Республиканское государственное казенное предприятие



Pdf көрінісі
бет5/43
Дата21.01.2017
өлшемі5,64 Mb.
#2321
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43

ХАЛЫҚ ПЕДАГОГИКАСЫНДАҒЫ 
АДАМГЕРШІЛІК-ЭСТЕТИКАЛЫҚ ТƏРБИЕ 
 
Бисембаева Ж.Қ., Кулатаева К.С. 
Қостанай мемлекеттік педагогикалық институты 
 
Өз  мүддесін  өзі  қорғап,  өз  есесін  өзі  түгендеп,  халқының  үмітін  ақтай  білетін  са-
лауатты да, білімді жеке тұлғаны тəрбиелеу – бүгінгі тəрбиеші ұстаздың алдына «Білім ту-
ралы» заңның жəне өмірдің қойып отырған талабы. 
Жас ұрпаққа тəрбие берудің əдіс-тəсілдері мен формалары өзінше бір үлкен маңыз-
ды да көп түрлі əлем. 
Ал,  қазіргі  мектептің  педагогикалық  үрдісі  сабақ  уақытында  тəрбиелік  іс-əрекеттің 
бірлігін қарастырады. Əсіресе, халықтық педагогиканы ұтымды пайдалану əрекеттері бір-
ден-бір міндет болып саналады. 
Этнопедагогика – халықтық тəлім-тəрбиені, оның тəжірибесін қорытындылап, жүйе-
лейтін теориялық сипаттағы ғылыми саласы. 
Жас ұрпақтың əдептілікке, инабаттылыққа, адамгершілікке тəрбиелеудің таптырмас 
құралы. Бірақ жерімізде жетпіс жыл бойы билік құрған кеңес дəуірі кезінде жас жеткіншек-
тердің  сол  мөлдір  бастаудан  сусындай  алмай  келгені  өкінішті-ақ.  Халықтық  педагогика 
оқу-ағарту саласында тоқсаныншы жылдардың басынан ғана қолға алына бастады.  
Халық  педагогикасында  тəрбие  мəселесi  бiрiншi  орынға  қойылып  келдi.  Ол  заңды 
да едi. Себебi, халық педагогикасы ғылым мен мəдениеттiң жетiлмеген кезiнде пайда бол-
ғандықтан, тəрбиенi еңбек пен өнерге, оның iшiнде қол өнерiне негiздей жүргiзудi уағызда-
ды. Бертiн келе, оқу-бiлiм дамып, ғылым мен техника өрiстей бастаған кезiнде, XVII ғасыр-
дағы  ұлы  чех  педагогы  Я.А.Коменскийдiң  атымен  байланысты  ғылыми  педагогика  пайда 

27 
 
болды.  Ғылыми  педагогиканың  теориялық  зандары  қалыптасып  өмiрге келдi.  Я.А.Комен-
ский өзiнiң атақты «Ұлы дидактика», «Ағайынды чехтарды тəрбиелеу» атты еңбектерiнде 
тұңғыш бiлiм беру iсi мен тəрбие iсiн бiртұтас процесс деп қарау идеясын ұсынды. Тəрбие 
мен бiлiм берудi бiрiктiру тенденциясы оқу-тəрбие iсiнiң тұтастығынан туындады. Тəрбие-
əлеуметтiк процесс, ал адамның жеке басының өсiп жетiлуi, дамып қалыптасуы – ол əрi 
əлеуметтiк,  əрi  биологиялық  процесс.  Осы  ерекшелiктен  келiп,  педагогикада  қоғамтану 
мəлiметтерiн  жаратылыстану  мəлiметтерiмен  бiрiктiре  қарастыру  қажеттiлiгi  пайда  бола-
ды.  Оның  себебi  педагогика  адам  тəрбиесiнiң  қажетiн  өтеушi,  қоғамдық  сұранысты  iске 
асырушының рөлiн атқарушы болып отыр. Ал педагогиканың жеке басты (индивидиумды) 
тəрбиелеп  жетiлдiрудегi iс-əрекетi  оқу-тəрбие  орындары  арқылы  iске  асырылады.  Адам 
тəрбиесiнде бiлiмнiң теориялық жақтары шешушi рөл атқарғанымен, оны (теорияны) жеке 
басты  оқытып  тəрбиелеп  жетiлдiруге  пайдалану  үшiн  тəжiрибеде  қолданудың  əдiс-тəсiл-
дерi  керек.  Мiне,  осыдан  келiп,  теория  мен  тəжiрибенiң,  оқытудың  өмiрмен  байланысын, 
оны  iске  асырудың  жолдарын  қарастыратын  педагогика  ғылымының  бiр  саласы – оқыту 
мен  тəрбиенiң  əдістемесі  туындайды.  Бiлiм  беру  мен  тəрбие  iсiнiң  теориялары  мен  өмiр 
тəжiрибесi тығыз ұштасқанда ғана адам қажетiн толық өтей алады. Ғылыми теориялар тə-
жiрибеге негiзделмесе, ол тиянақты ғылым болмайтыны сөзсiз. 
Адамзат  баласының  ежелден  келе  жатқан  ортақ  мүддесінің  бірі – ұрпақ  тəрбиесі. 
Осы  мақсатта  əрбір  халықтың  сан-алуан  ой-пікірлері  мен  іс-тəжірибелері ғасырлар  бойы 
жинақталып отырған. Адамзат баласына ортақ рухани қазынаның құрамдас бір бөлігі бо-
лып саналатын бұл жетістіктерді халықтың тəлімгерлік тəжірибесі дейміз.  
Қазақ халқының да сан ғасырлық тарихи-мəдени жетістіктерінің жемісін, рухани бай-
лығын,  жанына  біткен  еңбексүйгіштік,  имандылық,  бауырмалдық,  балажандылық,  қонақ-
жайлылық, əдептілік, əсемдік т.б. қасиеттерін танытатын тəлімгерлік тəжірибесі бар. Онда 
кешегі өткен данагөй қариялар, ғұлама ойшылдар, би-шешендер жəне ақын-жыраулардың 
саналық болжамдарының, психологиялық пайымдаулары мен педагогикалық тұжырымда-
рының өшпес ізі жатыр.  
Еліміздің  президенті  Н.Назарбаев  «Қазақстанның  болашағы – қоғамның  идеялық 
бірлігінде»  атты  еңбегінде: «Қоғамдық  ойдың  тағы  бір  бағыты  дəстүрге,  халықшылыққа 
сүйенеді. Шынында да, бұрынғы қасаң қағидалар жарамсыз болып қалған кезде неге на-
зар аудару керек? Сірə, қарапайым əрі түсінікті, сонымен бірге əр халықтың өміріндегі те-
рең имандылық пен рухани негіздерге, дəстүрлерге назар аудару керек», – деген. 
Осы  орайда  елімізде  халықтық  дəстүрді  жинақтап  зерттеу,  саралап  игеру,  оларды 
жастар тəрбиесіне кеңінен ендіру, жаңғырту үлкен міндет болып табылады. Өмір талабы-
мен бұл өмірге қайта оралған халықтық педагогиканың озық дəстүрлері бұл күнде отбасы, 
мектеп тəжірибесінен лайықты орын ала бастады.  
Бұл мəселеге мемлекет тарапынан да қамқорлық көрсетілуде. Қазақстан Республи-
касының қазақ тілінің əлеуметтік маңызын арттыру жөніндегі іс-шаралары, ғылым мен мə-
дениеттің  өрістеуін  қамтамасыз  ететін  Конституциясы,  еліміздің  мəдени-əлеуметтік  да-
муына бағытталаған тұжырымдамасы жастарға жалпы адамзаттық жəне ұлттық игіліктер 
негізінде адамгершілік-эстетикалық тəрбие, мəдени білім беру ісін жаңа деңгейге көтеруге 
ықпал етеді деген сенімдеміз. Мұндай игі бастама қазірдің өзінде білім мазмұны мен əдіс-
теріне, оқу жоспарларына жаңалықтар мен өзгерістер əкелуде.  
Белгілі  педагогика  классиктерінің  өздері  де  халқының  тəлімгерлік  тəжірибесінен 
үйреніп, оны зерттеулеріне арқау етіп, бұл мəселелерге қазақ ағартушылары Ш. Уəлиха-
нов, Ы. Алтынсарин, А.Құнанбаевтардан басқа А.Байтұрсынов, Ж.Аймауытов, М.Жұмаба-
ев, Ш.Құдайбердиев, т.б. үлкен мəн берген.  
Бүгінде Қ.Бөлеев, Қ.Жарықбаев, С.Ұзақбаева, С.Қалиев, т.б. көптеген қазақ зертте-
ушілері осы дəстүрді жалғастырып, халық педагогикасы тарихын, оның ауыз əдебиеті мен 
ақын-жыраулар  поэзиясындағы  көріністерін,  орта  ғасыр  ойшылдарының  педагогикалық 
ой-пікірлерін жан-жақты қарастырып келеді.  
Кез келген жас ұрпақ адам бойындағы ерекше қасиеттердің бірі мəдениеттілігі болса, 
оны  игеруге  өмір  бойы  алатын  білім  жүйесін  толықтырып  отыруға  міндетті  болуы  керек. 
Ғасырлар  бойы  қалыптасқан  мəдениеттілік,  яғни  ұлтымыздың  бойындағы  кішіге  ізеттілік, 
үлкенді  сыйлау,  өз  орнын  біліп,  адаммен  қарым-қатынас  жасауы,  байыпты  сөзі,  биязы 
мінезі,  салмақтылығы  мен  сабырлығы,  адаммен  тіл  табысуы,  өзін-өзі  ұстай  білуі,  əсемдік 
пен ізгілікке ұмтылуы т.б. жеке бастың, ар-ожданының қорғаны болуға бағытталуы керек. 
Ұлттық тəлім-тəрбие мəселесі бойынша кейінгі жылдары іргелі зерттеулер жүргізіліп, 
ғалымдардың назарынан түскен емес. Қазір де соңғы педагогикалық тəжірибелер, сондай-
ақ, психологиялық, дидактикалық жəне қолданбалы педагогикалық, озық технологияларға 
сүйене отырып, ұлттық тəрбие мəселесін одан əрі ғылыми негіздеп, қайта жаңғырту мен 
дамыту бүгінде өмір талабы болып отыр. Ұлттық тəлім-тəрбие мұраларын мектептегі оқу-

28 
 
шылар  ұжымдарының  іс-əрекеттерінде  барыншы  пайдалану – қазіргі  кездегі  педагогика-
лық талаптардың бірі. 
Осы  орайда  салт-дəстүрлердің  бүгінгі  күнге  дейін  жетіп,  ұрпақ  тəрбиесіне  елеулі 
əсер тигізіп отырғаны белгілі. Жас ұрпақты тəрбиелеу процесінде халықтық педагогиканың 
орны ерекше. Оның мазмұны мен маңызы жөнінде белгілі ғалым С.Ұзақбаева: «Халықтық 
педагогика – тəрбие мен оқыту саласындағы халық бұқарасы білімдерінің, іскерліктерінің, 
дағдыларының  жиынтығы,  солардың  негізінде  ұрпақтан-ұрпаққа  халық  шығармашылығы 
арқылы (поэтикалық, музыкалық, сəндік-қолданбалы өнері) беріліп отыратын əдет-ғұрып-
тар мен дəстүрлер қалыптасқан. Халықтық педагогиканың мақсаты – жас ұрпақты ата-ба-
балар  тəжірибесінің  ең  жақсы  мұраттарына  тəрбиелеу», – деп  көрсетеді.  Сондықтан  ха-
лықтық  педагогикадағы  жастарға  адамгершілік-эстетикалық  тəрбие  беру  ерекше  орын 
алады.  Бұл  арада  студенттерге  этнопедагогика  негіздерін  үйретуші  оқытушы  халықтық 
салт-дəстүрлердің адамгершілк пен көркемдікке, ізгілікке құрылған ең озық үлгілерін ұсы-
нуы қажет. 
Қазақ этнопедагогикасындағы тəлім-тəрбие мəселесін зерттеуге елеулі үлес қосқан 
қазақстандық ғалымдар Қ.Б.Жарықбаев, С.Қалиев, С.А.Ұзақбаева, Ж.Наурызбай, М.К.Бал-
табаев,  З.Əбілова,  Ə.Табылдиев,  Қ.Бөлеев,  Ж.І.Асанов,  С.Т.Иманбаева,  П.Оршыбеков, 
Е.Сағындықов,  Қ.Ж.Қожахметова,  І.Халитова,  С.Ғаббасов,  Қ.Болатбаев,  М.Құрсабаев, 
М.Оразаев, Р.К.Төлеубекова т.б.  
Адамгершілік мұраттың эстетикалық тұрғыдан бейнеленуі адам тіршілігінің санала-
лығын айқындауға мүмкіндік беретін бұлтартпас белгілерінің бірі – оның болмысқа деген 
эстетикалық  қарым-қатынасы. Адам бойындағы табиғи сезімдердің баршасы осы қарым-
қатынас барысында туындайтын алуан ықпалдарға байланысты көрініп, түрлі рең алаты-
ны, əдебиет пен өнер шығармасында соған сəйкес өзіндік көрінісін табатыны мəлім. Руха-
ни  кемелдену  осынау  процестің  қаншалықты  жүйелі,  жемісті  жүргізілуіне,  саяси,  тарихи, 
қоғамдық-əлеуметтік факторлардың сол процеске қаншалықты қолайлы жағдай жасалуы-
на тəуелді. Міне, осы ретте рухани кемелденуге бастайтын рухани қажеттілікті – адамгер-
шілік  мұрат  мəселесі  еш  уақытта  күн  тəртібінен  түсіруге  болмайтын  мəңгілік  көкейкесті 
проблемалардың  бірі.  Сонымен  бірге,  жоғары  оқу  орындарының  оқу-тəрбие  тəжірибесін 
бақылау барысында жастарға адамгершілік-эстетикалық тəрбие беру мəселесі этнопеда-
гогикалық тұрғыдан жеткілікті зерделенгенімен, бүгінгі күнде болашақ ұрпақтың эстетика-
лық талғамын, адамгершілік қасиеттерін, халық педагогикасының тағылымдарын пайдала-
нып, жастардың адами-көркемдік тəрбиесін қалыптастыру қажеттілігі арасында белгілі бір 
дəрежеде кейбір қайшылықтар туып отыр.  
Қазақ  халқының  адамгершілік-эстетикалық  тəрбиесінің  басқа  халықтарға  ұқсамай-
тын өзіне тəн мəн-мазмұны, ерекшеліктері бар. Осылардың бəрі атадан-балаға жазылма-
ған заң ретінде халық педагогикасы құралдары арқылы өңделіп, толықтырылып отырған.  
Халық  педагогикасында  ең  негізгі  қағида  адамнан,  адамның  өмірінен  артық,  одан 
қымбат,  одан  қасиетті  ешқандай  құндылық  жоқ  деген  көзқарасты  ұстану  жəне  адамды 
айырбастайтын, оны өмірі пида боларлық дүниеде ешқандай құндылықтың жоқтығын түсі-
ну болып табылады. «Адам деген ардақты ат», «Адам болып туған соң, адам болып өлу 
лəзім», «Атаның  баласы  болма,  адамның  баласы  бол»,  т.с.с.  халық  даналығындағы  ма-
қал-мəтелдер адамның құндылық екенін дəлелдейді.  
Қазақ этнопедагогикасының алтын діңгегін адамгершілік тəрбиесі құрайды. Адамгер-
шілік – адамдардың  күнделікті  қарым-қатынасына  байланысты  гуманизм  принциптерін 
бейнелейтін  моральдық  қасиет.  Адамдарға  деген  ізгі  ниеттілік,  құрмет,  жанашырлық  пен 
сенім, кең пейілділік, басқалардың мүддесі үшін жан аямаушылық сияқты жеке қасиеттер-
ді  қамтиды,  сондай-ақ  кішіпейілділік,  адалдық,  шыншылдық  та  адамгершілікке  жатады. 
Адамгершілік ұғымы ізгілік, гуманизмнің синонимі ретінде, адамның игілігі мақсатқа айнал-
ғанда пайда болатын қарым-қатынастар жүйесі мен қоғамдық ахуал ретінде неғұрлым кең 
мағынада да қолданылады.  
Адамгершілік-эстетикалық  тəрбие  мəселесі  қазақ  ағартушыларының  шығармашы-
лығында терең орын алған. Қазақ ағартушылары – Шоқан Уəлиханов, Ыбырай Алтынса-
рин,  Абай  Құнанбаев  өздерінің  саяси-қоғамдық,  ғылыми  жəне  əдеби  еңбектерінде  қазақ 
халқының  адамгерішілік-эстетикалық  тəрбиеге  аса  қатты  көңіл  бөлді.  Халық  шығарма-
шылығын жинап зерттеу арқылы қазақтардың адамгершілік қасиеттерін жəне эстетикалық 
талғам деңгейін, болмысқа деген эстетикалық көзқарасын көрсете білді, эстетикалық тəр-
биеге байланысты көптеген құнды пікірлер айтты. 
Қазақ  ағартушыларының  адамгершілік-эстетикалық  көзқарастары  мен  орнықты  пі-
кірлері  халықтың  дүниетанымдық  көзқарастарымен  тығыз  байланыстылығы  сол  өздері 
өмір сүрген дəуірдегі тарихи жағдайлардан туындап отыр. Ол – заңды құбылыс. Бұл жер-
дегі басты мəселе ағартушылардың адамгершілік-эстетикалық тəрбиені жан-жақты, жүйе-

29 
 
лі талдап зерттеуінде емес, керісінше мүмкіндігінше сол проблемалар жайлы сөз қозғап, 
өз көзқарастары мен пікірлерін айтып тұжырымдауында жатыр. 
 Ғасырлар бойы қалыптасқан ұлттық тəлім-тəрбиенің белгілі жүйесінде жас буын жа-
дына біртіндеп сіңіріп отыратын арнаулы жолдар, тиісті тəсілдер де болған. Мəселен, ма-
қал-мəтелдерде  адамгершілік,  имандылық  тəрбиесіне  байланысты  əдет-ғұрыптар  наси-
хатталса,  жұмбақтар  мен  айтыстарда  ақыл-ой  тəрбиесі,  өлең,  жыр-дастандарда  əсемдік 
тəрбиесінің  негізгі  принциптері,  ал  ертегілер  халықтар  тəрбиенің  сан  алуан  мəселелерін 
қозғайтын тəлімдік материал ретінде пайдаланылған. Себебі, халықтық педагогика тəлім-
тəрбиелік ой-пікірдің ілкі бастауы, халықтың рухани мұрасы. 
Тарихшы,  публицист,  лингвист,  географ,  музыка  зерттеушісі,  археолог,  этно-граф, 
саяхатшы,  ағартушы  Шоқан  Уəлиханов  өзінің  шығармаларында  халық  тұрмысын,  əдет-
ғұрпын, тілін, өзара қарым-қатынасын, оның əрқайсысының ерекшелігіне асқан дəлдікпен 
талдау жасады. Шоқанның əдеби мұрасынан халық ауыз əдебиетінің барлық нұсқаларына 
байланысты ойлы тұжырымдарды, тың мағлұматтарды табуға болады. «Қазақ халық поэ-
зиясының түрлері туралы» еңбегі поэзияның теориясы туралы алғашқы зерттеулердің қа-
тарына жатады. 
Қазақ педагогикасының негізін салушы, педагог-ағартушы, ақын жəне прозаик, пуб-
лицист балалар жазушысы, орыс  графикасы негізінде қазақ алфавитінің негізін қалаушы 
Ыбырай Алтынсарин мектеп пен тəрбие өз халқының тұрмысы мен өмірінің тарихи ұлттық 
ерекшелігіне сəйкес келу идеясын ұсынды. Мектеп ашып, оқулықтар, хрестоматия жазды. 
Оған өзінің балаларға лайықтап жазған əңгімелері мен өлеңдері енгізілді. Ыбырай əңгіме-
лерінің негізгі түйіні: жас буынды өнер-білімге үндеу, адамгершілік мінез-құлыққа тəрбие-
леу болып келеді. Ыбырай ақын, тұңғыш педагог, ұстаз-ғалым. Оның мұрасы тарихқа да 
əдебиетке де тəн, ұстаздық тəрбиелік ой-пікірлері қазақтың таусылмас қазынасы.  
Қазақ  халқының  тəлімдік  мəні  зор  ой  толғаныстары  бесік  жыры  мен  батырлық  эпо-
старда,  ертегілер  мен  аңыздарда,  шешендік  сөздер  мен  айтыс-термелерде,  мақал-мəтел-
дерде  көптеп  кездеседі.  Мұндағы  ұрпақ  тəрбиесінің  негізгі  түйіні  адамгершілік-имандылық, 
ақыл-ой, еңбек, эстетика, дене, отбасы тəрбиесіне байланысты мəселелерге келіп тіреледі. 
Қазақ халқының сан ғасырдан бергі тəрбие жөніндегі өнегелі істері мен сөздері, тұр-
мысы, өнері, өмір тəжірибесі халық педагогикасының асыл қазынасы болып келеді. 
Қай заманда болмасын, ұрпақ тəрбиесі адамзаттың парызы болды. Өйт-кені, əрбір 
халық  өзінің  тарихы  мен  тəжірибесін  жалғастыратын  жас  түлектерді  ғасырлар  бойы  тəр-
бие əдістері мен тəсілдерін қолданып, өмір тəжірибесі сыны-нан өткен əдептілік, сыпайы-
лық, адалдық, инабаттылық, іскерлік, мейірімділік, қайырымдылық, еңбек сүйгіштік, үлкен-
ді сыйлау, оған ілтипат көрсету сияқты қабілеттерін олардың бойына еккен. 
Халық педагогикасының негізіне халық ауыз əдебиетінің шығармалары, этнография-
лық материалдар, халықтық тəрбие дəстүрлері, халық ойындары, тағы басқалар жатады. 
Демек, халық педагогикасы ғасыр бойы өмір тəжірибесіне негізделген ұрпақ тəрбиесіндегі 
дəстүрлер мен əдет-ғұрыптың, мəдени ой-пікірлердің жиынтығы. 
Халық педагогикасы – асыл қазынамыз, ата-бабамыздан қалған мол мұрамыз, осы 
мұрамызды өз қажетімізге орынды түрде жарата алсақ, нұр үстіне нұр болар еді. Ғасыр-
лар бойы сұрыпталып, əртүрлі сыннан өткен осы бір қазынамызды педагогикалық əдіс-тə-
сіл ретінде пайдалана білу, кейінгі ұрпақ алдындағы ауыр да үлкен жүк, міндет.  
Сондықтан,  балаларды  кіндік  қаны  тамған  жерінің  қасиетті  тарихымен,  мəдениеті 
жəне тілін, салт-дəстүр, əдет-ғұрып ерекшеліктерімен таныстыра отырып, рухани жоғары 
деңгейде тəрбиелеу алдағы ұлы мақсаттардың бірі болмақ. 
 
ƏДЕБИЕТТЕР 
 
1.  Қазақтың халық педагогикасының тарихынан. Жарықбаев Қ., Қалиев С., Алматы, «кітап», 
1992 ж. 
2.  Халықтық салт-дəстүр. // Бастауыш мектеп. №2, 2004 ж. 
3.  Халық педагогикасы - асыл қазына. Ш. Тоқсанова. Сынып жетекшісі журналы, №1-2004 
4.  Ұлттық тəрбие беру. Қ.Бөлеев, Л.Ибрагимова. Бастауыш мектеп. №10-2004 ж. 
5.  Халық педагогикасымен сабақтастыру. Р.Кенжебаева. Бастауыш мектеп. №8-2004 ж. 
6.  Халық педагогикасының негіздері. С.Ғаббасов. Алматы, 1995 ж. 
7.  Қазақ этнопедагогикасының теориялық негіздері мен тарихы. С.Қалиев. Алматы, «Рауан», 
1998 ж. 
8.  Халықтық  педагогиканы  зерттеудің  кейбір  ғылыми  жəне  теориялық  мəселелері. 
Қ.Ж.Қожахметова. Алматы, 1993 ж. 
 
 
 

30 
 
К ВОПРОСУ О ВЗАИМОСВЯЗИ ЦЕННОСТНЫХ ОРИЕНТАЦИЙ И  
НРАВСТВЕННОЙ АКТИВНОСТИ ЛИЧНОСТИ В ЕЕ ГРАЖДАНСКОМ СТАНОВЛЕНИИ 
  
Бурбаева С.Б. 
Начальник Управления образованием акимата Костанайской области 
 
Активность – это  характеристика  деятельности,  имеющая  самостоятельную  силу 
реагирования,  проявляющая  себя  в  свободной,  сознательной,  внутренне  необходимой 
деятельности. Это деятельность по собственной инициативе. "Активность выступает как 
личностный  способ  соотнесения  себя  с  другими  людьми,  определения  своей  позиции  и 
тем  самым  самоопределения" [1]. Ни  сам  по  себе  социальный  опыт,  усвоенный  лич-
ностью, ни сама по себе активность личности не выражают позиции. Лишь при их взаимо-
действии возникает сложное личностное отношение, имеющее определенную направлен-
ность. При этом социальный опыт, выражающийся в характере и объеме освоенных лич-
ностью социальных ценностей, является базисом позиции, а активность, выражающаяся 
в  интенсивности  процессов  освоения  и  обмена  ценностями,  ее  деятельностным  стерж-
нем. В зависимости от отношения субъекта к деятельности определяются уровни нравст-
венной  активности.  Нравственная  активность  субъекта  занимает  ведущее  место  среди 
других форм социальной активности. Характеризуя нравственно активную личность, Н. Д. 
Зотов отмечает, что "это личность, чаще всего совершающая нравственные действия, бо-
лее устойчиво, чем другие, следующая требованиям долга, проверяющая идеалами доб-
ра свой жизненный путь"[2]. 
Между тем нравственная активность формируется длительно и поэтапно. Подрост-
ки поднимаются уже на уровень осознания моральных требований, формирования пред-
ставлений о нравственных ценностях, развития способности к нравственной оценке. Ин-
тенсивное  общение  выступает  основой  для  "тренировки"  нравственного  поведения.  В 
ранней  юности  у  человека  формируются  нравственные  представления  мировоззренчес-
кого уровня: о смысле жизни, о счастье, о человеке как высшей ценности, индивид стано-
вится способным осуществлять нравственный выбор. Учет этапов нравственного станов-
ления  личности  позволяет  ответить  на  вопрос,  в  чем  же  проявляется  и  должна  прояв-
ляться  нравственная  активность  школьников.  Здесь,  видимо,  прежде  всего,  нужно  гово-
рить об активном и эмоционально положительном стремлении к овладению нравственны-
ми знаниями, которые, становясь убеждениями, побуждают личность к совершению нрав-
ственных поступков. Не менее важное проявление нравственной активности – это настой-
чивое и целеустремленное самовоспитание. Активность личности проявляется не только 
в процессе познания, труда, общения, но и в процессе преобразования собственной нрав-
ственной сущности. Нравственно активная личность склонна к самоанализу и самооцен-
ке, проявляет большой интерес к познанию методов самовоспитания, ставит перед собой 
цели  воспитания  определенных  нравственных  качеств,  продумывает  планы  действий  и 
упражнений  для  их  выработки  и,  наконец, способна  к волевому  напряжению  в  процессе 
работы  над  собой.  Последнее  особенно  характерно  для  нравственной  активности,  кото-
рая  характеризуется  также  инициативной,  идущей  от  внутренней  потребности  личности 
деятельностью по разъяснению и внедрению моральных норм в общении и деятельности 
Мы полагаем, что нравственную активность можно рассматривать в качестве одно-
го из ведущих критериев уровня развития нравственного сознания личности. Нравствен-
ную активность можно определить, на наш взгляд, как такое деятельное нравственное от-
ношение человека к миру, к другим людям, в котором субъект выступает как активный но-
ситель и "проводник" нравственных ценностей (норм, принципов, идеалов), способный к 
устойчивому нравственному поведению и самосовершенствованию, ответственно подхо-
дящий к принятию моральных решений, непримиримо относящийся к аморальным прояв-
лениям, открыто выражающий свою нравственную позицию. 
Особенностью  нравственной  активности  является  то,  что  она  проявляется  в  дея-
тельности. Однако активность – это не просто деятельность, это единство отражения, вы-
ражения и реализации внешних и внутренних тенденций в жизни личности. "Активность – 
ценностный  способ  моделирования,  структурирования  и  самоосуществления  личностью 
деятельности,  общения  и  поведения" [1]. Своеобразие  формирования  нравственной 
активности  учащейся  молодежи  заключается  в  том,  что  целевая  направленность  ее 
активности  в  значительной  степени  обусловлена  характером  основной  для  школьника 
учебной деятельности и той позицией, которую он в ней занимает. Осознание учащимися 
социальной значимости учения влияет на их отношение к своим учебным обязанностям, 
качество их знаний, жизненные планы и профессиональный выбор.  

31 
 
Активность в качестве принципа должна пронизывать все стороны процесса воспи-
тания, включая организацию учебного процесса, разработку способов и методов усвоения 
учебного  материала  и  формирование  на  этой  основе  у  учащихся  научного  мировоззре-
ния.  В  современных  психолого-педагогических  исследованиях  проблемы  развития  нрав-
ственной активности школьников рассматриваются главным образом через организацию 
их учебной, трудовой и общественной деятельности, реже – через формирование духов-
ных потребностей, интересов и ценностных ориентаций школьников.  
Особенностью нравственной активности является то, что она осуществляется не по 
принуждению, а по велению сердца. Механизм этого процесса прост: по "принудительной 
активности человек делает то, к чему у него нет никакого импульса. Если в основной для 
школьника (учебной) деятельности он проявляет активность, движимый импульсом, исхо-
дящим  из  принуждения,  он  теряет  волевой  потенциал,  ибо  подлинная  воля  возможна 
лишь  после  того,  как  человек  привык  приказывать  не  другому,  а  себе  самому.  Однако 
приказ себе самому – уже не приказ, это уже потребность делать то, к чему в данный мо-
мент субъект никакой потребности не испытывает. Вот этот-то момент формирования по-
требности  в преодолении  собственной  инерционности  и  готовности  к  действию  в  любой 
социально значимой деятельности и является проблемой в формировании личности мо-
лодого человека, ибо обращает к поиску стимулов активности, вызывающей потребность 
в преобразовании собственной личности. К сожалению, все эти вопросы недооценивают-
ся при планировании процесса воспитания личности.  
Понятие нравственной активности тесно связано с понятием "ценностные ориента-
ции". Последние играют важную роль в формировании нравственной активности, опреде-
ляя ее направленность, содержание, формы выражения, цели и средства нравственного 
самосовершенствования личности.  
Следует согласиться с В. А. Ядовым в том, что включение ценностных ориентаций 
в структуру личности "позволяет уловить наиболее общие социальные детерминанты мо-
тивации  поведения,  истоки  которой  следует  искать  в  социально-экономической  природе 
общества, его морали, идеологии, культуре, в особенностях социально-группового созна-
ния той среды, в которой формировалась социальная индивидуальность и где протекает 
повседневная деятельность человека" [3].  
Ценностные  ориентации  как  система  социальных  установок,  направленная  на  со-
циальные ценности, способствует оптимизации поведения, позволяет личности удовлет-
ворить свои основные потребности теми способами, посредством тех ценностей, которы-
ми располагает общество. Усваивая ценности своей среды и превращая их в ценностные 
ориентиры,  мотивационные  силы  своего  поведения,  человек  становится  активным 
субъектом общественной деятельности.  
Содержание  ценностных  ориентаций  определено  общественными  отношениями  в 
таком  виде,  в  каком  эти  отношения  закреплены  в  общественном  сознании,  в  эталонах 
культуры,  в  нормах  поведения.  Психолого-педагогический  аспект  проблемы  ценностных 
ориентаций состоит в том, чтобы под влиянием целенаправленного воздействия общече-
ловеческие  ценности  выступили  в  качестве  предметов  осознания  и  переживания  их  как 
потребностей,  побуждающих  к  деятельности  по  освоению,  созиданию,  реализации  этих 
ценностей  в  жизнедеятельности  личности.  Только  в  этом  случае  социальные  нормы  и 
ценности могут выступать в качестве регуляторов поведения личности.  
Содержательное наполнение ценностных ориентаций традиционно представляется 
как единство эмоционального, когнитивного и поведенческого элементов. В процессе раз-
вития ценностных ориентаций происходит прежде всего эмоциональное оценивание, эмо-
циональное переживание внешней ситуации, явления-ценности. Это первая наиболее не-
посредственная и интуитивная связь личности с новым явлением действительности, и в 
процессе установления этой связи актуализируются установки, потребности, мотивы лич-
ности.  
Становление  ценностных  ориентаций  предполагает  также  рациональное  оценива-
ние, связанное с осознанием побуждений, мотивов, поступков, что и составляет когнитив-
ную  основу  элемента  ценностных  ориентаций.  Важное  место  в  структуре  ценностных 
ориентаций принадлежит и поведенческому элементу. При этом следует подчеркнуть, что 
названный элемент представляет собой "практическое выражение" ценностных ориента-
ций, учет реальных возможностей личности в данной деятельности.  
В  процессе  становления  ценностных  ориентаций  взаимосвязи  между  элементами, 
их  конкретное  содержание  могут  быть  различными,  это  и  обнаруживается  в  характере 
ценностных ориентаций личности. В итоге ценностную ориентацию можно определить как 
избирательное отношение личности к явлению-ценности, имеющее результатом овладе-
ние этим явлением в процессе деятельности.  

32 
 
Таким образом, в деятельности проявляется функциональное назначение ценност-
ных ориентаций, как и нравственной активности, что сближает данные понятия. Ценност-
ные ориентации лежат в основе выбора жизненных целей человека, они объясняют при-
чины его поведения. Их характер и содержание определяют общую направленность лич-
ности, которая, в свою очередь, обусловливает нравственную активность человека, выра-
женную в интенсивности и других особенностях процессов освоения социальных ценнос-
тей.  Осознание  необходимости  реализации  в  своем  поведении  определенной  системы 
ценностей  и  тем  самым  осознание  себя  субъектом  исторического  процесса,  творцом 
"должных"  нравственных  отношений  становится  источником  самоуважения,  достоинства 
и  нравственной  активности  личности.  На  основе  сложившихся  ценностных  ориентаций 
осуществляется  саморегуляция  деятельности,  заключающаяся  в  способности  человека 
сознательно  решать  стоящие  перед  ним  задачи,  осуществлять  свободный  выбор  реше-
ний,  утверждать  своей  деятельностью  те  или  иные  социально-нравственные  ценности. 
Реализация  ценностей  в  этом  случае  воспринимается  индивидом  как  нравственный, 
гражданский,  профессиональный  и  т.д.  долг,  уклонение  от  которого  предотвращается 
прежде всего механизмом внутреннего самоконтроля, совестью.  
Общественная  потребность  в  новой  системе  ценностей  появляется  тогда,  когда 
прежняя  верховная  ценностная  ориентация  не  отвечает  требованиям  изменившейся 
исторической действительности, оказывается неспособной выполнять присущие ей функ-
ции,  ценности  не  становятся  убеждениями  людей,  последние  в  моральном  выборе  все 
реже  апеллируют  к  ним,  то  есть  происходит  отчуждение  индивидов  от  этих  моральных 
ценностей,  возникает  ситуация  ценностного  вакуума,  порождающая  духовный  цинизм, 
подрывающая взаимопонимание и интеграцию людей. 
 
ЛИТЕРАТУРА 
 
1.  Абульханова-Славская  К.А.  Типология  активности  личности  в  социальной  психологии // 
Психология личности и образ жизни. – М., 1987.  
2.  Зотов Н.Д. Личность как субъект нравственной активности. – Томск, 1984.  
3.  Ядов В. А. Социология личности. – М., 1991.  
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   43




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет