Байланысты: Әлеуметтік-экономикалық статистика. Оқулық. Оқулық. Оқулық
Денсаулықсақтаужəнебілімберукөрсеткіштері. Көрсет- кіштердің бұл тобына халықтың денсаулық жағдайын жəне білім беру жүйесіндегі өзгерістердің сандық-сапалық жақта- рын көрсетеді. Мұнда тұрмыс деңгейін бағалау үшін ең ке- ректісі, халықтың ауру-сырқаулылық жəне өлім-жітім тура- лы көрсеткіштері, соның ішінде өлім-жітімнің жасына қарай коэффициенттері, халықтың дəрігерлік көмекпен қамтамасыз етілуі, мүгедектер мен қарттарға арналған интернат-үйлер жəне ондағы адамдардың саны, тұрақты мектепке дейінгі ұйымдар мен ондағы балалар саны, кəсіптік мектептер, колледждер жəне жоғарғы оқу орындары саны, олардың меншік түрлері, жалпы ха- лықтың оқу жүйесімен қамтамасыз етілуі қарастырылады.