болды. Əрбір
64
сабақ балалардың білім деңгейіне сəйкес жүргізілуі тиіс, оқытушы еңбегінің жемісі-бала-
лардың білімімен өлшенеді деп таныды. Ыбырайдың методика саласындағы ой-пікірлері
оның шебер де еңбекқор педагог болғандығын танытады.
ХХI ғасыр табалдырығын білім мен ғылымды инновациялық технология бағытымен
дамыту мақсатымен аттауымыз үлкен үміттің басты нышаны болып табылады. Ұрпағы бі-
лімді халықтың болашағы бұлыңғыр болмайды. Жас ұрпаққа сапалы, өнегелі тəрбие мен
білім беру-бүгінгі күннің басты талабы. Сондықтан қоғам мен мемлекет дамуының ең бас-
ты тетігі білім болып табылатыны мойындалды, оған ғасырлар тоғысында білімді халықа-
ралық деңгейде дамытудың бағыттарына арналған реформалардың, соның ішінде Болон
үрдісінің қарқынды дамуы дəлел. Қазақстанның білім беру саласындағы жүйелі өзгерістер
əлемдік деңгейдегі болып жатқан жаңашыл бастамалармен үндесіп отыр. Қазақстан Рес-
публикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдамасын, Қазақстан Рес-
публикасында 2005-2010жылдарға арналған білім беруді дамытудың мемлекеттік білім
бағдарламасын, Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру
стандартын, Қазақстан Республикасының «Білім туралы» заңын атап айтуға болады.
Ғалым-педагог білім беруді ұйымдастырудағы өзінің негізгі принциптерін де ұсынды.
Ы. Алтынсарин бір өзі екі бірдей бағытта тер төкті. Бір жағынан, мектептерді тікелей
ашу жұмысымен айналысты. Екіншіден, оқу бағдарламасының нақты мағынасы, жұмыс
жоспарының мəні төңірегінде көп ізденістер жасады, оқу-методиқалық құралдар дайында-
ды.
«Табиғатынан алғыр, талантты, зерек балаға қалай білім беру керек?» деген сұрақ-
қа жауап іздестірді.
Ерекше назар аударатын жағдай, Ы.Алтынсарин сабақ кезінде білім алу мен сабақ-
тан тыс уақытта білім алуды ұштастыруды ұсынды.
Педагог-ғалым баланы бір жақты ақпаратымен жалықтырмай, оның қызығуын əр-
дайым қоздырып, туындатып, жандандырып отыру қажеттігін атап көрсетті. Өйткені, қызы-
ғусыз жай ғана түсіндірілген ақпарат тез ұмытылады, ал жан-жақты ойлану немесе аса үл-
кен қызығушылықпен келген білім баянды болады, зердеде сақталып қалады жəне басқа
бір білімнің туындауына дəнекер, негіз болады деген болатын.
Қазіргі сабақтың, əсіресе, дəстүрден тыс сабақтардың түрі де əдіс-тəсілдері де көп.
Оның қайсысын таңдап алсақ та, сабақ үрдісінде педагогика ғылымының даму тарихында
дəлелденген дидактикалық негізгі талаптары мен сабақтың құрылымы қатаң сақталуы ке-
рек. Жаңа технологияларды пайдаланудың ерекшелігі-тек стандартта берілген білімді
меңгерту ғана емес, тұлғаның танымдық қабілеттерін қалыптастыруға, шығармашылық
икемділігін дамытуға, оқушының өз бетімен іздену жұмыстарын жүйелі түрде істей білуге
бағыттау болып табылады.
Ыбырай Алтынсарин де өзінің педагогикалық-ұйымдастырушылық əрекетінде бірне-
ше маңызды принциптермен əдістерге сүйенді.
Біріншіден, білім беруді əліппеден бастауды ұсынды. Əліппе дегеніміз-білімнің ең
қарапайым сатысы, оны аттап кетуге болмайды.
Қазақ халқы тек жаңа ғана оқи бастаған халық, сондықтан оның оқуы ең əуелі əліп-
педен басталуға тиіс. Өйткені ешкім де бірден қиын нəрсені белгілі дайындықсыз түсіне
алмас еді. Əр уақытта қарапайымдылықтан күрделілікке, жақыннан алысқа, төменнен
биікке ұмтылыс болуы керек. Бұл да маңызды дидактикалық принцип деген тұжырымға
келген болатын.
Екіншіден, білім беруде жүйелік əр уақытта сақталуы қажет, əркімнің өзі білгенінше
сабақ өткізуіне болмайды. Мұндай жағдайда оқыту мен оқу жұмысын жүргізуде жүйе бол-
майды. Ғалым ағартушының система жоқ жерде нəтижелі іс те болмайтынына көзі жеткен.
Кез-келген пəнді оқытуда белгілі бір жүйе, қабылданған стандарт болуы қазір де аса
маңызды талап. Осы принцепке сүйене отырып, Ы. Алтынсарин сол кездегі мектептер жұ-
мыстарына сараптама беріп отырған.
Үшіншіден, білім беру ісінде теориялық баяндау мен нақты іс-тəжірибе бірін-бірі то-
лықтыруына аса үлкен мəн берді.
Төртіншіден, білім берудегі этникалық ерекшеліктерге мəн береді. «Енді мен қырғыз
хрестоматиясының екінші бөлімін құрастырып жатырмын... бұл бөлімнің тарихи мəлімет-
тер жөнінде тарауына қырғыз халқының өз тарихынан материалдар енгізу керек болып
отыр, бірақ ондай материалды қайдан аларымды білмеймін...
Өз туған халқыма қырғыз тілінде жалпы білім беретін, дұрысын айтқанда, ғылыми
мəліметтермен құрастырылған тағы бір еңбегіммен қызмет етпекпін» деп атап көрсетті.
Бесіншіден, білім беруде баланың жыныстық қасиеттерін де есепке алу қажеттігін
ұсынды. Отбасында, қоғамда қыз бала мен ер баланың өзіндік орны мен ерекшеліктері
бар. Олардың əрқайсысының табиғи ерекшеліктеріне сүйене отырып, бастауыш мектеп-
65
терде балаларды ағаш өнеріне, қыздарды қол шеберлігіне үйрету көзделді. Осы принцип-
ті мектеп ісін ұйымдастыруда іске асырды. Мұның өзі Ы.Алтынсариннің өте көреген, алға
ұмтылған педагог екенін көрсетеді.
Алтыншыдан, Ы. Алтынсарин білім беру процесінің ізгіліктік сипатын анықтайды. Бі-
лім адамды рухани байытады, жанын жадыратады, жақсылыққа жетелейді, көңілін көтере-
ді, рухын нығайтады, жігерін күшейтеді. Ы.Алтынсариннің педагогикалық ізденістерінде
тілді игеру туралы біршама ойлар өрбіген. Əрине, сол заманның тынысына сəйкес ол
орыс тілін үйренуге үлкен мəн берген. Бірақ баланы орыс тіліне баулуды ол өзінің ана ті-
лін толық игерген соң мүмкін деп есептеді. Бұл пікірді сол кездегі алдыңғы қатардағы орыс
зиялылары да толық қолдаған. Өзге тілді үйрету «балалардың бойына ана тілінің əбден
сіңіскені байқалғанша ешбір басталмауға тиіс» деп жазды К.Д.Ушинский.
Ы.Алтынсарин «Қазақ мектептерінде орыс тілін оқыту» жөніндегі оқу құралында өзі-
нің негізгі идеяларын баяндаған. Басқа тілді меңгерудің ең оңтайлы жолы-ауызекі сөйле-
суді үйрету. Ауызекі сөйлесу болмайынша қандай болмасын тілде емін-еркін сөйлеу мүм-
кін емес дейді.
Ы.Алтынсариннің ХІХ ғасырдың аяғында өзінің педагогикалық қызметінде ұстанған
негізгі принциптері ХХІ ғасырға аяқ басқан, бəсекеге қабілетті 50 елдің қатарына қосылуға
ұмтылыс жасап отырған Қазақстанның қазіргі рухани-мəдени дамуында өзінің өзектілігін
жоғалтқан жоқ.. Керісінше, олар уақыт өткен сайын жаңа серпінге ие болып, дами түсуде.
Бұл ғылым мен білім дамуындағы сабақтастықты жəне дəстүр тұрақтылығын тағы да дə-
лелдей түседі.
Ол өзінің бүкіл шығармашылық өмірін бір ұлы мақсатқа арнады. Ол мақсат қазақ
халқын ғасырлар бойы езіп келген надандық пен қараңғылықтың шырмауынан босатып,
өнер-білімді, мəдениетті елдердің қатарына қосу еді.
Ы.Алтынсарин қазақ балаларына арнаған мектеп ашумен бірге онда қызмет істей-
тін, балаларды оқытып, тəрбиелейтін кадрларға, атап айтқанда, мұғалімдерді даярлауға
аса зор мəн берген. Ол мектептегі ең басты тұлға-мұғалім деп есептеген. Жақсылап са-
лынған мектеп үйі, болуы мүмкін, тамаша жазылған оқу құралдарын да табуға болады. Бі-
рақ бұлардың жақсы мұғалімсіз берері шамалы деп есептеген.
Ыбырай Алтынсарин орыс халқы мəдениетінің демократияшыл идеяларын, əсіресе,
Ушинскийдің педагогикалық мектебінің жаңалықтарын шығармашылық жолмен қабылдай
отырып, қазақ даласына білім таратушы, мектеп ашушы, жастарды тəрбиелеуші мұғалім
болғандығын айқындайды. Ол өз ісінде əрқашан адамгершілік туын көтеріп, көптеген пе-
дагогикалық мұралар қалдырды. Солардың ішінде оның тамаша өлеңдері мен əңгімелері
бар. Ол ең алдымен ағартушы педагог болғандықтан, оның ақындығы мен жазушылығы
негізгі мақсатына-ағартушы-педагогтік істеріне бағытталған.
Өзінің мектеп өміріндегі тəжірибесін Ушинскийдің, Толстойдың педагогикалық озат
пікірлерін, тағы басқа да материалдарды қорыта отырып, Ы. Алтынсарин-«Қазақ хресто-
матиясы» (1879 жылы) мен «Қазақтарға орыс тілін оқыту жөніндегі бастауышқа басшы-
лық» деген екі кітабын жазды. Бұл еңбектер кезінде қазақ халқының мəдениетінің тари-
хында аса зор оқиға, үлкен ғылыми табыс ретінде жарыққа шығуы өз кезінде қазақ халқы
үшін сирек кездесетін тамаша жаңалық болды.
Ы. Алтынсариннің шығармашылығына Н. Ф. Бунаков жəне Н. А. Корфтің жүйесімен
Ресейде құрылған бастауыш халық мектептерінің тəжірибесінің жемісті ықпалы болды. Ы.
Алтынсарин оқу жоспарларын жəне бағдарламарын жасауда оқыту мен тəрбиенің дидак-
тикалық жəне əдістемелік тəсілдерді қолдануда оның пайдалы тəжірибелерін пайдалан-
ды.
Қазіргі таңда Қазақстан Республикасында Ыбырай атамыздың салып кеткен сара
жолын жалғастыру мақсатымен соңғы жылдары еліміздің мектептерінде бейіндік оқыту
бағдарламасы қолға алынуда. Мұндай оқытудың мақсаты –жоғары сынып оқушысының
кəсіптік қызығушылығын жəне білім алуды таңдаған келешектегі мамандығын əрі қарай
жалғастыруға жағдай жасау. Осы жолда кəсіптік білім арасындағы сабақтастықты жалғас-
тыра отырып, пəн мұғалімдері қолданбалы жəне таңдаулы курстарға авторлық бағдарма-
лар құруда.
Ыбырай мұғалімдер жөнінде өте жоғары пікірде болды. Ол ағартушылық жолына
түскен күннен бастап, қазақ балаларын ана тілінде оқыта алатын мұғалім кадрларын
даярлау ісіне белсенді кірісті. Патша өкіметі Ыбырайдың бұл тілегін қабылдамады. Кері-
сінше Ыбырайды қудалай бастады. Ыбырай өзінің тағы бір хатында «оқушылар даярлай-
тын училище ашуға талпынамын деп басыма пəле іздеп алдым, өкімет орындары маған
теріс қарай бастады, «жер» аударылуға аз-ақ қалдым» деп күйініп жазды.
Сол кездегі Қазақстан жағдайында өте күрделі мəселелердің бірі-белгілі педагогика-
лық даярлығы бар мұғалім кадрлардың жетіспеуі. Ыбырай ол мəселені екі жолмен шешуді
66
көздеді: біріншіден, қазақтардың өз ішінен мұғалім даярлайтын қазақ мұғалімдер мектебін
ашу арқылы, екіншіден, жаңадан ашылып жатқан орыс-қазақ мектептеріне Ресейдің арна-
улы мұғалімдік оқу орындарын бітірген жас мұғалімдерді жұмысқа шақыру арқылы мақсат-
ты іске асырмақ болды.
Негізінен ұстаз өтілетін сабағының мазмұнына сай, оқушылардың танымдық қызығу-
шылығын арттыра алатындай технологияларды орынды қолдана алған жағдайда ғана мұ-
ғалім жақсы жетістіктерге қол жеткізе алады, шеберлігін, жаңалыққа құштарлығын таны-
тып, сабақ сапалы өтеді. Міне, сондықтан сабақта инновациялық іс-əрекеттік технология-
ларды қолдану тұлғаны қалыптастырудағы жалпы заңдылықтар жəне оқушылардың жас
ерекшеліктері, олардың əрқайсысының жеке қабілеттері мен қызығушылықтарын жəне
бейімділіктерін дамытуға үлес қосатынын ескеруіміз қажет.
Халықты жəне олардың жас өркендерін оқуға, өнер-білімге шақыруда Ыбырайдың
ұран салып, ту етіп көтерген, əрқашан жаңарып, түрленіп, құлпырып, оқыған сайын сүйсін-
діріп отыратын, ескірмейтін еңбегі «Кел, балалар, оқылық!», «Өнер-білім бар жұрттар»,
«Əй, достарым!», «Əй, жігіттер!» деген өлеңдері.
«Оқысаңыз, балалар,
Шамнан шырақ жағылар,
Тілегенің алдыңнан
Іздемей-ақ табылар.
Кел,балалар, оқылық,
Оқығанды көңілге
Ықыласпен тоқылық!»
– деп ұран салады. Ыбырай бұл өлеңдерінде алдымен сауат
ашу, оқыту мəселесін бірінші орынға қояды, баланы оқыту барысында тəрбиелеу керек-
тігін түсіндіреді. Оның өлеңдері мен əңгімелерінің қай-қайсысы болмасын балаға тəртіпті,
үлгілі, өнегелі кісі болуды уағыздайды.
Елді қараңғылықтан жарыққа шығаратын жастар,тек қана жастар деген қорытын-
дыға келді. Əсіресе, оның келешекке сенімі мол болды. Аңсаған арманын өзі орындай
алмаса да, болашақ жастар орындайды деп білді.
«Біз болмасақ сіз барсыз,
Үміт еткен достарым,
Сендерге бердім батамды!»
– деп, ол өз халқының келешек ұрпақтарына сеніп кет-
кен еді.Міне, сол ұрпақ Ыбырай арманының жүзеге асқанын бұл күнде айқын көріп отыр.
Туған халқының талантты перзенті, ұлтының рухани мақтанышы, тұңғыш ағартушы-
педагогі Ы. Алтынсарин қазақ халқының мəдениеті мен тарихының алтын қорына үлес қо-
сумен қатар өзінен кейінгі ұрпаққа сарқылмас бай мұра қалдырды.
Білім алу құр максат емес,əлеуметтік ортаны өзерту күресіне жастарды белсенділік-
пен қатыстырудың негізгі жолы деп білді.
Білім əлеміне қазақ сахарасында тыңнан жол салып, «Ұстаздардың ұстазы» атан-
ған. Ыбырай бабамызды бүгін де еңкейген кəріден еңбектеген балаға дейін біледі. Оның
шамшырақ боп жазылған нұрлы, сəулелі оттары-білім ордалары бүгін де молайып, бірша-
масы ұлы ағартушы есімін иеленді. «Кел, балалар, оқылық!» өлеңін жаттап өскен əрбір қа-
зақстандық азамат тамаша педагог есімін əр кез қастерлеп, асыл мұрасынан рухани нəр
ала бермек.
Ойымды түйіндей келе, Ыбырайдың жұлдызы жарқырай түссін, соның шарапатымен
қостанайлықтар əлемге танылсын, алдағы көрер күндеріміздің шуағы мол болғай дей оты-
рып, Ыбырайдың тұлғасын əлемдік ұлы ұстаз-даналар қатарында көретінімді мынадай
өлең жолдарымен қорытындылағым келеді:
Ұстаздыққа басылмайды құмарым,
Менің үшін ата кəсіп-мұғалім.
Аристотель, əл-Фараби, Ыбырай-
Ар-ожданым, мақтанышым, тұмарым.
ƏДЕБИЕТТЕР
1. Ə. Дербісəлин «Ыбырай Алтынсарин» «Қазақстан» баспасы Алматы-1965ж.
2. С. Қалиев. Ы. Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы «Рауан»
1991ж.
3. Ə. Сыдықов. Ы. Алтынсариннің педагогикалық идеялары мен ағартушылық қызметі.
Алматы «Мектеп» 1969ж.
4. С. Қалиев. Алтынсариннің таңдамалы педагогикалық мұралары Алматы «Рауан» 1991ж.
5. Ы. Алтынсариннің ұстаз тұлғасы туралы идеяларының маңызы «Қазақстан мектебі №3»
2009ж.
6. «Ыбырай-білім саласының саңлағы» мақала «Қазақстан мектебі №7» 2001ж.
67
7. «Ы.Алтынсариннің ісі мəңгі жасайды» мақала. Ашық сабақ . Факультативті сабақтар №5
2010ж.
8. Қазақстан Республикасында білім беруді дамытудың 2005-2010 жылдарға арналған
бағдарламасы.
9. «Білім сапасын көтеру-басты нысана» мақала. Білім берудегі менеджмент.
10. «Білім беру жүйесіндегі кəсіби дамудың жаңа технологиялық жүйесі» мақала. Білім
берудегі менеджмент.
11. С. Ешімханов «Ұстаздан-ұлағат, ұлыдан-өнеге» Мəдениет жəне тұрмыс №9 1989ж.
12. С. Кенжеахметұлы «Ұлттың ұлы ұстазы» Қостанай таңы 2006ж.
13. Т. Жұмасұлтанов «Ыбырай жаққан шамшырақ» Білім №4 2004ж.
14. Н. Князев «Ы. Алтынсарин жəне қазіргі мектеп» «Қазақстан мектебі №3» 1992ж.
15. С. Ешімханов «Ы. Алтынсарин идеясы мектеп өмірінде» Қостанай таңы 1991ж.
Достарыңызбен бөлісу: |