Жеке тұтыну табыстары, шығыстары, деңгейі мен құры-
лымының көрсеткіштері. Мұнда үй шаруашылықтарының табыстары мен шығыстарының құрылымы, күнкөрістің ең төменгі деңгейі, халықтың кедейлік көрсеткіштері, орташа жан басына шаққандағы ақшалай табыстың сатып алу жарамдығы, үй шаруашылықтарының ақшалай табыстары мен тұтыну жұмыс- тарындағы азық-түлік тауарларына жұмсалған шығыстарының үлесі жəне т.б. көрсеткіште қарастырылады.
Қазіргі кезде БҰҰ ұсынысы бойынша адамның көрсеткіш- тері мен индексі қолданыла бастады. Мұнда адами дамудың анықтамасы анықталды жəне оны бағалау, талдау үшін статис- тикалық көрсеткіштер қолданылады. Оған статистикалық көрсет- кіштердің жіктелуі ретінде төменде берілген үш топ көрсетіледі:
Адами дамудың базалық жəне интегралдық көрсеткіштері.
Адами дамуды интегралдық бағалаудың негізгі құрамдас бөліктерін сипаттайтын базалық көрсеткіштер.
Адами дамудың басқа аспектілерін сипаттайтын өзге де көрсеткіштер.
Осы көрсетілген үш топтың ішіндегі негізгісіне жататыны адами дамудың базалық көрсеткіштері жəне оның өзі: ұзақ өмір сүруді сипаттайтын көрсеткіштер, білімдарлықты сипаттайтын көрсеткіштер жəне тұрмыс деңгейінің көрсеткішетері болып үш компонентке бөлінеді.
Адами дамудың осы аталған компоненттерінің əрқайсысын тұтастай алғанда бірнеше маңызды мүмкіндіктерді қамтиды. Сонымен ұзақ өмір сүру-ұзақ жəне салауатты өмір сүруді, білім- дарлық-білім алуды, адамдармен қарым-қатынас жасауды, өмір сүру деңгейі-лайықты өмір сүру үшін қажет ресурстарға қол жеткізуді, салауатты өмір сүруді жəне тағы басқаларды білдіреді.
Достарыңызбен бөлісу: |