Экологиялыққауіпсіздіккөрсеткіштері. Мұнда қоршаған ортаны қорғау жəне адамдар үшін оның қауіпсіздік дəрежесі си- патталады. Соның ішінде ең маңызды көрсеткіштеріне: табиғи көздерден су алу, судың сыртқы қабатына су жіберу, ластанған ақаба сулар, нормативтік тазартылған ақаба сулар, атмосфералық ауаға зиянды заттар бөлетін тұрақты көздер, қоршаған ортаны қорғауға жəне табиғи ресурстарды тиімді пайдалануға бағыт- талған негізгі капиталдағы инвестициялар мөлшері жəне т.б. жа- тады.
Халықтыңтұрғынүйжағдайыныңкөрсеткіштері. Бұл бөлімде адамдардың тұрғын үйге деген сұранысы мен тұрмыстық қажеттілігі қарастырылған. Мұнда тұрғын үй адамдардың өмір сүру ортасын көрсетеді жəне оның тұрмыс сапасын анықтайды. Тұрғын үйді ұзақ мерзім тұтынуына байланысты оған деген үлкен қосымша сұраныс туғызады. Осыған орай халықтың тұр- ғын үй қоры, олардың көркейтілуі жəне тұрғын үй жағдайы ту- ралы деректермен сипатталады жəне оған: тұрғын үй қоры мен оны көркейту, халықтың тұрғын үймен қамтылуы жəне орташа қамтамасыз етілуі, жабдықталған барлық тұрғын үй қорының жалпы аудандағы үлесі, халықтың тұтыну шығыстарындағы тұрғын үй төлеміне жұмсалған шығыстарының үлесі жəне т.б көрсеткіштер жатады.