Республиканское государственное казенное предприятие


ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ БАРЫСЫНДА Ы.АЛТЫНСАРИННЫҢ



Pdf көрінісі
бет3/43
Дата21.01.2017
өлшемі5,64 Mb.
#2321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІН РЕФОРМАЛАУ БАРЫСЫНДА Ы.АЛТЫНСАРИННЫҢ 
АҒАРТУШЫЛЫҚ ИДЕЯЛАРЫН ЖҮЗЕГЕ АСЫРУ 
 
Бекентаев С.Ж. 
Аманкелді атындағы орта мектеп 
 
Ұлы  ағартушы  Ыбырай  Алтынсарин  қазақ  балаларының  оқуына,  олардың  заман 
ағымына сай білім алуына ұланғайыр улес қосқан педагог. Ол тек педагог қана емес, со-
нымен  қатар  жазушы  да.  Жазушы  дейін  себебіміз,  балалардың  мектептен  білім  алуына 
ғанғ атсалысып қойған жоқ, ол мектеп оқулықтарын жазып, оны балаларға
 
тарту етті.
 
 
«Оқытушы дүниедегі заттың бəрін қымбат, ал халық мектебі үшін ең керегі-мұғалім.
 
Педагогикалық  құлардардың  ең  жақсысы-ұқыптылық,  жинақтылық,  мұқияттылық  пен  са-
бақты  жүргізу»  деп  санайды.  Сондай-ақ  «Баланың  адамгершілік,  алғырлық  қасиеттерінің 
дамуы ұстасға байланысты» деп санады. 
Мұхтар  Əуезов
 
ғылыми  зерттеулерінде,  анықтамаларында  Алтынсарин  еңбектерін 
жан-жанқты бағалайды. «Ыбырай Алтынсарин-қазақ мəдениетінің зор қайраткері. Ыбырай 
тарихтың ұзақ өрісі бар, зор келешегі бар істердің үлгісін өз қолымен орнатты. Əрі ол-жаңа 
үлгідегі  ақын,  əрі  ол-сол  кездегі  Ресейде  батыл  жаңалық  жасап, «бұратана»  елдерүшін 
тың үлгілі мектеп ашушы. Ол-мектептің өзіне бөлек ерекшелігібар бағдарламаларын, оқу 
құралдарын  жасаушы.  Қазақтың  ең  алғашқы  мəдениетті  мектебін  жасаумен  бірге,  жазу-
шылық пен оқутушылықты ол аса шебер өнерлі түрде қабыстырушы», –
 
дейді ол. 
Оқырман қаумынға мəлім, Ы.Алтынсарин отаршылдық мүдде тұрғысынан ашылған 
Орынбордағы оқу орнында
 
тəрбиеленіп, орсы тіліне терен жетіліп шықтты. Арманы-туған 
халқының  көкірек  көзін  ашып,  еуропалық  білім
 
беру,  кітаби  ақындардың  қиасс-дастанда-
рындағы
 
шұбарланып
 
бара жатқан ана тілінің табиғатын таза сақтау жолында күрес жүргі-
зу еді. Бірақ сырттан еріксіз таңылған миссионерлік дүние-таным мен олардың
 
педагогтық 
жүйесі бұл мақсатын жүзегі келтірді. 
Отаршылдар  мен  миссионерлер  оқу-ағарту  саясатында  қаншалықты  түлкі  бұлаңға 
салып  түп  мақсатын  культрегелік  жолмен  бүркемелегенімен,  бұратана  халықтарды  шо-
қындыру арқылы орыстандару саясатына қазақ
 
жұртшылығы сескене қарады. Екінші жа-
ғынан, бұл жағдайды діндар молдалар да
 
ушықтыра түсті. Мұндай құбылысты Қостанай-
дағы екі кластық аралас мектептін оқытушысы Ф.Д. Соколов өзінің 1889 жылғы 28 қырқүй-
ектегі естелігінде: «...Оның
 
Троицкі молдаларының ықпалына түскен Николайлық қазақтар 
арасында  жаулары  да  болды.  Олар  оны  орстарға  ілтифатпен  қараған  үшін,  қазақ  бала-
ларын  шоқындыруға  қызмет  етеді  деп  жек
 
көрген.  Алтынсарин  қазақ  балаларын  шоқын-
дыру  үшін  емес,  оларға  еуропалық  білім  беру  жолында  үкімет  ашқанорыс-қазақ  аралас 
мектебін халық мүддесіне пайдалану мақсатын олар, əрине біле бермеген.» 
Ильминский Ресей империясының орыстандыру саясатын қазақ арасында жүзегеасы-
руды қазақтардың өз қолы мен істеу саяси жағынан лде қайда жол болады білгендіктен, Ы. 
Алтынсаринді осы шске пайдалануды көздеген. Осы сепепті Ильминский 1869 жылы Ағарту 
министіріне жазға хатында: «...Алтынсарин ... қазақтардың ортасында өзі мектеп ашса, орыс 
алфавитін сонда
 
қолданса, оны орыс елінің адамдары істетіп отыр дегізбей, өзі ашқа бол-
са... ең əуелі жаңа идея Алтынсариндікі болады» 
(Қазақ архиві, ф.968,оп.1-2 бет)
, – деп өз мақ-
сатының басты да өзекті желісін ашып
 
көрсеткен. Яғни мұнда орысалфавиті негізіндегі қазақ 

16 
 
жазуын  жазушы  Алтынсарин  еді  деп  көрсетіп,  халықты  осы  идеяға  сендіруді  көздеген.  Ал 
қазақ  əдебиетшілері,  тіпті  осы  күнге  дейін  «жаңа  идея  Алтынсариндікі»  деп  жазып 
(«Правда»,1987ж. 6 октябрь)
,  насихаттап  жатуы  саяси  жағынан  аса  нəзік  астарлы  мəселеге 
сын көзімен қарай алмай, тұтас алданып келе жатқанын көрсетеді емес пе? 
Ильминскийдің  екінші  мақсаты-қазақтарды  татарлардың  ықпалынан  ажыратып  бө-
лектеп ұстаудағы басты құралы
 
халқымыздың сан ғасырлар бойы қолданып келе жатқан 
араб жазуын орыс алфавитімен алмастыруға келіп тіріледі екен осы алысты көздеген сая-
си мақсат тұрғысынан келіп Иьминскийдің миссионерлік
 
əрекетіндегі «... басты радикалды 
құралы- қазақ тіліне орыс алфавитін енгізу. Қазақтар орыс алфавитімен жазып
 
отырғанд, 
ол
 
қазақтарды  өзінің  шырмауынан  шығармай,  өзіне  тарта  береді...  Бұл  ойды  орыс  ше-
неунігі жүргізуі, тіптен келіспейді» – деген Ильминскийдің ой байламы көп нəрсені астарлы 
сырларын  ашып  бpiп  отыр  емес  пе?!
 
Яғни,  идеологиялық  мəселенің
 
өзінде  де  басқаньң
 
қолымен от көсеу арқылы əркет ететін отаршьл атаулыға ортақ тəжірибенің жымысқа тəсі-
лін сездіреді. 
Ы. Алтынсарин өзінің бар eмipiн ағартушылық ісіне бағыттап,
 
қазақ жастарьн адал, 
шыншьл, еңбек сүйгіш, өнегелі өнерлі азамат болуға шақырады. Сондықтан оның шығар-
маларын  оқыту - оқушыларға  жақсылық,  əділдік,  қамқорлық,  қарапайымдылық  сияқты 
адамгершілік қасиеттері қалыптастыруға көмектеседі.
 
Қaзіргі
 
еліміздің
 
тəуелсідік таңында-
ғы  білім  саласына  келетін  болсақ,  орта  мектептер  мен  жоғарғы  оқу  орындарында  Ы. 
Алтынсариннін  білім  беру  жөніндегі  идеяларын  енгізілеуі  жетіспейді.  Мысалға,
 
Абайтану 
ғылымы сияқты Ыбырайтану ғылымын енгізсе, келешек ұрпаққа білім саласында мол үлес 
болар еді.
 
Ыбырай Алтынсариннің білім беру жүйесіндегі əдістемелік нұсқаулары мен құ-
ралдарын
 
қазіргі білім жүйесіне енгізе отырып, кең көлемде пайдалануға болады. 
XIX  ғасырдың  екінші  жартысындағы  ағартушы - демократтар
 
Шоқан  Уəлиханов  пен
 
Ыбырай  Алтынсарин  еңбектерін  Абай  музейінің  экспозициясында  кең  танытып  көрсету 
жүзеге асырылып келе жатыр.
 
Əcipece, Алтынсариннің ақындық, ағартушылық, педагогика-
лық шеберлігін
 
Абай шығармашылығымен байланыстыра көрсетуге ерекше мəн беріледі. 
Абайтану  ғылымының  негізгі  салушы  Мұхтар  Əуезов  өзінің  ғылыми  еңбектерінде 
Абай мен Ыбырайдьң ара қатынастарын үнемі анықтай,
 
айыра зерттеп көрсетіп отырған.
 
Мұхаң оқушы кезінде Абай, Ыбырай өлеңдерімен қалай таныс болғанын еске түcipe оты-
рып, екі ақынның өзіндік
 
ерекшеліктерін
 
бьлайша ашьш береді: 
«Ең алғаш Абайдың шығармаларымен шала хат танитын бала күйінде танысқаны-
мызда, Мурсеіт молда жазған қолжазба кітапты түгелімен Абай кітабы деп білуші едік. Ше-
тінен бастап жаттауға кірісіп
 
едік. Сонда «сəуірде көтерілер рақмет туы» деген өліңі мен 
«Араз бол, кедей болсаң
 
ұрлықпенен» деген өлең Абай кітабыньң ішінде бipгe жазылған 
екен. Сол шақта Абай, Ыбырай бip адам шығар деп ойлаушы едік . екеуінің қазақ ауылын-
дағы көктем жайындағы жазғандарын оқып отырсаңыз, шынында, бip ақындық мектептің, 
бір  түрлі  ақындық  дəстүрдің
 
үлгісін  кересіз  жəне  екеуі  де  бұрын  қазақ  жазбаған  өленді 
жазған... Абай Ыбырайды жақсы білген. Кейін Абайдың өзі қадірлегендіктен Абайдың қол-
жазбаларының  ішінде  Пушкин,  Лермонтов,  Крылов  шығармаларынан  жасалған  аударма-
лар қоса кipyмeн бipгe Ыбырай елеңдері үнемі бірге көшіріліп жазылып жүруші еді. Абай-
дың өзінің тапсыруы бойьнша солай болса керек... Ыбырайдың əрқашан Абай атыменбір-
ге  жазылып,  жатталып,  таралып,  жүруі  бұл  екуінің  үні  бip,  үміті  бip,  арман  бағыты  жəне 
болшақ  тағдыры  бip  ақын  екендіктерін  танытушы  еді». 
(М.  Əуезов. «Уақыт  жəне  əдиебет», 
316-бет)

Əуезовтің осы пайымдауы Ыбырай еңбектері Абай еле, Абай урпактарына ертеден-
ак  таныс,  етене  болып  кеткенінің  жəне  екі  ақын  бipiн-бipi  білгадігінің  күəсі.  Мұхтар  Абай-
дың  орыс  əдебиетінен,  əcipce,  Пушкин  поэзиясынан  нəр  алуына  терең  талдау  жасайды. 
Пушкиннің  ақындық  дəстүрін  меңгерген  Ыбырай,  одан  əрі  жалғастырып  дамытқан-Абай 
деп, əділ баға береді. 
«Алтынсарин Пушкин жазған, орыс тұрмысынан алынған жылдың төрт мезгілі тура-
сындағы өлендерден көп үлгі алады. Еліктеу түрінде емес, классик ақынның, стиліне ден 
қойып, соның дəстүрін меңгереді. Ыбырай осы көктем жайындағы жалғыз өлеңінің өзімен 
(«Сəуірде көтерілер рахмет туы») қазақтың пейзаж жайындағы болашақ реалистік поэзия-
сьш бастап кетті деуге болады... 
...Абайдың кейін жазатын осы алуандас «Жазғытұры», «Жаз», «Қыс», «Күз» дейтін 
өлецдерінің бəрінен біз жаңағы айтылған Алтынсарин сайғак тың жолдың түгелімен қабыл 
алынып, онан да ары көркейін, дами түскенін білеміз» (М. Əуезов. «Уақыт жəне əдебиет»). 
Қазақ жазба əдебиетінің үлгілерін орыс тілді аудиторияда оқытудың əдістері жолға 
қойылып, қолданылып келеді. Қай ic болсын, ең алдымен, жан-жақты іздену мен мол ма-
териялды жинақтаудан басталып, оларды бірізділікке түсірумен аяқталатыны белгілі. 

17 
 
Ы. Алтынсаринның ой өнері мен қызметін үйрету, білгізу, жалпы, əдебиет, педагоги-
ка тарихына үңілу аса қажетті нəрсенің бipi. Əcipece,
 
XIX ғасырдың екінші жартысындағы 
қазақ зиялыларьшың көш басшысы ретінде оньң атқарған рөлі мен қазақ
 
халқыньң ұлттық 
сана-сезімінің
 
қалыптасып, дамуына қосқан үлесін, қазақ балаларына ең алғаш еуропаша 
білім беруге ұмтылған прогресшілдігін
 
көрсете оқыту аса қажет.
 
Ең бастысы ауыл балала-
рына сол кездегі ең үздік деп саналатын əдебиет үлгілерін аударып, жан-жақты хабар, жа-
ңалықтарды  іздеп  тауып,  бəрін  кітапқа  енгізіп  тұңғыш  қазақ  хрестоматиясын  шығарды.
 
Оны жасау арқылы Алтынсарин қазақ жерінде тұңғыш рет əдебиетті пəн ретіннде таныта 
отырып,  қазақ  əдістемесіне  жол  салды.  Ыбырай  хрестоматиясына
 
халық  əдебиеті  мен 
жазба  əдебиеті  идеясының  мазмұнды,  ең  жақсы  үлгілері  енді  де,  мəтіндерде  білімділік, 
тəрбиелік жəне эстетикалық жағы түгел қамтылды. 
Ы.  Алтынсарин
 
хрестоматиясы  мектепте  ұлт  тілін  үйренудің  тамаша  бастамасы 
болды.
 
Мектепте орыс тілін үйретуге байланысты Алтынсарин аударма əдісі дейтін жүйені 
енгізді.
 
Бұл  пəнді  терең  меңгертуге  негізделген,  оқушылардьң  ынтасын  арттыратын  əдіс 
болды.
 
Ыбырайдың аударма əдісінің өзі мəтінді оқуға бғытталғандықтан, онда оқудың то-
лыл жатқан элементтері кездесетін: сөз, сөйлем мағынасыя екі тілде бірдей ұғыну, орыс-
ша да, қазақша да ойлай, сөйлей, жаза білу, сөздік жасау, жаттау, көркем мəтінді окыту. 
Бұл əдісті
 
қазақ тілі мен
 
əдебиет оаыс аудиториясында оқытуда қолданудың еш сө-
кеттігі жоқ.
 
Себебі, жоғарыдағы əдістер міндетті түрде қролданылады.  
Ы.  Алтынсарин  əдеби  оқу  əдістемесін  қазақ  тəжірибесіне  тұңғыш  енгізе  отырып, 
төрт түрлі факторды бipгe алып қарайды: 1) материал;
 
2) соның берілу тəртібі мен əдісте-
месі; 3) оқушы;
 
4) муғалім. 
Əрине, бұны түп-тиүгел қазыргі кезде керек деп айтудан аулақпын. Дегенмен, атал-
ған факторларды кеңейтіп, түрлендіріп, қазіргі кезге сəйкестендіруге болады. Бұл педаго-
гика тарихындағы жалпы сабақ өткізудің қаңқдсы іспеттес сызба ғана. 
Ы. Алтынсарин хрестоматиялары жас буынға эстетикалық тəрбие ғана емес, үлкен 
жүйелі білім жəне қоғамдық ұғым береді Жастарды адамгершілікке, ағартушылық идеясы-
на, қоғамдық міндетке баулыды. 
Бұған, ең алдымен, «Кел балалар, оқылық », «Өнер-білім бар жұрттар » өлендері-
нің тақырыбы мен идеясы айғақ. Ыбырай жастарды өнерге, оқу - білімге шақыра, отырып, 
олардан қоғамға пайдалы, жаңа заман заман талабына сай, халыққа адал қызмет істейтін 
азамат, қайраткер тəрбиелеп шығарады басты мақсат етті. Сөйтіп, ол əдеби оқудьң білім-
дік- тəрбиелік мінің бірінші орынға қойды. 
Ы.Алтынсарин əңгімелерінде тарихи матиралдар мен салыстыру əдісі өте көп. Мə-
селен, «Қарабас батыр», «Қобланды», «Алтын айдар» сияқты халық əдебиетінің үлілері 
арқылы автор жастардың назарын өз жұртының тарихына, мұрасына аудартады. Сондай-
ақ,  əнгімелерзінде  өмip  шындығы  нақты  бейнеленеді.  Ыбырай  новеллаларының  образ-
дары – ғибратшыл, шыншыл жандар. Олар- жақсылыққа құмар жастар. Осы образдардың 
сыр – сипатын, тұлғасын тану арқылы балалар портретін жасайды. 
Ыбырайдың материалды балалардың жас ерекшелігіне, түсінігіне лайықтап беру тə-
сілі де мейлзінше жаңа. Ыбырайдың əдеби оқу əдістемесіне тəн бір жаңалығы- өлен жат-
тату тəсілі. Шығарманың мазмұны мен идеясын танытудың элементі бар. Мысалы, бала-
лар «Өнер – білім бар жұртар» өлені мен «Қапшақ Сейітқұл» əнгімесін оқи отырып, бұ-
лардың бірінен прогресс идеясын білсе, екіншісінен отырықшылдық идеясын танып біледі. 
Ыбырай қоғанда адам мінезін оқу- білім арқылы ғана түзетуге болады деп сенеді. 
Ыбырай  сабақты  оқьту  жүйесіне  аса  көңіл  бөлген.  Сабақтың  жүйесіздігі
 
баланың 
пəнге  қызықпауын,  үлгірмеуін,  салақтьғын  туғызады.Бұл  баланың  емес,  мұғалімнің
 
кінаci 
дейді. Еңдеше, пəнді жетік білу, оқушылардың қызығуын арттыру -
 
бұл мұғалімнің шаруа-
сы. Біздіңше, Ы.Алтьшсариның оқу - əдістемелік ойлары қашанда өзекті. 
Еңді
 
Ы. Алтынсарин сабағын оқытудың бip əдісін
 
көрсетейік. 
Жинақтау – талдау – жинақтау. 
Бүтің – бөлшек – бүтін. 
Мазмұн – форма – идея. 
Оқу – талдау –
 
көркем оқу. 
Мəтің – образ – теория. 
«Бай баласы мен жарлы баласын» əдеби оқу жүйесінде 4
 
сабаққа кұру керек.
 
Өйт-
кені бұл тұста істелетін жұмыстар. көп.
 
Сабақ үлгісі мьнадай: 
I сабақ.
 
Қipicпe түсінік. (Авторы, суреттейтін заманы, жалпы проблемасы, ) Əңгіме-
нің I тарауын  сынылта  оқытышш,  мазмұндату,  сол  бөлімге  ат  қойғызу.  Тапсырма - үйде 
оқушылар əңгіменің
 
II - III - IV тарауларын оқып келіп, əр тарауын белек жəне тұтас маз-
мұндауға əзірленіп келеді. 

18 
 
II сабақ
 
əңгімені
 
мазмұндату, толық мазмұндатудың ережесін беру, эəңгіменің бар-
лық бөлімдеріне ат қойғызу, оны тақтаға, дəптерге түсіру. Бұл екі сабақ оқуға арналады. 
Екінші сабақтың аяғында əңгіменің тақырыбы ашалады. Оны оқушылардың өздеріне сұрақ 
беру арқылы аштырамыз. Екі баланың мінез - құлқындағы, ic - əрекетіндегі epeкшeлiктepдi 
айта келіп, балалардың тəрбиесіне тірелеміз. 
III  сабақ. Мұнда Асан мен Үсенге салыстырмалы мінездеме жасалады. Дəрісте сұ-
рақ-жауап əдісі қолданады. Салыстырмалы мінездеме əуелі даралаудан басталады. 
Əуелі оқытушы сұрақ қойып, Асанның мінезіндегі бастапқы белгіні ашады. Сол жол 
мен  Үсеннің  бастапқы  мінезі  анықталады.  Осындай  жолмен  олардың  басқа  мінездері  де 
анықталып, ол тақтаға түседі. Сұрақ- жауап əдісімен оқытушы сол пунктерге мысал тапқы-
зып, ат қойғызады. 
IV  сабақ.
 
Мұны  теория  мен  мақалдап  оқуға  мазмұндама  немесе  шығарма  жазуға 
арнауға болады. 
Теориядан тақырып,
 
əңгіме, образ,
 
мінездеме мен термендердің анықтамасы бері-
леді. 
Студенттерге,  оқушыларға  оқытуға  бұл  əңгімені  екі  тұсы  қолайлы.  Бipi-  Асанның 
жылайтын жерлері, екіншісі - түнгі дала көpнісі. 
Сабақтың аяғында а) мұғалімнің «Бай мен жарлы баласы» тұсында қандай жұмыс-
тар  жүргізгенідігі
 
жайлы  есебі  беріледі;  ə)  сол  форма,  терминдерді  оқушылардың
 
қалай 
игергені нақтыланады: б) жазба əдебеті жұмысы жүргізілген болса, соның нəтижесі ортаға 
салынады. Əpбip сабақта ескі мен жаңа материал ұштасып, түйісіп отырады. Мұндай са-
бақтар оқушылардың өздеріне жұмыс icтeтy міндетін көздейді. 
Ыбырай атамыздың мьшадай ұстаздарға арналған ұлағатты сөзі бар: «Егер шəкіртің 
дəрісті түсінбесе, сен оны кінəлəма, керсінше өзіңді кінəла» деген. 
Білім  жəне  ғылым  қызметкерлерінің
 
II  съезінде  Елбасымыз  Нұрсұлтан  Назарбаев: 
«Мұғалімдер-қоғамның, ең білімді, ең ойшыл, бiлгiлepiңiз келсе, ең «сьнампаз» бөлігі бо-
лып табылады. Бшілі саласы қызметкерлерінің отаншылдығы халықтың басқа буындары-
мен салыстырғанда анағұрлым ауыр қиындықтарды бастан кеше отырып, жастарға өзіннің 
бойындағы бар білімін бepiп қана қоймай, оларды адамдық, адалдық, тазалық, гуманизм, 
Отанын сүйе білу секілді асқақ сезімдерге тəрбиеленуімен танылады» деп, ұстаздың қо-
ғам өмipiнде алатын орны мен атқарып отырған асқарлы міндеттерінің айрықша маңызын 
ашып көрсеткені мəлім. 
Қазіргі білім
 
мазмұны деп жүргіземіз-мектепті жаңалау білімді, тəрбиені əлемдік білім 
беру  жүйесіне  қарай  ыңғайластыру.  Бұл  міндетті  өмірге  ендіріп,  жүзеге  асырушы-мектеп 
мұғалімі,  ұстаз.  Сондықтан  да  үздіксіз  білім  жүйесі  қазіргі  таңда  да  сол  мектептің  тия-
нақталығын  қамтамаысыз  ететін  стратегия  мен  үлкен  саясатқа  айналып  отыр.  Елдің  ірге-
тасын  бекітетін  де,  экономикасьш  нығайтатын  да,  рухани  қауыпсіздігін  толық  қамтамасыз 
ететін де жүйелі жұмыс істейтін мектеп пен білікті маман көмегімен берілетін терең білім. 
Қалыптасқан  жаңа  жағдайда,  мемлекетінің  білім  беру  саласындағы  саясатты  тəр-
биелі де өнегелі, парасатты да салмақты, ішкі
 
жан дүниесі бай, адамгершілік түciнiгi мол 
əрі ұлттық жəне дүниежүзілік жетістіктерді қоғамдық өмірің
 
кез келген саласьнда дамытуға 
қабілетті жеке тұлғаньң қалыптасуына бағытталуы тиіс. Өйткені, ұлтымыздың кемелді
 
ке-
лешегінің ең
 
басты кепілі-сапалы, əрі жаңа заманньң талаптарына сай білім беру жүйесі. 
Қазақстан Республикасының
 
білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған 
мемлекеттік бағдарламасыньң негізгі
 
мақсаты білім жүйесінің бəсекеге қабілетілігін артты-
ру, экономиканьң орньқты 
ӨСІМІ 
мен азаматтардьң əл-ауқатының артуын қамтамасыз ете-
тін талабына сай түбегейлі
 
жаңартудьң негізі
 
бағыттары қандай дегенге келсек, білім ме-
ненджіментін  жақсарту,  педагог  мəртебесін  арттыру  мемлекеттік  қолдауды
 
күшейту,  ша-
ғын жинақты мектептердің даму стратегиясын жүзеге асыру, «Балапан» мемлекеттік бағ-
дарламасын  іске  асыру  арқылы  мектепке  дейінгі  тəрбие  мен  оқытуды  толық
 
қамту, 12 
жылдьқ білім беруге көшу мəселелері қарастырылған. 
2020 жылға дейінгі
 
бағдарламада көрсетілген міндеттерге сəйкес еліміздің орта бі-
лім беру
 
ұйымдардьң 12 жылдьқ
 
оқыту үлгісіне
 
толықтай
 
көшіру жүзеге асырылып, қуұзі-
реттілік  тəсіліне  негізлелген  бұл  білім  жүйесінің  жаңа  стандарттың
 
əзірлеу  жəне  енгізу 
жан-жақты жоспарлануда. 
Білім беру стандартыньң өзгеру білім берудің жаңа мазмұнын өзірлеуді
 
талап ететіні 
белгілі.  Жаңа  білім  беру  мазмұлының  базалық
 
принціпі-əрбір  мектепте  тұлғаның  адамгер-
шілікте-рухани  қасиеттерін  дамытуды  ынталандыратын  iзгiлeндipiлгeн  білім  беру  ортасын 
құру: өзін-өзі тану, өзін-өзі анықтау жəне өзін-өзі
 
жетілдіру. Білім беру
 
ұнымдары мен отба-
сыларда адамгершілік – рухани мəдениетін жоғары деңгейіне қол жеткізілетін болады. 

19 
 
Қазақстанньң жаңа мектебін
 
ұйымдастыру идеясы білім берудің мақсаттарын қайта 
қараудан  тұрады.  Бұл  оқыту  пəндерінің
 
мазмұнын,  технологиясын,  құрылымын,  басқару-
дын, оқулықтарды, қаржыландыруды, т.б. жаңартуға мүмкіндік береді. 
XX  ғасырдың ipi өкілі,  белгілі  ағартушы  Жүсінбек  Аймауытов  ұстаз  қызметін  бьлай 
сипаттайды: «Балаларға білім берумен, тəрбиелеумен мұғалімнің қызметі тəмам болмай-
ды. Ол балаларды тəрбиелеуге, үтітеуге міндетті, басқаша айтқанда, мұғалім қарапайым 
қызметкер емес, ол шəкірттерінің алдағы өмipiн өз басынан кешірген тəжірибесіне таянып 
олаға келешекте өмірден аяғын шалыс басып, соққы жеп өкінбеске күні бұрын сақтаиды-
ратын қорғаушысы, қамқоршысы». Ұлы Абайдын да «ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден 
балаға»  деген  нақыл  сөзі  педагогикалық  ғьлымдьқ  тандаған  адамньң  өз  мамандыгынан 
шаршамайтъшын, кайта керешше баланьщ нэр алатыньш айтады.  
Ұстаздың бүгін
 
қйын еңбекпен оқытқан
 
шəкірті ертең егеменді елінің үлкен 6ip аза-
маты  болғанда  біз
 
мұны  ұстаз  бен  мемлекеттін,  ата-ана  мен  қоғамның  ортақ  жемісі  деп 
айтамыз. 
 
 
ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫ МЕН ҒЫЛЫМИ ПЕДАГОГИКАНЫҢ САБАҚТАСТЫҒЫ 
 
Бекмурзина Т.Т. 
«Қостанай қаласы əкімдігінің білім бөлімінің №30 орта мектебі»ММ. 
 
Халық педагогикасында тəрбие iсiн баланың жас ерекшелiгiн ескере отырып жүргi-
зудi талап еткен. Мəселен, ұлыңа бес жасқа дейiн патшадай қара, он бес жасқа дейiн қос-
шыңдай сана, он бес жастан асқан соң ақылшы досыңдай бағала” деген мəтел баланы ер-
кiн тəрбиелеудiң, көмекшiм деп үмiтпен қараудың, ақылшым деп тең санаудың қажеттiгiн 
мегзейдi. Ал бұл ғылыми педагогиканың ынтымақтастық принципiмен қабысып жатыр. 
Халық педагогикасында тəрбие iсiн əр баланың жеке бас ерекшелiктерiн (психоло-
гиясын)  ескере  отырып  жүргiзудi  де  ескертедi. “Баланы  туады  екенсiң,  мiнездi  тумайды 
екенсiң”, “Бiр биеден ала да туады, құла да туады”, “Балаңа үмiт арту – əкенiң парызы, ақ-
тау – баланың қарызы” деп ой түйiндеген. Баланың тəрбиесi туған, өскен ортасына, ата-
ананың, отбасы үлкендерiнiң, ұстазының үлгiсiне байланысты деп қараған. Өскен ортаның 
тəрбиедегi  əсерi  жөнiнде  А.С.Макаренко,  Н.К.Крупская,  А.В.Сухомлинский,  А.Құнанбаев, 
Ж.Аймауытов, М.Жұмабаев сынды ұлағатты ұстаздардың ой-пiкiрлерi де халық педагоги-
касының қағидаларымен үндесiп жатыр. 
Халық педагогикасының бiр принципi балаға үлкен талап қоя бiлуге, оның жеке ба-
сын қадiрлеуге негiзделген. Баланың жiберген қателiктерiн үлкендер дер кезiнде бақылап, 
дұрыс жолға салуды мақұлдаған. “Ата балаға сыншы”, “Баланың балалығына əкенiң дана-
лығы бар”, “Ақырып айтқаннан ақылмен айтқан) артық” деген мəтелдер осы ойды құптау-
дан туған. 
Яғни,  тəрбиешiнiң  жылы  жүректi  болуын,  тапқырлық  тəсiлмен  тəрбиелеуiн  орынды 
санаған. 
Шəкiрттi  тəрбиелеу,  оқыту  барысында  ақыл-ойын  дамыту  бүгiнгi  педагогиканың  ең 
көкейкестi мəселелерiнiң бiрi. Дамыта оқытып тəрбиелеу iсi асқақ арманмен байланысты. 
Осыны құптаған ата-бабамыз “Армансыз ұлан – қанатсыз қыран”, “Арманы жоқтың пəрме-
нi жоқ” деп, келешектi қиялдай бiлетiн арманға, ой дербестiгiне тəрбиелеудi мақсат еткен. 
Ал  негiзгi  принциптерiнiң  бiрi – тəрбиенiң  бiртұтастығы.Тəрбие  iсiнiң  бiртұтастығы  ұрпақ 
тəрбиелеудегi мақсат бiрлiгiнен туындайды. Кез келген тəрбие құралына талдау жасасақ, 
тəрбиенiң түрлерi (еңбек, ақыл-ой, адамгершiлiк, əсемдiк т.б.) iштей сабақтасып жатады. 
Оны бесiк жырынан, бата-тiлектер мен терме толғаулардан байқауға болады. Тəрбие iсiн 
кешендi  жүргiзудi  ғылыми  педагогикалық  еңбектер  де  қуаттайды.  Тəрбие  iсiнiң  туғаннан 
өмiр  бойы  үздiксiз  жүргiзiлуiн  халық  педагогикасы  да,  ғылыми  педагогика  да  құптайды. 
Халық  педагогикасы  отбасы  үлкендерiнен  бастап,  ауыл  ақсақалдары,  өнер  иелерi  түгел 
қатынасатын  ұжымдық  тəрбие  iсiне  негiзделген.  Халықтық  педагогикада  “Көп  талқысы – 
тез”, “Көп қорқытады, терең батырады”, “Көпке қарсылық – құдайға қарсылық” деп ұжым-
дық тəрбиенi құптаған. Халық педагогикасы мен ғылыми педагогиканың қағидалар үндес-
тiгi  келесіде: 1.Баланың  жас  ерекшелiктерiн  ескере  отырып  тəрбиелеу. 2.Баланың  жеке 
бас мiнез-құлық ерекшелiктерiн ескере отырып тəрбиелеу. 3. Тəрбиенi өскен ортаның (от-
басы  ауыл-аймақ)  үлгiсiне  негiзделуi. 4. Балаға  жылы  жүректi  сезiммен  қарау,  ынтымақ-
тастық  идеяны  сақтау. 5. Баланы  дамыта  үйретiп  тəрбиелеу,  қиялдай,  армандай  бiлуге 
баулу. 6.Тəрбиенiң бiртұтастығын сақтау, тəрбие iсiн кешендi түрде жүргiзу. 7. Тəрбие iсi-
нiң үздiксiз жүргiзiлуiн сақтау. 8.Тəрбие iсiн ұжымдық түрде жүргiзуге негiздеу. 

20 
 
Ұжымдық тəрбиеге ғылыми педагогика да ерекше мəн берген. Қорыта айтсақ, халық 
педагогикасы  ғылыми  педагогиканың  ережелерi  мен  заңдылықтарының  қалыптасуына 
бастау бұлақ болған. 
Халық педагогикасы бүгiнде ғылыми зерттеулердiң тек объектiсi ғана емес, сонымен 
қатар  ол  педагогикалық  теориялардың,  əсiресе  отбасындағы  тəрбиенiң  дамуына  үлкен 
əсер ететiн ынтымақтастық педагогиканың iрге тасы болып табылады. 
Сондықтан да халық педагогикасының бүгiнгi күнде практикалық та, ғылыми теория-
лық та мəндiлiгi зор екенi даусыз. 
Қай  ғылымның  болмасын,  тұрақты  ғылыми  терминдерi  болатыны  сияқты,  қазақ 
этнопедагогикасының да белгiлi терминдерi бар. Оларға, жалпы алғанда, мыналар жата-
ды: шəкiрт, мұғалiм, ұстаз, оқыту, тəрбие беру, өзiн-өзi тəрбиелеу, қайта тəрбиелеу, үлгi-
өнеге  көрсету,  ақыл-өсиет  айту,  оқыту,  əдеттендiру,  жаттықтыру,  жадында  сақтату;  тəр-
биенiң  түрлерi:  дене  тəрбиесi,  еңбек  тəрбиесi,  ақыл-ой  тəрбиесi,  адамгершiлiк  тəрбиесi, 
əсемдiк  тəрбиесi,  табиғатты  аялауға  тəрбиелеу,  ерлiкке,  ұлтжандылыққа  тəрбиелеу,  ұл, 
қыз тəрбиесi т. б. 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет